Жетісу
университеті
ТҰРМЫС ТЫНЫСЫ
бейсенбі, 8 қыркүйек,
2016 жыл
8
Gazeta.zhgu@mail.ru
Дәрігерлер мен дін өкілдері арақтың зияндығын зар қақсап ай-
тып жүр. Алайда, сөзден қорықпаған, сойылдан қорықпастың күйі
бүгінде. Әлемдегі ең көп тұтынатын алкагольдің адымы да тара-
лымы да кең. Таралымы кең дүниенің тұтынушысы да кемімесі
анық. Талай отбасының шаңырағын шайқалтып, берекесін
бездірген де, адам-
ды
адамдығынан
айыратын да осы –
арақ! Арақ – пышақ,
адам – таяқ, жона
берсең
таусылар.
Қасқыр да қарызын
терісімен төлейтіні
секілді бұған бас
ұрып өкінер де, жа-
уапты да тек өзің.
Өмір – көр соқырдың
да көзін ашады. Бұл
өмірге адам болып келген соң, адам болып кету деген бар. Балта да
өткір, бұтақ та қатты заманда «күн көзі түспесе, алма да піспейді» –
демекші, менің айтпағым ескерту ғана. Ескертуді есті де, есерсоқ та
естігенмен қорытынды шығаратын тек өзіміз. Ойланайық...
Әмір НҰР,
білімгер.
Халықтың жалпақ тілінде оларды біз
«таксистер» деп атаймыз. Олардың жай-
ын жол жүрген адам жақсы біледі. «Қазаны
басқаның – қайғысы басқа» демекші, әр
адамның басына іс түспейінше біреудің
жағдайын түсінуі өте қиын. Өз көзіңмен
көргеніңде, мүлде басқаша әсер етіп,
жаныңа инедей қадала түседі екен.
Демалыс, мереке күндері таксистердің
құдайы жарылқайды. Алдағы мейрамды
пайдаланып, ауылыма баруға ертеңгісін
автобекетке бардым. Автобустан түсе сала
алдымнан көптеген ағалар шықты. Арасын-
да жасы да, жасамысы да бар. Әркім өзінің
баратын өңірін атап көліктеріне шақырып
әлек. Автобус арзанырақ қой деген ой
келді де, мен кассаға қарай беттедім. Бірақ
уақыты шамалы жайырақ екен. Бірден үй
ішіме хабарласып мән-жайды түсіндіріп
едім "таксиге отырып келе бер" деді.
Сыртқа шықсам, таксист көкелерім мүлдем
көбейіп кетіпті. Баратын жерімді айтып
едім, бір аяғын сылтып басатын аға, тағы
да екі кісі барын айтып, көлігін меңзеп, ба-
рып отыра беруімді өтінді. «Көңілдегі сыр-
ды – көз білдіреді» деген рас екен. Ағамның
жүзі жабырқау, көздерінің айналасына
әжім түскен, бет әлпеті қарайған, жанары-
нан өмір қиыншылығын көріп, ғұмырлық
жол жүруден шаршаған мұң байқалады.
Маған жол көрсетіп, ары қарай тағы жо-
лаушы іздеп кетті. Мен отырған көлік жеті
орындықты екен. Ішімнен бұл кісінің адамы
толып болғанша автобус уақыты да бола-
ды ғой деген оймен отыра бердім. Жалғыз
әрі тыныштықта отырғаннан ба,терең ойға
батып кетіппін. Көлік әйнегінің ар жағында,
көз алдымда жүгіріп жүрген көкелер, бейне
ҚҰЛАҚҚАҒЫС
УАЌЫТТЫЊ ДА
С¦РАУЫ БАР
А
дам баласы үшін
уақыттан қымбат
ешнәрсе жоқ.
Әттең осыны білмейміз,
әрі сезінбейміз. Біреуіміз
уақытты сүйікті ісімізге
жұмсаймыз, хош дейік. Алай-
да кейбіреулеріміз зымыраған
уақытқа ілесе алмай
әлеуметтік желіге шыр-
маламыз. Адам баласының
ғұмыры «Қамшының сабындай»
қысқа. Ең ұзақ өмір сүрген Нұх
пайғамбарға өлім періштесі
келіп: «Дүние қандай екен? »
деп сұрағанда, ол: «Дүние екі
есігі бар үй сияқты екен, бір
есігінен кіресің де, екіншісінен
шығып жүре бересің» депті.
И
бн Аббас жеткізген мына бір хадисте:
«Алланың нығметтерінің ішінде екі
нығметтің қадірін көп адамдар білмейді, ол-
денсаулық пен уақыт» десе, тақуа жан иесі
Абдуллаһ бин мәсһуд: «Өкініштен өзегімді
өртейтін нәрсе: босқа өткен уақыттарым»
деген екен. Сол сияқты үлкен сахаба
Муһәз бин Жәбәлден жеткен хадисте
пайғамбарымыз (с. ғ. с.) : «Қиямет күні төрт
нәрседен сұралмайынша құлдың екі аяғы
тырп етпейді: уақытын қалай жұмсады,
жастық шағын қалай өткізді, мал-дүниені
қайдан тапты, қайда жұмсады, біліміне
қандай амал жасады» дейді. Осыдан-ақ,
уақыттың маңызын біле беріңіз...
Баянсыз, бос өткен уақыттың ақыретте
сөзсіз сұрауы болмақ. Бірде патшаға
нөкерлері бір шомбыл адамды ертіп
келіпті. Бұл адамның ерекшелігі аса
епті екен. Үлкен тебен инені алты аттам
жерге шаншып қойып, қолындағы жіпті
лақтырғанда әлгі иненің көзінен өткізіп
жібереді екен. Патша көріп қайран қалады.
Шеберден: «Осы істі үйрену үшін қанша
жылыңды жұмсадың?» деп сұрайды. Ше-
бер болса: «Қырық жыл уақытым кетті»
дейді. Хан айтады: «Мына адамға 40 ділда
алтын беріңдер, оған қоса аямай 40 дүре
соғыңдар» депті. Шебер: «Тақсыр, хан
ием, 40 дүре соғатындай қандай айыбым
бар, түсінсем бұйырмасын... » дейді. Сон-
да хан: «40 алтын ділда еңбегің үшін, 40
дүре ешқандай пайдасыз іспен айналысып
қырық жыл ғұмырыңды босқа өткізгеніңнің
жазасы» депті.
Шынында ойлап көріңіздерші, тебен ине-
ге алты аттам жерден лақтырып көзінен
өткізгеннің халық үшін қандай пайдасы
бар. Мына сериалдар да сол сияқты пайда-
сыз әрі мазмұны төмен, тәрбиелік мәнінен
гөрі зиянды зәрі көп дүниелер. Бас аяғы өз
дәстүрлерін өзге халықтың бойына сіңіріп,
халықтың миын надандықпен улау.
Кешке жұмыстан келіп отбасымызбен те-
ледидар алдына отыра кетеміз. Жұмыстан
шаршағаным басылсын деп отандық арна-
ларды қосып қалсаң үндінің сериалдары-
нан құрғамайды, кемінде үш сериал, құдды
бір өзіңді Үндістанда жүргендей сезінесің.
Корейдің, Түріктің мағынасыз, мәнсіз се-
риалдары. Бірін бірі алдап кету, алаяқтық,
ұрып соғу осының бәрі жастардың пси-
хологиясына кері әсер етеді. Одан қалса
кішкентай сәбиді теледидар алдына
отырғызып қойып «менің балам теледи-
дар көреді» деп мәз боламыз. Ал, ондағы
осы бір жаман әдеттер баланың миына
құйылып жатқанын ескере бермейміз.
Ғалымдар 3 жасқа дейінгі баланың миының
қабылдау деңгейі ересек адамға қарағанда
2 есе жоғары болатынын дәлелдеген.
Сондағы кері пиғылды іс-әрекеттерді өскен
соң жасамасына кім кепіл. "Не ексең, соны
орасың" деген, қазақ сол бір көк жәшіксіз
-ақ ата әженің ертегісімен өсті. Жаман
болған жоқ елін, жерін қорғау үшін жаудың
найзасына қасқайып қарсы тұрды.
К
үллі Қазақтардың өмірі түрік, корей
сериялдарын тамашалаумен өтіп жа-
тыр. Адамдар бір күнде екі немесе үш се-
риял көреді. Шамамен әрбір сериал 80-90
минут десек. Енді есептеп кеп жіберейік.
Екі сериалға бақандай 3 сағат уақытыңыз
кетеді. Аптасына 21 сағатты кино көрумен
өткізеді екенсіз. Бір жылда 48-50 күніңіз се-
риял көрумен өтеді. Статистикаға сүйенсек
елімізде 25-тен 75 жасқа дейінгі нәзік
жандардың көбісі сериал көруге әуес екен.
Еліміздегі тұрғындардың 85 пайызы жоқ де-
генде 1 сағатын сериал көруге жұмсайды,
тіпті күні бойы уақытын сериал көрумен
өткізетіндер де бар. Ғалымдардың пайым-
дауы бойынша осы бір бітпейтін сағызша
созылған шет елдің сериалдары адамды
невроз ауруына шалдықтыратын көрінеді.
Дайындаған Думан КЕҢШІЛІК,
3 курс білімгері.
ӨМІР ТАУҚЫМЕТІ
ОЙЛАНАЙЫҚ
АЩЫ СУДЫЊ АЗАБЫ
«Бір рюмка ішсең – қызарарсың, Екі рюмка ішсең –
қуанарсың, Үш рюмка ішсең – жынданарсың» – деген
мордвалықтардың мақалына мән берсек, өте орынды
айтылған. Арақ ыдысынан басқаның бәрін бүлдіреді. «Бас
аяқтан ақыл сұрамайды» - деп кердең қағып, өз ақылын жөн
деп біліп жүріп, жөнсіздердің қатарынан табылғанына
артынан өздері таңданып жүргендер қаншама. Ащы судың
әлегі айтылмай жүрген жоқ. Жақсыны жақсы, жаманды
жаман десең, жаманның жағында жүргендер жағаңнан алар
заман бұл.
бір майданда соғысып жүргендей көрінді.
Қаланы шарлап келген автобустардан
түскен адамдардың жүктеріне жармасып
естері шығып жүр. Тіпті, бір ақ күртеше ки-
ген аға кез келген көлікке жүгіреді. Қайтсін
енді күнкөріс қамы ғой. Қыстың суығына
тоңып, жаздың ыстық қапырығына төзіп,
желмен бірге жүгіріп жүру бірдің қолынан
келсе, бірдің қолынан келе бермейтін іс.
Жұбайына асыл жар, балаларына қамқор
әке, ата-анасының асыраушысы болғаннан
кейін жүгірмеске шаралары да жоқ. Бір-
бірімен адамға таласып сөзге келіп қалып
жатқандары да бар. Көңілдеріне келсе де,
жолаушылардың әрбір ауыр сөздерін еш
шүбәсіз тыңдап, көніп жүретіндері тағы
бар.
Менің ауылыма дейін шамамен 290
шақырым. Төрт сағат жүріп барамыз.
Оған қоса, жолдың ой-шұқырын қосыңыз.
Жай отырып барғанның өзінде сіркеміз су
көтермей, діңкеміз құриды. Ал, жүргізушінің
психологиялық, физикалық жағдайы айт-
паса да түсінікті.
Баласын оқытып, жанұясын асырап
отырған еңбекқор әке, батыл ата, та-
лапшыл ағалардың өмірлері осылай жол
үстінде өтуде. Біреудің жеп отырған наны
екенін ойламай, барар жолдың бағасын
қымбатсынып сөз таластыратынымыз
да жасырын емес. «Ер сыншысы – ел»
демекші, қамшының сабындай қысқа
өмірінің жартысын жолда өткізетін аза-
маттарды қияңқы сөздерімізбен қағытпай,
еңбектерін елеп, беделдерін биіктетіп
жүрейік, ағайын...
Марал НҰРҚАСЫМОВА,
3 курс білімгері.
«Ер қанаты – ат» деген
дана қазақ. Бұл нақылды
заманға сай айтатын
болсақ, «ер қанаты –
темір тұлпарға» айналған
кез қазір. Аталарымыз
ат үстінде жүріп жауға
қарсы шықса, қазіргі таңда
ағаларымыз «темір атпен»
нәпақасын тауып, бала-
шағасын асырайтын хәлге
душар. Бүгінде мамандық
бойынша жұмыс таба
алмауымен, жұмыссыздық
мәселесінің өршіп тұруына
байланысты нар жүгін
көтеретін көкелеріміз
темір тұлпарларына мініп
күндерін көруге мәжбүр.
ТАКСИСТ – ТАЃДЫР
Б
үгінгі
қоғам
бәрімізді
де терең ойлауға
мәжбүрлеп қана
қоймай, әрбір
дүниеден секем
алдыратын да
сияқты. Жалпы,
жақсылық пен
жамандықты
тізбектей
берсеңіз біраз
дүниенің беті
ашылады.
С
ырлы сезіммен шаңырақ көтеріп,
араға жыл салмай-ақ, екеуі екі
жаққа кетіп жатқандардан себебін
сұрай қалсаңыз: «Біз бір-бірімізді түсіне
алмадық. Негізі біз бір отбасы бола ал-
майды екенбіз» – деп жатады. Қисыны
жоқ жауапты естіген соң қаның қалай
қайнамасын. Әрине, алғашында танысу,
кездесу, қыдыру соңы үйлену дегеніңіз
әсте оңай шаруа. Баласы үшін соңғы ма-
лын сатса да, той жасап беруге тырысатын
ата-ана барлығын жасайды. Қатарынан
қалмасыншы деген оймен баласының
әрбір қылығын көтереді. Жауапкершілікті
бір кісідей сезіне білген жастар ары қарай
өздерімен өздері болып өмір сүріп кетеді.
Ал жылт еткен жылтыраққа қызығып
жүргендер екі жолдың торабымен екі
бағытқа кетіп қалады. Мұның себебін
іздеудің өзі ауыр. Дегенмен, ажырасудың
себебі көп. Оған түрткі болған жағдайлар жетіп артылады. Таяуда ғана танысым «тұрмысқа шығамын» деп
шақыру таратқан. Қос ғашыққа арналған салтанатты кештің қадірлі қонағы болдық. Арада бір ай өткен соң қыз
үйіне қайтып келіпті. Шет жағасын сұрастырғанымда: «Мінезі ауыр болып шықты. Ата-анасы да өте қат кісілер.
Сыйыспадық. Екеуміз ойлана келе сотқа ажырасу жөнінде арыз жаздық», – деумен шектелді. Егер әрбір қыз
«сыйыса алмадық, түсініспедік» – деп ажыраса берсе, ертеңгі күніміз не болмақ? Осы тұрғыда әрбір ер жігіт
пен қыз ойланса деймін. Сол үшін де отбасын құрмай жатып, бір-бірімен жақын танысып, мінез-құлықтарын
зерттесе де артық болмас еді.
Ш
аңырақ көтергенге дейін жастардың өмірі романтикалық сәтке толы басталып, қалай отбасылы бола-
ды бәрі тоқтап қала ма деп ойлаймын кейде. Немесе жастар үнді, түрік, корей телехикаясындағыдай
таза, ыстық махаббатты армандап, дәл солай болу керек деген ойда жүре ме? Ол тек кино екенін естен
шығармағанымыз жөн, құрметті замандастар. Шаңырақ құру, отбасылы болу тек дүбірлеген тоймен аяқтала
салмайды. Әрбір жас өз махаббатын сақтап қалу жолында күресу керек. Сонда ғана балалар үйіндегі
жәудіркөздер мен ертеңін ойлаудан қорқатын жалғыз басты аналар саны азаяр еді.
Балжан КАРБЕКОВА,
білімгер.
ШАЙЌАЛМАСЫН ШАЊЫРАЌ
БҰЛАҚ КӨРСЕҢ КӨЗІН АШ
Жетісу
университеті
ТАҒЫЛЫМ
бейсенбі, 8 қыркүйек,
2016 жыл
9
Gazeta.zhgu@mail.ru
Соңғы жылдары еліміздің қоғамдық
өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі – білім
беру саласында жүргізіліп жатқан реформа-
лар. Білім мен ғылым Қазақстанның дамуына
оңтайлы әсер етуі үшін оқыту жүйесін заман
талабына сай үйлестіре алу міндеті туын-
дап, білімге, оқу – әдістемелік жүйеге жаңа
талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда
мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын
қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Заман талабына сай жаңа технологиялық
әдістерді жан-жақты қолдану – ұстаз білігі
мен шеберлігі арқасында жүзеге асары
сөзсіз. Қай кезде болмасын «Мектептегі бас-
ты тұлға — мұғалім» десек, жас ұрпақтың да-
рыны мен талантын ашу, шығармашылық
ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне
деген сенімін қалыптастыру, бір сөзбен
►
«Адам ұрпағымен
мың жасайды» — дейді
халқымыз. Жақсылыққа
бастайтын жарық жұлдыз
– оқу. Еліміздің ертеңгі
болашағы — бүгінгі мектеп
қабырғасынан алған білім
нәрімен сусындаған оқушы
жастар. Сондықтан да,
оқушыларға сапалы білім
берудің тиімді жолдарын
іздестіру бүгінгі таңда
өзекті мәселелердің бірі
болып отыр.
Баланыњ дарынын жетілдіру
– Базарға барсаң бір орыс не бір кәріс
жоқ. Қаптаған қазақ. Неге олардың
қолынан кәсіпкер болу, бастық болу
келмейді екен осы. Таңқаламын. Қайда
барсаң да киімдері тозып, үн-жұрғасы
түсіп кеткен қазақтарды көресің. Ал, орыс-
тар шетінен бастық. Бәрі көп қабатты үйде
тұрады. Осындайда қазақ болғаным үшін
ұяламын, – деп аузы тыным таппаған орта
жасар келіншек телефонмен сөйлесіп жа-
тыр екен. Сөзін соңына дейін тыңдадым.
Шамасы тұтқаның арғы жағындағы
да, отқа майды құйып жатқандай. Бар
ренішін жеткізді. Содан ептеп, қасымдағы
анамдай кісіге, кішіпейілдік танытып,
ұлтқа күйе жағып, даттағанының себебін
сұрадым. Сөйтсе, саудагермен сөзге
келіспей қалған екен. Соған бола барлық
қазақты жамандады. Бойымыздан аққан
қанды, тәніміздегі жанның қазақ екендігін,
қазақ болып туғанымызға мақтану
керектігін айтқым келген. Бірақ, ашушаң
апай аузымды аштырмады. Ақыл айта-
тын, жол көрсететін үлкендердің берекесіз
тірліктеріне қарап қарным ашады.
Айша БИБІ.
ОЙМАҚТАЙ ОЙ
Қазақтығыңмен
мақтан
Бауырмал
болайықшы,
бауырлар
Түс мезгілінде таза ауамен ты-
ныстау мақсатында құрбылармен
далаға шықтық. Түрлі тақырыпта
әңгіме айтып, саябаққа қалай жетіп
қалғанымызды да байқамаппыз.
Кенет әңгіменің жібі үзіліп кетті.
Айналадағы тыныштықты сәбидің
шырылдаған дауысы бұзды. Көзімізге
бірден сонау жерде бала-шағасын
жетектеген үлкен кісі түсті. Жүгіріп
қасына барып, амандық сұрастық.
Бізді көрген қария: «Келінім базарға
кеткен еді. Мен балаларды ертіп
серуенге шықтым. Естиярлары
өздерімен-өздері ойнай береді ғой.
Мына қыз маған көнер емес. Жы-
лай береді, жылай береді. Бір жері
ауырып тұр ма? Түсінбедім», – деп
баланы көз қиығымен көрсетті.
Жақын орындықта отырған жас
қыздар: «Ата, немереңіздің дауысы
басымызды әбден ауыртты ғой.
Адам саябаққа демалуға келетін
еді. Тыныққан құрлы болмадық.
Тербетіңіз немесе қолыңызға
алып көтеріңіз. Болмаса бала-
шағаңызды жинап үйіңізге кіріңізші.
Демалысымыздың шырқын бұздыңыз
ғой, тегі», – деп дүңк етті.
Көрші қыздар секілді жылаған сәбиге
жайбарақат қарай алмай, періштені бірден
көтеріп ап, жұбатуға кірістік. Ыңылдап
өлең де айттық. Біраз тербеткен соң мау-
жырап ұйқыға кетті. Өзі сондай тәп-тәтті.
Ал, қарындасының тынышталғанын көріп,
бауырлары бірін-бірі қуып ойнай бастады.
Маңдайынан иіскеп, орнына жатқыздық.
Ата да бізге ризашылығын айтып, батасын
берді.
Шығыс философиясында: «Бүгіннен,
өзіңнен, кішкенеден баста», – деген қанатты
сөз бар. Түсінген адамға осының өзі үлкен
сабақ. Жалпы, қайырымдылық жасауға,
үлкенді сыйлап, қолдан келгенше іспен
болмаса да сөзбен көмек беруге тырыссақ
тонымыз қысқарып қалмайтыны ақиқат.
Бір-бірімізге бір ауыз болсын жылы сөз
айту үшін «қызыл дипломның» қажеті жоқ.
Тек «әр қазақ менің жалғызым» деген сөзді
жүрек тұсымызға жазып, балаларға бауыр-
мал болайықшы.
Е. КЕНЕБАЕВА.
айтқанда, өз жолын таңдауына түрткі болу
– мұғалімнің бүгінгі таңдағы абыройлы бо-
рышы. Тәуелсіз елдің талантты ұрпағын
тәрбиелеудегі мақсатқа жету көзі – жаңа
педагогикалық технология. Сондықтан,
оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа тех-
нологияларын жетілдіру бүгінгі таңда
күн тәртібінде тұр. Жаңа технологияның
басты мақсаттарының бірі – баланың
оқыта отырып ой еркіндігін, белсенділігін,
ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше
шешім қабылдауға дағдыландыру.
Қазақстанның орта білім жүйесінің ал-
дына бүкіл адамзаттық құндылықтар,
ұлттық рухани мұралар, адамгершілік
пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында
қалыптасқан, өзіне - өзі сенімді, ғылыми
- теориялық білімділігі мен тәжірибелік
қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік
әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын
қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу
міндеті қойылып отыр. Дарынды балалар
мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді.
Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары
болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын
шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет
салады, өлең жазады.
Жүсіпбек
Аймауытовтың
пікірінше,
адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен,
қабілеттерімен
келеді.
Ал,
баланың
бойындағы туа біткен қасиеттерді дамы-
татын – оқыту мен тәрбие. «Неғұрлым
баланың қабілеті мен талантын дамытуға
ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық
ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы
ерекше қасиеттерді оған жақын жасы
үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса,
оның «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы
мүмкін» дейді американдық ғалымдар.
Рухани бай, жан - жақты дамыған дарын-
ды жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің
бірі-тіл байлығы дер едік, өз ойын нақты
терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін,
шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша
сілтегенде жүрекке жылы тиетін, «айнала-
сы теп - тегіс жұмыр келетін» сөз құдіретін
игерген адамдарда тұлғалық қасиет бола-
ды. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі
– жаңа технологиялар екені белгілі. Әрбір
технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен
ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім
ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау
деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады.
Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі.
«Бала қиялына шек жоқ» десек, жаңа
идеялар алаңы болып табылатын сабақта
болашақ тұлға өзіндік көзқарасымен орасан
зор өркениетті көреді. Күнделікті сабақта
талантты және дарынды оқушылармен
жұмыстану үдерісі нақты жоспарлануды
талап етіп отыр. Талантты және дарын-
ды балаларды оқыту әлемдік деңгейде
мойындалып отырған "Сындар-
лы оқыту" теориясына кеңінен
енгізілген. Демек, білім берудің
кез келген жүйесіндегі тұрақты
даму мен өзгерістердің сырттан
енгізілуі мүмкін емес, олар нақты
сыныптардағы
мұғалімдердің
тәжірибесі мен түсініктеріндегі
өзгерістерден бастау алуы керек
деген тұжырымға саяды. Жаңа
форматты мұғалім ретінде әр
оқушының дарындылығын, талан-
тын бағалап отыру, оларды көре
білу міндетіміз.
Шынында, мұғалім баянда-
уы мен кітаптағы мәліметке ғана
шектеліп жүрген оқушылардың
дарындылығына тұсау салынып
жүрген тәрізді. Әрине, идеяның
ерекше болуы міндетті емес,
дегенмен сыни тұрғыдан ойлай-
тын дарынды оқушы басқаның
көзқарасымен жиі келісе бермейді. Дарын-
ды оқушы мәселені шешудің жолын өзі іздеп
табады да, сол шешімдерді негізі бар, сана-
лы дәлелдемелермен нақтылай түседі және
мәселенің басқа да жолдарын іздестіріп,
өздері таңдап алған жолдарының ақылға
қонымдылығын дәлелдеуге тырысады. Ен-
деше, "сындарлы оқыту" бағдарламасының
негізінде дарындылықты қолдай отырып,
жаңа идеяларға бай тұлғалардың әлеуетін
қалыптастыра аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: