дағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Мемлекет басшысы «М.С. Әшімбаев туралы»
№157, «Б.А. Майлыбаевты Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары
161
Қазан
қызметіне тағайындау туралы» №158 жарлықтарына
қол қойды.
7 қазан
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметінің
төрағасы В.В. Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
н.Ә. назарбаев В.В. Путинді туған күнімен
құттықтап, бақыт пен береке тіледі.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты және
көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері
жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы «1992 жылғы 15 мамырдағы
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мем-
лекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақ-
тастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге
толықтырулар енгізу туралы екінші хаттаманы ратифи-
кациялау туралы» №481-IV Заңына қол қойды.
10 қазан
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Р.т. түсіпбековті қабылдады. Ол
заң жобаларының қызметі, зияткерлік меншік пен
атқарушы өндіріс салаларындағы істердің жай-күйі,
сондай-ақ Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет
көрсету рәсімдерін жақсарту мен қысқарту бөлігіндегі
тапсырмасының орындалу барысы туралы ақпарат
берді.
Атап айтқанда, ведомства басшысы Президент-
ке заң жобаларымен жұмыстың сапасын арттыру
үшін Әділет министрлігі қабылдаған шаралар тура-
лы, Үкіметтің ағымдағы жылға арналған Заң жобала-
рымен жұмыс жоспарының орындалу жағдайын баян-
дады.
Р.т. түсіпбеков сондай-ақ Мемлекет басшысы-
на мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, әкімшілік
кедергілерді қысқарту және адвокаттық, нотариалдық
және бағалау қызметтеріне рұқсат беру кезінде жемқор-
лыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша министрлік
жұмысының нәтижелері туралы баяндап берді.
Мемлекет басшысы «1992 жылғы 15 мамырдағы
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы
мемлекеттер
арасындағы
Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы
162
Қазан
келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы
өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды
жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтыру
енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау тура-
лы» №482-ІV Заңына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Қазақстан Республика-
сы Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толу
құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» №159
Жарлығына қол қойды.
11 қазан
Мемлекет басшысы Еуропа кеңесінің бас хатшысы
т. Ягландты қабылдады.
Кездесуде Қазақстанның Еуропа кеңесімен
ынтымақтастық перспективалары, елдердің Еуро-
па кеңесі конвенциясына қосылуы және Еуропалық
Одақпен қарым-қатынасын нығайту туралы мәселелер
талқыланды.
Әңгімелесу барысында Президент кездесу Ядро-
сыз әлем үшін халықаралық форумы қарсаңында
өтіп жатқанын атап өтті. Қазақстан үшін бұл — өте
маңызды оқиға. Президент Қазақстанның полигонды
жапқан және ядролық қарудан бас тартқан мемлекет
ретінде осындай форум өткізуге моральдық құқығы
барын атап көрсетті.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республика-
сы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақтың
көрнекті ақыны т. Молдағалиевтің қайтыс болуына
байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту
жеделхатын жолдады.
«Көрнекті ақын тұманбай Молдағалиев ағамыздың
өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға
ортақтасып, көңіл айтамын. Қазақ елі «тұмаш» деп
еркелеткен ардақты азамат, ұлттық поэзиямыздың
өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан жыр алыптарының
үркердей тобына жататын санаулы қайраткерлердің
бірі еді.
Сезім мен нәзік лириканың теңдессіз шебері
тұмағаңның өлеңдері көптеген жүрекке өшпестей
жол салғаны шүбәсіз. Жан-дүниеңді үйіріп, рухыңды
асқақтата білетін шыншыл да тәкәппар поэзия-
сы бұл күнде ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына,
халқымыздың рухани байлығына айналды. Қаламгердің
өнегелі өмірі, жарқын бейнесі, ғибраты мол өміршең
өлеңдері өшпейді деп білемін», — делінген жеделхатта.
163
Қазан
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданының Жарсу ауылында туылған.
20 астам поэзиялық жинақтардың авторы болып та-
былады. Олардың қатарында «Студент дәптері», «Кәмила»,
«Көктем таңы», «Құралай», «Ферюза туралы жыр», «Алатау
қызы», «Я — сын Семиречья», «Зулайды күндер», «Жүрегім
менің сапарда», «Новая тетрадь», «Шақырады жаз мені»,
«Жігіт ойлары», «Мен де жиырма жаста едім», «Қош,
көктем», «Жүрек ояу қашанда», «Хаттар, хаттар», «Махаббат
оты сөнбейді», «Жүректегі жазулар» және т.б. бар. Қазақстан
Ленин комсомолы сыйлығының (1968), Физули атындағы
Халықаралық Түркі дүниесі сыйлығының иегері (1992).
Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Мемлекеттік әнұранының
авторларының бірі.
Мемлекет басшысы «Діни қызмет және діни
бірлестіктер
туралы»
№483-ІV,
«Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни
қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №484-ІV
заңдарына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Кешірім жасау тура-
лы» №160,
«Қазақстан Республикасының Әскери
доктринасын бекіту туралы» №161,
«Қазақстан
Республикасының әділет органдары қылмыстық-
атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы
адамдары антының мәтінін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі
№1547 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы»
№162, «Қазақстан Республикасы тұңғыш Прези-
дентінің қорын құру туралы» Қазақстан Республи-
касы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы
№528 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №163
жарлықтарына қол қойды.
12 қазан
Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен «Ядро-
сыз әлем үшін» халықаралық форумына қатысты.
Халықаралық форумға БҰҰ, МАГАтЭ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ,
ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСШК, ЮнЕСКО, ЯСЖтКҰ сияқты
халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдерін,
әлемдік саяси топтардың, үкіметтік емес ұйымдардың
өкілдерін, белгілі сарапшылар мен ғалымдарды қоса
есептегенде, әлемнің әр елінен 400-ден астам қонақ
қатысты.
Өз сөзінде Президент бүгінде ядролық қауіпсіздік
мәселесі әлемдік саясатта жетекші орынның
бірін иеленетінін атап өтті. Астанадағы бүгінгі
164
Қазан
форум — саясаткерлер мен көпшілік жұртшылықтың
күш-жігерін ядролық қауіпсіздіктің кең ауқымды про-
блемасы бойынша біріктірудегі маңызды қадам.
н.Ә. назарбаев «бұдан 20 жыл бұрын, Семей
ядролық полигонын жауып, одан кейін ядролық
мәртебеден бас тарта отырып, Қазақстан жаңа
мемлекеттің күші мен қуаты әрдайым ядролық күшті
көрсетуге емес, оны қолданбауға және одан толық бас
тартуға жұмсаған жөн деп шешті. Бұл қазақстандық
мемлекеттіліктің өзегіне — жалпыұлттық идея
дәрежесіне көтерілген жалпыхалықтық даналыққа ай-
налды», — деп атап өтті (Қосымшаны қараңыз).
Мемлекет басшысы «Ядросыз әлем үшін»
халықаралық форумы аясында Оңтүстік Африка
Республикасының бұрынғы Президенті, «Жаһандық
көшбасшылық қорының» президенті Ф. де Клерк-
пен, МАГАтЭ-нің бас директоры Ю. Аманомен, Кан-
зас штатының (АҚШ) губернаторы С. Браунбекпен,
АҚШ конгресмені Э. Фалеомаваегамен және ЯСЖтКҰ
дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы т. тот-
пен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Сол күні Мемлекет басшысы Астана қаласындағы
Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қарағанды,
Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының
Мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне
қатысты.
Президент өңірлердің жетістіктер көрмесімен та-
нысып, одан соң аталмыш облыстардың әртістері мен
шығармашылық ұжымдары қатысқан Гала-концертті
тамашалады.
13 қазан
Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында
жұмыс сапарымен болды.
Шымкент
қаласына
келісімен
Президент
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы
Бас қолбасшысы ретінде әскери қалашықта бо-
лып, онда әскери бөлімнің командирі, полковник
н. Қашағановқа жауынгерлік туды тапсырды.
Салтанатты іс-шаралар аяқталған соң, Қорғаныс
министрі Ә.Р. Жақсыбеков Мемлекет басшысын
жауынгерлік дайындық барысымен және әскери
гарнизонның инфрақұрылымымен таныстырды.
165
Қазан
Президент
мерзімді
әскери
қызметтегі
сарбаздардың қызмет жағдайларымен таныс болып,
әскери машиналар паркінің технологиялық желісінің
элементтерін қарап шықты. Мұнда оған мотоатқыштар
батольонының үлгісінде жауынгерлік дайындықтың
жоғары деңгейі таныстырылды.
Әскери қызметшілермен кездесу аяқталғаннан
кейін, н.Ә. назарбаев бөлімнің жеке құрамын айтулы
оқиғамен құттықтап, әскери туды сақтауды міндеттеді
және атқарып жатқан қызметтері үшін, антқа және
әскери борыштарына беріктігі үшін алғысын айтты.
Президент сондай-ақ Шымкенттің ескі аумағына
орналасқан тәуелсіздік саябағында болды. Онда Шым-
кент қаласының тұрғындарымен кездесіп, оларды алда
келе жатқан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің
20 жылдығымен құттықтады. Ол Қазақстанның ең
басты байлығы — біздің көпұлтты үйіміздегі бейбітшілік
пен келісім екенін атап өтті. Біздің басты міндетіміз —
халықтың бірлігін сақтау. Сондықтан бүгін жаңа «Діни
қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына қол қойылды. Бұл заңда
діни бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері нақты
баяндалған, мемлекеттің біздің қоғамдағы дінаралық
толеранттықты нығайтудағы рөлі белгіленген.
Мемлекет басшысы Шымкент қаласындағы
индустриялық аймақта болып, онда «Арт Құрылыс»
ЖШС-нің
темірбетон
бұйымдарының
өндірісі
жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру бары-
сымен, «Ferrum-Vtor» ЖШС-нің сұйық шыны және си-
ликат үйіндісінің өндірісі жөніндегі цехымен, сондай-
ақ өнеркәсіп салаларына мамандарды қайта даярлау
жөніндегі оқу орталығымен танысты.
Одан соң Президент республикадағы бірегей
жабық үлгідегі жеңіл атлетикалық манежде болды,
оның пайдалануға берілуі өңірде жеңіл атлетиканы
дамытуға қарқын берді.
Сол күні Мемлекет басшысы Біріккен Араб
Әмірліктерінің Президенті, Абу-Даби әмірі шейх Хали-
фа бен Заид әл-нахаянмен кездесті.
Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың жай-
күйі мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда,
«Абу Даби Плаза» ірі бірлескен жобасын іске асыру
және инвестиция тарту туралы сөз қозғалды.
166
Қазан
19 қазан
Мемлекет басшысы түркия Республикасының
Президенті А. Гүлге осы елдің оңтүстік-шығысындағы
лаңкестік әрекет салдарынан түрік әскерлерінің қаза
болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
20 қазан
Мемлекет басшысы өзінің алматылық резиденция-
сында Қазақстанға ресми сапармен және түркі тілдес
мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің I отырысы-
на қатысу үшін келген Әзірбайжан Республикасының
Президенті И.Г. Алиевпен кездесті.
Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер
барысында
президенттер
халықаралық
және
өңірлік ұйымдардағы екіжақты өзара іс-қимыл мен
ынтымақтастықтың, сондай-ақ алдағы болатын
түркітілдес мемлекеттер саммитінің күн тәртібіндегі
ең өзекті мәселелерін талқылады.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі
елдің президенттерінің Бірлескен декларациясы,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы
дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін
жер телімдерін өзара беру туралы келісім, Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен
Әзірбайжан
Республикасының
Сыртқы
істер
министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы
Хаттама, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы
теңіз сауда қатынастары саласындағы ынтымақтастық
туралы келісім қабылданды.
Мемлекет басшысы «2011–2013 жылдарға
арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру-
лар енгізу туралы» №485-ІV Заңына қол қойды.
Президент
сондай-ақ
«Қазақстан
Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998
жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс
енгізу туралы» №164, «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру
жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республика-
сы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы №29
және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
167
Қазан
бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті)
есебінен қамтылған органдардың штат санын
оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы
27 қыркүйектегі №1072 жарлықтарына өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы» №165, «Қазақстан
Республикасының прокуратура органдарының кейбір
мәселелері туралы» №166 жарлықтарына қол қойды.
21 қазан
Мемлекет басшысы Алматы қаласында өткен түркі
тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің I отыры-
сына төрағалық етті.
Саммитке Әзірбайжан Республикасының Прези-
денті И.Г. Алиев, Қырғыз Республикасының Прези-
денті Р.И. Отынбаева және түркия Республикасының
вице-премьері Б. Боздағ қатысты.
Кездесуде түркітілдес мемлекеттер арасындағы
сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық
ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды.
Саммитті аша отырып, н.Ә. назарбаев Кеңеске
мүше елдердің барлығы Ұйымның толыққанды
халықаралық құрылым ретінде қалыптасуына мүдделі
екендігін атап өтті және Өзбекстан мен түрікменстанды
осы үдеріске қосылуға шақырды.
н.Ә. назарбаев туыс елдерді рухани жуықтастыруға
бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.
Олардың қатарында — Әбу насыр әл-Фараби, Жүсіп
Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи
және басқа да бабаларымыздың түркі әлеміне ортақ
мұрасын бірлесе насихаттау, 2012 жылы түркістанда
«Қазіргі түркі әлемі: нақты ахуал және даму болашағы»
атты халықаралық симпозиум өткізу болды. Астана —
түркі әлемі мәдениетінің астанасы болып жарияла-
нуына байланысты келесі жылы бірқатар мәдени іс-
шаралар мен фестивальдар ұйымдастыруды жоспар-
лау қажет.
Қазақстан Президенті Әзірбайжан Президентінің
Бакуде түркі тілдес елдердің мәдениет қорын құру ту-
ралы бастамасына қолдау білдірді.
Саммиттің қорытындысы бойынша түркітілдес
елдердің бірқатар халықаралық және өңірлік өзекті
мәселелері бойынша келісілген ұстанымын, экономика-
лық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының
негізгі бағытын айқындаған Алматы декларациясы-
на қол қойылды. Сондай-ақ түркі тілдес мемлекеттер
ынтымақтастық кеңесінің рәсімдік ережесі қабылданды.
168
Қазан
Түркі тілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесі
халықаралық ұйымы 2009 жылдың 3 қазанынан
бастап Нахичеван келісімімен құрылған. Әзірбайжан
Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республи-
касы және Түркия Республикасы келісімнің қатысушылары
болып табылады.
22 қазан
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс са-
пары барысында бірқатар қалалық нысандарын ара-
лады.
Президент Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті атындағы дендросаябақта болды. Онда Ал-
маты қаласының әкімі А.С. Есімов оған қалада саябақ
аймақтарын дамыту жоспары туралы баяндады.
Одан соң н.Ә. назарбаев «нұр-Мүбарак» ис-
лам мәдениеті университетінде болды. Универси-
тет жоғары білікті имамдарды, исламтанушыларды,
дінтанушыларды, араб тілі мен әдебиетінің аудар-
машыларын даярлауды жүзеге асырады. Президент
мәжіліс залын, аудиторияны, компьютерлік және лин-
гафон кабинеттерін қарап шығып, оқушылармен және
оқытушылармен әңгімелесті.
Сол күні Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының
Президенті Д.А. Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-
қатынастардың кең ауқымдағы мәселелерін, атап
айтқанда, экономикалық ынтымақтастық мәселесін,
Кеден одағының қызметін, сондай-ақ халықаралық
күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Мемлекет басшысы «2001 жылғы 16 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-
Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
пункттері туралы келісімге хаттаманы ратификациялау
туралы» №486-ІV Заңына қол қойды.
24 қазан
Мемлекет басшысы түркия Республикасының
Президенті А. Гүлмен телефон арқылы сөйлесіп, оның
барысында түркияда болған жер сілкінісі салдарынан
көптеген адамдардың құрбан болуына байланысты
көңіл айтты және апаттың салдарларын жоюға қолдан
169
Қазан
келетін көмек беруге дайын екендігін білдірді. тарап-
тар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен
болашағын және Алматы қаласында өткен түркі тілдес
мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің I отырысының
қорытындыларын талқылады.
Мемлекет басшысы түркия Республикасының
Президенті А. Гүлге осы елде болған жер сілкінісіне
байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«түркиядағы Ван провинциясында болған жер
сілкінудің салдарынан көптеген адамдар құрбан
болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл
алдым. Бұл үлкен апаттан зардап шеккендерге қажетті
көмек беруге дайын екендігімізді білдіремін. табиғат
апатынан қаза тапқан жандардың туған-туыстары мен
жақындарына, сондай-ақ бауырлас түрік халқына
Қазақстан халқының атынан және өз тарапымнан
көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақ екендігімізді
білдіремін», — делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру-
лар енгізу туралы» №487-ІV Заңына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Көп балалы аналарды «Ал-
тын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау
туралы» №167 Жарлығына қол қойды.
25 қазан
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған
Қазақстан Республикасындағы төтенше және Өкілетті
елшілер — Бразилия Федеративтік Республикасының
елшісі О.Б. Жуниордан, Америка Құрама Штаттарының
елшісі К. Фэйрфакстан және Германия Федеративтік
Республикасының елшісі Г. Герцтен сенім грамотала-
рын қабылдады.
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі
Абдалла бен Әбдел Әзиз әл-Саудқа Сауд Арабиясы
Корольдігінің тақ мұрагері Ханзада Сұлтан бен Әбдел
Әзиз әл-Саудтың қайтыс болуына байланысты көңіл
айту жеделхатын жолдады.
«Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Ханза-
да Сұлтан бен Әбдел Әзиз әл-Саудтың өмірден озғаны
туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым.
170
Қазан
Қабырғаңыз қайысқан осы қаралы сәтте барша
Қазақстан халқының атынан және жеке өзімнің атым-
нан көңіл айтамын», — делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен
«Қазақстан және жаңа әлемдегі еуразиялық идея» атты
халықаралық ғылыми форумның қатысушыларына
сәлем жолдады.
«Мемлекеттердің Еуразиялық одақтың жаңа
интеграциялық бірігуінің негізгі қағидаттары мен
нақты бағдарламасын 17 жыл бұрын В.М. Ломоно-
сов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің
профессорлары мен студенттері алдында сөйлеген
сөзімде алғаш рет ұсынған едім.
... Бүгінде еуразиялық идеяның миллиондаған
ізбасарлары бар. Олар идеядан орасан зор өркениетті
болашақты көруде. Бұл біздің мемлекеттеріміз үшін
жаһандық әлемде лайықты орын алуға, ал біздің
халықтарымыз үшін экономикалық және мәдени-
гуманитарлық өзара қарым-қатынастың жаңа сапа-
лы деңгейіне шығудың жақсы мүмкіндігі. Бұл бүгіннен
бірлесе жазыла бастаған біздің болашағымыздың
ортақ тарихы. Оның жетістігі тек саясаткерлердің
міндеті ғана емес, ғалымдардың, түрлі салалар
мамандарының үлкен еңбегі, мемлекеттеріміздің
азаматтарының белсенді қолдауы», — делінген жол-
дауда.
26 қазан
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Пре-
зиденті Д.А. Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында тараптар іс жүзінде
қызметі 2012 жылы басталатын Қазақстан, Беларусь
және Ресейдің Бірыңғай экономикалық кеңістігінің
негізін құрайтын құжаттарды қабылдау жөніндегі
жұмыстардың барысын талқылады.
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы Бейбітші-
лік және келісім сарайында өткен Алматы, Павло-
дар және Батыс Қазақстан облыстарының Мәдениет
күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Президент өңірлердің жетістіктер көрмесімен та-
нысты, одан соң аталмыш облыстардың әртістері мен Достарыңызбен бөлісу: |