Хроникасы



Pdf көрінісі
бет33/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында аграрлық сала-

да 75 жоба іске қосылды. Бұл — индустрияландыру картасына енгізілген барлық 

нысандардың  жартысына  жуығы.  Енді  жыл  соңына  дейін  тағы  да  92  аграрлық 

өндірісті ашу жоспарланып отыр.

Қазір  жұмыс  үстіндегі  ауылшаруашылық  кәсіпорындарын  жаңғыртудың 

ауқымына одан әрі қарқынды сипат беру маңызды. Үкімет әкімдермен бірлесе оты-

рып, аграрлық сектордың өңдеу өндірістерін жаңғыртудың нақты жоспарын әзірлеп 

іске асыруы керек. Бұл агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін 2 еселендіру 

міндетін орындаудың басты мәселесі. 



324

Қосымшалар

Бүгінде  Қазақстанның  ауылшаруашылық  саласын  жаңа  шептерге  алып  шығу 

үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет.

Бірінші.  Үкіметке  аграрлық  секторды,  соның  ішінде,  мал  шаруашылығы  мен 

өңдеу  өнеркәсібін  мемлекеттік  қолдаудың  жаңа  тетіктерін  енгізу  үшін  қадамдық 

жол картасын әзірлеуді тапсырамын.

Мен өз Жолдауымда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2 есе артты-

ру жөнінде тапсырма берген болатынмын. Мұны тек өнімді өңдеу, өнімнің ақырғы 

құнын арттыру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Бұл ретте Кеден одағымен, 

сондай-ақ  алдағы  уақыттағы  Бүкіләлемдік  сауда  ұйымына  кірумен  байланысты 

барлық мәселелерді ескеру керек.

Екінші. Қазақстанның ауыл шаруашылығы инновациялық болуы тиіс.

Бізге отандық аграрлық ғылымды дамытудың нақты бағдарламасы қажет.

10  жыл  ішінде  мемлекет  ауыл  шаруашылығындағы  ғылыми  әзірлемелерді 

даярлауға  20  млрд.  теңге  қаржы  жұмсады.  Біздің  ғалымдарымыз  жоғары  өнім 

беретін  бірқатар  бидай  сорттарын  әзірледі.  Бірақ  олар  барлық  жерде  бірдей 

қолданылмайды. неліктен бұлай болып отыр? 

Ғалымдар жаңа сорттар мен агротехнологияларды әзірлеуге ондаған жылдарын 

сарп етсе, мұнан кейін сорт сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия оларды енгізу 

қажет пе, жоқ па деген мәселемен 3 жыл бойы айналысады. Ал ғылым қазір бір 

жерде  тоқтап  тұрмайды  ғой.  Ақыр  аяғында,  біздің  аграрлық  ғалымдарымыздың 

еңбегі ешкімге қажет болмай, зая кетуде. Бұл кімге керек?

Сондықтан  Ауыл  шаруашылығы  министрлігіне  «Қазагроинновациямен» 

бірлесе отырып, біртұтас отандық аграрлық ғылымды реформалау бағдарламасын 

пысықтауды тапсырамын.

Аграрлық сала үшін білікті кадрлар даярлау — мәселенің екінші жағы. 

Қазіргі күні 43 ветеринарлық зертхананың құрылысы жүргізілуде, алдағы кез-

де  тағы  да  63  зертхана  салынатын  болады.  Олардағы  жаңа  құрал-жабдықтарда 

кімдердің жұмыс істейтіндігі ескерілген бе?

Сапалы ветеринарлық қызметсіз етті экспорттау да мүмкін емес. Біздің сапа-

мыз еуропалық стандартқа жауап беруі тиіс.

Аграрлық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына тексеру жүргізу ке-

рек. Ауыл шаруашылығының инновациялық дамуына қажетті мамандарды шығарып 

жатыр  ма  екен?  Жыл  сайын  даярланып  жатқан  мыңдаған  жас  агротехниктерден, 

басқа да аграрлық мамандардан толық қайтарым болу үшін не істеу керек? 

Ауыл  шаруашылығы  министрлігі  мен  Білім  және  ғылым  министрлігіне  осы 

мәселені пысықтауды тапсырамын. 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша аграрлық мамандықтарға берілетін квотаны 

да кеңейту керек деп есептеймін.

Үшінші.  Бүгінгі  күні  фермерлерді  агроинновацияны  енгізуге  ынталандыратын 

тиімді шаралар қажет. 

Шетелдік  технологияларды  енгізу  әзірге  ірі  және  орта  шаруашылықтардың 

ғана  қолдарынан  келеді.  Көптеген  фермерлер  іс  жүзінде  мұндай  мүмкіндікке  ие 

емес.  Сондықтан  ауылдағы  инновациялық  белсенділікті  қолдау  үшін  қолжетімді 

қаржылық тетіктерді әзірлеу қажет.

тамшылатып суаруға пайдаланылатын 18,5 мың гектар алқап біздің ауқымымыз 

үшін болмашы нәрсе екеніне келісесіздер ме?



325

Қосымшалар

тағы  бір  мәселе  —  бүгінде  109  млн.  гектар  жер  пайдаланылмай  жатыр,  ал 

бұл елдің жер қорының 42%. Оның ішінен ауыл шаруашылық дақылдарын егуге 

қосымша 2 млн. гектардай жыртылған жер тартыла алады.

Оның  үстіне,  мен  әлденеше  рет  айтқанымдай,  басы  артық  егіс  алқаптарын 

оңтайландыру керек. Мал азықтық, жармалық, бұршақтық және майлы дақылдар 

алқабын кеңейту қажет. 

Егістік құрылымдарын әртараптандыру тетіктерінің бірі — бидай өндірісін суб-

сидиялаудан  ауылшаруашылық  техникалары  лизингін  арзандатуға,  несиелерді 

арзандатуға, астықты кепілдікті баға бойынша сатып алуға қарай көшу.

Сондықтан Үкіметке егістік алаңдарды әртараптандыруды қамтамасыз ететіндей 

фермерлерді ынталандыру тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. 

Сонымен қатар, Үкімет пен облыс әкімдеріне барлық жерлерді қайта түгендеп, 

ауыл  шаруашылығы  айналымына  қосу  үшін  олардың  әлеуетін  айқындауды 

жүктеймін. түгендеу қорытындылары бойынша әрбір өңірдің ауыл шаруашылығын 

әртараптандыру жөніндегі жоспары болуы тиіс.

төртінші.  Етті  мал  шаруашылығын  астық  өндірісі  секілді  стратегиялық  салаға 

айналдыру міндетін алға қойдым. Осы мақсатқа деп «ҚазАгро» арқылы 130 млрд. 

бөлінді.


Бүгінгі  күні  елімізге  шетелден  әкелінген  асыл  тұқымды  малдардың  үлгілерін 

пайдалана отырып, жалпы мал басының сапасын арттыру жөніндегі селекциялық 

жұмыстарды күшейту қажет.

Елеулі резерв — Қазақстан үшін дәстүрлі қой шаруашылығын қоса алғанда, аз 

шығынды отарлы мал шаруашылығын қалпына келтіру. Оның үстіне бүгінде елде 

жайылымның 60% пайдаланылмай жатыр.

Барлық өңірлерде ауыл шаруашылығы өнімін дайындау, сақтау және тасымал-

дау орталықтарын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру маңызды.

Рекордтық астықпен байланысты біз элеваторлар, дән тасығыштар жетіспеушілігі 

проблемасына  тап  болдық.  Кейінге  қалдырмастан  астықты  сақтау  мен  тасы-

малдау  үшін  қуаттарды  кеңейтуді  жоспарлау,  мультиүлгілік  көлік-логистикалық 

инфрақұрылым жасау керек.

Осынау  бәрі  —  барлық  деңгейдегі  әкімдердің  және  әлеуметтік-кәсіпкерлік 

корпорациялардың міндеті.

Үкіметке  «Самұрық-Қазына»  әл-ауқат  қорымен  бірлесе  отырып,  «Қазақстан 

темір жолы» базасында халықаралық деңгейдегі қуатты көліктік-логистикалық ком-

пания құруды тапсырамын. теміржол, автокөлік жолдары, авиация, басқа да көлік 

бірыңғай орталыққа бірігуі қажет.

Бесінші.  Аграрлық  сектордың  дамуы  ауылдар  мен  селолардың  гүлденуінсіз, 

ауыл халқының тұрмыс жағдайының жақсаруынсыз мүмкін емес. 

Қазақстанда 7 мыңға тарта ауылдық елді мекен бар. Олардың 3 мыңға жуығы 

2020 жылға дейінгі еліміздің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды кестесіне 

енгізіліп  отыр.  Ауылдық  жерлердегі  перспективалық  өсудің  қазығы  ретінде 

бұлардың дамуы үшін барлық қажетті мемлекеттік ресурстар бағытталатын болады.

Қазақстандық  ауылдар  мен  селоларды  түрлендіру  үдерісін  жалғастырып, 

ауылдықтарға жұмыс істеу мен өмір сүру үшін жайлы жағдайлар құрамыз. 

Ұлттық компанияларды, кәсіпкерлерді, қоғамдастықтарды осы іске үлес қосуға 

шақырамын.



326

Қосымшалар

Қымбатты достар!

Біздің тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына небәрі бірнеше апта қалды. 

Бұл тек қана атаулы күн емес, сонымен қатар біздің одан әрі дамуымызды ой еле-

спен өткізетін сәт.

XXI ғасырда тек инновациялық көшбасшылыққа қол жеткізген мемлекеттердің 

ғана  алдынан  табыс  күтеді.  Сондықтан  индустриалды  Қазақстан  инновациялық 

Қазақстанға айналуы тиіс. Бұл агроөнеркәсіптік кешенге де қатысты.

Біздің  форумымыз  Ауыл  шаруашылығы  қызметкерлерінің  күні  қарсаңында 

өтуде. Сіздер өз кәсіби мерекелеріңізді жоғары рекордтармен қарсы алып отыр-

сыздар.


Сондықтан тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында мен өз Жарлығыммен 

ел  игілігі  жолында  көп  жылғы  игілікті  еңбегі  үшін  агроөнеркәсіп  кешенінің  200-

ден астам қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттаймын. Біздің Отаны-

мызды экономикалық, әлеуметтік-ізгілікті дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін 

саланың мына еңбеккерлеріне — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліпті. Ва-

лентин  Иванович  Двуреченскийге,  Әділхан  Айтқазынұлы  Кенжебаевқа,  Руслан 

Жұмабекұлы Молдабековке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру мен үшін ерек-

ше қуаныш.

Сіздерді лайықты наградаларыңызбен құттықтаймын!

Еңбекте табыстар мен мықты денсаулық тілеймін!



327

Қосымшалар

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық 

партиясының ХІV съезінде сөйлеген сөзі

Астана қаласы, 2011 жылдың 25 қарашасы

Құрметті съезд делегаттары!

Қадірлі қонақтар!

Менің партиялас серіктерім!

«нұр Отан» партиясының ХІV съезі біз үшін мерейлі меже — ел тәуелсіздігінің 

20 жылдығы мерекесі қарсаңында өтуде.

Біз жасампаз 20 жылда жүз жылға татитын ұлан-ғайыр жолды басып өттік.

Арайлы  азаттық  арқылы  қол  жеткізген  жетістіктеріміздің  баршасында  «нұр 

Отан» партиясының сүбелі үлесі бар.

төңірегіне  мұраттас  серіктерім  топтасқан  партия  тәуелсіздік  жылдарында 

қоғамды жаңа жобаларға жұмылдыра білді.

Шын  мәнінде  халықтық  ұйымға  айналған  «нұр  Отан»  менің  бастамаларыма 

қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы болуда.

Осылайша біз биік белестерді бірге бағындырдық.

тәуелсіздіктің  жасампаз  20  жылдығы  —  елдігімізді  орнықтыру  жолындағы 

алғашқы кезеңнің мерейлі қорытындысы.

Біз  мыңжылдықтың  үшінші  онжылдығына  қадам  басу  арқылы  ел  дамуының 

жаңа кезеңінде тұрмыз.

Бүгінде дамудың 2020 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық стратегия-

сын жүзеге асыра бастадық.

Ғасырлық  мәні  бар  бұл  жоба  бізге  жаңа  міндеттер  мен  жауапкершіліктер 

жүктейді.

Оның  үстіне,  болашақтың  не  ұсынарын  болжап  білу  қиын.  Көптеген  елдер 

дағдарыс дауылына шыдас бермей, шайқалуда. Сондықтан бұл кезеңді біз биік рух-

пен, кең тыныспен, тың серпінмен бастағанымыз абзал. Ол солай болғалы да тұр. 

Баршаңыз білесіздер, жаңа жылдан кейін елімізде Мәжіліс сайлауы өтеді.

Бұл  жолы  Мәжіліс  сайлауымен  бірге  жергілікті  мәслихаттардың  да  сайлауы 

қатар өтетіні белгілі.

Сайлау  қорытындысы  бойынша,  Конституцияға  сәйкес,  Мәжіліс  кем  дегенде 

2 партиядан тұруы керек. Елімізде саяси партияларға алғаш рет осындай мүмкіндік 

беріліп  отыр.  Бұл  —  сайлаудың  жауапкершілігі  мен  жүгін  арттырып,  партиялар 

арасында шынайы бәсекелестікті қыздыра түсетіні анық.

Мен  ел  болашағын  айқындауға  мүмкіндік  беретін  осы  сындарлы  сынақта 

Қазақстан халқы қолдау көрсетіп, «нұр Отан» партиясы басым дауыс алады деп 

кәміл сенемін.

Құрметті делегаттар!

Менің қымбатты серіктерім!

Бұл жолғы съездің тәуелсіздіктің 20 жылдығында өтуінің нышандық мәні бар.

Біріншіден, біз елімізді қалыптастыру жолындағы 2 онжылдыққа созылған ерен 

еңбегіміздің  қорытындысын  шығарып,  оны  лайықты  аяқтаудамыз.  Оның  соңғы 



328

Қосымшалар

5 жылы табысты Қазақстан жолы үшін шешуші болды. Олар қазіргі Парламенттің 

жұмысымен тұспа-тұс келді.

Дәл  осы  жылдар  біздің  халқымыз дың  ұлы  берік  бірлігін,  оның  мызғымас 

топтасқандығын айғақтап берді.

Біздің  ашық  экономикамыз  планетамыздың  барлық  тарихындағы  қаржы-

экономикалық дағдарыстың қатал емтиханына төтеп бере алды.

Біздің саяси және әлеуметтік жүйеміз нақты, тұрақты және тиімді жұмыс істеді.

Мұнда «нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының орасан еңбегі бар.

Екіншіден, біз бүгін іс-қимылдың «Қазақстан. 2017-нің мақсаттары» деп атала-

тын Ұлттық жоспарын партияның алдағы Мәжіліс сайлауындағы жоспары ретінде 

бекітетін боламыз.

«нұр Отан» қашанда нақты істердің партиясы болды және болып қала береді. 

Біздің  сайлауалды  тұғырнамамыз  —  бұл  Қазақстанның  2020  жылға  дейінгі 

стратегиялық даму жоспары мен «Қазақстан-2030» стратегиясының өз кезеңіне 

нақты белгіленген құрамдас бөлігі.

Және  біздің  ортақ  міндетіміз  —  сайлауалды  күресте  біздің  партиялық 

міндеттеріміздің түбегейлі мазмұнын әр сайлаушыға, әр қазақстандыққа жеткізу!

тәуелсіздіктің  үшінші  онжылдығының  тарихы  бүгін  басталады.  Сондықтан 

15 қаңтардағы парламенттік сайлау — бұл болашақтың ақиқат сәті деуге болады.

Мен  біздің  «нұр  Отан»  партиясын  қазақстандықтардың  бүкілхалықтық 

қолдайтынына сенімдімін. Бізге, нұротандықтарға тек жеңіс керек! Ол белгіленген 

бағдарламаларды орындауды жалғастыру және барлық азаматтардың әл-ауқатын 

одан әрі жақсарту үшін қажет.

Құрметті делегаттар!

5 жылға жуық уақыт бұрын, алғаш рет партиялық тізімдер негізінде өткізілген 

Мәжіліс  сайлауында  біздің  партия  сайлаушылардың  абсолютті  көпшілігінің 

қолдауына ие болды.

Бүгін осы съездің мінберінен біз мақтанышпен мәлімдейміз: «нұр Отан» партия-

сы 2007 жылғы сайлауға барған Халықтық тұғырнама мерзімінен бұрын орындал-

ды. Және бұл біздің ортақ жеңісіміз! Бұл біздің халқымыздың жеңісі!

Өйткені, біз оны әлемдік дағдарыстың аса ауыр жағдайында жүзеге асырдық. 

Себебі,  тұғырнама  түзілген  кезде  біз  осындай  дауылмен  бетпе-бет  келеміз  деп 

ойлаған жоқпыз. Оған, әрине, қандай да бір түзетулер енгізді, бірақ біз жолымыз-

дан адаспай, белгілеген және уәде берген міндеттердің үдесінен шықтық.

толық емес 5 жыл ішінде Қазақстан экономикасының көлемі 2 есе ұлғайды. тек 

осы жылы ғана инновациялық үлгідегі 350 жаңа кәсіпорын салынды.

тәуелсіздіктің 20 жылдығы жылында біздің ауылдықтар рекордтық 30 млн. тон-

на астық жинады. Біз әлемде ұн экспорты жөнінен бірінші орынды төртінші жыл 

қатарынан ұстап келеміз.

Қазақстан  шет  ел  инвестициясын  әлемде  ең  көп  тартқан  көшбасшы  20  ел 

қатарына енді.

тіпті құрылыс саласы үшін күрделі кезеңнің өзінде 19 млн. шаршы метр жаңа 

тұрғын үй салынды. Жарты миллионнан астам қазақстандық өздерінің тұрғын үй 

жағдайын жақсартты.

Жұмыссыздық деңгейі 7-ден 5,4%-ға дейін төмендеді.


329

Қосымшалар

Біз халық әл-ауқатының жаһандық рейтингінде әлемдегі алғашқы 50 мемлекеттің 

қатарына ендік. Жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі биылғы жылы 10 мың доллар-

дан астамды құрайды, ал 2015 жылға қарай 15 мың долларға жетеді. Біз кезінде 

бұл туралы тіпті армандай алдық па?

Бүгінде осы көрсеткіш бойынша біз, басқа көршілерімізді айтпағанның өзінде, 

Украинадан 2 еседен астамға асып түстік. Біз Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінің 

алдында тұрмыз.

төрт  жарым  жылда  тұрғындардың  ақшалай  табыстары,  бюджет 

саласындағылардың еңбекақылары, студенттердің стипендиялары 2 есе өсті.

Зейнетақы  төлемдері  мен  бір  жасқа  толмаған  сәбиді  күтіп-баққаны  үшін 

жәрдемақылар 2,6 есе өсті.

Білім беруге, ғылым мен денсаулық сақтауға шығындар 2 есе ұлғайды.

Бүкіл еліміз бойынша шамамен 4 мың жаңа балалар бақшасы ашылса, бұл туралы 

мен өзімнің Жолдауымда тапсырма берген болатынмын, 350 мектеп, 50 шақты кол-

ледж салынды. Жаңа назарбаев университеті, болашақтың Интеллектуалдық мектеп-

тер желісі құрылды. Біз ғылыми-инновациялық сала реформасына кірістік. Қажетті 

заңдар қабылданып жатыр, ғылымды қаржыландыру ұлғайды, тиісті заң қабылданды.

Қазақстанда  150-дей  жаңа  емхана,  аурухана  мен  медицина  орталықтары 

тұрғызылды.  Астанада  біздің  денсаулық  сақтау  саламыздың  флагманы  — 

Болашақтың госпиталі құрылу үстінде.

Қазақстандықтардың  өмір  жасының  ұзақтығы  2  жылға  артып,  ана  мен  бала 

өлімі айтарлықтай азайды.

Халықаралық сарапшылар қазірдің өзінде Қазақстанды ең жедел өсіп отырған 

әлем экономикасының үштігіне қосты. Біздің алдымызда тек Катар мен Қытай ғана 

тұр.

Әлемдік дағдарыстың қиын жылдарында біз өзіміздің әлеуметтік міндеттерімізден 



бас тартпай, Халықтық тұғырнаманың міндеттеріне адалдық таныттық!

Мен айтқан осы сандардың барлығының артында бүкіл халықтың және, әрине, 

біздің «нұр Отан» партиясының ауқымды жұмысы тұр.

«нұр  Отан»  партиясының  парламенттік  көпшілігінің  негізінде  жасақталған 

біздің  Үкіметіміздің  дағдарыс  жағдайында  кәсібилікпен  жемісті  жұмыс  істегенін 

атап өту керек. Парламенттік фракция қажетті заңдарды, оның ішінде дағдарысқа 

қарсы заңдарды да қабылдауды қамтамасыз етті. Мен съезд мінберінен Мәжілістің 

барлық депутаттарына олардың қызметі кезеңіндегі жауапты, нәтижелі жұмыстары 

үшін шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.

Партия олардың орасан тәжірибесін пайдалануы тиіс екеніне сенімдімін. Мен 

депутаттардың  көпшілігі  қайта  сайланады,  ал  кімнің  мандаты  аяқталса  —  пар-

тия  бұл  адамдар  өздерінің  тәжірибелерін  атқарушы  билік  органдары  мен  біздің 

партияның органдарында пайдаланулары үшін қамқорлық танытады ғой деп ой-

лаймын. Олар үлкен пайда әкелді.

Біздің  мәслихаттардағы  депутаттық  топтарымыз,  партияның  өңірлік  фили-

алдары  өңірлерде  Жол  картасының,  тұрғындарды  еңбекпен  қамтудың  жаңа 

стратегиясының орындалуы үшін адал еңбектенді.

Барлық өңірлерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешенін жаңғырту, жол 

жөндеу мен салу, қалалар мен ауылдарды абаттандыру бойынша біздің тарихымыз-

да бұрын-соңды болмаған жұмыстар жүргізілді.



330

Қосымшалар

«нұр  Отан»  партиясы  Қазақстан  халқы  Ассамблеясымен,  Қазақстанның 

кәсіподақтарымен,  қоғамдық  бірлестіктерімен  барлық  бағыттар  бойынша  тығыз 

жұмыс істеді.

Күрделі  кезеңде  біз  тұрақтылықты,  бейбітшілік  пен  келісімді  көзіміздің  қа-

рашығындай сақтадық.

Бұл Қазақстан бүкіл әлемде айтса сенгісіз бедел мен құрметке қол жеткізген 

нәтиженің берік негізі болып табылады.

Біздің әлемдік аренадағы табыстарымыз — барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттер 

үшін бірегей және теңдессіз.

Еуропа  Кеңесінің  бас  хатшысы  Ягланд  мырза  таяудағы  біздің  әңгімеміз  ба-

рысында  «әлемдегі  кез  келген  адам  Қазақстанның  өңірде  ғана  емес,  сондай-ақ 

әлемдік аренада үлкен табысқа жеткенін айта алатынын» айрықша атап көрсеткен 

еді. Бұл — сыртқы бақылаушының біздің жұмысымыз бен табыстарымызға берген 

шынайы бағасы. Мен біз үшін бұл ерекше жағымды ғой деп ойлаймын.

2010  жылы  Қазақстан  аса  ірі  халықаралық  ұйым  —  ЕҚЫҰ-ны  лайықты 

басқарды.  ЕҚЫҰ-ның  Астана  Саммиті  біздің  және  бүкіл  әлемдік  тарихтың  алтын 

парағының бірі болды.

Қазір, өте күрделі уақытта, біз Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы төрағалық 

миссияны атқарудамыз.

Біздің еліміз жаһандық антиядролық қозғалыстағы көшбасшылық позициясын 

айтарлықтай нығайтты. Біздің ядролық қарусыздану мен таратпау үдерісіне дәйекті 

қатысушы ретіндегі үлгіміз қазіргі әлемде ешқандай талас туғызбайды.

Біз, өздеріңіз білетіндей, идеясын 17 жыл бұрын мен ілгерілеткен еуразиялық 

интеграция саласында сапалық серпінділікке қол жеткіздік.

Қазақстан, Беларусь және Ресей Кеден одағы жұмыс істей бастады. Бір апта 

бұрын Мәскеуде 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Біртұтас экономикалық кеңістік 

қалыптастыру  туралы  үш  жақты  уағдаластыққа  қол  қойылды.  Бұл  қадам  біздің 

тәуелсіздігіміздің тағы бір кепілі болып табылады және біздің сыртқы экономикалық 

қауіпсіздігіміз бен өңірлік тұрақтылығымызды айтарлықтай нығайтады.

Айтылғандардың барлығы — біз 5 жыл бұрын жариялаған партия тұғырнамасын 

іс жүзінде орындаудың нақты нәтижесі.

Осылайша, «нұр Отан» партиясы халық бірлігінің, елді тек қана алға — жаңа 

жеңістер мен асуларға батыл жетелейтін мұқалмас ерік-жігердің партиясы болды 

және болып қала береді!

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті съезд делегаттары!

Біздің еліміз ауқымды модернизация дәуіріне аяқ басып келеді. Біз жаһандық 

дамумен  ортақ  ырғаққа  ендік.  Елді  дамытудың  стратегиялық  мақсаттары  мен 

міндеттері тұтас ондаған жылдарға бұрын жасалған.

2017  жылға  қарай  экономиканың  шикізаттық  емес  секторына  инвестици-

ялар  15%-ға  өседі.  ІЖӨ  құрылымында  өңдеуші  өндірістің  үлесі  айтарлықтай  ар-

тып, дайын өнім экспорты 40%-ға ұлғаятын болады. Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 

бір  жарым  есе  артады.  Металлургия  және  химия  салаларындағы  өндіріс  көлемі 

2 еселенеді. Біздің жеңіл өнеркәсіп өнімдеріміз ішкі рынок сұранысының үштен 

бірін қамтамасыз ететін болады.


331

Қосымшалар

тұтастай алғанда, біз болашағымызды ХХІ ғасырдың басты сынақтарын қаперге 

ала отырып елестетеміз.

Бүгінде  біз  әлемдік  дағдарыстың  тіпті  көптеген  жылдар  бойы  даму  мен 

тұрақтылықтың үлгісі саналған мемлекеттердің өзін қалай коррозияға ұшыратқанын 

көріп отырмыз.

2009 жылы-ақ мен әлемдік қаржы жүйесін реформалау бастамасын көтерген 

болатынмын.  «Дағдарыстан  шығудың  кілті»  атты  мақаламда  мен  дағдарысқа 

қарсы  опаланған  шаралар  әлемді  жаһандық  дағдарыстың  жаңа  толқындарында 

опа бермейтінін жазған едім. Және қазірде оқиғалардың дамуы мұндай бағамның 

әділдігін көрсетіп отыр.

Мен өзімді оптимистердің де, пессимистердің де қатарына қоспаймын. Бүгінде 

жаһандық  катаклизмдерге  дағдарыс  әлсіреткен  экономикаларға  мемлекеттік 

берешектің өсімі алып келуі ықтимал екені айқын.

Қаржы дағдарысы мен оған ере келген рецессиялар осал орта қалыптастырса, 

назар аударусыз қалдырылған тәуекелдер ертеңгі дағдарысқа айналады.

Еуропада  не  болып  жатқанына  қараңыздар.  Дефолт  қатері  Грекияның, 

Испанияның,  Италияның,  Португалияның  алдында  тұр.  Домино  әсерінен 

қауіптенген  Еуроодақ  елдерінің  басым  бөлігі  бүгінде  белгілі  бір  деңгейде  көмек 

сұрауға мәжбүр. Әлеуметтік проблемалар Америка Құрама Штаттарында, Австра-

лияда өткір көрінуде. Барлығына ауыр тиіп тұр.

Әлемдік  дағдарыс,  әрине,  бізге  де  әсерін  тигізетін  болады.  Және  ол  өткен 

кезеңдегідей біздің жоспарларымызға да түзету енгізуі ықтимал.

Сондықтан,  барлық  табыстарымызға  қарамастан,  біз  кез  келген  күтпеген 

жағдайларға дайын болуға тиіспіз.

Қазіргі заманғы саясаттың басты мәселесі — мемлекеттің нақты бағдары тура-

лы мәселе.

Ондаған елдердегі қазіргі мазасыз оқиғаларды, жалпылай алғанда, мемлекеттік 

құндылықтар  дағдарысы  деп  атауға  болады.  Әлем  қоғамның  басты  игілігі  құдды 

бір ақша болып табылатындай, айырбас пен жинақтау құралынан жалған «жоғары 

құндылықтарға»  айналып,  монетаризм  идеясын  елеусіз  ғана  «жұтып  қойды». 

Сондықтан,  қазіргі  мемлекеттерді  сауықтыру  —  өлшеуге  болмайтын  арқаулық 

құндылықтарға қайта оралу.

Әділеттіліктен  ауытқудың  өзі  әлемдік  дағдарыстың  түбегейлі  себебі  болып  та-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет