Руководство по эксплуатации рядом с сушильной машиной. В случае продажи или передачи сушильной машины в пользование


Кірлерге күтім көрсету жапсырмалары



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата31.03.2017
өлшемі4,58 Mb.
#10631
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Кірлерге күтім көрсету жапсырмалары

Киімдердегі жапсырмаларды қараңыз, әсіресе, кептіргіште 

алғаш рет кептірген кезде. Мына таңбалар ең жиі кездеседі:

 

Кептіргіште кептіруге болады.



 

 Кептіргіште кептіруге болмайды.

 

 Жоғары қызумен кептіргіште кептіру керек.



 

Төмен қызумен кептіргіште кептіру керек.

Кептіргіште нені кептіруге болмайды:

•   Резеңке, резеңкеге ұқсас материалдарды немесе 

пластикалық үлдірді (жастықтар, төсемдер немесе 

ПВХ курткалар) қамтитын киімдер; басқа да жанғыш 

нысандар немесе жанғыш заттарды қамтитын 

нысандар (шаш спрейі себілген орамалдар). 

•  Шыны талшықтары (перделердің кейбір түрлері).

•  Құрғақ күйде тазаланған заттар. 

•   ITLC коды бар заттар («Арнайы киімдер») 

. Оларды 

үйдегі арнайы құрғақ күйде тазалауға арналған 

өнімдермен тазалауға болады. Нұсқауларды мұқият 

орындаңыз.

•   Үлкен көлемді заттар (жастықтар, төсемдер 

және кең ақжайлықтар. Ұйықтау сөмкелері мен 

мамық көрпелерді 8-бетте айтылғандай Мамық 

бағдарламаларымен кептіруге болады). Олар кептіру 

барысында кеңейіп, кептіргіш арқылы ауаның өтуіне 

кедергі жасайды. 


32

KZ

Арнайы киімдер

Ақжаймалар мен төсек жапқыштар:акрилаттан жасалған 

заттар (Ацилиан, Кортель, Орион, Дралон) арнайы 

күтіммен төмен қызу параметрінде кептірілуі тиіс. Ұзақ 

уақыт кептірмеңіз.

Бүктелген немесе қыртиысқан киімдер: киімдегі 

өндірушінің кептіру нұсқауларын қараңыз.

Крахмалданған заттар: оларды крахмалданбаған 

заттармен кептірмеңіз. Кептіргішке салмас бұрын 

кірлерден крахмал ерітіндісі мүмкін болғанша көп 

алынғанына көз жеткізіңіз. Тым кептіріп жібермеңіз: 

крахмал ұнтаққа айналып, киіміңіз жұмсарып қалады, яғни 

крахмалды қолданудың мақсаты бүлінеді.

Кептіру уақыттары

Уақыттар шамамен берілген және мына себептерге 

байланысты әртүрлі болуы мүмкін:

•   Сығу циклынан кейін киімдерде қалған су мөлшері: 

орамалдар мен нәзік бұйымдар көп су ұстап қалады.

•   Мата: бір матадан жасалған, бірақ текстурасы мен 

қалыңдығы әртүрлі заттар әртүрлі уақытта кебуі мүмкін.

•   Кірлердің мөлшері: бір зат немесе аз жүк кебу үшін ұзақ 

уақытты қажет етуі мүмкін. 

•   Құрғақтық: киімдерді үтіктейтін болсаңыз, әлі сәл 

дымқыл болғанда, оларды шығарып алуға болады. 

Қалғандары толығымен құрғақ болуы қажет болса, 

оларды қалдыруға болады.

•  Қызу параметрі. 

•   Бөлме температурасы: кептіргіш тұрған бөлме суық 

болса, кептіргіш киімдерді ұзағырақ кептіреді.

•   Көлем: кейбір көлемді заттарды абайлап кептіруге 

болады. Бұл заттарды бірнеше рет шығарып алып, 

сілкіп, кепкенше қайтадан кептіргішке салуды 

ұсынамыз.

!

 Киімдерді тым кептіріп жібермеңіз.

Барлық талшықтарда біраз табиғи ылғалдылық болады, 

ол заттарды жұмсақ әрі көлемді ұстайды.

Төмендегі кестеде сағаттармен берілген ШАМАЛЫ 

кептіру уақыттары келтірілген: Дисплейде көрсетілетін 

минуттер де минуттермен тек нұсқау ретінде берілген.

Уақыттар Шкафқа қойылатындай құрғақ автоматты 

бағдарламалары үшін берілген.

Қолайлы уақыт параметрін таңдауға көмектесу үшін 

уақыты белгіленген кептіру параметрлері де көрсетілген.

Салмақтар құрғақ киімдер үшін берілген. 

Мақта


Жоғары қызу

1 кг


2 кг

3 кг


4 кг

5 кг


6 кг

7 кг


7,5 кг

8 кг


Автоматты 

минуттар


30-40

40-55


55-70

70-80


80-90

95-120


120-140 130-160

140-170


Уақыты белгіленген 30 не 60 60 не 90

60 не 90


90 не 

120


90 не 120

120 не 


160

120 не 


160

160


160 не 180

Кір жуғыш машинадағы 800-1000 айн/мин жылдамдығында кептіру уақыттары

Синтетика

Жоғары қызу

1 кг

2 кг


3 кг

Автоматты 

минуттар

30-40


40-50

50-70


Уақыты белгіленген 

кептіру параметрі

30 не 60

30 не 60


60 не 90

Кір жуғыш машинадағы төмен сығу жылдамдығында кептіру уақыттары

Нәзік заттар 

(акрилат)

Төмен қызу

1 кг


2 кг

Уақыты белгіленген кептіру 

параметрі

30

60



Кір жуғыш машинадағы төмен сығу жылдамдығында кептіру уақыттары

Кептіру уақыттары

33

KZ

Ескертулер  

мен ұсыныстар

! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына 

сай өңделіп шығарылған. Бұл ескертулер қауіпсіздік 

үшін берілген, сондықтан оларды мұқият орындау қажет.



Жалпы қауіпсіздік

•  Бұл кептіргіш қауіпсіздіктеріне жауапты адам 

құрылғыны қолдану бойынша кеңес не нұсқау бермеген 

жағдайда, дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен 

немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдармен 

(оның ішінде балалармен) қолданылуға арналмаған. 

•  Бұл кептіргіш үйде пайдаланылуға арналған, кәсіби 

пайдалануға арналмаған.

•  Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-аяғыңыз ылғал 

болғанда ұстамаңыз.

•  Құрылғыны кабелінен емес, айырынан ұстап тарту 

арқылы розеткадан ағытыңыз.

•  Кептіргіш жұмыс істеп тұрғанда оған балалар 

жақындамауы тиіс. Кептіргішті пайдаланғаннан кейін 

оны өшіріп, розеткадан ағытыңыз. Балалар есікті 

ойыншық ретінде қолданбауы үшін оны жауып қойыңыз.

•  Балалар кептіргішпен ойнамауы үшін оларды бақылау керек.

•  Құрылғы дұрыс орнатылуы тиіс және оның тиісті 

вентиляциясы болуы керек. Кептіргіштің алдыңғы 

жағындағы ауаның кіріс саңылауларын ешқашан жауып 

қоюға болмайды («Орнату» тарауын қараңыз).

•  Кептіргішті кілемге қойып пайдаланушы болмаңыз, 

себебі кілем кептіргішке ауаның астыңғы жақтан кіруіне 

кедергі жасайды.

•  Кірлерді салмас бұрын кептіргіш бос екенін тексеріңіз.

• 

Кептіргіштің артқы жағы қатты қызып кетуі мүмкін.  



  Жұмыс істеп тұрғанда оған тиюші болмаңыз.

•  Сүзгі, су ыдысы және конденсатор орындарына 

мықтап қойылғанша кептіргішті пайдаланбаңыз 

(«Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

•  Кептіргішке тым көп кір салмаңыз (Ең көп жүктерді 

«Кірлер» тарауынан қараңыз).

•  Суы тамып тұрған заттарды кептіргішке салмаңыз.

•  Киім жапсырмаларындағы нұсқауларды мұқият 

тексеріңіз («Кірлер» тарауын қараңыз).

•  Үлкен, өте көлемді заттарды кептіргіште кептірмеңіз.

•  Акрилат талшықтарын жоғары температураларда 

кептірмеңіз.

•  Әрбір бағдарламаны өзінің салқын айналдыру кезеңімен 

аяқтаңыз.

•  Кептіргіш ішінде жылы заттар болғанда кептіргішті 

өшірмеңіз.

•  Әрбір қолданудан кейін сүзгіні тазалаңыз («Жөндеу» 

тарауын қараңыз).

•  Әрбір қолданудан кейін су ыдысын босатыңыз 

(«Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

•  Конденсатор бөлігін мерзімді түрде тазалап отырыңыз 

(«Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

•  Кептіргіш айналасында талшықтардың жиналуына жол бермеңіз.

•  Кептіргіштің үстіне шықпаңыз. Ол зақымдалуға әкелуі мүмкін.

•  Электр стандарттар мен талаптарды әрдайым 

орындаңыз («Орнату» тарауын қараңыз).

•  Әрдайым түпнұсқалы қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды 

сатып алыңыз («Қызмет көрсету» тарауын қараңыз).



Кептіргіште өрт шығу қаупін азайту үшін төмендегі 

шарттарды сақтау қажет:

•  Заттар жуғыш затпен және сумен жуылған, шайылған 

және сығу циклы арқылы өткізілген болса ғана 

заттарды кептіргіште кептіріңіз. Сумен ЖУЫЛМАҒАН 

заттарды кептіру өрт шығу қаупін төндіреді.

•  Химиялық өнімдермен өңделген киімдерді кептірмеңіз.

•  Май тамған немесе төгілген заттарды кептіргіште 

кептірмеңіз, себебі олар өрт шығу қаупін төндіреді. Май 

жұққан заттар, әсіресе кептіргіш сияқты қызу көздерінің 

әсерінен күтпеген кезде тұтануы мүмкін.  Заттар қызып, 

майдың тотығу реакциясына себеп болады, ал тотығу 

реакциясы қызу түзеді. Қызу ыдырап кетпесе, заттар 

тұтану температурасына дейін қызып кетуі мүмкін. Май 

жұққан заттарды қабаттастыру, үйіп қою немесе сақтау 

салдарынан қызу ыдырамай, өрт шығу қаупі төнеді. 

Май тамған маталарды немесе шаш күтіміне арналған 

өнімдер жұққан маталарды кептіргіште кептіру қажет 

болса, оларды алдымен қосымша жуғыш зат қосып 

жуу керек. Сөйтіп, өрт шығу қаупі азаяды, бірақ мүлдем 

жоғалмайды. Заттардың температурасын төмендету 

үшін салқын айналдыру кезеңін қолдануға болады. 

Ыстық күйде оларды кептіргіштен шығарып, үйіп не 

қабаттастырып қоюға болмайды.

•  Бензинмен, химиялық тазарту ерітінділерімен я басқа 

тұтанғыш не жарылғыш заттармен тазаланған, жуылған, 

олардың ішіне салынып қойған немесе олар тиген 

заттарды кептіргіште кептіруге болмайды. Тұрмыстық 

жағдайда қолданылатын өте тұтанғыш заттарға 

май, ацетон, ішуге жарамайтын спирт, керосин, дақ 

кетіргіштер, скипидар, балауыз және балауыз кетіргіштер 

кіреді. Бұлар жұққан заттарды кептіргішке салмас бұрын 

көбірек жуғыш зат салып, ыстық суда жуыңыз.

•  Поролон (латекс көбігінен жасалған материал деп те 

аталады) немесе оған ұқсас материалдардан жасалған 

заттарды кептіргіште кептірмеңіз. Пеноматериалдар 

қызған кезде өзінен өзі тұтануы мүмкін.

•  Статикалық зарядтарды кетіру үшін кептіргіште 

жұмсартқыш я оған ұқсас өнімдерді, өндірушісі 

мұндай мақсатта қолдануға болатынын анық 

көрсетпеген болса, қолданбаңыз.

•  Металл заттар салынған ішкі киімдерді, мысалы 

металл сымдары бар бюстгальтерлерді кептіргіште 

кептіруге болмайды. Кептіру кезінде металл бөліктер 

босап кетіп, кептіргішке зақым келуі мүмкін.

•  Душ қалпақтары немесе сәбилердің су өткізбейтін 

жабындары сияқты резеңке немесе пластмассалық 

заттарды, полиэтилен немесе қағазды кептіргіште 

кептіруге болмайды.

•  Резеңке төселген заттарды, көбік резеңке төсемдері 

бар киімдерді, жастықтарды, галоштарды және 

резеңкемен қапталған спорттық аяқ киімдерді 

кептірмеңіз.

•  Қалталардағы заттарды, әсіресе шақпақтарды алып 

тастаңыз.

! ЕСКЕРТУ: Барлық заттар жылдам алынып, қызу 

шашылып кететіндей таратылмаса, кептіру циклы 

аяқталмағанша кептіргішті тоқтатушы болмаңыз.

Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны құрметтеу

•  Кептіруден бұрын артық суды шығару үшін барлық 

заттарды жақсылап сығыңыз (кір жуғыш машинаны 

қолдансаңыз, жылдамдығы жоғары сығу циклын 

таңдаңыз). Мұның нәтижесінде, кептіру барысында 

уақыт пен қуат үнемделеді.

•  Әрдайым толық жүк салып кептіріңіз – бұл қуатты 

үнемдейді: бір зат немесе аз жүк кебу үшін ұзақ 

уақытты қажет етуі мүмкін.

•  Қуатты тұтыну шығындарын азайту үшін әрбір 

қолданудан кейін сүзгіні тазалаңыз («Жөндеу» 

тарауын қараңыз).



34

KZ

Жөндеу және күтім

Токты өшіру

!

 Кептіргішті пайдаланбаған кезде, оны тазалаған 



кезде және жөндеу жұмыстарын атқарған кезде 

розеткадан ағытып қойыңыз.

Әрбір циклдан кейін сүзгіні тазалау

Сүзгі кептіргіштің маңызды бөлігі: ол кептіру кезінде 

түзілетін талшықтар мен түйіршіктерді жинайды.

Кептіріп болғаннан кейін су ағыны астында шаю арқылы немесе 

шаңсорғышпен тазалаңыз. Сүзгі бітеліп қалса, кептіргіш ішіндегі 

ауа ағыны өте нашарлайды: кептіру уақыттары ұзарып, көбірек 

қуат тұтынылады. Сондай-ақ, ол кептіргішті зақымдауы мүмкін.

Сүзгі кептіргіштің алдыңғы бөлігінде орналасқан (сызбаны 

қараңыз).

Сүзгіні алып тастау:

1. Сүзгінің пластикалық 

қысқышын жоғары қарай 

тартыңыз (сызбаны қараңыз).

2. Қысқышты босату 

арқылы сүзгіні ашыңыз.

3. Сүзгінің ішіндегі 

талшықтарды тазалап, оны 

орнына дұрыстап қойыңыз. 

Сүзгі кептіргіш корпусына 

толығымен отырғызылғанына 

көз жеткізіңіз. 

!

 Сүзгіні орнына қоймай, кептіргішті пайдаланушы 



болмаңыз. 

Әрбір циклдан кейін барабанды тексеру

Қалып қою мүмкін кіші заттарды (кіші орамалдар) алу 

үшін барабанды қолмен айналдырыңыз.

Барабанды тазалау

!

 Барабанды тазалау үшін абразивті заттарды, болат 



жүнін немесе тот баспайтын болатты тазартқыш 

заттарды қолданбаңыз.

Тот баспайтын болат барабанда түрлі-түсті үлдір пайда 

болуы мүмкін, ол су мен кондиционер сияқты жуудан 

қалған тазартқыш заттардың қосылуынан түзіледі. Бұл 

түрлі-түсті үлдір кептіру тиімділігіне әсер етпейді. 

Әрбір циклдан су ыдысын босату

Ыдысты кептіргіштен шығарып алып, оны шұңғылшаға 

немесе басқа канализацияға ағызу жеріне босатыңыз. 

Ыдысты орнына мықтап отыртыңыз.

Жаңа кептіру бағдарламасын бастамас бұрын, әрдайым 

ыдысты тексеріп, босатып отырыңыз.



Конденсор бөлігін тазалау

•   Мерзімді түрде (ай сайын) конденсор бөлігін шығарып, 

тілімшелері арасында жиналып қалған түйіршіктерді суық 

сумен шүмек астында шаю арқылы тазалап отырыңыз. 

Мұны суық сумен, конденсордың артынан жасау керек.

Конденсорды шығарып алу үшін:

1. Кептіргішті розеткадан ағытып, есікті ашыңыз.

2.  Конденсор қақпағын тартып ашыңыз (сызбаны қараңыз), 

сағат тіліне қарама-қарсы бағытта 90°-қа бұру арқылы 

үш ілмекті босатыңыз, одан кейін қысқыштан тартып, 

кептіргіштен шығарып алыңыз.

3.  Бекіткіш төсемдердің бетін тазалап, ілмектері мықтап 

жабылғанына көз жеткізіп, көрсеткілерді жоғары 

қаратып орнына салыңыз.



Кептіргішті тазалау

•   Метал мен пластиктен жасалған сыртқы жақтарын 

және резеңке бөлшектерін дымқыл шүберекпен 

тазалауға болады.

•   Жиналып қалған кез келген түйіршіктерді, талшықтарды 

немесе шаңды тазалап алу үшін мерзімді түрде (6 ай 

сайын) алдыңғы ауа кіргізу торын және кептіргіштің 

артқы жағындағы саңылауларды шаңсорғышпен 

тазалаңыз. Сондай-ақ, конденсордың алдыңғы жағында 

және сүзгі аумақтарында жиналған түйіршіктерді алу 

үшін кейде шаңсорғышпен тазалап отырыңыз.

!

 Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.

!

 Кептіргіште майлауды қажет етпейтін арнайы 

мойынтірек құрамдас бөліктері қолданылады.

!

 Электр және механикалық қауіпсіздікті қамтамасыз 



ету үшін кептіргішті мерзімді түрде өкілетті мамандарға 

тексертіңіз («Қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

Су ыдысы


Конденсор бөлігі

Конденсор қақпағы

Ілмектер

Сүзгі


Тұтқа

Ауа кіргізу

Шүмек

Артқы жағы



Алдыңғы 

жағы


Конденсор бөлігі

35

KZ

Ақаулықтарды жою 

Бір күні кептіргіш дұрыс жұмыс істемейтіндей болады. Қызмет көрсету орталығына хабарласпас («Қызмет көрсету» 

тарауын қараңыз) бұрын төмендегі ақаулықтарды жою ұсыныстарын қарап шығыңыз.

Ықтимал себептері / шешімдері:

• Айыр розеткаға қосылмаған немесе тимей тұр.

• Ток өшкен.

• Сақтандырғыш жанып кеткен. Розеткаға басқа құрылғыны қосып көріңіз.

•  Ұзартқыш сымды пайдаланып отырсыз. Кептіргіштің ток сымын розеткаға 

тікелей қосып көріңіз.

• Есік мықтап жабылмаған.

•  Бағдарлама дұрыс орнатылмаған («Бастау және бағдарламалар» тарауын қараңыз).

•  БАСТАУ түймесі басылмаған («Бастау және бағдарламалар» тарауын қараңыз).

•  Кешіктіру уақытын орнатқансыз («Бастау және бағдарламалар» тарауын қараңыз).

•  Бастау түймесін бастыңыз; кептіргіш басталғанша қысқа кешігу орын алады. 

Кептірудің басталуын күтіңіз, бастау түймесін қайтадан баспаңыз, әйтпесе 

кептіргіш тоқтап қалып, кептіруді бастамайды.

• Сүзгі тазаланбаған («Жөндеу» тарауын қараңыз).

•  Су ыдысын босату керек пе? Суды төгу 

шамы жыпылықтап, «



h2o» хабары 

көрсетіледі ме?

 («Жөндеу» тарауын қараңыз).

• Конденсорды тазалау керек («Жөндеу» тарауын қараңыз).

•  Кептіріп жатқан мата түрі үшін температура параметрі қолайлы емес («Бастау 

және бағдарламалар» және «Кірлер» тарауларын қараңыз).

• Осы жүк үшін дұрыс кептіру уақыты таңдалмаған («Кірлер» тарауын қараңыз).

•  Ауа кіргізу торы немесе артқы жақтағы саңылаулар жабылған («Орнату» және 

«Жөндеу» тарауларын қараңыз).

• Заттар тым дымқыл («Кірлер» тарауын қараңыз).

• Кептіргішке тым көп зат салынған («Кірлер» тарауын қараңыз).

•  Су ыдысы бағдарламаның басында босатылмаған болуы мүмкін. Суды төгу 

сигналы берілгенін күтпеңіз, әрқашан жаңа кептіру бағдарламасын бастаған 

кезде ыдысты тексеріп, босатыңыз («Жөндеу» тарауын қараңыз). 

•  Бұл қалыпты жағдай, ыдыс толы болғанда Суды төгу шамы жыпылықтайды. Егер 

шам жанып тұрса, бірақ жыпылықтамаса, ол тек ыдысты босату керек екенін еске 

салады («Бастау және бағдарламалар» тарауын қараңыз).

!

 Қауіпсіздік мақсатында, кептіргіште ең көп бағдарлама уақыты – 5 сағат. Егер 



автоматты бағдарлама қажетті соңғы дымқылдықты сезбесе, бұл уақытта 

кептіргіш бағдарламаны аяқтап, тоқтайды. Жоғарыдағы жағдайларды тексеріп, 

бағдарламаны қайтадан іске қосыңыз, егер кірлер әлі де тым дымқыл болса, 

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз («Қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

•  Дисплейде ақаулық көрсетілсе, құрылғыны өшіріп, айырды ағытыңыз; сүзгі 

мен конденсорды тазалаңыз («Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз). 

Одан кейін айырды қайта қосып, құрылғыны қосыңыз да, басқа бағдарламаны 

бастаңыз. Одан кейін де ақаулық көрсетілсе, қызмет көрсету орталығына 

хабарласыңыз («Қызмет көрсету» тарауын қараңыз). Кез келген басқа сан 

көрсетілсе; санды жазып алып, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз 

(«Қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

•  Аяқталуға дейінгі уақыт кептіру циклы барысында үнемі бақыланады және 

уақыт ең дәл уақытты беру үшін реттеліп отырылады. Цикл барысында 

көрсетілген уақыт артуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай.

•  Бұл қалыпты жағдай, әсіресе кептіргіш ұзақ уақыт қолданылмаған болса. 

Бүкіл кептіру циклы бойынша шуыл естіліп тұрса, қызмет көрсету орталығына 

хабарласыңыз.

•  Қуатты үнемдеу үшін кептіргіш күту режиміне өткен. Кептіргішті қосып кеткен 

болсаңыз немесе ток өшкен болса, бұл орын алады. Ол 30 минуттан кейін 

орын алады: 

  - бағдарламаны бастамай, кептіргішті қалдырып кетсеңіз; 

  - кептіру бағдарламасы аяқталғаннан кейін.

  Қосу/Өшіру түймесін басыңыз, сонда шамдар қайтадан жанады.

Ақаулық:

Кептіргіш қосылмайды.

Кептіру циклы басталмайды.

Кептіру үшін ұзақ уақыт керек.

Суды төгу шамы жыпылықтайды, 

бірақ кептіргіш біраз ғана жұмыс 

істеді. 

Суды төгу шамы жанып тұр, бірақ 

су ыдысы толы емес.

Бағдарлама аяқталады, бірақ 

киімдер күтілгендей құрғақ емес.

Дисплейде бір немесе екі санмен 

аяқталатын F қате коды көрсетіледі, 

опция шамдары мен тоқтата тұру 

шамы жыпылықтайды.

Аяқталуға дейінгі уақыт дисплейі 

кептіру барысында өзгереді.

Алғашқы бірнеше минут жұмыс 

істеген кезде кептіргіштен 

тарсылдаған дыбыс естіледі.

Кептіргіштің басқару тақтасындағы 

шамдар өшіп тұр, бірақ кептіргіш 

қосулы.


36

KZ

Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласпас 

бұрын:

• Ақаулықтарды өзіңіз шеше алатыныңызды не шеше 

алмайтыныңызды тексеру үшін ақаулықтарды жою 

нұсқаулығын қараңыз («Ақаулықтарды жою» тарауын 

қараңыз).

• Олай болмаса, кептіргішті өшіріп, сізге ең жақын 

Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласыңыз. 

Техникалық көмек көрсету орталығына 

хабарласқан кезде мына деректерді беріңіз:

• атыңыз, мекенжайыңыз және пошталық индекс

• телефон нөмірі

• ақаулық түрі

• сатып алу күні

• құрылғының моделі (Мод.)

• кептіргіштің сериялық нөмірі (С/н).

Бұл ақпаратты есіктің артында орналасқан техникалық 

деректер тақтасынан табуға болады.

Қосалқы бөлшектер

Бұл кептіргіш күрделі құрылғы болып табылады. Өзіңіз 

немесе өкілетті емес адамның көмегімен жөндетуге 

тырыссаңыз, ол қауіпсіздікке немесе адамдарға қауіп 

төндіруі, құрылғының зақымдуы немесе қосалқы 

бөлшектер кепілдігінің күшін жоюына әкелуі мүмкін.

Құрылғыға қатысты ақаулықтарға тап болсаңыз, 

білікті техникалық маманға хабарласыңыз. Қосалқы 

бөлшектер осы құрылғыға арнайы жасалған, олар 

басқа мақсатта қолданылуға арналмаған. 



Көмек

Қайта өңдеу және қоқысқа тастау жөнінде ақпарат 

  

Қоршаған ортаны қорғау ынтамыздың бір бөлігі ретінде, тұтынушы шығындарын төмендету және материалдардың ысырап болуын 



барынша азайту үшін қайта өңделген сапалы құрамдас бөліктерді пайдалану құқығын қалдырамыз.

•  Орама материалдарын қоқысқа тастау: орама материалдарын қайта өңдеуге мүмкіндік беру үшін жергілікті заңдарды 

орындаңыз.

•  Балалардың жарақаттану қаупін барынша азайту үшін есік пен айырды алып тастаңыз, ток сымын қиып алып, құрылғымен 

бірге тастаңыз. Құрылғыны қайтадан розеткаға қосу мүмкін болмауын қамтамасыз ету үшін бұл бөлшектерді бөлек 

тастаңыз.



Ескі үй құрылғыларын қоқысқа тастау

Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2012/19/EC Еуропа заңнамасына сәйкес 

үй құрылғылары қалыпты толық қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен халық 

денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, құрылғылардың ішіндегі материалдарды қайта пайдалану және қайта 

өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында қолданылған құрылғылар бөлек жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған шеңбер 

ішіндегі қоқыс жәшігінің таңбасы өнім иесінің бөлек қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады.

Үй құрылғыларын дұрыс қоқысқа тастау жөнінде ақпарат алу үшін иелер жергілікті басқару мекемелеріне немесе 

сатушыларына хабарласулуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет