Б. Е. Абдрахманов Асқапов С. Н., Құсмиденов М. Е., Жангазин А. Ш



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата24.03.2017
өлшемі1,1 Mb.
#10275
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  

 

ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 



 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

С.Н. АСҚАПОВ 

 

М.Е. ҚҰСМИДЕНОВ 

 

А.Ш. ЖАНҒАЗИН 

 

 



 

 

 



 

 

БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҒЫ 



САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН САПТЫҚ 

ЖАТТЫҒУЛАР 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Павлодар 



2013 

УДК 355.233.11(574) 

ББК  68 (5 к) 

 

А 88 



 

 

 



Рецензенттер: 

 

педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.А.Усина, 



 

Аймақтық  оқу-тәжірибелік  дене  тәрбиесі  орталығының  директоры 

Б.Е. Абдрахманов  

 

 



 

Асқапов С.Н., Құсмиденов М.Е., Жангазин А.Ш. 

 

А 88 



Бастапқы әскери дайындығы сабағында қолданылатын саптық жаттығула- 

ры: Әдістемелік нұсқау. – Павлодар: ПМПИ, 2013. – 74 б 

 

 



 

 

Бастапқы әскери дайындығы сабағында қолданылатын саптық жаттығулары 



атты әдістемелік нұсқауы келешек Отан қорғаушыларды дайындаудағы ролі зор, 

басты дайындау бөлімдерінің бірін қамтиды. Саптық дайындық әскери дайындық 

жүйесінде  оқытуда  дербес  пән  болып  табылады,  сонымен  қатар,  білімнің, 

қабілеттің,  дағдының  және  психлолгиялық  тұрақтылықтың  дамуына  әсер  ететін 

оқытудың  басқа  да  пәндеріне  әсер  етеді.  Сондықтан  саптық  оқытудың  негізіне 

педагогиканың жетекшілік принциптері болуы қажет.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

© Асқапов С.Н., Құсмиденов М.Е., Жангазин А.Ш., 2013. 

© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2013. 




МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ ............................................................................................................... 4 



 

 

1 ҚАРУСЫЗ  ОРЫНДАЛАТЫН  САПТЫҚ  ЖАТТЫҒУЛАР  МЕН 



ҚОЗҒАЛЫС ТҮРЛЕРІ 

1.1 Саптық тік тұру және саптық санау түрлері  .............................................. 6 

1.2 Орында және қозғалыстағы бұрылуды орындау  .................................... 10 

1.3 Әскери сәлемдесуді орындау  .................................................................... 21 

1.4 Бөлімшенің жаяу тәртіпте саптық қалыптасуы  ...................................... 26 

1.5 Жайылған саптағы бөлімшенің әрекеттері  .............................................. 29 

 

 

2 САПТЫҚ ОҚУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ 



БОЙЫНША САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

2.1 Саптық  дайындықтың  жалпы  ережелері  және  саптық  оқытудың 

әдістері  ......................................................................................................... 33 

2.2 Командирдің  педагогикалық  шеберлігі  және  саптық  дайындықты 

жоспарлау  .................................................................................................... 37 

2.3 Нұсқаулық-әдістемелік сабақ және сабаққа дайындалу  ........................ 41 

2.4 Ротада сабақ жүргізудің тәртібі және жеке саптық дайындық .............. 44 

 

 



3 САПТЫҚ  ДАЙЫНДЫҚТЫ  ЖЕТІЛДІРУ  ЖӘНЕ  ТЕКСЕРІП 

БАҒАЛАУ 


3.1 Жалпы ережелер және о қушылардың сыртқа келбетіне қойылатын 

талаптар  ....................................................................................................... 47 

3.2 Саптық  жаттығуларды  орындауды  тексеру  және  жеке  саптық 

дайындық үшін бағалауды анықтау  ......................................................... 48 

3.3 Бөлімшенің 

саптық  қалыптасуының  бағасы  және  саптық 

дайындыққа жалпы баға беру  ................................................................... 50 

3.4 Күнделікті  өмірдегі  саптық  жарғының  талаптарын  орындауды 

бағалау  ......................................................................................................... 56 

3.5 Тексеріс нәтижелері бойынша қорытынды жасау  .................................. 56 

 

ҚОРЫТЫНДЫ  .................................................................................................. 63 



 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  ..................................................... 65 

 

ҚОСЫМШАЛАР  .............................................................................................. 66 



 

 




КІРІСПЕ 

 

Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерінің  саптық  жарғысында 



бөлімшенің  қалыптасуы  мен  ұйымдастырылуы  үшін,  саптың  маңызының 

ерекшелігі  көрсетілген.  Бұл  анықтамада  терең  мағынада  жатыр.  Сап  –  ол 

командирлердің  берген  тапсрымаларын  орындауға  тұрақты  дайындық.  Ол 

сарбаздарды  біріктіреді,  тәртіпке  салады  және  мобилизациялайды.  Сапта 

тұрғанда  өзіңнің  әскери  ұжым  алдындағы  және  Отан  алдындағы  аса 

жауапкершілікті  сезіндіреді.  Сапсыз  әскер  де,  бөлімше  де,  бөлім  де 

болмайды.  Саптық  дайындық  әскери  дайындық  жүйесінде  оқытуда  дербес 

пән  болып  табылады,  сонымен  қатар,  білімнің,  қабілеттің,  дағдының  және 

психлолгиялық  тұрақтылықтың  дамуына  әсер  ететін  оқытудың  басқа  да 

пәндеріне  әсер  етеді.  Сондықтан  саптық  оқытудың  негізіне  педагогиканың 

жетекшілік принциптері болуы қажет.  

Офицерлердің,  прапорщиктердің,  мичмандардың,  сержанттардың  және 

старшиналардың  жоғары  саптық  дағдылары  саптық  дайындықта,  Саптық 

жарғымен 

қаралған 

амалдарды 

бейнелі 

түрде 


орындауда 

және 


бағыныстағыларды  әдістемелік  түрде  дұрыс  үйретуде  табыстарға  қол 

жеткізуге шешуші мәні зор.  

Командирге  жоғарғы  әдістемелік  шеберлікті  білу,  жақсы  теориялық 

дайындық  пен  тәжірибелік  дағдыларға  ие  болу  жеткіліксіз,  ол  өзінің 

бағынышындағылардың  танымдық  қызметін  арттыру  қажет.  Оған  тек  қана 

саптық оқытудың сапасын арттыру, оқушылардың шығармашылық ойлауын 

және  оқыту  барысында  рационалды  амалдарды  меңгеруге  көмек  көрсету 

арқылы қол жеткізуге болады.  

Саптық  дайындық  әскери  өмірдің  ажырамас  бөлігі  бола  тұра  көбінесе 

әскери  тәртіптегі  әскери  дайындықтың  тапсырмаларын  сапалы  шешуге 

мүмкіндік  туғызады  және  саптық  тәртіпті  қолдауға,  бөлімшелер  мен 

бөлімдердің  бірлескен  әрекеттерінің  қалыптасуын,  мобильділік  пен  епті- 

ліктің дамуын қамтамасыз етеді. Ол оқушыларға басқа да қажетті сабақтарда 

және  тәуліктік  тәртіпте  қызмет  өткеру  кезінде  тәжірибелік  дағдыларды  тез 

арада қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан болар оның рөлі төмендемей, 

керісінше  жылдан  жылға  жоғарылап  келеді.  Саптық  дайындықтың  басқа 

тәртіптерден қарағанда негізгі пән болып табылуы тегін емес.  

Саптық дайындықтың  тұрақты  жетілдірілуі  –  командирлердің  маңызды 

тапсырмаларының  бірі.  Алдыңғы  бөлімшелер  мен  бөлімдердің  тәжірибесі 

саптық  жаттығуларды  орындауды  жаттықтыру  кез-келген  бөлімшенің 

сержанттары  мен  прапорщиктері,  офицерлерінің  епті  пайдалануына 

байланысты. Күн  тәртібі,  әскери  қызметтің барлық  шарттары  оқушылардың 

саптық  дағдыларын  қажетті  түрде  қалыптастыруға  байланысты  жасалған. 

Командирдің  өзіне  деген  және  бағыныстағыларына  талабы  жоғары  болу 

керек,  «Командир  қандай  болса-бағыныстағылары  да  сондай»  деп  босқа 

айтылмаған.  Саптық  дайындық  басқа  тәртіптерге  қарағанда  командирдің 

үлгісіне  негізделеді.  Егер  тікелей  бастық  үнемі  ұқыпты,  нысанды  киімде, 


тұрақты  түрде  жарғы  талаптарының  орындалуын  қадағаласа,  онда  оның 

бағынысындағылар одан үлгі алады.  

Әскери  дайындық  бойынша  саптық  дайындық  бойынша  сабақтың 

сапасы командир және оның бағынысындағы оқушылардың Саптық жарғыда 

көрсетілген сап алдындағы міндеттерін орындауға байланысты.  

Саптық  жарғы  командирлерді  сап  алдында  орынды,  уақытты, 

сапталудың  тәртібін,  киім  нысанын,  сонымен  қатар  қару-жарақты  қалай 

пайдаланып,  қалай  ұстауын  көрсетеді.  Аталған  талап  жеке  құрамның  кез-

келген 


сабақтарға 

шығар 


алдында 

нақтылық, 

айқындық 

және 


ұйымдасушылықты енгізеді. 

 

 





1 ҚАРУСЫЗ ОРЫНДАЛАТЫН САПТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР МЕН 

ҚОЗҒАЛЫС ТҮРЛЕРІ 

 

1.1 Саптық тік тұру және саптық санау түрлері 

 

Мектепте  алғашқы  әскери  дайындық  сабағын  өткен  кезде  саптық 



жаттығулардың  маңызы  өте  зор.  Саптық  жаттығулар  орында  жасалатын, 

оларға  түрлі  тұру  (түзелу,  тік  тұру,  еркін  тұру,  саптық  қадаммен  орында 

жүру)  бұрылу  түрлері  (оңға,  солға,  кері  бұрылу)  қимылдаған  кезде 

орындалатын саптық жаттығуларға – жүру түрлері (шапшаң жүру, баяу жүру, 

кең  қадам  жасап  жүру,  қысқа  қадам  жасап  жүру),  қимыл  үстінде  бұрылу 

түрлері, сәлемдесу жатады. 

Оқушыларды  сапта  тік  тұруды үйрету  үшін бөлімше  (взвод)  командирі 

бөлімшені бір қатарға саптап, саптың ортасына шығып, сапта қалай тік тұру 

керектігін  көрсетеді.  Сабақты  бастай  келе  командир  сапта  тік  тұрудың 

элементтерін  бейнелі  көрсете  отырып  таныстырады.  Осылайша  оқушылар 

командирдің  көрсетуін  алдынан  да,  жанынан  да  көру  керек.  Содан  кейін 

бөлімше командирі қандай жағдайларда сапта тік тұру керектігін, бұйрықты 

бергенде  және  алғанда,  оқушылар  бір-бірімен  қатысқанда  қалай  тік  тұруды 

баяндайды.  Көрсетуді  аяқтағаннан  соң,  командир  бөлімшені  ұмыттырып, 

оқушыларға  сапта  қалай  тік  тұруды  көрсетуге  ерік  береді,  ал  өзі  әрбір 

оқушының  жіберген  қатесін  жоя  отырып,  қадағалайды.  Егер  оқушылардың 

көпшілігі  қате  жіберсе,  командир  дайындық  жаттығуларының  көмегімен 

жаттығуды  тәжірибелі  түрде  игеруге  кіріседі.  Ол  үшін бөлімше оқушылары 

жайылған  бір  қатарлы  саптан  алаңның  саптық  сызығына  тұрады.  Бөлімше 

командирі  бірінші  дайындық  жаттығуды  ұйықтарын  жаза  отырып,  фронт 

сызығы бойынша табанның еніне әкеп көрсетеді. Оқушыларға екі-үш минут 

ішінде бұл дайындық жаттығуын орындауға мүмкіндік береді. 

Пәрменді  бере  отырып,  бөлімше  командирі  қозғаудың  және  жіберілген 

қателерге  назар  аударады.  Басында  жаттығу  бірнеше  рет  жалпы  пәрмен 

бойынша  орындалады,  содан  кейін  бөлімше  командирі  оқушының 

әрқайсысының  жаттығуды  орындауын  тексереді.  Содан  кейін,  ол  тағы  да 

дербес  дайындыққа  кірісуді  бұйырады.  Жаттығуды  бірнеше  рет  орындау 

қажет  және  содан  кейін  барып  дербес  жаттығуда  оқушылардың  ұйықтары 

сызықтан шықпауын бөлімше командирі тексереді, сонымен қатар, командир 

әрбір оқушымен жеке-жеке дайындалып, қателерді жояды. Жеке жаттығудан 

кейін  бөлімше  командирі  екі-екіден  жаттығуды  қолға  алады,  сондықтан  да 

бөлімшеде  бірінші  екіншіге  санақ  жүргізіп  келесіні  бұйырады:  «Бірінші 

нөмірлер  солға,  екінші  нөмірлер  –  оңға»,  содан  кейін  «Бірінші  нөмірлер 

тексереді,  екінші  нөмірлер  орындайды,  жұппен  жаттығуға  –  Кіріс»,  ал 

командир  өзі  жаттығуды  бақылап,  оқушылардың  жіберген  қателерін  жояды 

және жүйелі түрде орындаушылармен тексерушілерді ауыстырып отырады.  

Содан кейін бөлімше командирі екінші дайындық жаттығуын көрсетеді. 

Ол денемен бірге кеудені көтеріп, иығын жайып, бөксеге қолын қояды.  Бұл 



жаттығу  да  алдындағы  жаттығу  сияқты  жаттықтырылады.  Командир 

оқушыларға  бұл  жаттығудан  бастаған  кезеде  демді  терең  ішке  тартып,  сол 

қалыпта  кеудені  ұстап,  демді  шығарып,  көтеріңкі  кеудемен  дем  алуды 

жалғастыру  керектігін  түсіндіреді.  Кеудені  кішкене  көтеріп,  денені  аздап 

алдына шығарып, ішті тартып, иықты жаю керек. Осы кезде қол төмен түсіп 

алақан ішке қарап,бармақтар бөксеге тиіп тұру керек (қосымша А).  

Бұл  дайындық  жаттығуы  «Кеудені  көтер,  ішті  тарт,  иықты  жай,  денені 

алына қарай шығар – БІР; бастапқы қалыпты қабылда – ЕКІ». Жаттығу әрбір 

оқушы  бөлімшеде  (санақта,  экипажда)  саптық  тік  тұрудан  еркін  қалыптағы 

жағдайдың  айырмашылығын  түсінгенше  дейін  орындай  береді.  Сол 

жағдайдың  айырмашылығын  көрсету  үшін  айна  немесе  сапты  бір-біріне 

қарама-қарсы қою қажет. Содан кейін, «Бірінші нөмірлер – еркін тұр, екніші 

нөмірлер – кеудені көтер. Содан кейін бірінші нөмірлер «тік тұр», ал екінші 

нөмірлер – «еркін тұр» деген пәрмен береді. Аталған жаттығуды бірнеше рет 

орындағаннан  кейін,  оқушылар  саптық  тік  тұрудың  еркін  тұрудан 

айырмышылығын көрнекі түрде түсінеді. Екінші дайындық жаттығуын өңдеу 

кезінде бөлімше командирі оқушыларға сапта тұру кезінде басты қалай ұстау 

керектігін көрсетеді. Басты дұрыс ұстау қалпын тексеру үшін сапта тік тұру 

қалпын қабылдап, басты  төмен түсірмей алдыға төменге қарау керек. Басты 

дұрыс қалыпта ұстау кезінде оқушылар алаңдағы өзінен екі-үш қадам жерде 

жақын  нүктені  көру  керек.  Бас  тың  кез-келген  басқа  қалпы  дұрыс  емес  деп 

саналады.  Егер  бас  жоғары  әрі  тік  ұсталса,  дене  түзеледі,  келбет  ажарлана 

түсетінін  тәжірибе  дәлелдейді.  Командир  оқушылардың  сапта  тұру  кезінде 

кеуде  иектен  әлдеқайда  шығыңқы  тұруына  назар  аударады.  Барлық 

жаттығуларды  жаттықтырғаннан  кейін  бөлімше  (санақ,  экипаж)  командирі 

сапта  тік  тұрудың  барлық  элементтерін  бүтіндей  жаттықтыруға  кіріседі, 

келесіні бұйырады:  «Саптал»,  «Тік  тұр»  немесе  басқа пәрмен,  мысалы:  «екі 

қадам алға (артқа), қадам бас», «жауынгер Қайырбаев бір қадам алға – Бас» 

және тағы басқалары. Саптық тік тұрудың дұрыс орындалуын тексеру үшін 

жаттығу барысында оқушыларға аяқтың ұщымен тұруды бұйыру қажет. Егер 

саптық  тұру  дұрыс  болса,  онда  бөлімшенің  барлық  студенттері  алға  иілмей 

бұйрықты  орындайды.  Саптық  тұрудың  дұрыстығын  аяқтың  ұшына  тұрып 

тексеруге  болады.  Кім  сапта  дұрыс  тұрса,  сол  аяғының  ұшымен  тұра 

алмайды. Сапта тұруды үйреніп алған соң, командир оқушыларды толықтай 

жаттықтыра отырып, келесілерді бұйырады. Мысалы: «Бөлімше бір қатарға – 

САПТАЛ» немесе «Бөлімше – ТІК ТҰР». Оқушылар бұйрықты орындайды, 

сапта тік тұрады, ал командир олардың әрекетін бақылап, жіберген қателерді 

жояды.  Содан  кейін,  оқушылар  сапта  тік  тұрады, командир  оларды  «ЕРКІН 

ТҰР»  және  «Жөндел»  деген  бұйрықтарды  қалай  орындайтынын  үйретеді. 

«Жөндел»  деген  бұйрықтан  бұрын  әрқашан  «Еркін»  деген  бұйрық  берілу 

керек. «Еркін» деген бұйрық денені бос ұстап, оң немесе сол аяқты босатады, 

бірақ орнынан қозғалмайды, назардан тыс болмайды және сөйлеспейді.  

«Жөндел»  деген  бұйрық  өз  орнын  тастамай,  сапта  еркін  тұрып,  қару-

жарағын  және  киімі  мен  жабдықтауын  жөндейді.  Қажетті  жағдайда  өзінің 


тікелей бастығының рұқсаты бойынша саптан шығуға және бас командирдің 

рұқсатымен шылым шегуге болады.  

Аталған  бұйрықтардың  орындалуын  түсіндіру  мен  көрсетуді  аяқтаған 

соң,  командир  оқытуға  кіріседі.  Осы  мақсатта  әр  түрлі  сапталуды  іске 

асырып,  «Бөлімше  –  Тараңдар»,  «Бөлімше  бір  қатарға  –  Саптал»,  «Еркін 

тұр», «Жөндел» деген және т.б. бұйрықтар береді. Оқушылар «Саптал» деген 

бұйрықтан  кейін  саптағы  өз  орнына  тұрады,  сатық  тік  тұру  қалпын 

қабылдайды,  ал  командир  саптың  алыднан  жүріп  бұйрықтың  дұрыс 

орындалуын  тексереді.  Оқушылардың  сапта  дұрыс  тұрғанына  көзі  жеткен 

соң  «Еркін  тұр»  деген  пәрмен  береді  және  оның  орындалуын  қадағалайды. 

«Еркін  тұр»  деген  пәрменді  дұрыс  орындамағандарға  ескерту  жасап,  оны 

үйренгенше  дейін  бірнеше  рет  жаттықтырады.  Кейін  «Жөндел»  деген 

пәрменді  үйретуді  бастайды.  «Саптал»,  «Жөндел»,  «Еркін  тұр»  деген 

пәрмендерді бірнеше рет бергеннен кейін, командир осы пәрмендердің нақты 

әрі  әдемі  орындалуын  талап  етеді.  Бұдан  әрі  сапта  тік  тұруды  және  «Еркін 

тұр»  деген  пәрмендерді  орындауды  дағдыландыру  үшін  әр  сабақта 

жаттықтыру арқылы жетілдіреді.  

Сабақ  соңында  командир  әрбір  оқушыға  орындаған  саптық  тік  тұруды 

орындаған  үшін  баға  береді.  Осы  мақсатта  бөлімше  командирі  әрқайсы- 

сының  сапта  дұрыс  тік  тұруын  тексереді  және  бағалайды.  Оқушыларды 

оқыту  барысында  сапта  тік  тұруды  жаттықтырғаннан  кейін  бағыныш- 

тағыларды үйретуге тәжірибе беру керек. Оқушылар мен басшылардың сабақ 

жүргізу  барысында  және  Саптық  жарғыны  түсіндіруде  жіберген  қателері 

дереу жаттығулар мен әрекеттерді көрсету арқылы жойылады.  

Құрама  командаларды  құру  барысында  бөлімшелерге  саптық  есеп 

жүргізіледі.  Саптық  санау  бөлімше  қатысушыларының  есебімен  (батальон, 

рота, взвод және бөлімше) және әрбір студенттің саптағы орнын анықтаумен 

бекітіледі.  

Санау командирдің «Санал» деген пәрменімен орындалады. Бұл пәрмен 

бойынша  оң  жақтан  флангіден  саналу  басталады:  әрбір  студент  сол  жақта 

тұрғанға  бұрылып  өзінің  нөмірін  айтады  және  тез  тік  тұрады,  сол  жақ 

флангтік басын бұрамйды.  

Саптық  сану  взводтарда  келесі  тәртіпте  жүзеге  асырылады:  бөлімше 

командирлері саптың ортасына бір қатарға сапталады. Взводтың қалған жеке 

құрамы  түзеліп,  бұрын  көрсетілгендей  санау  жалпы  нөмірлеу  бойынша 

саналады, кейін взвод командирі бөлімше бойынша санақ жүргізеді, мысалы: 

бесінші  қатар  –  бірінші  бөлімшенің  сол  флангісі,  оынышы  қатар  –  екінші 

бөлімшінің  сол  флангісі  және  т.б.  Бөлімшелерде  бірінші  саптың  сол 

флангілері бөлімшенің атын атаған кезде қолдарын алдына шығарады. Содан 

кейін  взвод  командирінің  пәрмені  бойынша:  «Бірінші  екінші  бөлімше  Оңға 

бұрыл,  бірінші  –  он,  екінші  бес  қадам  «Алға  Бас»,  «Солға»  бөлімше 

көрсетілген интервалды сақтайды. 

Командирдің  «Бөлімше  командирлері  Сапқа  тұр»  деген  пәрмені 

бойынша  бөлімше  командирі  болып  бекітілгендер  өз  бөлімшелерінің  оң 


флангісіне  тұрып,  шыр  көбелек  айналады.  Содан  кейін  бөлімшелерде  взвод 

санағы бірінші екіншіге саналады. Бөлімше командирлері санаққа кірмейді.  

Саптық  дайындық  бойынша  бірінші  сабақта  саптың  элементтерін 

көрсету,  саптың  элементтерін  білмеуі  және  саппен  басқару  бойынша 

пәрмендердің незгілерін көрсету қажет.  

Жарғымен орнатылған бөлімше және бөлім оқушыларын сапқа тұрғызу 

(қосымша Б) жаяу тәртіпте және машиналарда көрсетілген. 

Қатар – оқушылардың бірінен кейін бірі бір сызықта орналасқан сап. 

Бір қатарлы жайылған сапты саптағаннан кейін командир саптың флангі 

мен  бірікке  әскери  күшін,  саптың  тылдық  жағын,  саптың  интервалы  мен 

қатары жөнінде түсіндліріп, көрсетеді.  

Оң  (сол)  фланг-  бұл  саптың  соңы.  Сап  айналысында  флангтің  атауы 

өзгермейді. 

Фронт – оқушылар бетімен қарайтын саптың жағы (көліктің тіке жағы). 

Саптың  тылдық  жағы  –  әскери  күшке  қарсы  жақ.  Интервал  –  әскери 

күштегі студенттердің ара қашықтығы.  

Дистанция – оқушылар арасындағы, бөлімшелер мен бөлім арасындағы 

ара қашықтық.  

Саптың ені – флангілер арасындағы қашықтық. 

Бір  қатарлы  саптың  элементтерін  көрсетіп,  түсіндіргеннен  кейін, 

командир бөлімшені екі қатарлы сапқа тұрғызып, оған анықтама береді.  

Екі қатарлы сап бір қатардан бір қадам қашықтықта орналасады.  

Командир  қатар  арасындағы  қашықтықты  тексеруді  ұсынады.  Онда 

екінші  қатардың  оқушылары  қолдарын  созып  бірінші  қатардағы 

оқушылардың иықтарын жеткізу керек.  

Екі қатарлы сапты бірінші және екінші деп атайды. Сап айналған кезде 

олардың атауы өзгереді.  

Қатар  –  екі  оқушының  екі  қатарлы  сапта  біреуінің  желкесіне  біреуі 

қарап тұруы. Егер бірінші қатардың оқушысының артында екінші қатардағы 

оқушының желкесінде тұрмаса, бұндай қатар толық деп аталады; соңғы қатар 

үнемі толық болуы керек.  

Екі  қатарлы  саптың  шыр  көбелек  айналғанды,  толық  қатардың 

оқушылары бірінші қатарға ауысады.  

Алшақ  сапты  көрсету  үшін  төрт  адам  және  одан  кемірек  бір  қатарға 

тұрып, командир оларды екіге бөледі.  

Екі қатарлы сап және оның элементтері 

Екі  қатарлы  сап  жайылған  сапта  оқушылар  қатарда  фронт  бойынша 

және біреуі басқасынан бір қадам интервалға алыс орналасады.  

Содан  кейін  командир  оқушылар  өткен  материалды  қалай  меңгергенін 

тексеру мақсатында сұрақ қояды. Оқушылардың жайылған сапты және оның 

элементтерін игергеніне көзі жеткен соң, командир жаттықтыруға кіріседі.  

Жаттықтыру барысында жаттығулардың меңгерілгеніне көзі жеткен соң, 

командир жүру сабын түсіндіріп, көрсетуге кіріседі.  



10 

Жүру  сабы  (қосымша  В)  –  бөлімше  бағанаға  сапталады  немесе 

бөлімшелер  бірінің  артынан  бірі  жарғымен  немесе  командирмен  орнатқан 

дистанцияда  бағанаға  сапталады.  Командир  оқушыларды  бағанаға 

саптағаннан  кейін,  бағана  деген  оқушылардың  бір-бірінің  желкесінде 

орналасқан  сап  екенін  түсіндіреді.  Бағаналар  бір-бірден,  екі-екіден,  үш-

үштен, төртеуден немесе одан да көп адамдардан тұруы мүмкін.  

Командир  бөлімше  бағанаға  бір-бірден,  екі-екіден,  взвод  –  бір-бірден, 

екі-екіден, үш-үштен, ал үш бөлімшеден тұратын взвод бағанаға төот-төрттен 

сапталатынын көрсетеді.  

Командир жүру сабының элементтерін және онық анықтамасын береді. 

Бағыттаушы – көрсетілген бағытта бағананада бірінші болып қозғалушы 

қатысушы  (бөлімше,  машина).  Бағытталушы  бойынша  қалғандары  да 

өздерінің қозғалысын сәйкестендіреді.  

Қатар  тереңдігі  –  бірінші  қатар  мен  екінші  қатар  арасындағы  ара 

қашықтық, ал көлікпен әрекетте көліктің бірінші сызығынан соңғы сызығына 

дейін. 

Саптық  элементтерін  өрсету  барысында  көрнекі  болу  үшін  мақсатқа 



лайықты  бөлімшеден  взвод  сабының  алдында  (рота)  және  онда  саптың 

барлық элементтерін көрсетеді.  

Жүру  сабын  және  оның  элементтерін  көрсеткеннен  кейін  командир 

бақылау  сұрақтарын  қоя  отырып,  зерделеген  материалдың  игерілгенін 

тексереді. Егер бағыныштағылар материалды игерген болса, командир келесі 

мәселені игеруге кіріседі.  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет