Б. Е. Абдрахманов Асқапов С. Н., Құсмиденов М. Е., Жангазин А. Ш


 Бөлімшенің  саптық  қалыптасуының  бағасы  және  саптық



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата24.03.2017
өлшемі1,1 Mb.
#10275
1   2   3   4   5   6   7

3.3 Бөлімшенің  саптық  қалыптасуының  бағасы  және  саптық 

дайындыққа жалпы баға беру 

 

Флоттық ұжымның бірігуінің маңызды шарттарының бірі, оның әскери 



қабілеттігін  көтеру  саптық  қалыптасу  болып  табылады.  Бөлімшенің  саптық 

қалыптасуы  келісілген  нақты  әркеттермен  және  жеке  құрамның  жайылған 

және  жаяу  жүру  саптарында  тұруы,  әсіресе  әр  түрлі  саптық  жаттығуларды 

қару-жарақпен және қару-жарақсыз орындаумен бекітіледі.  

Саптық қалыптасудың элементтері тактикалық дайындық бағдарламасы 

бойынша  өткізілетін  тактикалық-саптық  сабақтарда  тәжірибелі  қолданыста 

және  көптеген  жағдайларды  бөлімшелерді  әскери  алаңдарда  әрекеттердің 

епті қалыптасуына мүмкіндік туғызады.  

Бөлішеде  саптық  тәртіп  неғұрлым  жоғары  болса,  соғұрлым 

ұыйымдасушылық,  саппен  басқарушылық  жоғары  болады.  Бөлімшенің 

саптық  қалыптасуы  тексерушінің  нұсқаулығы  бойынша  бөлімшеден  бастап, 

кейін  взвод  пен  ротаның  Саптық  жарғының  талаптарына  және  әскери 

дайындық бағдарламысының талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Бөлімшенің 

әскери  әнді  орындай  отыра  жүру  кезінде  әнді,  оның  патриоттық  бағытын, 

шығармашылық  құндылығы,  тақырыптың  өзектілігін  таңдау  ұсынылады; 

орындау деңгейі, әуеннің дұрысытығы, дыбысталудың қосылуы, дикцияның 

айқындылығы,  әнді  бастаудың  дайындығы,  түзелуді  сақтау,  қимыл 

жылдамдығы  мен  сап  тәртібі  тексеріледі.  Бөлімшенің  салтанатты  маршпен 

жүру  кезінде  келесі  көрсеткіштер  есепке  алынады:  командирлердің, 

сигналист-дабылшылардың  әрекеттері;  белгіленген  ара  қашықтық  пен 

интервалдың  сақталуы;  саптық  қадамның  айқындылығы,  оның  өлшемін 

сақтау және қимыл қозғалысы, саптық тартымдылық, әскери қызметшілердің 

мүсіні; бас киімдердің жайы; басты саптық тексерісті жүргізіп жатқан бастық 

жаққа қарай дұрыс бұру [19, 123 б]. 

Егер  бақылау  сабақтарының  алдында  саптық  байқау  өткізілсе,  ондай 

жағдайда  ереже  бойынша  тексерілетін  бөлімшенің  әнді  орындай  отырып 

жүрген  үшін  және  байқауда  салтанатты  маршпен  жүрген  үшін  алған  баға 

есепке алынады.  

Қалыптасуды тексеру барысында жеке құрамның әрекетінің нақтылығы 

ғана бағаланбайды, соынмен қатар, командирлердің сигналдары мен команда 

берудің дұрыстығы да ескеріледі.  

Саптық  қалыптасудың  бағасы  келесі  көрсеткіштер  бойынша 

анықталады:  


51 

– Жайылған  және  жаяу  жүру  саптағы  қимыл,  орыда  тұрып  және 

қимылдау арқылы сапқа тұру; 

– Саптық әндерді орындау; 

– Жаяу тәртібінде салтанатты маршпен жүру. 

Әскери 


бөлімдердің 

бөлімшелерінде 

және 

әскери 


училище 

бөлімшелерінде  саптық  қалыптасудың  бағасы  саптық  қалыптасудың  әрбір 

көрсеткішінің бағасымен қосылып, қорытындыланады:  

– «өте жақсы», егер 50 пайыздан жоғары  «өте жақсы» деген баға алып, 

ал қалғандары «жақсы» деген баға алған жағдайда.  

– «жақсы»  егер  50  пайыздан  жоғарысы  «жақсы»  деген  баға,  ал 

қалғандары «қанағаттанарлық» деген баға алса; 

– «қанағаттанарлық»  деген  баға  тексерілген  бөлімшенің  80  пайызы  оң 

болған жағдайда.  

 

Саптық дайындыққа жалпы баға беру  

Бөлімшенің  (бөлімнің  және  әскери  училищенің)  саптық  дайындығына 

жалпы баға беру үш көрсеткіш бойынша бағамен қосылады: жеке дайындық 

үшін, саптық қалыптасу үшін және Саптық жарғының, сонымен қоса басқа да 

жалпы  әскери  жарғыларды  күнделікті  өмірде  қолдану.  Олар  былай 

бағаланады: 

– «өте жақсы», егер жеке саптық дайындық үшін және саптық қалыптасу 

үшін  алған  баға  «өте  жақсы»  болса,  ал  Саптық  жарғының,  сонымен  қоса 

басқа да жалпы әскери жарғыларды күнделікті өмірде қолданудан алға баға 

«қанағаттанарлық» болса; 

– «жақсы»,  егер  егер  жеке  саптық  дайындық  үшін  және  саптық 

қалыптасу  үшін  алған  баға  «жақсы»  болса,  ал  Саптық  жарғының,  сонымен 

қоса басқа да жалпы әскери жарғыларды күнделікті өмірде қолданудан алға 

баға «қанағаттанарлық» болса; 

– «қанағаттанарлық»,  егер  барлық  үш  көрсеткіш  бойынша  алған  баға 

ойдағыдай болмаса. 

Саптық  дайындықтың  жалпы  бағасы  Саптық  жарғының,  сонымен  қоса 

басқа да жалпы әскери жарғыларды күнделікті өмірде қолдануларын тексеріп 

болған  соң  беріледі.  Оқыту  тобының,  бөлімшенің,  әскери  академия 

факультетінің  және  академияның  жалпы  бағасы  толығымен  студенттердің, 

тыңдаушылардың, офицерлердің және бөлімшенің тұрақты жеке құрамының 

жеке дайындық нәтижесі бойынша Саптық жарғының, сонымен қоса басқа да 

жалпы  әскери  жарғыларды  күнделікті  өмірде  қолдануларын  ескере  отырып 

беріледі.  

Саптық дайындық үшін баға беру Қарулы күштердің барлық түрлеріне, 

әсіресе ұйымдасқан құрылым мен әскери қызметке қатысты. 

Жеке  құрамды  оқытуда  және  жетілдіруде  бақылау  сабақтары,  саптық 

дайындық  бойынша  жарыс,  саптық  әндерді  ең  жақсы  орындауға  бақылау-

конкурстары, саптық жаттығулар мен әрекеттерді орындауды көрсету саптық 

байқаулардың маңызы зор.  


52 

Саптық байқау өмірде және әрбір әскери бөлімдердің оқуында ажырамас 

элемент болып табылады және барлық оқушылардың саптық мәдениеті мен 

дағдыларын  жоғарылатуға 

мүмкіндік 

тіғызады,  әскери 

тәртіптегі 

бөлімшелерде  ұйымдастырушылық  пен  тәртіптің  ныңаюына  көмектеседі. 

Оқушылардың 

саптықө 


оқытылуы, 

бөлімшелер 

мен 

бөлімдердің 



әрекеттерінің  жаяу  тәртіпте  қалыптасуы,  көлікте  де  өткізілетін  тактикалық 

оқытудың сапасына әсерін тигізеді. Сондықтан да, тактикалық және арнайы 

сабақтарға шығар алдында бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу және көліктегі 

әрекеттеріне саптық байқау жүргізу ұсынылады.  

Саптық  байқау  жеке  саптық  дайындығының  және  бөлімшенің  саптық 

дайындығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі. Саптық байқауды 

оқушылардың  сыртқы  келбеті,  киім-кешегінің  дұрыс  киілуі,  оны  жөндеуі; 

қару-жарақ  пен  техниканың  бар  болуы  және  жағдайы,  Саптық  жарғының 

негізгі  ережелерін  білуі,  жеке  саптық  дайындалудың  деңгейі,  бөлімшенің 

жаяу  және  көліктегі  саптық  тәртіптегі  саптық  қалыптасуы,  саптық  әндерді 

орындау мүмкіндігі тексеріледі.  

Тексеріс  барысында,  сонымен  қатар,  оқитын  студенттерден  жауап 

алынуы мүмкін.  

Саптық  байқаулар  жоспарлы  немесе  кездейсоқ  болуы,  жаяу  және 

көлікте, әскери киімнің кез-келген нысанында болуы мүмкін.  

Жаяу  жүру  тәртібінде  байқауға  бөлімшенің  бүкіл  жеке  құрамы  жеке 

қару-жарақтарымен  шығарылады,  ал  көлікпен  жүру  тәрбініде  байқауға 

жоғарыда  аталғанмен  қоса  барлық  оқ-дәрі,  қару-жарақ  және  техника  бірге 

болады. Саптық байқауды тікелей бастықтар және тексеріске жетекшілік ету 

үшін бекітілген тұлғалар жүргізеді.  

Саптық  байқауға  тәуліктік  нарядтағылар  мен  тұлғалардан,  дерті 

бойынша босатылғандар мен іссапардағылардан басқасының бәрі қатысады.  

Оқу  бөлімдерінде  (әскери  училищелерде,  азаматтық  жоғарғы  оқу 

орындарының  әскери  оқыту  кафедралары  мен  факультеттерінде)әскери 

дайындық  бағдарламасын  өтуге  бйланысты  тексеру  үшін  саптық  жарғы 

бойынша  мәселелер  толық  көлемде  немесе  игерілген  амалдар  мен 

әрекеттерді есепке ала отырып жартылай қаралуы мүмкін.  

Оқыту бөлімшелерінде саптық байқау тексеріс болып қана табылмайды, 

сонымен  қатар,  оқушылардың  саптық  дайындығының  жақсаруына  және 

бөлімшенің  қалыптасуына,  командирлік  және  әдістемелік  дағдылардың 

қалыптасуына үлес қосатын оқыту сабағы да болады.  

Әрбір  саптық  байқау  бөлімшенің  (бөліктің)  салтанатты  маршымен 

аяқталады.  

Ротаның  саптық  байқауына  1–2  сағат,  ал  батальон  мен  полкқа 

(училищенің) 2–3 сағат уақыт кетеді.  

Полктің (училищенің) саптық байқауын жүргізу барысында жеке саптық 

дайындық  бойынша  барлық  бөлімше  тексеріліп  шыға  алмайды.  Бұндай 

жағдайда бөлімше салтанатты маршпен жүргеннен кейін және Жауынгерлік 



53 

байрақты  апарған  соң,  саптық  алаңда  тексерілмеген  бөлімшелерді  ғана 

қалдыруға болады. 

Тексеріс қарсаңында байқауды жүргізетін бастық бөлімше командиріне 

саптаудың  уақытын,  орнын  және  тәртібін,  сонымен  қатар,  киім  нысанын, 

қандай  қару-жарақтар  мен  оқ-дәрілерді,  техниканы  шығару  керектігін 

хабарлайды.  

Әрбір  саптық  байқаудың  сапасы  басшылық  (тексеруші)  қалай 

дайындалса, тексерілетін бөлімшенің жеке құрамы да солай дайындалуынан 

болуына байланысты.  

Бақылау  сабақтары  батальон  командирінен  бастап  одан  жоғары 

бастықтармен  өткізіледі,  ал  әскерді  тексеру  кезінде  комиссия  құрамынан 

офицерлер жүреді.  

Олар  жоспарлы  әрі  кездейсоқ  болуы  мүмүкін.  Бірінші  тексеріс  күні 

бұрын  жоспарланады  және  әскери  дайындық  жоспарларында  және  рота 

кестелерінде  орын  алады.  Олар,  ережеге  сәйкес  әскерлерде  жеке-жеке 

тақырып  бойынша  оқыту  кезінде,  сонымен  қатар,  оқыту  кезінің 

қорытындылары мен оқу жылы, Әскери училищелерде – курстық емтихандар 

мен сынақтар кезінде жүргізіледі.  

Кездейсоқ  саптық  байқаулар  оқу  жылы  барысында  жоғарғы 

бастықтардың  шешімімен  өткізіледі.  Бұндай  жағдайда  бақылау  сабақтарын 

өткізетін  бөлімше  командирін  бастық  тексеріс  болатынын  немесе  тікелей 

сабақ болатын күні ескерту керек.  

Бақылау  сабақтары  негізінен  саптық  дайындықтан  үнемдеген  уақытта 

өткізіледі.  

Бөлімшеге  тексерісті  жүргізу  үшін  бекітілген  офицерлер:  Саптық 

жарғының  талаптарын  және  саптық  дайындыққа  қатысы  бар  басқа  жалпы 

әскери  жарғылардың  талаптарын,  әскери  дайындықтың  бағдарламасын, 

әскери  дайындық  бойынша  нормативтер  жиынтығын,  тексеріс  тәртібі  және 

саптық  дайындықты  бағалау  туралы  нұқаулықлықты,  саптық  дайындық 

бойынша  жәрдем,  әскери  нысанды  киімді  кию  ережесін,  жаңа  оқу  жылына 

жетекші құжаттарды білу қажет.  

Бөлімшенің бақылау сабағы тәуліктік нарядтағылар мен дерті бойынша 

босатылғандар және іссапардағылардан басқасының барлығы толық құрамда 

қатысады.  

Жеке  құрам  тексеріс  орнына  жеке  қару-жарақтарымен  шығады. 

Бөлімшенің  көліктің  жанында  және  көліктегі  әрекеттерін  тексеру  үшін 

алаңда  немесе  арнайы  жабдықталған  алаңда  сәйкес  техникалар 

орналастырылады. 

Тексерушіге  тексеріс  нәтижелерінің  есеп  тізімдемесі,  әскери 

дайындықты есепке алу журналы, штаттық лауазымдық кітап, жалпы әскери 

жарғылар,  нормативтерді  тексеретін  секундомер,  кеуде  белгілерінің  дұрыс 

орнатылуын тексеру сызғышы, айыру белгілері және т.б. берілу керек.  

Саптық  дайындық  бойынша,  саптық  әндерді  жақсы  орындауға,  саптық 

жаттығуларды  орындауды  көрсету  бойынша  жарысты  жүйелі  түрде  өткізу 


54 

көбінесе  әскери  мәдениеттің  жоғарылауына  және  оқушылардың  саптық 

бітіміне,  бөлімше  әрекеттерінің  қалыптасуы  мен  ұйымдасуына  зор  үлесін 

тигізеді.  

 

Саптық байқауға дайындық  

Басшылардың  дайындығы.  Дайындық  маңызды  элементі  болып 

командирлер  байқауды  өткізуге  қатыстыратын  офицерлердің  нұсқамасы 

болып  табылады.  Олардың  ішіндегі  әрбіреуінің  рөлі  жетіспеушіліктерді 

анықтаумен  ғана  шектелмейді,  соынмен  қатар,  өзінің  тәжірибесімен,  жарғы 

ережелерін білумен, жетіспеушіліктерді жоюға деген жеке әдістерінің болуы. 

Мысалы, ротада саптық байқауды жүргізу кезінде батальон командирі әрбір 

взводқа  бір-бір  тексерушіден  деген  есеппен  өзінің  орынбасарларын  және 

басқа батальондардың роталарынан әдіскер-сапшыны қатыстыра алады.  

Офицерлердің  нұсқамасы  саптық  байқау  қарсаңында  келесі  түрде 

жүргізуде ұсынылады:  

– бөлімшелерді тексеру үшін офицерлерді белгілеу; 

– байқауды  жүргізу  жоспарын  хабарлау  және  жеке  құрамның  бар 

болуын, оларды сыртқы түрлерін тексеру тәртібі жөнінде нұқау керек. 

Жеке құрамның Саптық жарғы ережелерін, қару-жарақ және техниканың 

жағдайы тексерілетіні хабарлану керек.  

– Жеке  саптық  дайындықты  тексерудің  тәртібін  және  белгіленген 

бөлімшелерде  жеке  құрамның  көлікпен  әрекеттегі  дайындығы  мен 

қалыптасуы анықталу қажет.  

– Киім  нысанын,  шығаратын  техниканы,  уақытын,  орнын  және  жеке 

құрам мен тексерушілердің сапталуы нұсқалау тиіс; 

– Офицерлердің  сыртқы  келбеті  мен  олардың  Жарғы  ережелерін  білуі 

тексеріледі; 

– Саптық  дайындыққа  деген  талаптарды  жеке  құрамға  хабарлап, 

олардың саптық жаттығулар м ен әрекеттерді орындауларын бағалау кезінде 

бірыңғай көзқарасқа келуге қол жеткізу.  

Жеке  құрамның  дайындығы.  Ол  бөлімше  және  бөлім  командирлерімен 

оқыту сабақтарындағыдай тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Сондықтан да бар- 

лық дайындық сабақтарын жоғарғы деңгейде өткізіп, оқушыларға күнделікті 

өмірде  саптық  жарғының  ережелерін  нақты  әрі  дәл  орындауларына  үлкен 

талап қойылу керек.  

Бөлімшенің  қалыптасуы  үшін  саптағы  барлық  қозғалысты  пайдалану 

керек, кешкі серуендерде әскери әндерді орындату керек, таңертеңгі байқау- 

ларда  оқушылардың  сыртық  кеіпі,  киім-кешекті  киюдің  жағдайы,  әскери 

нысанды киімді кию ережелерін сақтауы тексерілу керек.  

Оқушылардың  дербес  дайындық  сабақтарында  курсанттар  мен 

сержанттар  Саптық  жарғының  және  басқа  да  жалпы  әскери  жарғылардың 

негізгі ережелерін меңгеруі қажет.  

Саптық  байқауға  дайындық  бөлімше  (бөлім)  командирінің  өзінің 

бағынысындағы  оқушыларды  алдын  ала  тексерумен  бекітіледі:  бөлімше 



55 

командирі  сыртқы  кейпін,  қару-жарақтың  жағдайын  тексереді,  оқ-дәрілер 

мен  техникаларды,  салтанатты  маршпен  әскери  әндерді  орындауын  бір  рет 

тексеріп 

шығады. 

Бөлімше 


командирлері 

және 


ротадан 

бастап 


жоғарыдағылар  саптық  хаттарды  дайындайды  және  жеке  саптық 

дайындықты бағалау үшін жеке құрамның тізімін дайындайды.  

Саптық байқауға жеке құрамды сапқа тұрғызу үшін полк командирі аға 

бастықтың  нұсқауының  негізінде  жеке  немсе  штаб  арқылы  саптаудың 

тәртібі, уақыты, орны және мақсаты, киім нысаны, жабдықтау, бөлімшелерде 

қандай техникалар мен қару-жарақ керектігі көрсетілген бұйрықты береді.  

Пол  командирінің  орынбасары  саптық  алаңның  дайындығы  мен 

сызықтарын, оның жабдықталуы мен белгілерін тексеруді ұйымдастырады.  

Полктің  офицерлері  мен  прапорщиктерінің  басқаруымен  саптық  бай- 

қауда әрекеттердің қалыптасуы үшін қосымша жаттығулар ұйымдастырады.  

Әскери 

(аға 


сигналист-дабылшы) 

дирижердің 

басшылығымен 

Оркестрмен  (сигналистермен-дабылшылармен)  маршты  үйрету  сабақтары 

жүргізіледі.  

Сонымен  қатар,  полктің  саптық  байқауы  сапталудың  сызбасы  және 

командирдің фамилияны нұсқап жүргізуі арқылы дайындалады. 

Саптық  байқау  бөлімше  (бөлім)  бастығы  өзінің  бағыныстағы 

оқушылардың  сыртқы  киімін,  жабдықталудың  жағдайын,  қару-жарақ  пен 

техниканың  бар  болуын,  әскери  әнді  айту  және  салтанатты  маршпен  жүру 

жаттығуын  тексерумен  аяқталады.  Ротадан  бастап  жоғары  бөлімше 

командирлері  саптық  хат  дайындайды  және  жеке  саптық  дайындықты 

бағалау үшін жеке құрамның тізімін дайындайды.  

Бөлімшеге  тексерісті  жүргізу  үшін  бекітілген  офицерлер:  Саптық 

жарғының  талаптарын  және  саптық  дайындыққа  қатысы  бар  басқа  жалпы 

әскери  жарғылардың  талаптарын,  әскери  дайындықтың  бағдарламасын, 

әскери  дайындық  бойынша  нормативтер  жиынтығын,  тексеріс  тәртібі  және 

саптық  дайындықты  бағалау  туралы  нұқаулықлықты,  саптық  дайындық 

бойынша  жәрдем,  әскери  нысанды  киімді  кию  ережесін,  жаңа  оқу  жылына 

жетекші құжаттарды білу қажет.  

Полк  командирінің  орынбасары  саптық  алаңның  дайындығы  мен 

сызығын, оның белгілерімен жабдықталуын тексеруді ұйымдастырады.  

Полк  басқармасының  офицерлері  мен  прапорщиктері  саптық  байқаду 

әрекеттерді қалыптастыру үшін қосымша жаттығуларды ұйымдастырады.  

Әскери 

(аға 


сигналист-дабылшы) 

дирижердің 

басшылығымен 

Оркестрмен  (сигналистермен-дабылшылармен)  маршты  үйрету  сабақтары 

жүргізіледі. 

Сонымен  қатар,  полктің  саптық  байқауын  жүргізуге  сапталудың 

сызбасы  және  командирдің  фамилияны  нұсқап  жүргізуі  арқылы 

дайындалады. 

 

 


56 

3.4  Күнделікті  өмірдегі  саптық  жарғының  талаптарын  орындауды 

бағалау 

 

Жеке  құрамның  саптық  дайындығының  деңгейі  бөлімнің  күн  тәртібі 

ескерілген  саптық  дайындық  бойынша  сабақтарда  және  басқа  да  оқыту 

пәндері  бойынша,  сонымен  қатар,  барлық  шараларда,  әскери  оқыту 

факультеттерінде тексеріледі.  

Әрбір  тексеруші  бөлімше  құрамындағы  жеке  құрамның  әрекетін  ғана 

есепеке  алмау  керек,  сонымен  бірге  әскери  қызметшілердің  тәуліктік 

нарядтарда  қызмет  өткеру  кезіндегі  тәртіптеріне,  мінез-құлықтарына  назар 

аудару қажет.  

Сол  үшін  тексеруші  өзіне  бағынысты  офицерге  тапсырма  береді. 

Мысалы, батальон командирі өзінің орынбасарларын тарта отырып, олардың 

арасындағы  бөлімшелердің  күнделікті  өмірдегі  Саптық  жарғының 

талаптарын орындауын тексеру бойынша міндеттерді анықтап, бөледі.  

Тексеріс  саптық байқау (бақылау сабағы) басталғанша дейін болса, сол 

сияқты оны өткізіп болғаннан кейін болуы мүмкін.  

Күнделікті  өмірдегі  Саптық  жарғының  талаптарын  орындауын  бағалау 

үш негізгі ереже бойынша анықталады:  

– бөлімнің белгіленген күн тәртібін және сабақ кестесін қатаң орындау; 

– әскери 

жарғылармен 

және 

командирлердің 



бұйрықтарымен 

белгіленген тәртіп пен ережені барлық әскери қызметшілердің сақтауы; 

– әскери киім нысанын кию ережесін орындау; 

– бөлімше  бағасы  (бөлім,  әскери-оқыту  мекемесі)  көрсеткішпен 

сондықтан белгіленеді. 

– «қанағаттанарлық», егер осы аталған үш негізгі талап орындалса; 

– «қанағаттансыздырарлық»,  егер  осы  аталған  үш  талаптың  біреуі 

орындаласа. 

 

 

3.5 Тексеріс нәтижелері бойынша қорытынды жасау  



 

Бөлімшені  тексеріп  болған  соң  тексеруші  саптық  байқауға  (бақылау 

сабағына) талдау жасайды.  

Бақылау  сабағын  жүргізу  барысында  взводпен  рота  командирі  барлық 

жеке құраммен талдау жасайды. Ротамен саптық байқауды (бақылау сабағын) 

жүргізу  барысында  батальон  командирі  немесе  жоғары  тұрған  штаб 

офицерлері  ротаның  қалған  жеке  құрамымен  өткізетін  офицерлермен  және 

кіші  командирлермен  талдау  жасайды.  Талдау  кезінде  тексеруші  бөлімшеге 

жеке  саптық  дайындық  үшін,  саптық  қалыптасу  және  Саптық  жарғының, 

сонымен  қоса  басқа  да  жалпы  әскери  жарғыларды  күнделікті  өмірде 

қолдануларын;  ерекше  көзге  түскендерді  белгілейді;  сонымен  қатаркоман- 

дирлер  мен  жеке  құрамның  жетіспеушіліктерін  есепке  алады.  Талдауды 



57 

қорытындылау  кезінде  тексеріс  беітіледі  де  анықталған  қателерді  жоюға 

нұсқау беріледі.  

Полктің  (әскери  училищелердің),  батальонның,  ротаның  саптық 

байқауының  әдістемесі  мен  ұйымдастырылу  мәселелері  Саптық  жарғының 

кестелерінде жазылған.  

Бір  уақытта  оларға  саптық  байқауды  жүргізетін  тікелей  бастықтар  мен 

тұлғалардың  әрекеттері  жөнінде,  сонымен  қатар,  тексерілетін  бөлімшелер 

мен бүкіл жеке құрам жөнінде мәлімет беру ұсынылады.  

Сабақтың тығыздығын және саптық байқауды жүргізу барысында оқыту 

уақытының тиімділігін арттыру мақсатында келесі ережелер ұсынылады: бір 

оқушы  (бөлімшенің)  тексеріледі,  ал  қалғандары  өзінің  командирінің 

жетекшілігімен 

сол 


сұрақтар  бойынша  дайындалуды 

әрі 


қарай 

жалғастырады.  

Ондай  жағдайларды,  офицерлердің,  сержанттар  мен  прапорщиктердің 

сыртқы  киімдерін  қарау,  оқушылардан  жауап  алу  саптық  байқауда 

жүргізілмеген кездерде, жалпы сапта немесе саптан тыс жерлерде (тексеруші 

бастықтың рұқсаты бойынша) жүргізіледі.  

Саптық  дайындық  әскери  өмірдің  ажырамас  бөлігі  бола  тұра  көбінесе 

әскери  тәртіптегі  әскери  дайындықтың  тапсырмаларын  сапалы  шешуге 

мүмкіндік  туғызады  және  саптық  тәртіпті  қолдауға,  бөлімшелер  мен 

бөлімдердің  бірлескен  әрекеттерінің  қалыптасуын,  мобильділік  пен 

ептіліктің  дамуын  қамтамасыз  етеді.Ол  оқушыларға  басқа  да  қажетті 

сабақтарда  және  тәуліктік  тәртіпте  қызмет  өткеру  кезінде  тәжірибелік 

дағдыларды  тез  арада  қалыптастыруға  көмектеседі.  Сондықтан  болар  оның 

рөлі  төмендемей,  керісінше  жылдан  жылға  жоғарылап  келеді.  Саптық 

дайындықтың басқа тәртіптерден қарағанда негізгі пән болып табылуы тегін 

емес.  


Саптық дайындықтың  тұрақты  жетілдірілуі  –  командирлердің  маңызды 

тапсырмаларының  бірі.  Алдыңғы  бөлімшелер  мен  бөлімдердің  тәжірибесі 

саптық  жаттығуларды  орындауды  жаттықтыру  кез-келген  бөлімшенің 

сержанттары  мен  прапорщиктері,  офицерлерінің  епті  пайдалануына 

байланысты. Күн  тәртібі,  әскери  қызметтің барлық  шарттары  оқушылардың 

саптық  дағдыларын  қажетті  түрде  қалыптастыруға  байланысты  жасалған. 

Командирдің  өзіне  деген  және  бағыныстағыларына  талабы  жоғары  болу 

керек,  «Командир  қандай  болса-бағыныстағылары  да  сондай»  деп  босқа 

айтылмаған.  Саптық  дайындық  басқа  тәртіптерге  қарағанда  командирдің 

үлгісіне  негізделеді.  Егер  тікелей  бастық  үнемі  ұқыпты,  нысанды  киімде, 

тұрақты  түрде  жарғы  талаптарының  орындалуын  қадағаласа,  онда  оның 

бағынысындағылар одан үлгі алады.  

Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерінің  саптық  жарғысында 

бөлімшенің қалыптасуы мен ұйымдастырылуы үшін саптың маңызы ерекше 

басылып  көрсетілген.  Бірінші  бап  сап  Жарғымен  оқушылардың  орналасуы, 

бөлімшелер  мен  бөлімдердің  олардың  бірлесіп  жаяу  жүру  және  көлікпен 

жүрудегі  әрекеттері.  Бұл  анықтамада  терең  мағынада  жатыр.  Сап  –  ол 


58 

командирлнрдің  берген  тапсырмаларын  орындауға  тұрақты  дайындық.  Ол 

сарбаздарды  біріктіреді,  тәртіпке  салады  және  мобилизациялайды.  Сапта 

тұрғанда  өзіңнің  әскери  ұжым  алдындағы  және  Отан  алдындағы  аса 

жауапкершілікті сезінесің. Сапсыз әскер де, бөлімше де, бөлім де болмайды.  

Әскери  дайындық  бойынша  саптық  дайындық  бойынша  сабақтың 

сапасы командир және оның бағынысындағы студенттердің Саптық жарғыда 

көрсетілген сап алдындағы міндеттерін орындауға байланысты.  

Саптық  жарғы  командирлерді  сап  алдында  орынды,  уақытты, 

сапталудың  тәртібін,  киім  нысанын,  сонымен  қатар  қару-жарақты  қалай 

пайдаланып,  қалай  ұстауын  көрсетеді.  Аталған  талап  жеке  құрамның  кез-

келген 


сабақтарға 

шығар 


алдында 

нақтылық, 

айқындық 

және 


ұйымдасушылықты енгізеді.  

Ең  алдымен  сапта  оқушылардың  толық  қатысуын,  олардың  қару-

жарақтарын,  дәрі-дәрмектерін,  техникаларының,  қорғау  және  бекініс 

инструменттерінің  болуын  тексеру  қажет.  Оқушылардың  сапта  тұрғанда 

қару-жарақпен  дұрыс  жабдықталуын,  сонымен  қатар  шаштарын  дұрыс 

қиылуын  тексерген  жөн.  Осындай  жүйелі  тексеріс  оқушылардың  қажетті 

дағдыларын, жарғылық талаптар мен бұйрықтарды нақты орындауға, әскери 

киім нысанын дұрыс киюге үйренуге жағдай жасайды.  

Сапта  командирлер  тәртіпті  үнемі  сақтау  керек  және  өзінің 

бағынысындағы  студенттер  өздерінің  міндеттерін  нақты  орындауларын 

қадағалау  қажет.  Жаяу  тәртіпте  команда  беру  кезінде  командирлер  орында 

тұрып «тік тұру» қалпында болу керек. Бұл командирдің жоғарғы мәдениетін 

көрсетеді және бағыныстағыларға оң әсерін тигізеді.  

Бөлімшелерді  техникалармен  сапқа  тұрғызу  барысында  командирлер 

саптық  сыртқа  келбетін,  жеке  құрамды  көшіруде  барлық  жабдықтаулардың 

болуын,  сонымен  қатар,  тіркеу  материалдарын  күшейту  дұрысытығын  және 

қозғалыс кезінде ара қашықтықты және жылдамдықты тексеріп отыру керек.  

Командир  кез-келген  бөлімшені  сапқа  тұрғызу  немесе  қозғалту  кезінде 

саптық  дайындық  бойынша  сабақ  болып,  оларға  саптық  дайындықтағы- 

лардай жоғары талап қою керек. Бұл саптық дайындықтың жетілуіне, барлық 

оқушылардың  тәртібінің  саналы  түрде  дамуына  үлкен  үлес  қосады. 

Күнделікті сапқа деген назар жеке құрамның барлық қимылды саптық түрде 

және бөлімше қызметі мен өмірде қажетті табиғилыққа айналады.  

Бөлімше күн тәртібін орындау барысында бірнеше рет ауыспалылық пен 

сапқа  тұрғызу  болады.  Оған  флоттық  шарттарда  аса  қадірленетін  үлкен 

көлемде  уақыт  керек.  Сап  сол  кезде  уақыт  үнемдеуге  және  жеке  құрамды 

тәртіптендіреді.  

Бірақ  кейбір  командирлер  саптың  барлық  тәртіп  бұзушылықтарын 

байқамайды. Кейбіреуі тәжірибесі аз болғандықтан, ал кейбірі сапқа кешігіп 

келуімен  қатар,  басқа  жетіспеушіліктерге  көз  жұмушылықпен  қарайтын- 

дарына байланысты. Содан кейін осындай ұсақ бұзушылықтар жинала келіп, 

оқушылар  бұйрықты  нақты  әрі  уақытында  орындауға  ниеті  болмай, 

орындаушылық  тәртіп  бұзыла  бастайды.  Сапқа  кешігіп  келу  –  тәртіп 


59 

бұзушылық,  осындай  жағдайлармен  командирлер  мен  бастықтар  күресіп, 

жол бермеу керек.  

Тактикалық  дайындық  бойынша  сабақтарда  бөлімше  командирлеріне 

машинамен жүруде саптық дағдыларды, майдан алаңдарында қару-жарақпен 

жүру  әдістерін  жетілдіруге  мүмкіндік  беріледі.  Саптық  қалыптасудың 

элементтері  тактикалық  дайындық  бағдарламасы  бойынша  жүргізілетін 

тактикалық-саптық сабақтарда тәжірибелі түрде қолданылады.  

Саптық дайындықтың  тұрақты  жетілдірілуі  –  командирлердің  маңызды 

тапсырмаларының  бірі.  Алдыңғы  бөлімшелер  мен  бөлімдердің  тәжірибесі 

саптық  жаттығуларды  орындауды  жаттықтыру  кез-келген  бөлімшенің 

сержанттары  мен  прапорщиктері,  офицерлерінің  епті  пайдалануына 

байланысты. Күн  тәртібі,  әскери  қызметтің барлық  шарттары  оқушылардың 

саптық  дағдыларын  қажетті  түрде  қалыптастыруға  байланысты  жасалған. 

Командирдің  өзіне  деген  және  бағыныстағыларына  талабы  жоғары  болу 

керек,  «Командир  қандай  болса-бағыныстағылары  да  сондай»  деп  босқа 

айтылмаған.  Саптық  дайындық  басқа  тәртіптерге  қарағанда  командирдің 

үлгісіне  негізделеді.  Егер  тікелей  бастық  үнемі  ұқыпты,  нысанды  киімде, 

тұрақты  түрде  жарғы  талаптарының  орындалуын  қадағаласа,  онда  оның 

бағынысындағылар одан үлгі алады.  

Атыс  дайындықтар  бойынша  сабақтарда  оқушылардың  көптеген 

әрекеттері  саптық  жаттығуларды  орындаумен  байланысты  болады:  қару-

жарақпен  әр  түрлі  жаттығулар,  «жат»,  «тұр»  деген  командалар  бойынша, 

еңбектеп  өту,  атыстардың  нәтижелері  жөнінде  баяндамалар  және  тағы 

басқалары.  

Саптық  дайындықтың  көптеген  элементтері  дене  шынықтыру  сабақ- 

тарында  пайдаланылады.  Бұл  оқушылардың мүсінінің  дұрыс  қалыптасуына, 

саптық жөнделуге  мүмкіндік  туғызады.  Әрбір  оқушы  спорттық  снарядтарда 

жаттығуларды  орындай  отырып  бір  мезгілде  саптық  тұрысты,  саптық 

қадамды, орында тұрып бұрылу және басқа да әрекеттерге дағдыланады.  

Таңғы  дене  шынықтыруда  және  дене  тәрбиесі  сабақтарында  ұмыттыру 

және  тұтастыру,  саптық  қадаммен  қимылдау,  қадамнан  жүгіріске  ауысу, 

саптан  шығу  және  сапқа  оралу  сияқты  қимылдарды  орындайды.  Сабақтың 

дайындық бөліктерінде организмге ауыртпашылық түсіру әр кезде де артып 

отыру  керек,  сондықтан  да  бірнеше  саптық  жаттығуларды  орындағаннан 

кейін  саптық  қадаммен  қозғалу  үшін  жиіленген  қадамға  кейін  жүгіріске 

ауысу  жөнінде  команда  беру  керек.  Командирлер  дене  шынықтырудың 

талаптарын  орындаудан  басқа  Саптық  жарғының  талаптарын  қтаң  түрде 

басшылыққа алу керек.  

Оқушылардың  саптық  дайындығын  жетілдіру  үшін  командирлерге 

жалпы  әскери  сабақтарда  үлкен  мүмкіндіктер  туғызады.  Алдыңғы  бөлімдер 

мен бөлімшелердің тәжірибелері саптық оқыту өзіне барлық оқу сабақтарын, 

әр түрлі шаралар мен жаттығуларды енгізетінін көрсетеді.  

Кез-келген сабаққа шығар алдында өзінің қарамағындағы оқушылардың 

немесе  сарбаздардың  киім  нысанын,  қару-жарақпен  дұрыс  жабдықталды  ма 


60 

жоқ  па,  қарулары  оқталған  оқталмағанын  тексереді.  Сондықтан  да  саптық 

дайындық көптеген оқыту пәндерінің жартылай бөлігі болып табылады және 

нақтылық,  айқындылық,  орындаушылық,  тәртіпшілік,  келісушілік  сияқты 

сапаларды қалыптастырады. Бұл сапаларды тек қана дайындық сабақтарында 

ғана емес, күнделікті өмірде қалыптастырған да жөн. Сондықтан да күн тәр-

тібінің  толық  орындалуы  оқушылардың  саптық  дайындығы  жетілдіру  және 

бөлімшенің  саптық  қалыптасуын  жетілдіру  үшін  оны  епті  қолдана  білу 

қажет.  

Кей  кездерде  командир  сабақтарда  талапшыл  әрі  түбегейлі  болуы 

мүмкін,  ал  сабақ  соңында  оның  қарамағындағылар  оған  қарай  жүріп  келіп, 

қолдарын  бас  киімге  қисық  қойып,  басқа  да  амалдарды  да  дұрыс 

орындамаулары  мүмкін.  Осының  бәрі  студенттер  мен  курсанттарда  саптық 

ереженің  орындалуы  тек  саптық  алаңда  ғана  деген  пікір  қалыптасады. 

Сонымен  қатар,  егер  қателерді  ескермей  жаттығуды  жалғастыра  берсе,  ол 

әдетке айналып оқыту мен тәрбиелеу процесін тоқтатады.  

Оқушылардың  саптық  дайындығы  кең  қолданыста  болып  болып, 

тәуліктік  нарядта  қызмет  өткеру  кезінде  де  қолданылу  керек.  Бұл  әскери 

нысанды  кию  ережесін  сақтауды,  әрекеттің  нақтылығына,  команда  беруге, 

бастыққа  жақындау  және  оған  баяндама  жасауға  қатысты.  Мыслы,  рота 

бойынша кезекші тікелей бастықтардың рота командирлерінен келісімен «тік 

тұр» деген команданы нақты беріп, сонымен қатар, рота старшиналары мен 

оқушылары  ротадағы  кезекшіні  «рота  бойынша  кезекші  шығыңы»  деп 

шақыру  керек.  Рота  бойынша  кезекші  ротаға  ротада  командирінен  жоғары 

тікелей  бастықтар,  полк  бойынша  кезекші,  сонымен  қатар,  тексеруші 

тұлғалар  келісімен  баяндама  жасап,  оларды  рота  бойынша  дұрыс  ілестіру 

қажет.  

Басқа  да  тәуліктік  наряд  тұлғаларымен  саптық  дайындық  элементтерін 

орындау  тығыз  байланысты.  Сондықтан  да  нұсқаманы  өткізу  барысында 

нарядқа  түсетін  сәйкес  командирлер  (бастықтар)  аталған  мәселелерге  назар 

аудармау  керек.  Күнделікті  өмірде  және  оның  шектерінде  оқушылардың 

тәртіптері аса маңызды. Бір әскери әдептілікке міндетті түрде әскери ізеттілік 

көрсету керек.  

Ішкі  қызмет  жарғысы  барлық  оқушыларды  кездескен  кезде  бір-бірімен 

Саптық  жарғымен  белгіленген  барлық  ережелерді  сақтай  отырып 

сәлемдесуге  қатаң  міндеттейді.  Осылайша  Қазақстан  Республикасының 

Қарулы  Күштері  оқушыларды  өзара  сыйластыққа  тәрбиелейтінін  ерекше 

көрсетеді.  Әскери  сәлемдесу  немқұрайды  болмау  керек,  оқушылар  біздің 

Отанымызды  қорғауда  нағыз  жауапты  постта  тұрып  бір-бірімен  өзара 

байланыста тұрақты қажеттілікті туғызатынын сезіну керек. 

Саптық  дағдылардың  қалыптасуынан  тыс  барлық  командирлер 

(бастықтар)  оқушылардың  әскери  нысанды  киімдерді  кию  білуді  үйрету 

қажет. Оқушылардың киім нысаны оны кию ережелеріне сәйкес және үнемі 

таза болу керек.  



61 

Киім  нысаны  қазақстандық  жауынгерлерді  сымбатты  етіп  көрсетеді, 

тәртіпке үйретеді, қоршаған ортаның сыйлауына жол ашады.  

Өзінің  сыртқы  келбетін  тұрақты  түрде  ұқыпты  ұстау  –  ол  оқушының 

тәртіпке деген құлшынысының бірініші белгісі, жоғарғы әскери мәдениеттің 

ұйымдасу белгісі болып табылады.  

Оқушылардың  тиісті  сыртқы  келбетінің  қолдау  мақсатында  ең  бірінші 

кезекте әрбір бөлімшеде күнделікті таңертеңгі байқаудың рөлін жоғарылату 

керек.  

Саптық дайындықтың жақсаруына әскери оркестрдің маңызды рөлі бар. 

Жеке құрамның саптық дайындығын жоғарылатуда бөлімше мен бөлімдердің 

әндетіп  немесе  оркестрмен  қала  бойынша  әскери  салтпен  жүруі  ерекше 

маңызды.  Әскери  салттарда  үлкен  патриоттық  мән  жатыр,  олар  едәуір 

тәртіптік  және  мобилизациялаушы  күшке  ие.  Барлық  салт  жоғарғы 

салтанатты және аздап көтеріңкілікпен өткізілу тиіс.  

Әскери  ант  қабылдау,  әскери  бөлімдерге  Әскери  Жалаулар  мен 

ордендерін  табыстау,  бөлімдер  мен  қосулардың  мерекелерді  өткізуі, 

жауынгерлер  шеруі,  қарауылдардың  ажырауы  мен  ауысымы,  саптық 

байқаулар,  жалпы  батальондық  және  полктік  кешкі  тексерістер,  еркіндік 

үшін күресте және біздің Отанымыздың тәуелсіздігі үшін күресте қаза болған 

жауынгерлердің  туыстық  зираттарына  азагүл  қоюда,  жалпы  барлық  салтта 

бұл  оқушылардың  сана-сезіміне  және  олардың  саптық  дайындықтарында 

маңызды әрекет болып табылады.  

Саптық  дайындықтың  деңгейін  көтеруде  бөлімшенің  спорттық 

мерекелерде  саптық  жаттығуларды  көрсетуде  ең  үздік  рота  мен  взводқа 

жарыстырудың рөлі өте маңызды. Қажетті деңгейдегі саптық дайындық бар 

жерде  әскери  дайындықтың  да  көрсеткіші  жоғары  юболады.  Ең  бастысы 

бағыныстағылардың  әскери  тәртіпті  бұзушылыққа  жол  бермеуі,  соның 

ішінде  сап  тәртібін,  әскери  киім  нысанын  кию  ережесін  және  басқа  да 

жетіспеушіліктерін назардан тыс қалдыруға болмайды.  

Саптық жарғы ережелерінің насихаты және Қазақстан Республикасының 

Қорғаныс  министрі  талаптары  бойынша  командирлердің,  штабтың  және 

саптық дайындық әдіскерлерінің жұмыстары мақсатты әрі нақты болу керек, 

себебі ол жауынгерлердің саптық дайынддығын жақсартуға үлес қосады.  

Саптық  дайындық  әскери  бөлімшелерде  және  қосылуларда  тексеріледі 

және  оқыту  процесінің  бақылау  сабақтарында,  саптық  байқауларды,  оқу 

жылының  және  оқу  мерзімінің  қорытындысы  бойынша  тексерістерде  баға- 

ланады,  ал  әскери-оқыту  мекемелерде  сонымен  қатар,  курстық  (семестрлік) 

емтихандарда,  сынақтарда  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  күштернің 

жалпы  әскери  жарғысының  және  саптық  жарғының  талаптарына  сәйкес 

бағаланады. Сонымен бірге, тексеріс бөлімше командирлерімен оқыту сабақ- 

тарында жеке саптық дайындықты бағалау кезінде ағымда болуы мүмкін. 

Саптық дайындықты тексеру жоспарлы әрі кездейсоқ саптық байқаулар 

мен бақылау сабақтарын жүргізу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.  



62 

Взвод,  рота,  батальон  және  оқу  бөлімшелерінің  саптық  дайындық 

тексерісін екі немесе үш сағат жүргізу ұсынылады.  

Тексеріске  тағайындалған  бөлімше  қару-жарақтарымен  саптық  алаңға 

шығды. Тексеріс орнына келісімен олар жайылған екі қатарлы сапқа тұрады. 

Тексерілетін бөлімше командирі аға бастық келгенде бөлімшенің тексеріске 

дайын екені жөнінде баяндайды.  

Тексерушілердің  саптық  байқаудағы  кездесулері  Саптық  жарғының 

талаптарына сәйкес өткізіледі.  

Бақылау  сабағын  жүргізу  барысында  кездесу  тәртібі  сақталады,  бірақ 

тексеруші фронтты айналып өтпейді, ал рота командирі саптық хатты қолына 

бермейді.  

Оқушылардың жеке саптық дайындығын тексеру сыртқы келбетін қарау, 

саптық жаттығуларды қарумен және қарусыз орындау, сонымен қатар олар- 

дың  Саптық  жарғы  ережелерін  және  басқа  да  жалпы  әскери  жарғыларды 

білуі,  ал  офицерлер  мен  әскери  училищенің  курсанттарының  оқыту 

әдістемелері тексеріледі.  

 

 



63 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет