А.Қ. Күрішбаев, «ҚазАгро» АҚ басқарма төрағасы
А.С. Мамытбеков қатысты.
Жиналғандардың алдында сөз сөйлей келе, Пре-
зидент мал шаруашылығы өнімімен елдің ішкі
қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар оның
экспорттық әлеуетін өсіру саланың ең жақын келе-
шекке қойып отырған басым міндеттерінен саналаты-
нын атап өтті.
Кеңес қорытындылары бойынша н.Ә. назарбаев
бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бұл міндетті мал басының асыл тұқымдылық және
өнімділік қасиеттерін арттыру есебінен жүзеге асы-
ру болжамдалып отыр. Осыған сәйкес елдегі асыл
тұқымды малдың жалпы саны 2015 жылға қарай — 2 есеге,
ал 2020 жылға қарай 4 есеге артады деп көзделуде. Асыл
тұқымды малдың жалпы саны 2020 жылға қарай 2 есеге
жуық артады.
13 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының
Байланыс және ақпарат министрі А.Қ. Жұмағалиевті
қабылдады. Ол министрліктің 2010 жылғы қызметінің
негізгі қорытындылары туралы, оның ішінде, ұялы
байланыстың үшінші буынының 3G стандартын енгізу,
елді мекендерде интернетке кең көлемді шығуды да-
мыту бойынша жобаны жүзеге асыруға дайындық,
цифрлық телекөрсетілімді іске қосу мен электрон-
ды үкімет порталы арқылы 1 млн. 600 мыңнан астам
электронды анықтамалар беру, сондай-ақ 2011 жылға
арналып жоспарланған міндеттер туралы баяндап
берді.
Кездесу қорытындылары бойынша Президент
халық пен бизнес үшін мемлекеттік қызметтер
спектрін кеңейту, сандық телекөрсетілімді, елді мекен-
дерде Интернет желісіне кең көлемді шығуды дамыту
20
Қаңтар
және ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру тұрғысында Қазақстанның ақпараттық-
коммуникациялық саласын дамыту бойынша бірқатар
тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің төрағасы Г.А. Марченконы қабылдап,
оның 2010 қаржылық жылдың қорытындылары
бойынша есебін тыңдады.
14 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Б.т. Жұмағұловты
қабылдады. Ол министрліктің 2010 жылғы қызметінің
қорытындылары туралы есеп берді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы
табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты
қосарланған салық салуды болдырмау және салық
салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция-
ны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы»
№386-ІV, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы
Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі
елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін беру
туралы келісімді ратификациялау туралы» №387-ІV
заңдарына қол қойды.
17 қаңтар
Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысына қатысты.
Ішкі істер министрлігіне келген соң Президент
елдің ішкі істер органдары қамтамасыз етілген зама-
науи сараптау-қылмыстық және басқа да арнайы тех-
никамен, байланыс құралдары және қару-жарақпен
танысты.
Алқа мәжілісінің жұмысына министрліктің жетекші
құрамы, Ішкі әскер комитеті мен құрамаларының
командованиесі, өңірлік ішкі істер департаменттерінің
басшылары, қалалық, аудандық және желілік поли-
ция бөлімшелерінің басшылары, ведомстволық оқу
орындарының бастықтары қатысты.
21
Қаңтар
Отырыс барысында ішкі істер органдарының 2010
жылғы жұмысының қорытындылары мен ағымдағы
жылдың басым міндеттері талқыланды.
Мемлекет басшысы «Асбесті пайдалану кезінде
еңбекті қорғау туралы конвенцияны ратификация-
лау туралы» №388-ІV, «Жеке тұлғалардың кеден
одағының кеден шекарасы арқылы қолма қол ақша
қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу
тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы»
№389-ІV, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ғарыш
кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайда-
лану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді
ратификациялау туралы» №390-ІV, «Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Екібастұз МАЭС-2 үшінші блогын
салу және кейіннен пайдалану туралы келісімді рати-
фикациялау туралы» №391-ІV заңдарына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Алматы қаласының қала
маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу
аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын
бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны тарату ту-
ралы» №1138, «Көп балалы аналарды «Алтын алқа»
және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы»
№1139 жарлықтарына қол қойды.
18 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан Республика-
сы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Қ.т. тұрғанқұловты қабылдады. Ол Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті — Елбасы
өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткізу бойынша
бастамашыл топ қызметінің қорытындылары туралы
баяндап берді.
Мемлекет басшысы Ұлттық жерсеріктік телера-
диохабар тарату желісін пайдалануға беру рәсіміне
қатысты.
Қазақстан Республикасының Байланыс және
ақпарат министрі А.Қ. Жұмағалиевтің елде сандық те-
лерадиохабар таратылымын енгізу барысы туралы ба-
яндамасынан соң, Президент бақылау және монито-
ринг орталығының жұмысымен танысты, спутниктік
22
Қаңтар
телерадиохабар таратылымы контентін кодтау мен
мультиплексиялауға арналған құрал-жабдықтарды
қарап шықты, содан соң салтанатты түрде Ұлттық
спутниктік телерадиохабар таратылымы жүйесін іске
қосты.
Соңынан Павлодар облысы Шербақты ауданының
Шегірін ауылымен телекөпір болды, оның барысын-
да Павлодар облысының әкімі Б.А. Сағынтаев облыста
спутниктік телерадиохабар таратылымын енгізу бары-
сы туралы ақпарат берді.
Спутниктік телевизияны іске қосу — ұлттық телеха-
бар таратылымын жаңа сандық технологияларға
ауыстырудың бірінші кезеңі. Бұл жоба Президент
тапсырмасы бойынша іске асырылады және республиканың
шалғай өңірлері тұрғындарының ақпараттық теңсіздік
деңгейін төмендетуге бағытталған. Жаңа жүйе пайдалануға
берілісімен елдің барлық тұрғындары, оның ішінде шалғай
жатқан және шекара маңындағы елді мекендер спутниктік
байланыс арнасы бойынша 40-қа жуық республикалық және
өңірлік телерадио бағдарламаларын тегін қабылдау
мүмкіндігіне ие болады. Абоненттер сондай-ақ ақылы
негізде әр түрлі тақырыптағы 50 шетел телеарналарын көре
алады.
Ұлттық спутниктік телерадиохабар таратылымын құрудың
келесі кезеңі қолданыстағы эфирдегі хабар таратудың бала-
малы желісін DVB /T2 сандық стандартына ауыстыруға ар-
налады. Жобаны іске асыру 2011–2015 жылдар кезеңіне
есептеліп, телерадиохабар таратудың эфирдегі сандық
желісімен елдің барлық аумағын қамтуға бағытталған.
Мемлекет басшысы «Дүниежүзілік пошта одағының
Жарғысына Жетінші қосымша хаттаманы ратифика-
циялау туралы» №392-ІV, «Қазақстан Республикасы-
ның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық
заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық
процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» №393-ІV заңдарына қол қойды.
19 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің төрағасы О.Б. Мұхамеджа-
новты қабылдады.
Кездесу барысында Парламенттің заң шығарушы-
лық жұмысының жағдайы мен басымдықтары, сондай-
ақ «нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы
парламенттік фракциясының қызметі талқыланды.
23
Қаңтар
Мемлекет басшысы «назарбаев Университеті»
«назарбаев Зияткерлік мектептері» және «назарба-
ев қоры» мәртебесі туралы» №394-ІV, «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім
беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» №395-ІV заңдарына қол қойды.
20 қаңтар
Мемлекет басшысы ресейлік «Лукойл» мұнай
компаниясының президенті В.Ю. Алекперовті
қабылдады. Ол Ақтөбе облысындағы газ өңдеу кешені
құрылысының барысы туралы ақпарат берді, сондай-
ақ Қазақстанда іске асыру үшін бірқатар келешегі зор
индустриялық-инновациялық жобаларды ұсынды.
Мемлекет басшысы «Ақорда» астаналық резиден-
циясында қазақстандық қоғам өкілдерімен кездесті.
Кездесуде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің
20 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті — Елбасы
өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткізу бойынша
жалпыұлттық бастама мәселелері талқыланды.
21 қаңтар
Мемлекет басшысы «Ақорда» астаналық резиден-
циясында 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына
дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Кеңесте Астана мен Алматы қалаларының
ойындардың ашылу және жабылу рәсімдерін
өткізуін ұйымдастыруы, ойынды өткізуге дайындығы
мәселелері қаралды.
Кеңес
қорытындылары
бойынша
Прези-
дент Азияданың барлық спорттық нысандарының
халықаралық федерациялар қойып отырған талаптарға
сәйкестігін тексеруді тапсырды және спортшылар
қазақстандықтардың үмітін ақтап, ең жоғары деңгейде
өнер көрсетеді деген сенімін білдірді.
24 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекованы
қабылдады.
Ол
Қазақстан
Республикасының
денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың
24
Қаңтар
2005–2010
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасын іске асырудың қорытындылары тура-
лы баяндады.
Мемлекет басшысы белгілі қазақстандық ақын,
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Қ.Ғ. Мырза Әлидің отбасына оның қайтыс болуына
байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Белгілі ақын Қадыр Мырза Әлидің өмірден өтуі —
қазақ әдебиеті үшін орны толмас қайғы. Оның нағыз
патриотизм рухы сезіліп тұратын шығармалары халық
арасында танымал. Ол дарынды ақын ғана емес,
еңбексүйгіштік пен жоғары азаматтық ұстанымдардың
үлгісі болды.
Қадыр Мырза Әлидің қызметі мен жарқын
бейнесі халқымыздың жадында мәңгілік сақталып
қалады. Осындай көрнекті ақынның өмірі оның бай
шығармашылық мұрасында жалғасын табады», —
делінген жеделхатта.
Қадыр Ғиянатұлы Мырза Әли 1935 жылғы 5 қаңтар
күні Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысының
Жымпиты ауылында туды.
Оның қаламынан 50-ден астам лирикалық шығармалар
жинағы жарық көрді. Олардың алғашқысы «Көктем»
деген атаумен 1959 жылы басылып шықты. Соңынан
«Жаңғалақтар», «Данышпан», «Кішкене Қожанасыр», «Ноян
қоян», «Алуан палуан», «Ой орманы», «Дала дидары»,
«Бұлбұл бағы», «Ақ отау», екі томдық «Домбыра», «Жерұйық»
және тағы басқа туындылары жалғасын тапты.
Қ.Ғ. Мырза Әлидің өлеңдеріне 200-ден астам әндер жазыл-
ды.
Қ.Ғ. Мырза Әли сондай-ақ рим ақыны Овидийдің, парсы
тілді ақын Р. Джалаледдиннің, италиялық балалар жазушы-
сы Дж. Родаридің, литва ақыны Э. Межелайтистің, француз
жазушысы В. Гюгоның, орыс ақындары М.Ю. Лермонтов пен
С.А. Есениннің, қазақ ақыны О.О. Сүлейменовтің және тағы
басқаларының шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980).
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Мемлекеттік гимнінің
бірлескен авторларының бірі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен
Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы
Қарыз туралы келісімді (Салықтық әкімшілендіруді
реформалау жөніндегі жоба) ратификациялау тура-
лы» №396-ІV, «2009 жылғы 11 желтоқсандағы Ке-
25
Қаңтар
ден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне
өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау ту-
ралы» №397-ІV, «2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден
одағының санитарлық шаралар жөніндегі келісіміне
өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификация-
лау туралы» №398-ІV, «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік
құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті
техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №399-ІV
заңдарына қол қойды.
25 қаңтар
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының
Президенті Д.А. Медведевке Мәскеу қаласындағы
«Домодедово» әуежайында адамдар қазасына әкелген
террористік әрекетке байланысты көңіл айту жеделха-
тын жолдады.
26 қаңтар
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» №400-ІV Заңына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылдау туралы» №1140, «Қазақстан
Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусым-
дағы №645 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» №1141 жарлықтарына қол қойды.
27 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды
деп тану туралы» №1142, «Жамбыл облысының көп
балалы аналарын «Алтын алқа» және «Күміс алқа»
алқаларымен наградтау туралы» №1143, «2011 жылды
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы
жылы деп жариялау туралы» №1144 жарлықтарына
қол қойды.
28 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы
Парламенті палаталарының бірлескен отырысында
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан
халқына
Жолдауын
жариялады
(Қосымшаны
қараңыз).
26
Қаңтар
Өз Жолдауында Президент елдің алдына
дағдарыстан кейінгі кезеңдегі ұлттық экономиканың
үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бойынша
жаңа стратегиялық міндеттерді қойды.
Сол күні Мемлекет басшысы «Ақорда» астаналық
резиденциясында Қазақстан Республикасы тәуелсіз-
дігінің 20 жылдығын өткізу мәселелері бойынша кеңес
өткізді.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары Қ.К. тоқаев
және О.Б. Мұхамеджанов, Мемлекеттік хатшысы —
Сыртқы істер министрі Қ.Б. Саудабаев, Президентінің
Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусин, Премьер-
министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа
технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев, «нұр Отан»
Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының
бірінші орынбасары н.З. нығматулин, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері, елдің
министрліктері мен ведомстволарының басшылары
қатысты.
Кеңесте мерейтойды өткізу жөніндегі тұжырымдама
мен іс-шаралар жоспары қаралды.
Мемлекет басшысы «Медиация туралы» №401-
ІV, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» №402-ІV заңдарына
қол қойды.
30 қаңтар
Мемлекет басшысы «Ақорда» астаналық резиден-
циясында Қазақстанға VII қысқы Азия ойындарының
ашылу рәсіміне қатысу үшін келген шетел мейманда-
рымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, н.Ә. назарбаев Ұлыбритания және
Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің бұрынғы
Премьер-министрі т. Блэрді, Азия олимпиадалық
кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабахты,
Халықаралық Олимпиадалық комитетінің төрағасы
Ж. Роггені, Қырғыз Республикасының Президенті
Р.И. Отынбаеваны және Біріккен Араб Әмірліктерінің
Абу-Даби мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен
Заид әл-нахаянды қабылдады.
27
Қаңтар
Сол күні Мемлекет басшысы астаналық «Астана-
Арена» спорт кешенінде өткен VII қысқы Азия
ойындарының ашылу рәсіміне қатысты.
Өз сөзінде н.Ә. назарбаев Қазақстан тМД елдері
мен мұсылман әлемінде алғашқылардың бірі болып
осындай құрлықаралық форумды өткізіп отырғанын
атап өте отырып, барлық қатысушылар мен қонақтарға
қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Қысқы
Азия ойындары Олимпиадалық ойындардан кейінгі
екінші тұрған ең ірі жарыстар болып табылады және
осы уақытқа дейін оларды өткізуді тек экономикалық
қатынаста ең мықты үш азиялық елдер: Жапония,
Қытай және Оңтүстік Корея ғана қолға алған еді. Енді
бұл қатарға Қазақстан да қосылды, — деп атап өтті
Президент (Қосымшаны қараңыз).
Азия ойындары Олимпиадалық ойындардан кейінгі
екінші тұрған ең ірі халықаралық кешенді жарыстар
болып табылады.
VII қысқы Азия ойындары Астана және Алматы қалаларында
өтті. Бұл ойындардың тарихында алғаш рет қатысушы-
мемлекеттердің саны 27-ге жетті. Спорттың 11 түрі бойынша
медальдар үшін 1 мыңнан астам спортшылар бақ сынасты.
Барлығы 69 медаль жиынтықтары ойнатылды.
Жарыстар бағдарламасына конькимен жүгіру спорты,
мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, «бенди» допты хоккей,
шаңғы жарысы, биатлон, трамплиннен шаңғымен секіру, тау
шаңғысы, фристайл, шорт-трек, қысқы спорттық шаңғымен
бағдарлау енгізілді.
VII қысқы Азия ойындарының қорытындысы бойынша
қазақстандық құрама 32 алтын, 21 күміс және 17 қола ме-
дальдарын ұтып, бірінші жалпыкомандалық орынды иеленді.
31 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының
тұңғыш Президенті — Елбасы өкілеттігін ұзарту тура-
лы референдум өткізу мәселесі бойынша Қазақстан
халқына Үндеуін жариялады.
н.Ә. назарбаев барлық қазақстандықтарға рефе-
рендум бойынша бастаманы қолдағандары үшін үлкен
алғыс білдірді, бірақ сонымен бірге Президент және
Конституцияның кепілі ретінде болашақ саясаткерлер
ұрпағы үшін қате бағдар беретін теріс үлгі көрсеткісі
келмейтіні туралы түсініктеме берді: «Мен бұл
жағдайды «қабылдау немесе бас тарту» ретінде емес,
өмірдің өзі бізге беріп отырған демократияның тарихи
28
Қаңтар
сабағы деп қарауды ұсынамын. Бұл — Президент пен
халқын Конституцияға адалдығына тексеретін сабақ».
Осы ұстанымдық негізде Мемлекет басшысы оның
өкілеттік мерзімін 2 жылға қысқартып отырғанына
қарамастан, президенттік сайлауды мерзімінен бұрын
өткізуді ұсынды (Қосымшаны қараңыз).
Тұңғыш Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін
ұзарту бойынша референдум өткізу бастамасы 2010
жылғы желтоқсанда Өскемен қаласында өткен
республикалық форумда Қазақстанның көрнекті бір топ
қоғам қайраткерлерімен алғаш рет ұсынылды. Идея
қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапты. Бір ай
ішінде оның астына 5 миллионнан астам азаматтар қол
қойды, бұл елдің сайлаушыларының жартысынан көбін
құрайды. Көп ұзамай бұл бастаманы Парламент те қолдап,
оны референдум мәселелері бойынша Конституцияға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамалық
бастама түрінде рәсімдеді.
Сонымен
бірге,
Президент
өзінің
Жарлығымен
депутаттардың заңнамалық бастамасынан бас тартты. Ал
Парламент оған қарамастан заң қабылдаған кезде, Н.Ә. На-
зарбаев Конституциялық кеңеске жүгінді, ол өзінің 2011
жылғы 31 қаңтардағы шешімімен қабылданған заңнамалық
норманы Негізгі заңға сәйкес келмейді деп таныды.
Конституциялық кеңестің қорытындысы негізінде Мемлекет
басшысы жоғарыда көрсетілген Қазақстан халқына Үндеуін
жариялады және 2011 жылғы 3 сәуірде өткен президенттік
сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді ұсынды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республика-
сы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №932
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №1145
Жарлығына қол қойды.
ақпан
Дс
7
14
21
28
Сс
1
8
15
22
Ср
2
9
16
23
Бс
3
10
17
24
Жм
4
11
18
25
Сн
5
12
19
26
Жк
6
13
20
27
31
Ақпан
1 ақпан
Мемлекет басшысы VII қысқы Азия ойында-
ры аясында Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт
сарайының мұз айдынында Қазақстан мен Қытай
құрамалары арасында өткен ерлер арасындағы шай-
балы хоккей матчын тамашалады.
Мемлекет басшысы «Б.Қ. Әміреевті Қазақстан
Республикасының Иран Ислам Республикасындағы
төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау
туралы» №1146, «Қазақстан Республикасы «Сырбар»
Сыртқы барлау қызметінің әскери рәміздері туралы»
№1147 жарлықтарына қол қойды.
2 ақпан
Мемлекет басшысы КСРО және Қазақ КСР
халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лау-
реаты Х.Б. Бөкееваның өмірден өтуіне байланысты
марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«театр сахнасында және кинода Хадиша Бөкеева Достарыңызбен бөлісу: |