Жануарлар


Аюлар Аюлар – өрмелегіштер және жүгіргіштер



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Аюлар
Аюлар – өрмелегіштер және жүгіргіштер
Өздерінің ауыр денелеріне қарамастан, аюлар өте 
жақсы өрмелеп, жүгіреді. Олар сағатына 55 км-
дей жылдамдықпен зымырап жүгіре алады. Олар 
жемістерді алу үшін немесе жауларынан құтылу 
үшін ағаштарға өрмелеп шығады. Қара аюлардың 
көбі өте жақсы өрмелейді. Көзілдірікті аю ағаш 
басында өмір сүретін аюлар қатарына жатады. 
Бұл аюлар ағаштардың басына жапырақтардан 
ұя жасап, сол жерде қоректеніп, ұйықтап, 
уақыттарының көбін сонда өткізеді.
Қоректенуі
Аюлар етпен қоректенетін жыртқыш аң болғанымен, 
жемістерді де жей береді. Кейбір аюлар өлген 
жануарлардың қалдықтарымен де қоректенеді. 
Аюлар қынамен, тамырлармен, жаңғақтармен, жеміс-
жидектермен, теңіз балдырларымен, шөптермен, 
балмен, құрттармен, қырықбуындармен және 
құмырсқалармен қоректенеді. Қара аю сияқты кейбір 
аюлар жануарларға шабуыл жасамайды, қоңыр аю 
және ақ аюлар – өте жақсы шабуылдағыштар. Кейбір 
қоңыр аюлар судан балықты өте жақсы ұстайды, олар 
ағысқа қарсы жүзген балыққа да құмар болады.
Аюлардың сегіз түрі
Аюлардың сегіз түрі белгілі, олар: Азия қара аюы, 
қоңыр аю, Солтүстік Америка қара аюы, панда, ақ аю, 
ерінді аю, көзілдірікті аю және Малай аюы.
Қысқы ұйқы 
Көптеген аюлар қыстыгүні қорек азайған кезде 
қимылсыз күйге көшеді. Қимылсыз күй дегеніміз –
аюлардың апанда ыңғайланып алып ұйқыға кетуі. 
Бұл кезеңде аюлардың жүрек соғысы бәсеңдейді, дене 
температурасы төмендеп, ас қорытуы баяулайды, өте 
аз энергия жұмсайды. Аюлар ұйқыға күзде дайындала 
бастайды. Олар өте көп қоректеніп, көп салмақ 
жинайды. Кейбір қоңыр аюлар қор жинау үшін күніне 
40-45 кг шамасында тамақ жейді. Осы май болып 
жиналған энергияны қыстап шығу үшін пайдаланады.
Қара аюдың қонжығы ағашқа өрмелеуде
18

б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
19
Қоңыр аю
Қоңыр аюлар – ең үлкен аюлар. Олардың 
салмағы 635 кг­ға дейін жетеді. Кадьяк 
аюы, гризли және орыстың қоңыр аюы – 
қоңыр аюлардың түр тармақтары. Бұл 
аюлар Солтүстік Америкадан Еуропаға 
және Азияның кейбір аймақтарына дейін 
кеңінен тараған. Аюлардың ең көбі Ресейде 
кездеседі.
Кадьяк аюы
Кадьяк аюы (аляскалық 
қоңыр аю деп те аталады) –
 ең үлкен қоңыр аю. 
Оның үлкендігі ақ аюдың 
үлкендігіне кішкене ғана 
жетпейді. Бұл аю – Америка 
Құрама Штаттарының Аляскаға 
қарасты Кадьяк аралының 
жергілікті аңы. 
Гризли аюы
Гризли аюы немесе қоңыр сұр түкті аю – иығы 
бүкірейген ерекше үлкен қоңыр аю. Гризлилер 
Солтүстік Америкада Канаданың батысында, 
Аляскада, Вайомингте, Монтанада, Айдахода және 
Вашингтонда кездеседі. Әдетте олардың түсі қара 
қоңыр болып келеді, алайда кейбіреулерінің түсі 
ашық сарғыш түстен қараға дейін болады. «Гризли» 
ағылшын тілінде «сұр, ағарған» дегенді білдіреді. Бұл 
аюлардың жүндерінің ұштары сұр түсті болады.
Солтүстік Америка қара аюы
Солтүстік Америка қара аюы немесе барибал аюы –
 Америка Құрама Штаттары мен Канаданың 
жергілікті аюы. Бұл АҚШ-тың 50 штатының 41-інде, 
Канаданың барлық провинциялары мен Мексиканың 
солтүстігінде кездеседі. Солтүстік Америка қара 
аюлары – осы өңірде кездесетін аюлардың ішіндегі 
ең кішкентайы. Бұл аюлардың терісінің түстері әр 
түрлі болады. Шығыста мекендейтін аюлардың түсі 
қаралау болса, батыста мекендейтін аюлардың түсі  
қара не қоңыр болып, кеуде тұстарында ақ жолақ 
болады.
Көзілдірікті аю
Көзілдірікті аю немесе Анд аюы – Оңтүстік 
Америкада кездесетін жалғыз аю. Бұлар – ең 
кішкентай аюлардың бірі. Бұл аюлардың 
көзілдірікті аю деп аталу себебі – олардың көздерін 
айнала қоршап тұрған ақ-сары түсті шеңбердің 
көзілдірік тағып тұрған сияқты көрініс беруінде. 
Көзілдірікті аюлар Анд тауларының басындағы 
ылғалды ормандарда өмір сүріп, тек қорек табу 
үшін ғана төмен түседі.
Ақ аю
Ақ аюлар – ең үлкен аюлар. Олар Арктикада полюс 
бойынан Канадаға дейінгі алқапта кездеседі. 
Өмірлерінің көп бөлігін теңіз мұзында 
өткізетіндіктен, олар теңіз 
сүтқоректісі деп саналады. Ақ 
аюлар өте жақсы жүзеді және 
де су астынан екі минуттан 
аса шықпай тұра алады. 
Бұл аюлардың алдыңғы 
аяқтары қабыршақты 
болғандықтан, суда 
қолдарын жақсы еседі 
және де су өткізбейтін 
қалың жүні мен 
денесіндегі артық 
майы Арктиканың 
салқын суында 
өздерін жылы 
ұстауға көмектеседі. 
Ең үлкен етқоректі жыртқыштар
Ақ аюлар – жердегі ең үлкен етқоректі жыртқыштар. 
Олар көбіне сақиналы нерпа мен теңіз қоянының 
еттерімен қоректенеді. Ақ аюлар – ең ірі жыртқыштар 
болғандықтан қойөгіз, солтүстік бұғысы, кішкентай 
кеміргіштер сияқты сүтқоректілерге және теңіз 
құстарына шабуыл жасайды. Кейбір кездері олар тіпті 
ақсеркелерге және сойдақтістілерге де шабуылдайды. 
Ақ аюлар сонымен қатар киттер мен сойдақтістілердің 
қалдықтарымен де қоректенеді. 
Ақ аюдың ешқандай 
табиғи жаулары 
болмайды.

Үлкен панда (бамбук аюы) – Қытайда 
мекендейтін ақ-қара аю. Бұл – домалақ басты, 
иықты, мығым денелі және қысқа құйрықты, 
үлкен ебедейсіз жануар. Оның құлақтары, 
көздерінің жандары, тұмсығы, аяқтары мен 
иықтары қара түсті болып келеді. Үлкен 
пандалар Орталық-батыс және Оңтүстік-батыс 
Қытайдың тауларындағы ылғалды, бамбуктар 
мен қылқан жапырақты ормандарында 
шамамен 2 500-5 000 м биіктікте өмір сүреді. 
Үлкен панда
Мінез-құлықтары
Үлкен пандалар – жалғыз жүретін момын жануарлар, 
олар ешкімге қауіп төндірмейді. Олар бір-бірімен 
өте сирек қарым-қатынас жасайды, онда да тек 
қоректену мерзімінде ғана. Алайда соңғы зерттеулер 
пандалардың 7-15 мүшеден тұратын топтар құрып, 
белгілі бір территорияны мекендейтінін көрсетті.
Көбеюі
Үлкен пандалар көктем кезінде шағылысады. Ал 
күзде ұрғашы панда бір қонжықты дүниеге әкеледі. 
Кейде егіздер туылады. Қонжық бір жарым жыл 
немесе одан да көп уақыт анасының жанында 
болады. 
Қонжықтары
Үлкен пандалардың қонжықтары туылған кезде 
өте кішкентай болады. Олардың түсі қызғылт 
болып, кейбір жерлерінде ақ түк араласқан болып 
келеді. Қонжықтың ұзындығы 15 см­дей, ал салмағы 
85­140 г­дай  болады. Шақалақ пандалардың көздері 
туылған кезде көрмейді, тек үшінші аптада ғана 
көздерін ашады. Шамамен бір аптаға толған кезде 
көздері мен құлақтарының жандарында қара 
шеңберлер пайда бола бастайды. Шамамен 75 күнге 
толғанда қонжықтар еңбектеп,  
5 айдай болғанда бамбукты жей бастайды.
Панданың қолдарының ерекшеліктері
Пандалардың қолдары ерекше болады. Олардың 
қолы бас бармақтан және бес саусақтан тұрады. 
Негізінен, бас бармағы шынтақ сүйегінің жалғасы 
болып, қалың терімен қапталып тұрады. Мұндай 
ерекше құрылым олардың бамбук ағаштарына 
өрмелеуіне ыңғайлы болып табылады.
Үлкен пандалар 
ағашқа жақсы 
өрмелейді.
20

Қауіп үстінде
Үлкен пандалар – жердегі ең сирек кездесетін жануарлардың 
бірі. Олардың 1600 дарасы табиғатта, 160­ы зообақтар 
мен көбейту орталықтарында өмір сүреді. Олардың 
өмір сүру орталарын жою оларға қауіп төндіріп тұр. 
Қытайдың табиғи ормандарының көп бөлігі саны ұлғайып 
келе жатқан халықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін 
ауыл шаруашылығында, ағаш материалдары мен отын 
ретінде қолданылып жойылуда. Пандалардың жойылуына 
септігін тигізіп отырған басқа да себептер бар, олар: заңсыз 
аңшылық, көбею қарқынының төмендігі (ұрғашы пандалар 
жылына дүниеге тек бір немесе екі қонжық қана әкеледі) 
және қоректің аздығы.
Пандалардың қорегі
Пандалар – шөпқоректі 
жануарлар. Олардың қоректері 
тек бамбуктан тұрады. Бамбук 
дегеніміз – сабақтары өсіп, ұзын 
ағашқа айналатын өсімдік. 
Қытайда бамбуктердің шамамен 
300 түрі болса, пандалар солардың 
25­тей түрімен қоректенеді. 
Олардың ең жақсы көріп 
жейтіндері – қолшатыр бамбугі, 
жебе бамбугі және алтын бамбук. 
Пандалар күніне 10­12 сағат бойы 
бамбук жейді, 24 сағаттың ішінде 
10­38 кг бамбук пайдаланады. 
Олардың мықты үшкір күрек 
тістері мен жалпақ және қалың 
азу тістерден тұратын мықты 
жақтары қатты бамбукты 
шайнауға мүмкіндік береді.
Жыртқыштар
Өте үлкен болғанына қарамастан, пандалардың 
табиғи жаулары да бар. Шибөрілер және 
қабыландар секілді кейбір жануарлар 
панда қалдықтарымен қоректенеді. 
Көптеген жануарлар, сонымен қатар, панда 
қонжықтарына да шабуыл жасайды. Сары 
тамақты сусар панда қонжығының жауы болып 
табылады.
Қорғау бағдарламасы
Қытай жойылу қаупі төніп тұрған үлкен пандаларды 
қорғау үшін бірнеше шаралар жүргізуде. Панда 
Қытайдың ұлттық байлығы болғандықтан, оны заңды 
түрде қорғаудың ең жоғары дәрежесі қамтамасыз 
етіледі. Сонымен қатар, Қытайда 40-қа жуық панда 
қорықтары бар, мұнда бұл әдемі аюларға қауіпсіз 
баспана беріледі. Бұл ормандардың ішінде де, 
сыртында да ағаштарды кесуге тиым салынған. 
Сычуань үлкен панда қорығы
Сычуань үлкен панда қорығы – Цюнлай және Цзяцзинь 
тауларындағы ЮНЕСКО әлемдік мұрасының нысаны. 
Мұнда жеті табиғи қорық және тоғыз пейзажды саябақ бар. 
Әлемдегі пандалардың 30%-дан астамы осында мекендейді.
Жергілікті халық үлкен пандаларды 
ежелгі замандардан бері аулап келеді.
Үлкен панда – жабайы 
табиғатты қорғайтын 
бүкіләлемдік қордың 
символы. Бұл қор 
1980 жылдардан 
бері осы жануарды 
белсенді түрде қорғауға 
тырысып келеді.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
21

Жанаттар (кәдімгі жанат, солтүстікамерикалық жанат деп те аталады) – Солтүстік 
Американы мекендейтін етқоректі жыртқыш. Сонымен қатар Еуропа мен Жапонияның 
кейбір бөліктерінен де кездестіруге болады. Кіші панда – жанаттармен туыстас болып келетін 
қызыл қоңыр сүтқоректі жануар. Бұл жануарды Гималай бойымен Батыс Непалдан Қытайға 
дейінгі алқапта кездестіруге болады.
Жанаттар мен кіші пандалар
Жанаттың түрлері
Жанаттың үш түрі болады, олар – кәдімгі 
жанат, арал жанаты және шаянжегіш жанат. 
Кәдімгі жанат барлық жанаттардың ішіндегі 
ең кең тарағаны. Мұны Оңтүстік Канададан 
Солтүстік Мексикаға дейінгі аралықтан 
кездестіруге болады. Аралдық жанат 
Мексиканың  жағалауындағы Трес-Мариас 
аралдарын, ал шаянжегіш жанат Орталық 
және Оңтүстік Американы мекендейді. 
Кәдімгі жанат
Кәдімгі жанат – түнде белсенді жануар. 
Әдетте олар ағаштарда немесе бөгеттер мен 
ағыстарға  жақын ормандарды мекендеп, 
түнде қорек іздеуге шығады. Кәдімгі 
жанаттар жәндіктермен, балықтармен, 
бақалармен, тышқандармен қоректенеді.
Шаянжегіш жанат
Шаянжегіш жанат өзінің шаян жегіш әдеті үшін осылай 
аталған. Олардың сыртқы келбеті кәдімгі жанаттарға 
ұқсас. Оларды кәдімгі жанаттардан сарғыш-қызғылт 
түктері және де кәдімгі жанаттарға қарағанда ұзынырақ 
және онша үлпілдек емес құйрығы арқылы ажыратуға 
болады. Барлық жанаттар секілді олар да суда жақсы 
жүзіп, ағашқа жақсы өрмелейді. 
Қысқы ұйқы
Кәдімгі жанаттар қыстыгүндері көп 
жағдайда ұйқыға жатпайды, дегенмен де 
қыс кезінде ұзақ уақытқа ұйқыға кетеді. 
Әдетте олар өздерінің ұяларын ағаш басында 
жасайды. Ауа райы жылы кезде олар 
ұяларынан уақытша шығады, сосын қайтадан 
ұйқыға кетеді. 
22

Жанаттың күшіктері
Жанаттар – жалғыз жүретін 
жануарлар, олар тек ұрпақ өсіру 
кезінде ғана бірге тұрады. Олар 
қаңтар мен наурыз аралығында 
шағылысады. Ұрғашы жанаттар 60-
73 күндік буаздықтан кейін төрт-бес 
күшікті дүниеге әкеледі. Туылған 
күшіктің көздері мен құлақтары 
жабық болады. Көздері мен 
құлақтары тек үш аптадан асқан соң 
ғана ашылады.
Кіші пандалардың жіктелуі
Кіші пандалар пандалар тұқымдастарына жатады. Олар – осы тұқымдастың тірі 
қалған жалғыз түрі. Бұлардың ең жақын арғы тектері осыдан 3­4 миллион жыл бұрын 
өмір сүрген. Алғашында ғалымдар кіші панданы аюлар отбасына жатқызған болатын. 
Алайда, соңғы жылдардағы зерттеулер кіші панданың аюлар мен пандаларға қарағанда 
жанаттар мен скунстарға көп ұқсайтындығын анықтады. 
Сыртқы пішіні
Кіші пандалардың мысыққа ұқсас ұзын 
ақ мұрттары мен ұзын қызыл денесі бар. 
Көзінен аузына дейін қоңыр сызық болады. 
Олардың басы домалақ және тұмсықтары 
қысқа болады. Құлақтары тікірейген және  
ұзын үлпілдек құйрықтарында қызыл 
және сары түсті жолақтар бар. Кіші 
пандалардың тырнақтары ұзын және де 
табандары түкті болады.
Мінез­құлықтары
Кіші пандалар өздерінің өмірлерінің 
көп бөлігін ағаш басында өткізеді. Олар 
бамбуктар және бамбук жапырақтарымен 
қоректенеді. Олар күніне бамбуктың 
жүздеген, мыңдаған жапырағын жей 
алады. Сонымен қатар кіші пандалар 
шөп, тамырлар, жаңғақтар, жидектер 
мен қыналарды да жей береді. 
Кейбіреулері тіпті жәндіктер мен құс 
жұмыртқаларымен қоректенеді. 
Азайып келе жатқан жануар
Уақыт өткен сайын кіші пандалардың саны азайып барады. Бұл жануарлардың жойылу 
себебі – орман ағаштарын шабу, бұтау нәтижесінде оларды өмір сүру орталарынан айыру 
және заңсыз аңшылық. Адамдар кіші пандаларды олардың терісінен қалпақ және киім 
жасау үшін де аулайды.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
23

Пілдер – құрлықтағы ең үлкен сүтқоректі жануарлар. Олар ұзын тұмсығы мен екі әдемі 
мүйізімен ерекшеленеді. Пілдердің екі түрі болады, олар – африкалық піл және азиялық 
піл. Африкалық пілдер өз ішінде саванна пілі мен орман пілі болып екіге бөлінсе, 
азиялық пілдер шри-ланкалық, үнді, суматралық және борнеолық пілдер болып 
төртке бөлінеді. 
Пілдер
Пілдің тұмсығы
Пілдің ұзын тұмсығы бірнеше қызмет атқарады. 
Тұмсығының ұшындағы екі танауымен тыныс 
алса, саусақ секілді болып біткен ұшы оларға 
заттарды алуға көмектеседі. Сонымен қатар 
пілдер тұмсықтарының көмегімен қорек пен суды 
ауыздарына жеткізеді, қауіп төнген жағдайда 
тұмсығымен дыбыс шығарып, белгі береді. 
Мүйіздері
Пілдердің тістері ұзын болып келеді, ол 
мүйіздері деп аталып кеткен. Мүйіздерінің 
үштен бір бөлігі қан мен жүйкеден 
тұрады. Мүйіздің көзге көрінетін бөлігі 
дентиннен тұрады, ал сырты эмальмен 
қапталған. Пілдің мүйізі –
өте бағалы материал, 
оны сән бұйым-
дарын, пианино 
батырмаларын, пышақ-
тар және т.б. тұрмыстық заттар жасауда 
қолданады. 
Пілдердің табындары
Пілдер – табын құратын жануарлар. Олардың өмірінде 
матриархаттық қоғам орын алған, яғни ұрғашылар 
топ басы болып келеді. Олардың өмір сүретін топтары 
табын деп аталады. Жасы және өлшемі жағынан ең 
үлкен ұрғашы піл табынды басқарады. Бір табында 
8-ден 100 пілге дейін болады. Пілдің баласы өмірге 
келгенде оны бүкіл табын бағып, қорғайды. Еркек 
пілдер 12 жасқа толғанда табыннан кетеді. Табыннан 
кеткен соң олар жалғыз жүреді. Сонымен қатар олар 
басқа да еркек пілдермен бірігіп, 2-ден 14-ке дейінгі, 
кей кездері 35-тен 144-ке дейінгі мүшесі бар топ 
құрады.
24

Шөпқоректі жануар
Пілдер – шөппен, жапырақтармен, 
бұтақтармен, ағаш діңдерімен, 
жемістермен және бұршақтармен 
қоректенеді.  Олар уақыттарының 
көбін қоректі таңдау,жинау және 
жеумен өткізеді. Ересек пілдер 
күніне 100 кг-нан аса өсімдікпен 
қоректеніп, 225 л су ішеді. 
Африкалық және азиялық 
пілдер
Африкалық пілдер Африканың 
тропиктік және субтропиктік 
ылғалды жалпақ жапырақты 
ормандарында, жайылымдары мен 
саванналарында кездеседі. Олар 
азиялық пілдерге қарағанда биігірек, 
салмақты және құлақтары да 
үлкенірек келеді. Азиялық пілдер – 
жойылу алдында тұрған жануарлар. 
Қазіргі кезде 40000-нан 50000-ға 
дейін тірі қалған азиялық піл бар. 
Үнді пілдері
Үнді пілі – азиялық пілдердің 
ішінде ең көп кездесетін түр 
тармағы. Бұл піл Бангладеш, 
Бутан, Борнео, Камбоджа, 
Қытай, Үндістан, Малайзия, 
Мьянма, Непал, Шри­Ланка, 
Тайланд және Вьетнамда 
кездеседі.
Суматралық пілдер
Суматралық піл тек Суматра 
аралында (Индонезия) ғана 
кездеседі. Бұл – жойылу қаупі 
аса жоғары пілдердің бірі. 
Қазіргі кезде суматралық 
пілдердің саны шамамен 2500­
3500 дараны құрайды.
Шри­ланкалық пілдер
Шри­ланкалық піл – барлық 
азиялық пілдердің ішіндегі ең 
үлкені. Бұл Оңтүстік­батыс 
Шри­Ланкада кездеседі.
Борнеолық кіші пілдер
Борнеолық кіші піл – барлық 
азиялық пілдердің ішіндегі ең 
кішкентайы. Олардың бойы 
аласа және денесі дөңгеленіп 
келген болады. Олардың 
құйрықтары басқа пілдердікіне 
қарағанда ұзынырақ, тіпті 
жерге дейін жетуі мүмкін.
Пілдерді қолға үйрету
Адамдар пілдерді көлік ретінде ауыр заттарды тасу үшін 
қолға үйретеді. Пілдер ағаш өнеркәсібінде, аңшылық пен 
соғыста қолданылады. Ең алғаш болып азиялық пілдер 
шамамен осыдан 5 000 жыл бұрын қолға үйретіле бастаса, 
египеттіктер африкалық пілдерді шамамен 2 500 жыл бұрын 
үйреткен.
Ақылды жануарлар
Пілдер – жердегі ең ақылды жануарлардың бірі. Олардың 
милары көп жануарлардың миларынан үлкенірек 
болғандықтан, дельфиндер секілді ақылды деп есептеледі. 
Адам нәрестесі секілді піл балалары да  өсе 
келе әр түрлі қылықтарды үйренеді. 
Сонымен қатар, пілдердің ұзақ 
есте сақтай алатындығы адамды 
таң қалдырады.
Пілдер қайғы, жанашырлық 
және сенімділік секілді әр түрлі 
эмоциялық белгілерді
 жеткізе алады.
Африкалық саванна пілі
Африкалық саванна пілі 
орман пілдеріне қарағанда 
үлкенірек және де мүйіздері 
сыртқа қарай майысқан 
болып келеді. Орташа еркек 
африкалық саванна пілінің 
салмағы 8626 кг­ға дейін 
жетеді.
Африкалық орман пілі
Африкалық орман пілі 
саванна піліне қарағанда 
қаралау болып келеді, 
олардың құлақтары 
сопақтау келіп, артқа 
қарай қайырылып тұрады. 
Мүйіздері түзулеу және де 
төмен қарай бағытталған.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
25

Сусиырлар – африкалық жұп тұяқты 
сүтқоректі жануарлар. Сусиырлардың 
екі түрі белгілі, олар – ергежейлі 
сусиыр және өзен сусиыры 
немесе кәдімгі сусиыр. Өзен сусиыры – 
осы екі түрдің ішіндегі үлкендеуі. 
Бұл жануар үлкендігі жағынан пілден 
кейінгі құрлықтағы екінші жануар, 
оның салмағы 3,5 тоннаға дейін 
жетеді.  Сусиырлар – құрлықтағы  
ежелден келе жатқан 
жануарлардың бірі. Олардың 
пайда болғанына шамамен 
бес миллион жыл болған. 
Кезінде сусиырлар Африканың 
барлық жерін мекендеген болса,  
қазіргі кезде тек Оңтүстік-шығыс 
Африкадан ғана кездестіруге болады.
Сусиырлар 
Өмір сүретін ортасы
Сусиырлар жайылымдар жанындағы 
өзендерді, көлдерді және батпақтарды 
мекендейді. Сусиырлар үшін ең ыңғайлы 
өмір сүру ортасы суға жартылай батып 
тұруға болатын құмды жағалауы бар тұрақты 
сулардың ашық алқаптары болып табылады. 
Әдетте олар өздерінің 
денелерін батыруға 
жетерліктей 
таяз суларды 
ұнатады.
Сусиырлардың терісі
Сусиырлардың суға 
жақындықтарының 
басты себептерінің бірі – 
олардың терісі ерекше. 
Олардың терісі  судан 
шыққан кезде жылдам 
құрғап кетеді. 
Сондықтан да олар 
суға жиі малтиды. 
Сусиырлардың 
терлететін бездері 
жоқ. Оның орнына 
олардың көптеген 
тері бездері болады, 
бұл бездер жабысқақ 
қызыл зат бөліп, денелері 
қызғылтым және терлеп 
тұрғандай көрінеді. Бұл 
бөлінген зат сусиырдың денесін 
Күннің ыстығынан қорғап, 
денесінде ылғалды сақтайды.
Көп жағдайда 
сусиырлар қатыгез-
дікпен шабуыл 
жасайды.
Суда жүзгіштер
Сусиыр сөзінің ағылшынша атауы «hippopotamus» 
гректің «өзен жылқысы» деген сөзінен алынған. 
Сусиырлардың бұлай аталу себебі – олардың күн 
ұзаққа суды паналауы болып табылады. Осылайша 
олар ыстық Африка күндерінде алып денелерінің 
температурасын тұрақты ұстап тұруға әрекет етеді. 
Сусиырлар суде өте жақсы жүзеді. Олардың 
көздері мен танаулары басының төбе 
жағында орналасқан, бұл олардың 
денелері су астына батып тұрса да, 
тыныс алуына мүмкіндік береді. 
Олар тіпті су астында да жүре 
алады.
26


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет