ӘОК: 94 [070](574) Қолжазба құқында


                                         ҚОРЫТЫНДЫ



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата30.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#10622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 
120 
                                       ҚОРЫТЫНДЫ  
 
ХХ  ғасырда  қоғамдық  тарихи  аренаға  өз  бағыт-бағдарларымен,  өзіндік 
айтар  ойларымен  шыққан  ұлттық  мерзімді  баспасөздер  өз  кезегінде 
әрқайсыда  үлкен  маңызды  қызметтер  атқарды.  Ғасыр  басында  олар  қазақ 
жастарын  оқу-білім  үйренуге  шақырса,  азаматтық  қарсылық  жылдарында 
халықтың  мүддесі  жолындағы  күреске  шақыра  отырып,  ұлт  теңдігі 
жолындағы жеңісті көздеп, сол бір аумалы-төкпелі заманда қалың бұқараны 
соңынан ерте білді. Сондықтан да қоғамдық ой-пікірдің көш басында жүрген 
қазақ  басылымдарының  қатарында  жастар  баспасөзінің  де  қоғам  дамуының 
барысында  қанаты  қатайып,  қаламы  ұштала  түсті.  Өктемдік  жүргізген 
коммунистік  партияның  қатаң  бақылауында  бола  отырып,    уақыт  өткен 
сайын замана үніне сай кесімді пікірлерін айтып отырған.  
Жалпы алғанда, қазақ баспасөзінің тарихы 1888 жылы алғаш рет жарық 
көрген «Дала уалаяты» газетінің бірінші нөмірінен басталғандығы бұл күнде 
бұлтартпас  тарихи  дәлелеге  айналып  отыр.  Ал  қазақ  жастары  баспасөзінің 
алғашқы  қарлығашы  соның  жалғасы  ретінде  кейінірек,  бірінші  орыс 
революциясынан  соң  ХХ  ғасырдың  екінші  онжылдығында  дүниеге  келді. 
Қандай  да  болмасын  кез  келген  тарихи  құбылыс  секілді,  қазақ  жастар 
баспасөзінің  шығуында  өзіндік  заңдылықтары,  алғышарттарының,  себептері 
мен дамуындағы ерекшіліктері болды, ол жұмыста жүйелі түрде баяндалады. 
Бұл  ретте,  жаңа  ғасыр  басында,  дәлірек  айтқанда  1913  жылы  қазақ 
тілінде алғашқы шыққан «Қазақ» газетінің орны ерекше болары ақиқат. Жаңа 
басылым  бірден  жастар  мәселесіне  айырықша  көңіл  бөле  бастады,  қаламгер 
талапкерлерді төңірегіне  топтастыра білді. Газет өзінің  негізгі оқырмандары 
сауаты  бар  жеткіншектерді  білімге,  өнерге  шақыру  мен  болды.  Оның  әр 
нөмірінде ұлттық мектептердің жай – күйі, жас өрендерді тәрбиелеу, мәдени 
саладағы түрткіл мәселелерді де көтеріп отырды. Сондай – ақ ғылым ерекше 
әспеттеліп, қазақ  халқын өркениетті елдер қатарына қосатын  өзекті де өткір 
мәселелер қозғалып отырды.  
Газеттегі материалдардан әйел теңдігі аясында қазақ қыздарын өздерінің 
жарқын болашағы үшін күреске шақырғаны жастарға ұнады. Алайда жастар 
баспасөзінің  жүріп  өткен  жолына  қатысты  қалыптасқан  ой  -  тұжырымдар 
қазақ  журналистикасының  тарихына  арналған  зерттеулер  мен  оқулықтарда 
негізінен  ұлттық  басылымдардың  тасасында  ғана  кездеседі.  Себебі,  зерттеу 
жұмысының  барысында  мұндай  туындылардың  авторлары  жастар 
басылымдарының  тарихын  зерттеуді  мақсат  етіп  қоймағандықтан,  олардың 
төл  шежіресінің  толымды  түрде  ашылмай  келгені  дәлелді  де  дәйекті 
баяндалды.  
Шынында ғасыр басындағы мерзімді қазақ баспасөзінің  тарихы жоғары 
дәрежеде  зерттеліп,  жүйеде  жазылған  болса,  жастардың  басылымдары 
елеусіз  солардың  тасасында  қалып  отырғанда,  олардың  сол  дәуірдің 
қоғамдық өміріндегі алатын орны ашылмай қалған. 

 
121 
Жалпы  Қазақ  баспасөзі  тарихына  байланысты,  әсіресе  жастар 
басылымдарының  өткендегісіне  қатысты  түрлі  қайшылықтар,  қателіктер, 
бұрмалаушылық, орынсыз жалған пікір күні бүгінге дейін орын алып келеді. 
Еліміздің  тәуелсіздікке  қол  жеткізіп  төл  тарихын  объективті  тұрғыдан 
қайта жазуға мүмкіндіктің тууына байланысты ұлттық дерек көздеріне, оның 
ішінде қазақ баспасөзіне деген жаппай қызығушылық пайда болды. 
Қазақстан  Президенті  Н.  Назарбаев  айтқандай:  «Бұрыңғы  КСРО-да 
жүргізіліп  келген  ұлттық  саясатты  зерттеп,  ой  елегінен  өткізудің  принцпті 
маңызы бар.... Біздің тарихи түсініктеріміз, әсіресе жаппай сана деңгейіндегі 
түсініктеріміз  объективті  емес,  үзік  –  үзік  екенін,  көптеген  тұрпайы 
социологиялық  сүзгілерден  өткізілгенін  мойындауымыз  керек»  [289].  Ел 
тарихының  құрамдас,  аса  маңызды  тарауы  мәдениет  тарихы  десек,  мұның 
өзі, сайып келгенде баспасөз тарихынан да көрініс табады. 
Мемлекеттік саясат жөніндегі Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық 
кеңес  1995  жылы  «Қазақстан  Республикасында  тарихи  сананың  қалыптасу 
тұжырымдамасын»  қабылдады.  Өмір  қажетінен,  тәуелсіздік  табиғатынан 
туған  бұл  құжатта  Қазақстан  тарихын  жасаудың  өзекті  мәселелері  ғылыми 
тұрғыда  сараланып,  нақты  бағыттар  айқындалды.Осы  тұжырымдаманың 
кейбір қағидалары мынадай: 
«...Қазақстан  тарихының  үзілмей  дамығандық  идеясы  осы  елді 
мекендеген  халықтардың  тегі,  тарихы  мен  мәдениеті  де  үзілмей  жалғасып 
отырды  дегенді  білдіреді»,  немесе  «Қазақ  халқы  Қазақстанды  мекендеген 
халықтардың тарихы мен мәдениетінің ізбасары, соларға тән өмір салтын, тіл 
мен  мәдениетті  алға  апарушы»,  дегенмен  «Қазақстан  тарихын  тек  қана 
көшпенділер тарихы тұрғысында баяндауға болмайды». Тарихи ізденістердің 
іргетасы  болып  табылатын  бұл  қағидаларды  басшылыққа  ала  отырып, 
«Қазақстанның тарих ғылымы үзіп алушылықтан бас тартып, тарихи сананы 
бұрмалаудан  арылып,  елдің  өткендегі  тарихын объективті  түрде  жаңғыртуы 
керек», деген тұжырым басшылыққа алынуға тиіс  [290]. 
Осыдан  ұлт  тарихына,  әдебиетіне,  өнерге,  салт  –  дәстүрге,  халықтың 
жаңа  сипаттағы  болмысына  сындарлы  көзқарастарға  бағыт  ашылды,  оны 
идеологиясыз жүзеге асыра отырып, қалың бұқараға жеткізуде баспасөзге зор 
мүмкіндік  туды.  Бұл  жайында  қорғалған  докторлық,  кандидаттық 
диссертацияларда  барлық  қырынан  қаралды  десек  болады.  Бірақ,  зерттеліп 
отырған  тақырыпқа  тікелей  байланысы  бар  зерттеулердің  бәрі  орыс  тілінде 
жазылған,  әрі  олардың  ауқымы  тар  шағын  мерзімді  қамтыған.  Олардың 
барлығына  ортақ  мазмұн  -  бәрі  сол  кеңестік  заманда  қоғамның  басқарушы, 
қозғаушы  күші  болған  коммунистік  партияның  үстем  идеологиясының 
жаттанды сарынында жазылған. Әрине, бұдан олардың бәрі бірдей жарамсыз 
еңбек  деуге  болмайды,  бұл  зерттеулердің  барлығы  дерлік  өз  қоғамының 
идеологиясына  сай,  соның  талаптарына  қарай  жазылды.  Олар  қамтыған 
кезеңдерде  республика  жастар  баспасөзінің  жайы,  олардың  беттерінде  жас 
ұландардың қоғам өміріне белсенділікпен араласқаны, оқып, білім алып, сан 
-  алуан  салада  қажырлы  –  қайсар  еңбегімен  көзге  түскендердің  аты  –  жөні 
айтылып,  жан  –  жақты  қамтылған.  Қазақстан  баспасөзін  зерттеушілер 

 
122 
түгелімен  -  дерлік  қазақ  жастар  баспасөзінің  туу  мерзімін  республика 
комсомолының  алғаш  қазақ  тілінде  шығарған  газеттерінен  бастау  алды  деп 
жазып  келді.  Мұндай  пікірлер  тарихи  шындықтан  ауытқу  болғандығы  әрі 
әдістемелік–методологиялық  тұрғыдан  алғанда  ақиқаттан  адастыратын  жол 
екені ашық. Өйткені, кешегі барлық игілік, ізгі істердің авторы Коммунистік 
партия  болуға  тиісті  заманда  ұлттық  басылымдарда  ұйымдастырған, 
шығарған Қазақ өлкелік партия ұйымы мен комсомолы делінуі заңдылық еді. 
Бірақ  қазақ  тарихшылары  «Жас  азамат»  газетінің  хронологиялық 
жағынан комсомолдық басылымдардан әлдеқайда ерте, 1918 - 1919 жылдарда 
шығып  тұрғанын  білмеді  емес,  білді.  Солай  бола  тұра,  ондай  газет  дүниеде 
болмағандай,  айналып  өтіп,  ұлттық  жастар  баспасөзінің  тарихын  1921 
жылдан, Ташкентте шығарылған  «Жас  алаштан» бастайды. Ал зерттеушілер 
А. Ульман мен Т. Митропольская болса РКСМ Қазақ облбюросының қазақ – 
татар  секциясы  1920  жылдың  көктемінде  «Еңбекші  жастар»  атты  газет 
шығаруға кіріскендігі туралы жазады. Алайда, шығаруға «кірісу» мен басып 
«шығару»  арасында  үлкен  айырмашылық  болғанымен,  авторлар  оның  ара  - 
жігін  ашып  көрсетпейді.  Хаттамадағы  бір  ауыз  сөзден  басқа  деректі 
мәліметтің  табылмауы  бұл  шешім  іске  аспаған  деген  тұжырым  жасауға 
жетелейді.  Орысша  жазылған  «Издать  на  киргизско  –  татарском  языке 
газету»,  «Трудовая  молодежь»  деген  сөздерге  сүйеніп,  мақала  авторының 
«приступил  к  изданию»  деген  тұжырымы  негізсіз  асығыс  жасаған  қадамы 
болған.  
Біздің  пікірімізше  қазақ  жастарына  арналған  алғашқы  комсомолдық 
газет  1920  жылдың  шілдесінде  шыға  бастағаны,  оның  РКСМ  Орал 
Губкомының  органы  ретінде  қазақ  –  татар  тілінде  шыққан  «Жас  күресші»  - 
«Яш корәшче» газеті. 
Сондай-ақ  Кеңестік  дәуірде  жаңа  тұрпатты  газет  –  журналдардың 
кезеңін дәлірек ашып көрсетуді мақсат  тұттық.  «Пионер» журналының 1925 
жылдан кейінгі жарық көрген материалдан Отан тарихына қатысы бар соны 
мағлұматтар  қарастырдық.  Бұл  Қазақстанда  тұңғыш  рет  жастарға  арналып 
шығарылған  басылым  еді.  Бұдан  кейін  «Білім  және  еңбек»  кейін  атын 
өзгертіп  «Зерде»  деп  шығарыла  бастады.  Оларда  «Зердегідей»  бай  деректі 
маңызы  бар  материалдар  ғылыми  айналымға  шығарылды.  Бұлардың  әр 
парағынан  сол  кездегі  партия,  комсомол  ұйымдары  қызметінің  лебі  есіп 
тұрғанымен  жазылған  еңбектердің  халықтың  тарихын  түгелдеуге  қосқан 
үлесі  қомақты,  оларда  Отан  тарихына  қатысы  бар,  құнды  деректер  мен 
мәліметтер көптеп кездеседі. Қазақстан тарихына байланысты және «Зерде», 
т.б.  журналдарға  жарияланған  мақалаларда  басқа  ғылыми  еңбектерімен 
салыстыра отырып қарастырылғанда басылымның маңыздылығы арта түседі. 
Дегенмен,  журналда  басылған  материалдар  авторлары  көзқарастарының 
әртүрлі  болғанын  жұмысымызда  ашылып  көрсетіледі.  Қандай  да  болмасын 
мүдде көзделіп жазылса да журналдағы материалдар зерттеу көздері болуға, 
деректік маңызы бар құндылықтар болуға әбден лайық.  
ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  Ресейде  жаңа  кезең  өріс  салды,  әсіресе  саяси 
өмірде.  Бүкіл  қоғамды  баурай  бастаған  революциялық  қозғалысты, 

 
123 
наразылықты  тежеу,  елді,  халық,  қамтыған  энтузиазмді  басқа  арнаға  бұру 
арқылы патшалық билік жаңа - әдіс айлаға көше бастады. Соның бірі – елде 
демократиялық еркіндікті кеңейту, халыққа еркін пікір білдіру құқын беруге 
әрекеттенді.  Осы  кезде,  яғни  1905  жылы  басталған  бірінші  орыс 
революциясанан  кейін,  қазақ  зиялыларының  бастамашылығымен  «Алаш» 
қозғаласы  саяси  сахнаға  шықты.  Оның  көсемдері  барша  күш  –  жігерін 
халықты  ағарту  саласында  ел  -  жүртына  адал  қызмет  етуге  арнады.  Олар 
жастар баспасөзінің аяғынан қаз тұрып кетуінде шешуші рөл атқарды. 
Алаштың көсемі  Әлихан  Бөкейханов  1913 жылы  жарық  көрген  «Қазақ» 
газетінде жарияланған мақалаларында патшалық әкімшілік тарапынан болып 
отырған  әділетсіздік  жайын  ашып  жазды.  Бұдан  кейін  «Қазақстан»  газеті 
дүниеге  келді.  Оның  бір  -    екі    нөмірлері  1911  жылы  наурыз  –  мамыр 
айларында  Орал  қаласында  шыққан.  Көптеген  нөмірлері  қазақ  жерінде 
сақталмағаны,  ескі  араб  графикасымен  шығып  тұрғандықтан  оның  тарихын 
зерттеу  қиынға  түскен.  Онда  жарияланған  материалдардың  қандай  саяси 
сырларының  болғанын  ойлап  қана  қоймай,  оны  шығаруға  кімдердің 
атсалысқанын анықтау барысында біз мынаған көз жеткіздік: газеттің соңғы 
беттерінде  әдеттегідей  «Редактор  –  издатель  Илюсин  Бюрин,  типография 
Апресянца  и  Окур»  деген  анық  жазылған  сөздер  бар.  Мұны  анықтау 
мақсатында  Астрахань  облыстық  мұрағат  қорларындағы  материалдарды 
ақтаруға  тура  келді,  жұмысқа  қатысы  бар  деректер  табылды.  Астрахань 
губерниясы жандарм басқармасының «Социал - демократ рабочей партии по 
г.  Астрахани  и  Астраханской  губернии»  деген  іс  1911  ж.31  қаңтарда 
басталып 1912 ж. 22 наурыз күні аяқталған. 
Ғасырдың  екінші  онжылдығында  қоғамдық-саяси  өмірдің  жаршысына 
айналған  «Қазақ»  газеті  1918  жылдан  шықпай  қалды.  Оны  шығарушылар 
жастар  болғандықтан  өздерін  мазалап  жүрген  мәселелерге  көп  көңіл  бөлді. 
«Қазақ  мұңы»  газетін  шығарды,  оның  1-ші  және  2-ші  сандарында  Б. 
Кулеевтің  Орынбордағы  Қазақ  жастарының  «Игілік»  қауымдастығының 
қызметі жайында көлемді мақаласы жарияланған. 
1918  жылы  30  шілдеде  Қызылжар  қаласында  жарық  көрген  «Жас 
азамат»  ұлттық  баспасөз  тарихында  ерекше  орын  алды.  Ж.  Аймауытов 
көрсеткендей  бұл  басылымда  жер  мәселесіне  көп  көңіл  бөлінген.  Мәселен, 
«Қазақ  жері»  деген  мақалада  «Қазақ  жерін  Ресей  сүліктей  сорды. 
Большевиктер  көп  нәрсе  істеген  жоқ,  бірақ  қазақты  түгел  кедейлендіріп, 
орысты  жібермекке  бел  буды»  -  деген  жолдар  арқылы  халықтың  назарын 
нақты мәселеге аударды. 
 Сол  қиын-қыстау  кезеңдегі  қазақ  қоғамының  жағдайын,  саясат 
сахнасындағы  теңсіз  күрес    жайлы  газетте  М.  Жұмабаевтің  «Мен  жастарға 
сенемін»  өлеңі,  М.  Дулатовтың  «Алаш  құрбаны»,  «Бір  керекті  нәрсе»,  Б. 
Майлиннің «Татулық һәм Русия», «Жазушылар», С. Балкебайұлының «Біздің 
ұлтшылдар» сияқты түрлі жанрдағы материалдар сол кездегі шындықты айна 
- қатесіз көрсеткен. 

 
124 
Қазақстанда  жастар  баспасөзінің  қалыптасуына  Ресейде  шығып  тұрған 
басылымдардың  ықпалы  зор  болды,  солардың  бағытымен  шығыс 
жастарының басылымдары дүниеге келгендігі ақиқат нәрсе. 
Қазақстан  баспасөзі  секілді  жастар  басылымдары,  азамат  соғысы 
Кеңестердің  жеңісімен  аяқталғаннан  кейін,  20-жылдардың  бас  кезінде 
қалыптаса  бастады.  Бұл  әрине,  жаңа,  кеңестік  тұрпатты  газет  –  журналдар 
еді. 
Алғашқы  басылымдар  «Ұшқын»,  «Правда»  «Тілші»  газеттері  аз  уақыт 
қана шығып тұрғанына қарамастан қазақ қоғамдық өміріне белсене араласты. 
Ал 1921 жылы 22 наурызда Түркістан АКСР жастарының қазақ тіліндегі 
тұңғыш  газеті  «Жас  Алаш»  редакторы  болған  Ғани  Мұратбаевтың  жастар 
басылымын қалыптстырудағы еңбек өз алдына зерделеуді қажет етеді. 
1922-1924  жылдар  аралығында  РКЖО  Қазақ  бюро  алқасының  жастарға 
арналған  қазақ  тіліндегі  бұқаралық  басылымы  болған  «Өртең»  газеті, 
кейіннен  оның  орнына  республикалық  «Еңбекшіл  қазақ»  газетін  шығару 
және  «Қызыл  Қазақстан»  журналында  жастар  үшін  арнайы  бет  ашу  туралы 
қабылданған  шешімдердің,  олардың  ізін  жалғастырған  «Жас  Қайраттың» 
тарихи тағылымдары баршылық. Ондағы жарияланған мақалалар, көтерілген 
мәселелер сол заманның талабына сай өзекті тақырыптарға арналды, сондай-
ақ қазақ мәдениетінің жаршысы болды. 
Ал  сол  жылдардағы  басылымдардың  шығуына  немесе  тоқтап  қалуы 
тікелей  қаржының  тапшылығына  байланысты  болғандығы  жасырын  емес. 
Бұл  ретте  «Жас  алаш»  газетінің  5  ай  ғана  -  1921  жылдың  маусымынан 
желтоқсанға  дейін  шығып  -  бүкілқазақтық басылым  деңгейіне    көтерілгенін 
айтуымыз  керек.  Солай  болғанымен,  оның  атқарған  қоғамдық  қызметі  мен 
түр-сипатында  айтарлықтай 
өзгерістер  бола  қоймады.  Ташкентте 
шығатындықтан тек Қазақстаннң оңтүстік аудандарында ғана таралып тұрды. 
Қазақ  АКСР  үкіметі  газеттермен  қатар  журналдарды  шығаруды  қолға 
алды.  1921–1922  ж  Орынборда  «Жас  Қазақ»,  «Лениншіл  Жас»,  «Пионер», 
Ташкентте – «Шолпан», «Сана», «Сәуле», «Жас Қайрат», «Шаншар», ал 1923 
ж. Мәскеуде «Темірқазық» журналдары шығарыла бастады.  
1923-1924  жылдар  аралығында  Ташкенттегі  Ортаазиялық  Коммунистік 
университетте  оқитын  қазақ  жастары  «Кедей  айнасы»  журналын  шығарды. 
Оның  небәрі  5  саны  ғана  шығып  үлгерседе,  жастар  сүйіп  оқитын  басылым 
болды.  
Бұл жылдары кейбір облыстарда жастар журналы шығарылды: Семейде 
«Таң», Қызылордада – «Жыл құсы», «Жаңа әдебиет», «Жаңа мектеп», «Әйел 
тендігі».  Бұларда  көбінесе  партия,  кеңес  органдарының  жұмыстары  және 
мәдени - ағарту ісі жөнінде мақала, әңгіме, өлең – жырлар басылып тұрды.  
Осы  кезде  мектеп  оқушыларына  арнап  шығарылатын  мерзімді 
баспасөздің қажеттілігі өзінен - өзі туындады. Сөйтіп «Пионер» журналы мен 
«Октябрь  балалары»  газеттері  жасөспірім  жастарды  әскери  өнердің  қыр–
сырымен таныстырып отырды.  
Қорыта  айтқанда  жастар  баспасөзі    кеңестік  қоғам  жылдары  еліміздің 
еңбек  тынысын,  экономикалық  жетістіктерін,  толағай  табыстарын 

 
125 
«Қазақстан  –  ғажапстан»,  «Съезге  шашу»,  «Бесжылдық  перзенттері», 
«Заманда  жайлы  жылнама»,  «Өнегелі  бастамаға  өріс  кең»,  «Комсомолдық 
қолтаңба»  рубрикалар  аясында  көптеген  мәселелерді  көтеріп  отырды. 
Көпшіліктің қызыға оқитын «Батыл болжамдар бұрышы» рубрикасы арқылы 
қызықты  зерттеулер,  пікірлер  ұсына  білді.  «Ағадан  ақыл»  рубрикасымен 
белгілі ғалымдар Ө. Сұлтанғазин, А. Қонаев, Г. Закумбаева, А. Абдуллин, Қ. 
Медеубеков,  М.  Байғожиндер  ғылым  жолына  түскен  жастарға  өз  ақыл–
кеңестерін  беріп,  өзекті  тақырыптарды  көтере  отырып,  сол  қордаланған 
мәселелерден шығар жолды іздеуге көмектесті. 
Зерттеліп отырған кезеңге байланысты  әрбір жылдың өзіне тән мерекеге 
арналған    мақалалары  жарияланып,  соған  орай,  жүлделер  тағайындалды, 
үздік мақалаларға, рефераттарға, конкурс жарияланып отырды. Осылай басқа 
басылымдардан  көш  бойы  ілгері  тұруымен  қатар,  жастар  мәселесі  ерекше 
назарда  болуымен  ерекшеленді.  Газет  -  журналдар  жастар  тәрбиесіне 
қатысты  мәселелерді  көтерумен  қатар,  жастар  баспасөзінің  дамуындағы 
қайшылықтар да  батыл көтере білді. 
Қазақ  баспасөзі  еліміздегі  жастар  басылымының  мәселелерін  көтеріп 
жазудың  сан  қырлы  әдісін  меңгерді,  мысалы  «Ғылыми  –  техникалық 
революция:  үміті  мен  күдігі»  атты  пікір  таластарға  жастарды  шақырып, 
көптеген  мәселелер  көтеріліп,  мақалалары  жарық  көрді.  Бұларға  әр  түрлі 
мамандықтағы көптеген жастар үн қатып, өз пікірін білдіріп отырды. 
Сонымен  қорыта  келгенде,  жастар  баспасөзінің  қалыптасып,  дамуына 
мына факторлар ықпал етті деген тұжырымға келдік:  
Біріншіден, ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси жағдайлар, яғни Ақпан 
төңкерісі,  Уақытша  үкіметтің  билік  етуі,  осы  мезгілдегі  кейбір 
демократиялық  бостандықтарға  қол  жеткізу  және  осы  оқиғалардың  қазақ 
даласына әсері; 
Екіншіден,  ғасырлар  бойы  отарлық  езгіде  болып  ұлттық  болмыс  пен 
тарихи сана, мүдде, діл мен дінінен айырыла бастаған халықтың оқу-білімге 
деген ұмтылысының артуы; 
Үшіншіден,  ұлттың  қоғамдық-саяси  санасының  оянуы,  өз  құқықтары 
мен  арман-тілектеріне  қол  жеткізу  жолында  әртүрлі  ұйымдар  мен  одақтар 
құруы немесе солардың құрамына тартылуы; 
Төртіншіден,  ұлт  зиялыларының  жаңа  қоғам  құру  жолындағы  күреске 
жастарды бейімдеуі, тәрбиелеуі; 
Бесіншіден,  ұлттық  басылымдарының  көшбасшысы  болған  «Қазақ», 
«Айқап»,  «Қазақстан»,  «Еңбекшіл  қазақ»,  «Бостандық  туы»  т.б.  газет-
журналдардың  жастарға  саяси  рух  бере  отырып,  жастар  ұйымдары  мен 
басылымдарының жұмысын жандандыруға күш-жігерін жұмсауы. 
Осылайша  ұлт  зиялылары  мен  Алаш  азаматтарының  төңкерісшіл 
бағыттағы іс-әрекеттерінен сабақ алған қазақ жастарының санасында рухани 
серпіліс  жүріп,  болашаққа  деген  сенім  пайда  болды.  Ол  сенім  өз  кезегінде 
жастардың мерзімді баспасөзінің қалыптасуына септігін тигізді. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ жастары баспасөзінің дамуына қызмет еткен 
ұлт  зиялыларының  көздеген  мақсаты  мынада:  ең  алдымен,  олар  қазақ 

 
126 
қоғамын дамытудың бастауы  – ұлттық мүдде мен өркениет құндылықтарын 
біртұтастықта  қарастыру  керек  деп  таныды,  екіншіден,  қазақ  жастарын  
бостандық жолындағы күреске дайындау; үшіншіден, рухани серпіліске жету 
жолында  ұлттық  білім  беру  жүйесін  дамытудың  төменгі  сатысы  -  ауыл 
мектептерін көптеп ашу арқылы жастардың білімге деген құштарлығын ояту; 
бұл  мақсатты  орындау  барысында    қазақ  балаларына  арналған  оқулықтар 
дайындау  мен  жастардың  ұлттық  баспасөзін  қалыптастыру  болды  деген 
тұжырымға келеміз.  
Ал  бүгінгі  ХХI  ғасырда  баспасөздiң  қоғамдық-саяси  өмірдегі 
белсенділігі    күн  санап  арта  түсуде.  Өйткенi,  баспасөздiң  қоғамда  алатын 
рөлi  оның  санымен  емес,  ұлттық  мүддеге  негiзделген  қызметiмен 
өлшенетіндігі  ақиқат.  Баспасөз  –  сан  ғасыр  бойы  отаршылдық  езгіде  келген 
халқымызды ұлттық мүддесіне сай аумалы-төкпелі заманда жанында болып, 
жаңа  құрылысты  насихаттады,  салаутты  өмірге  жөн  сілтеді,  сол  жолда 
бағдар-бағыт  беретін  бірден-бір ақпараттық құрал  көзі  болып  отыр.  Осыдан 
20  жыл  бұрын  егемендікке  қол  жеткізген  еліміз  өркениеттілік  көшінде 
жаһандануға  бет  түзеген  шақта  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев:  «Идеологияның 
басты мұраты - тәуелсіздігімізді баянды ету, мына шырғалаңы  мол дағдарыс 
кезеңінен  елді  аман–есен  алып  өту,  осыған  дейінгі  ғасырлар  бойы  жасалып 
келген  рухани  байлықтарымыздың  қайнарларын  бұзбай,  оны  өрісі  кең 
әлемдік  өркениетке  ұластыру»  деп  баспасөзге  үлкен  міндет  жүктегені 
баршамызға  белгілі [290, 3-б.].  
Егеменді  еліміздің  экономикалық-мәдени  дамуының  қарыштап  алға 
ұмтылуымен  дүние  жүзіндегі  дамыған  50  елдің  қатарына  қосылу  межесі 
айқындалды.  Осы  асқаралы  асудан  сүрінбей  өтіп,  қазақ  халқы  мәртебесінің 
биіктеуі  үшін  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  атқарар  қызметі  өте 
салмақты  болып  отыр.    Бүгінгі  демократиялық  Қазақстанда  осындай 
жауапкершілік  жүгін  арқалаған  баспасөздiң  қоғамдағы  рөлi  айтарлықтай 
дәрежеге  өсті.  Уақыт  өткен  сайын  республика  тәуелсіздігі  мен  егемендігі 
жолындағы  күресте  қалыптасқан  қоғамдық  сананы  жаңарту  қызметінің 
формалары  өзгерді.  Ол  енді  бұрынғыдай    насихатшы  ғана  емес,  сонымен 
бiрге  қоғамдық  ой-санамыздың  сараптаушысы  және  қоғамдық  ой-пiкiрдi 
қалыптастырушы қызметін де атқаруда.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
127 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1 Қожакеев Т. Тарих дәлдікті сүйеді // Қазақ әдебиеті. – 1964. – 5 июнь.   
        2  Сұбханбердина  Ү.  Айқап.  /  Құрастырушылар:  Ү.  Сұбханбердина,  С. 
Дәуітов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 368 б.; Соныкі.
 
 «Дала уалаятының газеті». - Алматы: Ғылым, 1995. - 216 б.; 
 
3  Дулатов  М.  Баспасөз  үммесі  //  Еңбекші  қазақ.  –  1923.  5  мамыр.;  Соныкі. 
Шығармалары. - Алматы. - 1994. 184 б. 
       4  Байтұрсынов  А.  Шығармалары.  –  Алматы:  Жазушы,  1989.  –  320  –  б.; 
Ақ  жол.  –  Алматы:  Жалын,  1991.  –  464  б.;  Революция  и  киргизы  //  Жизнь 
национальностей.  –  1919.  –  №27  (39),  3    август;  Қазақ  һәм  жер  мәселесі  // 
«Қазақ» газеті. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1998. – 560 б. 
5  Мадияр.  Баспасөзіміз  не  күйде  //  Еңбекшіл  қазақ.  –1923.  –11  январь.                    
– № 60.  
6  Сәдуақасұлы  С.  Таңдамалы.  –  Алматы:  Біріккен  қазақ-моңғол  «Атхан» 
кәсіпорны, 1993. – 119 б.  
7 Рысқұлов Т. Избранные труды. – Алма–Ата: Казахстан, 1984. – 259 с.; 
Баспасөздің мәнісі // Еңбекші қазақ. – 1926. – 17 мамыр. 
       8    С.  Мұқанов.  Қазақ  халқының  мақтанышы  //  Пионер.  -  1940.  -  №  7; 
Қазақстанда  қандай  газеттер  болды?  //  Еңбекші  қазақ.  -  1925.  -  5  мамыр.; 
Соныкі. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы: Жазушы, 1932. 
 9 Бекхожин Қ.Н. Первая казахская газета «Дала уалаяты» (1888-1902).  – 
Алматы, 1949. – 254 б.   
10 Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан: Тарихи очерк. – Алматы: 
Қазмембаспасы, 1950. – 37 б. 
11  Досбаев  Ә.,  Қорқытов  Б.  Қазақ  баспасөзінің  тарихын  зерттеудегі 
өрескел қателіктер // Социалистік Қазақстан. - 1951. - 17 қараша.  
12  Амандосов  Т.  Верныйдағы  большевиктік  тұңғыш  қазақ  газеті.  – 
Алматы: Қазмембес, 1959. – 35 б. 
13  Бекхожин  Қ.  Қазақ  баспасөзі  совет  өкіметін  орнату  және  нығайту 
күресінде // Жұлдыз. – 1961. – №5. – 109-115-бб.   
        14 Сұбханбердина Ү. «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. -       
  Алматы:  Қазмембас,  1961.  –  156  б.;  Соныкі.  Қазақтың  революциядан  
бұрыңғы  мерзімді  баспасөзіндегі  материалдар.  -  Алматы:  ҚазССР  ҒА 
баспасы. - 1963. - 292 б.;  
15 Сұбханбердина Ү. «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882): Архив 
қазынасын  ақтарғанда  //  Білім  және  еңбек,  1962.  –  №5.  –  24-26-бб.;  Әйгілі 
«Қазақ» газеті //  Зерде.  – 1991. – №5.  – 40-42-бб.; «Айқап» туралы ақиқат // 
Зерде.  –  1991.  –  №11.  –  21–б.;  Қазақ  газеттерінің  тарихынан.  «Қазақ», 
«Алаш», «Сарыарқа». – Алматы: Ғылым, 1993. – 200 б. 
16 Кәкішев  Т. Октябрь өрені.  –  Алматы:  «Қазақтың мемлекеттік көркем 
әдебиет баспасы», 1962. – 204 б. 
17  Кенжебаев  Б.,  Қожакеев  Т.  Қазақ  совет  баспасөзі  тарихынан.  – 
Алматы: Қазмембас, 1962. – 63-б.  

 
128 
18  Бекхожин  Қ.  Қазақ  баспасөзі  тарихының  очеркі  (1860-1958).  – 
Алматы, 1981. – 239 б.   
19 Фетисов М. Зарождение казахской публицистики. – Алма–Ата: Казгосизд., 
1961. – 440 - с. 
         20  Бекхожин  Қ.Н.,  Козыбаев  С.К.,  Матвиенко  С.С.  Очерки  истории 
журналистики. – Ч.1. – Алма-Ата: Казахстан, 1988.– 192 с.  
21  Кереева–Канафиева  К.Ш.  Дореволюционная  русская  печать  о 
Казахстане. – Алма – Ата: Казгосиздат, 1963. – 303 с.   
22  Толочко  В.С.  Проблемы  истории  Казахстана  ХІХ  в.  В  военной 
периодической печати: автореф. дисс. ... к.и.н. – Алма - Ата, 1978. – 28 с. 
23  Алексеенко  В.Н.  Вопросы  истории  Средней  Азии  и  Казахстана  в 
освещении  русских  дореволюционных  журналов  (втор.  пол.  ХІХ  вв.): 
автореф. дисс. ... д.и.н. - Москва., 1989. – С. 48. 
24  Ирмуханов  Б.Б.  Казахстан:  историко  –  публицистический  взгляд.                   
– Алматы: Өлке, 1996. – 270 с. 
25  Бурабаев  М.С.  Общественная  мысль  Казахстана  в  1917  -  1940  гг.                     
–Алматы: Ғылым, 1991. – 256 б. 
26 Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 270 
б.;  Жыл  құстары.  -  Алматы:  Қазақстан,  1991.  -  237  б.;  Сара  сөздің 
сардарлары.               – Алматы: Санат, 1995. – 166 б. 
27 
Аллаберген 
Қ., 
Нұсқабайұлы 
Ж., 
Оразай 
Ф. 
Қазақ 
журналистикасының тарихы (1870 - 1995). – Алматы: «Рауан», 1996. – 244 - 
б.; Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы. Көне басылымдар. Құнды деректер. Аяулы 
есімдер. – Алматы: Рауан, 1997. – 256  б. 
28  Қозыбаев  С.,  Рамазанова  А.,  Аллаберген  Қ.  Әлем  баспасөзі 
тарихынан. – Алматы: Санат, 1998. - 253 - б. 
29 Әбдіқасымов Б. Алғашқы қазақ газетінің тілі. – Алматы. 1971. – 33-б.; 
Тұңғыштың тынысы //Ана тілі. – 1992. – 2 ақпан. – №18.  
30  Имашев  С.  Зарождение  коммунистической  печати  в  Казахстане.  – 
Алма - Ата: Казахское гос. изд., 1961. – 112 с.; Свет ленинских идей. - Алма-
Ата: Казахстан, 1985. – 427 с.; Работа Компартии по созданию и укреплению 
местной печати в Казахстане (1917–1925 г.г.). – Алма-Ата: Қазмембас, 1953. 
31  Идрисов  А.И.  Деятельность  Компартии  Казахстана  по  развитию 
партийной  и  советской  печати  Республики  в  период  1926  -  1932  г.                            
–  Алма - Ата. 1972.  
32  Ыдырысов  Т.  Баспасөз  -  өмір  айнасы.  –  Алматы:  Қазақстан,  1977.               
– 204 б. 
33  Сарсенбаев  А.  Стратегия  формирования  информационной  политики 
Республики  Казахстан  в  переходный  период:  дисс.  ...  д.полит.н.  –  Алматы, 
2000. – 297 с. 
34  Ахметова  Л.С.
 
Жоғары  білім  мен  ғылым  саласындағы  мемлекеттік 
саясат және оның Қазақстанда жүзеге асуы: тарихи талдау (1985-2005жж) 
– А., 44. 
      35  Атабаев  Қ.  Мерзімді  басылым  ХІХ  ғасырдың  аяғы  ХХ  ғасырдың 
басындағы  Қазақстан  тарихының  дерегі  ретінде.  –  Алматы:  «Қазақ 

 
129 
университеті»,  1998.  –  192  б.;  Деректанудың  теориялық  мәселелері.  - 
Алматы:  Қазақ  университеті,  1999.  –  44;  Қазақ  баспасөзі  Қазақстан 
тарихының дерек көзі (1870-1918). –  Алматы:  «Қазақ  университеті», 2000. – 
356 б. 
36  Атабаев Қ. Деректану көзі  – ұлттық  басылымдар // Ақиқат.  – 1998. – 
№ 6. – 71-72-бб.; «Қазақ» газеті // Ақиқат.  – 1998.  –  № 5. – 71-75-бб.; 1913-
1918 жылдардағы «Қазақ» газеті // Ақиқат. – 1998. – № 7. – 75-78-бб. 
37 Ульман  А., Митропольская Т. ВП КПК.  - Алма-Ата, 1983. - Вып. 16. – С. 
112. 
38 ҚР ПМ. 142-қ., 1-т., 67-іс, 2-п. 
39  Сайфутдинов  А.А.  1918-1924  жылдардағы  Түркістан  АКСР-де  жастар 
баспасөзінің пайда болуы мен дамуы: филол.ғ.к. ... дисс. –  Ташкент, 1973. 
40 ҚР ОММ. 81-қ., 2- т., 105 – іс, 17-18 - пп. 
41 Нұрпейіс К. Алаш һәм Алашорда.  – Алматы: «Ататек», 1995. – 256-б. 
42Аманжолова  Д.А.  Партия  Алаш:  история  и  историография.  Учебное 
пособие. - Семипалатинский педагогический институт им. Шакарима, 1993. - 
137 - с.; Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. - Москва. 
Изд. центр. Россия Молодая, 1994. - 217 с. 
43 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: «Санат», 1995. – 368 б.; 1916 
жылғы  көтеріліс  және  ұлт  зиялылары  //  Қазақ  тарихы.  -  1999.  -  №2.  -  33-б.; 
Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді? –  Алматы: Ана тілі., 
1993.  -  208  б.;  Қойгелдиев  М.  Ұлттық  саяси  элита.  Қызметі  мен  тағдыры 
(ХҮІІІ-ХХ ғғ.). Зерттеулер. –  Алматы: Жалын.  – 212 б. 
44Омарбеков  Т.  Қазақстан  тарихының  ХХ  ғасырдағы  өзекті  мәселелері. 
Көмекші оқу құралы. - Алматы: Өнер, 2003. - 552 б. 
 45 Ахмедов Ғ.  Алаш «Алаш» болғанда. - Алматы: Жалын, 1996. - 265 б. 
46 Мажитов С.Ф. Жизнь и деятельность и исторические взгляды Бекмаханова 
Е.Б.: автореф. ... к.и.н. – Алматы, 1992. - 27 с. 
 47Пірманов  Ә.,  Қапаева  А.  Қазақ  интеллигенциясы.  –  Алматы:  Атамұра.  –  
160 б. 
 48Смағұлова С.Ө. Ұлттық интеллигенция және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ 
ғасырдың  басындағы  Қазақстандағы  аграрлық  мәселе:    тарих  ғыл.  канд.  ... 
дисс. авторефераты. – Алматы, 1999. – 28 б. 
 49Нурмагамбетова  Р.К.  Движение  Алаш  и  Алаш-Орда.  Историография 
проблемы. 1920–1990 годы ХХ века. – Алматы: ИИЭ, 2003. – 153 с. 
 50Махаева  А.Ш.  Қазақ  комитеттері:  құрылуы  мен  қызметінің  тарихы:  т.ғ.к. 
... дисс. авторефераты. - Алматы, 1995. - 25 б. 
 51Мекебаев  Т.Қ.    Уақытша  үкіметтің  Қазақстандағы  билік  органдарының 
қызметі: т.ғ.к. ... дисс. авторефераты.  - Алматы, 1996. - 26 - б. 
52Құл-Мұхаммед 
М. 
Алаш 
қайраткерлері 
саяси 
– 
құқықтық 
көзқарастарының эволюциясы. – Алматы: Атамұра, 1998. – 360 б.  
 53Әлмашұлы Ж. Нәзір Төреқұлұлының журналистік мұрасы: филология ғ.к. 
... дисс. авторефераты.  - Алматы. 1996. –
 
26 б. 
 54Қамзабекұлы Д. Смағұл Садуақасұлы. – Алматы: Қазақстан. 1996. - 256 б.; 
Соныкі. Алаш және әдебиет. – Астана: Фолиант, 2002. - 474 б. 

 
130 
55Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы.  Сәуір  1901  ж.  – 
желтоқсан  1917  ж.  –  Алматы:  Алаш,  2004.  –  1-т.  –  552  б.; Алаш  қозғалысы. 
Желтоқсан  1917  ж.  –  мамыр  1920  ж.  – Алматы:  Алаш,  2005.  –  2-т.  –  496  б.; 
Движение  Алаш.  Сборник  документов.  Апрель  1920–1928  гг.  –  Алматы: 
Алаш, 2007. – т. 3. – кн. 1. – 304 с. – т. 3. – Кн. 2. – 344 с.; Алаш қозғалысы. 
Мәселенің  зерттелу  тарихынан.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы.  1918–
2007 жж. – Алматы: Ел-шежіре, 2008. – 4-т. –  472 б.; Национальный вопрос 
на перекрестке мнений. 20-годы. Документы и материалы / сост. В.А. Горный 
и др. – М.: Наука, 1992. – 268 с. 
56  Смағұлова  С.О.  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдардағы  жастар  баспасөзіндегі 
мәселелер  //  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің 
хабаршысы. «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. 2006. – № 3 
(11).  –  87-91-бб.;  Соныкі.  1921-1922  жылдардағы  ашаршылықтың  қазақ 
мерзімді баспасөзде көтерілуі // Отан тарихы. – 2006. – № 3 (35). – 48-55-бб.; 
Соныкі.  ХХ  ғ.  20-30  жылдарындағы  латын  әліпбиіне  көшу  мәселесі 
тарихынан  //  Отан  тарихы.  –  2007.  –  №1  (37).  –  120-130-бб.; Соныкі.    ХХ  ғ. 
20-30  жылдарындағы  мәдени  құрылыс  және  ұлттық  баспасөз  //  Абай 
атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  хабаршысы.  «Тарих 
және  саяси-әлеуметтік  ғылымдар»  сериясы.  –  2007.  –  №  3  (14).  –  74-78-бб.; 
Соныкі. Ресми билік органдары мен ұлттық басылымдар арасындағы қарым-
қатынас  //  М.  Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 
университетінің хабаршысы. – 2007. – №3. – 100-111-бб.; Соныкі.  ХХ ғ. 20-
30  жж.  қазақ  мерзімді  баспасөздеріндегі  Қазақстандағы  жаңа  экономикалық 
саясат  мәселесі  //  Қоғам  және  дәуір.  –  2007.  –  №4.  –  28-33-бб.;    Соныкі. 
Республикадағы  театр  мәселесінің  ұлттық  баспасөзде  көтерілуі  //  М. 
Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің 
хабаршысы. – 2008.                  – №3 (31). – 111-123-бб. 
 57Сәулембекова М. ХХ ғ. басындағы қазақ баспасөз беттерінде айтқан қазақ 
зиялыларының  тарихи  ойлары  //  ҚазҰУ  хабаршысы.  –  Тарих  сериясы.                     
– 2007. - № 2 (45). – 43-46-бб. 
 58 Салқынбек Д.И. Қазіргі қазақ баспасөзі және ондағы мәдениет құрылысы 
проблемалары (1991-2000 ж.ж.). Тарихи талдау: т.ғ.к. ... дисс. авторефераты. 
– Алматы, 2004. – 30 б. 
59  Махат  Д.А.  Баспасөз:  сталиншілдіктің  Қазақстанда  орнығуы  (1925-
1956 жж.). – Астана: «Ана тілі – Ата тарих» баспа-зерттеу орталығы, 2007. – 
528 б.  
60  Нұрғалиева  Л.  1917–1937  жылдарда  Қазақстан  тарихының  өзекті 
мәселелері баспасөзде: тарихнамалық зерттеу: т.ғ.к. ... дисс. – Алматы, 1998.          
–143 б. 
61  Асқаров  Н.Ә.  «Айқап»  журналындағы  саяси-әлеуметтік,  әдеби-
мәдени мәселелердің көрінісі: филол.ғ.к. ... дис. – Алматы: 1999. – 145 б. 
62 Сақов Қ.Ө.  «Қазақ» газетіндегі ұлттық–саяси мәселелердің жазылуы: 
ф.ғ.к. ... дисс. авторефераты. – Алматы, 1998. – 26 б. 

 
131 
63  Барманкулов  М.  Журналистика  для  всех:  Общность  и  специфика 
жанров  печати,  телевидения  и  радиовещания.  –  Алма–Ата:  Казахстан,  1979.             
– 318 с. 
64 Янушкевич А. Дневники и письма путешествия по казахским степям.              
–Алма  –  Ата.  1966;  Қазақ  даласына  сапар  туралы  жазбалар  /  Аударған  Ғ. 
Зұлхаров. – Астана: Аударма, 2003. – 264 б. 
65  Бекмаханов  Е.  Қазақстан  ХІХ  ғасырдың  20-40  жылдарында.  – 
Алматы: Санат, 1994. – 416 б. 
66  Сүлейменов  Р.Б.,  Восстание  1916  года  в  Казахстане:  (причины, 
характер, движущие силы). – Алматы: Наука, 1977. –  165 с.  
67  Қозыбаев  М.  Ғұмырнама  жанрын  зерттеу  мәселелері  //  Қазақ  тарихы.              
– 1997. – №4. – 37–44-бб.  
68
 
Абусеитова  М.  К  проблеме  источниковедения  средневекового 
Казахстана // Отечественная история. – 1998. – №1. – С. 44. 
69
 
Тынышпаев  М.  Қазақ  халқының  тарихы  туралы.  –  Алматы.  -  1993.  - 
15,19 – бб. 
70  Бекмаханов  Е.Б.  Присоединение  Казахстана  к  России.  –  М.:  Изд.  АН 
СССР, 1957. – 339 с.         
 71Құсайынұлы  Қ.  Қазақ  шаруашылығы  отаршылдық  дәуірінде.  –  Алматы:  
Дәнекер, 2001. – 120 б. 
 72Шонанұлы Т.  Жер тағдыры - ел тағдыры. – Алматы: Санат, 1995. – 224 б. 
 73Дулатов М. Бес томдық шығармалар жинағы. Екінші том: Көсемсөз, әдеби-
сын  және  зерттеу  мақалалары  //  Құраст:  Дулатова  Г.,  Иманбаева  С.                    
– Алматы: Мектеп баспасы, 2003. – 392 б. 
  74  Өмірзақов  Ө.  Ресейге  қосылғаннан  не  ұттық?  –  Алматы:  Санат,  1999.  – 
195 б. 
75 «Дала уәлаятының газеті». – Алматы: Ғылым, 1994. – 816 б.  
76  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Орталық  
ғылыми кітапханасының сирек қолжазбалар қоры. – Инв. № 2958. 
77  Кенжебаев  Б.  Қазақ  халқының  ХХ  ғасыр  басындағы  демократ 
жазушылары. – Алматы, 1958. – 306
 
б. 
78  Кенжебаев  Б.  Қазақ  баспасөзінің  тарихынан  мәліметтер.  -  Алматы: 
Қазмембас, 1956. - 47 б. 
79  Кенжалиев  И.  Ғұмар  Қараш.  -  Алматы.  1992;  Нәсекенұлы  И.,  Кенжалиев 
И.Н. Ғұмар Қараш. Оқу құралы. – Орал, 2004. – 134 б. 
80 Қараш Ғ. Газет деген не зат? // Қазақстан. – 1912. – 24 сәуір.- №1. 
81 Қараш Ғ. Бұ қай заман? // Қазақстан. – 1911, 15 қараша. - №1. 
82 Қараш Ғ. Тіршілік таласы // Қазақстан. - 1912. - 24 сәуір. 
83 Қараш Ғ. Халықты ояту үшін не керек? // Қазақстан,  - 1912. - №1. 
84 Қараш Ғ. Ленада болған оқиға // Қазақстан. - 1912. - 15 сәуір. 
85Дулатов  М.  Дума  һәм  солдаттың  мәселесі  //  Қазақ.  -  1916.  -  9  ақпан.  -  № 
1108.  
86 Бөкейхан Ә. «Солдат ала ма?», «Петербург хаты» // Қазақ. - 1915. - №145-
148, 158, 160, 161, 167. ;  Соныкі. Таңдамалы. - Алматы: Қазақ энц. - 1995. - 
478 – б. 

 
132 
85 Кулеев Б. // «Қазақ мұңы». – 1918 №1-2.; 
86 Қазақ тарихы // Қазақ. – 1913. - № 1. 
87  Қамзабекұлы  Д.  Смағұл  Садуақасұлы.  –  Алматы:  Қазақстан.  1996.                
– 256 б.; Соныкі. Алаш және әдебиет. – Астана: Фолиант, 2002. – 474 б. 
88 Қазақ. 1913. №3.   
89 Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 168 б.   
90  Ағаш  кесетін  балтаның  сабы  ағаштан  болай  ма?  //  Қазақ.    –  1913.  –№1.  2 
февраль. 
91 Оқушыға жәрдем // Қазақ.  – 1913. – 2 февраль. – №1.  
92 Бегалиев Д. Бұл қалай!? //  Қазақ.  – 1913. –2 февраль. – №1.  
93 Уфада медресе «Ғалия» діниенің жарнамасы // Қазақ.  – 1913. – 10 июль.   – 
№21.  
94 Дулатов М. Шәкірттер жайынан // Қазақ.  – 1913. – 16 июль.  – №22.  
95 Оренбург, 10 февраль. // Қазақ.  – 1913. – 10 февраль. – №2.  
96  Жанталин  А.  Медреседе  оқып  шыққан  шәкірттерде  не  болашақ?  //  Қазақ.              
–1913. – 10 февраль. – №2.  
97  Ішкі хабарлар // Қазақ.  – 1913. – 10 февраль.  – №2.  
98 Ахмеди Зияғи. Қобда болысы // Қазақ. – 1913. – 9 март. – №5.  
99 Айманов Ержан. Қарқаралыда оқу жайынан //  Қазақ.   – 1913. – 16 март.  – 
№6.  
100 Сәрсекеев Х. Зайсан // Қазақ.  – 1913. – 23 май.  – №15.  
101 Медресе «Хұсейнияда» // Қазақ.  – 1913. – 30 март.  – №8.  
102 Ішкі хабарлар // Қазақ. – 1913. – 12 апрель.  –№10.  
103  Қашқынбаев  Досмайыл.  Шәкірттер  жайынан  //  Қазақ.    –  1913.  –  №18.                   
– 16 июнь.   
104 Жанталин А. Емтихан //   Қазақ.  – 1913. – 22 июнь. – №19.  
105 Басқармадан // Қазақ. – 1913. – 22 июнь. – №19.  
106 Арысұлы. Зайсан // Қазақ.  – 1913. – 29 июнь. –№20.  
107 Ақбанов Шәріп. Павлодардан // Қазақ.  – 1913. – 16 март. – №6.  
108 Ғайсин Зәкір. Ақмешіт хабарлары // Қазақ.  – 1913. – 10 февраль. – №2.  
109 Уфада «Ғалия» медресесіндегі қазақ шәкірттерінің хаты //  Қазақ.  – 1913. – 
17 февраль. – №3.  
110 Қасаболатов  Е. Қазақ жастарына // Қазақ.  – 1913. – 1 март. –№4.  
111 Ішкі хабарлар // Қазақ.  – 1913. – 29 июнь. – №20.  
112 Тілеуберген. Оқу - өнердің ұясы // Қазақ.  – 1913. – 22 июнь. – №19.  
113 Мұса Ә. Қазақ жастарынан бір өтініш // Қазақ.  – 1913. – 22 март. – №7.  
114 Құрметті бас жазушы! // Қазақ.  – 1913. – 9 март.  – №5. 
115 Түрік баласы. Қазақтың тарихы // Қазақ.  – 1913. – 2 февраль. – №1. 
116 Мұса Ә. Қапалдан жәрдем // Қазақ. – 1914. – №45.  
117 Білдіру 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет