3.2 Жастар басылымдарындағы республиканың мәдени құрылыс
мәселелері
ХХ ғасырдың 20-40 - жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзінің
жергілікті халықтың арасында сауатсыздықты жою, жастарды оқу-білімге
шақыру, ұлттық кадрларды дайындау және бұқара халықты жаңа өмірге
бастаудағы қызметі үлкен рөл атқарды. Қазақ баспасөзінің алда қойған
міндеттерінің бірі - оқу-ағарту, мәдени құндылықтарымызды жаңғырту
мәселелері еді. Ең бастысы оқу-ағарту, яғни сауатсыздықты жою арқылы
жастарды қоғам жұмысына тарту, әсіресе қазақ қыздарын оқыту, оқу-ағарту
үйлерін, қызыл отаулар, кітапханалар, клубтар мен театрларды құруға
жастардың қатысуын, мәдени жорықтағы комсомолдардың белсенділігін
арттыру ісін мерзімді баспасөз арқылы насихаттай көрсету болды.
Қазақстанның 1921 ж. 11-18 маусымда өткен облыстық бірінші
конференциясында көркем әдебиет саласының ақсап отырғаны айтылып,
оны көтеру, жаңа туындыларды жариялау жайлы, қарар қабылданғанан кейін
152, 33-б.], қазақ баспасөзінде арнайы әдебиет бөлімі ашылып, қазақ ақын-
жазушыларының еңбектерін насихаттауға мүмкіндік туды. Бұл іске жастар
баспасөзі де белсене кірісті. Жалпы, қазақ жастары баспасөзі мәдени-ағарту
саласындағы қол жеткізген істерді насихаттап, жаңа бой көтеріп келе жатқан
жеткіншектерді өнерді, көркем әдебиетті сүйюге үйртеуді мақсат тұтты.
Газет-журнал мәдени құндылықтардың жетістіктерін көрсетуді ғана емес,
кемшіліктерге де сыни көзбен қарауды да міндеті санады.
«Өртең» газетінің бірінші санында Е. Алдоңғаров үкіметтің алда
атқаратын жұмыстарының қатарында ағарту саласы мен халықтың
мәдениетін өркендету мәселесі тұрғандығын айта келе, «Бұл сықылды қиын,
ауыр жұмыстарды орындау үшін, біз әуелі ата ғұрыптан қалған ескі мінез,
теріс ұғыныстарды, түрлі «шылықтарды» құртып, өзіміздің басымызды
тазартуымыз керек. Мұны құртпасақ, ойымыз тереңдемейді, жақсы мен
жаманды, залал мен пайданы айыра алмаймыз. Бір революционер болмай
негізгі мәселелерді еш уақытта шеше алмаймыз», – деп, жастармен қатар
оқуға есейіңкіреген жігіттердің де ынтасы ауып отырғандығын келтіреді
[253]. Ал Смағұл Сәдуақасов үкіметтің алдындағы атқарылатын ірі
міндеттерінің қатарынан оқуды атаған [254].
«Жас қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» сияқты басылымдар бұл
іске белсене кірісті. «Оқу-ағарту ісі» деген арнайы айдар ашып, сол арқылы
102
елдегі ағарту саласындағы кемшіліктер, онымен күресу жолдары,
жетістіктері жайында үзбей материалдар жариялап отырды. Газет-журналдар
жастарды оқыту арқылы саяси, ғылыми жұмыстарға тартылуын қадағалауды
да өз міндеттеріне алды.
«Жас қайрат» журналында Түркістан өлкесінің 90 %-і сауатсыз, оқыған
10%-тің өзінің көбі орыс ұлтынан екендігі жөнінде жазылып, онымен күресу
қажеттігіне үндеді [255].
Қазақ елінің бұрындары мәдениеттен кенже қалып, өнер-білім
қумағандығыменен де, қазірдегі жастар арасында оқуға, мәдени істерді
жүргізуге ұмтылыстың барлығы «Жас қайрат» газетінде айқын көрсетілді.
Онда ашаршылық кезіндегі қиыншылықтарға қарамастан жастар үлкен
жігермен алға ұмтылып, аштықпен күресе отырып, өз ұйымдары арқылы
сауатсыздықпен күресуге шақыра білді [256].
Қазақ жастарының жоғары оқу орындарында оқуына байланысты
мәліметтерді де жариялады. «Зайыр» деген автордың «Жас қайрат» газетіне
жариялаған мақаласында Москвадағы өнерлі жұмыскерлер даярлайтын
фабрик-завод жанындағы мектептен 90 оқушыға орын беріліп отырғандығы
айтылып, оны Қазақстанның аймақтық жастар комитеті былайша бөліп
отырғандығын келтірді: Сырдария губерниясына – 10, Жетісуға – 10,
Семейге – 10, Оралға – 10, Ақтөбеге – 10, Ақмолаға – 10 және Қызылорда
қаласындағы әр түрлі аймақтық ұйымдарға – 20 [257].
1925 жылы 25 мамырында «Жас қайрат» газетінде «Барлық
губерниялық, уездік комитеттерге хат» жарияланып онда қаладағы оқу
орындарында оқитын жастардың жазғы демалысқа шығып, елге қайтуына
байланысты барған ауыл-қыстақтарында саяси-үгіт, түсіндіру жұмыстарын
жүргізуге қажеттігін айтылды. Сол жастар арқылы әрбір ауыл, қыстақтың
тұрмысы, хал-жайы зерттеліп, шешілмеген мәселелерді шешу, саяси-ағарту
жұмыстарын жүргізу, жастар ұясындағы кемшіліктерді ашып, оларға тура
жолды көрсету, ауыл жастарын газет-журналдарды алып оқуға үгіттеу, ең
бастысы сауатсыздықпен күрес жүргізу мәселесін қолдарынан келгенше
атқару, жәрдемдесуге шақырды [258]. Осы газеттің 20 қыркүйегінде
жарияланған И. Игеновтың мақаласында соңғы бір жылдың ішінде комсомол
жастардың саны 205 процентке өсіп, 55 мыңға жеткендігі айтылып, алайда
осы 55 проценттің 25 проценті ғана оқып, қалғандары әлі жазу, оқуды білмей
отырғандығын, әсіресе, оқу, тәрбие жұмысының ауылда ақсап отырғандығын
келтірді. Осыған орай ол алда жастардың саяси-ағарту жұмыстарын белгілеп
беретін съезд шақыру мәселесін ұсынды [210].
«Жеткіншек» газетінде ел ішіндегі сауатсыздықты жоюда бірінші ретте
комсомолдардың сауатсыздығын жою керектігін көтерді. «Ел ішінде жастар
ұйымы құрылып, іске кіріскелі едәуір уақыт болды. Содан бері түпкірде
жатқан жарлы-жалшылар жазылып та жатыр. Бірақ осы күнге дейін кемшілік
келітіріп келген нәрсенің бірі комсомолдардың саяси, мәдени сауаттарының
жоқтығы», - делінді мақалада [259]. Осы «Жеткіншек» газеті жастардың
басты міндеті оқу екендігін әр санында жазып отырған. Ауыл жастарын
сауатсыздықты жоюға белсене араласып, комсомол қатарына кіруге үгіт-
103
насихат жұмыстарын да жүргізді. «Ауыл жастарының алдында тұрған үлкен
міндеттердің бірі – оқу. Оқымаған жас міндетін де білмек емес» сияқты
мазмұндағы мақалалар жиі жарияланды [260].
Газет сонымен қатар жас комсомолдардың одан кейінгі міндеттеріне
өндіріс орындарына, ірі құрылыстарға бару, партияға серік болу, өз соңынан
ерген жас жеткіншектерге үлгі боларлық іс көрсетуді жатқызды. Жастар
ұйымдарынада жақтарды ұйымға тарту арқылы оларды қоғам жұмысына
араластыруды маңызды санады. Сол арқылы жаңа лениншіл жастардың
қатарын көбейту қажеттігіне үндеді. Әр облыстардағы комсомол
жастарының сандарын көрсетіп, жалпы Қазақстандағы комсомолдардың
санының күннен-күнге өсуін жетістікке санады. Зарап Темірбекұлының
көрсетуі бойынша, Ақмола губерниясында 1926 жылдың басында 2976 болса,
1927 жылы бірден 4000-ға көбейген [261]. Ал жалпы бұл жылы
Қазақстандағы жастардың саны 60747-ге жеткен. Мұның ішіндегі қазақ
комсомол жастары 50,2 пайыз болған [262].
«Жеткіншек» газеті Қазақстанда Қазан төңкерісіне дейін қанша оқу орын
мен оқушылардың болғандығы мен төңкерістен кейін неше есе өскендігі
жөнінде де салыстырмалы түрде мәліметтер келтірді. Газеттің жазуынша,
1917 жылға дейін төменгі дәрежелі мектептердің саны 500 болып, онда бар-
жоғы 16 мың оқушылар оқыса, ал төңкерістен кейін 1 басқыш мектеп 35 844
болып, онда 214 559 оқушы оқыған. Оның ішінде 7 жылдық мектеп 78
болып, оқушыларының саны 22 031, ал 9 жылдық 13 ғана болып, онда тек
5197 оқушы оқыған. 2 басқышты 19 мектептің 15919 оқушысы болған. Ал
орта дәрежелі мектептер (техникумдар мен университеттер) 28 болып, 4219
студен дәріс алған [263].
С. Баймаханов «Жас қайрат» журналына жариялаған «Дүниеде не
қымбат?» (№3-4, 1924) деген мақаласында жастар үшін «оқудың» аса
қымбаттығын, ал осы оқу үшін әр уақыттың қымбат екендігін айтып,
олармен сырласты. Ол жастардың бойында кездесетін кемшіліктерді сынға
алды. Олардың көбі шешенсінуді, тілмәрсуді тансық қып, қайдағы бір
жаттанды, сылтыр сөзді соғып, мінбеге жатып алуды әдетке айналдырып
барады, демалып, кітап, журнал оқудың орнына, қыдырымпаздыққа,
сандалысқа салынып жүр дейді. Бұл жастардың келешегіне үлкен кесір,
жетем дегеніне жеткізбей, «мойын үзетін» індет екенін ескертті. Мақала
ақырында автор мынаған дағдылануды ұсынды. «Қалтамызда дәптеріміз,
қаламымыз болу керек. Дәптердің ішіне уақыттың кестесіз жазып, сол
бойынша уақытты пайдалануға дағдылану керек. Тамақ, сабақ, демалу, үйде
даярлану, кітап, газет, журнал оқу, жиналыста болу, ұйқы, тұру, жуыну –
барлығы да дәптерінде хат, көңіліне шат, бір минуттың есептен тысқары
болмау керек. Мұны істемеген уақыт қадірін, бас пайдасын білмегендігі.
Ондайларға айтарымыз – «Өзің білме- бңлгеннің тілін алма», - деп, жаңа
оянып, жаңа тұрмысқа енді бейімделе бастаған жастарға ақыл-кеңес береді
[207, 3-б.].
Жастар баспасөзі тек оқу-ағарту мәселесін ғана емес, қазақтың
мәдениетін, әдебиетін, тарихын, салт-дәстүрін де көтеруге тырысты.
104
Жастардың арасында түрлі ойын-сауық кештері өткізіліп тұратындығы
жайында хабарлар жиі жариялана бастады. Мәселен, «Өртең» газетінде
Қазақстан республикасының құрылғанына екі жыл толуына орай 4 қазанда
Қызылжар жастары кеш ұйымдастырып, Қошке Кемеңгеровтың «Арманда»
деген драмасын қойылғандығы жөнінде хабарлама басылды [264]. Оқу
орындарында Қошке Кемеңгеровтың бұдан да басқа пьесалары ұдайы
қойылып отырған. Ақтөбе педтехникумының оқушылары 20 апрельде оның
«Алтын сақа» деп аталған төрт перделі пьесасы қойылып, жастар қазақтың
бұрыңғы қарапайым тұрмысын суреттеуге тырысқан. «Бұрын-сонды ойын
ойнап, ысылмаған жастардың ішінде көңілдегідей шығармағандары да
болды. Әйтсе де халық ырза болып, бірталай көңіл көтеріп қалдық деп
тарқады», – делінді мақалады [265].
С. Баймаханов журналдың 1924 жылғы 3-4 сандарында жарияланған
«Өнер керемет» деген мақаласында жастарды өнерге итермелеу, олардың
өнерлі болуы үшін білім алудың маңыздылығын түсіндіреді. Оның ойынша,
ізденсең, көп оқысаң көп нәрсені үйренуге, тіпті жасауға болатындығын
келтіреді [266].
Сәдуақас Баймаханов кітаптардың Мәскеу, Орынборда, Ташкентте
шығатынын, олардың дені саяси кітаптар екенін, олардың арасында кестелі,
әдебиетке негіз болатын, сұлу сөзді көркем әдебиетке мән берілмейтініне
қынжылатын. Жастарды жаңа заманға лайық тәрбиелеу мәселелеріне назар
аударып отырған, тозығы жеткен әдет-ғұрыптардан арылуға бағытталған
материалдар жариялады.
Осы күні қазақ өмірінде жас буын өткінші дәуірдің сатысында тұр.
Елдерде де, оқығандар ішінде де әлі ескілік мінездер бар. Олар – бірден бірге
мирас болып келе жатқан түрлі - түсті аурулар. Жастар арасында өтірік - өсек
қуып, ескі сарынға кете ме деген қауіп те жоқ емес. Сондықтан жастарды
одан сақтандыратын, дұрыс жолға салатын өткір тілді, көркем әдебиеті
болуы керек. Көп жиылыс, өң саяси әдебиеттен жастар жалығады, жаңа
түрлер іздеу керектігін айтқан С. Баймаханов, мынадай нақты ұсыныстар
жасады: «Ел өмірінде болып жатқан жақсылық, жамандықтарды дәл
суреттейтін шынайы шығармаларды бастырып тарату керек; жастардың
келеңсіз қылықтарын келемеж ететін сықақ дүниелерге жол ашу қажет;
қарын қамымен әдебиетте жүрген қаламы жүйрік жазушыларды іске тартып,
жазғандарын шығарып,оларды материалдық жағынан да қолдау – ләзім;
әдебиет қаладан шықпай жатыр, ел баяғы «Сал - сал», «Зарқұм», «Махмет-
әнапия» сияқты хиссалардың жұрнағын кеміріп отыр. Оларды бұрын
саудагерлер жәрмеңкелерге апарып тарататын. Қазіргі кітаптар қоймаларда
шаң басып жатыр. Жастарды тәрбиелеу үшін қажетті әдебиетті шығара
білсек, оны тарата білу парыз. Дүкен, жәрмеңке, базарларға кітаптарды
шығарып, сата білуді үйрену, ол да шарт».
С. Баймахановтың бұл айтқандары – қағаз жоқ, қаржы тапшы, бастыру
қымбат деп әдебиет, мәдениетке мән бермей отырған тиісті мекемелерге,
олардың басшыларына сын ескертпе. Шынында, рухани азық беретін өнер –
ғылым, оқу – ағарту, баспасөз, әдебиеттен ешнәрсе аямау қажет-ақ. Бұл
105
салаға мән бермеу, қаржы таппау, аяу – болашақ ұрпақты надан ету, оларды
өркениетті басқа елдің алдында мәңгүрт, сорлы етіп еңбектетіп, табанын
жалатып қою. Жастар баспасөзі жетекшісінің өз мінін білмеген адам білгір
болып басшылық ете алмайды, өзінің әлсіздігін сезбеген жұрт дертінен
тазарып, ілгері озған ел қатарына жете алмайды – деуі көрегендік. Өз
ісіміздегі, өз ішіміздегі ақау, теріс мінез, іс - қылықтарды өткір әшкерелеп
отыратын сатиралық журналистің әдебиет жасайық. Оны оқыған жастарымыз
ондай, дерт кемшін – міндерден безінетін, сақтанатын болсын дегені де –
орынды пікір. Бұл да – сатира десе, бүйіріне қарап, ықылық атып
қалатындарға сабақ.
Сол кезеңдегі республика өміріндегі мәдениет пен әдебиет саласындағы
болып жатқан өзгерістер барлық баспасөз беттерінде қамтылды. Мәдени
дамудың басты көрсеткіштерінің бірі – қазақ мерзімді басылымдары болатын
болса, онда ең алдымен олардың саны көбейді, 1932 жылы республикада 120
газет шығарылып, таралымы 340 мың данаға жетті.
Республика мәдени өмірінде ең алғаш 1933 жылы 6 желтоқсанда
Жазушылар одағы басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында
тұратын қаламгерлердің әдебиет кеші болып өтті. Оған ақын-жазушылардың
бәрі дерлік белсене қатысты.
Ел өмірі тынысының хабаршысы «Лениншіл жас» әдебиетке жаңадан
ғана араласа бастаған жастардың ақсақалдардан қалыспай өздерінің
шығармаларын оқығанын мақтанышпен жазды. Мақалада аға буын
жазушылардың өтінуімен С. Ерубаевтың жастар тақырыбына арнап жөнді
жазбайтын қаламгерлер туралы достық әзілдерін оқығанын, қазақ поэзиясы
мен прозасында пародия жанры енді ғана пайда бола бастағандықтан,
көпшілік С. Ерубаевтың Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезовқе арнап жазған
пародияларын үлкен ынта қойып тыңдағанын жеткізді: «Саттар жолдастың
әзілі өте келісімді шыққан...» [267].
Байырғы журналист Әбіш Байтанаев «Лениншіл жас» газеті және оның
редакторы С. Ерубаев туралы естелігінде бұл басылымның жас
қаламгерлерді әдебиетке баулып, кейін есімдері бүкіл қазаққа әйгілі болған
ақын - жазушыларды тәрбиелеп шығарғандығы жөнінде қызықты баяндайды:
«Сол кездегі «Лениншіл жас» газеті әдебиет тарихына бірсыпыра үлес қосты
деген артық болмас еді. Бұл жөнінде Саттар да аз еңбек сіңірген жоқ.
Редакция қызметкерлері Саттарды үлгі ететінбіз. Ол бәрімізге достық,
пайдалы ықпалын жүргізетін. Қазақ искусствосын жанындай сүйіп, оның
өркендеуіне қолынан келгенінше ат салысты. Ахмет Жұбановтың қазақ
музыкасын дамытудағы еңбегі ұшан - теңіз болса, оған Саттар да көп еңбек
сіңірді. «Лениншіл жаста» көркем әдебиет шығармалары көп басылатын...
Әдебиетіміздің көптеген талас мәселелері сол тұста «Лениншіл жас» арқылы
талқыға түсіп жатты; ол ол ма, тіпті, қылт еткен жаңалық болса, Саттар оны
көрсетіп қалуға ұмтылды...» [267,-5,6-бб.].
Ұлы ақын Жамбылдың өз аузынан көзбе - көз өлеңін жазып алып, алғаш
рет басқан да – осы «Лениншіл жас» еді. Сол кезде бізді өнерпаздардың
слетіне ертіп барып, Жамбылды көрсеткен. Газет поэззияға көп көңіл бөлді.
106
С. Ерубаев алдымен орыс тілді жастар газеті – «Ленинская сменаның»
әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, кейінірек «Лениншіл жас» газеті
редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. «Лениншіл жаста» ел
өміріне қатысты небір тақырыптарға барғанымен, негізінен жалынды
публицистикасы және әдеби - көркем шығармаларымен көпшілікке танымал
қаламгер болды. Оның екі тілде (қазақ, орыс) бірдей жазуы, әдебиеттің
көптеген жанрларына батыл араласуы, фантастикалық шығармалар жазуы –
Саттар Ерубаев талантының көп қырлығын танытса керек.
«Лениншіл жас» газеті ХХ ғасырдың 20-40- жылдарындағы тарихи
құбылыстарымен қатар қазақ әдебиет тарихына өзінің шама-шарқына қарай
белгілі дәрежеде үлес қосты десек артық болмас. Әдебиетіміздің көптеген
пікір таласын тудыратын мәселелер 30-жылдары осы арқылы талқыға түсіп
жатты. Газеттерде әдебиетті, оның ішінде жас жазушылардың көркем
шығармаларын оқумен қатар оның жақсы жағы мен кемшіліктерін сынға ала
білуге шақырды. Көркем әдебиеттің жас жеткіншектерді жаңаша
тәрбиелеудің бір негізгі буыны екендігі, «Пионер» газетінде айқын жазылды
[260].
Қазақ көркем әдебиеті туралы жастар арасында түрлі диспуттар
өткізіліп, газет-журналдарда жаңа әңгіме, роман, кітаптар жөнінде пікірлер
жарияланды.
Әдебиеттің
жастар
ұғым-санасын
қалыптастырудағы,
болашағына дұрыс бағыт-бағдар берудегі әсер-ықпалын жақсы түсінген
Сәдуақас Баймаханов бірнеше әңгімелер жазып, журнал арқылы жастарға
таныстыруға тырысқан. Мәселен, «Жас қайратқа» (1924, №3-4.) жарияланған
«Қондыбай» атты әңгімесінде талапты, өнер-білімге ынтазар жастардың алға
қойған мақсатына, ниетіне жетуге ауыл адамдарының, қоршаған ортаның
қате ұғым-түсінігінің, теріс тілек-талабының қаншалықты кедергі
келтіретінін сынаған. Солардың пайдасыз үгіт-ұлағатына бой алдырып,
оқуды тастап, тезірек ел сұрауға ынтық болған әкім құмарлардың бейнесін
жасайды [207, 3-б.].
Негізінде С. Баймахановтың бұл әңгімесіне Қондыбайдың әке-шешесінің
«пәленшенің баласы оқып, адам болыпты» деген қайрауынан Ташкентке
барып оқуға түсіп, екі жылдай оқығаннан кейін, ауылына демалысқа келген
кезде азғырып, ауылға келіп әкім болуға ақыл бергендер табылады. Ол ақыры
оқуын тастап, ауылға басшы болуды, тез пайда табуды көздейді. Бұл жерде
автор жастарға оқудың мәнсаптан маңыздылығын түсіндіруге тырысады
[269].
С. Баймаханов осы әңгімесі арқылы талапты, өнер-білімге ынтазар
жастардың алдарына қойған мақсатына, ниетіне жетуге ауыл адамдарының,
қоршаған ортаның қате ұғым - түсінігінің, теріс тілек-талабының
қаншалықты кедергі жасайтынын сынайды. Солардың пайдасыз үгіт -
ұлағатына бой алдырып, оқуды тастап, тезірек ел сұрауға ынтық болған әкім
құмарлардың бейнесін де жасады.
«Лениншіл жас» газеті балалар әдебиетін жасаудағы кемшіліктер
жайында да жариялап отырды. «Балалардың бүгінгі таңдағы қойып отырған
тілектерінің бір бастысы - өздеріне құрал болатындай, білім алатындай,
107
большевизм идеясында өсуге көмек беретіндей кітаптар керек қылып отыр.
Ол құралдар екі түрлі – біреуі оқу кітаптары, екіншісі – көркем әдебиет», -
дей келе, мектептерде оқытылып ж.рген оқулықтардың ескі екендігін,
ғылымның алға жылжуына байланысты мектеп оқулықтарына оның енгізудің
маңыздығын көрсетеді [270]. Бұл мақалада автор жалпы балалар әдебиетін
оларды қызықтыратын шығармалармен толықтыру керектігіне үндейді.
Ж. Саин «Лениншіл жасқа» жариялаған мақаласында көркем әдебиет
баспасын сынға алып, ондағы кемшіліктерді тізіп берді. Алдымен осы баспа
аппаратында отырғандарды сынға алып, оларды «совет идеясындағы адамдар
емес» деп, шығарып жатқан әдеби шығармаларда кеңестік жүйеге кереғар
туындылардың барлығын атап өтеді [271].
Жастар газеті жазу мәселесін өзгертуге қатысты ой-пікірлерін 1924
жылдың өзінде «Лениншіл жас» газетінде жариялай бастаған. «Латын қарпін
алу туралы» деп аталған мақалада Қызылжар қаласында мұғалімдік,
хатшылық, есепшілік курстары мен партия мектептерінде оқитын қазақ
жастары арасында жиналыс өтіп, онда Бәйділдәұлы мен Айтқожаұлы латын
әліпбиі мәселесіне орай баяндама жасап, латын әрпін алуды Тәштитұлы
жақтап, ал Ералыұлы мен Тілеуліұлы қарсы пікір білдіргендігі, жиналысқа
қатысушылар
арасында
осы
мәселе
төңірегінде
айтыс-тартыс
туындығандығы, соның нәтижесінде екі түрлі қаулы қабылданғандығы
айтылды. «Қарсы болғандар: «Латын қарпін алуға әлі ерте, қазір керек емес»
деп ұсыныс қылды. Жақтап сөйлеушілер: «Латын қарпі қазірден біржола
алына берсін, ескі жазу да қалдырылмасын. Әрбір губерния, үйездерде
талапты жастар латын қарпін, жазуын үйренетін үйірмелер ашуға кірісе
берсін, мектептердің программаларына бірер сағаттан болса да латын тілі
кіріп, оқушылардың тездеп латын қарпін қолдануға үйірмелер басшылық
етсін», - деп ұсыныс қылды»,- деп жазылғандығы келтірілді мақалада [272].
Барлық жастар газеті жаңа әліпбиді үйренуге ұран тастады. Бұл науқан
барысының жетістіктері туралы немесе кемшін тұстары жайында
материалдарды үзбей жариялап тұрды. Жаңа мәдениетке, өнерге талпыну
үшін осы тұрмысқа қолайлы жаңа әріпті үйрену қажеттігіне үндеген
жастардың хаттары да басылды. «Несіпбай» дегеннің «Лениншіл жас»
газетіне жарияланған мақаласында жаңа әліпбиді үйренуге бел бурада екі
түрлі мәселелердің кездесетіні айтылып, оның біріне сауаттыларды жаңадан
сауаттандыру, екіншісіне хат танымаушыларды жаңа әліппемен сауаттарын
ашуды жатқызды. Ол осы жолда көп қиыншылықтар мен кемшіліктер
кездесетіндігіне де тоқталып өтті. Алматы қаласындағы мал дәргерлік
техникумында кейбір жастар латын әрібін үйренуді құнттамай отырғандығын
көрсете келе мынадай ұсыныстар түсірді:
1.
Комсомол, оқушы жастарымыз, жер-жердегі мектеп, ұя
жандарынан ашылған жаңа қоғам ұйымдарына мүше болып, қоғам жұмысын
күшейту мен жаңаша сауаттарын ашсын.
2.
Басқа сауатсыздарға да үйретсін, жаңаша шығып жатқан газет-
журналдардан пайдалансын. Осы уақытқа дейін болып келген кемшіліктерді
108
жоюға кіріссін. Әсіресе бұл жұмысқа әлеумет, қоғам ұйымдары мен
комсомол жастарымыз басшы болулары керек [273].
3.
Жастар арасындағы ойналатын түрлі ойын түрлері жөнінде
«Лениншіл жасқа» жарияланған мақалаларда жазылып, бұл ойындардың
біріншіден, олардың көңілін көтерсе, екіншіден, миының тынығуына,
денсаулығына пайдалы екендігі айтылды. Ғабит Мүсіреповтың газетке
басылған «Қан-қамау» деген жастар үшін аса маңызды ойын түрінің сырын
ашқан мақаласы осыған дәлел. Автор бұл ойынның жастарға аса қажеттігін,
айла-тәсілмен ойлану қабілетін оятатындығын дәлелдеуге тырысқан. Қан-
қамау ойынының дойбыдан ерекшелігі дойбы тасының орнын адам
бейнесіндегі тастар (фигура) басатындығын, екі ойыншының тапқырлық
қабылетін көтеретіндігін көрсетеді. Ғ. Мүсіреповтың айтып отырған ойыны
қазірде шахмат деген атпен белгілі ойын. Ол одан әрі ойынның шарттарын
түсіндіреді [274].
20-жылдың басынан бастап үкімет дінге шектеулік қойып, қазақ
халқының бұрыннан келе жатқан наурыз мейрамын діни мереке ретінде және
жыл сайын халықтың тұтынатын ораза, айт, құрбандық шалу сияқты
рәсімдеріне тыйым салды. Осы орайда барлық газет-журналдар үкіметтің бұл
нұсқауын жариялап, діни мейрамның кері әскер ететіндігін түсіндіруге тиісті
болды. Жер-жерлерде дінге қарсы үйірмелер құрылып, үгіт-насихат
жұмыстарын өрістете бастады. 1923 жылы Ақтөбе губерниялық комитеті
барлық уездік комсомол комитеттеріне айт мейрамы жақындап қалғандығын,
бұған жастарды қатыстырмай, керісінше өздері жастар арасында сол күні
түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырып, діннің кереғар әсер беретіндігін
білдіретін баяндамалар жасауды ескерткен нұсқауы түскен [275, с.70-72.].
Кеңес үкіметі мәдени-ағарту ошақтары, қызыл отаулар мен керуендер
арқылы діни артықшылықтарды жоюды көздеді. Бұрынғы шығарылған діни
тақырыптардағы кітаптарды қолданыстан алды. Діни насихат жүргізуге қатаң
тыйым салынды. Бұл бір жағынан дін саласындағы қызметкерлердің халық
арасындағы ықпалын жояды деп есептесе, екінші жағынан діни әдет-ғұрыпты
ұстанатындарға тосқауыл қойды. Тіпті мұсылман халықтарының жаңа жылы
саналатын наурыз мейрамына да тыйым салды.
Жастар басылымдары діни мерекелердің зияндығын насихаттаған
мақалаларға орын берді. «Лениншіл жас» газетіне жарияланған Жұмабай
деген «Ораза жақындап келеді» деп аталған мақаласында ораза жақындап
келе жатқандығы, оған қарсы әлі дұрыс іс-шаралар жүргізілмей
отырғандығы, еңбекшілерге пайдасы жоқ істердің барлығының зияндылығын
жастар арасында қалай да болса дәлелді түрде көздерін аша көрсету
керектіктерін айта келе: «Оразаның зияны есепсіз. Малы бар, асы бар
байларға ораза еш нәрсе емес, еңбекшілер оразада үйдегі барлы-жоқты асын
тауысады, аш жүріп қалжырайды. Бүтін ай бойы еңбек етпейді. Аш
болғаннан кейін текке үйінде жатады. Оразаның өзі діншіл молдалардың
амалы ғой. Олар оразаның ілгері-кейінді айларында құтырып, аңсырап
кетеді. Міне, сол молдалардың газеттерде істеген қылмыстарын
«діншілдікпен елді алдаушы едік, енді адалдыққа түстік» деп жариялап
109
жатқан молдалардың сөздерін дәлелдеп, ел көзінше масқаралап, беттеріне
қара күйе жаққандай қылу керек», - деп жазды. Жастардың арасында да ораза
ұстайтындар да сынға алды. Олардың дұрыс тамақтанбауы әр түрлі
ауруларға ұшыратады деген қорытынды шығара отырып, оразаның
зияныдығын ауыл жастарына жеткізу үшін үзбей газеттерге осы мәселе
төңірегінде жазып отыруды ұсынды [276]. Орал губерниялық «Қызыл ту»
газетіне қосымша ретінде шығарылған лениншіл жастар комитетінің он
күндік «Жастар дауысы» газетінде де арапа күні комсомолдар жастары
арасында «Құрбандық құрбаны» атты пьесаны қойып, баяндама оқығандығы
жайында хабар басылды [277].
Діни ортаға тәуелді емес мәдени ұйымдар ашу арқылы халықтың
арасында ескіден келе жатқан, жаңа өмірге, қоғамға жат әдет-ғұрыптардан
арылу жайында кедейлердің арасында әңгіме ұйымдастыру, олардың өздерін
кертарпа дін қалдықтарына қарсы күресуге шақыруды қолға алып, тез арада
іске кірісу жоспарланды. Әсіресе қыздарды қалыңмалға сату, әмеңгерлік, көп
әйел алушылықты жою, молдалардың шариғат үшін деп санапсыз салық
жинауын тоқтату қажеттігін баса көрсеткен болатын.
Баспасөздің еңбекшілермен байланысы күшейді. 1934 жылы наурызда
Қазақстанның жұмысшы ауыл село тілшілерінің I съезі өтті, оған 17 мың
жұмысшы, ауыл, село - тілшілерінің өкілдері қатысты. Бұдан кейін тілшілер
саны көбейе түсті.
Әулиеата қаласының (қазіргі Тараз) К. Маркс атындағы қазақ орта
мектебінің оқушылары мен пионерлерінің «Лениншіл жаста» басылған
Қазақстан жазушылар одағының I-ші съезіне қатысқан жазушыларына
арналған хаты оқып берілді. Онда оқушылар – «Бізге көркем жазылған
жақсы, қызықты балалар кітабы мен ойын, өлең, әңгімелер керек» деген.
Балалардың хатына Ғ. Мүсірепов, Ә.Тәжібаев, Т. Жароков жауап берді.
«Көптен өтей алмай жүрген үлкен бір борышым – сендердің шат өмірлерің
жайында ешнәрсе жазбағандығым еді...» – деп мойындай келе Ғ. Мүсірепов
жауабын былайша аяқтаған: «Сендер қазір жас отрядсыңдар. Аттарың да,
өздерің де құрметті. Аттарыңа істерің сай пионерсіңдер. Сондықтан, сендер
бізден не дәметсеңдер де, орындауға біз әзірміз» [278].
Қазақ әдебиеті сеніммен қуаттанып, жасампаз еңбекпен шұғылданған
еңбекшілердің ой-арманын шынайы білдіретін құрал болып қалыптасты.
Жазушылардың басқа республикаларға сапар шегулері олардың төл ұлттық
мәдениетімен жақынырақ танысуына көмектесті. Мұндай сапарлар туысқан
халықтар әдебиетінің бір - бірімен ықпалдасуына себепші болды. Мысалы,
Фердоусидің «Шахнама» шығармасының негізінде жазылған Т. Ізтілеуовтың
«Рүстем–Дастаны» осындай әсердің нәтижесі. Кейіннен М. Әуезов мұны
әдеттегі аударма емес, шығыстың ұлы шығармасының өлеңімен жазылған
тамаша нұсқасы екендігін атап айтты.
Мәдени құрылысы Кеңес өкіметі тұсында ерекше қарқынмен шарықтап
дамығандығы мерзімді жастар басылымының негізгі тақырып өзегіне
айналды. Қазан төңкерісінен кейін кеңестік Қазақстанда мәдени салада іргелі
қайта құрулар жүзеге асты. Мәдени революция барысында сауатсыздық
110
жойылды, жалпыға бірдей бастауыш және жеті жылдық білім беру жүйесі
енгізілді, орта мектептер, техникумдар мен жоғары оқу орындары дамытыла
бастады, еңбекшілерге қоғамдық–саяси білім беру барынша өрістеді, сондай–
ақ, ғылым, әдебиет, көркем өнер саласында да жаңа өрлеу басталды.
Осылардың негізінде қазақ халқының Кеңестік «түрі ұлттық, мазмұны
социалистік» деп аталатын жаңа мәдениетін қалыптасты. Қазақ кеңес
мәдениетінің даму тарихы күрделі де, ауқымды құбылыс.
1934 жылы халық өнерпаздарының бүкілқазақстандық бірінші слеті
өтті. Ол қазақстандық кеңестік музыка, театр өнерлерінің дамуында үлкен
рөл атқарды. Оған республиканың түпкір-түпкір жерінен көптеген әншілер,
күйшілер, бишілер, тақпақшылар, ойыншылар келді. Олардың ішінен
қабілеттілері тандалып алынып, Алматыдағы театр және өнер оқу
орындарына қалдырылды. Слет халық өнерінің туын бұрыңғыдан да жоғары
көтерді, оның одан әрі қарқынды дамуына жол салды. Республикада
өнерпаздардың жарысын өткізіп тұру осы кезден бастап дәстүрге айналды.
Бұл жайында республиканың мәдениетінің қамқоршысы Т. Жүргеновтың
кәсіби өнер байқауы ретінде слет өткізу идеясы 1933 жылдың күзінде
туғанын, оған республика өнер шеберлерінің «Шұға» музыкалық спектакілін,
алғашқы домбыра оркестрінің, бишілер тобының концерттері секілді
жаңалық әзірленгенін, сондай - ақ, Қазақстанның халық артисі А.В. Затаевич
құрмет көрсетіп, оның республикадағы он жылдық қызметін тойлау
жобаланып отырғанын айтты. Қортынды сөзінде қарт ақын Жамбылдан
бастап, жас әнші Ғарифоллаға дейінгі халық таланттарын қалың
жұртшылыққа танымал еткен алғашқы слеттің маңызы мен мән - мағынасына
тоқталған.
1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі жаңа
кеңестік мәдениет жетістіктерін паш етті. Қазақ кеңес әдебиеті мен өнер
жетістіктерінің жарқын көрінісі болды. Шынында да кәсібилікке қадам
басқан бірнеше жылдарда кең даланы мекендеп келген халықтың өнері
табысқа жетті. «Қыз Жібектің» рөлін орындаған жас әнші Күләш Бәйсейітова
әсем де, тартымды үнімен мәскеуліктерді таңқалдырды. КСРО Халық артисі
атағы берілді. «Қазақ Бұлбұлы» атанды. Қарт Жамбыл бастап барған
онкүндікті жемісті қорытындылар өскелең өнер мен әдебиетіміздің бұдан
былай өсуіне күш – қуат, дем берді.
Онкүндікке қатысушылардың Кремльдің Үлкен Сарайда партия және
өкімет басшыларымен, астана өнер қайраткерлері, еңбекшілер өкілдерімен
кездесуінде сөз сөйлеген Т. Жүргенов: «Мәскеуде біз көп нәрсені үйрендік,
бізге өз жұмысымыздың сапасын одан әрі жақсарту, Қазақстандағы мәдени
революцияны күшейте түсу міндеті жүктелетінін ұғып, қабыл алдық», - деді.
Оның бұл кездесуде сөйлеген сөзі Орталықтың бас газетінде жарияланды,
іле-шала республиканың барлық газеттерінде қайталанып берілді [279].
«Пионер» газетінде көркем өнер, әдебиет туралы материалдар мен
фоталар жарияланып тұрған. «Ер тарғын» операсы туралы, Мәскеудегі он
күндікке қазақстандықтардың қатысу барысы, олардың жетістіктері жайында
бірнеше мақалалар басылды [280]. Сонымен қатар газет өткір мәселелерді де
111
көтере білді. 1930 жылдың 18 желтоқсанында «Алматыда балалар театры
болу керек» деген мақала жариялап, онда балаларды жаңаша тәрбиелеуде
театрдың орны ерекше екендігі айтылып, «қазірде балалардың ынтасы,
талабы өсіп отыр. Олардан жақсы әнші, әртісі шығатын сөзсіз жаңа заманның
өнер-білімін үйренуге ынталы. Сондықтан Алматы қаласында пионер
театрын ұйымдастыратын уақыт жетті», - деген ұсыныс та айтылды [281].
Мектеп оқушылардың ынтасымен түрлі мәдени кештер мен ойын-
сауықтар өткізіліп тұрды. «Бурабай» курортында емделіп жатқан аурулардың
көңілдерін көтеру мақсатында Көкшетау қаласының 50 шақты жас ұландары
бір күні сауық кешін жасап, ән салып, би билеп, түрлі спорттық ойындарын
көрсеткен [282].
Жастар баспасөзі қазақ мәдениетінің жетістіктерін насихаттаумен болды.
Мәскеуде өткен қазақ көркемөнерінің декадасы жайында да материал
жариялап, оны астаналықтардың қалай қабылдағандығын саралап көрсетті.
1936 жылдың 17 мамырында қазақ өнерпаздары өз өнерлерін Үлкен театры
филиалында «Қыз Жібек» пьесасымен ашып, онда К. Бәйсейтіова, Қ.
Жандарбеков, Қ. Бәйсейітов, М. Ержанов, Ш. Жандарбекова өз өнерлерімен
көрермендерін тәнті еткен [283].
«Лениншіл жас» газетіне жарияланған «Ауыздан тастамайтын қазақ»
деген мақалада автор «Ер тарғын» туралы әсерін жазады. «Мен бұрын «Қыз
Жібек» пьесасының ойынын бір рет көріп едім. Ал «Ер тарғын» одан да
көркем болды. Маған ұнаған артистер: Ақжүністің рөлін атқарған Күләш
болды. Оның шын театр мастері екені Тарғынды алдап өзіне қаратып алған
жеріндегі қимылы», - деп, театр ұжымына осындай көрермен көңілінен
шығатын қойылымдарды көптеп қойса деген тілегін білдіреді [284].
Осы нөмірде «Ер тарғын» операсын қоюдағы жетістіктері Күләш
Байсейітованың мақаласы басылды. «Ер Тарғынның» операсы қазақ елінің
мәдениет майданында тапқан табысының жемісі, актерлардың көбі жаңа
тәрбиеленіп шыққан жастар екендігін айта келе, олардың ішінен Қапиза
Нұрмағамбетова, Рақима Сәдуақасова сияқты талантты жастарды атайды
[285].
Ал «Біздің Елубай» деген мақалада Елубай Өмірзақовтың театр
құрудағы еңбегі бағаланып, оны «сегіз қырлы», қазақ театрының көркі болып
жүргендігін мақтанышпен атады [286].
Жұмысшы жастар арасында да көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істеп,
жұмыс уақытынан тыс кездерде жастар арасында түрлі ойын-кештерін
өткізіп, өз өнерлерімен құрбыларын тәнті етті. Мәселен, «Лениншіл жас»
газетіне жазылған мақалада Семейдегі жұмысшы жастар театры жаңа жылды
«Слава» деген пьесаны қойып қарсы алған. Бұл пьесаны театрдың бас
режиссері Сотников қойған. Еңбекте көзге түскен Аня Николаенко, Михаил
Васильев сияқты жастар өз өнерлерімен де көрермендерін қуанышқа бөлеген
[287].
Әдебиеттануға үлкен үлес қосқан ғалым, Қазақ ҚСР Ғылым
академиясының корреспондент-мүшесі Есмағамбет Ысмайылов (1911-1966
ж.) жастайынан жастар баспасөзіне тілші ретінде араласты, қаламгерлік
112
жолының бастапқы кезеңі «Лениншіл жас» газетімен байланысты. 1933 ж. 13
қыркүйекте оған берілген мінездемеден мынаны көреміз: «Ол өлкелік
комсомол газеті – «Лениншіл жастың» екпінді қалам қайраткерінің бірі, 28-
ші жылдан бері тілші болып, түрлі саяси–шаруашылық мәселелер жөнінде
мақалалар жаза бастады... қаламы ұшталып, әдебиет майданына астасып,
комсомолдың жас жазушысы, ақын болып тәрбиеленіп, өсіп келеді...
Комсомолдың салт-сана, пікір жүзінде жазғандарында ешбір солқылдақтық,
табансыздық пікір сезілген жоқ» – делінген газетте жарияланған мінездемеде
[288].
Жастарға білім беру мәдени құрылыс саласындағы негізгі міндеттерінің
бірі болып саналды. Олар – қалың еңбекші бұқараның мәдениеті (жаппай
оқу, сауатсыздықты жою, политехникалық білім беру, т.б) көтеруді және
халық шаруашылығының саналуан салалары үшін кәсіби мамандар мен
ғылыми қызметкерлерді даярлау мәселелерін шешу еді. Ауылда 8 - 11
жастағы балалар толық төрт сыныпты бастауыш мектепте оқыса, 14 жасқа
дейінгілер оқуын орталау және орта мектептерде жалғастырды. Мектеп
жасына дейінгі балаларды оқуға көбірек тартуға жұмсаған күш - жігердің
арқасында 4 сыныптық қазақ мектептерінің саны 1933 жылғы 527 – ден 1937
жылы 1190 - ға жетті, толық емес орта мектептер тиісінше - 143 және 237,
орта мектеп – 11 және 48, оқушылардың саны – 220,5 мыңнан 342,6 мыңға
дейін немесе 1,5 есе көбейді. Ал 1940 – 1941 оқу жылы мектептердің жалпы
саны 7790, ал оқушылар – 441 мыңға жетті. Мектептердегі қазақ қыздары
күрт көбейді. Бұлар жайында «Пионер» журналында мақалалар жарияланып
тұрды.
1937 жылдың аяғына қарай 27 педагогикалық техникум, 6 институт пен
университетте 9626 мұғалімдер даярланды, ал олардың жалпы саны екі
еседен астам көбейді (15-тен 31 мыңға дейін). Сонымен бірге олардың
дайындық деңгейі, мәдени ой-өрісі мен қоғамдық белсенділігі едәуір өсті.
1937 жылдың ортасында аттестациялау жүргізілді. Бұл шара педагог кадрлар
құрамының сапасын арттыруға оңды әсер етті: 1424 оқытушы немесе
олардың жалпы санының 14 пайызы жұмыстан босатылды [192,
203-210-
бб.]. Мектеп жасына дейінгі балаларды кеңірек тартуға көп күш - жігер
жұмсалды, нәтижесінде 4 сыныптық қазақ мектебінің саны 1933 жылғы 537 -
ден 1937 жылы 1190 - ға жетті, толық емес орта мектептер тиісінше – 143
және 237, орта мектеп – 11 және 48, ал оқушылар саны - 220,5 мыңнан 342,6
мыңға дейін немесе 1,5 есе көбейді. 21 техникум және басқа арнаулы оқу
орындары өнеркәсіп, көлік пен байланыс үшін орта буын мұғалімдер
даярлады. Жалпы ауыл шаруашылығы, әсіресе мал шаруашылығы үшін
осындай кәсіби кадрлар даярлау ісі одан әрі дамыды [192, 214-218-бб.].
Жоғары оқу орындарының дамуында 30 - жылдар айрықша, құнарлы
кезең - болды деген қорытынды жасау өте орынды деп білеміз. Алғашқы ірі
жоғары оқу орындары деп Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогика
институты (ҚазПИ). Ол 1926 жылы Ташкентте ашылған 1928 жылы
Алматыға көшірілді.
113
Республиканың шаруашылығы мен мәдениетінің өсу қарқыны ескеріліп,
партия мен үкімет бірінші бесжылдықта бірнеше жоғары оқу орындарын
ашуға көмектесті. 1929 жылдың маусым айында РФСР Халық Комиссарлар
Кеңесі сол жылдың күзінен бастап Алматыда мал дәрігерлік институт ашу
туралы қаулы алды. 1930 жылы ауыл шаруашылық ұйымдастырылды.
Үкіметтің шешімі бойынша 1931 жылдың басында Қазақ медицина
институты ашылды. БК(б)П Орталық Комитетінің 1929 жылғы қарашадағы
пленумының қатары негізінде 1932 жылы күзде Семейде геология – барлау
институты ұйымдастырылды. Кейін 1934 жылы ол Алматыға көшіріліп,
соның негізінде кен – металлургия институты (қазіргі Қ. Сәтпаев атындағы
ұлттық техникалық университет) құрылды. Бұрынғы токарь, Орал Өнеркәсіп
Академиясын бітірген Әмір Бүркітбаев оның ректоры болды.
1934 жылы 15 қаңтарда Қазақ мемлекеттік университеті есігін ашты. Сол
жылы бірқатар аймақта 7 жылдық мектептер үшін педагогтар даярлайтын екі
жылдық мұғалімдер институттары ашыла бастады. Бұларға орта және
орталау білімі бар жастар қабылданды, бітіргендерге аяқталмаған жоғары
білімі бар диплом беріледі. 30-шы жылдары олар мыңнан астам педагог
даярлады. Сөйтіп Республикада мұғалімдер қатары арта түсті. Соғыс
алдында олардың жалпы саны 44 мыңнан асты.
Жоғары білімді педагог кадрлардың жетіспеушілігі әрқашан байқалып
тұрды. Оны шешудің жолы жаңа институттарды ашу еді. 1932 -1933 оқу
жылында төрт қана пединститут болса; 30 - жылдардың екінші жартысында
Қызылжарда, Семейде, Қызылордада пединституттар ашылды. Бұларда
бірнеше жұмысшы факультеттері мен курстар ұйымдастырылды. 1934 жылы
ашылған Қазақ мемлекеттік университеті де мұғалімдер кадрларын молайту
үшін оқу - тәрбие жұмысын педагогикалық бағытта жүргізді. Мұның өзі
заңды құбылыс еді, өйткені ревалюциядан бұрын ондаған ғана мұғалімі
болған елде ең алдымен кадр мәселесін шешіп алмайынша, бастауыш және
орта білім беру жүйесінің бірден көтеріп әкету мүмкін емес-ті.
Республика партия және Кеңес органдарының ұлттық кадрлар даярлауға
баянды басшылығының нәтижесінде орта оқу орындарындағы қазақтардың
үлес салмағы 30 – жылдардың аяғында 50 пайызға жетті, ал қазақ қыздары 20
пайызды құрады.
Республиканың өскелең экономикасы білікті кадрларға зәру болды.
Мұны шешудің бір жолы туысқан республикалардың оқу орындарына жіберу
болды. РКФСР, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстанның институттары мен
техникумдарында онжылдықтың екінші жартысында 20 мыңға жуық
Қазақстандықтар оқыды. Республикадан тыс жерлерде екінші бесжылдықта
3 мың адам білім алған болса, 30-жылдардың аяқ кезінде олардың саны 20
мыңнан асып түсті.
Жоғары оқу орындарының ұлттық интеллигенцияны қалыптастыруда
атқарған рөлі орасан зор. Революциядан бұрын қазақ зиялылары санаулы
ғана болған. Алғашқы күндеріндегі ұлт зиялылары, қай жағынан алып
қарағанда да қомақты күш деңгейіне көтеріле алған жоқ-тын. Партияның
табанды да пәрменді ықпалы арқасында, әсіресе қазан революциясынан
114
кейін, демократиялық бағыттағы қазақ интеллигенттері әрқилы толғану,
қиындықты жеңе отырып, кеңес өкіметі жағына шықты. Қазақтың осындай
прогресшіл ізгі идеалды интеллигенсасының тамаша өкілдері – С.
Торайғыров, С. Сейфуллин, С. Асфендияров, С. Көбеев, М. Сералин, С.
Дөнентаев тәрізді қоғам қайраткерлері мен әдебиетшілер болды.
Сондықтанда 30-шы жылдары орта және жоғары оқу орындары арқылы
кеңестік жаңа интеллигенция қалыптастыру оның қатарын нығайту үлкен
міндет болды. Арнаулы орта және жоғары оқу орындары бұл саяси мәні зор
мемлекеттік міндетті қысқа мерзімде абыроймен орындап шықты. Бірінші,
екінші бесжылдықтың өзінде халықпен тығыз байланысқан, социализм ісі
үшін табандылықпен күресе білген жаңа кеңес интеллигенсасының қомақты
отряды қалыптасты. Республиканың құрылғанына 20 жыл толуына
байланысты мынадай деректер бар: Жоғары оқу орындары осы уақыт ішінде
6342 маман даярлап шығарған, мұның ішінде инженерлер 188, агрономдар
мен мал дәрігерлері – 1221, дәрігерлер – 535, мұғалімдер – 2259, заң,
журналист, кеңес қызметкерлері – 2139. 1940 жылы республикадағы 19
жоғары оқу орнында 9 мың студент оқыған (1937 ж. - 3 мың). Институттар
жанынан дайындық курстар ашылып, онда қазақ, ұйғыр, дүнген балаларын,
әсіресе қыздарды жоғары оқу орнына түсуге дайындаған. Әр - түрлі салаға
қажет жоғары білімді маман кадрлар Мәскеу, Ленинград, Ташкент,
Свердловск, Қазан, Омбы сияқты ірі қалалардағы оқу орындарында
даярланды.
Жоғары оқу орындарының ұстаз – ғалымдары ғылыми жұмыспен
жемісті шұғылданды. Алғашқы жоғары оқу орны – Абай атындағы
педагогикалық институты 30-шы жылдарда тіл, тарих, физика ғылымдары
саласында үлкен табыстарға жетті. Институттың профессоры Құдайберген
Жұбанов қазақ тілі грамматикасының алғашқы оқулығын жасады, сонымен
қатар ол қазақ тілінің орфографиясы мен терминологиясы, қазақ жазуының
тарихы мен диалектологиясы жөнінде де алғашқы зерттеулер жүргізіп,
көптеген түйінді мәселелерді шешті. Қазақ тілінің грамматикасы мен
диалектологиясын байытуда профессор С. Аманжолов көп еңбек сіңірді.
Оның 1939 ж. КазПИ - дің «Ученые записки» жинағында басылып шыққан
«Қазақ
тіліндегі
бағыныңқы
құрмалас
сөйлемнің
орыс
тілімен
салыстырғандағы табиғаты» атты еңбегі қазақ тілі ғылымының алғашқы
туындыларының бірі еді.
Қазақтың педагогика институтында 1935-1937 жылдары аса ірі тарихшы
С.Д. Асфендияров та жемісті қызмет етті. Ол бірнеше көлемді
монографиялық еңбектермен қатар Қазақстан тарихының екі томдық бағалы
материалдары мен құжаттарын бастырып шығарды. «Қазақстан тарихы» (1
бөлімі), «Қазақ тарихының очеркі», «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт -
азаттық көтеріліс», «Қазақстанның өткендігісі» (құжатты екі томдық жинақ,
1936) атты еңбектері осы уақытқа шейін аса бағалы ғылыми зерттеулердің
бірі болып келеді. Профессор В.Ф. Литвиновтың «Изучение ионного
состояния атмосферы в Алма-Ата и его горных окресностях» атты ғылыми
мақаласы жоғарыда аталған жинақта жарияланды.
115
Еліміздің шаруашылық және мәдени құрылыстағы тәжірибені кеңінен
зерттеу – кеңес оқымыстыларының абыройлы міндеті екендігін көрсеткен
Р. Сүлейменовтың мақаласында кеңінен талданған.
Жоғары оқу орындары қалыпты ғылыми мекемелер қызметін қоса
атқарды. Ғылыми жұмыстарды түрлі ерікті ұйымдар да жүргізді. Мысалы,
Қазақстанды зерттеу қоғамы қолынан іс келетін озат мұғалімдерді,
зиялыларды өзінің төңірегіне топтастырып, жергілікті жерлердегі ғылыми
жұмыстарды жандандырды. Бұл жөнінде газетте Батыс Қазақстаннан түскен
бір материалда былай деп жазылған: «Қоғамның қатарына тартып, өзінің
тілшісі ету үшін, Қазақстанда зерттеу қоғамы, 1934 жылдың жазында
мұғалімдер курстары мен Оралдағы мұғалімдер институтының сырттан
оқыту сессиясы пайдаланды. Бірнеше баяндама, лекция жасаудың және
арнаулы үгіт жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде республикадағы мәдениет
мекемелерінің қызметкерлерінен бұл қоғам 225 адамды өзінің жер - жердегі
тілшілері етіп алады. Қоғам жергілікті тілшілерінен сол жылы 100 шақты
жазба хабар алған, олардың көпшілігі пайдалы қазба кені жайында, сонымен
қатар ауыз әдебиеті мұралары мен археологиялық сипаттағы мағлұматтар да
бар.
Ғылымды дамыту, аса маңызды ғылыми мәселелерді шешуге түрлі
мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар да белсене атсалысты (геологиялық
трестер, халық комиссариаттары, жобалау мекемелері т.б.). Мемлекеттік
ведомтсволардың қызметкерлері көбінесе екі жұмысты бірдей атқарды,
аңығырақ айтқанда, олар өздерінің тұрақты қызметін атқара жүріп, жоғары
оқу орындарында сабақ берді. Бұл – сол кездің қажеттілігінен туындаған
қиын, бірақ пайдасы бар жағдай еді.
Медицина – биология ғылыми мекемелерінің жұмысы жандана түсті.
Қазақ медицина институты оқытушыларының 30 - шы жылдардағы ғылыми
еңбектерін айрықша атап өткен жөн. Профессор А.Н. Сызғановтың
басқаруымен қан құю және Қазақстандағы жемсау эпидемиясын зерттеу
жұмыстары саласында сәтті қадам жасалынды. В.П. Рощин көз ауруы мен
оны емдеуді зерттеу ісіне басшылық етіп, тұңғыш Көз аурулары институтын
ұйымдастырды т.б.
Ғылым мен жоғары мектептің екінші, үшінші бесжылдықтардағы даму
тарихы – күрделі де ауқымды мәселелерді қамтыды. Өндірісті
ұйымдастыруға жаңа, анағұрлым ірі өнеркәсіпті, әсіресе трестердің қолайлы
болатын етіп, шағындарын аса ірі кәсіпорындарға қосып шоғырландыру
мәселелері қолға алынды. Орыстың атақты ғалымдары 20 - жылдардың
алғашқы кезінде - ақ республиканың кең байлығын зерттеу жұмысымен
шұғылданды (Ридерде, Қарағанды бассейін т.б.).
Алайда 1932 жылға шейін көптеген ғылыми – зерттеу мекемелері
жұмысты жоспарсыз, бытыраңқы жағдайда жүргізіп келді. Бұл жөнінде 1932
жылы ақпан айында Ленинградта өткен Қазақстанның өндіргіш күштерін
зерттеуге арналған ғылыми конференцияда ашық айтылды. Онда
қабылданған республикадағы ғылыми – зерттеу жұмыстарының деңгейі
социалистік құрылыс жоспарларына сай еместігі айтылып, коммунистік
116
ғылыми – зерттеу мекемелерін құрудың қажеттігі атап көрсетілді [213]. Осы
мақсатпен үкімет пен партияның шешімі бойынша 1932 жылы наурызда
Қазақстанда КСРО Ғылым Академиясының тұрақты базасы құрылды. Оның
зоология және ботаника секторлары болды. 1935 жылы геология және тарих
секторлары ұйымдастырылды. 1936 жылы Қазақтың Ұлт мәдениеті ғылыми
– зерттеу институты тіл, әдебиет, халық өнері секторлар осы тұрақты базаға
біріктіріпті.
Сөйтіп, тұрақты база 1938 жылы КСРО Ғылым Академиясының
Қазақстандық филиалына айналды. Республиканың шын мәніндегі ғылыми
орталығы болған оның жұмысын еліміздің көрнекті оқымыстылары
қамқорлығына алып, үлкен көмек көрсетіп отырды. Ең алғаш тұрақты базаны
атақты шығыстанушы ғалым, академик А.Н. Самойлович басқарды. Бұл
тұста қазақ халқының мәдениеті, тарихы, тілі, этнографиясы, әдебиеті мен
жазуы жайында көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Республиканың жер қойнауында тау - кен қорының мол табылуына
байланысты ғылымның геология саласына айрықша көңіл бөлудің қажеттігі
туды. Осыған орай филиалдың директоры болып геолог – академик А.Д.
Архангельский тағайындалды. Қазақстан мен Алтай кен орындарын зерттеу,
ашу жұмысымен В.А.Обручев, И.И. Губкин, В.Ц. Веденеев, А.П.
Карпинский, В.Л. Комаров, И.П. Бардин, С.И. Вавилов сияқты аса ірі
ғалымдар айналысты. М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Н.Л. Павлов, П.О. Исаев
секілді ірі мамандар түпкілікті қызмет етуге Қазақстанға келді.
Ғылыми – зерттеу мекемелері мен оның қызметкерлерінің нығаюы
жергілікті ұлт кадрларын даярлауда да мүмкіндік туды. Сол жылдардың
өзінде геолог – инженер К.И. Сәтбаев кен байлығы саласын зерттеуде көп
еңбек сіңірді. Әрбір институт жанынан аспирантура ашылды, онда көбінесе
қазақ жастары оқыды. Мәселен, 1933 жылы ашылған Мал дәрігері институты
жанындағы аспирантурадағы 27 адамның 20 - сы қазақ, ал пединституттағы
20 аспиранттың бәрі қазақ жастары.
30-жылдары КСРО Ғылым Академиясының және ВАСХНИЛ - дің қазақ
филиалдарымен қатар басқа да бірқатар ғылыми – зерттеу мекемелері
құрылды: Қазақстан КП Орталық комитеті жанындағы марксизм – ленинизм
институтының филиалы; Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты
жанындағы Туберкулез ғылыми – зерттеу институты т.б. Осылар тәрізді
басқа да институттар жұмыс істеді. Бұлардың ғылыми – зерттеу
жұмыстарын бір орталықтан басқарып отыру мақсатымен Қазақстан Орталық
Атқару Комитеті жанынан Ғылым комитеті құрылды. Үкіметтің 1934 жылы
қабылдаған қарарында «Ғылым комитеті Қазақстандағы ғылыми – зерттеу
және ғылыми – баспасөз жұмыстарын басқарушы, біріктіруші әрі
жоспарлаушы ең жоғары ғылым орталығы болып табылады», - деп атап
көрсетілді. Комитет құрамына ғылымның әр саласынан 40 оқымысты кірді.
30-жылдарғы «Еңбекші қазақ», «Лениншіл жас», «Пионер» т.б. жастар
басылымдарында мәдениет пен ғылым тақырыбына баса назар аударылды.
Арнайы рубрикалармен қатар, олардың алғашқы бетерінде Қазақстан
ғылымының жетістіктерін паш етіп отырытын қысқа-қысқа арнайы
117
жаңалықтар беріліп отырды. Ал бұл кездегі Қазақстан ғылымында айтулы
жаңалықтар өте көп еді. Айтап айтар болсақ, К.И. Сәтбаев, А.А. Гапеев, Н.Г.
Кассин, И.С. Яговкин, М.П Русаков Орталық Қазақстанның, В.П. Нехорошев,
В.К. Котульский, И.Ф. Григорьевтер Шығыс Қазақстанның, А.Д.
Архангельский, М.М. Григорьевтер Шығыс Қазақстанның жаңа ғылыми
геологиялық картасын жасады. Ол республиканың қазба кен байлықтарын
зерттеп табуға негіз болды. Бірінші бесжылдықтың өзінде - ақ Қазақстанда
бұрынғыдан әлдеқайда мол пайдалы қазба кен орындары табылды.
Республиканың мыс қоры ревалюциядан бұрыңғы Ресейдегіден 6,3 есе,
қорғасын 4,3, мырыш 2,5 есе арта түсті. 1928 жылы М.П. Русаков Қоңырат
мысын, 1930 жылы Р. Борукаев Бозшакөл мысын, қазақтың аса көрнекті
ғалымы Қ. Сәтбаев Жезқазғаннан үлкен мыс қорын тапты. Сондай - ақ,
Алтай, Қаратау, Жоңғар Алатауындағы кен орындарын, Орал – Эмба
мұнайын, Ақтөбе фосфоритін т.б. кенді аудандарды зерттеу жұмыстары да
өте нәтижелі болды. 1930 жылдан бастап Қарағанды көмір қорын анықтау
айрықша қолға алынып, оның үлкен көмір бассейін екендігі айқындалды,
1931 жылы Ақсу темір кені ашылды.
Бірінші, екінші бесжылдықтарда республикада ауыл шаруашылық
ғылымы да қарыштап дамыды. Бұл салада 3 ғылыми зерттеу институты,
ондаған облыстық тәжірибе стансалары мен пункттер жұмыс істеді. Олар
селекция, құрғақшылыққа төзімді бидай сорттарын енгізу, қант қызылшасын
өндіру, малдың тұқымын асылдандыру, тұрақты мал азығы қорын жасау,
жеміс - жидек, көкөніс сорттарын зерттеу сияқты аса маңызды жұмыстармен
шұғылданды.
Партия қоғамдық ғылымдардың дамуына барынша көңіл аударды.
Бұрыңғы өлкелік партия комитетінің жанындағы марксизм – ленинизм
ғылыми – зерттеу институты Қазақстан КП ОК жанындағы Партия
институты болып қайта құрылды.
Қоғамдық ғылымдар әсіресе 30 – жылдардың екінші жартысы – 40
жылдардың басында едәуір дамыды. 1940 жылы Ленинградтық тарихшы
М.П. Вяткин «Қазақ КСР тарихының очерктерін басып шығарды» онда, XIX
ғасырдың 70 - жылдарына дейінгі кезең қамтылған. Археология саласында
орыс тарихшысы А.Н. Бернштам жемісті еңбек етті. Ол басқарған
экспедиция 1939 жылы Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі Эквиус
қаласының орнын тапты. Тараз, әуелгі орта ғасырдағы Қойлық және басқа
қалалардың орындарын қаза бастады.
Міне, осындай білім мен ғылым саласындағы жетістіктердің барлығы
мерзімді басылымдардың басты тақырыптарына, айтар ойының өзегіне
айналды. Әдебиет саласында жазылған жаңа дүниелерге газет-журналдарда
арнайы бөлімдер ашылып, рецензиялар, сын мақалалар жазылды.
Республиканың мәдени құрылысы Кеңес өкіметі тұсында ерекше
қарқынмен шарықтап дамығандығы мерзімді жастар басылымының негізгі
тақырып өзегіне айналды. Қазан төңкерісінен кейін кеңестік Қазақстанда
мәдени салада іргелі қайта құрулар жүзеге асты, мәдени революция
барысында сауатсыздық жойылды, жалпыға бірдей бастауыш және жеті
118
жылдық білім беру жүйесі енгізілді, орта мектептер, техникумдар мен
жоғары оқу орындары дамытыла бастады, еңбекшілерге қоғамдық–саяси
білім беру барынша өрістеді, сондай–ақ, ғылым, әдебиет, көркем өнер
саласында да жаңа өрлеу басталды. Осылардың негізінде қазақ халқы
Кеңестік «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» деп аталатын жаңа мәдениет
қалыптастырды. Қазақ кеңес мәдениетінің даму тарихы әрі күрделі, әрі кең
үрдіс.
Қоғамның сан-салалы өмірінде болып жатқан құбылыстар жайында
ақпараттар жеткізіп отыратын мерзімді баспасөзге қажетті кәсіби
журналистер жетіспей жатты. Осы олқылықтың орнын тотыру үшін 1940
жылы жеке журналистика институты ҚазМУ - дың құрамына енгізіліп
арнайы факультет ретінде ашылды. Университеттегі студенттер саны 500-ге
дейін көбейді. Қабылданған 2675 студенттің 1925-і қазақтар, оның 290-ы
қазақ қыздары болды. Соғыс қарсаңында Оралда «Комсомол ұрпағы» атты
облыстық газет шығып тұрды, онда 1939 жылы жас ақын Жұбан
Молдағалиевтің тырнақалды өлеңі басылды. Басқа бір деректе 1933-1935 жж.
З. Тұрарбековтың «Комсомол ұрпағы» газетінің редакторы болғаны
айтылады. Мұның өзі қазақ мәдениетінің дамуындағы үлкен тарихи оқиға
болумен қатар, қазақ қеңес интеллигенциясының өрлеуін танытатын фактор,
жастар баспасөзінің қалыптасу тарихын баяндайтын дерек екені шындық.
20–40 жылдары мәдениет саласы саяси күрделі қиыншылықтарға толы
құбылыстарға тап болды, келеңсіздіктер орын алды. Мәдениетті жасау мен
оны құрту құбылыстары қатар өрістеді. Бір жағынан, мәдениет қауырт
өркендеді; екінші жағынан, әсіресе қызыл саяси террор ешкімді аямады,
ұлттық мәдениеттің қаймағын – зиялылармен қынадай қырды. Барша өмірді
жаппай идеологияландыру халықтың мәдениетіне, адамдардың ой-өрісінің
еркін дамуына орны толмас орасан нұқсан келтірді. Мұндай үлкен күрделі
тақырыптар сол кездегі басылымдарда бірді-екілі жазылғанымен, толық
айтылған жоқ. Олар жайында қазіргі тәуелсіздік жылдарында ғана кенінен
жазылуда.
Сондай-ақ қоғамдық-саяси өмірдің қалыптасуы мен дамуын жіті
бақылап, тек бір ғана биліктің жетегінде ұстаған тоталитарлық жүйе өз
үстемдігі мен билігін осы баспасөздер мен оның қызметі арқылы нығайтып
қана қойған, баспасөзді өз идеологиясына толықтай бағындырды. Сөйтіп,
қоғамның үгіт-насихат құралы болып табылатын баспасөз, әсіресе жастар
баспасөзі социалистік қоғамды қалыптастырудағы лениндік-сталиндік
бағытты халыққа кеңінен таратушы, наихаттаушы болды.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарға қарамастан
көптеген қол жеткен жетістіктер мен мәдениетімізге, ұлт тарихына, әдеби
мұраларымызға қатысты сыңаржақ айтыс-тартыстардың көбеюі де, баспасөз
беттеріндегі үстірт жасалған сындар да осы ХХ ғасырдың 30-40-
жылдарының үлесінде екендігі белгілі. Оның жарықн мысалы ретінде «Қазақ
ССР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институты жұмысындағы
саяси өрескел қателер туралы» Қазақстан Коммунистік большевиктер
партиясы Орталық Комитетінің 1947 жылғы атышулы қаулысын айтуымызға
119
болады. Бұл қаулы талай ұлт зиялылары мен көрнекті тарихшы, әдебиетші,
жазушыларымызбен қатар баспасөз саласында барынша тұралатып кетті.
1989 жылдары елімізде қайта құру дәуірінің жылы лебі қайта соққан
тұста халық жадынан өше бастаған небір рухани мұраларымыз бен ұлт
зиялылары өмірге қайта орала бастады. Оған себеп болған Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитеті Мемлекеттік Комиссиясының «Әдебиет пен
өнер мәселелері бойынша 30-40 - жылдар кезеңі мен 50-жылдар басында
қабылданған қаулыларды зерттеу жөніндегі» қорытындысы еді.
Қазақстан ғылымы мен жоғары мектептер туралы мәселені тың жатқан
соны тақырып деп қарамасқа болмайды. Аталмыш кезеңде – қазақ халқының
едәуір табыстарға қол жеткізгені шындық. Осының бәрі Қазақстан
мемлекетінің босағасы берік, басқалармен терезесі тең ел дәрежесіне жету
жолындағы қадамдарының көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |