Ескекаяқтылардың үш тұқымдасы
Ескекаяқтылардың үш тұқымдасы бар, олар –
құлақсыз немесе нағыз итбалықтар,
құлақты немесе түкті итбалықтар және теңіз
арыстандары, сойдақтістілер.
Құлақсыз итбалық
Құлақсыз итбалықтар деп аттары айтып
тұрғандай бұл жануарлардың сыртқы
құлақ қалқандары болмайды. Құлақсыз
итбалықтарға теңіз пілі, сопы-
итбалық, кәдімгі итбалық және
мұз итбалықтарының бірнеше
түрлері кіреді. Олардың
терілері өте жұқа. Алайда
олардың жылуды ұстап
тұратын қалың май қабаты
болады.
Сойдақтістілер
Сойдақтістілерді олардың үлкен үшкір
тістері арқылы оңай тануға болады.
Құлақсыз итбалықтар секілді олардың да
сыртқы құлақ қалқандары болмайды.
Гренландия итбалығы
Гренландия итбалықтары – Солтүстік Атлант және
Солтүстік Мұзды мұхитта өмір сүретін құлақсыз
итбалықтар. Олар құрғақ жерде өте аз уақыт
болады. Еркек Гренландия итбалықтарының
бастары қара, ал арқаларынан қара ілгек тәрізді
белгі көрінеді. Жас Гренландия итбалықтарының
терілері аппақ болғандықтан, оларды сол терілері
үшін адамдар аулайды.
Кішкентай Гренландия
итбалығы арктикалық
мұзда аунауда
46
Теңіз пілі
Теңіз пілдері – алып құлақсыз итбалықтар.
Бұл жануарлар өздерінің піл тұмсығы
тәріздес тұмсықтарының болғаны үшін
теңіз пілі деп аталады. Теңіз пілдерінің екі
түрі бар, олар – солтүстік және оңтүстік
теңіз пілдері. Антарктиканы және оның
маңындағы аймақтарды мекендейтін
оңтүстік теңіз пілдері – ең үлкен
итбалықтар. Оңтүс тіктік
теңіз пілдерінің ұзындық-
тары 6 м-ге дейін, ал салмақ-
тары 4 тоннаға дейін жетуі
мүмкін. Олар суда өте жақсы
жүзіп, сүңгиді. Олар тіпті 1,5 км
тереңдікке дейін сүңгіп, су астында
екі сағаттан астам уақыт тұра алады.
Сұр итбалық
Сұр итбалық – орташа өлшемді құлақсыз
итбалық. Сұр итбалықтар ақ белгілері бар
қара түсті немесе қара белгілері бар ақ түсті
болулары мүмкін. Еркек сұр итбалықтар
ұрғашыларына қарағанда қаралау
және үлкендеу келеді. Сонымен
қатар олардың мойындары
мен иықтары да жал-
пақтау, тұмсықтары
ұзынырақ және дөң-
геленген болады.
Кәдімгі итбалық
Кәдімгі итбалық
немесе жағалау
итбалығы –
кішкентай
құлақсыз итбалық.
Оны V тәріздес
танаулары және
дақты терісі арқылы
ажыратуға болады,
әдетте терісінің түсі күміс сұр
түстен қара немесе қою қоңыр түске дейін өзгеріп
отырады. Кәдімгі итбалықтар Атлант және Тынық
мұхиттарында кездеседі. Бұл итбалықтар көп
уақыттарын құрлықта өткізеді. Барлық итбалықтар
секілді кәдімгі итбалықтар да суда жақсы жүзіп,
сүңги біледі. Олар 180 м тереңдікке дейін сүңгіп, су
астында 20 минуттан астам уақыт тұра алады.
Теңіз шаянын жегіш итбалық
Теңіз шаянын жегіш итбалық – Антарктика
суларында мекендейтін құлақсыз итбалықтар. Олар
әлемдегі ең көп тараған сүтқоректілер. Олардың
түстері қою сұр келеді. Алайда жаз кезінде терілері
ағарып кетеді. Теңіз шаянын жегіш итбалықтар
шаян жемейді. Керісінше, олар крильдер,
кішкентай балықтар және кальмарлармен
қоректенеді.
Түкті итбалық
Түкті итбалықтар –
үлкен құлақты
итбалықтар. Түкті
итбалықтардың
тоғыз түрі бар,
оларға солтүстік
түкті итбалығы
және оңтүстік
түкті итба
лықтарының
сегіз түрі кіреді. Түкті
итбалықтардың терілері өте
әдемі болып келеді, сондықтан
да олар көбіне аңшылықтың нысанына айналады.
Солтүстік түкті итбалығы ХІХ ғасырда жойылу
шегіне дейін ауланған болатын.
Аузын айқара ашып
тұрған теңіз пілі
Калифорния теңіз арыстаны
Калифорния теңіз арыстандары – құлақты
итбалықтар. Олардың сыртқы құлақ қалқан
дары және ұзын алдыңғы жүзбеқанаттары
болады. Олар өздерінің ақылдылығымен
және ойнақылығымен белгілі. Калифорния
теңіз арыстандары – әлемдегі зообақтар мен
аквариумдарда ең танымал жануарлар. Олар –
денесі жылтыр және жылдам қозғалатын теңіз
арыстандары. Оларды Солтүстік Америка
мен Галапагос аралдары маңынан кездестіруге
болады. Калифорния теңіз арыстандарының
ұрғашылары үлкен топтарда өмір сүреді.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
47
Демтесік
Киттер
Киттер – алып мұхит сүтқоректілері. Олар – әлемдегі
ең үлкен сүтқоректілер. Барлық басқа да сүтқоректілер
секілді киттер де жас төлін дүниеге әкеледі, өкпелері
арқылы тыныс алады және де жылықанды болып
табылады. Олардың сырғанақ сүйір денелері және
де жылуды сақтап тұратын терілерінің астында
қалың май қабаты болады.
Кит тәрізділер
Киттер, дельфиндер және теңіз шошқалары кит
тәрізділер тобына жатады. Барлық кит тәрізділер
судағы өмірге бейімделген сүтқоректілер. Киттер
екі отрядқа бөлінеді, олар – тісті киттер және
нағыз киттер (тіссіз киттер). Көптеген дельфиндер,
кішірек киттер және теңіз шошқалары тісті
киттерге жатады.
Нағыз киттер (мұртты киттер)
Нағыз киттердің тістері болмайды. Таңдайының
екі жағына тізіліп орналасқан мүйізді
пластинкалары болады. Оларды «кит мұрты»
деп атайды. Ол сүзгі қызметін атқарады. Киттер
судағы планктондар мен теңіз суын жұту үшін
ауыздарын аша қозғалады. Кит жеткілікті
мөлшерде суды жұтқан соң аузын жауып, суды
сыртқа шығарады. Осы тұста планктондар
мүйізді пластинкаларда қалып қояды. Бұлай
қоректену процесі сүзіп жеу деп аталады. Нағыз
киттердің 14 түрі белгілі.
Тыныс алу мүшесі
Киттер бастарының төбесінде орналасқан
демтесіктері арқылы тыныс алады. Дем
тесік киттің кеңірдегі мен өкпесіне байла
нысады. Көп киттерде бір ғана демтесік
болады. Алайда кейбіреулерінде екеу болуы
мүмкін. Киттер дем шығарған кезде су мен
ауа ағыны осы демтесік арқылы атқылап
шығады.
Бүкір кит өзінің үлкен аузын ашып,
мүйіз пластинкаларын көрсетуде
48
Тісті кит
Тісті киттер – шабуылдаушы
жануарлар. Олар өздерінің
құрбандарын аңдып,
тістерімен ұстайды.
Құрбандарын тұтастай
жұтады.
Көк кит
Көк кит – әлемдегі ең үлкен жануар. Шындығына
келгенде, бұл – осы планетада өмір сүрген
жануарлардың ішіндегі ең үлкені. Көк киттің
ұзындығы 30 м, салмағы 200 тоннаға жуық.
Өздерінің алып денелеріне қарамастан, бұл
жануарлар – өте нәзік жануарлар. Олар тіссіз киттер,
планктонды шаянтәрізділермен қоректенеді.
Гренландия киті
Гренландия киті немесе Арктика киті – тіссіз кит.
Бұл – үлкендігі жағынан көк киттерден кейінгі
екінші жануар, оның салмағы 130 тоннаға жетеді.
Мұның ағылшын тіліндегі атауы «доға басты
кит» деп аталады, оның олай аталу себебі астыңғы
жағының доға тәріздес болуынан. Гренландия
киттері Арктикада және соның маңайында
кездеседі.
Полярлық кит
Полярлық кит – ең сирек кездесетін киттердің бірі.
полярлық киттің үш түр тармағы бар: бискаийск,
(Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде), жапон
(Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде) және
австриялылық (Оңтүстік жарты шарда). Полярлық
киттердің бастарының алыптығы соншалық, дене
ұзындығының үштен бір бөлігін алады. Олар тіссіз
киттерге жатады. Олар зоопланктондар және басқа
да ұсақ ағзалармен қоректенеді.
Бүкір кит
Бүкір киттердің ұзындықтары 12 -15 м-ге дейін,
салмақтары 36 тоннаға дейін жетеді. Оларды
әлемнің барлық мұхиттарынан кездестіруге
болады. Бүкір киттерді олардың мығым денесі,
бүкірі және басының қара түсі арқылы тануға
болады.
Сұр кит
Сұр киттер – қаралау көк-сұр түсті киттер.
Мұның денесі ақ-сұрғылт түсті өрнектермен
және тыртық тармен қапталған. Олардың арқа
жүзбеқанаттары болмайды. Олардың орнына
бірнеше арқа буындары болады. Сұр киттер де
тіссіз киттерге жатады. Сұр киттер судан сүзіп
алатын көптеген мөлшердегі планктондармен
қоса теңіз түбіндегі шаян тәрізділермен
де қоректенеді.
Сұр киттердің көшуі
Сұр киттер өздерінің алыс қашықтықтарға
көшуімен ерекшеленеді. Жыл сайын олар
Солтүстік Мұзды мұхитының Беринг және
Чукот теңіздерінен Калифорния түбегінің
жылы суларына дейін, одан Солтүстік мұзды
мұхиты кері қайтып, шамамен 20000 км-ге дейін
қашықтыққа көшіп жүреді.
Кашалот
Кашалот – ең үлкен тісті кит. Мұның ұзындығы
20 м-ге дейін жетуі мүмкін. Кашалоттардың
миы – тарихта болған барлық жануарлардың
ішіндегі ең үлкені. Олар балық пен
кальмарларды қорек етеді. Кашалоттар кальмар
іздеп орасан зор тереңдіктерге сүңгіп кетеді.
Алып кальмарлар кашалоттармен айқасқа
түседі.
Белуха киті
Белуха киттері –
әдемі ақ тісті
киттер. Олардың
дөңгелектенген
маңдайы және
кішкене тұмсықтары болады. Белухалар –
топталып тіршілік ететін жануарлар. Олар
кішкентай топтарда өмір сүреді.
Киттердің әндері
«Кит әндері» дегеніміз – киттер бір-
бірімен хабарласу үшін шығаратын дыбыс.
Олардың әндері белгілі бір үлгіні қайталап
тұратындықтан, адам әніне ұқсайды. Мысалға,
көк киттердің дауыстары терең дауысты.
Сонымен қатар, олар – барлық жануарлардың
ішіндегі ең қатты дыбыс шығаратын жануарлар.
Бүкір киттер өздерінің ерекше әндері арқылы
байланысады. Олардың кей өлеңдері 10 минуттан
аса уақытқа созылулары мүмкін.
Бүкір киттер өте
жақсы жүзеді
Дельфиндер тісті
киттерге жатады
Көк киттің әуеден түсірілген бейнесі
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
49
Дельфиндер
Дельфиндер – дельфиндер тұқымдасына жататын киттәрізділер тобының ішіндегі ең үлкені.
Олар әлемдегі мұхиттардың барлығында дерлік және де кейбір өзендер мен өзен сағаларында
да кездеседі. Мұхит дельфиндерінің 36 түрі және де өзен дельфиндерінің төрт түрі белгілі.
Дельфиндердің пішіні әр түрлі болады. Мысалы, Мауи дельфиннің ұзындығы 1,2 м, ал
косатканың ұзындығы 9 м-ге жетеді.
Дене ерекшеліктері
Дельфиндердің денесі жып-жылтыр және
өте мықты жүзеді. Олар – тегіс терілі және
сүйір денелі жануарлар. Олардың үшкір
тұмсықтары және конус тәрізді тістері болады.
Дельфиндердің жүзбеқанаттар жауып тұратын
жалғыз демтесіктері бар. Бұл демтесікте
дельфиннің суда тыныс алуына көмектесетін
қос танау орналасады.
Дельфиндердің ақылдылығы
Дельфиндер – ең ақылды су жануарлары. Көптеген
зерттеушілердің ойынша, дельфиндер – адамдар
мен адам тәріздес маймылдардан кейінгі ең
ақылды жаратылыстар. Олардың ақылдылығын
адамнан кейін екінші тұратын ми-дене
пропорциясымен түсіндіруге болатын секілді.
Дельфиндердің өзара байланысуы
Дельфиндердің кешенді байланысу жүйесі бар.
Олар әр түрлі дыбыстармен қатар, мимика
дыбыстарын да шығара алады. Кәдімгі
дельфиндердің шақыруы тілдерін шерту
және ысқыру арқылы жүзеге асады. Кейбір
зерттеушілердің бейнелеуінше, дельфиндер
шыңғыру, ыңырсу, ырылдау және ышқыну
секілді дыбыстар шығарады.
Дельфиндердің қорегі
Дельфиндер балықтар мен кальмарларды
қорек етеді. Олар өздерінің қорегін ұстау үшін
тістерін қолданады. Косатка секілді кейбір үлкен
дельфиндер итбалықтарға, теңіз арыстандарына,
басқа да дельфиндерге, киттерге, теңіз шошқа-
ларына және теңіз құстарына шабуыл жасайды.
Қара дельфин
50
Дельфиндердің топтары
Дельфиндер – топталып тіршілік ететін
жануарлар. Олар бестен бастап жүзге дейін
дельфиндер кіретін топтарда өмір сүреді, ойнайды.
Бір топтың дельфиндері бірбіріне жақын жүзіп,
тіпті жүзбеқанаттарын бірбірінің үстеріне қойып
демалады.
Афалиндер
Афалин дельфиндері – ең белгілі теңіз жануар-
ларының бірі. Бұл – өте ақылды жануар және
де оларды әр түрлі қимылдар орындатуға
оңай үйретуге болады. Бұл дельфин – әлемдегі
көптеген зообақтар мен саябақтардың
жұлдызы. Ол адам берген белгілерді, дыбыс-
тарды түсінеді және қимылдарын қайталай
алады. Афалин дельфиндерінің денелері мықты
және де тұмсықтары қысқа, жуан болады.
Олардың ұзындықтары 2-4 м, салмақтары
136 кг-нан 635 кг-ға дейін жетеді.
Кәдімгі дельфин
Кәдімгі дельфиндер афалин дельфиндеріне
қарағанда кішірек келеді. Олардың арқалары
қоңыр немесе қара түсті болса, құрсақ тұстары
ақшыл түсті болады. Қарапайым дельфиндердің
екі түрі белгілі, олар – қысқа тұмсықты кәдімгі
дельфин және ұзын тұмсықты кәдімгі дельфин.
Кәдімгі дельфиндер ең жылдам жүзетін дельфиндер
қатарына кіреді. Олар сағатына 40 км-ге дейінгі
жылдамдықпен жүзе алады.
Сұр дельфин
Сұр дельфиндер тропикалық аймақтарда және де
әлемнің жылы сулы аймақтарында кездеседі. Әдетте
бұл басқа дельфиндерге қарағанда мұхиттың терең
қабаттарында өмір сүреді. Басқа дельфиндер секілді
бұлар кемелерге жақындап, артынан жүрмейді.
Косатка-дельфин
Косатка-дельфин
немесе косатка –
ең алып дельфин.
Косаткаларды барлық
мұхиттардан кездестіруге
болады, әсіресе олар
Арктика мен Антарктида
жақтарда көп тараған. Оларды
ақ және қара жолақты түсі
мен биік арқа жүзбеқанаттары
арқылы оңай тануға болады. Оның
арқа жүзбеқанаттары барлық
киттәрізділердің ішіндегі ең биігі.
Косаткалар – күшті жыртқыштар.
Олар көк киттер мен итбалықтар
секілді алып су жануарларына да
шабуыл жасайды. Ол кішкентай
итбалықты тұтастай жұта алады.
Амазондық дельфин
Амазондық дельфин (сонымен қатар, бото, буфео
және қызғылт дельфин деп те аталады) – Оңтүстік
Американың Амазон өзені, Оринокода және де
Токантинс өзендер жүйесінде кездесетін өзен
дельфині. Әдетте олар көкшіл түсті, кейбір кездері
қызғылт түсті болады. Амазондық дельфиндердің
еркектерінің ұзындықтары 2,5 м-ге, ал салмақтары
59 кг-ға дейін жетеді.
Ла-Платалық дельфин
Ла-Платалық дельфин – ең кішкентай өзен
дельфині. Оның ұзындығы 1,5 м-ге дейін,
салмағы 50 кг-ға дейін жетеді. Бұл дельфинді
Бразилия, Уругвай және Аргентинаның жағалау
аймақтарынан кездестіре аламыз. Оның
тұмсығы – барлық киттәрізділердің ішіндегі ең
ұзыны.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
51
Құндыздар
Құндыздар – Солтүстік Америка мен Еуропада жартылай суда тіршілік ететін үлкен
кеміргіштер. Бұл үлкендігі жағынан су шошқасынан кейінгі екінші үлкен кемігіш.
Құндыздар көлдерде, өзендерде және ағындарда кесілген ағаштардан бөгет салатындығымен
танымал. Сонымен қатар, оларды өте бағалы терісі, еті үшін аулайды.
Түрлері
Құндыздардың екі түрі белгілі, олар –
еуро палық құндыздар және америкалық
құндыздар. Жойылып кету шегіне дейін
ауланған еуропалық құндыздар қазіргі таңда
заңмен қорғалады. Олар Еуропаның көптеген
аймақтарына және бұрынғы Кеңес тер Одағы
мемлекеттері суларына қайта жерсіндірілген.
Америкалық немесе кана далық құндыз
Канадада, Америка Құрама Штаттарында және
Мексиканың кейбір бөліктерінде кездеседі.
Алып құндыз – құндыз дардың жойылып кеткен
түрі. Бұл өте үлкен болғандығы соншалық –
америкалық қара аюдың өлшеміндей болған. Ол
шамамен 13 000 жыл бұрын голоцен кезеңінде
жойылып кеткен.
Сипаттамалары мен бейімделулері
Құндыздардың биіктігі 30 см-дей және
ұзындығы 70 см-дей болады. Олардың
ұзындығы 25 см болатын жалпақ, қалың
құйрығы бар. Олар қауіп төнгенде басқаларына
хабар беру үшін осы құйрығымен суды
шалпылдатады. Құндыздың құйрығы жүзу
барысында руль қызметін атқарса, артқы
аяқтарына тік тұрғанда тіреу рөлін атқарады.
Құндыздардың артқы аяқтарындағы
саусақтарының арасы жарғақты, ал танаулары
ашылып-жабылатын болады. Олардың осы
бейімділіктері жартылай суда тіршілік етуіне
мүмкіндік береді.
Тістері
Құндыздардың тістері мықты болып келеді.
Олар өздерінің үстіңгі және астыңғы күрек
тістерімен (қос жағындағы алдыңғы екі тісі) үлкен
ағаштарды кеседі. Бұл төрт тісін қаптайтын арнайы
эмальдың арқасында тістері тістеуге икемді, үшкір
болады. Барлық басқа кеміргіштердікі секілді
құндыздардың да тістері өмір бойы өсіп отырады.
Сонымен қатар, құндыздар су астында да шайнай
алады. Олардың алдыңғы тістерінің артында
орналасқан арнайы жалпақ жабындылары болады,
бұл жабынды суға сүңгігенде олардың аузын
жауып, ауыздарына су кіруден қорғайды.
Құндыздар кесіп тастаған ағаштар
52
Үйшіктері
Құндыздардың үйлері үйшік деп аталады.
Бір үйшікте төрттен сегізге дейінгі мүшеден
тұратын отбасы тұрады. Құндыздар үйшік
терін саз бен таяқтардан соғады. Олардың
үйшіктері ішінде іні бар күмбезге ұқсайды. Олар
үйшіктерінің есігіне дейін баратын су асты
жолын салады. Үйшіктің бір үлкен орталық
бөлігі болып, бірнеше кіретін есіктері болады.
Үйшіктің едені су деңгейінен жоғары көтеріліп
салынып, үйшіктің тесіктері таза ауаның
кіруіне мүмкіндік жасайды. Құндыздар қыстың
көп бөлігін сол үйшіктерінің ішінде өткізеді.
Әдетте үйшікті қалың балшық қабаты қаптап
жатады, бұл қабат үйшіктің жылуын сақтап,
жауларынының бұзуынан қорғайды.
Құндыздардың қорегі
Көбіне құндыздар ағаш діңдерін, камбийді, ағаш
діңінің астында өсетін жұмсақ талшықты және
жапырақтарды қорек еткенді ұнатады. Әдетте олар
талдың, үйеңкінің, қайыңның, көк теректің, үш қырлы
теректің, теректің және қарағаштың діңдерін жегенді
жақсы көреді. Сонымен қатар олар тамырларды,
бүршіктерді және су өсімдіктерін де жейді. Америка
құндыздары су лалагүлін жегенді өте ұнатады.
Құндыз құнайлары
Құндыздар көктем кезінде үш-төрт жас құнайды дүниеге
әкеледі. Құндыздардың балалары құнайлар деп аталады.
Жаңадан туылған құндыз құнайларының көздері ашық,
толығымен жүні болады және де туылғаннан соң 24
сағат ішінде жүзіп кете алады. Жас құнайлар екі жасқа
жеткенше ата-аналарымен тұрады. Одан соң ғана олар
жұптарын тауып, өз үйлерін жасауға кіріседі.
Құндыздардың соғатын бөгеті
Құндыздар ағыстағы су жылдамдығын
төмендетіп, өздерінің үйшіктерінің
маңындағы аймақты ұлғайтып, суын
тереңдету үшін бөгеттер соғады. Су деңгейінің
жоғары болуы оларды кайоттар, қасқырлар
және аюлар секілді жауларынан қорғайды.
Уақыт өте келе қалқып келген заттар
жиналып, бөгеттің жанында өсімдіктер
өседі, бөгет бекем бола бастайды. Әдетте,
бөгеттердің биіктігі 1,5 мдей және де негізінің
жалпақтығы 3 мдей болады.
Құндыздар – экожүйе инженерлері
Құндыздар – экожүйе инженерлері. Адам
дардан кейін құндыздар өмір сүру орталарын
өзгертіп, жаңа экожүйе түзуге көмектеседі.
Олар ағаштарды кесіп, бөгеттер соғып,
каналдар қазып, үйшіктер салады. Ағыстарда
бөгет салу арқылы таза су тоғанын түзуге
көмектеседі. Бұл тоғандарға жаңа жануарлар
мен өсімдіктер келіп, барлығы бірігіп жаңа
экожүйе құрылады. Құндыз бөгеттері
олардың жанындағы ормандарды да өзгертеді.
Ормандарды құндыздарға қажет емес жас
ағаштар мен бұтақтар қаптайды.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
53
Жарқанаттар Арктика мен Антарктида құрлықтарынан басқа жерлерде кеңінен тараған.
Жарқанаттардың мыңға жуық түрі белгілі және де олар полярлық аймақтардан басқа
әлемнің барлық түкпірлерінде кездеседі. Олар – сүтқоректілердің ішіндегі жалғыз ұша
алатын түрлері. Олардың осы өздеріне тән ерекшеліктері оларды басқа сүтқоректілерден
жеке дара бөліп тұрады.
Жарқанаттар
Үлкен жарқанаттар
Үлкен жарқанаттар Азияда, Австралияда
және Африкада кездеседі. Сонымен қатар
олар Тынық және Үнді мұхитының
аралдарында да кездеседі.
Кіші жарқанаттар
Кіші жарқанаттар үлкен
жарқанаттарға қарағанда
кеңінен тараған. Олар
Антарктидадан
басқа жердің
барлығында
кездеседі.
Жарқанаттардың
жіктелуі
Жарқанаттар –
қолқанаттыла р отря-
дының бір тармағы.
«Қолқанат» сөзі гректің
« chiro» – « қол» және
«ptera» – «қанат»
сөзде рінен алынған.
Қолқанаттылар өз ішінде
екі топқа бөлінеді: үлкен
қолқанаттылар (үлкен
жарқанаттар) және кіші
қолқанаттылар (кіші
жарқанаттар).
Жарқанаттардың
көшуі
Еуропа мен Азияны
мекендейтін кейбір
жарқанаттар орын
ауыстырып, көшеді.
Олар өздерінің өмір сүру
орталарын қыс кезінде
тастап, жылы жаққа қарай
ұшады. Америка Құрама
Штаттарын мекендейтін қызыл
жарқанат пен үлкен ақ басты
жарқанаттар қыс кезінде
Құрама Штаттарының
солтүстігі мен Канададан
Джорджия, Оңтүстік
Каролина және Флорида
секілді жылы аймақтарға
қарай көшеді. Әрдайым
көшіп-қонып жүретін
жарқанаттарға жеміс
жарқанаты мен ұшатын
түлкі жатады.
Үнділік ұшатын
түлкі – ең үлкен
жарқанаттардың
бірі. Мұның
жайылған қанаты
шамамен 2 м-ге
жетеді.
54
Эхолокация
Эхолокация – жарқанаттар
қолданатын навигация
жүйесі. Олар эхолокация
көмегімен қоректерін тауып,
кедергілерді анықтап, бір
бірімен байланысады. Олар
ауаға жоғары жиілікті
дыбыстар шығарады. Дыбыс
кедергіге барып тигенде ол
артқа қайта жаңғырығып,
жарқанаттар сол арқылы
жолдарын табады. Сонымен
қатар жарқанаттар
эхолокация көмегімен
заттың пішіні мен өлшемін
де анықтай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |