Нәтижесі: ақпараттық технологиялар арқылы коммуникативтік
құзыреттілігі қалыптасқан маман
Міндеттері:
-
ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік
құзыреттілігінқалыптастырудың психологиялық, педагогикалық негіздерін айқындау;
-
ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктерін айқындау;
- ақпараттық технологиялар арқылы болашақ бастауыш сынып мамандарының
коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру;
қалыптастырудың әдістемесін дайындау.
Мақсаты: Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың
коммуникативтік құзыреттілігінқалыптастыру
Мазмҧны:
ақпараттық
технологиялар
арқылыболашақ
мамандардың
коммуникативтікқұзыреттілігін қалыптастырутуралы ғылыми ақпаратты меңгерту
(педагогика, мамандыққа кіріспе, ағылшын тілі т.б. пәндер бойынша), оқу-әдістемелік
кешен; типтік бағдарлама, силлабус, «Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту
әдістемесі» атты арнайы курс бағдарламасы мен оның әдістемесі
Компоненттер
Оқытуформасы: дәріс,семинар,
СОӚЖ,СӚЖ, ғылыми зерттеу
жұмысы, рейтинг, тест, емтихан.
Ақпаратты алу құрылымы: мотив,
мақсат, пән, құрал, амалдар, нәтиже.
Ҧстанымдары
ғылымилық, қатысымдық,,
тұтастық, тіке байланыс, сатылап даму,
іс-
әрекеттік, шығармашылық, тұлғалық-бағдарлысубъектілік, кәсіби бағыттылық
Технологиялары:
ақпараттық -коммуникциялық
Мотивациялық
Мазмұндық
Іс-әрекеттік
69
Зерттеу
жұмысымызда ақпараттық технологиялар арқылы болашақ
мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үлгісін құруда
мотивациялық,
мазмұндық,
іс-әрекеттік
компоненттердің
бірлігінде
қарастырамыз. Бұл компоненттер ақпараттық технологиялар негізінде болашақ
мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру дәрежесін
сипаттайтын негізгі ӛлшемдер мен кӛрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік берді.
Кесте 1 – Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың
коммуникативтік
құзыреттілігін
қалыптастырудың
ӛлшемдері
мен
кӛрсеткіштері
Компонент-
тер
Ӛлшемдер
Кӛрсеткіштер
Мотивациялық
-болашақ
мамандардың
ақпараттық
технологияларды
қолдану арқылы коммуникатив
тік білімі мен біліктерін, тілдік
тапсырмаларды
орындауға
дегенынтасы мен ықыласы.
- коммуникатитвік құзыреттіліктің
негізі болып табылатын тілдікбілім
алуға,тыңдалым, айтылым, сӛйлесім,
жазылым туралытүсінігі, ӛздігінен
ізденуі, талдауы, жинақтауы, жүйелей
білуге, ӛзінің ойын жеткізуде тілдік
қарым-қатынасқа түсу құралдарын,
тілдік
тапсырмаларды
орындауда
бірлесіп әрекет етуде ақпараттық
технологияларды
қолдана
алуғақызығушылығы;
Мазмұндық
- болашақ мамандардың оқу
үдерісінде
коммуникативтік
құзыреттілік
тұрғысында
ақпараттық
технологиялар
арқылыкоммуникативтік
білімдімеңгеруі,
талдауы,
жинақтауы,
моделдеуі,
жүйелеуі.
-
коммуникатитвік
құзыреттіліктің
негізі
болып
табылатын
тілдікбілімдімеңгеруі,
тыңдалым,
айтылым, сӛйлесім, жазылым туралы
білімі, ӛзінің ойын жеткізуде тілдік
қарым-қатынасқа түсу құралдарын,
тілдік
тапсырмаларды
орындауда
бірлесіп әрекет етуде ақпараттық
технология ларды қолдануы, ӛздігінен
ізденуі, талдауы, жинақтауы, жүйелеуі.
Іс-әрекеттік
- болашақ мамандардың кәсіби
даярлығында
ақпараттық
технологиялар
негізінде
алынған ақпараттың нәтижесін
коммуникативтік құзыреттілік
тұрғысынан
бағалауы,
мәселенің
шешімін
шығармашылықпен қабылдауы.
- коммуникатитвік құзыреттіліктің
негізі
болып
табылатын
тілдікбіліктілігі,тыңдалым,
айтылым,
сӛйлесім, жазылымды ӛзінің ойын
жеткізуде тілдік қарым-қатынасқа түсу
құралдарын, тілдік тапсырмаларды
орындауда бірлесіп әрекет етуде
ақпараттық
технологияларды
қолдануы,
тілдікбілімі
мен
біліктілігінпрактикалық іс-әрекетінде
шығармашылықпен
ұштастыруы,
талдауы,
жинақтауы,
жүйелеу
біліктілігі.
Сонымен, ғылыми жұмыстарды талқылау ақпараттық технологияларды
қолданумен коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үдерісіндегі
субъекті ерекшеліктерінің мағынасын кӛрсетті.
70
Кӛрсетілген ӛлшемдер мен кӛрсеткіштер ақпараттық технологиялар арқылы
болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың
келесі деңгейлері (жоғары, орта, тӛмен) айқындалды.
Жоғары деңгей. Ақпараттық технологиялар негізінде болашақ мамандардың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті білімді жоғары
деңгейде меңгеруі, соған сәйкес кәсіби әрекет түрлерін шығармашылықпен
ойлап табатын, оны оқу әрекеттері тәжірибесіне енгізуде сенімді, белсенді,
ӛзін-ӛзі жүзеге асыратын, ӛзін-ӛзі ұйымдастыруы мен бағалауы толық
қалыптасқан білім алушы.
Орта деңгей. Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті білімді жеткілікті
деңгейде меңгеріп, соған сәйкес кәсіби әрекет түрлерін ойлап табатын, оны оқу
әрекеттері тәжірибесіне енгізу белсенділігі орташа, ӛзін-ӛзі жүзеге асыратын,
ӛзін-ӛзі ұйымдастыруы мен бағалауы толық қалыптаспаған білім алушы.
Тӛмен деңгей.Ақпараттық технологиялар негізінде болашақ мамандардың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға пәндік білімнің негізгі
деңгейін меңгеріп, соған сәйкес берілген үлгіні қатаң түрде сақтай отырып,
әрекет жасайтын, оны оқу әрекеттері тәжірибесіне енгізе алмайтын, ӛзін-ӛзі
ұйымдастыруы мен бағалауы қалыптаспаған білім алушы.
Қорытаайтқанда, ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың
коммуникативтік құзыретілігінің қалыптасуында оның ақпараттық іс-әрекетке
белсене араласуы, ақпараттық технологиялар құралдары мен әдістерін
ӛздігінен игеруі маңызды рӛл атқарады.Ақпараттық технологиялар құралдары
мен
әдістерін
тарата
отырып,
болашақ
мамандармен
арнайы
ұйымдастырылатын ақпараттық іс-әрекеттер олардың жеке тәжірибелерінің
дамуына,
барлық
құзыреттердің
қалыптасу
деңгейінің
арттыруына
бағытталады.
Жоғары
білім
беру
жүйесінің
дамуының
әлемдік
бетбұрыстарды білім беру жағдайында жаңа ортаның - ақпараттық
қоғамның пайда болуына себепкер болады.
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыру олардың білім сапасын кӛтеруге ықпалын тигізіп
қана қоймай, жоғары оқу орнына білімалуда ӛзінің мүмкіншілігін арттыруға
жағдай туғызатынына кӛз жеткізілді. Ол үшін ақпараттық технология
құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта
және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқыту үдерісін тиімді
ұйымдастыру қажет.
Ақпараттық технологиялар арқылыболашақ мамандардың коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыру,олардың ғылыми терең дайындығын,ерекше
ізденімпаздықпен жаңалықты үйлестіре алатындай педагогикалық шеберлігі
мен жауапкершілігін жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететіндей білім бepуде
оқыту әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу – бүгінгі күннің басты
талаптарының бірінен саналады, - деп санаймыз.
71
2.
БOЛAШAҚ
МAМAНДAPДЫҢ
AҚПAPAТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
АРҚЫЛЫ
КOММУНИКAТИВТIК
ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДICТEМECI
2.1 Болашақ бастауыш мектеп мамандарының ақпараттық
технологиялар
арқылы
коммуникативтік
қҧзыреттілігін
дамытудың қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының
тұжырымдамасында: жоғары оқу орындарын бітірушілердің дайындық
деңгейіне қойылатын талаптар түрінде белгіленген қоғамымыздың жаңа
әлеуметтік тапсырыстары, ӛз кезегінде оқыту бағдарламаларын ӛзгертуді
сондай-ақ студенттердің алатын білім сапасын кӛтеріп, бүгінгі күнге сай
кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын
енгізуді кӛздейді, – деп кӛрсетілген [1]. Бұдан нәтижеге бағдарланған білім
беруде ақпараттық технологияларды пайдаланып, білім сапасын арттыру мен
түйінді құзыреттіліктер болса, оның негізін құрайтын коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Болашақ маманның кәсіби
құзыреттілігінің тұжырымдамасында жалпы әлемдік мәдени құндылықтарды
енгізуді кӛздейді.
Жалпы орта мектептің бастауыш сатысына мамандар дайындауды
жоғары оқу орындары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
(жоғары кәсіптік) негізінде жүзеге асыратыны белгілі. «Бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының бүгінге дейінгі стандартын
талдайтын болсақ, ондағы берілетін кәсіби білім мазмұны бастауыш білім беру
сұранысына ғана сәйкестігін айта кеткеніміз жӛн. Дегенмен, аталған мамандық
студенттерінің жоғары оқу орнында коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыруға, бәсекеге қабілеттілігінің кӛрсеткіші кәсіби дайындықтың
сапасын, болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби іс-әрекетке
дайындықтарының қазіргі білім беру ұйымдарының сұранысын қанағаттандыра
алмайтынын кӛрсетіп отыр.
Бүгінде жалпы орта мектептің бастауыш деңгейіне маман даярлаудың
негізгі келесі факторларды қамтамасыз етеді, олар: жалпыға міндетті кәсіби
білім беру стандарты, оқу бағдарламасының мазмұны, оқыту үдерісін
ұйымдастыру және педагогтың кәсіби құзыреттілігі. Олардың әрқайсысына
тоқталатын болсақ: 5B05010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен
әдістемесі» мамандығына арналған жалпыға міндетті білім беру стандартын
талдау мақсатын кӛздедік. Ӛйткені, бүгінге дейін республикамызда 2009 және
2011 жылдары жарық кӛрген стандартпен бастауыш сынып мамандары
кредиттік жүйе бойынша даярлануда.
Осы стандарт бойынша бӛлінген кредит саны мен пайыздық кӛрсеткіші
тӛмендегідей: жалпы білім беру пәндерінің циклының құрамы типтік оқу
жоспарындағы пәндердің жалпы кӛлемінің 25%-ын немесе 33 кредитті құрап,
базалық пәндер циклындағы пәндер кӛлемі типтік оқу жоспарындағы пәндердің
72
жалпы кӛлемінің 50%-ын немесе 64 кредит құрайды, олардың ішінде 20 кредит
міндетті компонент пәндеріне және 44 кредит таңдау бойынша компонент
пәндеріне тиесілі. Кәсіптік пәндер циклындағы пәндер кӛлемі типтік оқу
жоспарындағы пәндердің жалпы кӛлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті
құрайды, соның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит
таңдау бойынша компонент пәндеріне бӛлінеді.
2012 жылдан бастап, 6B05010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен
әдістемесі» мамандығына арналған модульдік оқу бағдарламаларының
мазмұны әлемдік стандартқа сәйкестендіріп әзірлеуді Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетіне тапсырылуы әрине, профессор-
оқытушылар ұжымына үлкен міндет жүктелгені деп түсінеміз. Модульдік оқу
бағдарламаларын әлемдік стандартқа сәйкестендіруде шетел тәжірибелерін
зерделеу, шетелдік ғалымдарымен пікірлесу, бірлескен іс-әрекеттің
нәтижесінде кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктері, мобильдік
ұтқырлықтың жүзеге асырылуы, серіктестікте қызмет істеу және т.б.
толығымен ескеріледі.
Қазіргі бастауыш мектепке ғылым мен мәдениеттің жаңа жетістіктерін
білетін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды игерген, оқытудың
инновациялық әдістерін меңгерген, ақпараттық технологиялармен қаруланған,
кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытуға арналған
оқу бағдарламаларын және оны іске асырудың әдістемесін жетік білетін маман
қажет. Бүгінде бастауыш сыныптарда ақпараттық технологияларды
оқушылармен, ата-аналармен және оқыту үдерісін басқару жұмыстарында
қолданады. Сондықтан да бастауыш мектепке кәсіби құзыреттіліктің негізін
құрайтын коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан мамандарға сұраныс
беруі заңдылық.
Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетінің 2020-шы
жылға дейінгі даму стратегиясында: маман дайындауда білім сапасына қол
жеткізу халықаралық стандарт пен оның талаптарына сәйкестендірілетіні
кӛрсетілген. Халықаралық білім кеңістігіне кірігу үшін ұлттық білім беру
бағдарламаларын әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының
бағдарламаларымен үйлестіру жүзеге асырылуда. Оған дәлел бүгінгі қоғам
сұранысына жауап беру мақсатында университетімізде 2012-2013 оқу
жылынын бастап, 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
(бакалавриат) мамандығына университет ғалымдары, Туркия мемлекетінің
Эрзинджан университетінің профессорларымен авторлық бірлестікте әлемдік
стандартқа сәйкестендірілген білім беру бағдарламасын әзірлеп пилотты
режимде тәжірибеде сынақтан ӛткізу үстінде және шетелдік тәуелсіз
сараптамалық қорытындыдан кейін жетілдірілуде.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – бастауыш мектептің болашақ
педагогтары кәсіби іс-әрекетті тиімді жүзеге асыруға қабілетті, бәсекелестікке
бейімделген, халықаралық стандарт талаптарына сай болуы, жалпымәдени,
кәсіби және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру, бастауыш мектептерде
73
оқыту үдерісін ұйымдастыру мен басқаруда инновациялық технологияларды
қолдануды меңгерту.
Білім беру бағдарламасыкелесі құзыреттіліктерді қалыптастыруды
кӛздейді. Жалпымәдени құзыреттілік:адамгершілік нормасы мен ӛнегелі
мінез-құлық негіздерін меңгеруге; ғылымдардың негізгі әдістері мен
ережелерін, әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуге; шет тілінен білімін
қарым-қатынас жасау және арнайы мәтінді түсінуге және т.б.
Кәсіби құзыреттілік:білімдік ортада субъектілердің бірлескен қызметі
мен тұлғааралық ӛзара әрекеттестікті ұйымдастыру әдістерін меңгерту; кәсіби
қызметінде бала құқығы мен мүгедектер құқығы туралы негізгі халықаралық
және отандық құжаттарды пайдалана білу; кәсіби міндеттерді шешуде
мамандардың пәнаралық және салааралық ӛзара әрекеттестіктеріне қатыса алу
және т.б.
Пәндік
құзыреттілік:кіші
мектеп
жасындағы
оқушылардың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері мен
технологияларын меңгерту; білім беру сабақтастығын жүзеге асыру
құралдарын меңгеру; жеке әдістемелік пәндердің теориялық негіздері мен
технологияларын
меңгеру
және
т.б.
Сонымен
қатар,ақпараттық,
коммуникативтік және проблеманы шешу құзыреттіліктерін де меңгерту
кӛзделген.
2009 және 2011 жылдарғы мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты
бойынша әзірленген жұмыс оқу жоспарында міндетті оқу компоненті 45 пайыз,
ал таңдау пәндері компонентіне 55 пайызды құраған болатын. Аталған білім
беру бағдарламасында міндетті пәндер компоненті 33 пайыз, ал таңдау пәндері
компоненті 67 пайызды құрайды. Бұл ӛз кезегінде студенттердің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыруға басымдық мүмкіндік туғызады, оған дәлел
ретінде енгізілген пәндерді атап айтсақ: «Информатиканы оқыту әдістемесі»,
«Ағылшын тілін оқыту әдістемесі», «Ӛзін-ӛзі тану пәнін оқыту әдістемесі»,
«12жылдық бастауыш мектеп үшін оқу пәндерінің ОӘК», «ШЖБМ (орыс)
әдебиеттік оқуды оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектеп оқу пәндерінен
дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі», «Бастауыш мектепте шет
тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен технологиясы» т.б.
2009 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында
міндетті пәндер компонентіндегі тұрған пәндер білім беру бағдарламаларында
«Құқық негіздері», «Экология және тұрақты даму», «Ӛмір қауіпсіздік
негіздері», «Отантану»
т.б. пәндері
таңдау
пәндері компонентіне
ауыстырылды.12 жылдық білім беруге кӛшу жағдайында бұл пәндер мектептің
бейіндік сыныптарында оқытылатын болады.
Білім беру бағдарламасын тәжірибеге енгізу барысында педагогикалық
үдерісті
ұйымдастыру
мәселесі
алға
шығады,
себебі
аталған
бағдарламабойынша оқытушылар академиялық ұтқырлықпен шетелден
білімдерін жетілдіріп, жаңа пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеп,
педагогикалық үдерісті кредиттік технологияның талаптарына сәйкес
жүргізуде.
74
Университеттің
материалдық базасы
түрлі
ақпарат
кӛздеріне,
электрондық оқулықтарды қолдануға қажетті компьютерлік техникаға қол
жетерліктей
етіп
жабдықталып,
мультимедиалық
және
ақпараттық
технологияларды пайдалану кеңінен қарастырылуда. Сонымен, біздің негізгі
міндетіміз педагогикалық үдерісті жетілдіру болып табылады, нақтылап айтсақ
университеттегі 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығының студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру
үшін арнайы курсты таңдау пәндерінің оқу бағдарламасын, силлабусын, оқу-
әдістемелік кешендермен, іс жүзінде электрондық реурстарды пайдаланып,
оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік жасауға бағдарланып отыр.
Бұл бүгінгі күні жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде
педагогикалық
технологияларды
саралап
қолдануды
қажет
етеді.
Университетте бастауыш оқыту педагогикасы ғылымының дамуына ӛзіндік
үлес қосқан ғалымдар бастауыш мектепке мұғалімдер дайындауға ат салысуда.
Жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы оқыту мен тәрбиелеудің
педагогикалық технологияларын меңгеріп қана қоймай, оны педагогикалық
үдерісте пайдалану әдістемесін үнемі жетілдірілуде.
Ел президентінің «Қазақстан – 2050 стратегиясы – «Қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын қолдау, халықаралық және аға
ұрпақ тәжірибесі негізінде бастауыш мектепте білім берудің жаңа әдіс-
тәсілдеріне кӛшу саясатын жүзеге асыру үшін университетімізде қазақ тілінде
бастауыш мектеп педагогикасы ғылымы бойынша ғылыми диссертация қорғап,
бастауыш мектепке маман даярлауға қомақты үлес қосқан, жоғары оқу орнына
арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазған әдіскер-ғалымдарға
арналғанкабинеттердің ашылуы, білім алушылардың мамандықтарына деген
сүйіспеншілігін арттырып, кәсіби тұрғыдан ӛсуіне ықпал ететін, ғылыми
еңбектермен және ақпараттық технологиялармен жабдықталуы да осы
мамандық студенттерінің ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік
туғызып отыр. Бастауыш оқыту педагогикасына қомақты үлес қосқан әдіскер-
ғалымдар: Т.С.Сабыров, Р.Қоянбаев, сонымен қатар бастауыш оқыту
әдістемесінің әр қырынан зерттеген ғалымдар: С.Р.Рахметова, Р.Мендикенова
және т.б. арналып ашылған кабинеттерді атауға болады.
Сондай-ақ, студенттер «Бастауыш мектеп педагогикасы» ғылымы саласы
бойынша
ғылыми-зерттеу
жұмыстарына
оқытушы-профессорлардың
жетекшлігімен қатысып, мамандық студенттері Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің мақтау грамоталарына ие болды. Атап айтсақ: 2013
жылы 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
(бакалавриат) мамандығының студенті Жұмабаева Жазира студенттердің
ғылыми жұмыстарының арасында бірінші орын алды. Жұмабаева Жазира
бүгінде 5M010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығының 1 курс магистранты. Кафедра тарапынан ұйымдастырылған
«Үздік магистрант» конкурсының бас жүлдесін жеңіп алып, ӛзінің осы
мамандық бойынша меңгерген теориялық білімін, практикамен ұштастыра
75
отырып, ӛзінің кәсіби деңгейінің оның негізі болып табылатын коммуникативті
құзыреттілігінің қалыптасып келе жатқанын кӛрсете білді.
Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда
әлемдік стандартқа сәйкес білім беру үшін студенттердің академиялық
ұтқырлығын
іске
асыру
барысында
университетіміз
халықаралық
ынтымақтастықты дамытуды белсенді түрде іске асырыпАнглия, Германия,
Чехия, Польша, Қытай, Түркия, Корея, Ресей, Латвия және т.б. мемлекеттерден
жалпы саны 44 жоғары оқу орындарымен серіктестікте жұмыс істейді.
Қазіргі білім саласындағы ӛзгеріс педагог мамандығына жарқын болашақ
ашуда. Білімнің жаңа мазмұнмен толығуы педагог кадрларды дайындауға жаңа
талаптар қойып, тілдік білімнің рӛлін кӛтеріп, оның сапалы ӛзгеруіне басымдық
беріліп отыр. Бұл тұрғыда педагогикалық үдерісті ұйымдастыруды оқу-
әдістемелік кешендермен, құралдармен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда
болады, ӛйткені білім алушылардың оқу пәндерінің мазмұнын меңгертудің
субъект мен субъектілік қатынасқа құрылуы, білім алушылардың білімді
ӛздігінен меңгеруіне, ізденуіне мүмкіндік туғызуы да осыған байланысты
болмақ. Міндетті және таңдау пәндері компоненттері бойынша әзірленген оқу-
әдістемелік кешендермен студенттер толық қамтылып, кәсіби құзыретті
маманның коммуникативтік дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік
жасалуда.
Бүгінде
университетіміз
бастауыш
мектепке
оқытудың
ақпараттық
технологияларын меңгерту, бітіруші түлектің әлемдік стандартқа сәйкес
білімді меңгеруі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіби құзыретті маман
дайындауды міндет етіп қойып отыр. Осы міндеттің барлығы бастауыш
мектепке коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан маман дайындаудың кӛзі
болып отыр. Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыру
үшін
жоғары
оқу
орындарында
оқытудың
қазіргі
технологияларын, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану
әдістемесі жетілдірілуде.
Ақпараттық технологиялар – ақпарат кӛздері, бейнелік және
аудиоэффектілік, электронды оқулықтар, әртүрлі мультибағдарламалық
мүмкіндіктерді интерактивті бағдарламалық жабдықтың басқаруымен
орындатылатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері болып
табылады.
Кәсіби дайындықтың негізі болып табылатын коммуникативтік құзыреттілікті
меңгерту, әрине оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы алған білімі мен ӛзіндік ізденуі нәтижесіндегі білімінің тереңдігін және
оны тәжірибеде кез келген жағдайда қолдана білуімен сипатталады. Оқыту
үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану кәсіби дайындықтың
мазмұнын ӛзгертуге, білім алушылармен жұмыстың әртүрлі формасын
ұйымдастыруда, яғни оқыту үдерісінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында
болашақ маманның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға негіз
болары сӛзсіз.
76
Қазіргі компьютерлік және интербелсенді бағдарламалық әдістемелік құралдар
оқытушы мен білім алушының әрекеттесу формаларын ӛзгертіп, субъекті мен
субъектілік қатынас түрінде кӛрінеді. Ал мұндай ӛзгеріс білім алушылардың
оқуға деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа
үлгілерін (баяндама, есеп беру, топ алдында жобаларды біріге отырып
қорғау, эссе жазу, реферат, курстық және дипломдық жұмыстар)
орындаудаізденуге ақпараттық технологияларды қолдануға итермелейді,
оқытудың жеке тұлғаға бағытталған түрлерін енгізуді керек етеді.
Оқыту үдерісінде білім алушылардың кәсіби құзыреттілігінің негізі болып
табылатын коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру нәтижесі:
- әлемдік стандартқа сәйкес әзірленген білім беру бағдарламаларын меңгеру
және оны тәжірибеде кез келген жағдайда қолдануда шығармашылық ізденіске
түсуі;
- білім алушының ӛзіндік жұмысы бойынша портфолио дайындауда
ақпараттық технологияларды, интербелсенді әдістерді пайдалануы;
- мамандық бойынша дайындалған электрондық оқулықтарды, ақпарат
кӛздерін ӛздігінен саралап, еркін қолдануы;
- бастауыш мектепте педагогикалық үдерісті жаңашаұйымдастыруға
қабілеттілігіжоғары;
- бастауыш мектепке арналған ақпараттық құралдарды, компьютерлік ойын
бағдарламаларын, электрондық оқулықтарды жетік меңгеруімен сипатталады.
Сонымен қорыта келе, бүгінгі қоғамның басты талабы бастауыш мектепке
коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан мамандарды дайындау мәселесі
бойынша университетіміз: оқытудың ақпараттық технологияларын пайдалану,
оқытушылар
мен
студенттерге
арналған
академиялық
ұтқырлық,
педагогикалық үдерісті жаңаша ұйымдастыруда «шеберлік сыныптары», «Он-
лайн» жүйесімен, Алматы облысы бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру
институтымен бірлесе отырып, бастауыш мектеп пен шағын жинақталған
мектептің мұғалімдеріне әдістемелік кӛмек кӛрсету мақсатында ашық сабақтар,
шеберлік сыныптарын, семинар ӛткізу, арнайы кабинет жабдықтау,
электрондық оқулықтар дайындау сияқты жұмыстарды атқарып, жоғары білім
беруді модернизациялаудыіске асыруға ӛзіндік үлесін қосуда.
Бүгінде білім беру саласын модернизациялауға байланысты елімізде ӛтпелі
кезеңге арналған жалпы орта мектептің оқу бағдарламалары жарық кӛрді.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламаларының басты жаңалықтары 2013
жылдан бастап, 1 сыныптан шет тілі пәні оқытылуда. Бастауыш деңгейдің 1
сыныбынан бастап, шет тілін оқытуға бастауыш сынып мұғалімдері дайын
болмады. Сондықтан жалпы орта мектептің шет тілінен беретін мұғалімдерін
Республикалық педагогикалық «Ӛрлеу» орталығынан үш кезеңдік қайта
даярлаудан ӛткізіп, оларды бастауыш сыныпта шет тілін оқыту үшін
тәжірибеге енгізді. Дегенмен, біздің ойымызша, бастауыш сыныптағы шет тілін
бастауыштың маманы беру керек. Ӛйткені, олар бастауыш сыныптарда
оқытудың жеке пәндердің әдістемесін толық ӛтеді, әрі бұл жастағы
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін жақсы меңгереді.
77
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беретін
(бакалавриат) бойынша мамандар дайындау классификаторына «Бастауыш
оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына қосымша мамандандыру
ретіне «шет тілі мұғалімі» деген мамандықты қосу керек. Берілетін біліктілікке
«бастауыш сыныптар және шет тілі мұғалімі» дегенді қосу керек. Сонда ғана
біз маман дайындау мәселесінің шешімін тауып, білімнің негізі қаланатын
бастауышта кәсіби құзыреттіліктің негізі болып саналатын коммуникативтік
құзыреттілігі қалыптасқан маман дайындаймыз, - деп айтуымызға негіз болады.
Қазіргі пилоттық режимде эксперимент жүріп жатқан білім беру
бағдарламасының аясында болашақ мамандар даярлауға қойылып отырған
талаптарға сәйкес зерттеу мәселеміз бойынша «Бастауыш сыныптарда шет
тілін оқыту әдістемесі» атты арнайы курс бағдарламасын әзірледік. Аталған
жұмыс оқу бағдарламасы 1 кредитке арналған және ол «Бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім алушыларына арналып
дайындалды.
Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қамтамасыз ететін
келесі
фактор
оқыту
үдерісін
ұйымдастыруда
қазіргі
ақпараттық
технологияларды, интерактивті тақта, электрондық оқулықтар, инновациялық
технологиялар мен интербелсенді әдістерді қолдану, білім алушылардың
ӛзіндік жұмыстарының нәтижесін кӛрсететін портфолиосы, субъекті мен
субъектілік қатынасқа құрылған дәрістер мен семинарлар, білім алушылардың
креативтілігін
дамытуға
арналған
шығармашылық
тапсырмалар,
профессорлардың «Шеберлік сыныптары», озат тәжірибелерді үйрену және т.б.
пайдалану әдістемесін меңгерту кӛзделеді.
Болашақ бастауыш сынып мамандарының дайындаудың келесі факторы
педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі тұлғалық негізде тӛмендегі
аспектілерді: философиялық, әлеуметтік, мәдениеттілік қамтиды. Олар:
- коммуникативтік құзыреттіліктің философиялық аспектісі тұлғаның
рефлексиялық қажетілігінен туындайтын интерпретациялық іс-әрекеті, оны
атқарудағы тұлғаның адами сапалары, білім алудың негізгі ортасында тұратын
білім алушының ӛзінің дамуы;
- коммуникативтік құзыреттіліктің әлеуметтік аспектісі субъекті-субъектілік
педагогикалық қызметті бірлесіп шығармашылықпен ұйымдастыру біліктілігі,
ӛзін-ӛзі дамытуы, ӛзін-ӛзі ұйымдастыруы, ӛзін-ӛзі шығармашылықпен жүзеге
асыруы, кәсіби тұлғалық ӛсуі;
- коммуникативтік құзыреттіліктің мәдениеттілік аспектісі тұлғаның
кӛпмәдениеттілікті, арнаулы этникалық факторларды түсінетін, серіктестік іс-
әрекеттегі мінез-құлқы, тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынасқа түсе алуы,
мәдениетаралық бірлескен іс-әрекетті ұйымдастырудағы шығармашылығы.
Жоғары оқу орнында білім алушылардың кәсіби құзыреттілігіне тұлғаның
кіріктірілген қасиеттеріне: коммуникативтік, дидактикалық және тұлғалық
компоненттерден тұратын педагогикалық және пәндік білім салаларын
бірлестіке қарастыратын құзыреттіліктер жатқызылады. Коммуникативтік
78
құзыреттілікке пән бойынша ауызша және жазбаша қарым-қатынастың
түрлерін меңгерту кӛзделеді.
Дидактикалық компоненттің негізіне алған білімін талдау, педагогтың
шығармашылық іс-әрекетінің дағдысы, білімді жеткізушілік әлеуеті, іс-әрекетке
түсу жағдайы мен қабілеті, білім алушыларды оқытудағы ӛзіндік жобалау
технологиялары, оқу-тәрбие үдерісінің логикалық құрылымы, пайда болған
мәселелерді шеше білу мүмкіндігі, педагогикалық міндеттерді ӛздігінен
мобильді түрде шешудің әдістерін, креативті ойлау, оның кәсіби және ӛзінің
білімділігін кӛтеруге ықпал етеді.
Жоғары оқу орнында білім берудегі оқытушының тұлғалық компоненті оның
кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінде кӛрініс береді. Педагогикалық іс-әрекет
әлеуметтік, мәдени ӛсуімен сипатталады. Оқытушының әлеуметтік жағы
педагогикалық іс-әрекетте шығармашылығының қалыптасу мәселесімен
байланысты қарастырылатын педагогтың шығармашылық стилі болып
табылады. Оқытушының шығармашылық стилі педагогикалық іс-әрекеттердің
бірлігі мен іс-әрекеттердің құралдары, яғни оның тұтастай шығармашылығын
қамтиды. Шығармашылық стиль ұғымы педагогтың ӛзіндік жұмысы,
белсенділігі, креативтілігі, біліктілігі жауапкершілігімен байланысты болмақ.
Жоғары оқу орнында білім беруді қайта құруда білім алушылардың ӛзін-ӛзі
жүзеге асыруына, коммуниткативтік құзыреттіліктерді меңгеруіне, оқыту
үдерісіне шығармашылықпен, ізденіспен келуді қамтамасыз етеді. Ол үшін
тьютордың сабаққа дайындығы да алдыңғы қатарға шығады, ӛйткені білім
алушыларға әрбір пән бойынша берілетін білім мазмұнын меңгертуде
оқытушының шығармашылық тапсырмаларды құруда креативтілігі, ол әрине
білім алушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын, коммунтикативтік
рефлексиясын қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Педагогикалық міндетті
пәндерде «іскерлік ойындар», «интервью», «тренинг», «шығармашылық топтық
тапсырмалар», «презентациялар», «бейнетаспалар» және т.б. инновациялық
технологияларды пайдалану арқылы білім алушылардың оң кӛзқарасын
қалыптастырып,
жобалау
мүмкіндіктерін
дамытуға,
рефлексияны,
коммуникативтік дағдыларды жетілдіруге негіз болады.
Педагог әрбір тапсырманы ұсынған кезде оларды шығармашылықпен
орындату арқылы мақсатқа жетуді кӛздейді. Тұлғалық-бағдарлы оқытуды
жүзеге асыру үшін білім алушылардың мотивациясын тудыруға ықпал етіп,
мақсатқа бағытталған ахуал туғыза білуі қажет. Сонда ғана оқыту үдерісінде
инновациялық технологияларды қолдану арқылы тапсырмаларды орындату
әдістемесі белгілі нәтижеге жетеді. Ӛйткені, тақырыптың мақсатына сәйкес
шығармашылықпен сараланып алынған оқыту технологиялары білім
алушылардың
жаңа
материалды
меңгерудегі
ізденістері
мен
шығармашылықтарын дамытады.
Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда
ақпараттық құралдардың қолданылу бағытына қарай түрлерін былайша
жіктеуге болады:
79
Ақпараттық-анықтамалық басылымдар жалпы ақпараттық қолдауды
қамтамасыз етеді. Бұларға энциклопедиялар, анықтамалықтар, сӛздіктер,
хрестоматиялар, географиялық және астрономиялық атластар, нормативті-
құқықтық және экономикалық жинақтар жатады. Олар белгілі бір курсқа,
бағдарламаға, дидактикалық схемаға байланыссыз болады. Шығармашылық
мақсаттағы және оқу бағдарламасының аясынан тыс оқу міндеттерін шешуде
қосымша материал ретінде қолданылады.
Жалпымәдени сипаттағы электрондық басылымдар мәдени ортаны кеңейту
мақсатына арналған. Бұларға әлемдегі мұражайлар бойынша виртуалды
экскурсиялар; қалалар, елдер және құрылықтар бойынша саяхаттар; әлемдік
мәдениеттің классикалық туындыларына, сәулет, кескіндеме, саз ӛнерлерінің
үздік үлгілеріне арналған басылымдар жатады. Мұндай электрондық
басылымдардың мақсаты – оқушылардың барлығы үшін олардың дүниеге
кӛзқарасын кеңейтуге, жалпы мәдениетін тәрбиелеуге тең мүмкіндіктер беру.
Осы типтегі электрондық басылымдардың бір тобын психологиялық-
педагогикалық тәрбиелік қолдау кӛрсету мақсатындағы электрондық оқу
басылымдары құрайды.
Оқыту үдерісіне қолдау кӛрсетуге және оны дамытуға арналған басылымдар
белгілі бір оқу пәнінің бағдарламасы аясында жүйеленген материалдарды
қамтитын электрондық оқу құралдары. Пән бойынша оқу бағдарламасында
анықталған оқу мазмұнын меңгертуге арналады. Оқу қызметінің барлық
түрлерін қамтиды: ақпараттарды алу; практикалық тапсырмаларды орындау
арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;
білімді бақылау мен бағалау.
Электронды оқу басылымдарының мазмұнның берілуіне қарай жіктелетін
түрлері:
Электронды кітапхана – пәннің саласына және білім алушылардың
мүмкіндіктеріне сәйкес іріктелген иллюстративті материалдар мен мәтіндердің
жинағын, түрлі электрондық материалдарды (шет тілін оқытуға арналған
анықтамалықтарды қамтитын электрондық басылымдар) сенімді сақтауға және
тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе. Электронды
кітапханада мынадай ақпараттар жинақталады: шолу ақпараты; авторлық және
пәндік сілтемелер; кеңейтілген библиография.
2) Электронды кӛрнекі құралдардың кітапханасы – мазмұны мультимедиа
құралдары топтамасының кӛмегі арқылы берілетін құралдың түрі. Қолданылуы
қарапайым редактордың кӛмегі арқылы оқытушы сабаққа қажетті кӛрнекі
құралдар топтамасын қалыптастыра алады.
3) Электронды энциклопедия – білімнің белгілі бір саласына байланысты
түрлі бағыттағы ақпараттардың үлкен кӛлемін сақтай алатын құралдың түрі.
Басылымның бұл түрі иллюстрациялардың, бейне және аудио-үзінділердің
кӛптігімен ерекшеленеді.
4) Репетиторлар мен тренажерлар – білім алушыларға сабаққа,
емтихандарға ӛздігінен дайындалуға, ӛздерінің білімдерін объективті тұрғыда
бақылап, бағалауға мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік кешендер. Олардың
80
құрылымы мыналардан тұрады: тапсырмаларды орындау үшін нұсқау;
интерактивті жаттығулар; бақылау және ӛзін-ӛзі бақылауға арналған құралдар.
Мультимедиалық құралдар – бейнелік және аудиоэффектілік, әртүрлі
мультибағдарламалық
мүмкіндіктерді
интерактивті
бағдарламалық
жабдықтың басқаруымен орындаталатын электрондық құжаттарды дайындау
тәсілдері. Мультимедиа ақпараттық жаңалықтардың қайнар кӛзі ретіндегі
ғылыми білім мен инновациялық шешімдердің рӛлінің жоғарылауына ықпал
етеді, технологиялық ӛсу мен жаңа интеллектуалдық технологиялардың құрылу
мүмкіндіктерін қарастырады.
Зерттеу жұмысы бойынша 2012–2014 оқу жылдарында Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндеэксперимент жұмысы жүргізілді.
Мұнда ғылыми жұмысымыздың міндеттеріне сәйкес зерттеудің келесі әдістері
сараланып алынды: эксперимент, бақылау, сауалнама, озат оқытушылардың
тәржірибелерін зерделеу, жинақтау, қорыту, математикалық-статистикалық
әдістер. Тәжірбиелік-эксперимент Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің Педагогика-психология факультеті, «Мектепке дейінгі және
бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының базасында
жүргізілді.
А.
Ясауи
атындағы
Халықаралық
қазақ-түрік
университетініңаталған мамандық білім алушылары бақылау тобы ретінде
белгіленді. Тәжірибелік және бақылау топтарынан барлығы 151 білім алушылар
қатысты, оның 75-і бақылау топтарында, 76-ы эксперименттік топтарда болды
.
Тәжірибелік-педагогикалық
жұмыстың
мақсаты:
педагогикалық
университтерінде білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыру жолдарын айқындау.
Тәжірибелік-педагогикалық
эксперимент
үш
кезеңде
(анықтау,
қалыптастыру, бекіту) ұйымдастырылды.
Тәжірибелік-педагогикалықжұмыстың міндеттері:
- университетте білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық, ағылшын тілін оқыту пәндері
мен педагогикалық практиканың мүмкіндіктерін анықтау;
- білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда оқу-
танымдық іс-әрекетінің маңыздылығын кӛрсету;
- болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда
сӛйлеу әрекетінде кӛрінетіндіктен оның сӛйлеу сапаларын: ойды дұрыс
жеткізуін, нақты пайымдауын, мазмұндылығын, кӛңіл-күйін, кӛркемділігін,
сӛздік қорының молдығын кӛрсету;
- болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда
білімді меңгеруге байланысты коммуникативтік мәдениетін айқындау;
- тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың қорытындысын сараптау және
оны талдау, ұсыныстар беру.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында жоғары кәсіптік білім
бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпы білім беру
стандарттарына, жалпы білім мазмұнының тұжырымдамасы, Қазақстан
Республикасы жоғары білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу
81
жоспары, типтік бағдарламаларға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдар
бойынша іс-тәжірибелерге талдау жасай отырып, университет білім
алушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінде коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыруға байланысты мүмкіндіктер қарастырылды.
Тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстың
анықтау
эксперименті
педагогикалық университеттердің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен
әдістемесі» мамандықтары бойынша эксперименттік және бақылау топтарында
жүргізілді. Эксперименттік жұмысқа қатысатын оқытушылар белгіленіп, пән
оқытушыларымен зерттеу мәселесі бойынша дайындалған арнайы курс
бағдарламасы талқыланды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім
алушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға байланысты
сауалнамалар т.б. педагогикалық жұмыстар жүргізіліп, шет тілі пән бойынша
тапсырмалар беріліп, білім алушылардың білімдік деңгейлері анықталды. Осы
ӛлшем бойынша үш топқа бӛлінді:
–
біріншісі – болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыру оқыту үдерісінде тілдік дағдыларды меңгеруге (оқушылармен
дұрыс қарым-қатыста болады, ойын дұрыс жеткізе алады, ӛзгенің пікірімен
санасады, сӛздік қоры мол, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай біледі,
тұрақты жақсы кӛңіл– күй бар, қоғамдық жұмыстарға белсенділік кӛрсете
біледі, ӛзін басқа адамның орнына қоя біледі, адамдармен тіл табыса алады,
қарым–қатынас
кезінде
адамдардың
жас
ерекшелігін
ескереді),
интеллектуалдық мүмкіндіктері бар, ізденімпаз тұлға;
–
екінші – болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыру оқыту үдерісінде тілдік дағдыларды меңгеруге қызығушылығы
болғанымен, олар үнемі кӛмекті қажетсінеді (ойын нақты жеткізе алғанымен
дәлелдей алмайды, ӛзгенің пікірімен санасады, сӛздік қоры жеткілікті,
адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай біледі, кӛңіл-күй тұрақсыз, қоғамдық
жұмыстарға қатынасады, бірақ белсенділік танытпайды, қарым-қатынас кезінде
адамдардың жас ерекшелігін ескереді);
–
үшінші– болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыру оқыту үдерісінде тілдік дағдыларды меңгеруге ықыласы орташа,
білімді меңгеруге белсенді кӛзқарасы оның іс-әрекетінде айқын кӛрініс
бермейді.
Анықтау экспериментінің мақсаты:
-
оқыту үдерісінде болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыруда тілдік дағдыларды меңгерудегі оқу-танымдық деңгейін
анықтау;
-
болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бір-
бірімен және жолдастарымен қарым-қатынаста тілдік дағдыларды меңгеру
деңгейін байқау;
-
білімдік пәндерден алған ұғымдарын тәжірибеде қажітене қарай қолдана
білу шеберліктерін анықтау.
Осыған орай анықтау экспериментінде тӛмендегі міндеттері белгіленді:
82
– педагогикалық университет оқытушыларының теориялық және
технологиялық білімі деңгейіне педагогикалық бақылау, сауалнама алу және
әңгімелесу жүргізу, педагогикалық құжаттарына талдау жасау;
– болашақ мамандардың оқу-танымдық іс-әрекетінде тілдік дағдыларды
меңгеру тәжірибесінің қалыптасу деңгейіне бақылау жасау, әңгімелесу іс-
шараларды саралау;
– педагогикалық университет білім алушыларының коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптасу дәрежесіне қарай тілдік дағдыларды меңгеруіне
бақылау жүргізу, талдау арқылы білім алушыларының білім деңгейін анықтау
және талдау.
Педагогикалық
университет
оқытушыларымен
жүргізілетін
зерттеу
жұмысының мазмұны мына мәселелерді анықтауға бағытталды: Зерттеу
барысында
оқытушылар
мен
білім
алушылардың
оқу
іс-әрекетін
ұйымдастыруда олардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру
біліктілігін, жетекшілік жасау дағдысын, құзыреттілігін анықтау мақсатында
педагогикалық құжаттарымен танысып, оқытушылардан сауалнама алынып,
әңгіме ӛткізілді, зерттеу мәселемізге байланысты университеттің сабақтары,
мен педагогикалық практикаларға қатысып, олардың мазмұнына талдау
жұмыстары жасалды. Нәтижелерінің шынайы болуына қол жеткізу мақсатында
тексеру тікелей зерттеу арқылы іске асырылады. Сондай-ақ, оқытушылар мен
білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігі туралы білімдерін, сонымен
қатар, оқу іс-әрекетінде тілдік қызығушылықтарын, кӛзқарастарын, білім
деңгейлерін және т.б. анықтау мақсатында сауалнама дайындалды.
Коммуникативтік құзіреттілік деңгейі мен негізгі коммуникативтік
шеберліктің қалыптасуын анықтауға арналған Л.Михельсонның (бейімдеген
Достарыңызбен бөлісу: |