1
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
ӘОК:94 [070](574) Қолжазба құқында
БИМАҚАНОВА ЗЫЛЫЙХА ШАХМЕТҚЫЗЫ
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы
(XX ғасырдың басы - 1940 жж.)
07.00.02 – Отан тарихы
(Қазақстан Республикасының тарихы)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі: тарих
ғылымдарының докторы,
А.Т. Қапаева
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
2
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .4
І ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕРЗІМДІ
БАСЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ
1.1 ХХ ғасыр басы баспасөзіндегі жастар мәселесі. . . . . . . .............. 22
1.2 Ұлттық жастар ұйымдары мен олардың алғашқы басылымдары . . 41
2 1920-1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАСТАР БАСПАСӨЗІ:
ТАРИХЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
2.1. Жастар баспасөзін қалыптастырудағы БК(б)П мен
Кеңес үкіметінің саясаты . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .53
2.2. Жастардың ұлттық басылымдарының дамуы мен қызметі . . . . . . . . 75
3 ЖАСТАР БАСПАСӨЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРІ
3.1 Жастар баспасөзіндегі Қазақстанның экономикалық
жағдайы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 87
3.2 Жастар басылымдарындағы республиканың мәдени
құрылыс мәселелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 102
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 121
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . 119
3
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
АКСР – Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы
Ашкөм – Аштарға көмек
БК(б)П – Бүкілресейлік Коммунистік (большевиктік) партиясы
БЛКЖО – Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы
БОАК – Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті
Главлит – Главное управление по делам литературы и издательства
Госиздат – Государственное издательство
ГПУ – Государственное политическое управление
губатком – губерниялық атқару комитеті
губком – губерниялық комитет
губкомиссия – губерниялық комиссия
Компомгол – Комитет помощи голодающим
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
КСР – Кеңестік Социалистік Республикасы
КУТВ – Коммунистический университет трудящихся Востока
ҚазКСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
Қазмембаспа – Қазақ мемлекеттік баспасы
Қазревком –Қазақ революциялық комитеті
ҚК(б)П – Қазақстан Коммунистік (большевиктік) партиясы
ҚР ОММ – Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты
ҚР ПМ – Қазақстан Республикасы Президент Мұрағаты
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ҚКСР – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
ЛКЖО – Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы
МемБаспа – Мемлекеттік Баспа
ОАК – Орталық Атқару Комитеті
обком – облыстық комитет
РК(б)П – Ресей Коммунистік (большевиктік) партиясы
САГУ – Среднеазиатский государственный университет
ХАК – Халық Ағарту комитеті
Халком – Халық комитеті
ХКК – Халық Кеңесінің комитеті
ШКМ – Шаруа жастар мектебі
ІІХК – Ішкі Істер Халық Комиссариаты
4
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың
басы-1940 жж. аралығында Қазақстанда жастардың қазақ тілінде жарық көрген
мерзімді баспасөзі тарихы мәселесі қарастырылады. ХХ ғасыр басындағы
қазақ мерзімді басылымдарында көтерілген жастар мәселесі, қазақ жастары
ұйымдары мен олардың алғашқы басылымдары, Кеңестік жастар баспасөзін
қалыптастырудағы БК(б)П саясаты КСРО үкіметі, жүргізген іс-шаралары,
ұлттық жастар басылымдардың дамуы мен қызметі, баспасөзде көтерілген
Қазақстандағы экономикалық және мәдени реформалар мәселелері
сараланады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамдық дамудың әртүрлі сатыларына
қарай дамып келе жатқан кез-келген халықтың жүріп өткен жолының сүрлеу –
соқпағына зер салатын болсақ, төл тарихына, мәдениетіне, сөз құдіретіне
ерекше мән беріліп, ғылыми бағаланып келгенін аңғарамыз. Ғасырлар бойы
үздіксіз жалғасып келе жатқан бұл үрдіс адамгершілік жөніндегі ұлы
ғұндардың тарих сахнасына шығуына мұрындық болып, өркениеттілікке
ұмтылған талай ұрпақтың жігерін қайрап келеді. Қай кезеңде болмасын
қоғамдық санаға барынша ықпал ете отырып, адамзатты белгілі бір ортақ
ұлттық мүдде жолында қызмет етуге үндейтін құрал –ақпараттық басылымдар,
баспасөз болып табылады. Өйткенi, баспасөздің маңызы мен қоғам
дамуындағы атқаратын рөлi оның санымен емес, ұлттық мүддеге, ұлттық
құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған қызметiмен өлшенетіндігінде.
Баспасөз
тарихын
зерттеген
әдебиетші
ғалым
Т.
Қожакеев:
«Баспасөзіміздің тарихы – біз үшін қымбат тарих. Әсіресе, Кеңес өкіметінің
алғашқы жылдарында-ақ жарық көріп, жарты ғасырға жуық күрес
жолымыздың өн бойында халқымыздың жоқшысы, мұңшысы, парасатты
ақылшысы газет, журналдарымыздың тарихы ерекше қымбат. Солардың
жолын дұрыс зерттеп, кейінгі ұрпаққа бұрмаламай дұрыс жеткізу – үлкен
парыз», - депті. Зерттеушлер үшін мерзімді баспасөз материалдарының аса
маңыздылығын көрсетіп берген еді [1].
Баспасөз – адамдарды тәрбиелейтін құрал ғана емес, онда жарық көріп
жататын әдебиет, тарихи материалдар дүниені өзінше пайымдауға үйрететін,
ұлттық болмысты қалыптастыратын киелі құдірет. Міне, осыған орай өз
ұлттық болмысымызды жан-жақты танып, үйренуде алдыңғы кезекте төл
тарихымызға, ана тіліне, діл мен дінімізге құрметпен қарап, халқымыздың
бүкіл адамзаттық өркениетке қосқан үлесін әлемге таныту отандық тарих
ғылымының кезекті міндеті болып табылады. Бұл міндеттің келелі үдесінен
шығу үшін өткенімізге жаңа көзқарастар тұрғысынан зер салар болсақ, онда ең
алдымен баспасөз тарихына баса көңіл бөлгеніміз қажет. Өйткені, ХІХ
ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ қоғамына біртіндеп еніп, кейіннен
сол қоғамның ажырамас біртұтас бөлігіне, өмір айнасына айналған ұлттық
баспасөз қазақ тарихында ең бір күрделі кезең – ХХ ғасырдың дүбірлі саяси-
экономикалық, мәдени оқиғалары туралы нақтылы мағлұматтар мен дерек
көзі. Бүгінгі таңда халқымыз өткен тарихи жолдарды саралау, оның ұлттық
5
құндылықтарын бағамдау мақсатында Елбасымыздың тікелей басшылығымен
(2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығына) сәйкес Үкімет қабылдаған
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының маңызы зор. Осы бағдарламаға
сәйкес ел тарихы тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтармен біртұтас
үйлесілімділікте қарастырылып, деректерді ғылыми айналымға енгізу әрі
насихаттау ісі жалғастырылуда. Ұлттық мерзімді басылымдар, яғни
баспасөздің, оның ішінде қазақ жастары басылымдарының өз тарихымызды
саралауда басты тарихи дереккөз болып табылатыны анық.
Сондықтан да диссертациялық жұмыста қазақ тілінде шығарыла бастаған
«Жас қайрат», «Жас азамат», «Өртең»
мерзімі жастар баспасөздегі
материалдардың мазмұнын ашумен ғана шектелмей, олардың жазылуының
оқырмандарға тартымды болуы да назардан тыс қалмайды.
ХХ ғасырда баспасөздiң қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі арта
түскені мәлім. Алғашқы жарық көрген ұлттық баспасөздiң рөлiн оның
санымен емес, ұлттық мүддеге негiзделген қызметiмен өлшеу қажеттілігі
жылдар өткен сайын сезілуде. Баспасөз – сан ғасыр бойы отаршылдық тепкінің
астында қалған халқымыздың мүддесіне сай аумалы-төкпелі заманда жанында
болып, жаңа құрылысты өмірге жөн сілтеді, сол жолда бағдар - бағыт берді.
Осы қарастырылып отырған мезгілде қазақ жастары үшін арнайы жарық
көрген газет-журналдар болған жоқ. Дегенмен, қазақ жастарын оқу-білімге
шақырған, өзге елдің мәдениетін, ғылымын үйренуге насихаттаған, оларға
қатысты өзге де мәселелерді көтерген басылымдар қатарында 1907 ж. бастап
«Ульфат» газетіне қосымша ретінде шыға бастаған «Серке» газеті, 1911 ж.
наурыздан – «Қазақстан», 1911-1915 жж. шығып тұрған «Айқап» журналы,
1913-1918 жж. – «Қазақ», 1913 ж. қыркүйек-желтоқсандағы – «Есіл даласы»
газеттері жатады. Сондықтан да болар «Жұртқа жол көрсететін, жұртты
қайғыртатын, болашақ күнін болжауға тырыстыратын һәм басқа да істерді
тексеретін баспасөз, яғни басылып шыққан газет, журналдар мен кітаптар.
Білімпаз, жұрттан асып кеткен... жұртқа білімімен қарасайын десе, олардың
білімін жұртқа шашып, таныс қылатын баспасөз», – деп «Айқап» баспасөз
құру, ұлт баспасөзінің алдына қойылатын міндеттері мен жалпы қазақ қоғамы
алдындағы маңызы туралы ашық жазады [2].
Қазақ тілінде алғашқы газет XX ғ. басында, дәлірек айтқанда 1913 жылы
«Қазақ» деген атпен дүниеге келіп, 1918 жылға дейін шығып тұрды. Газет
бірден жастар мәселесіне айрықша көңіл бөле бастады, талапкерлерді
төңірегіне топтастыра білді. Онда жастарды білімге, өнерге шақыруға, жалпы
ұлттық мектептің жай – күйі, жас өрендерді тәрбиелеу, мәдени саладағы өзекті
мәселелерді көтеріп отырды. Қазақ халқын өркениетті елдер қатарына қосатын
өзекті де өткір мәселелерді қозғады. Қазақ баспасөзі жастар мәселесінің бір
тармағы ретінде әйел теңдігі аясында қазақ қыздарының болашағы туралы
мәселелерді қозғап, олардың білім алып, оқу-ағарту, ғылым ісіне араласуына
жөн сілтеді.
Қазақ жастары баспасөзінің ең алғашқы қарлығаштары саналған «Садақ»
пен «Балапан» қолжазба журналы ХХ ғасырдағы алғашқы он жылдығында
6
жарық көріп, онда жастардың өз қаламынан туған әдеби шығармалары
басылып отырды. Бұл журналдар мұсылман жастары арасында ғана таралды.
Аталмыш журналдардың жалғасы ретінде Қазан төңкерісінен кейін «Жас
азамат» газеті дүниеге келді. Газет ұзақ жылдар патша езгісінде болып келген
қазақтарға бостандық таңы атқандығын қуана хабарлаған, төңкерісшіл қазақ
жастарының басын біріктірген басылымға айналды.
Жастар мәселесі 1916-1918 жылдар аралығында шығып тұрған «Алаш»,
«Бірлік туы», «Сарыарқа» атты ұлттық бейресми басылымдарда көтерілді.
Аталған басылымдар осы жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
экономикалық және мәдениетінің дамуымен тыныс-тіршілігін көпшілікке
таныстырып, билік пен халық арасын жалғаған көпірі болды.
ХХ ғасырдың екінші он жылдығында қазақ жастарына арналған бірнеше
басылымдар өмірге келді. Олардың әрқайсысының өзіндік заңдылықтары,
алғышарттары және даму ерекшеліктері болды. 1917 ж. бастап жарық көре
бастаған «Жас азамат», 1920-30 жж. - «Жас қайрат», «Жас қазақ», «Лениншіл
жас» газеттері саяси-әлеуметтік оқиғаларды, қоғамдағы өзгерістерді, мәдени-
тарихи үрдістерге қазақ жастарының араласуын, олардың заман ағымына
сәйкес іс-әрекетінен хабардар етіп отырды. Анығырақ айтар болсақ, газет-
журналдар қай қоғамның, қай биліктің болмасын шынайы жылнамасы болып
табылатындығы анық. Осыған орай М. Дулатовтың «Әр жұрттың, әр
мемлекеттің мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатасыз бір өлшеушісі –
баспасөз болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де
күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді» [3],- деген тұжырымдамалық пікірі ХХ
ғасырдың алғашқы жартысындағы ұлттық басылымдардың мақсаты мен
міндетін, олар көтерген жүктің салмағы, жауаптылығымен, ақпараттық
ауқымын, дәл көрсетеді.
ХХ ғасыр басындағы азаматтық тартыс пен кеңестік кезеңнің алғашқы
жылдарында дүниеге келген баспасөз негізінен жастардың қоғамдық ой-
санасын оятушы, әрі тың көзқарастарды қалыптастырушы, ағартушылық
мақсатта бой көтерген еді. Ал таптық идеология үстемдік құрған кеңестік
кезеңде басапасөз биліктің үгітшісі, насихат құралы болып келгені тарихи
шындық. Себебі, өз заманының билігін діттеген идеологияның қатаң қалыбына
түсірілген баспасөзде шынайы қазақ қоғамының бейнесі көрінбеді.
Біз зерттеп отырған кезеңде жарық көрген басылымдар арқылы өткен
тарихымызды сараптай отырып, елдегі қоғамдық-саяси жаңарудың бірнеше
кезеңдерден, сұрыптаудан өткендігін бағамдаймыз. Газет-журналдардың
басында жүрген ұлт зиялылары мен қоғам қайраткерлері өз ойларын ортаға
салу арқылы, ұлт өмірінде болып жатқан оқиғалардың барлығына араласып,
шешуін күткен өзекті мәселелерді дер кезінде байқап қана қоймай, қоғамдық
пікір тудырған мәселелердің дұрыс шешілуіне тікелей ықпал етіп отырған.
Осы тұрғыда 1900-1940 жылдар аралығында жарық көрген баспасөз құралдары
қатарындағы жастар басылымдарының сарғайған беттерін саралағанда жаңа
қоғам құру жолында халқымыз небір дауылды да дүбірлі, кезеңдерден
өткендігінен хабардар боламыз.
7
Газет-журнал беттеріндегі хабарлар арқылы өткенге көз жүгірткенде қазақ
жастарының білімге деген құштарлығы мен ғылымдағы алғашқы
табыстарымен қоса тоталитарлық жүйе, қатаң идеологияға тәуелді бола тұра
жастар баспасөзінің көтерген мәселелерінің бүгінгі өскелең ұрпаққа сабақ
болар тарихи тағлымдарын зерделеу арқылы диссертациялық жұмыстың
өзектілігі замана талаптарымен ұштасып жатқандығын ашып көрсету болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ жастары баспасөзінің өткен
жолына қатысты қалыптасқан ой-тұжырымдар қазақ журналистикасының
тарихына арналған зерттеулер мен оқулықтарда үзік-үзік кездеседі. Мұндай
туындылардың авторлары алдарына қазақ жастары басылымдарының тарихын
зерттеуді мақсат етіп қоймағандықтан олардың төл шежіресі толымды түрде
ашылмай келеді.
Қазақстандық зерттеушілер мен ұлт зиялылары арасында қазақ және
орыс баспасөзінің тарихына арналған еңбектер баршылық. «Ұлт ұстазы»
болуымен қатар қазақ баспасөзінің негізін қалаушылардың бірі А.
Байтұрсынов «Қазақ» газетінің оқырмандарына арнау сөзінде былай жазды:
«1907 жылғы санаққа қарасақ, Ресейде сол жылы 2173 есімді газет пен
журналдар шыққан екен. Оның 1396 рус тілінде, 867 басқа тілде деген
деректер бар» [4]. Мәселеге қатысты М. Дулатов «Еңбекші қазақ» газетінің
1923 жылғы 5 мамырдағы нөміріндегі «Баспасөз үммесі» атты мақаласында:
«Төңкерістің алдында Россияда 2500 шамалы газет, журнал шығатын еді.
Орыстан өнерлірек жұрттардың газет, журналы мұнан да көп еді, ...қазағы,
қырғызы бар Қазақстан, Түркістанды қоса санағанда бұл күнге шейін шығып,
тоқтаған һәм шығып тұрған газет, журналдар мыналар», - дей келе, 42
басылымның атын атайды [3]. Осылайша, қазақ баспасөзінің тарихына
арналған алғашқы зерттеулерге ден қойғандар да ұлт зиялылары болды.
Себебі, олар қазақ баспасөзінің аяғынан тік тұрып, қазақ қоғамы үшін қызмет
ету жолында аянбай еңбектенді. Сол басылымдардың ұйымдастырушысы да,
редакторы да, авторы ретінде ауқымды жұмыстар атқарды. Алғашқы қазақ
басылымдарының хал-ахуалы, бағыт-бағдары, көтерген мәселесі, халық
арасына таралымы туралы М. Дулатов бірнеше мәрте қайыра жазды [3].
Осылайша, қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге алғаш ден қойғандар ұлт
зиялылары болды. Себебі, олар қазақ баспасөзінің аяғынан тік тұрып, қазақ
қоғамы үшін қызмет ету жолында аянбай еңбектенді. Ең алғашқы болып
жастар баспасөзі туралы мәселе көтерген ұлт зиялыларының арасынан М.
Дулатов, С. Сәдуақасов, М. Әуезовті атаймыз. М. Дулатов «Еңбеші қазақ»
газетіне жариялаған «Баспасөзіміз не күйде» атты мақаласында Қазақстанда
шығатын газет-журналдардың арасынан жастардың «Өртең» газетін атап,
жалпы баспасөзді дамытудың әдіс – амалдарын көтерсе [5], С. Сәдуақасов
өзінің ғылыми-публицистикалық «Жастарға жаңа жол» деп аталатын еңбегінде
Қазан төңкерісіне дейін жастардың «Бірлік» ұйымының «Балапан» жазба
журналын шығарғандығы жөнінде мәліметтер келтіреді [6].
Баспасөздің рөлін арттыру үшін РК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің
секретариаты мен ұйымдастыру бюросы 1925 ж. наурыз және қазан
айларында, 1926 ж. 2 сәуірде «Жетекші қазақ баспасөзі» деп аталған қаулы
8
қабылдайды. Соның негізінде партия органдары баспасөзге басшылық жасап,
газет, журнал редакцияларына партияның саясатын насихаттауға қабілетті
қоғам қайраткерлерін топтастырды.
1926 ж. 10 мамырда өлкелік партия комитетінің жаңадан құрылған
баспасөз бөлімінің меңгерушісі болып Т. Рысқұлов тағайындалғаннан кейін, ол
Қазақстанда баспасөз саласын дамыту жайында бірқатар мақалалар жазып,
жастар баспасөзін дамыту мәселелерін жан – жақты талқылады [7].
Қазақ халқы тарихының кейбір мәселелерінің баспасөзде көтерілуі,
жастарды білімге, өнерге баулып, олардың рухани дүниесінің кеңеюіне ұлт
зиялылары, ағартушылар, озық ойлы ақын-жазушылар өз үлесін қосып
отырған. Бұл туралы С. Мұқановтың «Қазақ халқының мақтанышы» - атты
мақаласында қазақ халқының өнер-білімге жетудің, оны меңгерудің жолын
сызған қазақ тарихында Шоқан, Абай, Ыбырай деп көрсете отырып,
солардың қалдырған өсиеті – жастардың оқу-білімге үйреніп, жаңа заман
жаршысы болуға шақырды. «Біздің заманда өнерлі, білімді болам деген
адамға, соған апаратын жол атаулының бәрі де жарқын, даңғыл» - деп С.
Мұқанов жастарды білімге, өнер шыңына өрлеудің жолын көрсетеді [8].
Қазақстанның журналистика, тарих салаларында баспасөз тарихын
зерттеу проблемасы тек 40-жылдың соңында ғана қолға алынып, әдебиетші
ғалым Қ. Бекхожин «Дала уалаяты» - қазақтың тұңғыш газеті» атты
кандидаттық диссертация қорғап, 1888-1902 жылдар аралығында шығып
тұрған бұл газеттің көтерген мәселелерін айқындап берді [9].
Ұлттық баспасөз тарихының білгір маманы Б. Кенжебаевтың қазақ
баспасөзінің тарихына арнап 50-жылдардың басында «Қазақ баспасөзі
тарихынан» атты еңбегінің маңызы айрықша екендігі даусыз. [10, 9 - б.].
Бірақ бұл еңбек шығысымен бірден сынға ұшырап қуғындалды. Сынға
ұшыраған қазақ баспасөз тарихына арналған басқа да ғылыми еңбектер аз
болмады. «Социалистік Қазақстан» газетіне жарияланған мақалада «Қазақ
баспасөзінің тарихын зерттеудегі өрескел қателіктер» атты мақала
жарияланды: «Бұл еңбектер халқымыздың таңдау - талғамына сай емес,
тарихи шындық бұрмаланған, бұқпа-жалтағы көп, маркстік-лениндік
тұрғыдан баяндалып жазылмаған құнсыз еңбектер» - деді оның авторлары Б.
Қорқытов пен Ә. Досбаев,- «Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеудегі мұндай
қателер мен бұрмалаушылықтарды ақырына дейін шешіп, идеология
майданын зиянды шығармалардан батыл тазарту керек» - делінген онда [11].
Авторлардың осындай кереғар көзқарас кесірінен ұлттық баспасөз тарихын
обьективті тұрғыдан зерделеудің оңай болмағаны айқын. Осындай қатаң
қадағалаудың кесірінен ұлттық баспасөз тарихын обьективті тұрғыдан
зерделеу мүмкіндігі жабылып, зерттеушілер әкімшіл-әміршіл жүйе, кеңестік
идеология аясынан шыға алмады. Саяси партиялық бақылаудың қатаң болуы
идеологиялық шектеулікке ұшыраған көптеген қазақ газет – журналдары мен
олардың редакторлары жариялаған материалдарға «ұлтшылдық бағытта»
деген негісіз айып тағылды.
Дегенмен, Қ. Бекхожин мен Б. Кенжебаевтың бұл саладағы еңбектері
ерекше мәнге ие болды.
9
1950 – жылдың соңы мен 1960 – жылдың басында Қазақ баспасөзі
тарихын зерттеген бірнеше еңбектер жарық көрді. Оның қатарынан Т.
Амандосовтың «Верныйдағы большевиктік тұңғыш қазақ газеті» атты еңбегін
атауымызға болады. Автор бұл еңбегінде Верный қаласында шыққан «Көмек»,
«Ұшқын» және т.б. басылымдардың көтерген мәселелері мен осы газеттерді
ұйымдастырушылар туралы мәліметтер келтіреді. Газеттерде Кеңес өкіметінің
ішкі және сыртқы жауларына қарсы күрес барысы туралы мақалалар үнемі
жарияланып тұрғандығын хабарлайды. Бірақ автор өз еңбегінде жастар
проблемасы аталмыш басылымдарда қалай көтерілгені жайлы нақты
жазбайды [12].
Мерзімді басылым беттерінде баспасөз саласының қалыптасуы мен
дамуына қатысты материалдар жарияланып тұрды. Мәселен, Қ. Бекхожинның
баспасөз күніне орай Қазақ баспасөзінің кеңес өкіметін орнату және
нығайтудағы рөлін саралаған мақаласы жарияланды. Алайда бұл еңбекте де
жастар мәселесі жеке қарастырылмайды [13].
Қазақ баспасөзінің материалдарын, әсіресе «Дала уалаяты газетін» мен
«Айқап» журналының бұрынғы нөмірлерін топтастырып, жинақ етіп
шығаруға Ү. Сұбханбердина көп күш салды [14].
Ү. Сұбханбердинаның бұл еңбегінде: «Революциядан бұрын қазақ
тілінде шыққан басылымдар «Түркістан уалаяты газетінен» басталады» -
деген жаңа пікір айтты. 1962 ж. «Білім және еңбек» журналының 5-ші
санында жарияланған «Түркістан уалаятының газеті» деген мақаласында
автор оқырмандарды осы газеттің шығу тарихымен, оны шығарушыларымен,
газет бетінде 1870-1882 жж. аралығында оның нөмірлерінде жазылған
мақалалар мен онда көтерілген негізгі мәселелері және газет авторларымен
таныстырады. Бұл қазақ баспасөзі тарихындағы Ү. Сұбханбердина ашқан
үлкен ғылыми жаңалық еді. Ол туралы «Білім және еңбек» журналының
редакциясы: «Революциядан бұрын Қазақстанда қазақ тілінде не бары 10-15
қана газет пен журнал шығып тұрған.... Көп уақытқа дейін біздер солардың
ішіндегі ең тұңғышы 1888 жылдан бастап Омбы қаласында шыға бастаған
«Дала уалаяты газеті» деп есептеп келген едік. Сөйтсек, бұдан бұрын да
қазақ тілінде шыққан газет бар екен. Ол «Түркістан уалаяты» газеті деп
аталады», - деп жазды мақалада [15, 24-26-бб.].
Ғалымның аса ыждаһаттылықпен жүргізген зерттеулері жалпы
оқырманға бейтаныс болып келген қазақ басылымдары туралы
құрастырылған алғашқы библиографиялық көрсеткіш екендігімен де аса
құнды, деректік мазмұны тереңділігімен ерекшеленеді.
1962 жылы ғалым Т. Кәкішевтің «Октябрь өрені» атты кітабы жарық
көрді. Автор 20-30-жылдары жарық көрген газет-журналдарға қысқаша
тоқталып өткен. Бұл еңбекте жастардың «Өртең», «Лениншіл жас»,
«Еңбекшіл жастар», «Жас қайрат», «Жас қазақ», «Пионер», «Кедей айнасы»
сияқты басылымдары туралы құнды мәліметтер келтіреді [16].
Нақ сол жылы Б. Кенжебаев пен Т. Қожакеевтің бірлесе жазған «Қазақ
совет баспасөзі тарихынан» атты кітабы шықты. Авторлар Кеңес өкіметі
орнағаннан кейін шыға бастаған қазақ газет-журналдарының тарихына
10
кеңінен тоқталып өтеді. Кітапқа Б. Кенжебаевтың «Жастар баспасөзі» деген
зерттеуі енгізілген. Алғашқы жастар баспасөзі қатарында 1921 жылдың 22
наурызынан бастап Түркістан республикасы комсомолдарының қазақ тілінде
шыға бастаған «Жас алаш» газеті аталады. Ол жастардың «Жас қайрат»,
«Өртең», «Жас қазақ», «Лениншіл жас» сияқты газет-журналдары туралы
тыңғылықты мәліметтер келтіреді. Бұл зерттеу жастар баспасөзін өзге
баспасөзден бөліп көрсеткен жеке еңбек болғандығымен маңызды.
Б. Кенжебаев пен Т. Қожакеев еңбегінде 1917 - 1920 жылдары қазақ
тілінде жарық көрген 24 газет пен журналдың атауын келтіреді. Олардың
ішінде жастар басылымдарынан «Жас алаш» (1917), «Жас азамат» (1919),
«Жаңа өріс» (1920), «Еңбекші жастар» (1920) газеттерін атап, бұл
басылымдарда көтерілген мәселелер мен онда тұрақты мақала жариялап
отырған авторлардың атын атап өткен [17]. Балалар журналы «Пионердің»
шығу тарихы жайында Т. Қожакеев «Қазақ әдебиеті» газетіне жариялаған
мақаласында қажетті мәліметтер келтіреді. [1].
Қ. Бекхожин «Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860-1930)» деп
аталған монографиялық еңбегінде 1860-1958 жж. аралығында шыққан қазақ
баспасөзіне және әр кезеңдегі тарихи оқиғаларға байланысты көтерілген
басты-басты мәселелерге тоқталады. «Туркестанские ведомости» газетінің
қосымшасы «Түркістан уалаяты» газеті секілді мерзімді басылымдарда:
«...қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік – шаруашылық және
мәдени – ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша өкіметінің
отаршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық – жарлықтарын шет аймақ
халықтарының ана тілінде жариялап, оларды сөзсіз орындаттыру, сондай -
ақ, оның ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, қол
астындағыларды шексіз бағынышта ұстау мақсатын көздеді» - делінген оның
ой-түйіні арқылы қазақ жастары баспасөзінің қалыптасуы мен оларда
көтерілген мәселелер туралы құнды мәліметтер беруге тырысады [18].
Мұндай авторлар қазақ жастары басылымдарының тарихын зерттеуді
алдарына мақсат етіп қоймағандықтан олардың төл шежіресі толымды түрде
ашылмай келеді. Шартты түрде алғанда, «ересектерге» арналған мерзімді
қазақ баспасөзінің тарихы біршама жоғары дәрежеде зерттеліп, жүйелі
жазылған болса, қазақ жастары басылымдары елеусіз олардың тасасында
қалып отырған. Жүре айтып өту, қосақ ішінде атау әдеттегі дағдылы жағдай
болды. Бұдан қазақ жастары баспасөзінің, әсіресе, оның алғашқыларына
атүсті қарау айқын сезіледі. «Ересек» басылымдардың өздеріндегі үлкен
кемшіліктерімен оңай шешіле қоймайтын күрделі мәселелер, олардың
тарихын зерттеу барысында күрделі қиыншылықтарымен айналысқан
майталман ғалымдар Қ. Бекхожин [18], Т. Қожакеев [1], Б. Кенжебаев [10],
М. Фетисов [19] т.б. жастар баспасөзіне жеткілікті назар аударуды мақсат
тұтпағанға ұқсайды.
Баспасөз тарихын журналистика саласы бойынша зерттеген ғалымдар
Қ.Н. Бекхожин, С.Қ. Қозыбаев, С.С. Матвиенколар еңбектерінде кеңес
өкіметі орнағаннан кейін шыға бастаған орыс және қазақ тілдеріндегі газет-
журналдарға тоқтала отырып, жастардың «Жас қазақ», «Екпінді жас» және
11
басқа басылымдардың шығуы мен оның айдарлары жайында жалпылама
мағлұматтар береді [20].
Мерзімді басылымдарды Қазақстан тарихының дереккөздері ретінде
қарастыратын болсақ, зерттеушілер К. Кереева–Канафиеваның [21], В.С.
Толочко [22], В.Н. Алексеенко [23], Б.Б. Ермұханов [24] т.б. өздерінің
еңбектерінде революцияға дейінгі орыс баспасөзінің, оның ішінде әскери
басылымдардың қазақтар туралы жазылған материалдарына талдау жасайды.
Мысалы, В.С. Толочконың кандидаттық диссертациясы өткен ғасырда
Ресейде шығып тұрған «Военный сборник» және «Русский инвалид»
журнал-газеттеріне арналған. XIX ғасырдағы Қазақстан тарихының
мәселелеріне арналған В.Н. Алексеенконың диссертациялық жұмысында
«Вестник Европы», «Русская мысль» және «Русский вестник» сияқты орыс
журналдарында Орта Азия мен Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-
экономикалық өмір жайында хабарлар ұшырысады.
Жалпы қазақ баспасөзі тарихына байланысты, оның ішінде жастар
басылымдарының өткендегісіне қатысты түрлі қайшылықтар, кателіктер,
бұрмалаушылық, жалған пікір күні бүгінге дейін орын алып келеді.
Философия ғылымдарының докторы М. Бурабаев қазақ жастары
жетекшілерінің бірі, жастар баспасөзінің ұйымдастырушысы Смағұл
Сәдуқасовтың өмірбаянын жазғанда бірқатар дәлсіздіктерге жол берген:
Омбылық «Кедей сөзі» газеті «Кедей дауысы» делінеді; 1918-1919 жылдары
жарық көрген «Жас азамат» газеті 1920 жылы шыққан комсомол газеті іспетті
сипатталады және т.б. [25, 94 - б.].
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, төл тарихымызды обьективті
тұрғыдан қайта жазуға мүмкіндіктің тууына байланысты ұлттық дерек
көздеріне, оның ішінде, қазақ баспасөзіне деген жаппай қызығушылық қайта
жанданды. Себебі, ұлт тарихына деген сүйіспеншілік, оның «ақтаңдақ»
беттерін толтыру мақсатында мұрағат деректерімен қатар ауыр кезеңде
қалыптасқан қазақ баспасөздерінде берілген материалдар тарихи қазынаны
толықтыра түсетін ең құнды дерек көзі болып табылады. Ұлт тарихына,
әдебиетке, өнерге, салт-дәстүрге, халықтың жаңа сипаттағы болмысына
сындарлы көзқарастарға бағыт ашылды. Оны идеологиясыз жүзеге асыра
отырып, қалың бұқараға жеткізу мүмкіндігі туды. Осыдан келіп, баспасөздің
тәрбиелік, ағартушылық, білім таратушылық қызметтерін айқындау
қажеттілігі туындады. Зерттеу жұмысына арқау болып отырған жылдары бұл
міндетті жастардың ой–сана, мәдени білім дәрежесін үйлестіретін «Айқап»
журналы атқарады. Қазіргі қазақ оқырманы ең алдымен баспасөздің білім,
озық ой ретіндегі сан алуан қызметіне зәру екендігі рас. Ал «Серке» -
қоғамдық сананы қалыптастыратын механизм, халықтық идеологияның
жаршысы ретінде қызмет атқарғаны мәлім. Ол жастардың мәдени деңгейінің
көтерілуіне және шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына ықпал ететін
мәдени - ағарту жұмыстарының кепілдеме шаралары жүйесімен
айқындалады, жастар арасындағы ағартушылық қызметін атқарды.
Кеңестік дәуірде ұлттық басылымдар ішінде қазақ халқының тарихына
қатысты мәселелер коммунистік идеологияның сүзгісі мен қатаң талабының
12
салдарынан еліміз өз алдына енші алғанға дейін шынайы зерттелмей келді.
Бұдан XX ғасырдың басында газет - журналдар туралы ешқандай еңбек
жазылмаған деген пікір тумаса керек.
Мерзімді баспасөз - өмір айнасы және қоғам шежіресі. Қазақ баспасөзі
XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болды, ал газет пен журнал белгілі
бір мерзімділікпен өткенді өзінің бетінде баяндаған жылнамалық
деректерімен қымбат, немесе «көпті көрген көне көз жылнамашы» рөлін
атқарары даусыз. Ғылыми маңыздылығы жағынан бұларды мұрағат
қазынасының құндылығымен салыстыруға болады.
Жоғарыда аталған еңбекпен қатар сипаты мен көздеген нысанасы жағынан
тақырыбымызға жақындау келетін тілшілер мен журналистер тарапынан
баспасөз тарихы төңірегінде сүбелі еңбектер жазғандар Т. Қожакеев [26], Қ.
Алдабергенов, Ж. Нұсқабайұлы, Ф. Оразай [27], С. Қозыбаев [28], Б.
Әбдіқасымов [29] және басқа да зерттеушілер. Бұл зерттеушілер баспасөз
тарихын, әлем баспасөзі тарихындағы қазақ басылымдарының алатын орны
мен маңызын тіл мен журналистика ғылымы тұрғысынан қарастырады.
Дегенмен еңбектерде мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларда
бұған дейін жеткілікті назар аударылмай келген мәселелердің мәнін–
мағынасын ашуға көмектеседі, бірақ ондағы жастар проблемасы тағы да
тысқары қалып келеді.
Зерттеліп
отырған
тақырыпқа
тікелей
бірқатар
кандидаттық
диссертациялар қорғалды. Мәселен, С.Н. Имашев «Работа Компартии по
созданию и укреплению местной печати в Казахстане (1917–1925 гг.)» [30],
А.И. Ыдырысов «Деятельность Компартии в Казахстане по развитию
партийной и советской печати Республики в период 1926 - 1932 гг.» [31]
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Аттары көрсетіп тұрғандай, олар біріншіден, орыс тілінде жазылған,
екіншіден, шағын тарихи мезгілді қамтыған. Үшіншіден – ең бастысы көзге
ұрып тұрған кемшілігі, - бәрі, сол кеңестік заманда қоғамның басқарушы,
қозғаушы күші – Коммунистік партия идеологиясының сарынында жазылған.
Бұл зерттеулерде көрсетілген кезеңдерде республика жастары баспасөзінің
жайы, олардың беттерінде жас ұландардың қоғам өміріне белсенділікпен
араласқаны, оқып, білім алып, сан-алуан салада қажырлы еңбегімен көзге
түскендердің аты – жөні айтылып, жан - жақты қамтылған. Бұларды жоққа
шығаруға әсте болмас, онда мұның өзі тарихқа жасалған кешірілмейтін қиянат
болар еді. Аталған ғылыми зерттеулермен қатар, сол кезде шыққан салмақты,
бағалы еңбектердегі тақырыбымызға қатысы бар фактілер қазіргі бостандық
пен тәуелсіздік жағдайы кезіндегі сыни көзқараспен баяндалады. Келтірілген
зерттеулерде 1918 жылдың көктемінде өкімет билігі қолында болған
Қырғызревком /қазақ/ «Қазақ» газетін жауып, оның баспаханасын тәркілегені
айтылмайды. Сол сияқты Мәскеулік интернационалист большевиктер шын
мәнінде орыс тілді басылымдарға баса көңіл бөліп отырғаны да сөз болмайды.
Қазақ басылымдарындағы деректерді сирек қолданды. Қаржы жетіспеушілігі
деген сылтауымен қазақ жастарының баспасөзі бірде жабылып қалып, арада
13
біраз уақыт өткен соң қайтадан, басқа атпен шығарылып тұрды. Ол жайында
зерттеу барысында айтылады.
Дегенмен бұл аталған зерттеулер мен монографиялық еңбектерде алғашқы
және кеңестік кезеңдегі қазақ басылымдары, олардың қызметі туралы нақтылы
мәліметтер келтірілгенімен, олар кеңестік заман талабына байланысты
жазылғандықтан да мазмұны жағынан алғанда дәріптеу мен мадақтауларға
басым жол берілгендігін ашық байқауға болады.
Айтылған пікірдің дәлелі ретінде Т. Ыдырысовтың кеңес баспасөзінің
лениндік қағидалары мен дәстүрі, еңбекшілерді тәрбиелеудегі, өз үстемдігін
әлемге паш еткен марксизм-лениннизм идеяларын насихаттау, коммунистік
құрылыстың, партия съездерінің келелі міндеттері мен шешімдерін орындау
барысындағы республика баспасөзінің 1960-70-ші жылдарындағы іс-
тәжірибесін сипаттаған «Баспасөз - өмір айнасы» атты кітабын атап кетуге
болады [32].
Еліміз тәуелсіздігін алған ХХ ғасырдың 90-шы жылдары төл тарихымыз
бен тіл бен мәдениетіміз, қазақ баспасөзі жөнінде жаңа көзқараста жазылған
тың зерттеулер жарық көрді. Онда осы уақытқа дейін жазылған еңбектердегі
кейбір материалдар қайта сараптан өткізіліп, уақыт талабына сай жаңа
тұжырымдар жасалынды. Мысалы Т. Қожакеевтің 1991, 1992, 1995 жылдары
жарық көрген жаңа монографиялық зерттеулерінде ХХ ғ. 20-30 жж.
басылымдар тарихы, сол басылымдарды ұйымдастырушылар мен көрнекті
журналистер қызметінің ұлттық баспасөз тарихымен тығыз байланыста
қарастырылуы осы саладағы зерттеу методологиясын қалыптастыруға жол
ашты [26].
Тәуелсіздіктің
алғашқы
он
жылдығы
ұлттық
тарихымыздың
«ақтаңдақтарын», жоғалған беттерін толықтыруымен еселенген жылдар екені
аян. Қазақ баспасөзінің шығу тегін, маңызы мен мәнін тілші - журналистермен
қатар, оның философиялық, педагогикалық, саяси мәніне терең бойлаған
еңбектердің арасында А. Сәрсенбаевтың, Л.С. Ахметованың зерттеуін атап
өткен жөн. Зерттеуші А. Сәрсенбаев өз жұмысында ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан бергі ұлттық идеология майданында қызмет етіп келе жатқан
қазақ басылымдарының тарихына тоқталып қана қоймайды, жалпы бұқаралық
ақпарат құралдарының төл тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызды
әлемге танытатын құндылық ретінде пайымдайды [33]. Ал Л.С. Ахметова
қазақ баспасөзі өркениеттік елдер көшінен кейін қалып қоймаған, өз даму
жолы мен қиындықтары бар ұлттық тарихи жәдігеріміз екенін дәлелдейді [34].
Соңғы жылдары қазақ баспасөзін тарихи дерек ретінде, әсіресе, ХІХ
ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан тарихы
үшін бағалы дереккөз ретінде іргелі еңбектер, деректанушы- ғалым
Қ.
Атабаевтың пайымдаулары өз оқырманын табуда. Оның еңбектерінде
көрсетілген мерзім арасындағы ұлттық басылымдармен қатар, өңірлік газет-
журналдардың атқарған қоғамдық-саяси бағыттары мен қызметі, дамуы және
жағдайы, ең алдымен өзі өмір сүріп, қызмет еткен қоғам туралы қазіргі
зерттеушілер үшін қазақ баспасөзінің тарихи дерек ретінде сұранысқа
енгендігін жан-жақты қарастырады [35].
14
Автор «олардың елімізде большевиктік-коммунистік диктатураның орнау,
әміршіл-әкімшілдік басқару жүйесінің қалыптасу және даму тарихының құнды
дерегі ретінде деректанулық сыннан өтері күмәнсіз,- дей келе,- ... олар бір
жағынан, қоғам дамуының объективті көрінісі ретінде маңызды тарихи дерек
міндетін атқарса, екінші жағынан өзінің субъективті ерекшеліктерін ескеруді
қажет ететіндігіне» назар аударуды ұсынады [35, 145-146-бб.].
1998 ж. «Ақиқат» журналының бірнеше санында жарияланған тарихшы Қ.
Атабаевтың мақалалар топтамасында ұлттық бейресми басылымдардың
көшбастаушысы болған «Айқап», «Қазақ», «Қазақстан» секілді өзге де газет-
журналдарды құнды дереккөзі ретінде пайдалана отырып, ұлт зиялыларының
басылым бетіндегі мақалаларын жан-жақты талдап, билік пен баспасөз
аралығындағы ара-қатынас, жер, тіл мәселесі жөніндегі олардың халықты
ақпараттандыру жолындағы еңбегін қарастыруда тың ой қорытындылары бар
[36].
Жоғарыда тарихнамалық шолу жасалынып өткен еңбектердің барлығында
да біздің зерттеу жұмысымызға арқау болып отырған жастар баспасөзі
мәселесіне жете көңіл бөлінбегендігін ескергеніміз жөн. Бұл авторлардың
кінәсі емес. Олардың зерттеу тақырыптары да, міндеті де біз зерттеп отырған
тақырыпты арнайы қарастырмайды.
Қазақстан баспасөзін зерттеушілер түгелдей дерлік қазақ жастары
баспасөзінің құрылу мерзімін Республика комсомолының алғаш қазақ тілінде
шығарған газеттерінен бастау алады деп жазып келді. Бұл көзқарас тарихи
шындықты бұрмалау, әрі әдістемелік тұрғыдан алғанда залалды, әрі ақиқаттан
адастыратын жолға итермелейді. Барлық иігілік, ізгі істердің авторы
Коммунистік партия болуға тиісті заманда, ұлттық басылымдарды
ұйымдастырған, шығарған Қазақ өлкелік партия ұйымы мен комсомолы
делінуі зандылық еді. Бірақ қазақ тарихшылары «Жас азамат» газетінің
хронологиялық жағынан комсомолдық басылымдардан әлдеқайда бұрын,
1918–1919 жылдарда шығып тұрғанын білмеді емес, білді. Солай бола тұра
ондай газет дүниеде болмағандай жұмған аузын ашпай, айналып өтіп, ұлттық
жастар баспасөзінің тарихын 1921 жылдан, Ташкентте шығарылған «Жас
алаштан» бастайды. Ал зерттеушілер А. Ульман, Т. Митропольская РКЖО
Қазақ облбюросының қазақ - татар секциясы 1920 жылдың көктемінде
«Еңбекші жастар» атты газет шығаруға кіріскендігі туралы жазады [37, 112-б.].
Алайда газетті шығаруға «кірісу» мен «басып шығару» арасында үлкен
айырмашылық болғанымен, авторлар оның ара жігін ашып көрсетпейді.
Хаттамадағы бір ауыз сөзден басқа деректі мәліметтің табылмауы, газеттің
өзін айтпағанда, бұл шешім іске аспаған деген тұжырымға жетелейді. Орысша
жазылған мұрағаттық құжаттағы «издать на киргизско-татарском языке газету
«Трудовая молодежь» деген сөздерге сүйеніп, мақала авторларының
«приступил к изданию», деген тұжырымы негізсіз, асығыс жасалған қадам
болған [38, 2-п.].
Зерттеу тақырыбымызға жақын келетін тағы бір кандидаттық
диссертацияға ерекше тоқталып өткен жөн. Ташкенттік А.А. Сайфутдинов
«1918-1924 жылдардағы Түркістан АКСР-де жастар баспасөзінің пайда болуы
15
мен дамуына» арналған диссертациясында (1973 ) ең алдымен өзбек тіліндегі
газет - журналдарға ден қойған. Орыс, қазақ, қырғыз, түркімен, тәжік тіліндегі
басылымдар шолу деңгейінде қалған. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында
қазақ басылымдары Түркістандағы баспасөз жүйесінде жетекші орын
алғанымен бұл зерттеуде оның рөлі кемсітіліп, ал өзбек тіліндегілердің бәрі
мейлінше дәріптеліп көрсетіледі [39].
Комсомол тарапынан қазақ жастарына арналып комсомолдық газет 1920
жылдың шілдесінде шығарыла бастаған, РКЖО Орал губком органы ретінде
қазақ–татар тілінде жарық көрген «Жас күресші» - «Яш корәшче» газеті еді.
Туысқан екі халық тілінде шыққан бұл газеттің 6 саны ғана жарық көріп
үлгеріп, әдеттегідей қаржы тапшылығынан жабылып қалды. Айта кету керек,
қазақ–татарша, немесе таза татарша жастар газетін шығару талпынысы осы
тұста Омбыда, Қызылжарда, Семейде де байқалды. Бұл – ресми биліктің
жергілікті ұлт жастарына арналған алғашқы басылымдарды шығару ісі
республика орталығында емес, облыс, губерниялық қалаларда басталғанын
көрсетеді. Бұл жерде партия және комсомол органдарының жастарға арналып
шығарылған газеттердің алдымен орысша, одан соң қазақша жарияланғанын
ашып айтқан жөн. Орысша шығатын газеттердің өз оқырмандары болды.
Олардың қатарында бірлі–жарым болмаса, қазақ жастары жоқтың қасы
болатын. Тіпті, қазақша–татарша шыққан газеттерді де қаланың оқыған
жастарының бір бөлігі, ауылдардағы сауаты бар молдалар ғана оқитын,
олардың таралымы да шектеулі болды. Сондықтан ең басты мәселе – таза
қазақ жастарының газетін шығару болатын.
Дегенмен, біздің ойымызша, мұндай ұлттық басылымдарға деген соңғы
жылдары кең өріс алған заңды қызығушылық, келешек үлкен істің басы. Сол
басылымдардың тарихын терең зерттеу және оларды тарихи дерек ретінде
талдау ісінің бастамасы ғана.
Диссертациялық жұмысты орындау барысында қазақ зиялыларының түрлі
көзқарастағы өкілдері жасаған ғылыми тұжырымдарынан әрқилы деңгейдегі
көптеген деректерді пайдаландық. Онда қазақ тарихының кейбір мәселелеріне
арналған еңбектердің басты ерекшелігі - олардың көкейтестілігі, өткірлігі,
өзектілігі, бір сөзбен айтқанда, өз заманына орай қоғамдық-саяси ой-пікір
қалыптастыра алғандығы. Тіпті, мақала, очерк аттарының өзі оқырманды елең
еткізіп, бірден өзіне назар аудартады. Тіптен кейбір зерттеушілер
басылымдарға шекесінен қарап, «бесіктен белі шықпай жатып, жұртқа ақыл
айтатын қайдағы бір «жас бөрілер мен аш бөрілер» шыға бастады деп жазды
[40].
Бірақ жастардың мерзімді басылымдары қазақ қоғамының көкейтесті
саяси-экономикалық мәселелерін көтерумен болды. Күн тәртібіндегі
мәселелерді шешуде жастардың рөлін арттыруға көп күш салды. Жастардың
рухын
шыңдап,
жағымды
қасиеттерге
баулып,
пайдалы
істерге
жұмылдырылды.
Жастар шығарған газет – журналдар жас қаламгердің шығармашылық
табыстары болып табылатын озық туындыларды көптеп жариялады. Бұл
басылымдар өмірдің барлық саласына араласа отырып, сан - алуан тақырыпты
16
көтеріп, уақыт тынысын айнытпай білдіретін өз заманының бұқаралық ақпарат
құралдары
(БАҚ)
бола
білді.
Жас
талапкерлерді
журналистік
шығармашылыққа баулып, жастар баспасөзімен ғана айналысқан алғашқы
кәсіби журналист мамандардың қалыптасуына үлкен ықпал жасады.
Зерттеу еңбегімізде сол кезде шыққан басылымдардың заман ағымына
қарай ұстанған бағытын анықтауды нысана етіп алдық. Өйткені,
басылымдардың шыққан кезеңдерінің әрқайсысының өзіне тән мақсат–мүддесі
болды. Соған орай басылым алқасы мен журналистер редакция жұмысының
бағдарламасын белгіледі. Түрлі рубрикамен, айдармен, беріліп тұрған мақала,
очерк, хабарлар сол кезеңнің тынысынан нәр алып, сабақтасып жатты. Қазақ
жастары мерзімді баспасөзі тарихының осы және өзге де мәселелері бойынша
шындықты қалпына келтіру үшін аталған тақырып арнайы зерттеуді қажет
етеді.
Жұмыстың тақырыптық мазмұнын кеңінен ашу мақсатында XX ғасырдың
соңғы жылдарында жарық көрген К. Нұрпейістің [41], Д.А. Аманжолованың
[42], М.Қ. Қойгелдиевтің [43], Т. Омарбековтың [44], Ғ. Ахмедовтың [45],
еңбектеріндегі және С.Ф. Мажитовтың [46], Ә. Пірманов, А.Т. Қапаевалардың
[47], С.Ө. Смағұлованың [48], Р.Қ. Нұрмағамбетованың [49], А.Ш.
Махаеваның [50], Т.Қ. Мекебаевтың [51], М. Құл-Мұхаммедтің [52], Ж.
Әлмашұлының [53], Д. Қамзабекұлының [54] зерттеулеріндегі Алаш
қозғалысына, қозғалыстың басты мақсаты, азаттық күрес жолындағы ұлт
зиялыларының ұлттық басылымдар тарихына, олардың өмірлік ұстанымдары
мен мүдделеріне қатысты құнды деректер келтірілуімен қатар, сол
басылымдардың өздерін де дерек көздері ретінде пайдалануға тырыстық.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ жастарына қатысты
мәселелерді көтерген Алаш және Алаш-Ордалықтар тарапынан жүргізілген
шараларды таразылау барысында құжаттар мен материалдар жинағы да
тақырыпқа қажетті еңбектерді толықтыра түсті [55].
Академик К. Нұрпейіс «Алаш һәм Алашорда» атты монографиясында
«Жас Азамат» газетін Алаш қозғалысының тарихы бойынша үлкен
деректемелік маңызы бар басылымдар қатарында екендігін атап көрсетті [41,
25-б.]. Ғалымның бұл пікірінің шынайылығына біз қазақ жастарының мерзімді
баспасөзі тарихын зерттеуде бірнеше деректерді салыстыру барысында көз
жеткіздік.
Сол сияқты белгілі тарихшы М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» туралы
зерттеулері әдістемелік тұрғыдан біз басшылыққа алған еңбектер санатына
жатады. Мәселен, К. Нұрпейістің «Алаш һәм Алашорда» кітабында «Жас
азамат» газетінің жабылуы (1919 ж.) Әлихан Бөкейханов пен Алашордадағы
қарсы күштердің әрекеті екендігі дәлелдесе [41, 194-б.], М. Қойгелдиевтің
«Алаш қозғалысы» атты монографиясында идеологиялық саяси күрестің
заңдылықтары айқындалып бұл қозғалыстың қазақ топырағында тууының
өзіндік ерекшеліктерін тануға көмегін тигізеді [43, 213-б.]. Зерделі ғалым М.
Қойгелдиевтің жастар басылымдары аталмағанымен оның дүниеге келуіне
қажетті алғышарттардың болғаны ашып көрсетілген.
17
Соңғы жылдары ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. 20-30-шы жж. қазақ және
жастар баспасөзіндегі мәселелер, оларға саяси жағдайдың ықпалы, жалпы ХХ
ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ тілінде жарық көрген мерзімді
баспасөздің шығу тарихы мен деректік маңызы жөнінде зерттеулер жүргізіп
келе жатқан С.О. Смағұлованың мақалалар топтамасында біршама
қарастырылып келеді [56].
Сондай-ақ М.С. Сәулембекованың [57], Д.И. Салқынбектің [58], Д.
Махаттың [59] диссертациялары мен монографиялық еңбектері де біздің
зерттеуімізге кеңінен арқау болды. Мазмұны және әдістемелік жағынан Ү.
Сұбханбердина
[2; 14; 15],
Л. Нұрғалиева [60], Н.Ә. Асқаров [61], Қ. Сақов
[62], М. Барманқұловтың [63] жұмыстары біздің зерттеуімізге етене жақын.
Алайда аталмыш авторлардың мәліметтерін ғылыми деректеме көзі ретінде
алып қарағанда, біз көтеріп отырған тақырыпқа тікелей байланысы бар
мәселелердің қарастырылмағаны бірден көрінеді. Тек «Қазақ» газеті ғана
бірінші рет арнайы ғылыми–зерттеу жұмысының объектісі болғандығын
байқаймыз.
Жұмыстың мазмұнына қарай Қазақстан тарихына, жастар және мәдениет
мәселесіне байланысты кейбір жағдайларды талдау барысында А. Янушкевич
[64], Е. Бекмаханов [65], Б. Сүлейменов [66] және басқа ғалымдардың
пайымдаулары мен орынды айтылған пікірлері, ой – түйіндері жұмыста
салыстырмалы түрде қарастырылды.
Біз қарастырып отырған басылымдардың түрлі кезеңдерде жарияланып
бүгінгі күнге жеткен тарихи деректері, басқа да жазба сияқты өздерін сыннан
өткізуді, талдауды кажетсінеді. Бұл жайында академик М. Қозыбаев: «...
мемуарлық әдебиетке сын көз керек, ондағы деректерді ой елегінен өткізіп,
басқа деректермен салыстырып отыру керек»,- десе [67, 42-б.], белгілі
тарихшы М. Әбусейітова: «Следует подчеркнуть, что использование
источников дает положительные результаты лишь при критическом
осмыслении, глубоком анализе, установлении их достоверности и
оригинальности» - деп жазды [68, 44-б.]. Әрине, мұндай пікірлердің Қазақстан
тарихы ғылымының қазіргі талаптарынан туындап отырғаны айқын.
Жинақтап айтқанда, зерттеу тақырыбымызға өзек болып отырған қазақ
жастары баспасөзінің тарихы мен ондағы көтерілген мәселелер мазмұнын
толық ашу мақсатымен қазақ баспасөзі туралы жазылған еңбектерге
жалпылама шолу жасау барысында, жастар баспасөзі және оның беттерінде
көтерілген әртүрлі саланы қамтыған мақалалар өз алдына жеке қарастыруды
қажет ететіндігіне, осы уақытқа дейін арнайы зерттелмегендігіне көз
жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |