Глоссарий:
*MOOCs (Massive Open Online Courses) – массовые открытые
онлайн-курсы, одна из самых популярных и перспективных тенденций
в мировом образовании. По своей форме MOOCs – это электронные
курсы (учебно-методические комплексы), включающие в себя
видеолекции с субтитрами, текстовые конспекты лекций, домашние
задания, тесты и итоговые экзамены.
**Тьютор (англ. – наставник) – обеспечивает разработку
индивидуальных образовательных программ учащихся и студентов
и сопровождает процесс индивидуализации и индивидуального
образования в образовательной организации.
***Дафна Коллер – доктор философии по математике, профессор
факультета информатики Стэнфордского университета. Сооснователь
и президент компании Coursera. Член Национальной академии
инженерии США с 2011 года. Член Американской академии искусств
и наук с 2014 года.
Список литературы:
1.
Веретехина С.В. Обзор требований европейской спецификации MOREG-2
и
проблемы
импортозамещения
программного
обеспечения
СЭД/ЕСМ-решений на Российском рынке. Материалы Ивановских
чтений. – 2015. № 5. С. 203–209.
2.
Веретехина С.В. Автоматизированные системы оценки персонала /
С.В. Веретехина // Управление персоналом и интеллектуальными
ресурсами в России. – 2015. Т. 4. № 5. C. 72–77. DOI: 10.12737/14961.
3.
Виниченко М.В. Кадровый резерв руководства. / Виниченко М.В. //
Проблемный анализ и государственно-управленческое проектирование. –
2014. – № 5 (37), том 7. – С. 16–30.
163
4.
Кириллов А.В. Проблемные вопросы развития технологий управления
персоналом в отечественной практике и пути их решения: Монография /
А.В. Кириллов, М.В. Виниченко, А.В. Мельничук, С.А. Макушкин. – М.:
Русайнс, 2015. – 280 с.
5.
Кириллов А.В., Веретехина С.В. Разработка контента электронного курса
по учебной дисциплине высшего образования «Современные проблемы
управления персоналом, функционально-стоимостной анализ системы
и технологии управления персоналом» отчёт о НИР (РГСУ) /
А.В. Кириллов, С.В. Веретехина – 2015.
164
CONFERENCE PAPERS IN ENGLISH
SECTION 1.
PEDAGOGY
THE METHODS OF USING OF INTERACTIVE
MULTIMEDIA TEACHING TECHNIQUES
AT ENGLISH LESSONS
Aizhan Tashenova
master of Juridical Sciences,
teacher of English of Zh. Mussin pedagogical college,
Kazakhstan, Kokshetau
Assem Issina
4 year student of English Department of Zh. Mussin pedagogical college,
Kazakhstan, Kokshetau
Technology is becoming increasingly important in both our personal
and professional lives and the learners of English are using technology more
and more. Computer-based materials for language teaching, often referred
as CALL (Computer Assisted Language Learning), appeared in the early
1980s. CALL activities are mostly CDs, teaching computer programs,
computer test, encyclopedias [1; 96].
Multimedia is a powerful and efficient source for acquiring learning
resources. Multimedia can also provide educational institutions access to
other kinds of inaccessible materials, such as hard to find historical films,
rare sound recordings of famous speeches, illustrations from difficult to
obtain periodicals, and so on. Multimedia can put primary and secondary
source materials at the fingertips of users in even the remotest locations
from major research facilities.
“Multimedia” can:
enhance learning in different locations and institutions of diverse
quality;
165
present opportunities to students working at different rates and
levels;
provide (tirelessly, without holding up other students) repetition
when repetition is warranted to reinforce skills and learning;
compensate, in the short term, for high student populations and
limited numbers of trained and experienced teachers – in combination with
robust teacher development initiatives and improvements in teachers’
working conditions [2; 94].
Table 1.
Types of Interactive Multimedia teaching techniques
Interactive techniques have multiple benefits: the teacher can easily
and quickly assess if pupils have really mastered the material (and plan to
dedicate more time to it, if necessary), and the process of measuring pupils
understanding in many cases is also practice for the material–often pupils
do not actually learn the material until asked to make use of it in
assessments such as these. Finally, the very nature of these assessments
drives interactivity and brings several benefits. Pupils are revived from their
passivity of merely listening to a lecture and instead become attentive and
engaged, two prerequisites for effective learning. These techniques are often
perceived as “fun”, yet they are frequently more effective than lectures at
enabling pupils learning. In the present age of science and technology
computers and computer – based technology are being used in every walk
of life and even in classroom teaching. In classroom teaching, the
166
instructions are imparted through computers. But even today the
educationist, teachers and researchers are not sure whether computer based
teaching approach is more effective than the traditional classroom teaching
or the traditional class room teaching methods are more effective than
computer based teaching approaches [3; 71].
Table 2.
Interactive whiteboard
An interactive whiteboard is a kind of “intelligent” screen, used in
conjunction with a data projector attached to your computer. You can
“write” on the whiteboard with a special “pen” or with your finger. You can
also tap the whiteboard screen in order to make something happen – i. e.
instead of clicking with the mouse. Some teachers believe that they are just
another techno – gimmick, while others are brimming over with enthusiasm
for this new presentation medium, headed Using PowerPoint, and headed
Whole – class teaching and interactive whiteboards.
There are some fundamental issues that need to be addressed
concerning the use of interactive whiteboards in the Modern Foreign
Languages classroom. One of them is what an interactive whiteboard can
actually do. All that any interactive whiteboard can do is to carry a signal
from the board to the computer, which is the equivalent of a mouse – click.
This controls whatever is on the computer. The interactive whiteboards
produced by Smart and Promethean both have pens, and both have drag –
and – drop facilities in their own software, but a Smart board can also be
controlled by your finger. This has led to great popularity in the primary
schools market where pupils find it easier to manage when they are still
learning to use a pen. Using your finger as a pen is not to be recommended,
at least not for long periods as it gets very sore [4; 67].
The Effective Ways of Using Multimedia Technologies.
The principles are (a) connecting technology learning to professional
knowledge; (b) privileging subject matter and pedagogical content
167
connections; (c) using technology learning to challenge professional
knowledge; (d) teaching many technologies. The advantages and limitations
of using these principles with pre – service and in – service teachers are
discussed. Future innovations in technology learning approaches in teacher
education are outlined
The Effective Ways of Using Technologies.
When it is effective to use technology in the World Language
classroom World Language teacher should use technology when it:
Is appropriate for the lesson
Is age – appropriate
Builds students’ World Language learning
Provides authentic aspects of culture
Motivates students
Offers a better format of instruction
Gives students opportunities to interact with each other and the
program
Gives the teacher a chance to observe students’ reactions and
performance
Appeals to different students’ learning styles and intelligences
Is user – friendly for the teacher and the students [5; 14].
References:
1.
Bradshaw L.K. (2002 b.). Technology for teaching and learning: Strategies for
staff development and follow – up support, Р. 96.
2.
Nunes, Cesar A.A., Gaible E. “Development of multimedia materials” in
Haddad W. D. & Draxler, A. Technologies for education: Potential, Parametres
and Prospects, the Academy for Educational development, Paris, 2002, Р. 94.
3.
Canning – Wilson C. “Practical aspects of Using Video in the Foreign
Language Classroom”. The Internet TESL Journal, Vol. 6, № 2, November
2000, Р. 71.
4.
Yong Zhao: The E – language Learning Project: Conceptualizing a Web –
Based Language Learning System, Michigan State University, Michigan, 2002,
Р. 67.
5.
Fitzpatrick, A.(ed.): European Language Learning Materials Survey:
Consolidated Report, European Commission, Brussels, 2003, Р. 14.
168
КАЗАҚ ТІЛІНДЕ КОНФЕРЕНЦИЯ БАЯНДАМАЛАРЫ
БӨЛІМ 1.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ҚОРҒАСЫН АЦЕТАТЫНЫҢ БАУЫР ЖАСУШАЛАРЫ
МИКРОСОМАЛДЫ ТОТЫҒУ ҮРДІСТЕРІНЕ ӘСЕРІН
ЗЕРТТЕУ
Қорғанбаева Зауре Сарыбайқызы
биология ғылымдарының кандидаты, доценттің міндетін
атқарушысы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық
академиясы,
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
Айдарбекова Айжан Сарыбайқызы
биология магистрі, оқытушы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты,
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
Адильбекова Акмарал Нышанқызы
биология магистрі, оқытушы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты,
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
Калшораева Бану Намазбайқызы
биология магистрі, оқытушы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты,
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
Шапалов Шермахан Куттыбайұлы
экология магистрі, аға оқытушы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
169
Соңғы уақытта жаңа антропогенді факторлардың әсерінен
көбінесе, химиялық заттардың адамның ағзасына экологиялық
жүктемесі өте жоғарылап кетті [6, 3–11 б.], осындай региондарға
қорғасын
және
фосфор
өндірістерінің
уытты
реагенттері
жатады [1, 17–21 б.]. Бұл өндірістік токсиндер зақымдаған мүшелердің
полисиндромдығын және политроптығын дәлелдейді [3, 5–7 б.].
Қорғасынның әсерінен липидтердің асқын тотығу реакциясын
жылдамдату және жасушаның антитотықтырғыш қорғаныс жүйесінің
қызметін тежеу, гепатоциттердің зақымдануы аурудың бастапқы
әсерлері болып табылады [2, 142–144 б.].
Бауыр ауруы ағзадағы патологиялық жағдайлардың ішіндегі ең
ауқымды ауру болып табылады. Жылдан жылға Дүние жүзілік
Денсаулық сақтау ұйымының хабарлауы бойынша бұл ауру әлемде
кеңінен таралған. Соңғы жылдары жедел гепатиттің этиологиялық
факторы түрлі-гепатотоксикалық заттар болып табылады.
Қорғасынмен уланғанда қорғасынның уытты әсері бауырдағы зат
алмасуды бұзады. Қорғасын бауыр жасушаларының цитоплазмасына
еніп гепатоциттердің құрылымының бұзылуына және олардың
некрозға ұшырауына алып келеді [4, 22 б.].
Осы мәліметтерге сүйене отырып, қорғасын ацетатымен
уыттанған жануарлардың бауыр жасушаларының микросомалды
тотығу үрдістеріне әсерін зерттедік.
Зерттеу материалдары және әдістері.
Тәжірибелер ОҚМФА-ң фармакология, фармакотерапия және
клиникалық фармакология зертханасында жүргізілді.
Зерттеулер алғашқы салмағы 150 г еркек жынысты, тексіз, ақ
түсті егеуқұйрықтарға жүргізілді. Қорғасынмен уыттануды 5 %
қорғасын ацетатын асқазанға зонд арқылы еңгізумен жургізілді, оның
дозасы
1,0 мл/кг
массаға
есептелінді.
Тәжірибеге
жалпы
40 егеуқұйрықтар қолданылды. 10 – интактылы топтқа жатады, 30 –
қорғасын ацетатымен уыттынған топты құрады.
Бауыр жасушаларындағы микросомалды тотықтыру жүйесінің
жағдайларын цитохром Р450 [5, 2370–2378 б.] деңгейімен және N-
деметилаза, Р-гидролаза энзимдерінің белсенділіктерін анықтау
арқылы бағаладық.
Қорытындылар және оны талдау.
Қорғасын
ацетатының сулы ертіндісі егеуқұйрықтардың
100 мг/кг
салмаққа
интрагастралды
10 күн
бойы
енгізілді.
Қорғасынның уытты қасиетінің арқасында биологиялық мембрананың
тұрақтылығы
бұзылып,
соның
нәтижесінде
эритроциттердің
гемолиздері жоғарылады. Бауыр жасушаларының мембранасының
170
тұрақтылығын
көрсететін
цитолитикалық
ферменттер
белсенділіктердің деңгейлері қорғасын ацетатының уытты қасиетінің
арқасында қанның сүйық бөлігінде жоғарылады (1-кесте). Уыттанған
тәжірибелік жануарлардың қанының сүйық бөлігінде аспартатамино-
трансфераза
ферментінің
белсенділіктері
бақылау
тобымен
салыстырғанда 57,5
-ға
жоғарылады, аланинаминотрансфераза
энзимінің белсенділігі бақылау тобының 284
-ын құрады, яғни
жоғарылау деңгейі бір жарым есе артық болды. Қанның құрамындағы
лейцинаминопептидаза ферментінің деңгейі бақылау тобының
көрсеткішінен 84,3
-ға
жоғарылады. Бауыр жасушаларының
биологиялық мембранасының тұрақтылығы төмендеп, қанның сұйық
бөлігінде цитолитикалық энзимдердің белсенділіктері жоғарылады,
бұған
бауыр
жасушаларының
биологиялық
мембранасының
тұрақтылығының бір есеге төмендеуі дәлел.
1-кесте.
Қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтарда бауыр
жасушаларының микросомалды тотығу үрдісі көрсеткіштерінің
жағдайы
Көрсеткіштер
Топтар
бақылау тобы
қорғасын ацетаты
(5 %-1,0 мг/кг массаға)
Қорытынды
%
корытынды
%
Цитохром Р450
мөлшері
(нм/мг ақ уызға),
0,47
0,04
0,36
0,008
р<0,05
100
76,5
Цитохром в5
мөлшері (нм/мг
ақ ауызға),
0,32
0,04
0,26
0,03
р<0,05
100
81,2
N-деметилаза
белсенділігі
нмоль/НСНО
мөн/мг ақуызға
2,12
0,16
1,7
0,06
р<0,05
100
80
P-гидролаза
белсенділігі
ПАМФ/мөн/мг
ақуызға
0,24
0,04
0,18
0,006
р<0,05
100
75
Ескерту – р – бақылау тобымен салыстырған айырмашылықтың дәлдік
көрсеткіші
171
Қорғасын ацетаты бауыр жасушаларының залалсыздандыру
қызметінің төмендеуіне алып келді, гепатоциттердің микросомалды
тотығу жүйесінің көрсеткіштері төмендеді (1-кесте).
Бауыр жасушаларының микросомасындағы цитохром Р
450
және
В
5
-тің мөлшері қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтарда
тәжірибенің 10-ші тәулігінде бақылау тобының көрсеткішіне
қарағанда 23,5
-ға және 18,9
-ға төмендеді, осының нәтижесінде
бауыр жасушаның микросомасында
N-деметилаза және Р-гидролаза ферменттерінің белсенділіктері
бақылау тобының 80
-ын және 75
-ын құрады, яғни бұл
ферменттердің активтілігі бақылау тобымен салыстырғанда 20
-ға
және 15
-ға төмендеді.
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер қорғасын ацетатының
уытты қасиетінің арқасында тек қана бауыр жасушаларының
биологиялық мембранасының тұрақтылығы төмендеп қана қоймай,
микросомалды
тотығу
үрдістерін
реттейтін
энзимдердің
белсенділіктері де депрессиялық жағдайға тап болғанын дәлелдеді.
Осыған байланысты оттегінің субстраттарды тотықтыру жүйесі
бұзылады және ксенобиотиктерді залалсыздандыру жүйесінің
қызметтері төмендеді.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Ахметзянова Э.Х.,
Бакиров А.Б.
Роль свинца
в
формировании
артериальной гипертензии // Медицина труда и промышл. экология. –
2006. – № 5. – С. 17–21.
2.
Жумабаев У.А. Содержание продуктов перекисного окисления липидов
в эритроцитах крови у рабочих свинцового завода с патологией органов
дыхания // Наука и образование Южного Казахстана. – 2006. – № 1. –
С. 142–144.
3.
Измеров Н.Ф., Панкова В.Б. Современные актуальные проблемы
профпатологии // Акт. проблемы проф. патологии. – М., 1990. – Вып. 42,
т. 1. – С. 5–7.
4.
Қорғанбаева З.С. Қорғасынмен уыттану кезінде қан және бауырдың
зақымдануына мия тамырынан алынған фитопрепараттардың протек-
торлық әсерін негіздеу: биол.ғыл.канд...автореф. – Алматы, 2008. – 22 с.
5.
Omura T., Sato R. The carbon monooxide binding pigment of livermicrosomes
J.Eviclence for its hemoprotein narure // S. Biol. Chem. –1964. –V. 239. – № 7. –
P. 2370–2378.
6.
Султанбеков З.К., Орунханова Л.М., Пруссакова Т.В. Проблемы охраны
здоровья рабочих промышленных предприятий и организаций
профпатологической службы в Восточно-Казахстанском регионе // Науч.-
практ. журн. гигиена труда и мед. экология. – 2006. – № 1. – С. 3–11.
172
БӨЛІМ 2.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ
АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Қабатаева Клара Турсынхановна
филология ғылымдарының кандидаты, проф. Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті,
Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.
Акатаева Шұға Бериковна
филология ғылымдарының кандидаты, доц. Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті,
Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.
Ахметжанова Жанар Балтабековна
филология ғылымдарының кандидаты, доц. Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті,
Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.
Тіл – өте күрделі, сан сапалы, көп қырлы құбылыс. Ол талай
заманнан бері өз бойына алуан түрлі ою-өрнектерді жинақтап,
құрылым-құрылысы дамып жетіліп келді. Тіл еш уақытта адамнан, ал
адам тілден ажыраған емес. Бұл екеуі бір-біріне қызмет ете отырып,
бірі өндіргіш күш ретінде, екіншісі осы күштердің арасындағы үздіксіз
құбылыстарды қамтамасыз ету құралы болып қана қоймай, дамып
жетіліп отырады.
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты –
оқытушыларды қазақ тілін оқытудың ғылыми негізімен қаруландыру,
қазақ тілін оқытудың өзіндік ерекшелігін меңгерту, қазақ тілін өзге ұлт
өкілдеріне оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері, тиімді жолдарымен
таныстыру, оқушыларды қазақша сөйлеуге дағдыландыруда қолдана
білуге бейімдеу, бағыттау.
Бүгінгі таңда ЖОО жаңа инновациялық технологияларды
пайдалану үрдісі жақсы жолға қойылған.
173
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуда мәтінмен жұмыс істеу
үлкен рөл атқарады.
Қазіргі заманда Мұсабекова Ф. [1], Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т.,
Шаймерденова К. [2],
Рахметова С. [3],
Нұржанова Ж. [4]
сияқты
ғалымдардың ұсынуымен мәтінмен жұмыс жүргізу әдістемесі дамып
келеді. Оқытуда тілдік қатынас мақсатын алға шақырған
қатысым [коммуникативтік]
әдісінің
артықшылығы
практикада
дәлелденген. Өйткені, мәтін – сөйлеуге жаттықтыру, сөйлеу дағдысын
қалыптастару
құралы.
Мәтінмен
байланысты
жүргізілетін
жұмыстардың бәрі де сөйлеу дағдысын қалыптастырумен байланысты
болғанда ғана, тілге үйрету жұмысы нәтижелі болмақ. Оқу мәтіндегі
қазақша сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсетіп қана қоймайды, оған бірте-
бірте дағдыландырады.
Атақты лингвист Гальперин анықтамасында мәтінде білім
алушылар білуге тиісті түрлі сөздер, олардан сөйлем құрап,
байланысты ойды жеткізуге қажет тілдік материалдар, грамматикалық
көрсеткіштер іс-жүзінде берілетіні айтылған.
Мәтінде тілдің барлық деңгейіне қатысты тілдік тұлғалардың бәрі
орын алады. Сондықтан, ол арқылы тілдің фонетикасын, лексикасын,
морфологясын, грамматикасын оқытуға болады [5]. Ал түрлі
деңгейдегі тілдік тұлғалардың түйісетін орны мәтін болғандықтан, тіл
оқытуда мәтінді дұрыс пайдаланған жөн.
Оқулық мәтіндерінде тілдік қатынастың барлық түрлері
үйретіледі. Ол мәтінді талдату әрекетімен бірге әңгімелесу арқылы
сөйлеу әрекетіне, сұрақ-жауап арқылы тілдесім әрекетіне, мазмұндама
жазғызу арқылы жазу әрекетіне үйретіледі. Осы міндеттерге
байланысты мәтіндерді талдауға белгілі талаптар қойылады. Ол
талаптарды жалпы алғанда үшке топтаймыз:
1.
Мәтіннің лингвистикалық мақсатқа құрылуы.
2.
Мазмұнның танымдық педагогикалық ұстамға бағытталуы.
3.
Мәтін әдістемелік нысанға сәйкес болуы.
Бұларды мәтін таңдауға қойылатын жалпы шарттар деп санасақ,
қазіргі оқулықтарда білім алушылардың танымдық сапаларын
арттыратын, тәрбиелік мәні ерекше мәтіндер алынған. Олардың
көлемдері әр жасқа шақталған. Осы орайда, оқулықтардың кейбір
жерлерінде білім алушылардың қызығушылықтарына тосқауыл
жасайтын, психологиялық хал-ахуалын бұзатын мәтіндер ұшырасады.
Мәтіндердің негізгі нақты қызметі білім алушылардың қазақша
тілін дамыту. Яғни, кез келген мәтін бойынша жүргізілетін
жұмыстардың көбі білім алушылардың сөйлеу тілін қалыптастыруды
көздейтіні ескерусіз қалдырылған сияқты.
174
Белгілі
ғалымдардың
айтуынша,
оқулық
мәтіндеріне
лингивстикалық-психологиялық тұрғыда мынадай қосымша талаптар
қойылады:
1.
Берілген тілдік материалдар білім алушылардың қазақ тілін
үйрену қажеттігін арттыруға бағытталуы.
2.
Мәтіннің мағыналық құрылымы анық, қызықты болуы.
3.
Мәтін материалдары білім алушылардың тілін дамытуға,
сөйлеу дағдысын қалыптастыруға лайық болуы.
4.
Білім алушылардың қазақ тілінде қарым-қатынас жасау
мақсатын өтуге бағытталған мәтіндер көп болуы.
5.
Мәтінде көтерілген мәселе білім алушылардың тіл үйрену
белсенділігін арттыратындай болуы.
6.
Мәтін құрылымы диалогты, монологты сөйлеу тіліне лайық,
білім алушылардың қазақ тілінде өзара қарым-қатынас жасау
мақсатын орындауға ыңғайлы болуы жөн.
Мәтінге қойылатын келесі шарттарының бірі – оның әдістемелік
нысанаға сәйкес болуы. Жұмыс қазақ тілін оқыту әдістемесіне
арналғандықтан, оқулық мәтіндеріне назар аудару орынды. Мәтін тілді
оқытудың негізгі құралы болғандықтан, оған тілді оқытуды жеңілдету,
әдістеме заңдылықтарына икемді болу талабы қойылады.
Мәтінмен жұмысты ұйымдастыру.
Тіл үйретуде мәтіндермен жұмыс істеудің атқаратын рөлі өте зор.
Мәтінді меңгертудің бір жолы – мәнерлеп дұрыс оқу. Мәтін
мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсіну керек, яғни
таныс емес сөздердің аудармасын оқушылар табуы қажет. Сөздің
нақтылы мағынасын сөйлеу контексінде ғана байқауға болады. Қандай
мәтін болса да, алдымен оның мазмұнын түсіну қажет.
Қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінен бастап, мәтінмен жұмыс
жүргізу тіл дамытуда өте пайдалы. Сондықтан бұл жұмысқа жеткілікті
мән берілуі қажет.
Мәтін білім алушыларға білім береді, мәтін – білім алушыларды
оқуға үйретудің құралы, ол ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді,
қазақша сөйлеуге үйретеді. Мәтін осы қызметтерді толық атқару үшін,
оған төмендегі талаптар қойылады.
Мәтін оқушының жас ерекшелігіне, түсінігіне сәйкес болуы
керек. Мәтін әр білім алушылардың жас ерекшелігіне, біліміне,
түсінігіне сай алынады. Осымен байланысты әр класта оқылатын мәтін
әр түрлі деңгейде болады. Бұл білім алушылардың өзінде алғашқы
мәтіндер мен оқу жылының аяғындағы мәтіндердің көлемі, ондағы
сөйлемдердің құрылысы, ауыр-жеңілдігі бірдей болмайды. Мәтін
175
дидактиканың жеңілден ауырға деген принципі бойынша бірте-бірте
күрделеніп отырады [6].
Мәтін қазақ халқының мәдениетімен, әдет-ғұрыптарымен, ұлттық
мерекелерімен, жетістіктерімен білім алушыларды таныстыру
қызметін атқару тиісті. Ол халықты сыйлауға тәрбиелеуі қажет. Мәтін
білім алушыларға қазақша сөйлеудің дайын үлгісі. Мәтінмен
байланысты жұмыстың бірнеше түрі жүргізіледі. Мысалы, мәтін оқу,
аудару, мазмұнын ауызша әңгімелеу, мәтін әңгімелеу үшін жоспар
жасау, мазмұндама жазу, мәтінді сұрақ-жауап ретінде екі кісі
әңгімелеу, яғни сұхбат құру, т. б.
Мәтінді оқу тіл дамытуға жатпайтын сияқты болып көрінеді, ол
оқу дағдысын қалыптастыруға жатқанымен, оның тіл дамытуға да
қатысы бар. Мәтінді қазақша оқуға үйренумен бірге білім алушы
ондағы сөздерді анық айтуға, сөз екпінін дұрыс қоюға, сөйлем мәнерін
қазақша айтуға қалыптасады. Ал тіл дамытуда бұл мәселелерге де мән
берілетіні жоғарыда айтылады.
Мәтінді аудару – тіл үйренудегі, тіл дамытудағы негізгі
мәселелердің бірі. Мәтінді аудару алғашқы кезеңде оқытушы өзі
көрсетеді, кейін білім алушылар өзі аударады. Мәтінді аударудан
бұрын ондағы жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі. Жаңа сөздерді біліп
алған соң, мәтінді аудару қиынға түспейді. Мәтін аудару арқылы білім
алушылар оның мазмұнын түсінеді, ойды қазақша білдірудің үлгісіне
жаттығады. Қазақша мәтін білім алушы үшін дайын үлгі, онда білім
алушы сөздердің бір-бірімен қалай байланысатымен, сөздердің бір-
бірімен тіркесу жолдарымен, сөйлемнің түрі құрылысымен кездеседі.
Ең кіші мәтіндерден бастап, бірте-бірте тілдің грамматикалық
құрылысымен мәтін арқылы танысу күрделеніп отырады.
Мәтіннің мазмұнын әңгімелеуге үйретудің тіл ұстартудағы мәні
өте зор.
Алғашқы кезеңде мәтінді әңгімелеуде білім алушы мәтінге
сүйену күшті болады. Бірте-бірте мәтінді қысқартып айтуға, бара-бара
оны кеңейтіп, толықтырып әңгімелеуге үйрету қажет. Бұл білім
алушыны мәтін мазмұнын өз сөзімен әңгімелеуге үйретеді. Оны
түрліше жүргізуге болады. Алғашқы кезеңде білім алушыға мәтін
бойынша сұрақ қойып, жауап арқылы әңгімелетуге болады. Бұл
мәтіннің мазмұнын айтқызудың жеңіл жолы. Бірақ осы әдісті басқа
мақсатта да қолдануға болады. Білім алушылардың өздеріне бір-біріне
сұрақ қойып, жауап бергізу арқылы мәтінді сұхбатқа айналдыруға
болады. Бұл жұмыстың түрі кейінірек жасалады. Мәтін әңгімелеуді
жоспар жасау арқылы үйретудің де маңызы зор. Мәтінге жоспар
жасату, мәтінді жақсы түсінуге, ойын жүйелі жеткізуге жәрдемдеседі.
176
Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға жауапты жазбаша
түрде жүргізу арқылы оқушының жазбаша тілін дамытуға болады.
Мәтін бойынша мазмұндаманы жоспар арқылы жазғызу өте пайдалы.
Мәтінмен ауызша тіл дамытуға жүргізілген жұмыстардың бәрі
жазбаша да жүргізіледі.
Тіл дамыту жұмыстарының барлық түрі грамматиканы білу
лексикалық материал негізінде мәтін мазмұнын игерту барысында іске
асады. Әр сабақта сөздік қорына жаңа сөз қосу, тіркестерді бекіту,
диалог, сөйлем құрау, сөйлеу үлгісін дағдыландырады. Әйтсе де
жоғарыда айтылған мәтінмен жұмыстың барлығын бір мәтінде
қолдану мүмкін емес. Мұны сатылап, оқытушы ізденісіне байланысты,
білім алушыларға ыңғайлап қолдануға тиіс.
Бүгінгі өмірдің бізді – «Жас буынның рухани дүниесінің
сәулеткері, қоғам өзінің ең қымбаттысын, ең құндысын, өзінің өмірі
мен болашағын тапсырған сенімді өкілі» деп аса жоғары бағалап
отырғаны мәлім. Сапалы білім берудің күн сайын тиімді жолдарын
ойластырып отыруды ерекше талап етіп отырған жаңа кезеңде, әрине,
ұстаздық мамандығымызды жетілдіре, шеберлігімізді шыңдай түсуге
міндетті екенімізді түсінеміз.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. – Алматы,
1959. – 298 б.
2.
Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар. -Алматы,
2009. – 200 б.
3.
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 2011. – 192 б.
4.
Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. – Алматы, 2001. – 220 б.
5.
Кәтембаева Б., Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы. –
Алматы, 1975. – 296 б.
6.
Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы,
1993. – 156 б.
177
ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кемелбек Назым Конысбеккызы
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің магистранты,
Казахстан, Тараз
Сарыбекова Жанат Туленовна
педагогика ғылымдарының докторы, профессор ғылыми жетекші
Казахстан, Тараз
Бүгінгінің бәрі өткендегімен тығыз байланыста, өйткені жаңаны
өткен ғасырлардағы белгілі мұраларды меңгеру арқылы ғана жасауға
болады. Әрбір жаңа ұрпақ өзінің қызмет-әрекетін қоғамның белгілі
жағдайларына, материалдық, рухани шарттарына байланысты
бастайды. Дәстүр ұғымы көп мағыналы және оған ғылымда әртүрлі
анықтамалар
берілген.
Біріншісі,
бір-бірінен
азды-көпті
айырмашылығы бар, бір қатарда орналасқан (әдет-ғұрып, ритуал,
мереке, т. б.) қоғамдық жағдайлардың ерекшеліктерін, олардың жалпы
белгілерінің сипатын көрсетеді; екіншісі, «дәстүр» ұғымының әдет-
ғұрып, ритуалға қарағанда тәуелсіз мазмұнда қолданылуы және сол
қатарда тәртіптің пайда болуымен бағаланады (әскери дәстүр);
үшіншісі, «дәстүр», «әдет-ғұрып», «салт», «ритуал», «мереке»
ұғымдарының барлығын синонимдерге жатқызады [1; 104]. Қазақ
совет энциклопедиясында дәстүр – қоғамдық ұйымдар мен халықтың
мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани негізі» [2; 503] делінсе,
философиялық сөздікте: «дәстүр (грек тілінде: жөн-жоралғы)-тарих
барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-
ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-
құлық қалыптары және т. б., қоғамда, ұлтта немесе жекелеген
әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени
мұра элементтері» деп, тұжырымдалады [3; 123]. Келесіде «Дәстүр –
әдетке сіңген салт, ғұрып, мирас» [4; 86], – деген мағынада
анықталады. Көбінесе «дәстүр», «әдет-ғұрып» ұғымымен бірлікте,
байланыста түсіндіріледі, мәселен, кейбір сөздіктерде дәстүр (латын.)
тұрақтылығымен ерекшеленетін, өткендерден мұралыққа қалдырылған
мінез-құлық формаларын көпшіліктің күш салуымен өзгеріссіз
сақтауға бағытталған әдет-ғұрып түрі (немесе формасы) деп те
беріледі [5; 311–312]. Анығын айтсақ, «дәстүр» мен «әдет-ғұрып» мән
жағынан бірдей. Және кейбір ғалымдар екеуінің арасында ешқандай
айырмашылық жоқ десе, көптеген зерттеушілер «әдет-ғұрып» пен
178
«дәстүр» арасында ескеруге тұрарлық айырмашылықтың барлығына
терминді семан-тикалық және этимолоғиялық жағынан қарастыру
арқылы назар аударады. Олай дейтініміз, дәстүр ғана адамзаттың
әлеуметтік-тарихи
тіршілігіндегі
тәжірибесін
ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп, жинақтайды. Жаңа ұрпақ осы ата-баба тәжірибесінен
өздеріне қажетті құндылықтарды таба алады. Әрине, мәдениет
құндылықтары бүгінге өту барысында өзгеріске түспей қоймайды,
олар тіршіліктің жаңа шарттарына бейімделеді. Дәстүрлер – тарихи
категория. Әрбір халықтың басқа халықтардың дәстүрлеріне
үқсамайтын өзіндік дәстүрлері бар. Олар халық өмірін көркейтеді және
ұлт мәдениетін жетіддіреді. Дәстүрлерді халық аялап сақтайды және
өндеп,
толықтырып
отырады.
Оларды
сақтауға
қоғамның
экономикалық жағдайы және мәдени деңгейі ықпал етеді. Әрбір жаңа
ұрпақ өткендегі ұрпақ тәжірибесін ішінара дәстүрлер арқылы
пайдаланады. Тәрбие деген, шындығына келсек, өткендегі ұрпақ
тәжірибесін кіші ұрпаққа беру, жеткізу үдерісі болып саналады.
Сондықтан дәстүрлер ұрпақ тәрбиесінде үлкен роль атқарады.
Дәстүрлердің жалпыламалық проблемалары философия мен тарих
ғылымында жеткілікті зерттелген. Н.С. Сәрсенбаев дәстүрді үш топқа
бөліп қарастырған. Біріншіден, дәстүрге толық бекіген, ата-бабадан
мұра болып қалған жалпылама әдет-ғұрып пен тұрмыс формасын
жатқызады. Екіншіден, дәстүрлерге жалпылама түрдегі көпшілікке
мәлім
әдет-ғұрыптардың,
ритуалдардың
белгілі
бір
бөлігі
жатқызылады. Үшіншіден, дәстүр ұғымы құлашын кең сермеген
идеялық, шығармашылық бағыттағы қоғамдық сананың әртүрлі
формасында – ғылымда, әдебиетте, өнерде, саясатта және т. б. салада із
қалдырған зерделі адамдардың есімдермен тікелей байланыстырылып
түсіндіріледі [6; 13–25].
Демек, дәстүрдің қарапайым тұрмыстық және күрделі дәстүрлері
мен адамгершілікті мінез-құлықтағы әдеттің жалпы белгісі болып
саналады. Дәстүрлердегі қажеттілік әрекетті жүзеге асыру формасында
және тәсілдерінде көрінеді. Адамгершілік дәстүрі адамдық дамуды
жоғары деңгейге көтеріп қана қоймай, адамның адамгершілік
бостандығын бекітеді. Адамгершілік дәстүрі – тарихи даму барысында
қалыптасқан және дәстүрге айналған мінез-құлық нормалары,
ережелері. Кейбір зерттеушілер адамгершілік дәстүрлерін ұрпақтан-
ұрпаққа берілетін және бүгінгі күнде өзгеріссіз, біршама мерзімге
өңделген түрде қызмет жасайтын мораль элементі (норма, мінез-
құлық, қарым-қатынас, т. б.) тұрғысында қарастырады. Халықтық
дәстүрлер-әрбір жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру- ды
қарастырған практикалық көзқарас қана емес, адамгершілік
179
тәрбиесінің бастауы ретінде дәстүрлердің қалыптасуы мен даму
үдерісін теориялық тұрғыда ой елегінен өткізу. Халықтық дәстүрлерді
практикалық норма түрінде қарастыра отырып, біз педагогикалық
мақсаттарды жүзеге асыру, жеке тұлғаның дамуын белсендендіру үшін
әртүрлі типті нормаларды пайдалану қажеттігіне назар аударамыз.
«Халықтық дәстүрлердің бұл типтері адамгершілік тәрбиесі үшін
бастаулар, тірек тапсырмалар (мақсатқа жетудегі негіз), бастау басы,
бірдеңенің алғашқы бастауы; негіз – негіздеме, бірдеңенің негізі,
тапсырма – мақсат, бірдеңеге бағыттау болып табылады, өйткені олар
«интегралды», яғни өзінде дербес көзқарасты ұстай білу», демек,
адами дәстүрлердің адамгершілікке тәрбиелеудегі ролін, жолдарын
қоғамның адамдық өмірі мен адами дәстүрлердің мәнін, мемлекеттің
перспективасын, көзқарасын білмей түсіну мүмкін еместігін;
моральдың қоғамдағы әлеуметтік топтардың қызығушылығы мен
бағыт-бағдарына тікелей байланыстылыгын көрсетеді [7].
Сонымен, біз халықтық дәстүрлерге берілген көзқарастарды
жүйеге келтіре отырып, адами дәстүрлер дегеніміз адамдық сана
тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында
көрініс тапқан адами ережелер мен нормалар деуімізге болады.
Бұның
бәрі
қазақ
халқының
дәстүрлерінің
студенттерді
адамгершілікке тәрбиелеудегі мүмкіндіктері жоғары екендігін
көрсетеді. Студенттердің адамгершілік тәрбиесі туралы мәселені
қарастыруда, ең алдымен жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері
деген не, олар қалай сипатталады және жалпы адами адамгершілік
қасиеттерінен оқытушының кәсіби іс-әрекетінде маңызы бар дегеннің
қандайын бөліп қарастыруға болатынын анықтап алу керек. Жеке
тұлғаның адамгершілік қасиеттері – оның басқа адамдарға, ұжымға,
қоғамға, Отанға, еңбекке, өз-өзіне деген көзқарасынан көрінетін
санасы мен мінез-құлқының тұрақты белгісі, олар жеке тұлғаның
рухани қасиеттерінің ішінде маңызды орын алады. Жеке тұлғаның
адамдық белгісі оның идеялық және интеллектуалдық қасиеттермен
өзара әрекеттестікте және араластықта болады. Болашақ мұғалімнің
жеке тұлғасы үшін аса маңызды адамгершілік қасиеттеріне мыналар
жатады:
идеялық
бағыттылық,
сенімділік,
патриотизм,
интернационализм, мақсаттылық, принципшілдік, жауапкершіліктік,
ұстамды – лық, объективтілік, еңбексүйгіштік, еңбекке көзқарас,
адалдық, кәсіби шын- шылдық, мейірімділік, ілтипаттылық, балаға
сүйіспеншілік, сезімталдылық, әділеттілік, т. б.
Қазіргі қоғамдағы оқытушының тұлғалық қасиеттерінің даму
проблемаларын үкімет пен арнайы мекемелердің директивті
құжаттарында берілген тапсырмалармен жиі байланыста қарастыру
180
керек. Адамгершілік тәрбиесінің мәні түсінігінен болашақ мұғалім
тәрбиелеуге байланысты негізгі міндеттер туындайды.Олар мыналар:
студенттерде мақсаттылықты, ішкі сұраныспен өмір сүру, оқу және
жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; барлық жағдайда адамдық
кодекс
принциптері
мен
жоғары
адамгершілік
идеалдарды
басшылыққа ала отырып, оларды өмірде жүзеге асыруда белсенділік
көрсетуге, сондай-ақ, тұлғалық адамгершілік тазалыққа, адалдық,
принципшілдік, жауапкершілік, шыншылдық, гумандық қасиеттерге,
қоғам мен ұжым көзқарасын түсіне білу дағдысына, халықтың қол
жеткен жетістіктеріне аялы көзқарасқа, терең адамгершілік мәдениетке
тәрбиелеу; әр студентте патриоттық және интернационалдық сезімді
дамыту, болашақ оқытушыда халық алдындағы өзінің парызын
сезінуін, жаңа адамды оқыту және тәрбиелеуде жауапкершілігін
қалыптастыру. Болашақ мұғалімде адамдық сананы дамыту күрделі
үдеріс, ол кездескен қарама-қайшылықты жоюмен, аға ұрпақтардың
адамгершілік тәжірибесін меңгеріп, ой елегінен өткізумен, ұнамды
адамгершілік дәстүрін меңгерумен сипатталады. Болашақ мұғалімдер
тұлғасының қалыптасуына жоғары оқу орны ұжымында орныққан
адамгершілік көзқарас жүйесі айтарлықтай ықпал жасайды. Олар
студентгерде адамдық норма бағдарының бекуіне мүмкіндігінше
жағдайлар
туғызады. Болашақ мұғалімдерде адамгершіліктің
қалыптасуы әртүрлі практикалық іс-әрекеттер мен адамгершілік ағарту
істерін ұйымдастыру жолдары арқылы жүзеге асады. Студенттерді
адамгершілікке тәрбиелеу - ұйымдасқан, басқаруға болатын үдеріс.
Жоғары педагогикалық оқу орны студенттерінің адамгершілігін
дамыту үдерісін басқару тәрбие мазмұнын, формаларын, әдіс-
тәсілдерін
сұрыптауға
және
пайдалануға
негізделеді.
Олар
студенттердің адамгершілік тәрбиелілігі деңгейінің айтарлықтай
жоғарылауына көмектеседі. Ал бұл болса болашақ мұғалімнің кәсіби-
педагогикалық даярлығы мен студенттер тәрбиесіне бүгінгі қоғамның
қоятын мақсат, міндеттерін ескере отырып, нақты адамгершілік
бейнесін жасауға мүмкіндік береді. Болашақ мұғалімдердің
адамгершілік тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру әртүрлі тәрбие
жұмыстарының
тиімділігін
арттыруға
көмектеседі,
соңғысы
адамгершілік тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұнына сай болуы керек,
нақтырақ
айтқанда,
адамгершілік
сенімділік
пен
жетілген
азаматтылықты, гумандық көзқарасты қалыптастыруы, болашақ
мұғалімдердің жоғары адамгершілік қасиеттерін дамытуы, іс-
әрекеттерде белсенділігін қамтамасыздандыруы қажет. Болашақ
мұғалімдерде осындай жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуде
181
қазақ халқының адами дәстүрлері маңызды рөл атқаратынына көз
жеткізуге болады.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Плахов Д.
Традиций
и
общество.
Философско-социологические
исследования, Москва, 1992, 220 с.
2.
Қазақ Совет энциклопедиясы, Т. З, Алматы, 1973, 624 б.
3.
Философиялық сөздік / Ред.колл: Р.Н. Нұрғалиев, т. б. А, 1995, 525 б.
4.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Т. З, Алматы, 1978, 735 б.
5.
Словарь по этике / Под ред. Кона И.С. Москва, 1975, 392 с.
6.
Сарсенбаев Н.С. Обычай и традиции и общественная жизнь.
Алматы,1974, 180 с.
7.
Қисымова А.Қ. Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларға
адамгершілік тәрбие беру. Пед.ғыл.канд.дис. Алматы, 1994, 150 б.
«НАУЧНАЯ ДИСКУССИЯ:
ИННОВАЦИИ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ»
Сборник статей по материалам XLVII международной
научно-практической конференции
№ 3 (46)
Март 2016 г.
Часть II
В авторской редакции
Подписано в печать 28.03.16. Формат бумаги 60х84/16.
Бумага офсет №1. Гарнитура Times. Печать цифровая.
Усл. печ. л. 11,375. Тираж 550 экз.
Издательство «Интернаука»
127276, г. Москва, ул. Ботаническая, д. 14, офис 21
E-mail: mail@internauka.org
Отпечатано в полном соответствии с качеством предоставленного
оригинал-макета в типографии «Allprint»
630004, г. Новосибирск, Вокзальная магистраль, 3
Достарыңызбен бөлісу: |