Ə.К. Бəйдібеков,
Т.К. Мусалимов, Ж.М. Садықова, С.Ə. Қолбатыр
И Н Ж Е Н Е Р Л І К
Г Р А Ф И К А
Алматы
"Білім"
2012
УДК 741/744(675.8)
ББК 38.2 я 73
И 54
Баспаға Қазақ мемлекеттік сəулет-құрылыс академиясының құрылыс жəне сəулет маман-
дықтары бойынша оқу-əдістемелік Кеңесі (№4 хаттама, 20.05.2011 ж.) жəне Л.Н.Гумилев
атын
дағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-əдістемелік Кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар: - педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Айтжан Мұхаметжанұлы Əбдіров
- техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Қамидолла Рафикұлы Фазылов
И
Бəйдібеков Ə.К,
Мусалимов Т.К, Ж.М. Садықова, С.Ə. Қолбатыр
ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА: - Алматы, "Білім", 2012. 264 бет.
ISBN 9965-31-279-6
Оқу құралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру
стандартына сəйкес орындалған. Негізгі мақсаты – «Инженерлік графика» пəнінің
негіздерін үйрету; сызбаларды салу мүмкіндіктерін арттыру; сызбаларды түсіндіру
əрі түсінікті салдырту; сызбалар салудың түрлі əдістерін меңгерту; сызба əдістерін
пайдалана отырып түрлі есептер шығару т.б. Кітапта сызбалардың көмегімен
техникалық есептерді шешу теориясы да қарастырылған.
Оқу құралы құрылыс, cəулет, жер өңдеу, жол құрылысы жəне басқа да
техникалық мамандықтарында оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттері мен
оқытушыларына арналған.
УДК 741/744(675.8)
ББК 38.2 я 73
ISBN
9965-31-279-6
©
Бəйдібеков
Ə.К.,
Мусалимов Т.К.,
Садықова
Ж.М.,
Қолбатыр
С.Ə.,
2012
©
"Білім"
баспасы
2012
2004020000
00(05)-12
Б
3
Ата-бабадан қалған аманат – байтақ жеріміздегі қазба байлықтарды
игеруде, еліміздегі халықаралық жəне қалааралық автомобиль жолдары мен
жаңа қалалар салуда, ауыл шаруашылығын дамыту мен инженер - мамандар
дайындауда инженерлік графика пəнінің маңызы үлкен. Көбіне студенттер
сызба геометриясы секілді инженерлік оқу құралдарын оқығанда, алдымен
тақырыпты суретіне қарап түсінеді.
Сызбаны сызу жолдары дүние жүзіндегі елдердің барлығына бірдей
ортақ болғандықтан, мектеп қабырғасында өтетін сызу пəні халықаралық,
интернационалдық техника тілі болып табылады. Себебі, сызбаны орындау
кезінде үлгі қалып (стандарт) бойынша белгілі тоғыз сызық түрі қолданылады.
Француздың атақты ғалымы жəне мемлекет қайраткері Гаспар Монж
(1746 – 1818) өзіне дейінгі кескіндерді салу туралы мағлұматтарды жинақтап,
белгілі бір жүйеге келтіре отырып, алғаш рет 1795 жылы «Сызба геометрия»
атты еңбегін жазып шықты. Міне, осы уақыттан бастап сызба геометрия жеке
ғылым ретінде қалыптаса бастады. Жоғарыда айтып кеткендей, егер сызба
техника тілі болса, онда сызба геометрия осы тілдің грамматикасы болып
табылады [7, 8, 11]. Біздің дəуірімізге дейін өмір сүрген Эсхилдің (б.д.д.
525-456 ж.ж.), Анаксагордың (б.д.д. 500-428 ж.ж.), Демокриттің (б.д.д. 460-
380 ж.ж.), Евклидтың (б.д.д. III ғасыр) жəне Витрувийдің (б.д.д. I ғасыр)
еңбектерінде сызба геометрия негіздері болған. Бұл саланың ғылым ретінде
қалыптасуына орта ғасырда өмір сүрген бабаларымыз əл-Хорезми (780-850),
əл-Фараби (870-950), əл-Бируни (973-1050), Насредин Тусидің еңбектері
мен зерттеулері ұшан теңіз. Қайта өрлеу заманында өмір сүрген Леонардо
да Винчидің (1455-1519), Декарттың (1596-1650) жəне Дезаргтың (1593-
1662) жасаған теориялары сызба геометрияның жеке ғылым болып жетілуіне
себепкер болған.
Сызба геометрия пəні сызбаны қалай оңай жəне түсінікті салуға, сызбаны
сызудың əдістері, сызбаны қалай оқуға, сызба əдістерін пайдалана отырып,
қандай есептер шығаруға болатыны т.б. секілді сұрақтар мен мəселелердің
КІРІСПЕ
4
шешілу жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, сызба геометрия сызбаны
салу мен ол туралы білімді жəне сызбалардың көмегімен инженерлік есептерді
шешу теориясын меңгертетін пəн болып саналады [1, 2, 3].
Сызба геометрия төмендегідей бөлімдерден тұрады: проекциялау əдіс тері;
аксонометриялық проекциялар; нүкте мен түзу сызық проекциялары; қисық
сызық пен жазықтық проекциялары; беттер проекциялары; тұрғылықты
(позициялық) жəне өлшем (метрикалық) есептері; сызбаны түрлендіру
тəсілдері; көлеңкелер. Осы бөлімдерді толық меңгерген студент өзінің ойлау
қабілетін өрістете отырып, кеңістікте орналасқан нəрселердің кескіндерін
салу, сызбадағы кескіндер арқылы жаңа бір нəрсені құрастыру жəне сызбадағы
түрлі есептерді шығару мəселелерінен мол мағлұмат алады.
Қазіргі инженерлік графика пəні – жоғарыда аталған сызба геометрия пəні
мен машина жасау жəне құрылыс сызбаларының теорияларын зерттейтін
ғылым. Инженерлік графика теорияларының жетістіктері техника мен
ғылымның əртүрлі салаларында кеңінен қолданылуда. Сондықтан жер
жұмыстарының сызбаларын сауатты орындау, инженерлік ғимараттарды
жобалау жəне тұрғызу үшін, жер бетінде салынатын аса қажетті ғимараттар-
ды сызбамен кескіндеу теориясының негіздерін инженер осы инженерлік
графика теориясы арқылы біліп үйренеді [9, 10 12, 13].
Кітапты жазу барысында авторлар өзара төмендегідей тарауларды бөліп
жазған: кіріспе мен 1-6, 8, 9, 10, 11-тарауларды т.ғ.д., профессор Ə.К.Бəйдібеков,
7-тарауды п.ғ.д., профессор Т.К. Мусалимов, 12-тарауды аға оқытушы
Ж.М.Садықова, ал 13 жəне 14-тарауларды аға оқытушы С.Ə.Қолбатыр.
5
Елімізде жəне басқа да мемлекеттерде кез келген бұйым, стандарттар
тағайындаған ережелер бойынша жасалуы тиіс. Себебі дайындалған
сызбаны басқа адамдардың да оқуы үшін жəне сол сызба арқылы бұйым
жасап немесе құрылыс тұрғызу үшін сызба бірқалыпты стандарттарға сай
орындалуы керек. Стандарт ағылшынның үлгі, өлшем деген сөзінен шыққан.
Бұл дегеніміз барлық елдер үшін ортақ құрылған бірыңғай конструкторлық
құжаттар жүйесі болып табылады. Ол құжаттар жүйесі мынадай топтарға
бөлінеді: жалпы жəне негізгі жағдайы; бұйымдар мен конструкторлық
құжаттардың белгіленуі; сызбаларды орындаудың жалпы ережелері; машина
жасау бұйымдары мен аспап жасау ережелері; конструкторлық құжаттарды
тіркеу, сақтау жəне пайдалану ережелері; бұйымдарды пайдалану жəне
жөндеу құжаттарының ережелері; сұлбаларды орындау ережелері; құрылыс
жəне кеме жасау құжаттарын орындау ережелері.
Осы аталған мемлекеттік стандарттар топтамасынан сызбаларды
орындаудың жалпы ережелерін қарастырамыз. Ол жиырма бір түрге бөлінеді.
Біз осылардың ішіндегі кейбір түрлеріне тоқталамыз.
§ 1.1 Пішімдер
Кез келген сызбаны орындау үшін, алдымен стандарт арқылы өлшемдері
шектелген сызба қағазы керек, оны «Пішім» деп атайды. Стандарттар ішіндегі
сызбаларды орындаудың жалпы ережелері тобының бірінші түрі «Пішімдер»
болып табылады. Бұл стандарт бойынша пішімдер негізгі жəне қосымша
болып екіге бөлінеді.
Негізгі пішімдер бес түрге бөлінеді:
А0 - мемлекеттік стандарт бойынша пішімнің ені 841 мен ұзындығы 1189
мм-ге тең болады;
А1 – (594×841); А2 – (420×594); А3 – (297×420); А4 – (210×297).
Айта кететін бір жайт, қажет болған жағдайда А5 (148×210) пішімді сызба
қағазы қолданылады.
І-тарау
СЫЗБАЛАРДЫ БЕЗЕНДІРУ
6
Өндірістер мен жобалау институттарында кей жағдайларда қосымша
пішімдерді қолдануға тура келеді. Олар 19 түрге бөлінеді. Егер пішім А0×2
деп берілсе, онда А0 пішімнің ені екі есе үлкен болады. Төменде қосымша
пішімдердің түрлері көрсетілген:
А0×2; А0×3; А1×3; А1×4; А2×3; А2×4; А2×5; А3×3; А3×4; А3×5; А3×6;
А3×7; А4×3; А4×4; А4×5; А4×6; А4×7 А4×8; А4×9.
Сызбаны сызба қағазына жүргізер алдында пішімге шекаралық сызықтарды
тұтас жуан сызықтың көмегімен, сол жағынан 20 мм, оң жағынан 5 мм, төмен
жəне жоғарғы жағынан 5 мм арақашықтықта сызып қоямыз (1-сурет).
Айтып өту керек, А0 жəне А1 пішімінде шекаралық сызықтар, сол
жағынан 25 мм, оң жағынан 10 мм, төмен жəне жоғарғы жақтарынан 10 мм
арақашықтықта сызылады.
§ 1.2 Масштабтар
Мөлшеріне жəне орындалатын пішіміне байланысты сызылатын сызбаны
үлкейтіп немесе кішірейтіп сызуға болады. Ол үшін стандарттардағы
сызбаларды орындаудың жалпы ережелері тобының екінші түрі
«Масштабтарды» қолданамыз.
Нəрсенің сызбада сызылған өлшемі мен оның нақты қолданыстағы өлшеміне
қатынасын масштаб дейді. Масштабтар стандарттардың белгіленуіне жəне
қолданылуына байланысты үлкейтілген, кішірейтілген жəне нақты болып
үшке бөлінеді. Сызбада масштаб сөзі жазылмайды, оның орнына масштаб
сөзінің бас əрпі
М ғана жазылады.
Мемлекеттік стандарт бойынша белгіленген масштаб түрлері:
- кішірейту масштабы:
3
А
5
5
20
7
М. 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200;
1:400; 1:500; 1:800; 1:1000;
- үлкейту масштабтары:
М. 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1;
- нақты масштаб: М 1:1 қолданылады.
Бұл масштабтар барлық өндірістер мен құрылыс сызбаларын дайындағанда
міндетті түрде қолданылады. Кей жағдайларда ірі өндірістерді жобалау
кезінде мынандай масштабтар қолдануға болады: М 1:2000; 1:5000; 1:10000;
1:25000; 1:50000.
Айтып кететін бір жайт, егер сызба пішімде бірдей масштабпен сызылған
болса, онда масштаб белгісі негізгі жазу ішіндегі масштаб графасына
жазылады.
Ал, егер сызба пішімде əртүрлі масштабпен сызылған болса, онда масштаб
белгісі əр сызбаның үстіне масштабын жазып қояды.
Егер сызбада əртүрлі масштабтар болса, онда өзінің өлшемін миллиметр
арқылы көрсетіп қояды. Кейде құрылыс сызбаларын орындағанда метрмен
белгілеуге рұқсат етіледі.
§ 1.3 Сызба сызықтары
Сызбаны оқу жəне сызу үшін сызатын жəне безендіретін сызықтар түрін
білу керек. Сызбада сызықтар түрі мен олардың өлшемдерін (ұзындықтары
мен қалыңдықтары) «Сызба сызықтары» деп аталатын мемлекеттік стандарт
бойынша оқытып үйретеді.
Мемлекеттік стандарт бойынша тоғыз сызық түрі тағайындалған:
- тұтас жалпақ негізгі сызық;
- тұтас жіңішке сызық;
- тұтас ирек сызық;
- тұтас жіңішке сынық сызық;
- үзілме сызық;
- нүктелі үзік сызық;
- қос нүктелі үзік сызық;
- жуан нүктелі үзілме сызық;
- үзік сызық.
Сызбадағы сызықтардың жуандығы сызбаның пішімі мен сызбаның
күрделілігіне байланысты 0,5 миллиметрден 1,4 миллиметр арасында болады.
Бұл жуандықты латынның s кіші əрпімен белгілеп қояды.
Егер сызба бірдей масштабта сызылса, онда сызықтардың жуандықтары да
бірдей болады. Осымен қатар үзік, нүктелі үзік сызықтардың сызықшалары
да бірдей ұзындықта болып, сызбаның күрделілігіне байланысты сызықшалар
қысқа жəне ұзын болады. «Сызба сызықтары» мемлекеттік стандарты
8
бойынша А1 пішімінде сызылатын сызбадағы тұтас қалың негізгі сызықтың
қалыңдығы қаламмен сызғанда 1,0 миллиметр болуы қажет. Ал, бұдан кіші
пішімдер 0,8 мм болады.
Төмендегі 1-кестеде сызықтардың түрлері мен өлшемдері көрсетілген.
Үзік жəне нүктелі үзік сызықтардың сызықшалары мен олардың
арақашықтықтары бірдей ұзындықта сызылады. Сызбада үзік сызықтар
міндетті түрде тұтас қалың негізгі сызықпен түйіседі. Нүктелі үзік
сызықтардағы сызықшалар шеңберден немесе айналу денесінен міндетті
түрде екі, үш миллиметр шығып, өзара қиылысуы қажет.
1-кесте
N/N
СЫЗЫҚТЫҢ
АТАУЫ
СЫЗЫҚТЫҢ ТҮРІ
СЫЗЫҚ-
ТЫҢ
ЖУАН-
ДЫҒЫ
СЫЗЫҚТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1
Тұтас жуан негізгі
сызық
s
Сызбаның көрінетін сызы-
ғын (контурын) жəне қима-
ларды көрсететін сызық
2
Тұтас жіңішке
сызық
2
3
s
s y
Сызбадағы шығарма жəне
өлшем сызығы.
3
Тұтас жіңішке
ирек сызық
2
3
s
s y
Сызбаны үзу мен көріністі
жəне тілікті шектеу сызығы
4
Тұтас жіңішке
сынық сызық
2
3
s
s y
Ұзын сызбаны үзу жəне
көрініс пен тілікті шектеу
сызығы
5
Үзілме сызық
2
3
s
s y
Сызбаның көрінбейтін сызы-
ғын көрсететін сызық
6
Нүктелі үзілме
сызық
2
3
s
s y
Нəрсенің осі мен ортасын
көрсететін сызық. Шығарыл-
ған жəне беттескен қиманың
симметрия осі көрсететін
сызық
7
Қос нүктелі үзілме
сызық
2
3
s
s y
Жазбадағы бүгу мен көр-
іністегі беттесетін жайманы
көрсететін сызық. Жылжи-
тын нəрсенің шегін көрсе-
тетін сызық
8
Жуан үзілме
сызық
3
2
2
s
s y
Сызбадағы өңделетін немесе
қапталатын беттерді көрсе-
тетін сызық. Жазықтықпен
қияр алдындағы элементті
көрсететін сызық
9
Үзік сызық
s
5
,
1
Сызбаны кесу сызығы
ны
ін-
9
Егер шеңбер немесе айналу денесінің диаметрі 12 миллиметрден кем болса,
онда нүктелі үзілме сызық-сызықты жіңішке тұтас сызығымен ауыстырылады.
Күрделі тіліктер мен қималарды көрсеткенде, үзік сызықтардың шеттерін
нүктелі үзілме сызықтармен қосып қояды. Сызбада тұтас ирек сызық пен тұтас
сынық сызықтың сынығын қолмен сызуға болады. Өлшем сызығындағы сандар
сызбадағы жазулар сызықтарға тимейтін жəне қиылыспайтын болуы керек.
Сызба шекарасы, кестелер, негізгі жазулар шекарасы жуан тұтас сызығының
қалыңдығына тең болады. Төмендегі 2-суретте «Сызба сызықтары» стандарты
бойынша белгіленетін сызықтардың қолданылу мысалы көрсетілген.
A
A
1
2
3
5
6
8
9
7
1
6
5
§ 1.4 Сызба шрифтері (қарпі)
Сызбаның өлшем сыз ық тарындағы сандарды, бас қа да жазуларды, негізгі
жазуды сызба шрифті бойынша орындайды. Соны
мен келесі мем
лекеттік
стандарт – «Сызба шрифтері». Сызба шрифтері кириллица, латын жəне грек
əріптері мен рим, араб цифрларынан тұрады. Бұған қосымша қазақ əріптері
мен математикалық символдарының белгілеу түрлері көрсетілген. Стандарт
бойынша белгіленген сызба шрифтерінің негізгі өлшемдері төмендегідей:
бас əріптер биіктігі - латынның кіші h əрпі;
кіші əріптер биіктігі - латынның кіші с əрпі;
10
əріптің ені - латынның кіші g əрпі;
əріптердің арақашықтығы - латынның кіші а əрпі;
сөздердің ең аз арақашықтығы - латынның кіші е əрпі;
əріптің жуандығын - латынның кіші d əрпі.
Стандарт бойынша сызба шрифтері жіңішке А типті жəне жуан Б типті
түрлерге бөлінеді. А типті (d =1/14h) жəне Б типті (d =1/10h) əріптер 90
0
тік жəне
75
0
қиғаш болып келеді. Əріптердің сызылуы жеңіл болу үшін алғашқы кезде
көмекші тор көздерді пайдаланған ыңғайлы (3-сурет). Суретте көрсетілгендей
əріптер түзу сызықтар мен кішкентай доғалар арқылы сызылады. Оқырманға
ескерту ретінде сызба шрифтерін жазбайды, оларды сызады.
Стандарт бойынша шрифтердің биіктігі: (1,8); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; (40)
болады.
2 жəне 3-кестелерде А (d =1/14h) жəне Б типті (d =1/10h) əріптердің
өлшемдері көрсетілген.
2-кесте
ШРИФТІҢ
ӨЛШЕМ
АТАУЛАРЫ
ƏРІППЕН
БЕЛГІ-
ЛЕНУІ
САЛЫС-
ТЫР-
МАЛЫ
ӨЛШЕМІ
ӨЛШЕМДЕРІ (мм)
1. Бас əріптердің
биіктігі
h
14d
2,5
3,5
5
7
10
14
20
2. Кіші əріптердің
биіктігі
c
10d
1,8
2,5
3,5
5
7
10
14
3. Əріптердің
ендері
g
7d
1,25
1,75
2,6
3,5
5
7
10
4. Əріптердің
арақашықтығы
a
2d
0,35
0,5
0,7
1,0
1,4
2,0
2,8
h
g
g
d
d
h
11
3-кесте
ШРИФТІҢ
ӨЛШЕМ
АТАУЛАРЫ
ƏРІП-
ПЕН
БЕЛГІ-
ЛЕНУІ
САЛЫС-
ТЫРМАЛЫ
ӨЛШЕМІ
ӨЛШЕМДЕРІ (мм)
1. Бас
əріптердің
биіктігі
h
10d
2,5
3,5
5
7
10
14
20
2. Кіші
əріптердің
биіктігі
c
7d
1,8
2,5
3,5
5
7
10
14
3. Əріптердің
ендері
g
6d
1,1
1,5
2,1
3,0
4,2
6
8,4
4. Əріптердің
арақашықтығы
a
2d
0,35
0,5
0,7
1,0
1,4
2,0
2,8
5. Cөздердің
арақашықтығы
е
6d
1,1
1,5
2,1
3,0
4,2
6,0
8,4
6. Əріптердің
қалыңдығы
d
d
0,18
0,25
0,35
0,6
0,7
1,0
1,4
5. Cөздердің
арақашықтығы
е
6d
1,1
1,5
2,1
3,0
4,2
6,0
8,4
6. Əріптердің
қалыңдығы
d
d
0,18
0,25
0,35
0,6
0,7
1,0
1,4
12
4-суретте Б типті қиғаш қазақ алфавиті əріптерінің сызылу конс трукциясы
көрсетілген. Бұл суретте қара сызықтар не 75
0
түзу сызықтар немесе деңгей
сызығына параллель сызықтар берілген.
13
5-суретте Б типті қиғаш латын алфавитінің сызылу жолы мен сандары
көрсетілген.
Сызба шрифін орындау кезінде, яғни тік жəне қиғаш əріптер мен сандарды
сызғанда вертикаль орналасқан сызықтарды жоғарыдан төмен қарай, ал
горизонталь сызықтарды солдан оңға қарай сызу қажет. Ал, доға болса, төмен
қарай солға немесе төмен қарай оңға сызады (5-сурет).
§ 1.5 Сызба өлшемдерді түсіру
Сызбада берілген нəрсені сызбасына қарап жасау үшін арнайы өлшемдері
болу қажет. Ал, өлшемдерді дұрыс қоюға арналған оларды түсіру ережелері
мемлекеттік стандартта белгіленген.
Сызбада берілген сызбаның өлшемдерін қою үшін, алдымен сызбаның
контурына шығару сызықтарын сызамыз. Шығару сызығы нұсқамадан
14
стандарт бойынша 1÷5 мм шығып тұруы керек, дегенмен бұл ұзындық 2÷3
мм болғаны дұрыс. Осы шығару сызықтарына перпендикуляр болатын өлшем
сызығын сызамыз. Нəрсенің күрделілігіне байланысты өлшем сызықтырының
бір немесе бірнеше параллель сызықтары болады. Стандарт бойынша өлшем
сызықтарының аралары 6÷10 мм болуға тиіс (6-сурет). Алайда бірінші өлшем
сызығын контурдан 10 мм, ал келесі өлшем сызықтарын осы сызықтан 8 мм
арақашықтықта сызған дұрыс.
Өлшем сызықтарының ше
тін
нұсқамамен шектеп қояды. Нұсқама
міндетті түрде сызғыш
тың көмегімен
ұзындығы (6÷10) s мм болатын
сызықпен сызылады (7-сурет). Кей
жағдайларда нұс
қама сызықтары
өлшем сызық
тарына сыймай қалса,
онда өл
шем сандары шығару сызығы-
ның сыртына сызылады. Айта кету
керек, құрылыс сызбаларында өлшем
15
сызықтарының шеттерін оңнан солға қарай 45
0
болатын ұзындығы 2÷4 мм
болатын көлбеу сызықпен шектеп қояды (8-сурет). Өлшем сызығының үстіне
биіктігі 3,5÷5 мм болатын өлшем санын сызып қояды. Өлшем сандары
миллиметр (мм) бірлігімен көрсетіледі, миллиметр сөзі мен белгісі сызбада
жазылмайды. Бірақ сəулет-құрылыс сызбаларындағы ғимараттың қасбеті
мен тілігінде биіктіктерін жəне жоспарда (планда) бөлмелердің аудандарын
метрмен белгілеп, шартты белгілерін жазбайды. Биіктік өлшемдерін қою
үшін, оңнан солға жəне солдан оңға қарай 45
0
болатын, ұзындығы 2÷4 мм
көлбеу сызықтармен шектеп, үстіне метр белгісінен кейін міндетті түрде үш
сан жазылады (8-сурет). Бұл өлшем саны мен өлшем сызығының арасы 1 мм
шамасында болады.
Егер бір ғана өлшем сызығы болса, онда өлшем саны өлшем сызығының
ортасына сызылады (6-сурет). Ал егер бірнеше өлшем сызықтары болса, онда
өлшем саны шахмат тəріздес болып сызылады. Бұл жағдайда кіші өлшем саны
бірінші контур сызығына жақын орналасады. Осыдан кейін одан үлкен өлшем
сызығы, сөйтіп жалғасып кете береді. Айта кету керек, контурлық шығару,
осьтік жəне центрлік (орталықтық) сызықтарын өлшем сызығы ретінде
қолданып, өлшем санын сызуға болмайды.
Сызбада бұрыштық өлшемдер градуспен, минутпен жəне секундпен
белгіленеді. Бірақ бұл өлшемдер сызбада жазылмайды. Бұрыштың өлшемін
өлшем санымен өлшем сызығының ортасына төбесіне шеңбер доғасы
арқылы көрсетіп қояды. Шығару сызықтарын ось бойымен тарамдап
жүргізеді.
Сызбада шеңбердің радиусын латынның бас əрпі R-мен белгілеп, қасына
өлшем саны жазылады (9-сурет). Радиустың белгісі мен саны бірдей
биіктікте сызылуы тиіс. Сызбада радиус өлшем сызығы шеңбердің ортасы-
нан (центрінен) басталады, бұл сызық шеңбер доғасына дейін созылып, бір
нұсқама сызығымен аяқталады.
Шеңбердің диаметрі өлшем санының алдына v таңбасын қою арқылы
көрсетіледі (10-сурет). Сызбада диаметрдің өлшем сызығын шеңбердің
16
ортасынан (центрінен) өтіп, екі шетіне дейін созылатын, екі нұсқама
сызығымен аяқталатын өлшем сызығымен белгілеп қояды. Айта кету керек,
диаметр белгісіндегі қиғаш сызықша биіктігі өлшем санының биіктігіне тең
болуы тиіс.
11-суретте шеңбердің радиусы мен диаметрінің көрсетілу мысалдары
қарастырылған.
Сызбада квадрат жəне квадратты мəтіндер өлшемінің шамасын көрсету
үшін, өлшем санының алдына Ø белгісі қойылады (12-сурет). Егер квадрат
пен квадратты мəтіндер мəнімен берілген болса, онда квадрат белгісінен
басқа квадраттың диагональ сызығымен көрсетіледі (12-сурет). Егер квадрат
басқа жағдайда орналасса, онда квадрат белгісі көрсетілмейді, керісінше
қабырғаларының өлшемдері көрсетіледі.
Сызбаларда, оның ішінде машина жасау мен құрылыс сызбасында конустық
жəне еңістік сызықтар кездесіп отырады (12-сурет).
Егер сызбадағы нəрсенің беті немесе жағы конус тəріздес болып келсе,
онда конус осіне параллель жүргізілген шығару сызығына конустылық
белгісін z мен сан арқылы жазып қояды. Конустылық конус бетінің
h
h
10/
7
h
17
үстіңгі жəне төменгі табандарының диаметр айырмасы осы табандардың
арақашықтығының қатынасына тең болады. Мына формуламен анықталады:
(k=(D-d)/l).
Егер нəрсенің беті еңістеу болып келсе, онда сызбаның еңістік болып келген
жеріне шығару сызығын сызып, осы сызықтың сөресіне еңістеу белгісін
жəне еңістеу сызығының биіктігін еңістеу сызығының ұзындығына бөлгенге
тең болатын санды жазып қояды (i=h/l болады) (12-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |