Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата31.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#10658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
ҚР «Білім туралы» заңы. Электронды ресурс//online.zakon.kz/Document 
2
 
Әбілдина  С.Қ.  Қазақстанда  оқушыларға  этномәдени  білім  берудің  қалыптасуы  мен 
дамуы.,  Педагогика  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған диссертацияның авторефераты. - Қарағанды, 2010. 
3
 
Ruanni  Tupas  (2015)  Inequalities  of  multilingualism:  challenges  to  mother  tongue-based 
multilingual 
education, 
Language 
and 
Education, 
29:2, 
112-124, 
DOI:10.1080/09500782.2014.977295 
4
 
Oriol  Guasch  (2007)  La  educación  multilingüe:  un  reto  para  el  profesorado,  Cultura  y 
Educación, 19:2, 135-147, DOI: 10.1174/113564007780961615 
5
 
Anthony  J.  Liddicoat  &  Kerry  Taylor-Leech  (2015)  Multilingual  education:  the  role  of 
language  ideologies  and  attitudes,  Current  Issues  in  Language  Planning,  16:1-2,  1-7,  DOI: 
10.1080/14664208.2015.995753 
6
 
Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қазақстан 
халқына  жолдауы,  Астана  қ.,  2007  жылғы  28  ақпан.  Электронды  ресурс  //http:// 
adilet.zan.kz /kaz/docs/K070002007 

 
73 
7
 
Жалпы  орта  білім  беру  жүйесіндегі  көптілді  білім  беруді  дамытудың  әдіснамалық 
қамтамасыздығы.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық 
білім академиясы. 2015. – 68-76 б. 
8
 
Жетписбаева Б.А. Полиязычное образование: теория и методология. – Алматы: Білім, 
2008. – 343 с.  
9
 
Положение об организации полиязычного образования в Казахском агротехническом 
университете им. С.Сейфуллина. ПОПО СМК 11010.42 – 2015. – Астана, 2015. – 29 с. 
10
 
Сарбасова  Қ.А.  Қазіргі  педагогика  ғылымының  қайнар  көздері.  Монография.  - 
Алматы: Білім, 2008. - 243 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  раскрывается  значение  основных  понятий  профессионального  образования  на 
основе  этнокультурных  ценностей,  в  качестве  источника  формирования  этнокультурного 
образования  анализируется  содержание  историко-воспитательного  опыта  казахского  народа.  На 
основе  анализа  современного  преподавания  языка  выявлены  социально-педагогические  и 
теоретические  предпосылки  полиязычного  образования.  Определены  особенности  полиязычного 
образования  будущих  педагогов  профессионального  обучения  и  обоснованы  возможности  его 
реализации на основе этнокультурных ценностей. 
 
RESUME 
 
The  article  reveals  definition  of  the  basic  concepts  of  vocational education on the  basis  of  ethnic 
and cultural values, as a source of forming ethnic-cultural education the content of the Kazakh people's 
historical  and  educational  experience  is  analyzed.  Modern  language  teaching  on  the  basis  of  the 
multilingual education analysis is based on theoretical and socio-educational assumptions. The features of 
multilingual  education  of  future  teachers  of  vocational  training  have  been  developed  and  provided  the 
possibility of its implementation on the basis of ethnocultural values. 

 
74 
ӘОЖ 37.371 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.А. Карманова  
Е.А. Бөкетов атындағы 
Қарағанды мемлекеттік 
университеті,  
пед. ғыл. д-ры, профессор 
 
Г.Б. Бейсенбекова 
Е.А. Бөкетов атындағы 
Қарағанды мемлекеттік 
университеті,  
пед. ғыл. канд., доцент 
 
Р.С. Рабаданова  
К.Г. Разумовский атындағы 
Мәскеу мемлекеттік технология 
және басқару университеті,  
пед. ғыл. канд., доцент 
 
Г.С. Оразалина  
Е.А. Бөкетов атындағы  
Қарағанды мемлекеттік 
университеті, магистрант 
Толеранттылық 
мәселесінің ғылыми 
аспектілері 
Аннотация 
Мақалада 
толеранттылық 
мәселесі 
қарастырылған.  Оның  ғылыми  аспектілеріне 
талдаулар  жасалған.  Толеранттылық  ұғымының 
мәні,  құрамы  айқындалған.  Толеранттылыққа 
тәрбиелеудің қажеттілігі өзектендірілген. 
Түйін 
сөздер: 
толеранттылық, 
табиғи 
толеранттылық, 
моральдық 
толеранттылық, 
адамгершілік толеранттылығы, интолеранттылық. 
 
 
Индивид  пен  қоғам  мәдениетінің  даму 
деңгейінің  сипаттамасы  ретінде  адамның  өзімен 
және өзгелерімен үйлесімді қатынаста өмір сүруін 
сипаттайтын  мәселе  –  толеранттылық.  Қоғамның 
еркін  дамуы  мен  жалпы  өмір  сүруіне  деген 
күреске  қажетті  құндылықтарды  алға  қою  осы 
кездегі  толеранттылыққа  тәрбиелеу  мәселелері-
мен  тікелей  байланысты  болмақ.  Дегенмен  де, 
саяси  мәдениеті  жаңа  қалыптасып  келе  жатқан 
біздің  мемлекетімізде  саяси  толеранттылық 
орнығып  болды  деу  қиын.  «Бізде  демократиялық 
мәдениеттің  терең  дәстүрлерінің  жоқтығы, 
еркіндікті  ойыңа  келгенді  істеуге  болады  деп 
түйсіну  елді  тұрақсыздыққа  ұрындыруы,  біздің 
болашаққа  арналған  барлық  жоспарларымызды 
белінен  басып,  өзімізді  алысқа  кері  серпіп 
тастауы  әбден  мүмкін  екенін  мойындауымыз 
керек»,  –  деді  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  [1].  Әр  істе  табысқа  кенелу 
төзімділік  пен  баяндылыққа  тиісті,  яғни  төзім 
болмаса,  табыс  пен  жеңіске  қол  жеткізу  оңай 
болмайды.  Ғылым  мен  білім  жолында  және 
табиғаттың құпияларын ашу үшін қажырлы еңбек 
етіп,  қиындықтарға  төзген  данышпандар  аз  емес. 
Олар  сол  еңбегінің  арқасында  жоғары  ғылыми 
дәрежелерге  қол  жеткізіп,  өзінің  ұстамдылығы 
мен  еңбек  етуінің  арқасында  жағымсыз  әдеттер 
мен 
сипаттар 
орнын 
игі 
сипаттарымен 
ауыстырған адамдар да кездеседі. Мұндай кісілер 
нәпсі құмарлар мен азғындыққа бастайтын әулеті 
алдында  төзімді  болып,  мықты  және  құнды 
адамдарға айналған.  
Қоғамдағы  жағдайды  жақсартуға  талпыну 
да  төзімділікті  қажет  етеді.  Қоғамды  түзетуде  оң 
қадамдар  жасап,  оны  бақытқа  жетелейтін  кісілер 
қарсыластардың  бөгет  жасаулары,  мазасын  алуы 
және    былапыт   сөздеріне   қарап   тұрып,   түрлі 
 

 
75 
қиындықтарға төзіп, түпкі жеңіске дейін қайсар болуды керек етеді. 
Осы  мәселені  тарата  айту  үшін  «толеранттылық»  ұғымының  бастауларын 
қарастырсақ,  онда  «толеранттылық»  (лат.  «tolerantia»  —  шыдам,  төзім)  терминіне  шет 
тілдері  сөздігінде  «бір  нәрсеге,  біреуге  төзімділік,  төзу,  шыдау»  деген  түсініктемелік 
мағынада берілгенін байқаймыз. 
«Толеранттылық» ұғымы тұңғыш рет 1953 жылы медицина саласында пайда болған. 
ХХ ғ. 80-ші жылдардың аяғында саяси термин ретінде рәсімделді. 
Толеранттылық рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің ұстанымдарыма жат 
болса  да,  қабылдаймын  дегенді  білдіреді.  XVIII  ғ.  француз  жазушысы,  философ 
Вольтердің  айтуынша,  «сіздің  пікіріңіз  маған  жат,  бірақ  сізге  оны  жақтау  үшін  мен 
өмірімді құрбан етуге дайынмын» деген екен. Ол толеранттылықтың басты қағидасы. Бұл 
адамдар  арасында  өзара  сыйластықты,  мейірбандылықты  білдіреді.  Сондықтан 
толеранттылық  екі  жақты  сана:  мемлекеттер,  діндер,  этностар,  жеке  адамдардың  бір  – 
біріне шапағат жасай білуі [2]. 
Қарастырылып  отырған  ұғымды  талдау  барысында  біз  оның  әлемдегі 
мәдениеттердің  әр  алуандылығын  қабылдау  мен  түсіну  мағынасындағы  «құрметтеу» 
ұғымымен,  адам  даралығын  білдіру  әдістері  мен  өз  өзін  білдіру  нысандары  «төзімділік» 
ұғымының басты мағынасымен пара-пар екеніне көз жеткіземіз. 
«Толеранттылық»  ұғымының  мәні  қазақ  тілінде  өте  терең,  ол  шыдамдылық, 
байсалдылық,  кісілік,  ізгілік,  келісімді  табу  деген  мағыналарды  білдіреді. 
Толеранттылыққа қарсы «интолеранттылық» деген ұғым бар - ол адам, әлеуметтік топтар, 
мемлекеттерге  байланысты  ымырасыздық,  шыдамсыздық,  тағатсызық,  кейістілік, 
менмендік, парықсыздық деген мағыналарда пайдаланылады. 
Толеранттылыққа  тәрбиелеу  әрбір  отбасында  өз  бастауын  алуы  осы  күнгі  басты 
мәселеге  айналуы  тиіс.  Толеранттылыққа  тәрбиелеу  ең  бірінші  отбасынан  басталады. 
Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін 
отбасы бір жағынан, тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан, тәрбиелік ортасы.  
Отбасында толеранттылыққа тәрбиелеу жолдарына келетін болсақ, М.И.Рожков пен 
М.А.Ковальчук  толеранттылыққа  тәрбиелеуде  балалармен  ата-аналардың  өзара  қарым-
қатынасының  сәтті  шешу  үшін  педагог-психологке  субъектілік,  тепе-теңдік,  жекелеу, 
рефлексивтік көзқарас, толерантты орта жасау қағидаларын ұсынды. 
Толеранттылықтың негізгі ережелері мен қағидалары БҰҰ мен Біріккен Ұлттардың 
білім,  ғылым  мен  мәдениет  мәселелері  жөніндегі  ұйымының,  ЮНЕСКО-ның 
құжаттарында  әзірленген,  ал  оны  одан  әрі  талдау  ғылыми  және  танымалды  ақпарат 
көздерінде жүзеге асырылды, оны үш топқа бөліп көрсетуге болады. 
Біріншіден,  толеранттылықтың  негіздері  түсіндірілетін  жарияланымдар  (саяси 
мәдениет,  адамның  құқықтары  мен  бостандықтары,  өзара  түсінушілік,  тілектестік  және 
т.б.),  оның  дүниетанымды  негіздері  мен  саяси  басымдылықтарын  анықтау,  нормативтік-
құқықтық базаны дамыту, мәдени – білім беру бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру, 
ағартушылық  және  насихаттаушылық  акцияларды  жүргізу  жөніндегі  іс-әрекеттер  орын 
алады. 
Екіншіден,  толеранттылық  мәселесінің  түрлі  аспектілері  бар:  діни,  тарихи, 
философиялық,  мәдениеттанушылық,  педагогикалық,  психологиялық,  саясаттанушылық, 
құқықтық, әлеуметтанушылық және т.б., олардың әзірлеушілік деңгейлері де әртүрлі.  
Үшіншіден,  толеранттылық  ұғымын  саралау  барысында  ғалымдар  арасында  елеулі 
қайшылықтар  туындайды.  Кейбір  жағдайда  оны  тікелей  «төзімділік»  сөзімен 
байланыстырады. Қазақ тілінде  «төзім» сөзі  «шыдам»,  «сабыр»,  «тағат» мағынасында да 
қолданылады.  Яғни,  «төзімді  болу»  —  басқаға,  оның  ісіне,  құбылыстарға  шексіз  төзу, 
шыдау ұғымын білдіреді. 
Толеранттылық  ұғымына  соңғы  он  жылдықта  педагогика  тұрғысынан  түсініктеме 
беруге  тырысқан  ғалымдар  Г.Д.  Дмитриев,  А.В.  Логинов,  А.С.  Меньшиков,  В.В.  Самсо-

 
76 
нов,  М.Б.  Хомяков,  Дж.  Грей,  Б.  Берри,  М.  Мараверс,  М.  Уолцер,  т.б.  тарапынан  үлкен 
қадамдар жасалды. 
Нақтырақ  келегенде,  ХХғ.  90  жылдары  кеңестік  педагог  және  психологтердің 
еңбектерінде  толераттылықты  қалыптастыру,  негізінен,  интернационалдық  тәрбие 
тұрғысынан  мінез-құлық  мәдениетін  қалыптастыру  мәнмәтінінде  қарастырылды. 
Педагогика  және  психология  ынтымақтастығында  (Ю.К.  Бабанский,  О.С.  Богданова,             
З.Н.  Варбанец,  И.П.  Волков,  Р.Т.  Гарданов,  Э.Г.  Гарунов,  О.И.  Шевченко).  Бұл 
зерттеушілер  басқадай  адамдардың  дара  өзгешіліктеріндегі  төзімділікті  зерттеген 
болатын.  Сонымен  қатар  А.Г.  Асмолов,  С.К.  Бондырева,  М.А.  Джерилиевской,                      
Е.Ю.  Клепцова,  А.М.  Кондаков,  В.Г.  Маралов,  В.Ф.  Петренко,  В.А.  Ситаров,                           
Г.У.  Солдатова,  В.В.  Шалин  және  тағы  басқалардың  жұмыстарында  осы  мәселе 
төңірегінде арнайы өңдеулер жүргізілді [3].  
Дегенмен  де,  философиялық,  психологиялық  жағынан  бұл  құбылысты  зерттеудің 
ертеректе басталғанын атап өтпей болмайды. Оның үстіне бұл ұғым қазіргі мағынасында 
батыста ертерек қолданыла бастады, оның себебін демократиялық үрдістердің онда бұрын 
жүргенінен көруге болады. Мәселен, толеранттылықтың шығу тегі  жөнінде қалыптасқан 
дәстүрлі  теория  оның  алғаш  пайдаланылуы  Дж.  Локктың  «Діни  төзімділік  туралы 
жолдау»,  Дж.  Ст.  Миллдің  «Бостандық  туралы»  трактаттары  арқылы  Дж.  Ролстың 
«Әділдік теориясы», «Саяси либерализм» еңбектерінде жарық көрген [4]. 
Толеранттылық  түсінігінің  бостандық,  сәйкестік,  теңдік  феномендерімен  тығыз 
байланысы  өткен  ғасырдың  70-жылдарының  өзінде-ақ  осы  салада  зерттеу  жүргізген 
шетелдік  ғалымдардың  еңбектерінде  оны  үнемі  назарда  ұстауға  мәжбүрледі.  Дегенмен, 
алғашқы  кезде  оның  діни  аспектісіне  ғана  көңіл  бөлінді.  Тек  кейінгі  уақытта  ғана  оның 
саяси, гендерлік, жастық, этникалық аспектілері жан-жақты қарастырыла бастады.  
Толеранттылық  ұғымының  құрамына:  табиғи  толеранттылық,  моральдық 
толеранттылық және адамгершілік толеранттылығын жатқызуға болады. 
Табиғи толеранттылық – ашықтық, білуге құмарлық, сенімділік  – кішкентай балаға 
тән қасиеттер қатары және өз «Менінің» толық қалыптаспағаның көрсетеді;  
Моральдық толеранттылық – шыдамдылық, төзімділік, тұлғаның «сыртқы Менінің» 
сипаттамасы; 
Адамгершілік толеранттылығы – қабылдау, сену, адамның «ішкі Менінің» көрінісі.  
Ал,  М.Уолцер  «О  терпимости»  деген  еңбегінде  толеранттылықтың  бес  құрамдас 
мағынасын көрсетеді: 
Біріншісі  –  «бейбітшілікті  сақтау  үшін  айырмашылықтарға  шеттетілген-мойынсұну 
қатынас»; 
Екіншісі – «айырмашылықтарға бейжай қарау, пассивтілік позиция»; 
Үшіншісі  –  «өзіндік  моральдық  стоицизм,  «басқалардың»  да  құқықтары  бар 
екендігін принципті түрде мойындау»; 
Төртіншісі  –  «басқаларға  ашық  көңіл,  қызығушылық,  тіпті  құрметтеу,  басқаны 
тыңдау және одан үйрену»; 
Бесіншісі  –  «айырмашылықтарды  барынша  құптау».  Философиялық  тұрғыда 
Уолцердің  көзқарасын  қабылдауға  болатын  болса,  ол  педагогикалық  құбылыс  ретінде 
толеранттылықтың мәні үшін тым ауқымды, кең болуы мүмкін. Негізінен алғанда бұл бес 
анықтаманы толеранттылықтың даму деңгейлеріне сәйкестендірген жөн [5]. 
Қоғамдағы  толеранттықтың  рөлі  мен  мәні  оның  мазмұнына  тәуелді  болады. 
Толеранттық  адамзаттық  қоғамның  рухани  адамгершілік  қағидасын  ұстанады.  Жеке 
тұлғаның  толеранттық  деңгейі  оның  жеке  сапаларын  сипаттайды,  басқа  адамдармен 
қатынасының  шарты  болады.  Көптеген  әлеуметтік  –  саяси  теорияларды  социумның 
толеранттық  деңгейі  қоғам  дамуының  басты  рухани  –  адамгершілікті,  әлеуметтік,  саяси 
өлшемінің қызметін атқарады. Сондықтан нақты саяси әрекет тәжірибесінде мемлекеттік 
басқаруда оның белгілі бір функцияларды атқаруына ерекше көңіл бөлінеді. 

 
77 
Имандылықтан  туатын  құндылықтарды  әділеттілік,  турашылдық,  ар-ұят,  намыс, 
сабыр,  төзімділік,  жомарттық,  шыншылдық,  мейірімділік,  ата-анаға  құрмет, 
отансүйгіштік,  қанағатшылдық,  тазалық,  махаббат,  адамды  сүю,  жүректілік  деп  тізіп, 
жалпы  парасат  құндылықтарына,  ал  имансыздықтан  туындаған  зұлымдық,  жалғандық, 
екіжүзділік,  опасыздық,  менмендік,  қорқақтық  сияқты  жаман  қылықтарды  масқаралық 
сипатына жатқызып, бұлардан аулақ болуды ескертеді.  
Толеранттылық  адамның  бағынышты  болуы  қиын  әлем  екендігін,  оны  тек  табиғи 
жолмен,  ерікті  сұхбат  арқылы  тәрбиелеуді,  оны  дінге  шақыруда  да  ешқандай  зорлық 
немесе қысым жасауға болмайтындығын ескертеді.  
Қорытындылай  келсек,  толеранттылық  өзгелердің  дүниетанымы  мен  өмір  сүру 
салттарына,  тәртіпке  төзімділікпен  қарау.  Әлеуметтік  толеранттылық  өзгелердің 
көзқарасына түсінушілікпен қарап, олардың мәдениетін сыйлауды білдіреді. Толеранттық 
қатынас  адамның  құқықтарын,  еркіндікті  және  қауіпсіздікті  қамсыздандыратын 
әлеуметтік  құндылық  болып  табылады.  Педагогика  ғылымында  бұл  ұғымды  соңғы 
жылдары  ендіре  бастады.  Өйткені  осы  таңда  отбасы  аралық,  ұлтаралық,  халықаралық 
келісім  осы  ұғымға  тікелей  қатысты  болып  отыр.  Соған  орай,  толеранттылықты  ұрпақ 
бойына  сіңіру  тәрбиенің  еншісінде  десек,  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  институттарының 
назарынан бұл мәселе тысқары қалмауы тиіс. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1
 
Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  –  2030.  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына  жолдауы, 
1997. 
2
 
Шаяхметова 
М.Н. 
Болашақ 
педагогтардың 
этникалық 
толеранттылығын 
қалыптастыру  [Текст]:  автореферат  –  Қарағанды:  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 
мемлекеттік университеті, 2009. 
3
 
Муртазина  Э.И.  Модель  развития  толерантности  студентов  технического  вуза 
средствами  иностранного  языка.  //  Современные  проблемы  науки  и  образования.  – 
2015. – № 6. 
4
 
Гершунский  Б.С.  Толерантность  в  системе  ценнотно-целевых  приоритетов 
образования. // Педагогика. – 2002. – №7. – С.3-10. 
5
 
Медведев  Н.П.  Толерантность  и  образование:  грани  соприкосновения  //  Качество 
образования  как  социальная  проблема:  Материалы  научной  конференции.  – 
Ставрополь, 2002. – С.307. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматриваются проблемы толерантности, проанализированы ее научные аспекты, 
выявлены  сущность,  состав  понятия  толерантности.  Актуализирована  потребность  в  воспитании 
толерантности. 
 
RESUME 
 
The  authors  of  the  article discuss  the  problems  of  tolerance.  They  analyzed  its  scientific  aspects. 
The  nature,  composition  and  the  notion  of  tolerance  are  revealed.  The  authors  actualized  the  need  for 
tolerance education. 
 

 
78 
ӘОЖ 37.018 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.З. Торыбаева 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы 
Халықаралық қазақ-түрік 
университеті,  
пед. ғыл. д-ры, профессор  
 
Л.М. Атаханова 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы 
Халықаралық қазақ-түрік 
университеті, магистрант  
 
Болашақ 
педагогтерді 
девиантты мінез-
құлықты 
балалармен жұмыс 
істеуге даярлау 
мәселелері 
 
Аннотация 
Мақалада  болашақ  педагогтерді  девиантты 
мінез-құлықты  балалармен  жұмысқа  даярлау 
мәселелері  қарастырылады.  Болашақ  педагогтің 
девиантты  мінез-құлықты  балалармен  жұмысы-
ның мәні  мен ерекшеліктері, педагогтің іс-әрекет 
түрлерінің  рөлі  анықталады.  Сонымен  бірге 
даярлық, 
педагогтің 
іс-әрекетке 
даярлық 
ұғымдарының  мәні  мен  мазмұны  қарастырылған. 
Осының  негізінде  болашақ  педагог-психолог-
терді  даярлау  жолдары  көрсетілген.  Педагог 
тұлғасының  девиантты  мінез-құлықты  балалар-
мен 
ұтымды 
жұмыс 
істеуге 
даярлығын 
қалыптастыру,  яғни  оның  тек  кәсіби  сапасына 
ғана  емес,  тұлғалық  сипатына,  адамгершілік 
қасиетіне,  оның  моральдық  бет-бейнесіне,  ден 
қоюды  ерекше  көңіл  аударалық  мәселе  деп 
саналады. 
Түйін сөздер: педагог, девиантты оқушылар, 
мінез-құлық, даярлық, жұмыс, мәселелер. 
 
 
Қазіргі  қоғамда  болып  жатқан  түрлі 
әлеуметтік  өзгерістер,  экономика,  білім  берудегі 
дағдарыстар  бала  мінез-құлқына  кері  әсер  етуде. 
Соның  салдарынан  балалар  мен  жасөспірімдер 
арасында  қылмыс  саны  артып,  жасөспірімдік 
алкоголизм, бұзақылық, зорлық-зомбылық, наша-
қорлық  әлеуметтік  проблема  болып,  психикалық 
дамуында ауытқуы бар балалар саны көбейіп келе 
жатыр.  Балалардың  девиантты  мінез-құлқының 
қалыптасуында  нақты  іс-әрекетті  ұйымдасты-
рушы  педагогтер  болғандықтан,  олардың  кәсіби 
даярлығына,  ғылыми  психологиялық-педагогика-
лық  негіздерін қарастыру  қажеттілігі  туындайды. 
Әсіресе,  девиантты  балаларға  қолдау  көрсететін 
арнайы  мамандандырылған  педагог-психолог-
терді дайындауды тиімді жүзеге асыру қажеттілігі 
туып отыр.  
Бұл  кәсіптің  ерекшелігі  -  үнемі  балалармен 
қарым-қатынаста болу. Педагог-психолог қызметі 
адамзат  баласымен  жұмыс  істеуді  талап  етеді, 
сондықтан  төзімділік  таныту,  физикалық  және 
психологиялық  артық  жүктемелерге  шыдам-
дылық көрсету қабілетінің болуы, еңбекқорлығы, 
жауапкершілігінің болуы, адамдарды тыңдау мен 
естуді,  адамдардың  қайғысын  бөлісуді,  оларға 
өмірдегі  қиын  жағдайлардың  шешімін  табуға 
көмектесе білуді талап ететін игі мамандық [1].  
 

 
79 
Сонымен  бірге,  мектеп  педагог-психологі  жеке  проблемалар  бойынша  кеңес  беріп, 
жеке  және  қоғамдық  мәселелерді  шешуге  көмектесе  отырып,  әртүрлі  жастағы 
оқушылармен де, оқытушылармен де жұмыс істейді. 
Яғни,  педагог-психологтің  кәсіби  міндетінің  аясы  кең.  Себебі,  ол  ең  алдымен, 
оқушыларға  жайлы  жағдай  туғыза  отырып,  олардың  психикалық  денсаулығының  қамын 
ойлайды  [2].  Сонымен  қатар  психологиялық  көмекті  қажет  ететін  адамдарды  анықтау 
үшін  жаппай  тексеріп,  педгогикалық-психологиялық  зерттеу  жүргізеді,  оларды  есепке 
алып, бақылауда ұстайды. Қажетті жағдайда психологиялық көмек көрсетеді, оның ішінде 
отбасында микроклимат орнатуға көмектеседі.  
Ол  мектептегі  оқушылар,  ата-аналар  және  мұғалімдер  құрамы  арасында 
ағартушылық  жұмыс  жүргізеді.  Мектеп  бітіруші  түлектер  педагог-психологтен  кәсіби 
бағдар  бойынша  нақты  нұсқама  алады.  Оқушылардың  жас  және  жыныстық  жеке 
ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметін дамыту және түзету бағдарламаларын 
жасауға  қатысады  [3].  Шығармашылық  жағынан  дарынды  балаларды  іздеу  және 
психологиялық  қолдау,  олардың  өсуіне  ықпал  жасау,  жеке  психологиялық  мәдениетін 
қалыптастыру, барлық ықтимал дауларды шешу – осы саладағы маманның кәсіби міндеті. 
Осыған  байланысты,  бұл  маманның  кәсіби  іс-әрекетінің  мазмұны  педагогикалық 
процесті педагогикалық-психологиялық ғылым мен тәжирібесі  талаптарының денгейінде 
ұйымдастыруды, оқушылардың ата- аналарымен жұмыстарды, мектептен тыс тәрбие беру 
мекемелерімен  байланыстарды,  әріптестермен  ғылыми  және  әдістемелік  қарым-
қатынастарды жүзеге асыруды қарастырады. 
Дегенмен,  бүгінгі  таңда  педагогикалық  өзекті  және  күрделі  мәселелердің  бірі  – 
«девиантты оқушылар» мәселесі [4]. Осыған байланысты қоғамдық өмірдің төрінен орын 
алып,  өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақтың  арасында  жаппай  өріс  алған  осындай  әлеуметтік 
дерттің,  келеңсіз  жайттардың  астары  мен  мәнін,  жас  ұрпақтың  тәртіпсізденуінің  себебі 
мен салдарларын бағымдап оның алдын алудың, жас ұрпаққа тәлім–тәрбие беріп, оларды 
қоғамдық өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла-амалдарын іздестіру 
педагог-психологтің басты міндеттерінің бірі болып табылуы тиіс.  
Мектептегі педагог-психологтің негізгі нысаны девиантты баланың дамуына жағдай 
жасау,  отбасымен  мектептің  арасындағы  байланыс  пен  әріптестік  қатынастың  жүргізіп 
отыру.  Сондықтан,  ол  мектеп  әкімшілігімен,  мұғаліммен,  әлеуметтік  педагогпен, 
медбикемен,  тәрбиешілермен,  девиантты  оқушылармен,  олардың  ата-аналарымен  өзара 
байланысқа түседі. 
Оның негізгі жұмыс бағыттарына келесі бағыттар жатады:  
1. Психологиялық диагностика - оқушының, ата – ананың тұлға аралық жетілуіндегі 
ерекшеліктерді  нормадан  ауытқуды  ғылыми  негіз  деп  беретін  сала.  Психологиялық 
диагностиканың  басты  міндеті  –  ата-аналарға  мұғалімдерге  оқушылардың  жеке 
психологиялық ерекшеліктері жайлы қажетті мәлімет беру.  
2. Психологиялық ағарту – мұғалім, ата-аналар, девиантты оқушыны психологиялық 
білімдермен қамтамасыз етіп, жаңалықтарды жеткізу. Яғни психологиялық ағарту жүргізу 
арқылы  ауытқыған  мінез-құлықтың  алдын  алу  шаралары.  Психологиялық  алдын  алудың 
мақсаты:  барлық  жас  кезеңдерінде  оқушылардың  психологиялық  жан  саулығын  дамыту 
және  сақтау,  нығайту.  Әрбір  жас  кезеңін  ескере  отырып,  балаларға  арналған  дамыту 
бағдарламаларын  жасау  және  оны  іске  асыра  отырып,  алдын  алу  шараларын  қолдану, 
мектептегі  тәрбие  мен  оқу  үдерісі  арқылы  баланың  толыққанды  дамуына  жадай  жасау 
педагог-психологтің ең жауапты жұмыс бағыты деп есептейміз.  
3.  Психотүзету  және  дамыту  -  түзету,  өңдеу  мақсатында  нормадағы  оқушыларды 
қарастырады, мінезінде ауытқуы бар балаларды түзету іс-шараларды қарастырады. Яғни, 
балаларды  жеке  тұлғалық  дамуындағы  психологиялық  ауытқуларынан  арылту,  түрлі 
жағымды  іскерлік  пен  дағдыларды  қалыптастыру  жалпы  оқу  дағдысымен  біліктілікті 
дамыту. Педагог-психолог жұмысындағы түзету және дамыту бағыты, қызметтің ең қиын 

 
80 
тұсы  болып  келеді.  Сондықтан  да  бұл  бағытты  жүзеге  асыру  болашақ  маманнан  кәсіби 
шеберлікті талап етеді.  
4.  Психологиялық  кеңес  жүргізу,  кәсіби  кеңес  жүргізу  –  диагностикалық  негізде 
туындайды.  Психологиялық  кеңес  берудің  мақсаты:  педагогикалық  процестегі  пайда 
болған ауытқыған мәселелерді, оқу-тәрбие процесінде жолыққан проблемаларды шешуге 
көмек көрсету.  
5.  Әлеуметтік-педагогикалық  қызмет:  кең  көлемде  жүргізілетін  мамандардың 
кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын мәселелерді шешу 
бойынша  (логопедтерге,  тифлопедагогтерге,  дефектологтерге  т.б.)  секілді  мамандармен 
жұмыс жүргізу.  
Бұл  міндеттердің  ойдағыдай  жүзеге  асырылуы  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындарының  жаңа  тұрпаттағы  педагог-психологті,  яғни  шығармашылық  ойлауға 
қабілетті,  кәсіби-педагогикалық  біліктілік  деңгейі  жоғары,  рухани  дамыған  маманды 
даярлау мәселесіне тікелей байланысты.  
Педагог-психологтің  кәсіби  іс-әрекетке  даярлық  ұғымының  мазмұнына  тоқталмас 
бұрын, «даярлық» сөзінің мағынасына тоқталып өтейік.  
Ғылыми  әдебиеттерде  «даярлық»  мәселесі  кәсіби  дайындықтың  маңызды  факторы 
ретінде  көптеген  жылдар  бойы  зерттелініп  келе  жатыр.  Психологиялық  әдебиеттерде 
«даярлық»  ұғымына  әртүрлі  анықтамалар  берілген.  Соған  байланысты  даярлықтың 
нақтылы  бір  түрлеріне:  педагогикалық  іс-әрекетке,  кәсіби  іс-әрекетке,  тәрбие  жұмысына 
даярлық ұғымдары талданады. 
Ал Н.Д. Левитов [5] пен Н.В. Мясищев [6] даярлық  «белгілі  бір жұмысқа адамның 
жарамдығы  немесе  жарамсыздығы,  жұмысқа  қабілеттілігі  мен  қабілетсіздігі...»  ретінде 
қарастырады.  Жалпы  және  ұзақ  мерзімдік  даярлықтан  басқа  уақытша  даярлық  болады. 
Оны  «дайындық  алды»  кезең  деп  те  атайды.  М.И.  Дьяченко,  Л.А.  Кандыбович  [7] 
даярлықтың  маңызды  көрсеткішін  тұлғаның мотивациялық  аймағымен  байланыстырады. 
Ғалымдар даярлықтың құрылымына төмендегілерді жатқызады: 
- қандай да бір іс-әрекетке, мамандыққа оң көзқарас; 
-  іс-әрекет,  кәсіп  талаптарына  мінез-құлық,  темперамент,  мотивацияның  сәйкес 
келуі. 
- қажетті білім, білік, дағдылар; 
- тұрақты кәсіби-маңызды ерекшеліктер: қабылдау, зейін, ойлау, эмоционалды және 
еріктік процестер. 
С.Л.  Рубинштейн  даярлыққа  «кәсіби  іс-әрекетке  даярлық  мазмұны  мұғалімнің  іс-
әрекетке  қажетті  адамгершілік-психологиялық  қасиеттерін,  ақыл-ой  және  теориялық 
қабілеттер,  қоғамдық-саяси  және  психологиялық-педагогикалық  білімдер  кешені, 
сонымен қатар бағдарламалық әдістемелік білімдер мен дағдылар жатады» деп анықтама 
береді [9]. 
Педагогикалық  әрекетке  даярлық  аспектісін  Н.В.  Кузьмина  зерттеді  [8]  Автор 
мұғалім тек педагогикалық қабілетке ие ғана болып қоймай, балалар психологиясын біліп, 
оларға  және  педагогикалық  ұжымға  жауапкершілік,  жағымды  қатынас  танытып, 
педагогикалық  техника  мен  технологияны,  педагогикалық  қарым-қатынас  өнерін, 
оқушылар мен әріптестерімен өзара қарым-қатынас орната алу қабілетін игеру керек деп 
есептейді.  
Осылайша,  жоғарыда  келтірілген  зерттеулерді  талдай  келе,  адамның  белгілі  бір  іс-
әрекетке  даярлығы  теориялық  тұжырымдамалар  ерекшеліктері  мәселесі  функционалдық 
немесе  тұлғалық  деңгейде  қарастырылуына  байланысты  негізделеді.  Даярлықтың 
мазмұны  мен  құрылымына  байланысты,  кәсіби  даярлық  көптеген  сыртқы  және  ішкі 
факторлардан тәуелді динамикалық күрделі құбылыс болып табылатыны белгілі.  
В.А. Сластенин [10] өзінің еңбектерінде даярлық деп мұғалім меңгеруге тиіс жалпы 
педагогикалық  біліктер  жүйесі  деп  және  оны  өзара  байланысқан  құрылымдық 

 
81 
компоненттердің:  мотивациялық-құндылықтық  (тұлғалық)  және  орындаушылық  (іс-
әрекеттік) байланысты «ерекше психологиялық күйі» ретінде қарастырады.  
Н.Д.  Хмель  өз  зерттеуінде  белгілі  бір  кәсіпке  ие  адам  кәсіби  іс-әрекетке  даярлық 
негізін  мотивациялық-құндылықтық,  мазмұндық  және  іс-әрекеттік  компоненттердің 
тұрақты бірлігі ретінде анықтады
 
[11].  
Л.В.  Никитенкова  болашақ  мұғалімдердің  педагогикалық  құбылыстарды  түсінуге 
даярлығын  зерттей  келе,  бұл  даярлыққа  мұғалімнің  ақыл-ой  даярлығының  әртүрлі 
аспектілерін  сипаттайтын  тұлға  қасиеттерін,  кәсіби-тұлғалық  сапалар  ретінде  анықтама 
береді [12]. 
Н.Н.  Неустороева  [13]  болашақ  мұғалімдердің  педагогикалық  үдеріске 
қатысушыларды  іскерлік  қарым-қатынасқа  ұйымдастыруға  даярлауды  зерттей  келе,  оны 
болашақ  мұғалімдердің  жоғары  оқу  орнында  оқыту  мен  тәрбиелеудің  нәтижесі  ретінде 
қарастырады.  Зерттеуші  Н.Д.Хмельдің  кәсіби  білім  беру  теориясына  сүйене  отырып, 
даярлықтың  мотивациялық,  мазмұндық  және  операциялық  компоненттерін  бөліп 
көрсетеді. 
К.А. Жукенова [14] болашақ мұғалімдерді қиын балалармен жұмысқа даярлығын оқу 
және  оқудан  тыс  әрекеттер  барысында  тұлға  аралық  қарым-қатынасты  реттеуге  қажетті 
білім,  білік,  дағды  жүйесін  сипаттайтын  кәсіби  іс-әрекеттің  аспектілерін  жүзеге  асыруға 
даярлық нәтижесі ретінде түсіндіреді. 
Ал,  Т.Қ.  Болеев  оқушыларда  аутоагрессиялық  мінез-құлықты  алдын-алуға 
педагогтың  даярлығында  мотивациялық  (іс-әрекетті  орындауда  жауапкершілік); 
операциялық  (қажетті  білім,  білік,  дағдыларды  және  іс-әрекет  әдіс-тәсілдерін  меңгеру); 
еріктік  (өзін-өзі  бақылау,  басқару);  бағалаушылық  (кәсіби  міндеттерді  шешуге  сәйкес  өз 
даярлығын бағалау) құрылымдарын қарастырады [15].  
Жоғарыда  аталған  зерттеулерді  талдай  келе  педагог-психологтің  девиантты 
балалармен  жұмысқа  даярлығы  –  кәсіби  іс-әрекетке  бағдарланған  педагог-психологтің 
кәсіби  тұлғалық  сапалары,  теориялық,  тәжірибелік,  әдіснамалық  білім,  білік,  дағды 
жиынтығы деп анықтама береміз. 
Болашақ  педагог-психологтердің  девиантты  мінез-құлықты  оқушылармен  жұмысқа 
даярлығы төмендегі құрылымдармен ерекшеленеді: 
- мотивациялық – кәсіби мәні бар қажеттілік, пегогикалық-психологиялық қызметке 
деген қызығушылығы; 
- мазмұндық-бағыттылық-мамандық мазмұны мен кәсіби талаптар туралы білімі мен 
тұжырымы,  кәсіби-педагогикалық  мәселелерді,  соның  ішінде  девиантты  балалармен 
жұмысты ұйымдастыру мен мәселелерді шешу тәсілдері; 
-  операциялық-іс-әрекеттік-кәсіби  білім,  іскерлік  және  дағдылардың  бар  болуы, 
девиантты  мінез-құлықты  оқушылармен  жұмыстарды  жүзеге  асыру  мен  басқару 
қабілеттілігі; 
-  бағалаушылық-рефлексиялық-өзбетінше  кәсіби  дайындығы  мен  іс-әрекетін 
бағалау. 
Біздің  зерттеуіміз,  ғылыми  педагогикалық  әдебиеттерді,  жоғары  оқу  орны  мен 
мектептердегі  тәжірибе  жұмыстарын  талдауымыз  негізінде  мектептің  оқу-тәрбие 
процесінде  девиантты  мінез-құлықты  оқушылармен  жұмысқа  даярлықты  жетілдіру  үшін 
төмендегі ұсыныстарда беруге мүмкіндік туғызды: 
-  болашақ  маманның  келбетін  қалыптастыратын  және  оның  іс-әрекетін  дамытатын 
оқытудың инновациялық формаларын қолдану; 
-  болашақ  маманның  келбетін  қалыптастыруды  көздейтін  арнайы  мақсатты 
бағытталған жұмыстар жүргізу; 
-  мамандықтың  оқу  жоспарындағы  таңдау  компонентіне  болашақ  маманның 
девиантты  оқушылармен  жұмыс  істеуге  даярлығын  қалыптастыруға  септігін  тигізетін 
пәндерді енгізу; 

 
82 
-  болашақ  мамандардың  өз  бетінше  ізденушілігін  ұйымдастыру  бағытында 
жұмыстарға көңіл бөлу.  
Қорыта  айтқанда,  педагог-психологтің  девиантты  мінез  -  құлықты  балалармен 
жұмысқа  даярлық  түсінігі  педагогикалық  қызметіндегі  маманның  девиантты 
оқушылармен  жұмыстарын  жоспарлай  және  қолдана  білуімен  ұштасады.  Жоғары  оқу 
орындарында  студенттердің  кәсіби  даярлығын  жетілдіру  олардың  бойындағы  мұғалім 
тұлғасын қалыптастырудың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Болашақ маманның 
кәсіби  даярлығын  жетілдіруде  тиісті  денгейге  жауап  беретін  талаптар  айқындалып  қана 
қоймай, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдары іздестірілуі тиіс.  
Сондай-ақ  девиантты  мінез-құлықты  оқушылармен  жұмыс  істеуге  болашақ 
маманның кәсіби бағыттылығын тиімді  қалыптасуын моделдеу және технологияландыру 
арқылы  жүзеге  асырудың  тиімді  жолдары  анықталуы  тиіс.  Аталған  міндеттерді  жүзеге 
асыру  мектептегі  девиантты  мінез-құлықты  оқушылармен  жұмыс  істеуге  тиімді  әсерін 
тигізуі,  оқитын  жастар  арасында  қоғамға  сай  емес  ауытқулардың  әр  түрлерін  азайтуды, 
алдын алу мүмкіндігін, сонымен қарастырылған мәселені шешуге ықпалын тигізеді.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет