Резюме
В статье рассматривается особенности назывных предложений в
грамматическом строе казахского языка.
Summary
In article it is considered features nominative the offer in a grammatical sustem
of the Kazakh language
ӘОЖ 070.1
Р.Б.Абдулова, А.М.Джанибекова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚСТАНДА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ
РЕТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҮРДIСТЕРI
Аңдатпа
Аталған мақалада бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі турасында сөз
болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға қажеттiлiгi олардың тiкелей
атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты.
Негізгі сөздер:
бұқаралық ақпарат құралдары, цензура, қоғам, саясат,
мемлекет.
Мемлекеттiк тәуелсiздiк жаңа экономикалық саясатпен құқықтық мемлекет
құру мiндеттерi республика ақпарат кеңiстiгiне де үлкен өзгерiстер ала келдi. Ол
мiндеттердi жүзеге асыру қоғамның өмiрiн дұрыс түсiнiп қабылдап шынайы суреттеу
мүмкiндiгiнен соң жүзеге аспақ. Егемендiк алған Қазақстан үшiн мемлекттiктi
бiрегейлендiрумен байланысты көптеген мiндеттер мен проблемалар туды.
Жаңа мемлекеттi құруды мақсат еткен Қазақстан ең алдымен ескi
тоталитарлық жүйенiң басты саяси идеологиялық қаруы болған баспасөзге, радио,
теледидарға т.б.ақпарат тарату құралдарына цензурадан бас тартты. Сөйтiп
азаматтардаң әлеуметтiк саяси ақпараттардың кез- келгенiн еркiн таңдап қабылдау
мүмкiндiгi туды [1].
Демократиялық, құқықтық, азаматтық қоғам құруды баспасөз, сөз
бостандығы мен пiкiрлер плюрализiмiнсiз көзге елестету мүмкiн емес. Тәуелсiздiктiң
алғашқы жылдарынан ақ бұған дейiн тегiс мемлекеттiк болып келген ақпарат
құралдары
бiрте-бiрте
либералдандырылып
кооперативтiк,
комерциялық
жекеменшiк басылымдар шыға бастады. Жаңадан көптеген газет журналдар мен
радио станциялар, телеканалдар ашылды.
Қоғамдық ақпарат құралдарына саяси цензураның алып тастауынан
батыстық шетел елдерiнен көптеген тиым салынған әдебиеттермен кинофильмдер
және тағы да басқалар Қазақстан рыногына ағыла бастады. Бұл процесс өтпелi
кезеңде азаматтардың сан-саққа бөлiнiп кеткен рухани құндылықтарына әр түрлi
әсер еттi.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
17 ~
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпарат құралдарының қаражатпен
және қажеттi техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету дәрежесiнде бүгiнде
айтарлықтай айырмашылық жоқ. Мемлекеттiк ақпарат құралдарының бұл салада
көрсеткiштерi жоғары болып келгенiмен, нарық жағдайында өзiне де көрерменін
оқырманын да жоғалтпай, экономикалық қаражат қиындығынан шыға бiлген
меншiктiң әр түрiндегi ақпарат құралдарының қәзiр кадрларды таңдап алу мүмкiндiгi
басым түсiп отыр [2].
Бұл үрдiс республикалық ақпарат кеңiстiгiнде сөз бостандығынан
туындайтын көптеген жаңа демократиялық нышандарды ала келдi.
Қәзiргi таңда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекет монополиясы
жойылып отыр. Алайда ақпарат тарату, тасымалдау, байланыс, транспорт,
баспаханалық жүйе секiлдi ақпарат қызметiнiң құрамдас салалары бойынша ресми
билiктiң ықпал ету мүмкiндiгi сақталып отыр.
Тәуелсiз Қазақстанның демократиялық ақпарат кеңiстiгiн қалыптастыру
барысында транзиттi қоғам басынан өткерiп отырған мұндай сапалық жаңа
өзгерiстердi түптеп келгенде сол ортаға прогрессивтi қызмет етерi анық.
Бұл жолда қаншама кемшiлiктер түсiнiспеушiлiктер кездесерi сөзсiз. Өйткенi
қоғам өмiрiн демократиялық трансформациялау үзақ уақыты, күрделi процесс.
Бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық, саяси, әлеуметтiк жағынан
жiктелуi олардың қоғамдық пiкiр қалыптастыру арқылы қоғам мүшелерiне әсер ету
деңгейлерiнiң әр қилылығын аңғартады [3]. Қазақстан үшiн дамудың тұрақты
демократиялық моделiн таңдауда қоғамды еркiн және құқықтық демократиялық
үлгiде трансформация жолдары мен әдiстерiн iздеу обьективтi шынайы
ақпараттардың маңызы зор.
БАҚ жаңа жағдайда қалыптасуы және жұмыс iстеуiне саяси- экономикалық,
мәдени-әлеуметтiк, құқықтық негiздерiнiң саралануы үлкен ғылыми iзденiстердi
қажет етедi. Қоғамның саяси әлеуметтiк өмiрiнде жүрiп жатқан демократиялық
өзгерiстер оның ақпарат кеңiстiгiне де тән. Сөз бостандығы, баспасөз бостандығы,
баспасөз бостандығы, пiкiрлер плюрализмi тәуелсiз жеке меншiк ақпарат
құралдарының пайда болуы Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде демократиялық
үрдiстердiң нәтижелерi.
70-жылдан аса уақыт бiр идеологияның шеңберiнде дәрiптелiп келген
рухани құндылықтардың елеулi бөлiгi бүгiн өздерiнiң бар мағанасынан айырылуға
мәжбүр болды. Қазақстан халықтары алдында жаңа жағдай, жаңа құндылықтарды
қалыптастырды, оларды қоғам өмiрiне енгiзу мiндетi тұр. Бұл құндылықтарды ең
алдымен республикамыздағы халықтардың мәдени, тарихи, рухани қазыналарын
бүгiнгi уақыттың күрделi өзгерiстердi талап етер жаңалықтарымен сабақтастыра
қарастырған абзал. Адамның күнделiктi өмiрiнiң жаңғыруы, жаңа прогрессивтi
жетiстiктерiне жетуi қоғамның жалпы мәдени деңгейiне байланысты. Ал қоғамның
мәдениетiн қалыптастырушы өзгертушi негiзгi субьект адам, түрлi халықтар болып
табылады.
Мәдениет әлеуметтiк дүниедегi терең тарихи құбылыс және оның негiзгi
өзектерi бағыттары салалары әлеуметтiк субьектiнiң жетiлу процесстерiмен
негiзделе дамиды. Ақпарат кеңiстiгiнiң пiкiрлер плюрализмi мен әр түрлi көзқарастар
тоғысып жинақтала келгенде обьективтiк қоғамдық пiкiр туғызып қоғамдық сананы
қалыптастырып қана қоймайды, халықтың саяси-әлеуметтiк белсендiгiне де ықпал
етедi. Адамдар сапырылысқан сан алуан пiкiрлер төңiрегiнде өздерiнiң жеке түсiнiгiн
қалыптастырады. Бұл жеке көзқарастар қоғамның басқа мүшелерiнен пiкiр алмаса
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
18 ~
келiп бұқараның көзқарасына ұласады. Одан әрi сұраптала келiп , қоғамдық пiкiр
қалыптасады.
Әлемдiк тәжиiрбеге сүйенсек, БАҚ белгiлi-бiр адамдар немесе ұйымдардың,
органдардың бақылап, қажет болса басқарып отыратыны белгiлi. Жекелеген
адамдардың меншiгiндегiнi болмаса коммерциялық ақпарат құралдарында бұл
мiндеттi әлгi меншiк иелерi атқарып мемлекеттiк ақпарат құралдарында онымен
арнайы мемлекет органдары айналысады. Ал қоғамдық құқықтық негiздегi ақпарат
құралдары бұл қызметтi егер баспасөз құралдары мемлекеттiк заңдар сақтап
отырса, жұртшылық саяси ұйымдар мен бiрлестiктер қадағалайды.
Әлемнiң көпеген елдерiнде БАҚ этикалық нормаларын және заңдылықты
сақтауын жалпы қадағалап отыратын арнайы органдар бар. Мысалы Франция
коммуникация құралдары жөнiнде жоғары кеңес жұмыс iстейдi. Ол меншiк түрiне
қарамастан елдегi барлық телерадиостанцияларының жұмысын қадағалап қана
қоймайды, сонымен бiрге эфирге шығуға рұқсат ететiн мемлекеттiк рұқсат беру
құқына ие.
Қазақстанда әзiрге мұндай демократиялық бақылау органдары қалыптасып
үлгерген жоқ. БАҚ қызметi негiзiнен мемлекеттiк Конституциясы және Баспасөз
туралы заңға ақпарат құралдарының жарғылық бағдарламалық құжаттарына
сүйенiп жүргiзiлуде [3].
Әрине бұл айтылғандардан бөлек бiздiң пiкiрiмiзше өтпелi қоғамда үлкен
рөль атқаратын фактор ақпарат құралдары өкiлдерiнiң түрлi басылымдар мен теле,
радио компанияларының саяси мәдениетi мен таным деңгейi, яғни бұқаралық
ақпарат құралдарының өзiн- өзi қадағалауда ең тиiмдi әрi демократиялық түрi
ретiнде саналады. Өкiнiшке орай қоғамдағы жаңа рухани мәдени құндылықтар мен
саяси әлеуметтiк нормалардың қалыптасып үлгере алмай жатқаны секiлдi ақпарат
құралдарында да бұл қадағалау жеткiлiктi болмауда.
Қазақстанда орыс және қазақ тiлдерiндегi қатар таратылатын БАҚ ара тұра
мәселеге екi түрлi көзқараспен келуi, бiр- бiрiне мүлде кереғар түйiн түйiп, ұсыныс
бiлдiрудiң қоғамға пайдасы шамалы. Бұл мемлекет iшiндегi күрделi мiндеттердi
айқындау және оларды шешуге жұмылдырудағы бiрлiк пен өзара түсiнiстiктiң әлi де
жетпеушiлiгiн аңғартады.
Жас егемендi мемлекет алдындағы қоғамдық дамудың бүгiнгi кезеңiнде
өркениеттiң жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтап ел ертеңi
үшiн тиiмдi пайдаланудың артықшылықтарын халыққа тарату. БАҚ-ның рухани
танымдық қызметiне сұраныс тумақ.
Қазiргi кезеңде халық оқшауланған күйде өмiр сүре алмайды. Себебi жер
шарының барлық түкпiрiне хабар ошар бiрнеше сағат iшiнде тарайтындай бұл
кезеңнiң ең қымбат капиталы ақпарат болып отыр[4]. Республиканы мекендейтiн
халықтардың рухани бiрлiгi демократиялық құндылықтар мен мәдениетiнiң
қалыптастырып, саяси -әлеуметтiк және этнос аралық тұрақтылықты нығайту болып
табылмақ.
Өтпелi қоғам дамуы бiр орында болмай үнемi өсу үстiнде болғандықтан бұл
процесс ескi мен жаңаның күресiмен ерекшеленедi. Әрқашан идеялық саяси
өзгерiстер алаңы саналатын ақпарат кеңiстiгi ерекше роль атқарып келедi әлi атқара
бермек.
Тарихқа жүгiнер болсақ жалпы мемлекеттiң түрлi қоғамда саяси иституттар
және басқа да органдармен қарым- қатынасы үнемi мамыржай толық түсiнiстiк
жағдайда болмаған. Мемлекет басындағылар iс әрекетi түрлi заң құқықтық
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
19 ~
нормалармен мен ережелерге сүйенiп қана қоғамдық процестердi реттеп
жүйелеуге, басқаруға бағытталады [5]. Басқаша айтқанда билiк басындағылар мен
билiктiң қол астындағылар арасындағы саяси-экономикалық, мәдени құқықтық т.б
толып жатқан қарым- қатынастар нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады.
Қоғамның саяси институттар қатарында айрықша мәнi бар басқалармен
салыстырғанда саяси әлеуметтiк билiгiмен қызметi бөлектеу тұрғаны бұқаралық
ақпарат тарату жүйелерi болып табылады. Бұл жүйе тiкелей өндiрушi сала
болмағанымен қоғамдағы саяси әлеуметтiк ықпалы жағынан басым болатыны
белгiлi. Қоғам өмiрiнiң қай саласында болсын мемлекеттiң ақпаратты саясаты
болады, iшкi және сыртқы саясаттың күрделi мiндеттерiнен бастап, күнделiктi ауа
райына дейiн ақпараттық қамтамасыз етпейiнше алдағы мақсатқа қол жеткiзу одан
күткендей
нәтиже
тосу
қиын.
БАҚ-ның
қоғам
өмiрiндегi
ақпараттық,
коммуникативтiк, танымдық, қоғамдық пiкiр туғызушылық қызметтері мемлекет
мүдесiн қоғам мүшелерiне жеткiзiп, олардың ой- пiкiрiн байқатады, қоғамдық
институттар арқылы оның жүзеге асуын қамтамасыз етедi. БАҚ-ның пәрмендi саяси-
әлеуметтiк ықпалымен, мүмкiндiктерiн осы себептерге байланысты да мемлекеттiң
үнемi пайдалануына тура келедi. Бұл екi жақты байланыс ауқымы және
формаларына байланысты өзгерiп отырады.
Тоталитарлық қатаң авторитарлық саяси режимдер БАҚ тұтастай
мемлекеттiң бақылауында болады. Ондай қоғамдарда ақпарат кеңiстiгi мемлекет
идеологиясына сай сол бағытта қана қалыптасады.
Баспасөз бостандығы, пiкiр алшақтығы болмайды. Қоғамда тек мемлекеттiк ресми
көзқарас таратылып, қоғамдық пiкiр де сол бағытта қалыптасады. Ал
демократиялық мемлекеттерде БАҚ-мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас
заңдылық негiзде белгiленiп барлық мәселелер тек құқықтық нормалармен
ережелер бойынша шешiледi. Бұндай саяси режимде баспасөз бостандығы, пiкiрлер
алшақтығы және көзқарас еркiндiгiн мойындайды, сонымен бiрге ар-ождан
бостандығы да сақталады.
Баспасөз бетiнде ұлттық кемсiтушiлiк, елдiң территориясымен егемендiгiне
қол сұғушылыққа, Конституцияны бұзуға тиым салынады. Мiне осындай негiзгi
принциптердi басқа мемлекет БАҚ-ның қызметiне араласуды қажет таппайды. Ал
осындай ақпараттық саясатты жүргiзу үшiн белгiлi-бiр басылымдармен теле-
радиокомпанияларының қызметi пайдаланады.
Мемлекет пен ақпарат құралдары арасындағы қарым -қатынастың тағы бiр
өзiндiк формасы айқын байқалатын қоғам өтпелi кезеңдегi саяси жүйелер олардағы
ақпарат құраладарымен арақатынас сипаты бiршама өзгешелеу демократиялық
негiздеуге бағыталғанымен өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан шығу жолында
авторитарлық форма тәсiлдерiн пайдалану мүмкiндiктерiнде жоққа шығармайды.
Бүгiнде тәуелсiз Қазақстан тап осындай өтпелi кезеңдi бастан кешiрiп отыр. Ақпарат
құралдарымен мемлекет арасындағы байланыс өзара қарым қатынас формалары
мен мазмұны құқықтық негiздерi даму үрдiстерi әлi толық қалыптасып үлгерген жоқ.
Қәзiргi экономикалық қиындықтар жағдайында халықтың санасында үрей
және пессимизм орын алғандығы белгiлi. Еркiн бәсекелестiк принциптi ұстанған
ақпарат құралдары қәзiр меншiк төрiне үстанған әлеуметтiк саяси бағыты мен
экономикалық мүмкiндiктерiне қарай бейiмделуде.
Ақпарат құралдарының қоғамдағы әлеуметтiк саяси қызметтері үнемi
мемлекет мүдесiне сай қызмет ете бермейдi. Мемлекет тарапынан қаржылық
қолдауға ие болғандары билiк басындағылардың ресми көзқарасын жақтаса,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
20 ~
тәуелсiз жекеменшiк бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет саясатымен үнемi
келiсе бермейтiндерiн аңғартады. Қоғамдағы демократиялық өзгерiстердiң өсуiмен
бiрге партиялар және қоғамдық қозғалыстардың олардың әрқайсының көпшiлiкке
белгiлi бiр оқиғалар жөнiнде өз көзқарасымен пiкiрiн бiлдiруге талпынысын
тудырады. Мемлекет қоғамдағы хабар ошардың негiзгi көзi бола отырып оның дұрыс
түсiндiрiлуiн мен таратылуына мүделi болғандықтан бұл процесте бейтарап қала
алмайды. Ол ақпарат кеңiстiгiнде түрлi көзқарас пiкiрлердiң заңдылық шеңберiнен
шықпауы , жаңа мемлекеттi нығайту қатыстылығы және мемлекеттiң саяси
әлеуметтiк тұрақтылығына нұқсан келтiрмеу.
Қазақстанда мемлекет пен ақпарат құралдары арасындағы қарым қатынасты
айқындайтын құжат- “Баспасөз туралы заңның” қабылдануы болды. Ол бойынша
мемлекеттiң ақпарат құралдары арадағы қарым -қатынасында қажеттiлiгiне қарай
реттеушiлiк қызметі ғана сақталынады. Ақпарат құралдарының жұмысына орынсыз
қол сұғу, басқару, бұйрық беру т.б араласушылықтарға тиым салынған.
Мемлекеттiң ресми саясатына либералдық демократиялық көзқарастағы
БАҚ-тары оныммен iшiнара келiспеуi де мүмкiн алайда негiзiнен алғанда ашық
жақтамайды қарсылығын да бiлдiрмейдi. Қоғам дамуының демократиялық
заңдылықтарын негiзге ала отырып, өз ұсынысы пiкiрлерiн көзқарастарына ресми
мемлекеттiк басылымдар мен оппозициялық бағытағылардың арасынан iздейдi.
Мұндай бағыттың Қазақстан секiлдi транзиттi қоғамда үкiметпен арадағы қарым-
қатынасты қалыптастыруда қолайлы тактикалық мәнi бар. Өйткенi саяси әлеуметтiк
экономикалық құндылықтар мен басымдықтары саяси күштер ара салмағы толық
айқындалып үлгермей жатқан қоғамда әлiптiң артын бағып, оның даму үрдiстерiн
бақылап барып қортынды жасауға мүмкiндiк бередi әрi артық кеткен iс әрекетен
сақтандырады. Өзiне деген мұндай көзқарас ресми билiкке де қолайлы Сондықтан
да олардың арасында қатынас негiзiнен алғанда екi жақты қолайлылық ахуалмен
сипатталады.
Ақпарат кеңiстiгiнде ресми саясатқа қарсы оппозициялық немесе оның
жекелеген тармақтарымен келiспейтiн пiкiрлер көзқарастар жиынтығы құрайтын
бөлiгi мен мемлекет арасындағы қарым- қатынас өзiнiң күрделiгiмен не үнемi өзгерiп
отыруымен ерекшеленедi. Оппозициялық көзқарастағы немесе ресми саясатпен
келiспейтiн тәуелсiз ақпарат құралдары негiзгi айырмашылығы мынада:
Экономикалық жағынан толық тәуелсiздiк.
Кез-келген оқиғаға өз пiкiрлерiмен көзқарасын бiлдiру мүмкiндiгiнiң молдығы
және бiркелкiлiгi. Ресми билiктiң саяси ықпалына мойынсынбау. Қоғамдық пiкiрдi
қалыптастыру тiкелей әсерiнiң жоғары болуы. Қоғамдық пiкiр ресми саясат пен
мұндай биресми көзқарастың арасындағы өмiрдiң обьективтiк көрiнiсiн iздейдi,
оларда салыстыра отырып, даму заңдылықтары мен қиыншылықтарын мән
мағанасын түсiнуге тырысады.
Қазақстан қоғамдағы демократиялық процестер БАҚ қызметiн түбегейлi
өзгеруде. Ақпарат құралдары тақырып таңдауда, оқиғаларға баға беруде еркiн
тәуелсiз бола түсуде [6].
Республикамызда баспасөз құралдары заң жүзiнде құқық обьектiсi ретiнде
мойындалған. Ақпарат құралдарының еркiндiгi тәуелсiздiгi жайында сөз еткенде
мәселенiң экономикалық жағы ескермеуге болмайды. Абсолюттiк мағанасында
тәуелсiз ақпарат құралы бола алмайды, әңгiме салыстырмалы тәуелсiздiк жайында
болып отыр. БАҚ-ның бүгiндегi нарық кезеңiндегi өмiр сүрудiң ең негiзгi үш факторы
бар.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
21 ~
Бiрiншiден ақпарат кеңiстiгiндегi еркiн бәсеке де өзiнiң мүмкiндiгi мен орнын
анықтап алуы.
Екiншiден өзгелермен бәсекеде өзiндiк үстанымы бағыты бет бедерiнiң
болуы.
Үшiншiден қажеттi техникалық қаржылық шығармашылық мүмкiндiгiнiң
деңгейi.
Бұл үшеуi де қоғамда қалыптасқан саяси -экономикалық жағдайға
байланысты дамиды. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары көптеп ашылған тәуелсiз
БАҚ- ры түрлi экономикалық қиындықтарға төтеп бере алмай бiртiндеп жабыла
бастады. Олардың iшiнен өтпелi қоғамдағы экономикалық және творчествалық
мүмкiндiгi барлары ғана өмiр сүру құқын сақтап қалды.
Қоғамдық пiкiрдi ақшаға сатып алуға болмайтыны секiлдi оны қолдан қысым жасап
өзгертуде мүмкiн емес. Республика өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiк жариялаған
кезеңнен бастап жаңа саяси экономикалық жағдай қалыптасты. Алға қойылған
негiзгi мiндеттер ел экономикасын жаңа жағдайда қалпына келтiрiп одан әрi көтеру
қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайтып халықты әлеуметтiк жағынан қорғау
құқықтық демократиялық мемлекет құру болып табылады Алғашқы кезеңде
Қазақстанның ақпарат құралдары тұтастай алғанда шын мәнiнде қоғамның
демократиялық өзгерiстерге талпынуы мен тәуелсiз мемлекеттiлiгiн қалыптастыруға
белсене араласты. Ақпарат кеңiстiгiнде мәдени, рухани жаңғыру процесi кеңiнен
көрiнiс тапты. Бұл процеске түрлi тiлдерде шығатын ақпарат құралдары қатысты.
Өйткенi тәуелсiздiктiң эйфориясы бұрын жабық саналып келген көптеген жаңа
тақырыптардың көтерiлуi сөз жоқ “төртiншi билiк” иелерiн творчествалық кәсiби
қызығушылығын туғызғаны анық.
Елдегi бүгiнгi саяси- экономикалық жағдайды қалыптастырудың бұқаралық
ақпарат құралдарының атқарар ролi аз емес. Жаңа қалыптаса бастаған
Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде түрлi пiкiрлер көзқарастар ағынына қарамастан
түптеп келгенде қоғамды дұрыс қоғамдық пiкiр қалыптасты.
Баспасөз бостандығы деген ұғыммен қатар оның жауапкершiлiгiн
журналистикадағы әдеп мәселелерi қатар туындайды [7]. Жоғарғыда ақпарат
құралдарының абсолюттiк мағанасында еркiндiгiнiң болмағандығын экономикалық
жағынан түсiндiрдiк. Дәл осы секiлдi демократиялық еркiндiктiң де шегi болады. Ақ
түстi қараға бояудың қиындығы секiлдi ұлттық санаға түскен дақтан арылу жолыда
тым ауыр.
Соңғы кездерi ақпарат құралдарыны ар-ождан сотында жиi тартылуы соның
айғағы. Бұл тек ақпарат құралдарының азаматтық позициясы мен саяси
обьективтiлiгiне ғана байланысты БАҚ-ры мен ресми билiк арасындағы қатынасқа
нақты ықпал ете алар екiншi фактор саяси жүйенiң типi мен ондағы демократиялық
өркениет ақпарат кеңiстiгiнiң қалыптасу мүмкiндiгiне байланысты өтпелi қоғамда бұл
мәселенiң кейбiр ерекшелiктерi айталық мемлекет тарпынан қоғам ертеңiмен iшкi
саяси тұрақтылықтың сақталуы үшiн экономикалық реформаларды шешушi сәтiнде
қоғамдық пiкiрдi бөлiп жармау мақсатында кейбiр ақпарат құралдарын саяси
экономикалық ықпал етуге тырысушылық мысалдарын өтпелi қоғам мүшелерi
әртүрлi қабылдауда.
Әдебиеттер тізімі
1. Гаджиев К.С. Политическая наука. М., 1995.
2. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналист. М., 1995.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
22 ~
3. Сарсенбаев А.С. Формирование информационной политики Республики
Казахстана. Дисс. канд. Алматы. 1999.
4. Құл-Мұхаммед М.: «Мемлекет пен ақпарат құралдары бірін-бірі қолдай отырып
дамиды» // “Астана ақшамы”. 2002, 21.05.
5. Назарбаева Д.: «Сөз бостандығы – демократияның басты белгісі»// «Астана
ақшамы». 2002, 27.06.
6. Бориснев С.В. Социология Коммуникаций. ЮНИТИ. М., 2003.
7. Сарсенбаев А.С. «Становление демократической системы средств массовой
информаций Республики Казахстана»– Алматы: 1997.
Резюме
В данной статье речь идет о деятельности средств массовой информации.
Важность средств массовой информации в обществе определяется их основной
деятельностью.
Summary
In this article we are talking about the media. The importance of the media in
society is determined by their core activities.
ӘОЖ 35.077
Т.А. Сахтағанова
ІС ҚАҒАЗДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ-УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Аңдатпа
Мақалада іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын,
әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің
алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру мәселесі қамтылған.
Негізгі сөздер:
ресми іс қағаздар, ұлттық мәдениет, мемлекеттік тіл, қазақ тілінің
қолданылу аясы, іс қағаздарын қазақша жүргізу, құжаттау үрдісі.
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі-оның ана тілі. Ұлттық мәдениеті жоқ ел
ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес. Бүгінгі таңда
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді дамытуға барынша көңіл аударылып
отыр. Қоғамдық өмірдің әр қилы салаларында қазақ тілін белсенді түрде қолдану
қажет. Бұл бірінші кезекте-іс қағаздарын жүргізу қызметіне қатысты. Іс қағаздарын
жүргізуді бір жүйеге келтірмей, мемлекеттік ресми құжаттарды әуелі қазақ тілінде
жасамай, іс қағаздарын барлық сала бойынша қазақ тілінде жүргізбей оның
қолданылу аясы кеңімек емес.
Тіл-рухани әлемнің таусылмас байлығы. Ол тарихтың да, мәдениеттің де,
өнердің де қайнар көзі. «Тілдер туралы» заңның 4-бабында былай делінген:
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторлары болып табылатын
мемлекеттік
тілді
меңгеру-Қазақстан
Республикасының
әрбір
азаматының
парызы.Үкімет, өзге де жергілікті өкілді және атқарушы органдар тегін меңгеруіне
қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық, техникалық жағдайларды
жасауға, қазақ диаспорасына ана тілді сақтап дамытуы үшін көмек көрсетуге
міндетті.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
23 ~
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі
— оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс
қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір
жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың
барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет
қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси,
тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала,
кәсіпорын, ұйым мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас
қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің
құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.
Іс қағаздар - басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен
мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдер,
басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық
шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда
құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей
байланысты. Іс қағаздарын жүргізу-басқару үрдісінің ажырамас бөлігінің бірі болып
табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат
сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау,
ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу-мекеме
жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу-пән ретінде жоғары және орта дәрежелі
арнаулы оқу орындарында оқытыла бастады. Бұл пәннің міндеті:
• Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік
маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы
шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
• Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
• Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты
ғылым салаларымен байланысын көрсету.
• Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың
мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты
сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің
күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету.
• Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі,
лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени
өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің
артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздар тілінің
тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағаның байқауға
балады. Бірі- сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және
де ресми құжаттар үлгілері. Екіншісі-қазақ жерінің Ресей мемлекетінің қол астына
кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып таратылған орыс әкімшілік
орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары, қатынас қағаздары. Яғни, қазіргі қазақ
ресми іс қағаздар тілі жоқ жерден пайда бола салмаған, өзіндік тарихы бар
құбылыс.
Бұрында қазақтар саны басым алыс аудандарда ғана іс қағаздары қазақша
жүргізіліп келгені мәлім. Қазіргі таңда республикада мемлекеттік органдар іс
қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл, әрине, әр мекемеде әр түрлі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
24 ~
дәрежеде атқарылып жатқан іс. Бұл істің оп-оңай орындалып, бір күнде қалыптаса
қалмайтыны белгілі. Осыған байланысты мәселелер де жетерлік. Оның бірі-
мемлекеттік қызметшілердің ана тілінде еркін сөйлеп, жаза алмайтыны. Ал орыс
тілді кез-келген маман орыс тіліндегі ресми құжатты еркін жазып шығады. Бұның
себебі, біріншіден, тілді жетік меңгергендігі болса, екіншіден орыс тілінде іс
қағаздары ғасырлар бойы уақыт тезінен өтіп, әбден қалыптасқан, қай салада да
дайын, мәтіндері стандартқа айналған. Оларда бұл - дәстүрлі мектеп. Біз қазақ
тіліндегі іс қағаздарын да осындай дәрежеде көтеруіміз керек. Екінші мәселе-қазақ
тілінде іс қағаздарын жүргізуге байланысты оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, іс
қағаздарының үлгілері өте аз, жоққа жақын десе де болады. Үшінші мәселе-жоғары
оқу орындарында да, арнаулы оқу орындарында да іс қағаздарын қазақша жүргізуге
байланысты пән, арнаулы курс оқу бағдарламасына еңгізілмеген, сондықтан оқу
орнын аяқтаған маман өндіріске я мемлекеттік органға іс қағаздарын қазақша
жүргізуге еш дайындықсыз келеді. Осыған орай, бұл еңбекте іс қағаздарын қалай
дайындау керек, оның қандай стандарттары бар, жазылу стилінде нені басшылыққа
алу керек деген мәселелер сөз болды.
Құжат-латын тілінде, «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді.
Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар:
1. қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген)
растайтын іс қағаз;
2. жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат);
3. бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар);
Кәсіпорында басқару - мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу, шешім
қабылдап оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақпараттық үрдіс болып
табылады. Дұрыс шешім қабылдау үшін толық түрдегі жедел және ақиқат
мәліметтер керек болады. Құжат та ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс.
Дегенмен, хабардың толықтығы оның көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның
мәнді де, басты мәселелерін көрсетумен бағаланады. Яғни, ақпараттың көптігі оны
өңдеуді талап етеді, оның маңызды, жедел орындауды қажет ететін жақтарын
айқындап, оны қабылдап-түсінуге ыңғайлы күйге түсіруді керек етеді. Осы
жұмыстың бәрін құжатты толтырушы атқаруы тиіс. Құжаттың сапасы оның
толықтығы, оралымдылығы және анықтылығымен ғана емес, сондай-ақ оның
ықшамдылығымен, көрнектілігімен және қолайлығымен айқындалады.
Сондықтан құжаттар тікелей қатынас жасаумен тиімді ұштастырыла
жүргізілсе, техникалық жағынан жақсы жабдықталып, нақты мақсаттарға жұмсалса,
онда олар іс-әрекетін табысты болуына жағдай жасайды. Іс жүргізу құжаттары
сонымен қатар хабар-мәліметтің қайнар көзі және таратушысы, заң арқылы
қорғалатын істі белгілеудің тәсілі де болып табылады. Басқарудың құралы ретінде
құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, бухгалтерлік есептеу мен
есеп беруде, оперативті басқаруда, ұйымның қызметін кадрлық жағынан
қамтамасыз етуде т.б қолданылады. Құжаттарда мемлекеттік құрылым белгіленеді,
олар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және азаматтар арасындағы, заңды және
жеке тұлғалар арасындағы қатынастар үшін қызмет етеді. Материалданған (құжат
түріндегі) заңды күші бар мәліметтер төрелік сотта бизнес бойынша әріптестерімен
шаруашылық дауларын немесе халықтық сотта еңбек тартыстарын шешуде қандай
да бір фактінің негізгі дәлелі ретінде қызмет етеді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4 (31) 2013
~
25 ~
Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа
ие, мемлекеттің архив қорының бөлігі болып табылады, сондықтан олар мемлекеттік
архивтерге тапсырылуы тиіс.
Құжат толтырудың біртұтас ережесін Қазақстан Республикасы мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архивтер мен құжаттарды басқару
комитеті белгілейді. Мұндай соңғы ереже 1992 жылы 30 маусымда ҚР Министрлер
Кабинеті бекіткен «Қазақстан Республикасында барлық ұйымдық-құқықтық
нысандардағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда құжат толтыруды басқару
және құжат жүргізудің негізгі ережелері» деп аталатын №562 қаулысы болып
табылады. «Ережелерде» құжаттарды толтырудың және құжатты айналымнан
басқарудың нормалары айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |