Хроникасы



Pdf көрінісі
бет4/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

өзінің  өнерін  бағалайтын  көрермендеріне  қуаныш 

сыйлап,  жарқын  әрі  тамаша  бейнелер  сомда-

ды.  Оның  жарқын  бейнесі  халық  жадында  мәңгілік 

сақталады», — делінген жеделхатта.  

Мемлекет басшысы  «Қазақстан Республикасының 

Конституциясына толықтыру енгізу туралы» №403-ІV 

Заңына  қол қойды.

Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республика-

сы  Президентінің  2000  жылғы  15  қыркүйектегі 

№445 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №1148 

Жарлығына қол қойды. 

3 ақпан 


Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

кейбір конституциялық заңдарына толықтырулар мен 

өзгерістер енгізу туралы» №404-ІV Заңына қол қойды. 

4 ақпан 


Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапармен 

келген  Қырғыз  Республикасының  Премьер-министрі 

А.Ш. Атамбаевты қабылдады. 

Кездесу 


барысында 

тараптар 

екіжақты 

ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша 

пікір алмасты және шекаралық әрекет ету, инвестиция, 


32

Ақпан


энергетика,  мұнай-газ,  ауыл  шаруашылығы  және 

көші-қон салалары бойынша Қазақстан-Қырғыз бай-

ланыстарын  тереңдету  мен  кеңейту  тұрғысындағы 

уағдаластықтарға қол жеткізді. 

А.Ш. 

Атамбаев 



Қазақстан 

Президентінің 

Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру үдерісіндегі 

рөлін  жоғары  бағалап,  қырғыз  халқы  үшін  қиын-

қыстау  кезеңде  Қазақстанның  көрсеткен  қолдауы 

үшін алғысын білдірді. 

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау тура-

лы» №1149, «Қазақстан Республикасы Президентінің 

2008  жылғы  29  тамыздағы  №653  Жарлығына 

өзгерістер  енгізу  туралы»  №1150,  «Көп  балалы  ана-

ларды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен 

наградтау туралы» №1151 жарлықтарына қол қойды.  

6 ақпан 


Мемлекет  басшысы  Алматы  қаласында  болып, 

«Люксор» кешенінің аумағында орналасқан мұз айды-

нында болды. 

Содан  соң  Президент  VII  қысқы  Азия  ойындары 

аясында  Қазақстан  және  Моңғолия  құрамаларының 

арасында допты хоккейден ақтық матч өткен «Медеу» 

биік таулы спорт кешеніне барды. 

Сол күні Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы 

Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарай-

ында өткен VII қысқы Азия ойындарының салтанатты 

жабылу рәсіміне қатысты. 

7 ақпан


Мемлекет  басшысы  Алматы  қаласында  өткен 

Мәдениет, білім беру және әлеуметтік бағдарламаларды 

қолдау  қорының  Президенттік  стипендиясын  және 

Мәдениет  саласындағы  мемлекеттік  стипендиясын 

тапсыру рәсіміне қатысты. 

Рәсімге  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаттары, 

халық  жазушылары,  ақындар,  әртістер,  суретшілер, 

музыканттар,  Қазақстанның  мәдениет  саласына 

еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлері қатысты. 

Президент өз сөзінде қаңтар айындағы Қазақстан 

халқына  Жолдауында  халықтың  әл-ауқатын  одан  әрі 


33

Ақпан


жақсарту  жаңа  әлеуметтік  саясаттың  басты  мақсаты 

болып  анықталғанын  атап  көрсетті.  Білім  сала-

сын  жаңғырту,  денсаулық  сақтау  жүйесін  түбегейлі 

жақсарту,  тұрмыстық-коммуналдық  шаруашылықты 

жаңарту, тілдерді дамыту бағдарламасы және тағы да 

басқалары — осының барлығы да адамның игілігіне, 

қазақстандықтар  өмірін  жақсартуға  бағытталған. 

Жолдау  кезеңдік  сипатта  көрсетілген,  себебі  барлық 

міндеттер  10  жылдық  кезеңге  есептелген.  Адам 

мүдделеріне  шоғырландырылған  даму  стратегия-

сы  қазақстандық  қоғамның  барлық  мықты,  жауап-

ты  күштерінің  —  партиялар,  қоғамдық  бірлестіктер, 

шығармашылық  және  кәсіби  одақтар,  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  бірігуінің  маңызды  негізін 

қалады. 

 

Президенттік стипендия жыл сайын шығармашылық 



зиялы қауымның өкілдеріне тапсырылады. Стипен-

дия тағайындау туралы шешімді Мемлекет басшысы 

1994  жылғы  12  желтоқсанда  қабылдады.  Мәдениет 

саласының  мемлекеттік  стипендиясы  жыл  сайын 

шығармашылық  және  мәдени  зиялы  қауым  өкілдеріне, 

Қазақстан  Республикасының  құрметті  атақтары  мен 

марапаттарының  иегерлеріне,  сондай-ақ  Қазақстан 

мәдениетін  қалыптастырып,  қолдап,  дамытуға  өздерінің 

сүбелі  үлестерін  қосқан  дарынды  жастарға  қолдау  көрсету 

мақсатында тағайындалады. Мемлекеттік стипендия Прези-

дент жарлығымен 2000 жылы белгіленді. 

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  өзінің  алматылық 

резиденциясында 

қазақстандық 

спортшы-

лар  —  2011  жылғы  VII  қысқы  Азия  ойындарының 

қатысушыларымен кездесті және оларды Азиядадағы 

тамаша көрсеткіштерімен құттықтады.  

8 ақпан 

Мемлекет  басшысы  ЕҚЫҰ  жанындағы  Қазақстан 

Республикасының тұрақты өкілі Қ.Қ. Әбдірахмановты 

қабылдады.  Ол  Қазақстанның  2010  жылғы  ЕҚЫҰ 

төрағалығы  барысында  тұрақты  өкілдік  қызметінің 

қорытындылары туралы баяндап берді. 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Австрия  Республикасындағы  төтенше  және  Өкілетті 

Елшісі  Е.Х.  Қазыхановты  қабылдады.  Ол  елшіліктің 

2010 жылғы қызметі туралы баяндады. 



34

Ақпан


Мемлекет басшысы КСРО және Қазақ КСР халық 

әртісі,  Халық  қаһарманы  Р.т.  Бағланованың  қайтыс 

болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту 

жеделхатын жолдады. 

«Роза  тәжібайқызы  өзінің  көрнекті  дарыны,  та-

маша  орындаушылық  шеберлігінің  арқасында    ерек-

ше  құрмет  пен  халық  сүйіспеншілігіне  бөленді. 

Оның  орындауындағы  әлем  халықтарының  әндері 

тыңдаушыларды  таңқалдыратын.  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарында  Роза  Бағланова  жауынгерлерді  ерлік 

жасауға рухтандырып, алдыңғы шепте өнер көрсетті. 

Роза Бағланованың бай мұрасы мен жарқын бейнесі 

халқымыздың жадында мәңгі сақталады», — делінген 

жеделхатта. 

Мемлекет  басшысы  «Е.Х.  Қазыханов  туралы» 

№1152 Жарлығына қол қойды. 

9 ақпан 

Мемлекет  басшысы  «Glencore  International  AG» 

швейцариялық  трейдингілік  компаниясының  бас  ди-

ректоры А. Глайзенбергті қабылдады. 

Кездесу  барысында  компанияның  Қазақстандағы 

келешегі  зор  инвестициялық  жобалары,  оның  ішінде 

«Алтынтау» алтын шығару кен орнының зерттемелері 

бойынша жобалары талқыланды. 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы н.Ә. Әбіқаевты 

қабылдады. Ол комитеттің ағымдағы қызметі туралы 

баяндап берді.   

10 ақпан 

Мемлекет басшысы «1997 жылғы Ядролық залал 

үшін  азаматтық  жауапкершілік  туралы  Вена  конвен-

циясын  (1997  жылғы  12  қыркүйектегі  Хаттамамен 

енгізілген түзетулерімен 1963 жылғы 21 мамырдағы 

Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы 

Вена конвенциясының жиынтық мәтіні) ратификация-

лау туралы» №405-ІV, «Қазақстан Республикасының 

кейбір  заңнамалық  актілеріне  ипотекалық  кредит 

беру  және  қаржылық  қызметтерді  тұтынушылар  мен 

инвесторлардың  құқықтарын  қорғау  мәселелері 

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

№406-ІV заңдарына қол қойды. 


35

Ақпан


Президент сондай-ақ «Көп балалы аналарды «Ал-

тын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау 

туралы» №1154 Жарлығына қол қойды. 

11 ақпан 

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен 

«нұр  Отан»  Халықтық-демократиялық  партиясының 

XIII съезіне қатысты.

Съезге  600-ден  астам  делегаттар  және  2,5  мың 

меймандар қатысты, олардың қатарында көрнекті сая-

саткерлер, қоғам және мәдениет қайраткерлері, шетел 

партиялары, халықаралық ұйымдарының өкілдері де 

болды. 


Съезде  н.Ә.  назарбаев  2011  жылғы  3  сәуірге 

тағайындалған  сайлауда  Қазақстан  Республикасы 

Президенттігіне  кандидат  ретінде  ұсынылды,  2020 

жылға  дейінгі  партиялық  бағдарлама  қабылданды, 

қоғам өміріндегі ең маңызды мәселелерді шешу бойын-

ша партия жұмысының басым бағыттары анықталды, 

ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. 

«Бұдан  былайғы  жолымыздың  қандай  бола-

ры  туралы  менің  ойларым  «Қазақстан-2030»  стра-

тегиясында,  біздің  еліміздің  2020  жылға  дейінгі 

стратегиялық  даму  жоспарында  және  өзімнің  жаңа 

Жолдауымда  айтылған.  Осының  өзі  болашақта 

әрекет  ету  бағдарламасы  болмақ.  Жоғары  табыстар, 

мықты  денсаулық,  жайлы  баспана,  белсенді  еңбек 

бағдары  —  бұл  адам  бәсекелестігінің  көрсеткіштері. 

Мен әрбір қазақстандықтың осындай болғанын көргім 

келеді», — деп мәлімдеді Президент съезд мінберінен 

сөйлеген сөзінде (Қосымшаны қараңыз). 

Съезде  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы 

Парламентінің депутаттары, «нұр Отан» партиясының 

мүшелері, Ресей, Қытай, Литва, Азиялық саяси пар-

тиялар  халықаралық  конфедерациясының  өкілдері 

сөз  сөйледі.  Азиялық  саяси  партиялар  халықаралық 

конфедерациясының  төрағасы  Х.  Венесия  өз  сөзінің 

соңында  н.Ә.  назарбаевқа  конфедерацияның  «Ора-

сан жетістіктері және адамзатқа сіңірген зор қызметі 

үшін» орденін табыс етті. 

 

«Орасан  жетістіктері  және  адамзатқа  сіңірген  зор 



қызметі  үшін»  ордені  құрамына  Оңтүстік-Шығыс 

Азия,  Тынық  мұхиты  және  Таяу  Шығыс,  сондай-ақ 

Орталық  Азия  елдерінің  300-ден  астам  билік  басындағы 

және оппозициялық партиялары енетін  Азиялық саяси пар-

тиялар халықаралық конфедерациясының жоғарғы награда-

сы болып табылады.  



36

Ақпан


Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Қазақстан 

Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ба-

рып, барлық Президенттікке кандидаттар үшін жалпы 

міндетті мемлекеттік тілді білу емтиханын тапсырды.  

13 ақпан 

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушы-

сы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, Фаде-

ев  атындағы  Халықаралық  сыйлығының  лауреаты 

Ә.н.  нұршайықовтың  қайтыс  болуына  байланысты 

марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. 

«Әзілхан  нұршайықов  шынайы  халық  жазушысы 

болды. Оның шығармалары үнемі үлкен қызығушылық 

тудыратын.  Өз  өмірінің  соңғы  күндеріне  дейін 

халықтың  мұң-мұқтажын  жоқтап,  адамдарды  бірлік 

пен келісімге шақыра отырып, жемісті әдеби қызметін 

жалғастырып келді. нұршайықовтың жан жылуы оның 

шығармаларында көрініс тапты. Халық жазушысының 

жарқын  бейнесі  мен  оның  танымал  шығармалары 

халық  жадында  мәңгі  сақталады»,  —  делінген 

жеделхатта. 

 

Әзілхан  Нұршайықов  1922  жылғы  15  желтоқсанда 



Семей  облысы  Жарма  ауданы  Ақбұзау  ауылында 

туды. 


Ол  40-тан  астам  кітап  жазды,  олардың  көбі  Ұлы  Отан 

соғысына арналған. 1941 жылдан бастап майданға аттанған 

ол Калинин, 2-ші Балтық маңы, 1-ші және 2-ші Беларусь май-

дандарында шайқасты, Ржевск маңындағы ұрысқа қатысты. 

  «Невель  түбінде»  және  «Великие  Луки  ұрыстары»  атты 

шағын  повестерінде  қазақ  халқының  қаһарман  қызы 

Мәншүк  Мәметованың  жауынгерлік  жолы  баяндалған. 

«Ақиқат пен аңыз» диалог-романы аты аңызға айналған Ба-

уыржан  Момышұлына,  ал  «Аяқталмаған  әңгіме»  —  Кеңес 

Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған. 

Оның  «Алыстағы  ауданда»  (1956),  «Тың  астығы»  (1958), 

«Ертіс жағасында» (1959), «Жомарт өлке» (1960), «Махаббат 

жыры» повесі (1964) және т.б. очерктері мен әңгімелерінің 

жинақтары жеке-жеке кітап болып басылып шықты. 

Өзінің  өмір  жолын  Ә.Н.  Нұршайықов  қысқаша  төрт  сөзбен 

анықтайтын: «Артиллерист. Студент. Журналист. Жазушы». 

 14 ақпан 

Мемлекет басшысы Алматы қаласында жұмыс сапа-

рымен болып, жаңадан ашылған шұғыл жедел жәрдем 

ауруханасын және «нобель Алматы фармацевтикалық 

фабрикасы» АҚ көріп шықты. 


37

Ақпан


16 ақпан 

Мемлекет басшысы Ақмола облысында жұмыс са-

парымен болып, оның барысында Аршалы ауданының 

Ижевск  селосында  орналасқан  «Ижевск»  өндірістік 

кооперативінің жұмысымен танысты. 

Президент  өнімділігі  40  мың  бройлерге  жететін 

құс  фабрикасын  аралап  көрді.  Оның  өнімі  Астана, 

Көкшетау  қалаларына,  Ақмола  және  Қарағанды  об-

лыстарына жеткізіледі, жұмыртқа іріктеу цехын, ауыл 

шаруашылығы  техникасы  паркін  және  құрама  азық 

шығаратын зауытты қарап шықты. 

Сапарының  соңында  н.Ә.  назарбаев  кооператив 

өнімінің көрмесі ұйымдастырылған ауылдық Мәдениет 

үйіне барды. 

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

соттарының  төрағаларын,  сот  алқалары  төрағалары 

мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен 

босату туралы» №1155, «Көп балалы аналарды «Ал-

тын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау 

туралы» №1156 жарлықтарына қол қойды. 

17 ақпан 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Парламенті  Сенатының  төрағасы  Қ.К.  тоқаевты 

қабылдады. Ол жоғарғы палатаның заң шығарушылық 

қызметінің  ағымдағы  және  келешектегі  бағыттары 

мен Австрия Республикасының Вена қаласында өтетін 

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы отырысының қысқы 

сессиясына дайындық барысы туралы баяндады. 

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен 

Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрлігінің 

кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты. 

Мәжіліс  қорғаныс  ведомствосының  2010  жылғы 

қызметінің  қорытындысын  жасауға  және  алдағы 

міндеттерін талқылауға арналды. 

Қарулы  Күштердің  командалық  құрамының  ал-

дында  сөз  сөйлей  келе,  Президент  қазақстандық 

үкіметтің  қорғаныс  саясаты  экономиканың  нақты 

мүмкіндіктерімен байланысты  қорғаныс жеткіліктілігі 

принципіне,  ядролық  қарусыздық  мәртебесі  мен 

армияның  техникалық  және  ұйымдастырушылық 

жаңғыртулары негізінде құрылатынын атап өтті. 


38

Ақпан


Алқа мәжілісінің соңында 2010 жылдың қорытын-

дылары  бойынша  Қазақстанның  Қарулы  Күштерінің 

әскери жарыстары жеңімпаздарымен кездесті. 

18 ақпан 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Ауыл  шаруашылығы  министрі  А.Қ.  Күрішбаевты 

қабылдады.  Ол  ауыл  шаруашылық  жылының 

қорытындылары және агроөнеркәсіптік кешенді дамы-

ту  бойынша  Президент  тапсырмаларының  орындалу 

барысы туралы баяндады. 

Кездесу 

барысында 

сондай-ақ 

өсімдік 


шаруашылығын 

дамытудың 

перспективалары, 

аграрлық салада ылғал сақтау және су сақтау техно-

логияларын кеңейту, жер ресурстарын пайдаланудың 

тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. 

Мемлекет  басшысы  «Электр  желілерін  басқару 

жөніндегі  «KEGOC»  қазақстандық  компаниясы» 

АҚ  президенті  А.М.  Сатқалиевті  қабылдады.  Ол 

компанияның  ағымдағы  қызметі  туралы  есебін 

ұсынды және оның 2025 жылға дейінгі ұзақмерзімді 

даму стратегиясымен таныстырды. 

Мемлекет  басшысы  «Ғылым  туралы»  №407-ІV, 

«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 

актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы» №408-ІV заңдарына қол 

қойды. 

Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республика-



сы  Президентінің  кейбір  жарлықтарына  өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  №1157,  «Мем-

лекет  басшысының  2011  жылғы  28  қаңтардағы 

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан 

халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар ту-

ралы» №1158, «Қазақстан Республикасы прокуратура 

органдарының  рәмізі  туралы»  №1159,  «С.  Оливерді 

ІІ  дәрежелі  «Достық»  орденімен  наградтау  туралы» 

№1160 жарлықтарына қол қойды. 

21 ақпан 

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасында 

мемлекеттік сапармен болып, осы елдің астанасы Бей-

жің қаласында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті. 

Шағын құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты 

ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-


39

Ақпан


ақ  өзара  қызығушылық  тудырған  халықаралық 

мәселелер бойынша пікір алмасылды. 

22 ақпан 

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына 

мемлекеттік  сапары  барысында  ҚХР  Бүкілқытайлық 

халық  өкілдерінің  жиналысы  тұрақты  комитетінің 

төрағасы У Бангомен кездесті.

Кездесу  барысында  тараптар  екі  ел  басшылығы 

стратегиялық  ынтымақтастықты  тереңдету,  сондай-

ақ  өзара  қызығушылық  тудыратын  маңызды 

халықаралық  және  өңірлік  мәселелер  бойынша  кең 

пәтуәластыққа қол жеткізгенін атап өтті. Атап айтқанда, 

саяси  өмірдегі,  сондай-ақ  екі  ел  халықтарының 

арасындағы  өзара  түсінушілік  пен  достықты  нығайту 

үдерісіндегі парламенттердің рөлі жоғары бағаланды. 

Мемлекет басшысы «Астана-Алматы» жоғары жыл-

дамдықтағы  темір  жол  магистралі  Қазақстан-Қытай 

біріккен жобасының тұсаукесер рәсіміне қатысты. 

Жобаны  Қытай  Халық  Республикасының  темір 

жолдары министрі Шэн Гуанцзу мен «Қазақстан темір 

жолы»  Ұлттық  компаниясы»  АҚ  президенті  А.Ұ.  Ма-

мин ұсынды. 

 

«Астана-Алматы»  жоғары  жылдамдықтағы  темір 



жол магистралі құрылысының жобасы Қазақстанның 

барлық  теміржол  инфрақұрылымын  жаңғыртудың 

келешегін ашады. Ол сәтті іске асатын болса, Қазақстанның 

ең ірі қалаларының арасындағы қашықтық уақыт өлшемімен 

4 сағатқа дейін қысқаратын болады. 

Мемлекет басшысы Қытай іскерлік ортасының та-

нымал  өкілдерімен  кездесіп,  олармен  Қазақстан-

Қытай ынтымақтастығының экономикалық және сая-

си аспектілерін талқылады. 

Кездесуде  сөз  сөйлей  келе,  н.Ә.  назарбаев 

еуразиялық құрлықта маңызды геостратегиялық орын 

алатын  және  Қазақстанның  ірі  сауда-экономикалық 

серіктесі болып табылатын Қытаймен қатынастарына 

ерекше  мән  беретінін  атап  өтті.  «Екі  ел  арасындағы 

тауар айналымының қарқынды өсуі соның дәлелі бо-

лады.  Ол  2010  жылы  шамамен  50%  өсіп,  20  млрд. 

долларды  құрады,  —  деп  мәлімдеді  ол.  —  Өзара 

тиімді  негізде  экспорт  та,  импорт  та  өсуде  (Қытайға 

экспорт  —  75%-ға,  Қытайдан  импорт  11%-ға  өсті). 


40

Ақпан


Энергетикалық сектордағы бірлескен жобаларды іске 

асыру  белсенді  түрде  ілгерілеп  барады».  Бұл  ретте 

Президент  Қазақстанның  шетел  бизнесінің  болуын 

кеңейтуге  мүдделі  екенін  және  ол  үшін  инвестиция-

ларды  сақтау  бойынша  барлық  қажетті  шараларды 

қолданып отырғанын атап көрсетті.   

Мемлекет  басшысы  Қытай  Халық  Республика-

сы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаомен 

кездесті. 

Кездесуде  екі  ел  арасындағы  мұнай-газ 

секторының, сондай-ақ шикізаттық емес салалардағы 

жоғары  технологиялар  трансферті  бойынша  сауда-

экономикалық  байланыстарын  кеңейту  перспекти-

валары,  инфрақұрылымды  дамыту  және  тағы  басқа 

мәселелер талқыланды.   

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Қытай  Халық 

Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті.  

Кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер  барысын-

да  сауда-экономикалық  және  саяси  салалардағы 

екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері 

бойынша  пікір  алмасу  өтті.  Атап  айтқанда,  Қытай 

жағының  Қазақстанның  Үдемелі  индустриялық-

инновациялық  даму  бағдарламасын  іске  асыруға, 

атом  өнеркәсібін,  жел-,  гелио-  және  күн  энергетика-

сын,  ауыл  шаруашылығын,  көлік  және  коммуника-

ция, медицина салаларын дамыту бойынша бірлескен 

жобаларға қатысуы мәселелері талқыланды. тараптар 

сондай-ақ  ШЫҰ  аясындағы  ынтымақтастықты  одан 

әрі дамытуға мүдделестіктерін білдірді.

Келіссөздердің  қорытындылары  бойынша  шека-

ра маңы өзендері суларының сапасын қорғау туралы 

үкіметаралық  келісімге,  сотталған  тұлғаларды  тапсы-

ру туралы мемлекетаралық шартқа, «Астана-Алматы» 

жоғары  жылдамдықтағы  темір  жол  магистралінің 

құрылысы  саласындағы  «Қазақстан  темір  жолы» 

Ұлттық  компаниясы»  АҚ  мен  ҚХР  темір  жолда-

ры  министрлігі  арасындағы  ынтымақтастық  туралы 

меморандумға,  «Самұрық-Қазына»  Ұлттық  әл-ауқат 

қоры» АҚ мен «Қытайдың мемлекеттік даму банкі» АҚ 

арасындағы  1,7  млрд.  долларға  кредиттік  келісімге, 

«Қазфосфат»  ЖШС  мен  «SinoChem  Group»  Қытай 

химиялық  корпорациясы  арасындағы  стратегиялық 

ынтымақтастық  туралы  негіздемелік  келісімге, 


41

Ақпан


«Қазатомөнеркәсіп»  Ұлттық  атом  компаниясы»  АҚ 

мен  Қытайдың  Гуандун  ядролық-энергетикалық  кор-

порациясы  (CGNPC)  арасындағы  Индустриялық 

инвестициялық қорға қатысуы турасындағы түсіністік 

туралы меморандумға қол қойылды. 

Сапар  қорытындыларын  жасай  отырып,  Мемле-

кет басшысы ҚХР-мен ынтымақтастықты одан да биік 

деңгейге  шығаратын  мәселелерді  шешу  тұрғысынан 

оны  серпінді  деп  атады,  себебі  серіктестіктің  басты 

мәні шикізаттық емес контентті құрайды. 

23 ақпан 

Мемлекет  басшысы  Қытай  Халық  Республикасы-

на мемлекеттік сапары барысында Бейжің қаласының 

оңтүстік  темір  жол  сапаржайына  барып,  жоғары 

жылдамдықтағы темір жол магистралінің жұмысымен 

танысты,  содан  соң  поезбен  «Пекин-тяньцзинь» 

бағыты бойынша жүріп өтті. 

Келе салысымен Президент тяньцзинь қаласының 

Бас жоспар ғимаратына барып, қала дамуының жоба-

ларымен танысты. 

Содан соң н.Ә. назарбаев тяньцзинь қаласының 

басшылығымен кездесті. 

24 ақпан 

Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын 

алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау ту-

ралы» №1161 Жарлығына қол қойды.       

25 ақпан 

Мемлекет 

басшысы 

Жамбыл 


облысының 

әкімі  Қ.А.  Бозымбаевты  қабылдады.  Ол  2010 

жылғы  облыстың  әлеуметтік-экономикалық  даму 

қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған даму 

жоспары туралы баяндап берді.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет