График а алматы "Білім" 2012


§ 13.12 Серіппе туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата27.03.2017
өлшемі5,19 Mb.
#10428
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
§ 13.12 Серіппе туралы түсінік
Қазіргі  заманғы  техникаларда  серіппелердің  көптеген  түрлері 
қолданылады. Серіппелерді тежегіштерде, сүйкелісті берілістерде жəне 
тербелістерде соққы əсерлерін баяулату үшін т.б. жағдайларда қолданады. 
Бөлшектер жұмысы кезінде туындайтын тербелістерде, соққы əсерлерін 

233
баяулату үшін немесе деформация кезінде серпінді күш есебінен механикалық 
энергияларды беру үшін қолданылатын бөлшектерді серіппелер деп атайды.
Сыртқы күштің əсерінен кейін серіппелер өзіндік серпінді күшінің 
арқасында бастапқы пішініне (форма) қайтып келеді. Бұл серіппелердің 
басты қасиеті болып табылады. Серіппе сызбаларын орындау жəне оларды 
шартты белгілеу ережелері стандарт бойынша тағайындалған. Серіппелер 
деформациялануының түріне қарай төртке бөлінеді: сығылу, керілу, бұралу 
жəне иілу серіппелері (263-сурет). Сыртқы пішініне қарай серіппе цилиндр, 
конус, шиыршық, қақтама жəне табақ тəрізді болады. Көлденең қималарына 
қарай серіппелер тіктөртбұрышты жəне дөңгелек қималы болып келеді. 
Орамының бағытына қарай серіппе оң (оңқай) жəне теріс (солақай) болып 
бөлінеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
263-
сурет 
Серіппенің жұмыс сызбасын орындау. Сығылу жəне керілу серіппелерінің 
жұмыс сызбаларын орындау үлгілері 264, 265-суреттерде көрсетілген. 
Серіппелер бос күйінде, сыртқы əсерлер ескерілмей кескінделеді. Жұмыстық 
сызбада серіппе тек оң бағытта орындалады. Ал, серіппе орамының шын 
бағыты техникалық талаптарда көрсетіледі. Проекциялаудағы геометриялық 
заңдылықтарды сақтасақ, серіппелердің көріністері синусоидалар деп 
аталатын қисықтар болады. Сызбаны салуды оңайлату үшін қисықтарды 

234
түзу кесінділермен алмастырады. Жұмыс сызбасын орындағанда серіппені 
горизонталь орналастырады. Алдымен серіппенің ось сызығы горизонталь 
сызылады. Одан кейін орам қималарының осьтерін – D
орт
 жүргізеді. Олардың 
арасы серіппе диаметріндегі (D) оны жасайтын сымның  диаметрін (d) 
шегергенде шыққан өлшемге (D
орт
=D-d) тең. Егер серіппенің орам саны 
төрттен артық болса, онда сызбада оның əрбір ұшының тек екі орамын ғана 
көрсетеді. Қалған орамдар көрсетілмейді. Сығылу серіппелерінің шекті 
орамдары сығылып жаншылады да, шеңбер доғасының  ¾ бөлігіне дейін 
егеліп тасталады. Сөйтіп, серіппе осіне перпендикуляр орналасқан тіректік 
орам пайда болады. Сымның диаметрі 1 мм-ге дейінгі серіппелердің шекті 
орамдары сығылмауы жəне егелмеуі мүмкін. 266, а-суретте серіппенің шекті 
орамдары сығылған; бірақ егелмеген (λ=0). 266, б-суретте сызылған орам 
шеңбердің ¾ бөлігі егеліп тасталған (λ=0). 266, в-суретте сызылған орамның 
¾ бөлігі егелген         
                                              (λ=0,25 (t-d);
мұндағы λ – тіректік орам мен жұмыстық орамның арасындағы саңылау.
Сығылу серіппесінің сызбасы.

235
Керілу серіппесінің сызбасы.
 
1,5d
0,75d
0,5d
t
t
t
d
0,25d
0,5t
0,5t
0,5t
0,25d
ג=0,25(t-d)

236
Керілу серіппелерінің ұштарында ілгектері болады. Көршілес орамдардың 
арақашықтығын серіппенің  қадамы (t) деп атайды. Сығылу жəне керілу 
серіппелерінің бір-бірінен айырмашылығы: сығылу серіппелері орамдарының 
арасында саңылау қалдырылса, керілу серіппелерінің орамдары бір-
біріне тигізіліп жасалады. Керілу серіппесінің қадамы серіппені жасауда 
пайдаланылған сымның диаметріне тең.
Жұмыстық сызбада серіппенің ұзындығы (Н), серіппе жасауға 
пайдаланылған сымның диаметрі (d) жəне серіппенің қадамы (t) мен диаметрі 
(D) көрсетілуі керек.
Басқа өлшемдері, атап айтқанда, серіппенің толық орам саны (n
1
), серіппе 
жасауға керек сымның ұзындығы (L) мен маркасы, орамдардың оралу бағыты, 
т.б. техникалық талаптарда көрсетіледі. 
Өлшеу аспаптары мен құралдарында қолданылатын арнайы серіппелер 
мен жауапты қызмет атқаратын серіппе сызбасының үстіне механикалық 
сипаттамасының диаграммасы сызылады. Диаграмма серіппеге түсірілген 
күш пен серіппенің деформациялық шамасының тəуелділігін көрсетеді.
Мұндағы:  Н – серіппенің ұзындығы (биіктігі);
Н
0
 – серіппенің бос күйіндегі ұзындығы (биіктігі);
Н
0
=t*n+0,75 d;
Р – түсірілген күш;
F – серіппенің сығылу (керілу) шамасы;
1 индексімен алғашқы деформация кезіндегі шаманы белгілейді;
2 индексімен жұмыс деформациясының шамасын көрсетеді;
3 индексімен максималь (max) деформация шамасын  көрсетеді.
Серіппені орындаудағы ықшамдаулар мен шартты белгілер:
D – серіппенің диаметрі;
D

 - серіппенің ішкі диаметрі;
D
орт. 
– серіппе орамының қима диаметрі, D
орт. 
D-d;
d – серіппе сымның диаметрі;
t – серіппенің қадамы;
n – серіппенің жұмыстық орамының саны;
n

– серіппе орамының толық саны.
Серіппе қимасын орындағанда қима фигурасын  жəне қиюшы жазықтықтың 
арғы жағындағы орамдарының əлпетін түзу сызықпен көрсетеді. Егер 
серіппе орамдарының  саны төртеуден артық болса, онда екі ұшынан бір-
екі (тіректіктен басқа) орамын көрсетеді де, серіппенің ұзына бойына орам 
қималарының осьтерін жүргізеді.
Құрастыру сызбаларында жəне сызбалардың жалпы көрінісінде 
серіппелердің қима фигурасын ғана кескіндеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда 

237
серіппе қимасының арғы жағында орналасқан бөлшектің көрінетін əлпеті 
орамның осіне дейін ғана көрсетіледі. Егер серіппе сымының  диаметрі 2 мм-
ден кем болса, онда сызбада қима фигурасы боялады. 
Сымның диаметрі 2 мм не одан кем болатын серіппелердің кескінін 
жуандығы 0,6-1,5 мм сызықпен жүргізіп  көрсетеді.
1.   Ажырайтын қосылыстар дегеніміз не, оған қандай қосылыстар 
жатады?
2.   Ажырамайтын қосылыстар дегеніміз не?
3.   Бұранда дегеніміз не?
4.   Өзек (стержень) пен тесіктегі бұранда қалай кескінделеді?
5.   Бұранданың жанабына байланысты қандай түрлері бар?
6.   Жүрістік бұранда дегеніміз не?
7.   Бұрандама дегеніміз не?
8.   Бұрандаманың қандай түрлері бар?
9.   Қиықжиек дегеніміз не?
10.   Сомын дегеніміз не?
11.   Сомынның қандай түрлері болады?
12.   Тығырық дегеніміз не?
13.   Бұрандамалық қосылыс дегеніміз не?
14.   Бұрамасұқпа дегеніміз не?
15. 
 Бұрамасұқпалы қосылыс пен бұрандамалық қосылыстың 
айырмашылығы неде?
16.   Бұрама дегеніміз не?
17.   Бұрамалық қосылыс дегеніміз не?
18.   Құбырлы қосылыс не үшін қажет?
19.   Құбырлы ажыратқының қандай түрлері бар?
20.   Кілтекті қосылыс дегеніміз не?
Ба ылау 
с ра тары

238
21.   Кілтекті қосылыстардың қандай түрлері болады?
22.   Сұққыш қосылысы дегеніміз не?
23.   Пісірмелі қосылыс дегеніміз не?
24.   Пісіру жапсары тілікте қалай көрсетіледі?
25.   Пісіру жапсарының қандай түрлері болады?
26.   Тойтарма шеге дегеніміз не?
27.   Тісті дөңгелек дегеніміз не?
28.   Тісті берілістің қандай түрлері болады?
29.   Тоғынды беріліс дегеніміз не?
30.   Серіппе дегеніміз не?
31.   Серіппенің қандай түрлері болады?
32.   Серіппенің ортаңғы орамдары неліктен кескінделмейді?
1.  Өзектегі бұранданың көрінісін көрсетіңіз.
2.  Өткірме тесіктегі конустық бұранданың көрінісін көрсетіңіз.
3.  Өзекте бұранданың диаметрі мен ұзындығын салып көрсетіңіз(267-
сурет).
Жатты у есептері
 
33.  Тіректік бұранданың жанабының көрінісін көрсетіңіз.
34.  Суреттегі бұранданың түрлерін рет санымен атап шығыңыз (268-сурет).

239
35.  Бұрандасының диаметрі М20 болатын бұрандама сызбасын салыңыз.
36.  Бұрандасының диаметрі М12 сомынның сызбасын салыңыз.
37.  Өлшемдер бойынша, бұрандасының диаметрі М22 бұрандамалық 
қосылыстың жеңілдетілген көрінісін салыңыз.
38.  Бұрандасының диаметрі М16 бұрамасұқпалық қосылыстың сызбасын 
салыңыз.
39.   Бұрандасының диаметрі М10 болатын конустық бұраманың сызбасын 
көрсетіңіз.
40.  Өлшем бойынша шартты тесік D
у
=20 бұрыштық қосылыстың 
сызбасын салыңыз.
41.   Біліктің диаметрі 32 сегментті кілтекті қосылыстың сызбасын салыңыз.
42.   Конустық сұққыштың 10×60 сызбасын салып көрсетіңіз.
43.   Қапсыра пісіру қосылысының сызбасын салыңыз.
44.   Пісіру жігі шахмат тəрізді  сызбасын салып көрсетіңіз.
45.  Тойтарма шеге 8×20. Дөңес басты тойтарма шегенің сызбасын 
салыңыз.
46.  Түзу тісті цилиндрлік дөңгелектің жұмыстық сызбасын салып 
көрсетіңіз.
47.  Жұмыстық он орамы бар сығылу серіппесінің сызбасын салып 
көрсетіңіз.
 

240
Осы тарау студенттердің материалды құрастыру сызбаларын оқу тəсілдері 
жəне құрастыру бірлігіне енетін тетіктердің конструкциялық пішінін 
(формасын) айқындай білу мүмкіндігін қалыптастырады. Бұйымды жасау 
үшін оның сызбасын білу қажет, сондықтан бұйым құрастырылатын тетіктер 
сызбаларын кескіндеп, оның көрнекі кескінін көрсетіп (бұйымның өзін 
көрсету), тетіктердің сызбалары мен құрастыру сызбаларының арасындағы 
негізгі айырмашылығын білуді үйретеді.
      
 § 14.1.   Нобай туралы жалпы түсінік
      
Нобай (эскиз) - бір рет қана қолданылатын, тетікті (бұйымды) жасауға жəне 
тексеруге қажетті барлық мəліметтер (пішіні, құрылымы, өлшемдері т.б.) 
қамтылған конструкторлық құжат. Масштаб тетіктердің пропорционалдықты 
сақтай отырып, тік бұрыштап (ортоганальды) проекциялау əдісі бойынша 
көз мөлшерімен алынып, сызу құрал-жабдықтарын пайдаланбай, қолмен 
орындалады.  
Нобайлар жабдықтарды жөндегенде, яғни істен шыққан тетіктердің орнына 
жаңа бөлшек қажет болғанда қолданылады. Ондай нобайды тетіктің нақты 
өзіне қарап жасайды. Өндіріс орындарында көбінесе тетікті тікелей нобай 
бойынша жасауға тура келеді, сондықтан оны маңызды техникалық құжат 
деп түсіну керек. Стандарттық бұйымдарға (бұрандама, бұрамасұқпа, сомын, 
тығырық жəне тойтармаға) нобай орындалмайды.
Нобайды сызба қағазына немесе торкөзді қағазға орындайды. Қағаздар 
орындайтын тетік пішіміне сəйкес таңдап алынады. Нобайда сызықтың 
түрлері, шрифт мемлекеттік стандарт бойынша орындалады. Нобайды 
торкөз қағазға орындау – қолайлы əрі тез. Торкөз қағазы бойынша тетікті 
кескіндегенде, бөліктерінің пропорциональдығын сақтау, перпендикуляр жəне 
параллель сызықтарды жүргізу, сызықтар бойымен түзу сызықтарды сызу 
оңайлайды. Сызу сабақтарында шеңбер сызуға циркульді қолдануға болады 
жəне олар кейін қолмен бастыра жүргізіледі. Нобай жұмсақ қарындашпен (М 
немесе 2М) орындалады.
ХІV-тарау
РАСТЫРУ СЫЗБАСЫ

241
Нобайды тетіктің нақты өзіне қарап отырып сызғанда, оны əр түрлі өлшеу 
құралдарын пайдаланып, өлшеу үшін қолданады. Тетіктерді өлшеу үшін 
əр түрлі құралдарды: металл сызғыштар, кронциркуль жəне нутромерді 
қолданады (269-сурет).  Тетіктің ұзындығын металл сызғышпен өлшеуге 
болады. Тесіктің ішкі диаметрін өлшеу үшін – нутромер, цилиндрлік өзектің 
диаметрлерін өлшеу үшін кронциркуль пайдаланылады. Нутромер жəне 
кронциркульмен алынған өлшемді сызғыш бойынша есептейді.
Тетікті дəлдікпен өлшеу үшін, штангенциркуль құралын  қолдану өте 
қолайлы (270-сурет). Штангенциркульмен өте дəл, миллиметрдің оннан бір 
жəне жүзден бір үлесіне дейін өлшенеді. Ол бірден сызғыштың да, нутромердің 

242
де жəне кронциркульдің де орнына қолданылады. Штангенциркульмен тетік 
бойындағы шұңқырдың тереңдігін де өлшеуге болады.
1.  Нобай сызбасын орындағанда, ең алдымен салынатын сызбаның 
берілген көріністер мен шартты белгілері бойынша, тетіктің сыртқы жəне 
ішкі пішінін мұқият қарап алып, сызбадағы өлшемдер мен жазуларды анықтап 
біліп алу шарт. Берілген тетіктің пішімін толық анықтап, масштабты сайлап 
алғаннан кейін пішімді тағайындайды. Нобай сызуын бастағанда тетікпен 
мұқият танысып алу қажет. Жан-жағынан қарап алып, геометриялық пішінін 
анықтап, шұңқырлар мен тесіктерін тауып, ұғып алу керек. Тетіктің пішіні 
 
туралы толық түсінік беру үшін көрініс, тілік жəне қималар таңдап алынады. 
Алдыңғы көріністі таңдауға ерекше көңіл аудару керек. Алдыңғы көрініс 
тетіктің ішкі жəне сыртқы пішіні мен өлшемдері туралы толық мəлімет беруге 
тиіс. Нобайда Ø жəне    
  Сызбаның рамкасы мен негізгі жазудың орны 
сызылады. Кескіндер сызба қағазына біркелкі орналастырылып, бөлшектің 
айналу осьтері мен симметрия осьтері салынады. Көріністің тұрпатын 
шектейтін габариттік тік бұрышты сызықтар жүргізіледі. Мүмкіндігінше 
толық мəлімет беретін алдыңғы (басты) көріністі, тілікті жəне қиманы таңдап 
алу керек.
2.  Тетіктің көрінетін сыртқы контурын жуан сызықпен көріністе бастыра 
жүргізеді. 
3.  Тетіктің көрінбейтін бөліктері үзік сызықтармен сызылады. Тілік пен 
қима орындалған жерді штрихтайды.

243
4.  Шығарма жəне өлшем сызықтары түсіріледі.
5.  Тетікті өлшеу құралдарымен өлшеп, өлшем сандары қойылады.
Негізгі жазу толтырылады. Негізгі жазуда тетіктің аты, оның жасалған заты 
жəне кескіннің масштабы көрсетіледі.
Нобайды тексергенде мыналарға назар аударған жөн:
a.  Орындайтын тетіктің алдыңғы көрінісі дұрыс таңдап алынған ба?
b.  Тетіктің пішінін толық түсіну үшін алынған көріністер жеткілікті ме?
c.  Өлшемдер дұрыс түсірілген бе, қайталанатын өлшемдер жоқ па?
d.  Түсіндірме жазудың барлығы да жазылған ба?
e.  Сызбаның негізгі жазуы дұрыс толтырылған ба?
1
 
2
271 a -
сурет

244

245
§ 14.2 Сипаттізім
Бұйымның құрамына кіретін тетіктер туралы негізгі мəліметтер көрсетілетін 
кестені сипаттізім (спецификация) деп атайды.
Құрастыру сызбасында сипаттізім қоса тіркеледі. Сипаттізім А4 пішімдегі 
жеке сызба қағазы мен негізгі жазудың үстінде орындалады. Сипаттізім мен 
негізгі жазудың өлшемдері 272-суретте көрсетілген. Ол құрастыру сызбасы 
бірлігінің құрамын, бұйымға арналған құрылмалық құжаттарды жинақтау 
үшін қажет.
Сипаттізім былайша  топтастыралады:
1. Сызбалардың қандай пішімде орындағаны жазылады;
2. Құрама бөлік болатын аумақтар жазылады;
3. Тетіктердің реттік нөмірі жазылады;
4. Сызбаның белгіленуі;
       
15 15 20
151
5
5
10
15
23
10
7
40
70
50
Пiшiм
5
6 8 8
8
70
63
10
22
15
1 2 3
4
5
6
7
272-
сурет

246
Сипаттізімнің 5-жолында тетіктердің атаулары графасының астынан бір 
жол тасталып, құжаттар деген сөз жазылады. Құжатқа кіретін құрастыру 
сызбасы жазылады. Содан соң бір жол тасталып, тетіктер деген сөз жазылады, 
онда құрастыру сызбасына кіретін тетіктердің атаулары беріледі. Тағы бір 
жол тасталып, «стандартты бұйымдар» сөзі жазылады, онда стандартты 
бұйымдарға кіретін тетіктер түрі қамтылады. Мысалы: Бұрандама М12х55х25. 
Келесі жолға материал сөзі жазылады, оған бұйымның қандай материалдан 
жасалғанын толтырады.
Сипаттізімде тетік атауларына қойылған реттік нөмірі сызбада тетіктердің 
жанына жазылады. Оларды сөрелерге жазып, оның сөрелерден тартылған 
көлбеу шығарма сызықтардың тетік кескіндеріне барып тірелген ұшына нүкте 
қойылады. Сөрелер жəне шығарма сызықтар тұтас жіңішке сызықтармен 
сызылады (273-сурет).
Тетік кескінін табу үшін сипаттізімнен оның нөмірін анықтап, оны сызбадан 
шығарма сызықтың ұшынан қажетті кескінін анықтай алады. 
Құрастыру сызбасындағы реттік нөмірді оңай табу үшін сөрелерді тұрған 
жолына қарай көлденеңнен (горизонталь) немесе тігінен (вертикаль) топтайды.
Реттік нөмірлерінде көрсетілген сандар өсу ретімен сөреге сағат тілімен 
немесе оған қарама-қарсы бағыт бойынша жазылады. 
Реттік сандар тетіктің көрінетін көрінісінде немесе тілікте көрсетіледі. 
Бекітілетін бір ғана жерде қажетті тетіктер тобы жазылатын ортақ шығарма 
сызық жүргізуге болады. 
5. Тетіктердің атаулары жазылады;
6. Тетіктердің саны жазылады:
7. Қосымша мəліметтер (ескерту) жазылады.

247
§ 14.3 Құрастыру сызбасы
Бұйымдардың кескіндері жəне оларды құрастырып тексеруге арналған 
мəліметтер көрсетілген сызбалар құрастыру сызбалары деп аталады. 
Құрастыру сызбасында бұйым өзінің құрамына енетін барлық тетіктермен 
қоса құрастырылған күйінде кескінделеді. Ең алдымен, əрбір жеке тетік өзінің 
сызбалары бойынша жасап шығарылады. Жасап шығарылған тетіктерден 
құрастыру сызбасы бойынша тұтас бұйым жиналады. Төмендегі суреттерде 
құрастыру бұйымы шұраға (вентиль) енетін тетіктердің суреттері мен 
сызбалары көрсетілген. 
Шұра дегеніміз – сұйық немесе газдың ағысын қажеттілігіне қарай 
тоқтатып, яғни реттеп (азайтып, көбейтіп) отыратын торап. 
 Құбырларға жалғанған құрамының ішінде тұтқа арқылы қозғалысқа келіп, 
ашылып, жабылатын желбезек болады (274-сурет).
Сөрелер жіңішке сызықтармен қосылады. Мысалы: бұрамасұқпа, сомын 
жəне тығырық.
Реттік нөмірін белгілейтін сандар мемлекеттік стандарт бойынша алынып, 
сызба шрифтісінен ірілеу жазылады.
274 -
сурет

248
Төмендегі cуреттерде шұраның бұйымға кіретін жекеленген тетіктері  мен 
сызбалары көрсетілген. Тетіктердің сызбаларында қандай кескіндер болса, 
құрастыру сызбасына да кіретін тетіктер, көрі-ністер, тіліктер жəне қималар 
болады. 
Көріністерді тетіктер сызбасындағы сияқты проекциялық байланыста 
орналастырады. Осы сызбалар бойынша тетіктер жасалады, ал тетіктерден 
(шұра) бұйым құрастырылады. 275-суретте тұрықтың (корпус) көрнекі кескіні 
мен сызбасы көрсетілген. 
Бүрлеуленген сомын көрнекі кескіні мен сызбасы 276-суретте көрсетілген.

249
Төмендегі 277-суретте шұраның бір бөлшегі – 
қақпақтың
 суреті мен 
сызбасы берілген.
278-сурет

250
278-суреттегі сояуыштың суреті мен сызбасы. Сояуыштың атқаратын 
қызметі – жүрістік бұранда арқылы тұтқаның көмегімен ілгері-кері қозғалысқа 
келтіріп  тұру.
279-суретте сояуыштың басына кигізілетін тұтқаның суреті мен сызбасы 
көрсетілген. 
 
Құрастыру сызбасында, негізгі көріністерден басқа, тетіктердің пішіні 
(формасы) мен олардың бұйымдағы орнын жақсы бейнелеу үшін қосымша  
көріністер қолданылады. Құрастыру сызбасындағы  А  ұштығы көрсетіліп 
тұрған көрініс жеке орындалған. Бұл  тұтқаның үстінен қарағанда толық 
пішінін көрсетеді. 280-суретте құрастыру сызбасының  А2 пішіміне 
орындалғаны көрсетілген.
Құрастыру сызбасындағы тетіктер біріктіріліп тұрған тетіктерді анық 
көрсету үшін тіліктер мен қималар орындалады. Құрастыру сызбасында əр 
бағытта штрихтауды қолдану тіліктерді орындаған кезде сызбаларды оқуды 
оңайлатады, көршілес тетіктерді бір-бірінен штрихтау бағытына қарап, 
айырмашылығын білдіруге мүмкіндік туғызады. Егер тілікке үш жəне 
одан да көп тетік енетін болса, онда штрихтау сызықтарының арасындағы 
қашықтықты өзгертуге болады, штрих сызықтардың арасын жиі немесе сирек 
сызықтармен сызуға болады. 
Құрастыру сызбасына сəйкес сипаттізімді жасау қажет.       
Сипаттізімде құрастыру сызбасына кіретін құрама тетіктер тізімі 
толтырылады. Құрастыру сызбасына реттік сандарды  дұрыс түсіру үшін 
барлық тетіктер ретімен орналасуы керек. Реттік сандарды толтырылған 
сипаттізімге сəйкес қойылады. Сипаттізім 4-сызбасының белгілену графасын 
толтыру жолы мынадай:    ҚС  000   Шартты белгі ҚС (құрастыру сызбасы), 
001, 002... - бұйымға кіретін тетіктердің белгілеу сандары жазылады.

251

252
Құрастыру сызбасы сипаттізімінің толтырылуы 281-суретте көрсетілген.
 

253
§ 14.4 Беттердің кедір-бұдырлығын сызбада белгілеу.
Жұмыс сызбасында тетік беттерінің кедір-бұдырлығы белгіленеді. Тетіктің 
рельефін түзейтін барлық беттердің жиынтығы кедір-бұдырлық деп аталады. 
Тетік беттерінің тегіс болмайтындығы белгілі, оның бетін өте үлкейтіп 
қарағанда металл кесетін аспаптардың өңдеу іздері айқын көрініп, бір-
біріне жақын орналасқан бұдырлықтар түрінде байқалады. Тетік беті мұқият 
өңделсе, онда бұдырлықты тек арнайы аспаптар көмегімен көруге болады. 
Микрометрмен өлшейтін бұдырлықтың шамаларына қарай мемлекеттік 
стандарт металдар үшін беттің кедір-бұдырлығының 14 тобын анықтау үшін 
тағайындалған. Беттің кедір-бұдырлығын сызбада белгілеу үшін 282-суретте 
көрсетілгендей таңба қойылады. Қойылған таңбаның бұрышы 60
0
-ды құрайды. 
Белгілер биіктігі шамамен өлшем сандарының биіктігіне тең. 
Тетіктердің барлық беттерінің кедір-бұдырлығы бірдей болса, оның белгісі 
сызбада оң жақ жоғарғы бұрышында орналастырылады. 283-суреттің сол 
 
 

254
жағындағы сызба үлгісі тетіктердің барлық беттеріне, екінші сызбада жеке 
беттерге жəне қалған беттер тетіктеріне ортақ болып келеді. 
Тетік бетінің тегіс еместігі - номиналдан (R
а
) орташа арифметикалық 
ауытқуы микрометрмен өлшенеді (284-сурет). 6....12 дейінгі топтар үшін 
сəйкес мəндер: 2,5; 1,25; 0,63; 0,32; 0,16; 0,08; 0,04. Жанабы тегіс емес 
биіктігінің (R
z
) 1....5- ке 13....14 топтар үшін сəйкес мəндер: 320; 16; 80; 40; 20 
жəне 0,1; 0,05.
§ 14.5 Тетіктердің жұмыстық сызбалары
Өнеркəсіп орындарында əртүрлі аспаптар, станоктар, көліктер жəне тағы 
басқа күрделі агрегаттар жасалады, олар шығарған өнімдер бұйым деп аталады. 
Бұйымдар жеке тетіктерден құралады. Ең алдымен əрбір жеке тетіктер өзінің 
жұмыс сызбалары бойынша жасап шығарылады (285, 286-сурет). Дайын 
тетіктерден құрастыру сызбасы бойынша тұтас бұйым құрастырылады.  
Тетіктерді жасау үшін, жұмыс сызбалармен қамтамасыз ету керек. 
Тетіктердің жұмыс сызбалары, құрастыру сызбалары бойынша сызу 
 
бөлшектеу деп аталады. Бөлшектеудің мəнісі – құрастыру сызбасы бойынша 
тетіктердің сызбасын сызу. Құрастыру бұйымына кіретін тетіктерді ойша 
бөлшектеу шарт. Тетіктің жұмыс сызбасы бойынша, оның пішінін (формасын) 
атқаратын қызметіне басты назар аударылу керек.  
Жұмыс сызбасында оның пішінін түсінуге қажетті кескіндер (көріністер, 
тіліктер, қималар) өлшемі мен беттердің кедір-бұдырлығының белгіленулері 
 

255
болады. Кескіндер санын анықтап алып, көрініс саны барынша аз, тетіктің 
пішіні мен өлшемдерін анықтау үшін жеткілікті болу керек. Жұмыс 
2
1
1
0
30

256
сызбасында кескіндер тік бұрыштап проекциялау əдісімен сызба құрал 
көмегімен орындалады. Сызылатын тетіктерді кескіндеу үшін масштабы 
таңдалуы қажет. Сызбада тетік жасалатын материалдар, олардың саны, тағы 
да басқа мəліметтер көрсетіледі. 
22
18
6
20
z
R
20
z
R
25,
1
z
R
25,
1
z
R
25,
1
z
R
5,
2
z
R
40
z
R

257
1.  Нобай дегеніміз не?
2.  Нобайдың сызбадан айырмашылығы неде?
3.  Нобайды орындау үшін қандай заттар (материал) қажет?
4.  Нобайда бөлшекті айналдыра өлшегенде қандай құралдар 
қолданылады?
5.  Нобайда қандай өлшемдер қойылады?
6.  Тетіктерді өлшеу үшін қандай өлшеу құралдары қолданылады?
7.  Сипаттізім деген не?
8.  Сипаттізім не үшін қажет?
9.  Құрастыру сызбасы деген не?
10. Құрастыру сызбасына қандай өлшемдер қойылады?
11. Стандарт бойынша кедір-бұдырлықтың неше класы тағайындалған?
12. Қандай сызбалар жұмыс сызбалары деп аталады?
13. Жұмыс сызбасына қандай талаптар қойылады?
14. Бөлшектеу дегеніміз не?
15. Бөлшектеу не үшін орындалады?
16. Өлшемдерді үйлестіру деген не?
17. Құрастыру сызбасын орындағанда тіліктер мен қималар    
      қолданылады ма?
  19.  Бұйым құрастырылатын тетіктердің атаулары құрастыру 
         сызбаларының қай жерінде көрсетіледі?
20. Бұйымның құрамына кіретін барлық өлшемдердің құрастыру 
сызбасын   түсіру қажет пе?
21. Беттердің кедір-бұдырлығының белгісі құрастыру сызбасында 
      орындалады ма?
22. Шығарма сызыққа жазылған сандар нені білдіреді?
Ба ылау 
с ра тары

258
1.  Сұрақтарға 286-сурет бойынша жауап беріңдер.
•  Тетік қалай аталады?
•  Ол қандай заттан жасалған (материалдан) ?
•  Тетік қандай кескіндермен көрсетілген?
•  Кедір-бұдырлықтың ең жоғарғы класы бойынша өңделген бетті    
 
 сызбадан көрсетіңдер.
2.  Тетіктің көрнекі кескіні бойынша олардың нобайын жəне өлшемін 
     түсіріңдер (287-сурет).
Жатты у есептері

259
1.  Қонақбаев К.Қ., Есмұханов Ж.М. Сызба геометрия. – Алматы: 1968. 
2.  Қонақбаев К.Қ. Сызба геометрия. -Алматы: 1971.
3.  Есмұханов Ж.М. Сызба геометрия есептері. -Алматы: 1985. 
4.  Əл-Машани А. «Ай арысы» ғылым жаңалықтары. -Алматы: 1996.
5.  Мусалимов Т.К. Основы методики курса начертательной геометрии и 
сборник задач. –Алматы: 1997.
6.  Нұрмаханов Б.Н. Сызба геометрия. -Тараз: 1999.
7.  Бəйдібеков Ə.К. Сызба геометрия (сандық белгілері бар 
проекцияларда). -Тараз: 1999.
8.  Мусалимов Т.К., Начертательная геометрия. –Астана: 2006.
9.  Жаңабаев Ж.Ж. Инженерлік жəне компьютерлік графика. -Алматы:  
2005.
10.  Мөлдеков И.О. Сызба геометрия. –М.: 2005.
11.  Нəби Ы. А. Инженерлік графика. -Алматы: 2006.
12.  Ыбраев А. Инженерлік графика. –Алматы: 2006.
13.  Колотов С.М., Евстифеев М.Ф., Михайленко В.Е., и др. 
Начертательная геометрия. –К.:  1975.
14.  Фролов С.А. Начертательная геометрия. –М.: 1978.
15.  Фролов С.А., Воинов А.В., Феоктистова Е.Д. Машиностроительное 
черчение.-М.: 1987.
16.  Короев Ю.И. Строительное черчение и рисование.-М.:1983.
17.  Чекмарев А.А. Инженерная графика.-М.:1988.
18.  Левицский В.С. Машиностроительное черчение. -М.:1988.
19.  Годик Е.И., Янушевский С.К., Бирюкович Л.К. Справочное 
руководство по черчению. –М.: 1986.
20.  Бəйдібеков Ə.К. Инженерлік графика (сандық белгілері бар 
проекцияларда). -Астана: 2009.
21.   Машина жасау-Машиностроение. Сөздік. Республикалық 
мемлекеттік «Рауан» баспасы.- Алматы 2000. -285 б.
ОЛДАНЫЛ АН ӘДЕБИЕТТЕР

260
Кіріспе ........................................................................................................
I-тарау. Сызбаларды безендіру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет