«Самұрық–Энерго» АҚ біріктірілген жылдық есебі


Электр энергиясын өндіруге белгіленген тарифтер



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата30.03.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10597
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Электр энергиясын өндіруге белгіленген тарифтер  
 
Атауы 
Өлшем бірлігі 
2014ж. 
нақты 
 2015ж. 
нақты 
2016ж. 
жоспар 
2017ж. 
жоспар 
 
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС
 
теңге/кВт.сағ.  
   7,12         7,73     
7,80 
7,81 
 
«Екібастұз ГРЭС-2» АҚ
 
теңге/кВт.сағ.
 
   8,00         8,66     
8,65 
8,65 
 
«АлЭС» АҚ
 
теңге/кВт.сағ.
 
   8,20         8,60     
8,60 
8,60 
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ
 
теңге/кВт.сағ.
 
   7,00         7,29     
7,30 
7,30 
 
«Шардара СЭС» АҚ
 
теңге/кВт.сағ.
 
   4,30         4,50     
9,50 
9,50 
«Мойнақ СЭС» АҚ
 
теңге/кВт.сағ.
 
   7,40         8,74     
9,50 
10,30 
 «ЖГРЭС» АҚ 
теңге/кВт.сағ.
 
   8,50         8,70     
  
  
«Samruk-Green Energy
» ЖШС
 
теңге/кВт.сағ.
 
 34,61       34,61       37,03       39,62     
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС
 
теңге/кВт.сағ.
 
  
 22,68       22,68       24,27     
 
жылу энергиясының өндіру үшін энергия өндіруші ұйымдар – АлЭС және Ақтөбе 
ЖЭО стратегиялық тауарға: газ бен оны тасымалдауға бағалардың өсуіне байланысты 
2015  жылғы  тарифтерді  ТРШ  ретінде  бекітті.  Заңнаманың  талаптарын  орындау  үшін 
2016 жылы АлЭС және Ақтөбе ЖЭО үшін тарифтерге инвестициялық құрамдастарды 
қоса отырып, 2016-2020жж. кезеңіне арналған шекті ұзақ мерзімді тарифтер бекітіледі.   
 
Жылу энергиясын өндіруге белгіленген тарифтер 
 
 
 
Атауы 
Өлшем бірлігі 
2014ж. 
нақты 
 2015ж. 
нақты 
2016ж. 
жоспар 
2017ж. 
жоспар 
 
«АлЭС» АҚ
 
теңге/кВт.сағ.
 
 2 638      2 806 
2 814 
 3 472     
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ
 
теңге/кВт.сағ.
 
    946       1 167      1 907 
2 754 
 
«Екібастұз ГРЭС-2» АҚ
 
теңге/кВт.сағ.
 
    705          686          677          680     
 «ЖГРЭС» АҚ 
теңге/кВт.сағ.
 
 1 050       1 050     
  
  
 
- аймақтық энергия жеткізуші компаниялар (АЭК-тер үшін) үшін 2015ж. тарифтер 
бенчмаркинг (салыстырмалы талдау) әдістемесі бойынша қолданылды.  2016-2020жж. 
ұсынылған тариф сметалары негізінде шекті ұзақ мерзімді тарифтер бекітілді.  
Электр энергиясын жеткізу қызметіне белгіленген тарифтер 
 
Атауы 
Өлшем бірлігі 
2014ж. 
нақты 
 2015ж. 
нақты 
2016ж. 
жоспар 
2017ж. 
жоспар 
 «АЖК» АҚ 
теңге/кВт.сағ.
 
   5,00         5,21     
5,35 
5,62 
 «ШҚ АЭК» АҚ 
теңге/кВт.сағ.
 
   3,17         3,26     
3,76 
3,82 

 
70 
 
«МЭБК» АҚ 
теңге/кВт.сағ.
 
   3,18         3,57     
4,11 
    4,32    
 
-  энергиямен  жабдықтаушы  ұйымдар  үшін  (ЭЖҰ)  есепті  кезеңде  тарифтерге 
түзетулер енгізіліп, 2015 ж. мамырда  «КЕГОК» АҚ көрсететін қызметке тарифтердің 
төмендеуіне  және  станциялардан  сатып  алынатын  тарифтер  құрылымының  өзгеруіне 
байланысты азайды. Белгіленген тәртіпте өтінім беріліп, 2016 жылға тариф келісілді.    
 
ЭЖҰ электр энергиясын сатуға белгіленген тарифтер 
 
Атауы 
Өлшем бірлігі 
2014ж. 
нақты 
 2015ж. 
нақты 
2016ж. 
жоспар 
2017ж. 
жоспар 
 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 
теңге/кВт.сағ.
 
 14,30       15,29      16,07 
17,07 
 «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС 
теңге/кВт.сағ.
 
   9,86       10,49      11,04 
 11,23     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Инвестициялық қызмет 
Қоғамның 2015 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы 
 
 

 
71 
 
 
Большая часть мощностей представлена энергоблоками старше 30 лет – Қуаттың 
көп бөлігін 30 жылдан асқан энергия блоктары береді 
Доля возрастной группы энергоблоков в  установленной мощности – Белгіленген 
қуаттағы энергия блоктары жасына байланысты тобыныңүлесі 
 
Қоғамның Инвестициялық бағдарламасы өндірістік қуаттарды жаңғыртуға, қайта 
құруға және салуға, энергетикалық компаниялардағы иелік ету үлестерін сатып алуға 
және ұлғайтуға, сонымен қатар сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету мен  
электр және жылу энергиясына сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. 
2015 жылға тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 95 995,6 млн. теңгені 
құрайды. 2015 жылдың 12 айы үшін жоспарда 95 995,6 млн. теңге болғанда күрделі 
салымдарды нақты игеру 89 720,3 млн. теңгені (немесе жоспардың 93%-ын) құрады, 
оның ішінде жоспарда 46 872,6 млн. теңге болғанда инвестициялық жобаларды игеру 
бойынша сомасы 46 872,6 млн. теңгені (немесе жоспардың 91%-ын) құрайды. 
2015 жылы Қоғам мынадай бірқатар инвестициялық жобаларды аяқтады: 

 
72 
 
1.
 
2015 жылы наурыз айында Алматы 2-ЖЭО күл-қож жоюдың аралас жүйесін 
қайта  құру  бойынша  4-ші  кезең  аяқталды.  2015  жылы  2  сәуірде  Қабылдап  алу 
комиссиясының актісі алынды; 
2.
 
Ерейментау  қаласы  ауданындағы  қуаты  45  МВт  жел  электр  станциясының 
құрылысы  аяқталды.  2015  жылғы  14  тамызда  Қабылдап  алу  комиссиясының  актісі 
алынды. 
Қоғамның  іске  асырылатын  инвестициялық  жобалары  портфеліне  13 
инвестициялық  жоба  кіреді,  оларды  іске  асыру  жұмыс  істеп  тұрған  станциялардың 
белгіленген  қуатын  ұлғайту  және  жаңа  қуаттар  құру  арқылы  Қазақстанның  электр 
энергиясы  және  электр  қуаты  тапшылығын  жабуға  мүмкіндік  береді.  Олардың  4-еуі 
МҮИИДБ  және  Индустрияландыру  картасы  аясында  іске  асырылуда.  Төменде 
Қоғамның компаниялар тобы іске асыратын басты жобалары келтірілген. 
 
Өндіруші қуаттарды салу және жаңарту бойынша жобалар  
 «Балқаш ЖЭС-ін салу» 
 2012  жылғы  қыркүйекте  Қазақстан  Республикасы  мен  Корея  Республикасы 
Мелекет  басшыларының  қатысуымен  қуаты  1  320  МВт  Балқаш  ЖЭС-і  бірінші 
модулінің  құрылысы  басталды  (жоба  МҮИИДБ  және  Индустрияландыру  картасына 
енгізілген).  Жобаны  іске  асыру  жылына  10  млрд.    кВт/сағ.  астам  электр  энергиясын 
өндіруге мүмкіндік береді.    
Станция құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 
 
«Шардара СЭС-ін жаңғырту» 
Шардара  СЭС-ін  жаңғырту  (жоба  МҮИИДБ  және  Индустрияландыру  картасына 
енгізілген)  станцияның  өндірдіргіштігін  және  пайдалану  қауіпсіздігін  арттыру  үшін 
моральдық және физикалық тұрғыдан тозған жабдықтарды ауыстыруды көздейді, бұл  
белгіленген қуатты 126 МВт-ға дейін ұлғайтуға және қосымша 57 млн кВт/сағ. энергия 
өндіруге  мүмкіндік  береді.  Станцияны  жаңғыртуды  аяқтау  2017  жылға  жоспарланып 
отыр. 
  
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясын  № 3 энергия блогын салу арқылы  кеңейту және 
қайта жаңарту» 
Екібастұз  ГРЭС-2  станциясын    №  3  энергия  блогын  салу  арқылы  кеңейту  және 
қайта  жаңарту  (жоба  МҮИИДБ-ге  және  Индустрияландыру  картасына  енгізілген) 
станцияның белгіленген қуатын 636 МВт-ға арттыру үшін іске асырылады,  бұл жылына  
шамамен 4,8 млрд кВт/сағ. қосымша электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.  
 
«Екібастұз ГРЭС-1 қуатын жаңғырту және кеңейту» 
Екібастұз ГРЭС-1 қуатын жаңғырту және кеңейту жобасы (жоба МҮИИДБ және 
Индустрияландыру картасына енгізілген) Екібастұз ГРЭС-1-дегі № 8, № 2 және  № 1 
блоктарды қалпына келтіруді және сәйкесінше  станция қуатын 1 500 МВт-ға ұлғайтуды 
көздейді.  №  8  блокты  қалпына  келтіру  2012  жылы  аяқталды.  №  2    блокты  қалпына 

 
73 
 
келтіру  2014  жылы  аяқталды.  №  1  блокты  қалпына  келтіруді  аяқтау  2020  жылға 
жоспарланып отыр. 
 
«Ерейментау қаласы ауданында келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейту мүмкіндігі 
бар қуаты  50 МВт ЖЭС салу» 
Бұл жоба жаңартылатын энергия көздері саласындағы қуатты кеңейту аясында іске 
асырылады. Станция жылына 180 млн кВт/сағаттан астам электр энергиясын өндіреді. 
Бұдан  бөлек,  станцияны  салу  жылу-энергетикалық  ресурстардың  жалпы  шығысын 
ескеретін  өндіруші  қуаттардың  оңтайлы  құрылымын  қамтамасыз  етуге,  қоршаған 
ортаға  тигізетін  жағымсыз  әсерді  мейлінше  төмендетуге,  сонымен  қатар  парниктік 
газдардың  шығарындыларын  азайтуға  мүмкіндік  береді.    Құрылыс  2018  жылы 
аяқталады деп күтілуде.  
  
«Кеңсу өзенінің ағысын Мойнақ СЭС Бестөбе су қоймасына бұру» 
Кеңсу өзені ағысының бір бөлігін Бестөбе су қоймасына бұру Мойнақ СЭС-те 
электр  энергиясын  өндіруді  арттыру  үшін  қажет.    Су-энергетикалық  есептеулерге 
сәйкес, судың ағысын бұрған кезде Мойнақ СЭС-те электр энергиясын өндіру орта 
есеппен 102 млн. кВт/сағ. ұлғаяды. Жобаны іске қосу 2020 жылға жоспарланып отыр.  
 
 
    Инфрақұрылымды қайта жаңарту және жаңғырту жобалары  
«Екібастұз  ГРЭС-1-дегі 500 кВ АТҚ-ны жаңғырту» 
Жоба тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың сапасын қамтамасыз етуге және 
оның  сенімділігін  арттыруға  бағытталған.  Жобаны  іске  асыру  әсері  –  500  кВ  АҚТ 
жабдықтарының істен шығу салдарынан болуы мүмкін жүйелік апаттарды болдырмау 
және Қазақстан мен Ресей тұтынушыларына  электр энергиясын сенімді босату және 
мен жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Жобаны аяқтау мерзімі  – 2016 жыл.  
 
«Түрксіб» 110/10 Кв  ҚС салу»  
Алматы  қаласының  солтүстік  бөлігіндегі  күннен-күнге  өсіп  келе  жатқан 
жүктемені  электр  энергиясымен  сенімді  әрі  үздіксіз  қамтамасыз  ету  үшін 
трансформаторлық  қуаты    80  МВА  «Түрксіб»  110/10  кВ    қосалқы  станциясын  салу 
жобасы іске асырылуда. Жобаны 2017 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. 
 
«Қарасай ауданында іргелес орналасқан 35/10кВ ҚС жүктемелерін ауыстыра 
отырып, «Шамалған» (Үшқоңыр) 110/10кВ ҚС мен «Шамалған станциясы» 110/10кВ 
ҚС салу арқылы электр желілерін дамыту» 
Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандарының тұрғындарын электр 
энергиясымен  үздіксіз,  снеімді  әрі  тұрақты  қамтамасыз  ету.  Алматы  облысының 
Қарасай және Жамбыл аудандарының 110/35 кВ электр жүйелерінің сенімді жұмысын 
қамтамасыз ету. Жылына электр энергиясына техникалық шығындарды 409,97 мың 
кВтсағ. азайту. Жобаны пайдалануға беру 2018 жылға жоспарланып отыр.     

 
74 
 
 «Алматы ЖЭО-2-ні қайта жаңарту және  кеңейту. III кезек. № 8 ст. қазандық 
агрегаты» 
Жоба  жылына  қосымша  450  млн  кВтсағ.  энергия  өндіре  отырып,  жылу 
жүктемесінің  күтілетін  өсімін  жабуға  және  «Универсиада-2017»  объектілерін, 
индустриалдық  аймақ  пен  «Қол  жетімді  баспана  -  2020»  бағдарламасы  бойынша 
тұрғынжай құрылысын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Жобаның аяқталу 
мерзімі –  2016 жыл. 
 
 «Ақтөбе ЖЭО-ны  қайта құру және жаңғырту» 
Жоба қолданыстағы жабдықтардың ресурс өндіруіне байланысты № 3 станцияның 
турбиналық  агрегатын  ауыстыруды  көздейді.  Жобаны  іске  асыру  станцияның 
белгіленген  қуатын  88  МВт-дан    117  МВт-ға  дейін  ұлғайтуға  мүмкіндік  береді.  2015 
жылы 29 желтоқсанда  «Ақтөбе ЖЭО-ны  қайта құру және жаңғырту» жобасы бойынша 
№  3  станцияның  турбиналық  агрегат  техникалық  іске  қосылды.  Қабылдау 
комиссиясының актісін алу 2016 жылдың 2-тоқсанына жоспарланып отыр.   
                     Көмір өндіру технологиясын жетілдіру жобасы 
 
«Богатырь»  кесігінде  көмірді  өндіру,  тасымалдау,  тұрақтандыру  және  тиеу 
бойынша ағынды-циклдық технологияға көшу 
Жоба теміржол көлігінде қолдану үшін тау жынысының терең қабатына жетіп, әрі 
қарай  көмірді  тиеу  кешендерінде  тұрақтандыра  отырып,  жердің  бетіне  конвейермен 
жеткізудің ағынды технологиясына бірте-бірте көшуді көздейді. 
Жобаны іске асыру: 

 
Богатырь кесігінде көмір өндіру көлемін жылына 42 млн тоннадан 49 млн тоннаға  
ұлғайтуға; 

 
еңбек өнімділігін 25 %-ға арттыруға; 

 
көмірді    тиейтін,  ұсақтайтын  және  тасымалдайтын  тозығы  жеткен  негізгі 
құралдарды ауыстыруға мүмкіндік береді. 
Жобаны  аяқтау  2021  жылға  жоспарланып  отыр.    2014  жылы  желтоқсанда 
«Богатырь  Көмір»  ЖШС    мен    Thyssen  Krupp  компаниясы  арасында  инжиниринг, 
жабдықтарды  жеткізу,  шеф-монтаждау  және  іске  қосу-жөндеу  жұмыстары  бойынша 
келісімшарт жасалды. 
Тиімділігі төмен әлеуметтік жобалар 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2013  жылғы  27 
қарашадағы № 01-7.16 хаттамалық тапсырмасына, «Самұрық-Қазына» АҚ 2013 жылғы 
28 қарашадағы №  21-ө  хаттамасына  сәйкес Қоғамға Астана қ. Әкімдігімен бірлесіп 
Астана қаласында 240 орындық балабақша салу тапсырылды. Құрылысты 2016 жылы 
аяқтау жоспарланып отыр.     
 
Инвестициялық қызметтердің аралық нәтижелері 
Қоғамның жаңа активтерді құруға, техникалық қайта жарақтандыруға, өндіріс пен 
ағымдағы  активтердің  деңгейіне  қолдау  көрсету,  табиғатты  қорғау  жөніндегі  іс-
шараларға бағытталған инвестициялық саясатына сәйкес, 2009-2015 жылдар кезеңіндегі 
қаржыландыру  көлемі  шамамен  500  млрд  теңгені  құрайды,  соның  ішінде  2009-2014 

 
75 
 
жылдар  кезеңі  үшін  –  413,5  млрд  теңгені  құрады.  Жұмыс  істеп  тұрған  қуаттарды 
жаңарту және қайта құру бойынша маңызды нәтижелер қазірдің өзінде бар: 
- белгіленген және қолданымдағы қуат арасындағы айырма  Екібастұз ГРЭС-1  № 
2  блогын  есепке  алмағанда  (соның  ішінде  Екібастұз  ГРЭС-1  704  МВт-ға,  Екібастұз 
ГРЭС-2 104,6 МВт-ға, ЖГРЭС  38,3 МВт-ға, АлЭС  288 МВт-ға, Шардара ГЭС  5 МВт-
ға, Ақтөбе ЖЭО  11 МВт-ға) 1 151 МВт-ға азайған (2 647 МВт-дан 1 496 МВт-ға дейін 
азайған); 
-  жеке  қажеттіліктерге  жұмсалатын  электр  энергиясының  шығысы  0,73  %-ға 
азайды  (жеке мұқтаждықтарға тұтыну 7,93 %-дан 7,2 % дейін азайды); 
- белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті 8,2 %-ға ұлғайды (32,3 %-дан  40,5 
%-ға дейін ұлғайды); 

күл  аулау  коэффицентін  ұлғайту  қоршаған  ортаға  зиянды  заттар 
шығарындыларының көлемін жылына 140 мың тоннаға азайтты (шығарындылар көлемі  
237,3 мың тоннадан 147,3  мың тоннаға дейін азайды); 
- еңбек өнімділігі 2,1 млн теңге/адамға ұлғайды (6,7-ден  8,8 млн теңге/адамға дейін 
өсті). 
 
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері  
Қоғам  қаржы  ресурстарын  тарту  үшін  кредиттер  мен  облигациялар  сияқты 
құралдарды  кеңінен  қолданады,  сонымен  қатар  әлеуметтік  маңызы  бар  жобаларды 
қаржыландыру  үшін  республикалық  бюджеттен  ақша  қаражатын  тартады.  Мұның 
үстіне,  Қоғам  ішкі  қаржыландыру  көздерімен  бірге    Еуропа  Қайта  құру    және  Даму 
Банкі, Еуразия Даму Банкі және т.б. сияқты сыртқы көздерді де пайдаланады. 
2012  жылы  24  тамызда  «Шардара  СЭС-ін  жаңғырту»  жобасын  қаржыландыру 
мақсатында  Еуропа  қайта  құру  және  даму  банкі  мен  «Шардара  СЭС»  АҚ  арасында 
Кредиттік келісім жасалды. Осы келісім аясында 2015 жылғы 02 желтоқсанда Банктің 
кредиттік  қаражатына  рұқсат  беріліп,  қаражатты  кредиттік  желі  бойынша  алғашқы 
игеру жүргізілді. 
2013 жылы 29 сәуірде Еуразия даму банкі және «Бірінші жел электр станциясы» 
ЖШС арасында 14 167 млн.теңге сомасына «Ерейментау алаңында қуаты 45 МВт жел 
электр станциясын салу» жобасын қаржыландыру бойынша Кредиттік шарт жасалды, 
2015 жылы ішінде 2 686 млн. теңге игерілді. 
2014 жылы 27 қарашада «Ereymentau Wind Power» ЖШС, ЕҚДБ және Қор арасында 
«Келешекте 300 МВТ-ға дейін кеңейту мүмкіндігімен Ерейментау қ. ауданында қуаты 
50  МВт  жел  электр  станциясын  салу»  жобасын  қаржыландыру  бойынша  таза 
технологиялар үш жақты кредиттік келісімге қол қойылды.    
2015 жылы 04 қыркүйекте  ҚР Президентінің ҚХР-ға сапары аясында ҚМДБ және 
ҚДБ арасында «Келешекте 300 МВТ-ға дейін кеңейту мүмкіндігімен Шелек дәлізінде 
қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасын қаржыландыру туралы келісімге 
қол қойылды.  
 

 
76 
 
Инновациялық қызмет,  энергия тиімділігін арттыру және  энергия үнемдеу 
 
ҚР Үкіметінің энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру бойынша жүргізіп 
жатқан  жұмыстары  шеңберінде  Қоғам  2014  жылы  Энергия  үнемдеу  және  энергия 
тиімділігін  арттыру бағдарламасын әзірледі.   
Бұл  Бағдарламаның  мақсаты  инновациялық  технологияларды  қолдану  негізінде 
жылу-энергетикалық  ресурстарды  ұтымды  және  экономикалық  тұрғыдан  мақсатты 
пайдалану бойынша мынадай: 
- электр  және жылу энергиясын өндіру, тарату  кезіндегі, сонымен қатар энергия 
ресурстарын  тұтыну  кезіндегі  шығындарды  озық  әлемдік  компаниялардың  деңгейіне 
дейін азайту; 
- тұтынушылардың энергия үнемдеу сенімділігін арттыру; 
- электр станцияларындағы қуат айырмашылықтарын жою; 
-  электр  станцияларында    жылуды  пайдалану  тиімділігін  арттыру  шараларын 
әзірлеу болып табылады. 
2012  жылы  қабылданған  «Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында мамандандырылған 
аккредиттелген  ұйымдарды  тарта  отырып,  Қоғамның  Мемлекеттік  энергетика 
тізілімінің  субъектілері  болып  табылатын  барлық  еншілес  компанияларында  2016 
жылға дейін  энергия аудитін жүргізу  жоспарланды. 
 
ЖЭК  саласындағы инновациялық қызмет  
Жалпы жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін тиімді іске асыру үшін мынадай 
шаралар  қажет:  

 
ЖЭК-ті қолдау туралы заңнамаларды жетілдіру; 

 
ЖЭК-ке қажеттілікті анықтау міндеттелетін құзыретті органды құру; 

 
Қазақстан    Интеллектуалдық  Энергетикалық  Жүйесін  құру  (бұдан  әрі    – 
«ҚИЭЖ»). 
Тиімділігі  жоғары  және  технологиялық  интеллектуалдық  энергия  жүйесін  құру 
халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, қолда бар басымдықтардан пайда табуға және 
барлық жаһандық сын-қатерлерге қарсы әрекет етуге мүмкіндік береді: 

 
энергетикалық қауіпсіздік және резервте сақтау

 
транзиттік және экспорттық әлеуетті пайдалану; 

 
ЖЭК әлеуетін пайдалану (Жел электр станциялары, күн  электр станциялары, 
шағын су электр станциялары және басқалары); 

 
Қазақстан  Республикасының  аумағын  толық  қамту  –  отын-энергетикалық 
ресурстардың  (бұдан әрі – ОЭР) және өндіруші көздердің өнеркәсіптен және халықтан 
қашық болу мәселесін шешу; 

 
қолданымдағы  ОЭР  қорларын  ескере  отырып,  энергетика  құрылымын 
оңтайландыру; 

 
энергия  экологиялылығы, энергия тиімдігі, энергия үнемдеу; 

 
77 
 

 
инновациялық және ғылыми даму

 
Қазақстан экономикасының қосылған құнын жоғарылату; 

 
мемлекеттің энергетикадағы рөлін күшейту. 
 ҚИЭЖ  құру  Халықаралық  Энергетикалық  Кеңес  (бұдан  әрі  –  «WEC») 
бастамашылық  жасаған  Еуропа,  Ресей  және  Қытай  SuperGrid  жаһандық  жүйесіне 
бірігуге мүмкіндік береді. 
 Әлемде  отынға  бағаның тұрақты өсіп келе жатқанын, экологияға жүктемені азайту 
бойынша  іс-шараларды  іске  асыру  қажеттілігін  ескере  отырып,  ЖЭК-тен  алынатын 
электр  энергиясының  құнын  азайту  және  сонымен  бір  мезгілде    дәстүрлі  көздерден 
алынатын электр энергиясының құнын көтеру үрдісі байқалып отыр.   
Орта мерзімді жоспарларда «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы жасыл энергетика 
саласындағы мынадай жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр: 

 
Шелек дәлізінде келешекте 300 МВт-ға дейін ұлғайту арқылы қуаты 60 МВт 
ЖЭС  салу,  пайдалану  барысындағы  жұмыспен  қамту  –  14  адам,  электр  энергиясын 
өндіру көлемі –жылына  226 млн кВт/сағ. дейін; 

 
Шелек өңірінің энергетикалық әлеуетін дамыту және Кеңсу өзенінің арнасын 
Бестөбе су қоймасына бұру, I кезең  – шағын СЭС салу және Кеңсу өзенінің арнасын 
бұру. Жылына 220,3 млн кВт/сағ. электр энергиясын өндіретін шағын СЭС (СЭС-1, 2, 
19, 29) жалпы белгіленген қуаты – 60 МВт. Құрылыс кезіндегі жұмыспен қамту  – 970 
адам;  пайдалану  кезеңінде    –  71  адам.  Кеңсу  өзенінің  арнасын  бұру  Мойнақ  СЭС-те 
электр энергиясын  өндіруді жылына 100 млн кВт/сағатқа арттырады.  
 
Көмір және газ өндіру саласындағы инновациялық қызмет 
Компания өзінің  алдына  электр  энергиясын  өндіру,  түтінді  газдарды  тазартудың 
заманауи  әдістері,  көмірқышқыл  газын  тұту  және  сақтау  технологиясы    барысында 
тиімді әрі экологиялық таза технологияларды енгізу бойынша міндеттер қойып отыр. 
 
Көмір өндіру 
Көмір  өндіруді  дамыту    аясында    энергия  қондырғысының  НҚК-сін  арттыруға, 
отын  шығыны  мен  парниктік  газдардың    (көмірқышқыл  газының)  және  зиянды 
заттардың  (күл,  азот  қышқылы  және  күкірт)  меншікті  шығарындыларын  азайтуға 
мүмкіндік беретін төмендегі «таза көмір технологияларын» қолдану көзделеді: 
1.
 
Бу айдау циклындағы жоғары бу параметрлері; 
2.
 
Күл  тұту  және  азот  пен  күкірт  тотығы  шығарындыларының  деңгейін  азайту 
бойынша заманауи әдістерді енгізу; 
3.
 
Күл-қож  қалдықтарын  кәдеге  асыру  –  құрылыс  және  жол  индустриясында 
пайдалану. 
Осы  секторда  Қоғам  төмендегі  жобаларды  іске  асырады  және  іске  асыруды 
жоспарлайды: 

 
Қуаты 636 МВт, бу параметрлері жоғары: турбина алдындағы температурасы 
566 оС және қысымы  24 МПа Екібастұз ГРЭС-2 станциясының 3- энергия блогын салу. 
Құрылысты аяқтау мерзімін 2017 жылдан 2024 жылға ауыстыру жоспарланып отыр.  

 
78 
 

 
Қуаты 1 320 МВт, бу параметрлері жоғары және жең сүзгісі арқылы шаң мен 
күкірттен тазалайтын құрғақ біріктірілген жүйесі бар Балқаш ЖЭС-ін салу. Іске асыру 
мерзімі – 2010-2018 жылдар.  

 
Mitsubishi 
Hitachi 
Power 
Systems 
Environmental 
Solutions 
жапон 
компаниясының МЕЕР технологиясын енгізу (MovingElectrodeElecrostaticPrecipitator – 
қозғалмалы  электродтары  бар  электр  сүзгілері).    2015  жылы  технологияны  әзірлеуші  
МЕЕР технологиясын Екібастұз  ГРЭС-1-де енгізу мүмкіндігін зерттеуге кірісті зерттеу 
мерзімі – 2014-2016 жж.). Зерттеу нәтижелері бойынша МЕЕР қосымша секциясын қосу 
арқылы энергия блоктарының бірінен электр сүзгілерді қайта жаңарту туралы мәселе 
қаралатын болады.  

 
Екібастұз ГРЭС-1 станциясындағы күл-қож қалдықтарын кәдеге жарату. 2015 
«ҚазАвтоЖол»  ҰК»  АҚ  мердігерлерімен  Астана-Павлодар  учаскесінде  автожол 
құрылысына  пайдалану  үшін  ЕГРЭС-1  күл-қож  қалдықтарын  босату  бойынша  шарт 
жасалды.  2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  35  мың  тонна  күл-қож  қалдығы 
шығарылды.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет