-
біріншісі – тиісті психикалық үлгілерді ӛзектендіру жолымен әрекет үшін
маңызды, жағдаяттар типтерінің барлығында да болуы мүмкін ақпараттарды
ӛңдеу, талдау қабілеттілігі.
-
екінші құрамдас – нақты әрекеттерді орындаудың барлық нұсқаларын
немесе тәсілдерін жүзеге асыру қабілеттілігі.
-
үшіншісі – жағдаяттың бар екендігі фактісінен әрекеттер тәсілдеріндегі
оған барабар нұсқаға кӛшуді жүзеге асыруға деген қабілеттілік.
-
тӛртіншісі – кез келген сыртқы жағдаятты әрекет үшін маңызды
категориялардың біріне қатыстылығы арқылы тану қабілеттілігі. Осы
компоненттердің барлығының да субъектіде бар екендігін атап кеткен жӛн
және де бұл әрекеттерді субъект олардың алгоритмдері туралы
ақпараттардың сыртқы тасушыларының кӛмегінсіз-ақ орындай алады.
Кейбір әрекеттерді орындайтын адам зердесінде жағдаяттың мүмкін болуы
немесе мүмкін болмауы туралы белгілер жӛнінде ақпараттар болады. Әр
жағдаят әрекеттердің нақты түрде кӛрсетілген құрылымдық элементтерінің
болуын құрайды: заттар, құралдар, ӛнімдер мен әрекеттерді орындауға деген
дайындықтың арнайы дәрежесіндегі субъект, әрекеттердің сыртқы
жағдайлары.
48
Жағдаяттардың мұндай белгілері әрекеттердің болжалды негізін құрайды.
Сондай-ақ субъект әрекеттерді орындаудың әр түрлі тәсілдерін және әрекеттің
арнайы тәсілінің нысананың қай жиынтығына барабар келетіндігін білуі керек.
Бұл ақпарат әрекеттердің болжалды негізін құрайды. Субъект әрекет ӛнімдері
сипаттамаларын, яғни әрекеттің мақсаттарын білуі керек.
Әрекет мақсаттарының үш мағынасы бар. Біріншіден, әрекеттің тікелей
қалаулы ӛнімі, яғни сыртқы дүниенің нақты ӛзгеруі. Екіншіден, ниетпен
салыстыруға болатын зат. Үшіншіден, қалаулы нәтиже бейнесін құру мен
қолдау үдерістері. Соңғы екі аспектілер тікелей әрекет субъектісі ұғымына
жатады.
Сонымен, әрекет субъектісі дегеніміз – бұл ӛте оңды «мен» емес, адамдағы
материалдық
пен
руханилықтың
бірлестігі,
ӛйткені
әрекеттердің
психологиялық механизмдерінен басқа физиологиялықтар да бар. Бұдан басқа
субъектіге әрекеттерді жүзеге асыруға кӛмектесетін құралдар да болады.
Мұндай құралдарға: оптикалық аспаптар, субъектінің сыртқы ортаға әсер ету
құралдары, яғни әрекеттер құралдары, сондай-ақ әрекеттерді орындау
тәртіптері туралы ақпараттарды таситын, әртүрлі материалдық нысандар
жатады. Әрекет субъектісі генезисі бірнеше сатылардан тұрады. Атап айтсақ:
-
бірінші сатыда әрекеттің қалаулы ӛнімінің ерекшеліктері туралы
білімдер алынады;
-
екінші сатыда осы ерекшеліктердің қайсысы кейін субъектіні
қанағаттандыра алатындығы (әрекет мотиві) туралы білімдерді алу жүзеге
асырылады;
-
үшінші сатыда әрекеттердің негізгі құрылымдық жақтарының үйлесімділігі
мен олардың әрекеттерді орындау тәртіптеріне сәйкестігі туралы білімдер
алынады;
-
тӛртінші сатыда білімдерді қолдану шеберліктерін алу жүргізіледі;
-
бесінші сатыда әрекеттерді тез арада орындау нұсқауларын қалыптастыру
жүзеге асырылады.
Мақсаттылық, саналылық, жоспарлық, қорытындылау, толықтық,
дербестік, тұрақтылық пен жағымды қатынастар – жеке тұлғаның субъектілік
ерекшеліктерінің қалыптасқандығының кӛрсеткіштері болып саналады.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үдерісіндегі болашақ
мамандардың субъектілік бағыты оған ӛзінің болашақтағы кәсіби әрекеттерін
толығымен қабылдап, оларды практикалық қайта ӛңдеу пәніне айналдыру
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мұндай бағыт болашақ маманға
ӛзінің жеке мүмкіндіктерін, болашақта тұлғалық ӛсуін саналауға ықпал етеді,
білім алушыны шығармашылық ізденіске итермелейді. Субъектілік бағыттың
маңызы кәсіби білім берудің қазіргі жағдайында аса үлкен, ӛйткені педагогқа
да, кәсіби әрекеттердің кез келген субъектісіне де ең жоғары талаптар
қойылады: ол сан алуан кәсіби мәселелерде тез бағдар алуы керек, қажет
болғанда ӛз әрекеттері саласын ӛзгертуі, ӛз мамандығын үнемі жетілдіріп
отыруы керек.Субъектілік бағыт аспектілерінің бірі мотивация, оның
болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы
49
маңызы ӛте зор. Әдетте мотивация қандай да бір әрекеттер нәтижелеріне
жетуге ықпал ететін қозғаушы күш ретінде түсіндіріледі. Сан алуан
мотивтердің ішінен кӛбінесе сыртқы және ішкі мотивтер ғана аталады.
Л.М.Фридман бойынша, «Егер мотивтердің әрекетпен байланысы болмай,
бірақ оны тудыратын болса, онда олар осы әрекетке қатысты сырттай деп
аталады; ал егер мотивтер әрекеттің ӛзімен тікелей байланыста болса, онда
олар ішкі деп аталады» [113]. Ішкі мотивтер субъектінің танымдық
қажеттіліктерімен, таным үдерісінен алынған қанағаттанумен байланысқан.
Ішкі мотивацияның басым болуы білім алушының болашақ кәсіби әрекеттерді
меңгеруі үдерісіндегі ӛз белсенділігін кӛрсетуімен сипатталады.
Автордың пікірін қорытындылайтын болсақ, оқу пәні мазмұнын меңгеру
мақсат емес, басқа мақсаттарға жетудің құралы болса, онда әрекет сырттай
мотивацияланған болып есептеледі. Бұған сынақтан ӛту, дипломды,
шәкіртақыны, мақтау алу, оқытушының талаптарына бағыну мақсатында
тапсырманы орындау жатады. Сыртқы мотивацияда білімдік мақсат
қойылмайды, білім алушы таным үдерісінен шеттеп қалады. Оқытылатын
пәндер білім алушы үшін іштей қабылданған, іштей мотивацияланғандар емес,
ал оқу пәндерінің мазмұндары тұлғалық құндылық бола алмайды.
Э.Ф.Зеер кәсіби бағыттылық бойынша білім алушылардың бірнеше
типтерін атайды. Олар: - бірінші типке тұлғаның таңдаған мамандыққа
сейкестігі жағдайын, басым, жетекші мотивтер мен кәсіби әрекеттердің
мазмұндары
арасындағы
байланысты
білдіретін
жағымды
кәсіби
бағыттылықтағы коммуникативті құзыреттілікті меңгеруге талаптанатын білім
алушылар жатады. - екінші типке мамандықты таңдауда ӛз таңдауларын
толығымен анықтамаған білім алушылар жатады. Олар үшін екіұштылық, ал
кейде мамандыққа деген жағымсыз қарау мен болашақта жоғары оқу орнында
оқуды жалғастыру, сондай-ақ алған мамандығы бойынша одан әрі жұмыс
істеу араларындағы коммуникативті құзыреттілікті меңгеруге талаптанатын
кейде керісінше қарайтын білім алушылар жатады. - үшінші типке ӛз
мамандықтарына жағымсыз қарайтын білім алушылар жатады. Олардың
таңдау мотивациялары жоғары білімнің қоғамдық құндылықтарымен
анықталған. Оларда болашақ мамандықтары туралы ұғым мүлдем жоқтың
қасы. Мұнда жетекші мотив әрекеттің ӛзінің қажеттілігін емес, онымен
байланысқан
әртүрлі
жағдайларды
білдіреді.
Бағыттылықтағы
коммуникативті құзыреттілікті меңгеруге талпынбайтын білім алушылар
жатады, - деген тұжырым жасаған [114]. Автордың пікірін қорытатын болсақ,
біздің зерттеу жұмысымыз бойынша бірінші типтегі білім алушылар педагог
мамандығын жүрегімен қалап келетін білім алушылар болуы керек,- деп
санаймыз.
Ал екінші типтегі білім алушыларға оқытушылар мен эдвайзерлер
тарапынан таңдаған мамандығы туралы оң пікір қалыптастыратындай
жұмыстар жүргізіп, олардың педагог ретінде кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыруға ықпал ету қажет. Ал, үшінші типтегі білім алушылар бұл
мамандыққа кенеттен, ӛзінің қалауынсыз, тосыннан келгендер жатады.
50
Олардан келешекте жақсы мұғалім шығады деп айта алмаймыз, яғни ондайлар
мамандықтары туралы әрі қарай білімін жалғастырмайды, ӛйткені таңдаған
мамандығын жақсы кӛрмеген адамнан жақсы педагог шықпайды.
А.Г.Асмоловтың пайымдауынша, білім алушылардың коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыру олардың жаңа білім деңгейімен келесі кезеңдерді
қамтиды:I – функционалды және қарапайым сауаттылық; II – жалпы білім;
III – кәсіби құзыреттілік;IV – кең мәдениеттілікті меңгеру;V – жеке
менталитетінің қалыптасуы [115]. Бұдан шығатын қорытынды осы үш
кезеңнен болашақ маманның даярлығында оның нақты кәсіби іс
-
әрекетті
жүзеге асыруда нәтижелі әрі бәсекеге қабілеттілігінің кӛрсеткіші болып
табылатын коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптастыруды басты назарда
ұстау қажеттігінің, әсіресе функционалды сауаттылықтың болашақ бастауыш
сынып мұғалімдеріне қойылатын басты талап екенін ескере отырып, зерттеу
тақырыбымыз тұрғысынан қарастырсақ, қалған үш кезеңді осы бірінші
кезеңнің аясында қалыптастыруға болдады, - деген тұжырым жасаймыз.
И.Ф. Харламов мұғалім құзыреттілігінің бірнеше сатысын бӛліп кӛрсеткен:
I – педагогикалық дағды, оқушыларды табысты оқыту мен тәрбиелеуді
сауатты кәсіби деңгейде жүзеге асыру үшін оқыту мен тәрбиелеудің маңызды
жүйесін және оқу-тәрбие үдерісін іске асыру дағдысы мен іскерлігін
бірлестікте жетік меңгеруімен сипатталады;II – педагогикалық шеберлік,
оқыту мен тәрбиелеудің жоғары деңгейіне жеткізу іскерлігіпедагогикалық
теорияның тәжірибеде тиімді қолданылуы нәтижесінде оқу-тәрбие үдерісінің
табыстылығымен
сипатталады.III
–
педагогикалық
шығармашылық,
мұғалімнің инновациялық шеберлігінен кӛрінеді [116]. Бұдан кӛріп
отырғанымыздай, бірінші деңгей негізгі болып саналады, ӛйткені онсыз білім
беру жүйесі табысты болмас еді. Ол бір жағынан мұғалімдердің іс-әрекетінде
теориялық білімнің тәжірибеде жеткілікті түрде кӛрініс беруіне, екінші
жағынан ӛзінің кәсіби іс-әрекетінде үнемі жетілу үстінде болатынымен
сипатталады. Ал, үшінші жағдайда шығармашылықпен әрекет ететін мұғалім
ӛзінің кәсіби құзыреттілігін инновациялық технологияларды тәжірибесінде
қолдана алатынымен сипатталады.
Соңғы жылдары ғылыми–педагогикалық еңбектерде оқытушылардың кәсіби
құзыреттілік ұғымы даярлық сапасына қойылатын талап немесе теориялық
білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден ӛткізілген кәсіби
шеберлігінің маңызды сапасы ретінде қарастырылады. Біздің ойымызша,
болашақ бастауыш мектеп мамандарының комуникативтік құзыретттілігі
олардың білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, тұлға мүмкіндігін
бағалаудың ӛлшемін мақсатына сай қарастыру болып табылады.
Жасалған теориялық талдауларға сүйене отырып, ақпараттық технологиялар
арқылыболашақ
мамандардың
коммуникативтік
құзыреттілігін
қалыптастырудың келесі ерекшеліктері айқындалды:
-
біріншіден, білім сапасын арттыруда қазіргі қоғам талабына және Болон
үдерісіне енуге байланысты мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру
стандарттарын қайта қарап, оны жетілдіру бағытында жұмыстар жасалуы тиіс.
51
Әлемдік білім кеңістігіне енуге байланысты шетел ғалымдарымен бірігіп,
модульдік білім беру бағдарламаларының әзірленіп, пилоттық режимде
тәжірибеге енгізілуі. Аталған бағдарламада коммуникативтік құзыреттіліктің
алға шығуы тиіс.
-
екіншіден, кредиттік оқу жүйесімен оқытуда сапалы білім беруден
алдыңғы қатарға шыққан шетел тәжірибелерін оқып үйрену. Шетелдік
гуманитарлық бағыттағы педагогикалық университтеттермен оқытушыларды
шетелге тәжірибе алмасуға, іс-тәжірибеден ӛтуге жіберуді практикаға енгізу
үшін келісімшартқа тұру, ақпараттық технологиялар негізінде шет тілін
бастауыш деңгейдің бірінші сыныбынан бастап оқыту мәселесін зерделеу;
– үшіншіден, қазіргі педагогикалық технология, ағылшын тілін оқыту
әдістемесі, бастауыш мектепте шетел тілін оқытудың теориясы мен
технологиясы пәндері мазмұны жағынан бірін
-
бірі толықтыратындықтан
Болон үдерісінің талабына сәйкес ірірлендіру немесе шоғырландыру қажет деп
санаймыз. Кредит санын кӛбейтіп, дуалды білім беруді жүзеге асыруды қолға
алуды жоғары оқу орны тәжірибесіне енгізу;
– тӛртіншіден, педагогикалық практиканы ұйымдастыруды күшейту қажет.
Практикаға бӛлінген сағаттардың азаюына байланысты практиканың да
мамандарды дайындаудағы рӛлінің тӛмендеуіне әкеліп отырғаны белгілі. Ал,
білім алушылардың теориялық білімін тәжірибеде пайдаланудың бірден-бір
кӛзі практика екенін барлығымыз жақсы білеміз. Мұғалім мамандығының қыры
мен сырын, технологиясын, механизмін үйренетін кезі де осы практика.
Сондықтан практиканың үздіксіз жүруіне баса мән беру керек;
– бесіншіден, мамандандыруды білім алушылардың меңгеретін
мамандықтарына сәйкес келешекте мұғалімдік қызметінде тәжірибеде қатар
алып жүруіне лайықтысын таңдауына мүмкіндік туғызу. Мысалы: 2013-2014
оқу жылынан бастап, бастауыш деңгейдің 1-сыныбынан шет тілі оқытылып
жатқандықтан болашақ бастауыш сынып және шет тілі мұғалімі мамандығын
алатын білім алушыларға ақпараттық технологиялардың түрлері мен оны
пайдаланудың әдістемелерін тереңірек меңгерту үшін арнайы курс
бағдарламасын әзірлеп тәжірибеге енгізу.
– алтыншыдан, педагогикалық жоғары оқу орындарында дайындалатын
мамандықтар бойынша қазақ тілінде оқитын білім алушылар үшін
электрондық оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауды қолға алу қажет. Бұл
электрондық оқулықтарға қойылатын талаптарға жауап беретіндей сапалы
дайындалуы керек. Болашақ мамандардың келешекте сапалы білім алуының
басты құралы оқулық десек, оны дайындауда сол пән бойынша ғылым
жетістіктері мен жаңалықтары басшылыққа алынуы тиіс;
– жетіншіден, педагогикалық жоғары оқу орнының профессорлары мен
оқытушылары ӛздерінің білімін жетілдіруде шетел оқу орындарынан
тәжірибеден ӛтумен қатар, ӛз пәндері бойынша ақпараттық технологияларды
кеңінен пайдлануға мүмкіндік жасалу қажет деп есептейміз.
52
1.3 Болашақ мамандардың ақпараттық технологиялар арқылы
коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастырудың қҧрылымдық-
мазмҧндық ҥлгісі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-
2050» стратегиясы қалыптасқан - мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Жолдауында: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа
машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті ӛмірде шебер де тиімді
пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы
жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек»,- деп білім саласынның алдына зор
міндет жүктелген .
Осы кӛрсетілген бағытты жүзеге асыру үшін білім алушылардың
коммуникативтік
құзыреттілігін
ақпараттық
технологиялар
негізінде
қалыптастыру қажеттілігінің негізгі факторлары анықталды:
-
біріншіден – оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы студенттерді кәсіби даярлаудың сапасын арттыруда, жалпылама
ақпараттық біліммен қамтамасыз ету негізінде болашақ мамандардың
коммунитивтік құзыреттілігін қалыптастыру;
-
екіншіден – оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану
негізінде ақпараттық сауаттылық мәселесін жетілдіру арқылы болашақ
мамандардың коммунитивтік құзыреттілігін қалыптастыру;
-
үшіншіден – педагогикалық ғылымдардың логикалық дамуына
байланысты ақпарттық жүйенің барлық мүмкіндіктерімен қаруландырып,
ақпараттық мәдениеттілікке жеткізу арқылы болашақ мамандардың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.
Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерге
жасалған
талдаулар
коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыратын білімнің құрылымы туралы
әртүрлі кӛзқарастырдың бар екендігін кӛрсетті. Бұл кӛзқарастарды түйіндейтін
болсақ,
«кеңейтілген
білім»
құрылымындағы
болашақ
маманның
коммуникативтік құзыреттілігі келесілерді қамтиды.
-
педагогикалық қарым-қатынас туралы білімнің тарихы және жалпы
коммуникация білімінің теориясы;
-
педагогикалық қарым-қатынастың этикасы және әлеуметтік мәдени
нормалар туралы білімі;
-
тиімді
педагогикалық
қарым-қатынастың
заңдылықтары
және
психологиялық педагогикалық білімі.
«Үлгі» термині латын тілінен (modulus) шыққан, «ӛлшем» деген ұғымды
білдіреді. Үлгінің негізінде белгілі бір білім саласындағы фактілер, заттар мен
қарым-қатынастың кӛрініс беруі, - деп түсінеміз.
«Үлгі» мазмұны мен типі, мақсаты мен міндетіне байланысты әртүрлі.
Кӛбінесе зерттелетін заттық ортаның түпнұсқасының мазмұнына, оның айнала
ортаға әсеріне де байланысты ӛзгеріп отырады. Үлгі сӛздің кӛмегімен заттық
ортаны айқындайтын білім туралы ұғым ретінде, белгілі топтасқан ӛзара
байланысты сӛйлем жиынтығы, қорытындылар түрінде, объектінің негізгі
53
жақтарын, элементтерін, байланысын айқындайтын физикалық – графика,
схема, түрінде сондай-ақ негізгі сыртқы және ішкі байланыстары мен
қатынастарын анықтайтын математикалық формулалар немесе сандық кесте
түрінде болуы мүмкін.
Г.Клаус бойынша, үлгі – теория мен практиканың диалектикалық қарама-
қайшылығы болып есептеледі. Үлгі дегеніміз – теория, ол белгісіз ортаны
дәлелдеудің, абстракциялықтан нақтылыққа кӛшудің мүмкіндігі, ғылыми
дәлелділігі [118].
Үлгі түрлерінің ең негізгісі ғылыми үлгі болып есептеледі. Бұл үлгі зерттеу
арқылы сол заттық орта туралы жаңа білімдер, түсініктер, жобалар алуға
негізделуі қажет.
А.М.Новиков үлгіні сипаттай келе, оны негізгі нысан туралы жаңаша
ақпарат беретін, танымдық мақсатқа таңдалған немесе қайта жасақталған
қосымша нысан ретінде қарастырады [119].
А.Б.Горстко үлгіні нақты нысанның құрылымы, оның дамуы мен қоршаған
ортамен әрекеттестігінің негізгі ережелерін білу үшін нысанды басқара білуге
үйрену немесе берілген жағдайларда мақсаттар мен ӛлшемдерді тиімді
тәсілдерді анықтаумен байланыстырады [120].
В.А.Штоффтың үлгіге берген түсінігінің педагогикалық зерттеулерде
үлгілеу ұстанымының мәні зор. Оның айтуынша, үлгі – зерттеу нысанын
бейнелеп, шығаратын және сол нысанның орнын басып, жаңа ақпарат бере
білетін, ойда бейнеленіп немесе материалды түрде іске асатын жүйесі болып
табылады [121]. Авторлардың пікірлерін түйіндейтін болсақ,үлгі зерттеу
тақырыбының теориялық негіздемесіне сүйене отырып, мақсаты, міндеттеріне
сәйкес іске асырылатын абстракты түрдегі құрылымдық-мазмұндық біртұтас
жүйе ретінде жасалатын, жобалар алуға негізделіп жасалатын үлгі,- деп
санаймыз.
А.В.Соколовтың пайымдауынша, педагогикалық коммуникативтік дағды
–педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыратын құзыреттіліктерді
қамтамасыз ететін, нәтижелі іс-әрекеттің қалыптасуы мен оның дамуында
субъектілік ӛзара әрекеттестікті іске асыратын, педагогтың кәсіби дағдысы, -
болып табылады [122]. Бұдан шығатын қорытынды болашақ мамандардың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда кәсіби білім мен біліктілікті
меңгертуге басымдық бағыт беріп, оның дағдыға айналуына мүмкіндік туғызу
қажет.
В.А. Кан-Каликтің пікірінше, педагог меңгеруге тиісті қарым-қатынастың
кӛптеген дағдыларын ұсынған: психологиялық байланысты орнату дағдысы,
қарым-қатынасты белсенділікті қолға алу, қарым-қатынасқа түсуге бейімделік,
оқушылармен мақсатқа бағытталған шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру,
оларға бағыт берудегі қарым-қатынас дағдысы және т.б. [95]. Болашақ
бастауыш сынып мамандарының автордың кӛрсеткен барлық қарым-қатынас
дағдыларын меңгеруі тиіс, - деп есептейміз. Себебі: ең бірінші сыныпта
психологиялық оң ахуал туғызылуы шарт. Сонда ғана психологиялық байланыс
орнатуға болады. Психологиялық байланыс жақсы орнатылған жерде, қарым-
54
қатынасты белсенділігі орнайды, ал белсенділік болған жерде қарым-қатынасқа
түсу іске асырылады. Оқушылардың белсенді оқу іс-әрекетіншығармашылық
іс-әрекетке ұластыру үшін оларға осы бағытта нұсқау беру қажет.
Т.К.Чмут «Адамның тұтас мәдениетінің құрамдас бӛлігі қарым-қатынас
құзыреттілігі. Ол қандай да болмасын қарым-қатынас туралы белгілі
мӛлшердегі білімді құрайды», - деп ой түйіндеген [123]. Біз автордың болашақ
мамандардың педагогикалық мәдениет, такт, этикасының негізі болып
табылатын коммуникативтік құзыреттіліктің білім негізінде қалыптасады, -
деген пікірін қолдаймыз.
Болашақ мамандарды даярлау мәселесін зерттеу барысында бірнеше бағыт-
бағдар болғанына кӛз жеткізілді. Ол бағыттарға тоқталатын болсақ:
-
бірінші бағыт, болашақ маманның теориялық білім жүйесі мен мазмұнын
анықтайтын кәсіби кӛрсеткішін жасаумен сипатталады. Сонымен қатар оқыту
үдерісін ұйымдастыруға қажетті педагогикалық іскерлік пен дағдыларды
меңгеруі тиіс. Осылардың негізінде педагогикалық жоғары оқу орындарында
мамандарды дайындау барысында жаңа маманның құрылымдық үлгісін
байқаймыз. Осы бағыттағы кәсіби кӛрсеткіштерді жасаумен қатар кәсіби
дайындық үдерісіндегі болашақ бастауыш сынып мамандарының жеке
тұлғалық сапасы мен дайындық мәселелерінің қалыптасуы зерттеледі.
Педагогикалық іскерлігінің қалыптасуы оқыту үдерісін басқару ретінде
қарастырылады және басқару фазалары (диагностика, мақсат тұту, жоспарлау,
практикалық шешім қабылдау, қорытынды сұрыптау) бойынша теориялық
білім мен педагогикалық іскерлік шеңбері жасалады.
-
екінші бағыт, педагогикалық қызметтің құрылымдарын зерттеумен
сипатталады. Жоғары мектеп педагогикасы саласы бойынша жүргізілген
зерттеулер педагог қызметінің келесі құрылымдарын анықтап берді. Олар:
құрастырылатын, бірлескен, коммуникациялық және жобалау және т.б. болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |