Жануарлар



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Регенерация
Теңіз жұлдыздары аяқ-қолдарын кесіп алса
орнына қайтадан жаңасын өсіре алады. Кейбір 
теңіз жұлдыздары кесіліп қалған бөліктен 
толығымен жаңа дене шығара да алады.
Қызыл теңіз жұлдызы қоректенуде
Теңіз жұлдыздарының қорегі
Теңіз жұлдыздары ұлулармен, губкалармен, 
шаяндармен, теңіз ирекшелерімен, мидиялармен 
және тіпті басқа теңіз жұлдыздарымен де 
қоректенеді. Әдетте, олар құрбанын ауыздарына 
тұтасымен салып жейді. Ал сауытты жануарларды 
жеу барысында олар алдымен сауытты алып 
тастап, жұмсақ бөлігін жейді, сосын өз қарындарын 
ашып, олжасын жұтады. 
118

Күнбағыс теңіз жұлдызы
Күнбағыс теңіз жұлдызы – теңіз жұлдызда рының 
ішіндегі ең үлкендері және ең жылдамдары. 
Олардың диаметрлері 1 м-ге дейін жетеді, 15-тен 
24-ке дейін қолдары және 15 000 түтік аяқтары 
болады. Әдетте, олардың түсі күлгіннен қоңыр, 
қызыл-сары немесе сары түске дейін болады.
Теңіз кірпілері
Теңіз кірпілері, әдетте, теңіз түптерінде немесе 
соған жақын жерлерді мекендейді. Олардың 
дөңгелек пішінді денелері болады. Денесін ұзын 
қимылдайтын тікенектер қаптап тұрады. Негізінде, 
олардың тікендері – барлық тікентерілілердің 
ішіндегі ең ұзындары. Олардың түстері қоңыр, 
қара, күлгін, жасыл, ақ немесе қызыл болуы 
мүмкін. Теңіз кірпілері су балдырларымен және 
басқа да органикалық заттармен қоректенеді. 
Сонымен қатар, олар губкаларды, теңіз 
жұлдыздарын және теңіз лала гүлдерін жеулері де 
мүмкін. Олар кішкентай тастарды, қабыршақтарды 
және балдырларды жинап, тығылып қалу үшін 
жабылып алады.
Теңіз лилиясы
Теңіз лилиясы гүлдейтін өсімдікке ұқсайды, 
алайда олар тікентерілілер болып табылады. 
Олар терең теңіз түптерін мекендеп, диск 
пішінді денелерін теңіз түбіне бекіндіріп, 
қолдарын жоғары қарай созып жатады. Кейбір 
теңіз лилиясы еркін жүзеді. Сонымен қатар, 
оларды түкті жұлдыздар деп те атайды.
Теңіз жағалауындағы күнбағыс 
теңіз жұлдызы
Маржан рифтерінде өсіп тұрған теңіз 
лилиясы
«Тікенді тәж» теңіз жұлдызы
Тікенді тәж – Тынық және Үнді 
мұхиттарын мекендейтін үлкен тікенекті 
теңіз жұлдызы. Мұның 10­нан 30­ға дейін 
қолдары болады, түсі қызыл немесе жасыл 
болып келеді. Тікенді тәждер маржандарды 
қорек етеді. Олар маржанды жеу үшін 
асқазандарын  ашады. Асқазандарынан 
шыққан шырын маржанды ерітеді, кейін 
сол сұйықтықты жұтады. Бұл теңіз 
жұлдыздары көп шақырымдық маржан 
рифтерін бұзатын болғандықтан, маржан 
рифтері үшін қауіпті деп саналады.
Теңіз қиярлары
Теңіз қиярларының пішіндері қияр тәрізді 
болады. Теңіз кірпілері секілді теңіз 
қиярлары да теңіз түбінде немесе соған 
жақын жерлерді мекендейді. Олар көбіне 
теңіз түбіндегі құмды індерде көміліп 
жатады. Теңіз қиярларының ауыздарының 
жандарында мұрт секілді кішкентай 
аяқтары болады.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Теңіз омырТқасыздары
119

медузалар
Медузалар – еркін жүзетін, денесі іркілдеген 
мөлдір түсті омыртқасыздар. Олардың денесі 
қоңырау пішінді және шағатын ұзын мұрттары 
болады. Бұлар – ең ежелгі жануарлардың бірі. 
Олар шамамен 650 миллион жыл бұрын пайда 
болған.
Ішекқуыстылар 
Барлық медузалар ішекқуыстылар болып 
табылады. Олардың нематоцист деп аталатын 
шағатын жасушалары болады. Шаққанда 
өте ауыртып, адам баласын өлтіріп жібереді. 
Олардың басы, тыныс алу немесе зәр шығару 
мүшелері болмайды. Милары да болмайды. 
Оның орнына олардың жарықты, иісті және 
де жақындап келе жатқан жауларын сезетін 
қарапайым жүйке жүйесі болады.
Табақша тәрізді медуза
Табақша тәрізді медуза немесе нағыз медуза – 
медузалардың бір түрі. Оның шамамен 200 түрі 
белгілі. Ай медузалары, тәж медузалары және 
теңіз қалақайлары – нағыз медузалардың 
түрлері.
Көбеюі 
Медузалар жыныстық жолмен көбейеді. Аталық 
медуза ұрықтар өндірсе, аналық медузалар 
жұмыртқа өндіреді. Аталық медуза аталық 
ұрықтарды теңіз суына шашып, бұл ұрықтар 
сумен бірге аналық медузаның аузына кіріп, оның 
ішіндегі жұмыртқаны ұрықтандырады. Эмбрион 
медузаның ішінде немесе олардың ауыздарының 
жанындағы камераларында дернәсілге айналады. 
Дернәсілдер полиптерге айналып, олар жыныссыз 
жолмен бүршіктер немесе көпіршіктер түзеді. Осы 
полиптердің әрқайсысы әрі қарай ересек медузаға 
айналады.
Медузалардың қорегі
Медузалар кішкентай балықтармен және 
планктондармен қоректенеді. Кейбір медузалар, 
сонымен қатар, кішкентай шаяндармен және 
басқа да шаянтәрізділермен қоректенеді. Көбіне 
медузалар суда жүзіп жүрген осы жануарларды 
қолдарымен ұстап, ауыздарына салады. Сонымен 
қатар, олар үлкен балықтарды ұстау үшін 
өздерінің шағатын жасушаларынан у шығарып, 
оларды өлтіреді.
Ай медузасы
Ай медузасы – Атлант, Үнді және Тынық 
мұхиттарында кездесетін кәдімгі медуза.
Ай медузасы
Орын ауыстыруы
Медузалар мұхит ағыстарының көмегімен 
орындарын ауыстырады. Мұхит ағыста­
рымен бірге қалықтап, жүзіп және батып 
жүреді. Сонымен қатар, олар қайта оралу 
үшін жүзе алады.
120

Теңіз сонасы
Теңіз соналары – Атлант, Үнді және Тынық 
мұхитының шығыс бөлігінде кездесетін нағыз 
медузалар. Теңіз сонасының қоңырау тәрізді 
денесінің диаметрі 25 см-ге дейін өсе алады. 
Теңіз сонасының шағатын өте үшкір мүшелері 
болады. Тынықмұхиттық теңіз соналары – ең 
үлкен медузалардың бірі.
Теңіз арасы
Теңіз арасы – әлемдегі ең улы медуза. Әдетте, 
олар Солтүстік Австралияның жағалау сулары 
мен Үнді-Тынық мұхиттарын мекендейді. 
Ол куб пішінді болып, ұштарынан мұрттары 
салбырап тұрады. Әрбір мұртта шамамен 
5000 шағатын жасушасы болады.
Алып медуза
Жалды немесе алып медуза ең үлкен медуза 
болып табылады. Бұл Солтүстік Мұзды мұхитта, 
Солтүстік Тынық мұхитта және Солтүстік Атлант 
мұхитында кездеседі. Бұл медузалардың қоңырау 
пішінді денелерінің диаметрі 2,5 м-ге дейін жетіп, 
ал мұрттарының ұзындықтары 30 м-ге дейін болуы 
мүмкін.
Тынықмұхиттық 
теңіз соналары
Теңіз арасы
Алып медуза 
Тарақ тәрізді медузалар
Тарақ тәрізді медузалар нағыз медуза 
емес. Олар мұхит суларында өмір сүретін 
жануарлар тобына жатады. Олардың суда 
жүзуіне көмектесетін кірпіктер деп 
аталатын кішкентай тарақ тәрізді түктері 
болады. Тарақ тәрізді медузалардың 
шамамен 90 түрі белгілі. Кейбір тарақ 
тәрізді медузалар биолюминесцентті, яғни 
жарық шығару қабілетіне ие болып келеді.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Теңіз омырТқасыздары
121

маржандар
Маржандар – топтанып өмір сүретін мұхит организмдері. 
Маржандардың екі түрі болады: жұмсақ маржандар және 
қатты маржандар. Қатты маржандар үлкен рифтер түзеді. 
Ал жұмсақ маржандар түкті болып келеді. Олар өте майысқақ 
және де мұхит суларында жүзіп жүреді.
Маржан полиптері
Маржандар полиптер деп аталатын мыңдаған 
ұсақ жұмсақ денелі организмдерден тұрады. 
Полиптердің пішіні цилиндр тәрізді, аузының 
айналасында мұрттары болады. Маржан 
полиптері теңіз түптеріндегі тастарға жабысып, 
көбейе бастайды. Олар әктастан баспаналар 
(қаңқалар) жасап, өздері сонда мекендейді. Бұл 
баспаналар бірігіп, үлкен маржандар түзеді.
Маржандардың қоректері
Маржандар түнде белсенді болып келеді. 
Полиптер баспаналарынан шығып, 
зоопланктондар деп аталатын микроскопиялық 
организмдермен қоректенеді. Маржандар мұхит 
ағысымен жүзіп бара жатқан зоопланктондарды 
мұрттарының көмегімен ұстайды. Ал күндіз 
олар мұрттарын созып қойып қоректенеді.
Маржандар шоғыры
Зооксантелла және маржандар
Зооксантеллалар мен маржандар бір­
бірлерімен пайдалы қарым­қатынаста болады. 
Зооксантеллалар – фотосинтез жүретін су 
балдырлары. Олар маржандарды мекендеп, 
жауларынан қорғанады. Бұлар маржандар бөлетін 
көмірқышқыл газын, азот пен басқа да тұздарды 
фотосинтез процесі үшін пайдаланады. Ал 
фотосинтез процесінің өнімі ретінде балдырлар 
бөлетін оттегіні маржандар пайдаланады. 
Сонымен қатар, зооксантелла глюкоза мен 
басқа да бағалы қоректік заттар бөледі, оларды 
маржандар кальций карбонаты қабықтарын 
түзу үшін пайдаланады. Көптеген маржандардың 
жасыл түсті болуы да ондағы зооксантеллалардың 
әсерінен.
122

Маржан рифтері
Маржан рифтері – бір-бірімен 
байланысқан әр түрлі маржан 
шоғырларының шоғырланған 
үлкен тобы. Рифтер Үнді 
мұхитында, Қызыл теңізде 
және Тынық мұхитында көп 
кездеседі. Олар барлық теңіз 
жануарларының 25%-ының 
баспанасы болып табылады. 
Губкалар, риф акулалары, 
шаяндар және клоун- 
балық, жыланбалықтар 
және тотықұс-балық 
секілді маржан балықтары 
маржан рифтерін 
мекендейді. Тотықұс-
балық пен көбелек-балық 
секілді кейбір балықтар 
маржандармен қоректенеді. 
Теңіз балдырлары секілді 
көптеген теңіз өсімдіктері де 
маржандарда өседі.
Рифтердің түрлері
Рифтердің төрт түрі белгілі, 
атап айтсақ, жағалық 
рифтер, атолдар, тосқауыл 
рифтер және платформалық 
рифтер. Жағалық рифтер – 
рифтердің ең кең тараған 
түрі. Олар жағалауларға 
жақын және аралдарда 
өседі. Тосқауыл рифтері де 
жағалауларда өседі. Әдетте, 
оларды жағалаулардан 
үлкен мүйістер бөліп 
тұрады. Атолдар – 
мұхиттардың ортасында 
түзілетін маржандар 
шеңбері, ал платформалық 
рифтер – құрлықты шельф 
түзетін кішкентай рифтер.
Үлкен тосқауыл рифі
Австралияның солтүстік­
шығысындағы Үлкен 
тосқауыл рифі – әлемдегі 
ең үлкен маржан рифі. 
Бұл – әлемнің жеті 
ғажайыбының бірі. Мұның 
ұзындығы 215 000 км жерге 
созылып жатыр. Бұл – тірі 
организмдер түзген әлемнің 
ең үлкен құрылымдарының 
бірі. Мұны сыртқы жақтан 
да көруге болады. Бұл рифте 
400­ден аса маржан түрі 
бар. Сонымен қатар, бұл 
көптеген жануарлардың 
ұясы болып табылады. 
Мұнда балықтардың 
шамамен 1 500 түрі, 
ұлулардың 4 000 түрі 
мекендейді.
Жұмсақ маржан
Жұмсақ маржандар 
маржан рифтерінде 
қатты маржандармен 
бірге болады. Қатты 
маржандарға қарағанда 
олардың қатты кальций 
карбонатты қабықтары 
болмайды. Олардың  
жауларынан қорғайтын 
миллиондаған жіп тәрізді 
мұртшалары болады. 
Сонымен қатар, олардың 
өздерін қорғап тұратын 
күшті улары бар.
Теңіз қауырсындары – құмды теңіз түптерін 
мекендейтін жұмсақ маржандар
Маржан рифтерін 
қорғау
Маржан рифтері мұхит-
тардың орманы болып 
табылады. Олар – әлемдегі 
ең бағалы экожүйелердің 
бірі. Миллиондаған 
мұхит жануарлары 
осы маржан рифтерін 
мекендейді. Балықтардың 
4000-нан астам түрі, 
ішекқуыстылар, ұлулар, 
шаянтәрізділер және басқа 
да көптеген жануарлар 
маржан рифтерінде 
кездеседі. Сондықтан да 
маржандарды қорғап, 
ондағы жануарларды сақтау 
маңызды болып табылады.
Израильдегі эйлаттың 
жағалық рифтері
Үлкен тосқауыл рифіндегі алып ұлуды 
жақыннан қарап тұрған сүңгуір
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Теңіз омырТқасыздары
123

Актиниялар 
Актиниялар – әлемнің барлық мұхиттарында кездесетін омыртқасыздар. Олардың сырт 
пішіні ашық түсті гүлдерге ұқсайды. Олар мұхит түбіндегі тастарда немесе маржандарда 
өседі. Дене пішіндері цилиндр тәрізді, ауыздарының жанында мұрттары болады. 
Актиниялардың әлемде 1000-нан аса түрі бар, олар таяз суларда да, терең суларда да 
кездеседі.
Дене сипаттамалары
Актиниялардың пішіндері әр түрлі болып 
келеді. Ең кіші актинияның диаметрі 
небәрі 0,38 см, ал биіктігі 0,4 см болады, ең 
үлкенінің диаметрі 1,8 м, ал биіктігі 1,2 м-ге 
жетеді. Олардың көбінің реңдері көк, жасыл, 
күлгін, қызыл немесе қызыл-сары болса, 
кейбіреулері өздерінің айналасындағы түспен 
бірдей болу үшін басқа түске ауысуы мүмкін. 
Актиниялардың милары болмайды. Жүйке 
жүйелері қарапайым болып келеді.
Қоректері
Актиниялар – етқоректі. Олар балықтармен, 
мидиялармен, зоопланктондармен 
және шұбалшаңдармен қоректенеді. 
Олар өздерінің тілдерімен құрбанына 
уын дарытып, оны сал қылады. Кейін 
мұрттарымен құрбанды аузына алып келеді. 
Актиниялардың асқазандарында мықты 
қорытқыш шырын болады, ол қорегін 
жылдам қорытуға көмектеседі. 
124

Көбеюі
Актиниялар жыныстық жолмен де, жыныссыз жолмен 
де көбейеді. Ұрғашы актиниялар жұмыртқа өндіріп, 
оларды ауыздары арқылы суға жібереді. Еркек 
актиния аталық ұрықтарды өндіріп, суға жібергенде 
олар жұмыртқаларды ұрықтандырады. Ұрықтанғаннан 
соң жұмыртқа дернәсілге айналып, маржанға немесе 
басқа да бір қатты затқа бекініп, әрі қарай жетіледі. 
Актиниялардың кейбір түрлері – гермафродиттер, 
яғни бір ғана организмде еркек және ұрғашы дараның 
көбею мүшелері бар. Актиниялар, сонымен қатар, 
бүршіктену арқылы да көбейеді. Актинияның 
денесінде қалыптасқан кішкентай полиптер бөлініп, 
дамып, ересек актинияға айналуы мүмкін.
Актиниялар мен 
теңіз шаяндары 
Кейбір актиниялар көптеген 
жануарлармен симбиозды қатынас 
түзеді. Олар теңіз шаяндарының 
сауыттарына жабысып алады. 
Олар шаяндарға қорғаныс болса, ал 
актиниялар шаянның арқасында жүріп 
оның қоректерінің қалдықтарымен 
қоректене береді. Диуана  шаян 
мен актиниялардың қатынастары 
симбиозды қатынастардың мысалы 
бола алады. Бұл шаяндар ұлулардың 
ескі жабындарын мекендейді. Олар 
өздерінің жабындарын жаңа жабынға 
ауыстырған кезде сол актиниямен 
бірге жаңа жабынға көшеді.
Актиниялар мен клоун-балықтар
Актиниялар мен клоун-балықтардың 
арасында симбиозды қатынас дамыған. 
Актиниялардың 100 түрінің ішінде 10 түрі 
клоун-балықтармен екі жаққа да пайдалы 
қатынас түзеді. Клоун-балықтардың 
ұялары актиниялар болады. Актиниялар 
оларды жауларынан қорғайды, әрі сол 
балықтардың қоректерінің қалдықтарымен 
қоректенеді. Сонымен қатар, клоун-
балықтар актинияларды паразиттер және 
олардың мұрттарына кіріп кетуінен, басқа да 
заттардан тазартады.
Актиниялардың арасында тығылып 
отырған теңіз шаяны
Полиптер
Актиниялардың жанында жүрген 
клоун-балықтар
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Теңіз омырТқасыздары
125

Сегізаяқтар
Сегізаяқтар – судағы омыртқасыздар. Олар әлемнің 
барлық жеріндегі тропиктік және жылы теңіздерінде 
кездеседі. Олардың көбі теңіздердің түптерін 
мекендеп, әдетте 4,5 км тереңдіктерде кездеседі, 
ал кейбіреулері ашық мұхиттарда да жүреді. 
Сегізаяқтар басаяқты ұлулар тұқымдасына, яғни 
ұлулардың ішіндегі ең жетілген тобына 
жатады. Басқа ұлуларға қарағанда 
сегізаяқтардың сыртқы бақалшағы 
болмайды.
Дене сипаттамалары
Сегізаяқтардың денесі жұмсақ, бастары жақсы 
жетілген, үш жүрегі және сегіз аяғы болады. 
Қармалауыштарының ұзындығы 5 см-ден 
10 м-ге дейін болады. Сегізаяқтар 
қармалауыштарынан айырылған жағдайда 
регенерациялау қабілетіне ие. Әрбір 
қармалауыштарының сорғыштары немесе 
сіміру кеселері болады. Қармалауыштары 
денелеріне барып негізгі бөлік деп аталатын 
жерлерімен бірігеді. Тоқылдақтың тұмсығындай 
мүйізді ауызы осы астыңғы бөліктің ортасында 
орналасады. Сегізаяқтардың құлақтары 
болмайды. Олар ести алмайды. Олардың өте 
жақсы көретін екі үлкен көзі болады. Сонымен 
қатар, олардың иіс сезу, дәм сезу және сипап сезу 
мүшелері өте жақсы дамыған.
Басаяқтылар
Басаяқтыларға сегізаяқтар, шаяндар және теңіз 
құрттары кіреді. Олар – кембрий кезеңінің соңына 
қарай пайда бола бастаған ежелгі жануарлар. 
Басаяқтылардың 800-дей түрі белгілі, олардың 
ішінде 300-дей сегізаяқтар бар.
Мекендері
Сегізаяқтар мұхит түптеріндегі немесе соған жақын 
жерлердегі жартастарды немесе үңгірлі жерлерді 
мекендейді. Әдетте, олар бір үңгірде бір немесе 
екі апта тұрып, одан кейін жаңасына ауысады. 
Сонымен қатар, кейбір сегізаяқтар ұлулардың 
жабындарын да мекендейді.
Сегізаяқтың сорғыштары
Мұхит түбіндегі үңгірге орналасқан сегізаяқ 
126

Көк қан
Сегізаяқтардың канының түсі көк болады. Олардың 
қандарының көк болу себебі – оттегі тартатын 
протеиндерде мыстың болуы.
Қорғануы
Сегізаяқтардың өте қауіпті жаулары бар. Акулалар, 
жыланбалықтар және дельфиндер сегізаяқтарды 
аулағанды жақсы көреді. Олар – жасырынудың 
ұсталары. Түсі қоршаған ортамен бірдей болу 
үшін реңдерін және дене бітімдерін өзгерте 
алады. Осының арқасында олар жауларынан 
құтылады. Сонымен қатар, олардың денелерінде 
арнайы қапшықтары бар, содан қара сия бөлінеді. 
Сегізаяқтарды жаулары қуған жағдайда олар сол 
қапшықтардан сияны төгіп, жауларының алдын 
жауып қалып, қашып құтылады.
Қоректері
Сегізаяқтар шаяндармен, ұлулармен, 
балықтармен, қос жақтаулы ұлулармен және 
басқа да су жануарларымен қоректенеді. Барлық 
сегізаяқтар улы. Олар құрбандарын мықты 
тұмсықтарымен тістеп, уын енгізу арқылы 
өлтіреді.
Алып тынықмұхиттық сегізаяқ
Алып тынықмұхиттық сегізаяқ – ең үлкен 
сегізаяқ. Әдетте, олардың ұзындықтары 7,6 м-ге 
дейін, ал салмақтары 23-тен 45 кг-ға дейін 
жетеді. Тарихтағы ең үлкен тынықмұхиттық 
сегізаяқтың ұзындығы 9 м, салмағы 275 кг 
болған. Алып тынықмұхиттық сегізаяқтар 
Солтүстік Тынық мұхитта, Америка Құрама 
Штаттарының солтүстік-батысынан бастап 
Жапонияға дейінгі алқапта кездеседі.
Мына сегізаяқ айналасымен бірдей болу үшін 
түсін өзгертуде.
Көк сақиналы сегізаяқ
Оңтүстік Австралияның суларында 
кездесетін көк сақиналы сегізаяқ  ең улы 
сегізаяқ болып табылады. Оның уы адам 
баласы үшін өте қауіпті.
Жүйке жүйелері
Сегізаяқтардың жүйке жүйелері өте жақсы 
дамыған, осының себебінен олар ең ақылды 
омыртқасыздардың бірі болып табылады. 
Жүйке жүйелерінің үштен бір бөлігі 
миларында орналасса, қалған бөлігі аяқтары 
мен денесіне таралған. Сегізаяқтың әрбір 
қолында шамамен 170 миллион нерв
жасушасы болады, солар қолдарының 
қимылын басқарады. Басқаша айтқанда, 
әрбір қолының өз «миы» болады. Сонымен 
қатар, зерттеулер сегізаяқтардың ұзақ 
уақыттық және қысқа уақыттық есте 
сақтау қабілеттерінің де жақсы жетілгенін 
көрсетті. Оған қоса, сегізаяқтардың 
шырмауларды шешіп, қиын жерлерден жол 
тауып шыға алатындықтары белгілі болған. 
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Теңіз омырТқасыздары
127

Кальмарлар
Жүйке жүйесі
Кальмарлар – ең ақылды омыртқасыздар. 
Олардың жүйке жүйесі өте жақсы 
жетілген, миларының денелеріне 
қатынасы  жоғары. Олар бірігіп аулау 
қабілетіне ие омыртқасыздардың қатарына 
кіреді. Сонымен қатар, олар белсенді 
түрде бір-бірімен байланысатын жалғыз 
омыртқасыздар.
Кальмар  
Кальмарлар – басаяқты ұлулар. Олар әлемнің барлық мұхиттарында 
терең теңіздерден бастап, таяз жағалау суларда кездеседі. Олардың 
өлшемдері 30 см-ден бастап, 18 м-ге дейін жетеді. Барлық 
кальмарлар – етқоректі жануарлар. Олар кішкентай 
балықтармен, шаяндармен қоректенгенді ұнатады.
Дене сипаттамалары
Олардың бастары үлкен, 
милары да салыстырмалы 
түрде алғанда үлкен болады. 
Кальмарлардың денелері 
жұмсақ торпедо пішінді, 
сыртын қыртыс (бұлшық 
етті мүшелері) қаптап 
тұрады. Ішкі құрылысы 
шеміршекті қаңқа 
болып, сегіз қолы және 
қос мұрты болады. 
Кальмарлардың сезу 
мүшелері және жүйке 
жүйелері өте жақсы 
дамыған, оған күрделі 
көздері мен миы да 
кіреді.
Түрлері
Кальмарлардың шамамен 
300 түрі белгілі, олар, 
негізінен, екі топқа бөлінеді: 
таяз су кальмарлары және 
терең су кальмарлары. Таяз су 
кальмарларына Калифорния 
кальмарлары, кәдімгі еуропалық 
кальмарлар, Кариб рифі 
кальмарлары және көптеген басқа 
да кальмарлар кіреді. Ал терең 
су кальмарларына қысқа қанатты 
кальмарлар, жарық шығаратын 
кальмарлар, перулік кальмарлар және 
т.б. жатады.
128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет