5 I тарау ішкі саяси дамудың Өзекті мəселелері



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата31.03.2017
өлшемі479,82 Kb.
#10673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Əдебиеттер:

1.  ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея-

сының жыл сайынғы 17-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі. 

//www.akorda.kz

2.  Венада Қазақстанның Ұйымға 2010 жылғы төрағалыққа əзірлігі 

барысын таныстыруға арналған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 

арнайы сессиясы өтті. //www.minplan.kz

3.  Қазақстан ұлтаралық қатынастарды нығайту саласында ЕҚЫҰ-ға 

көп нəрсені ұсына алады. //www.kt.kz

4. О председательстве Қазахстана в ОБСЕ: мнение немецкого 

эксперта. //www. dw-world.de

Ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің қазақстандық тəжірибесі: 

ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-

ренцияның материалдары (Алматы қ, 25 ақпан 2009 ж.). – Алматы: 

ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009. 


30

31

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау І 

Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ 

САЛАСЫНДАҒЫ ТƏЖІРИБЕСІ

Нұрлан Сейдін

Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ мен 2011 

жылы ИКҰ-на төрағалық етуге сайлануы республиканың 

көпұлтты қоғамда толеранттылық орта қалыптастыруы мен 

Қазақстанның өркениет жəне мəдениет аралық жаһандық 

диалогтағы беделінің өсуін білдірумен қатар, ЕҚЫҰ мүшелеріне 

өзінің ұлтаралық татулық пен дінаралақ келісімнің қазақстандық 

үлгісін ұсынуға мүмкіндік береді.

Қазақстан ЕҚЫҰ мен ИКҰ-на төрағалық етуі барысында бұл 

беделді ұйымдардың күн тəртібіне мəдениет пен дінаралық диа-

лог ұйымдастыру, төзімділікті шыңдау мен ұйымның мүше-мем-

лекеттері арасында кемсітудің барлық түрлеріне қарсы күресті 

күшейту мəселелерін қоюды мақсат етіп отыр.

Қазіргі кездегі қоғамда саяси, əлеуметтік, мəдени жəне діни 

қарсылықтарды тудыратын «өркениет қақтығысының» орын 

алатыны туралы пікір кең таралған. Батыс мемлекеттерінің 

бірінде негізі қаланған бұл ілім бойынша жер шарындағы 

халықтардың өркениеті: батыстық, славяндық, конфуцийлік, 

исламдық, жапондық жəне тағы да басқа бірнеше топқа бөлінген. 

Аталынған ілім негіздеріне сүйенсек XXI ғасырда христиан 

əлемі мен ислам мемлекеттері арасында үлкен қақтығыс орын 

алуы керек болған. Өйткені, əлемдегі ең ірі екі діннің əр түрлі 

құндылықтарды уағыздап, өз тыңдаушыларына түрлі бағыттарды 

ұсынуы бұрылыссыз қақтығысқа алып келеді-мыс. Осы арқылы 

исламофобия күшейтіліп, қасиетті Құран мəтіні бұрмаланып, 

ислам мен мұсылмандарға қысымдар жасалынған болатын. 

Ал бұған қарсы кейбір мұсылман елдерінде радикалды ислам 

топтарының пайда болуы да заңды құбылыс.

Бірақ, «өркениеттер қақтығысы» теориясының қателігінің 

бірі ретінде ислам мен экстремизм, ланкестік ұғымдарының 

тамырлас деген пікірдің жаңсақтығын алуға болады. Өйткені, 

қазіргі таңдағы кейбір қақтығыстарға көз салар болсақ, олар бір 

мемлекеттің азаматтары немесе бір дінді уағыздаушы адамдар 

екендігін көреміз.

Бұл теорияның тағы бір қателігі ретінде қазіргі таңдағы 

көпұлтты жəне түрлі дінді уағыздаушы Қазақстан қоғамын алуға 

болады. Өйткені, көптеген саясаткерлер КСРО ыдырағаннан 

соңғы кезеңде Қазақстанның ұлттық құрамын саралай келе, бұл 

аймақтағы ұлтаралық жəне дінаралық қақтығыстардың орын 

алатын аймағы ретінде болжамдар жасаған болатын.

Қазіргі таңдағы тəуелсіз Қазақстанның жүріп өткен 

18 жылдық жолы оны қоныстанған ұлттардың энтикалық, мəдени 

жəне дінаралық өзара əрекеттестігінің айрықша жағдайын та-

нытады. Бұл жол этностың тұрмысты, дəстүрі, тілі, діни сенімі, 

менталитеті, ортақ шаруашылығы секілді адам өмірінің барлық 

салаларын қамтиды. Қазақстандық менталитет оқшаулану мен 

ұлтшылдықтың шектен тыс түрлерін қолдамайды. Əр түрлі 

этностардың арасындағы ұзақ мерзімді мəдени байланыс мем-

лекет тұрғындарына тəн ортақ мəдени бағыт-бағдарлардың 

қалыптасып, ұлтаралық татулық пен төзімділік ортасының 

орнығуына себеп болған. 

Сондықтан да, дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін 

қарастыру барысында қазақ халқының тарихи-мəдени ерек-

шеліктерін назарға алу қажет. Жалпы тарихқа жүгінер болсақ, 

қазақ халқы ерте заманнан-ақ көп дінділікті негізге алған. Тіпті 

Қазақстан территориясына ислам дінінің таралуынан соңғы 

кездерде де ол дала халықтарының өз сенімі – тəңірге табыну-

мен қатар, өз жағдайларына бейімдеп алған несториан, буддизм 

жəне манихей діндерімен қатар жасасып, дамыған болатын. 

Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Қазақстан əр түрлі дінді 

уағыздаушы халықтар арасындағы өзара мəдени баю үдерісінің 

ықпалында болды. 

Ал қазақ халқының басқа ұлт өкілдеріне қатысты шы-

дамдылығы мен рақымдылығы оның өз тарихындағы ауыр 

кезеңдердің болуымен түсіндіруге болады. Қазіргі Қазақстанның 

құрамының көпұлтты болуы бұл тарихи эволюциялық үдеріс 

емес, өйткені бұл аймақтағы этностардың көбісі зорлықпен алып 

келініп қоныстандырылған болатын. Мысалы, сарапшылардың 

мəліметінше XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың орта 

шеніне дейін Қазақстан жеріне 5 миллион 600 мыңнан астам 

адам қоныстандырылған. Осыншама басқа ұлт өкілдерінің 

қоныстандырылғанына қарамастан, осы кезеңге дейін ел 



32

33

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау І 

Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері 

аумағында бірде-бір ірі көлемдегі ұлтаралық немесе дінаралық 

қақтығыс орын алмаған. Осылайша Қазақстан əлемге түрлі ұлт 

жəне дін өкілдерінің бейбіт өмір сүру мүмкіндігін танытып 

отыр.

Бұл жерде ұлтаралық өзара əрекеттестік, қоғамдық тұрақтылық, 



адам құқықтары мен бостандығы, этностар мен дін өкілдерінің 

қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңның жоғарылығы мен 

құқықтық реттелінуі экстремизм мен басқа да төзбеушілік 

пиғылдардың алдын алатын мемлекеттік саясат принциптерін 

назарға алу қажет.

Қазіргі таңдағы Қазақстан өзін зайырлы мемлекет деп 

жариялаған жəне ресми идеология дінге қатысты бейтараптық 

негізде, яғни дінді жақтаушы немесе дінге қарсы əрекетімен 

танылмаған. Бұл жағынан алғанда Қазақстанның авторитарлы, 

тоталитарлы жəне теократиялық билікті мемлекеттерден көп 

айырмашылығы бар. Ол дінге қатысты саясатын өзіндік ерек-

шелікпен қалыптастырғандықтан өзінің азаматтарының ұлттық 

жəне діни ерекшелігіне қатыссыз олардың барлығына сый-

құрмет көрсетіп келеді. Өзінің территориялық орналасуының 

геосаяси жағдайы, яғни ислам, православие мен конфуцийлік 

өркениеттермен тығыз байланыста болуы Республиканың Еуро-

азия құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудағы 

орнын айқындайды.

Тəуелсіздіктің 18 жылы ішінде Қазақстанның конфессия 

аралық жəне діни білім саласында айтарлықтай өзгерістер 

орын алды. Мысалы, 1989 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 

30 конфессияға қарайтын 700 астам əр түрлі діни бірлестіктер 

болса, бұл көрсеткіш 2009 жылдың қаңтарында 46 конфессияға 

қарайтын 4000 астам діни бірлестікке жеткен (оның ішінде 

2337 исламдық: сунниттік – 1756, шииттік – 3, суфийлік – 2, Ах-

мадий жамағатының (қауымы) – 4, Орыс Православие шіркеуінің 

– 281, 90 астам рим-католиктік шіркеуінің, 1189 протестанттық 

бірле стіктің: евангелия христиан-баптистерінің – 291, 

лютерандық – 28, Иегова куəгелерінің – 104 жəне басқаларының 

бірлестіктері бар). Ал кейбір тəуелсіз сарапшылар бұл тізімге 

кірмеген бірлестіктердің бар екендінгін алға тартып, жал-

пы Қазақстан жеріндегі бірлестіктердің саны қазіргі таңда 

6000 асқандығын айтады. Əрине, бар-жоғы 18 млн тұрғын 

халқы бар Қазақстан үшін бұл өте көп. Республикадағы діни 

толқынның бұндай ауқымға көтерілуін көлемді қаржы қорына 

ие болып отырған шетелдік миссионерлердің қызметі мен 

«жергілікті» дəстүрлі діни ұйымдар жұмысының əлсіздігінен 

деп қарау керек. 

Жалпы Қазақстан поликонфессионалды мемлекеттер қатарына 

жатады. Республика аумағында ислам, христиан, буддизм, иуда-

изм жəне басқа да дəстүрлі емес діни ағымдар таралған. Бірақ, 

діни ағымдардың көптігіне қарамастан тұрғын халықтың 70% 

ислам, ал 28% православие дінін ұстанушылар. Яғни, қалған 

діни ағымдардың үлесі бар-жоғы 2% ғана құрайды. Сондықтан 

да, ел аумағындағы дінаралық келісімнің тұрақтылығы негізінен 

ислам дінін ұстанатын халықтың 70 пайызына қатысты болып 

отыр. Өйткені, бұл 70 пайыздың, яғни республика халқының 

10 млн астам адамы 26 ұлт өкілдері болып табылады. Демек, 

дінаралық келісімнің негізгі факторы ретінде осы ұлт өкілдерінің 

ұстанатын бағыттарына қарамастан жалпы ислам дінінің ішінде 

бірлікті сақтауын алуға болады.

Сондықтан да, қазіргі таңда бейбітшілік пен дінаралық диалог 

жəне келісім бағытында біршама жетістіктерге қол жеткізілгеніне 

қарамастан, шешімін ертеңгі күнге қалдыруға болмайтын бірне-

ше мəселелер бар. Діни төзбеушілік, экстремизм мен ланкестік 

əлі де болса əлемдік қауіпсіздікті сақтауға өзінің залалын тигізіп 

отыр. Аталынған қауіптерді XXI ғасырдың өзекті мəселелеріне 

жатқыза отырып, оларды шешудің бір жолы ретінде дінаралық 

келісім мен диалогты жетілдіру қажеттілігін көрсетуге бола-

ды. Өйткені, дінаралық келісім мен диалогтың болмауы халық 

арасында өмір деңгейінің төмендеуі, халықтың мəңгүрттенуі, 

ожданның төмендеуіне байланысты қылмыстың көбеюі мен 

қарулы экстремизм мен ланкестікке алып келетіндігін көріп 

отырмыз.


Қазақстанда діни бірлестіктердің қызметінің нормативті-

құқықтық базасы біршама негізделгенімен, оны жеке алып 

қарар болсақ діннің мəртебесі, оның қоғам өміріндегі орны, 

яғни діннің адам өмірінің саяси-əлеуметтік жəне мəдени 

салаларындағы əрекет ету шекарасы мен статусы нақтыланбаған. 

Бұл мəселелердің барлығының шешімі еліміздегі діни жəне 

конфессияаралық қатынастарды реттеуге негізделген жаңа Заң 


34

35

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау І 

Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері 

жобасына тіреліп отыр. Тағы бір айта кететін жайт, ол жаңа Заң 

жобамыздың басқа мемлекеттермен салыстырғанда əр түрлі 

діни бірлестіктерге қатысты өте жұмсақтық танытуында болып 

отыр.

Соған қатысты Қазақстандағы діни жағдай дамудың жаңа 



үрдісін көрсетуде. Бұл əсіресе, əр түрлі діни-нанымдық нор-

малар мен ұстанымдарға негізделген жаңа діни ілімдер мен 

табынушылықтарды уағыздайтын діни бірлестіктердің пайда 

болуына алып келді. Қазақстан үшін бұл саладағы мəселелерді 

шешуде батысеуропа мемлекеттерінің жаңа діни бірлестіктермен 

қарым-қатынасының үлгісі үлкен тəжірибе болады. Бұл мемле-

кеттерде жаңа діни бірлестіктермен қарым-қатанас маңызды екі 

принципке негізделген: біріншіден, кез-келген демократиялық 

мемлекет діни көзқарас еркіндігінің кепілі, ал екіншіден ол өз 

азаматтары мен қоғамын кез-келген діни ұйымның қолайсыз 

салдарларынан қорғауға дайын болуы керек. Бұл екі принцип 

мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасты, əсіресе жаңа 

діни бірлестіктермен байланысты реттеуде басты назарға алынуы 

қажет. Қазақстан жағдайында біздің құқық қорғаушылар мен əр 

түрлі халықаралық ұйымдар бірінші принциптің орындалуына 

баса назар аударғанымен де, екінші принципке көп көңіл бөле 

бермейді.

Əлемдік, дəстүрлі діндер жеке тұлғаның рұхани жəне мəдени 

тұрғыда дамуының негізгі факторларының бірі. Кез-келген діннің 

негізгі қажеттілігі – ол адам бойында адамгершілік қасиеттің 

болуы мен оның «өзіндік бейнесін» сақталуын қамтамасыз 

ету. Ал қазіргі кездегі қоғамның негізгі мақсаты гуманизм мен 

толеранттылық, дінаралық келісім мен татулық секілді жалпы 

адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына əсер еткен дəстүрлі 

діндердің қағидалары мен ұстанымдары негізінде əлемдік адам-

зат өркениетін сақтау болып табылады.

Дінаралық бейбітшілік пен келісімді, діни толеранттылықты 

нығайту мен ықпалдасу, рұхани жəне ождан қалыптастырушы 

ретіндегі діннің күшеюі үшін халықтың сауаттылығын көтеру 

қажет. Бұл мəселеде халықтың тек діни сауаты ғана емес, соны-

мен бірге оның саяси сауаты, белгілі-бір саяси мəдениеті мен 

саяси санасының дұрыс бағытта қалыптасуы да қарастырылады. 

Бұндай қажеттіліктің туындауын қазіргі таңдағы өркениеттің 

негізгі қауіпі – экстремизмнің діни жəне саяси сауатсыздықтың 

нəтижесі мен олардың өзара астасып кетуінің қорытындысы 

ретінде танылуынан көру қажет. Дін мен саясаттың өзара бітісіп 

кетуі қауіпті жағдай, өйткені діни жəне саяси қайраткерлер 

өздерінің мақсаттарына жетуде діни сезімдер мен қағидаларды 

қоғам өміріне пайдалануы мүмкін. Қазіргі таңда дін мен саясат 

арасындағы өзара тəуелділік пен өзара əрекеттестіктің нəтижелері 

айқын байқалып, көптеген мемлекеттердің басшылары өздерінің 

саяси кеудомсоқ мақсаттарына жету үшін қарапайым халықтың 

діни сезімін саяси құрал ретінде пайдалануда. Дінаралық бейбіт-

шілік пен келісім жəне діни толеранттылықты нығайту үдерісінде 

конфессионалдық сəйкестілік маңызды рөл атқарады. Осыған 

байланысты əлемдік, дəстүрлі діндер тарапынан конфессиалық 

өзін-өзі сəйкестендірудің эгоизм, изоляционизм, фанатизм секіл-

ді құбылыстарын жоюға қатысты шаралар жүргізілуі қажет. 

Жағымды конфессионалдық сəйкестілікті қалыптастыру арқылы 

өз дініне деген құрмет, дəстүрі мен тарихына деген мақтаныш 

оятса, екінші жағынан поликонфессионалдық қоғамға деген 

көзқарасын қалыптастырып, «өздік-бөтен» деген пиғылдан 

арылуға қол жеткізіледі.

Дінаралық келісім мен диалогтың қазіргі кездегі үлгісі 

интеграциялық принципке негізделуі қажет, өйткені əр түрлі 

діндер мен діни бірлестіктердің болуы біріншіден, өзіндік діни 

дəстүр мен ілімді құрметтеп дамуға мүмкіндік жасаса, екінші-

ден əр түрлі діндер арасындағы тең құқылық қатынастардың 

қалыптасуына алып келеді.

Дəстүрлі діндер өте күшті интеграциялық фактор болу үшін 

біз олардың арасындағы айырмашылықтарды іздеудің орнына, 

олардың өзара ұқсас принциптерін, құндылықтары мен бастау-

ларын тани білуіміз қажет. Міне, сонда ғана дінаралық келісім 

мен диалог қоғам өмірінді позитивті рөл атқарып, мемлекеттің 

ұлттық қауіпсіздік саясатының негізі болып, қазіргі заманғы 

жаһанданушы əлемнің тұрақтылығының кепілі ретінде таны-

лады.

Əрине, кез-келген дін аралық келісім үлгісін қарастыру ба-



рысында (оның ішіне қазақстандық үлгі де кіреді) əлемдік тарих 

сабағына, оның ішінде ислам мен христиан діндері секілді іргелі 

конфессиялардың өзара қатынасына тоқталып өткен жөн. Со-


36

37

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау І 

Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері 

нымен қатар, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, Ислам Конференциясы 

Ұйымы секілді жəне тағы да басқа өркениеттер диалогын дамыту, 

төзімділік пен кемсітпеушілікке жақыру жəне мүше-мемлекет-

тер мен жалпы азаматтық қоғамдарды діни сенім еркіндігіне 

шақыратын халықаралық ұйымдардың тəжірибесін пайдаланған 

абзал. Өйткені, қазақстандық үлгі болсын немесе басқасы болсын 

бұл діндердің адамзат өркениетіне қосқан үлесі мен жүріп өткен 

жолының мол тəжірибесінсіз қалыптасуы мүмкін емес еді.

Ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің қазақстандық тəжірибесі: 

ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-

ренцияның материалдары (Алматы қ, 25 ақпан 2009 ж.). – Алматы: 

ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009. 

МЕДИА КЕҢІСТІКТЕГІ ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНЕ 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ 

ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 

ТҰРҒЫСЫНАН КӨЗҚАРАС

Антон Морозов 

Ғылыми-техникалық төңкерістің кезекті жетістігі, телетараты-

лым мен интернеттің қарқынды дамуының нəтижесі – жаһандық 

ақпараттық қоғам өз кезегінде жаңа саяси технологиялардың 

дүниеге келуіне əсер етті. Қазіргі таңдағы саясаттың негізгі 

белгілерінің бірі – виртуальданушылық немесе нақты саяси 

тұлғалардың виртуалды (ойлап табылған) кеңістікке өтуі болып 

табылады. Бұл құбылыс бірнеше анықтамаға ие болды: жүйелік 

саясат, виртуалды саясат, медиакратия, нетократия. 

Көптеген зерттеушілер билік нақты саясатты вирту-

алды саясатпен алмастыра алады деп сенеді. Ақпараттық 

технологиялардың теоретигі, француз философы Ги Дибор өзінің 

«Спектакль қоғамы» атты кітабында көрініс пен қойылымды 

заманауи қоғам өміріндегі орталық құбылыс ретінде қарастыра 

отырып: «Бұрындары нақты өмірдегі бар заттар, енді репрезен-

тация жағдайына өтеді» – деп айтқан. [1]. Автордың ойынша, 

бұндай қоғамда адамдар өзіндік жəне қоғамдық қатынас, білім 

мен тəжірибе негізінде шындықты қабылдау мүмкіндігінен айы-

рылады. Оның орнына «теледидар суреттерінен» жасалынған 

шындық қалыптасады. Ги Дебор билік азаматтық қоғамның 

спектакль қоғамына өзгеруін мақсатты түрде жүзеге асырады, 

өйткені, бұндай жағдайда бұл қоғамға ықпал етіп, оны басқару 

жеңілдейді, адамдар басқаруға бейім жағдайға түсіп, өзіндік 

шешім қабылдау мүмкіндігінен айырылады, ал нəтижесінде 

«жалқыланған еңбек индустриясы одан да ары жалқыланған 

уақыт өткеру индустриясымен алмасады» [2]. 

Ги Дебордың жерлесі, философ Жан Бодрийяр маркстік 

қондырғы түсінігін дамыта келіп, философиялық сөздікке 

гиппершындық түсінігін енгізді. Гиппершындықтың бірліктері 

ретінде рəміздік алмасу принципі негізінде жұмыс істейтін 

қоғамдық пікір секілді заманауи феномендерді білдіретін симуля-

крлар немесе белгілер мен рəміздер танылады. Бодрийяр қазіргі 



38

39

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау І 

Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері 

дəуірді гиппершындық дəуірі деп атап, еңбектің өндірмейтіндігін, 

оның орнына əлеуметтендіретінін, биліктің өкілетті органдары 

ешкімнің өкілеттілігін танытпайтындығын, ал заттар мен идея-

лар автономды өмір сүріп, өзін-өзі тиімді елестететінін айтады. 

Нəтижесінде, XX ғасырдың соңында адамдар координаттардың 

нақты жүйесін жоғалтты, ал ол өз кезегінде қайырымдылық, 

зұлымдық, шындық пен жалғандықты анықтау мүмкіндігінен 

айырды.

«Netократия – жаңа билеуші элита жəне капитализмнен 



кейінгі өмір» атты кітаптың авторлары А. Бард и Я. Зодерквист 

осы пайымдауларды дамыта отырып, жаңа тап, яғни «неток-

раттар»

*

 қазірдің өзінде билікте отырпандығын жəне жақын 



уақыт аралығында жаһандық ақпараттық жүйеде тиімді байла-

нысты қамтамасыз ете алмай отырған дəстүрлі саяси элитаны 

толығымен ығыстыратынан көрсетеді. 

Осы үрдістерге бой алдырған киноиндустрия жүйе мен 

жаңа байланыс технологияларының мүмкіндігін «Матрица» 

филмінде жалпылама көрсетіп өткен. Біздің ойымызша, «Мат-

рицы» филмінің негізгі мағынасы – бұл, тек шамалы адамдар 

ғана жағдайды нақты түсінеді, ал қалғандарының санасы 

нақты шындықты бұрмалап көрсететін симулякрлар арқылы 

үланғандығында болып отыр. Яғни, «кім ақпатарқа ие болса, 

сол əлемдіи басқарады» – деген белгілі тезис қазіргі таңда нақты 

бейнеге ие болып келеді. 

Жағдайдың бұндай қалыпқа түсуі қоғам тарапынан 

(əсіресе, оның солшыл саяси құрамы өкілдері) қарсылыққа 

ұшырауы заңды құбылыс болуы мен қоғамның мемлекет пен 

корпорацияларға көлемі жағынан барабар өзіндік ақпараттық 

ресурсты қарсы қоюға шамасының жетпейтіндігі де белгілі. 

Бірақ, бұндай жағдаймен келісуге де болмайтын еді. Сондықтан 

да, оған сəйкес жауап қажет болды. Осындай жауап ретінде 

«тактикалық медиа» пайда болды. Тактикалық медиа – бұл 

күн тəртібіне əсер ете алатын сырттан таңылған, арзан жəне 

тиімді байланыс құралы болып табылады. Осындай байла-

ныс құралдары қатарына самиздат, ҒМ-радио, интернет жəне 

қоғамдық көзқарасқа өзінше əсер ете алатын флэш-моб секілді 

құралдарды жатқызамыз. 

Қазақстанда тактикалық медианы қолданудың алғашқы 

белсенділік толқыны біздің ойымызша 2000-2001 жылдары, 

яғни қазнет кеңістігінде азиоп, барстың тырңағы, компромат 

жəне басқа да сайттар пайда болған жылдар болып табылады. 

Тактикалық медиа мысалдары ретінде бүгінгі күні қазақстан 

ақпараттық алаңындағы блоггинг принципінде құрылған 

«əмбебап қауіпсіздік клубы», «інкəр.инфо» интернет-радиосы 

(бұл екі жоба да қазіргі кезде Қазақтелеком арқылы шектелген) 

немесе БАҚ назарын өзіне аударған «Нұр Отан» қозғалысының 

акцияларын атауға болады. 

Интернет көптеген басылымдардың жұмысын жеңілдетті. 

Тілшілер белгілі бір жағдайларға қатысты интернетті ақпарат 

көзі ретінде пайдаланады. Жүйедегі өзекті немесе сенсациялық 

материалдың жарық көруі бірден басылымда көрініс береді. 

Тактикалық медиа басқа бұқаралық ақпараттық құралдардан 

өзінің виртуалдылығы мен жаңалықтарды жылдам жəне арзан 

жариялаумен қатар, өзінің бақылаусыздығымен жəне ең негізгісі 

ақпаратты аты-жөніңді көрсетпей таратуға мүмкіндік беруінде 

болып отыр. Осындай тың мысалдар қатарына еуропа басылым-

дары арқылы жарық көріп, отандық БАҚ арқылы таратылған Хра-

пуновтар жанұясының Швейцариядағы кəсібі немесе жетекші 

тілшілерге Р. Əлиевтің атынан таратылған «Өкіл əке» кітабының 

үлгісін жатқызуға болады. 

Əрине, билік өз кезегінде «тактикалық медианы» пайдалануды 

шектеуге күш салады: интернет-ресурстарын БАҚ теңестіру, бұл 

жағдайда оны БАМ-да тіркеуді талап етеді жəне сол секілді ин-

тернетті заңнама негізінде реттестірудің жолдары қолданылуда. 

Бірақ, бұл шара нəтиже бермей отыр, себебі жабылған кез-келген 

сайт көп ұзамай қайтадан қалпына келтіріледі. Мысал ретінде 

интернет-газет Навигатордың Навигатор 2, Нави, Мизинов. Нет 

жəне Зонакз.нет болып өзгеруін келтіруге болады. 

Ақпарат жəне байланыс жөніндегі агенттіктің «Ақпарат-

тық-коммуникациялық жүйелерге қатысты Қазақст ан 

Республикасының кейбір заңнамаларына өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын əзірлеуі негізінен 

интернет арқылы таратылатын ақпараттарға қатысты ҚР ұлттық 

*

 



Нетократы –net – жүйе жəнеkratia – билік сөздерінің қосындысы. Яғни жаһандық 

ақпараттық жүйеде контенттерді анықтай алатын жəне байланыстың жаңа түрлерін пайда-

лануды үйренуге бейім адамдар.


40

41

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау І 

Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері 

қауіпсіздігіне төнетін қатарлерді азайтуды көзделген. Жобаны 

əзірлеушілер «веб-сайт» түсінігін «интернет-ресурс» дегенге 

алмастыруды ұсынады. Түсініктің бұндай мағынада өзгертілуі 

веб-сайт қана емес, сонымен бірге блогтар, чаттар, форум мен 

комментарилерді БАҚ теңестіруге мүмкіндік береді. Яғни, 

блоггерлер, комменттарлар мен «чатландар» жəне бұл интернет-

ресурстардың иелері тілшілер мен редакторларға теңестіріліп, 

қылмыстық, əкімшілік жəне азаматтық жауапкершілікке тарты-

лады. Біздің жұмысымыздың мақсаты бұл заң жобасын бағалау 

болмағандықтан, оған толығымен тоқталмаймыз. Бірақ, біздің 

ойымызша бұ ұсыныс біріншіден, мемлекеттік органдардың 

жаһандану мен НТР туғызған жаңа қатерлер алдындағы 

дəрменсіздігін жəне екіншіден, жаһандық ақпарат толқындарының 

əкелетін нақты қатерлерін көре білуінде екендігін танытады. 

Қазіргі кезеңде ақпараттық соғыстың қазақстан жəне жалпы 

посткеңестік аймақта басқарудың орталық құралдына айнала 

бастауы оны зерттеу қажеттілігін туғызды. Осы мəселеге қатысты 

зерттеулерді В. Пелевин өзінің «Generation П» и «Числа» роман-

дарында жəне одан кейін С. Минаев «Медиа сапиенс» повесінде 

жинақтап көрсетті.

Бұл романдардың негізгі идеясы біздің тақырыбымызбен үндес, 

яғни жаһандану үрдісіндеге əлемде назарды басқару мəселесі 

болып отыр. Коммуникациялық толқындар кеңістігінде мақсаты 

аудиторияның назары үшін үздіксіз күрес жүруде жəне хабарламалар 

адресаттарға жету үшін олар нақты жəне түзу сызықты болуы керек. 

Олай болмаған жағдайда ақпаратты тұтынушы басқа арнаға ауыса-

ды немесе браузерді жауып тастайды. Сондықтан да, бұл күресте 

жеңіске ұстанымды анық артикулияциялаған тарап жетеді. 

Бізде, өкінішке орай бұл туралы тек сайлау кезеңінде ған еске 

алып, басқа кезде қиындықтьар мен жинақталған сұрақтарды 

бос сөздің артына жасырғанды жөн көреді. Бұның барлығы 

БАҚ деген сенімді жоғалтады. Ойымызды сандық мысалмен 

өрнектейтін болсақ. «Қазақстан Республикасындағы саяси 

өзгерістердің негізгі бағыттары мен қарқынының деңгейі

*

» 



атты тақырыптағы республикалық əлеуметтік зерттеудің 

мəліметтеріне сүйенсек, тұрғындар негізінен телеарналарға 

(63%), сосын радиоға (56%) жəне қоғамдық-саяси газеттер 

мен жорналдарға (53%) сенеді. Ең төменгі сенім көрсеткішін 

Интернет (46%) иеленген.

БАҚ саяси ресурсын бағалаудың тағы бір шарты бұл 

оқырмандарының ұсынылған ақпараттың объективтілігіне деген 

бағамы болып табылады. 

Жоғарыда көрсетілген əлеуметтік зерттеудің нəтижелері 

бойынша сауалнама қатысқандардың тек бестен бір бөлігі 

(21%) ғана бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық-саяси 

оқиғаларды жариялау барысында толық жəне объективті 

ақпарат беретіндігін көрсеткен. Ал респонденттердің жарты-

сынан көбі (57%) БАҚ өздеріне тиімді ғана ақпаратты таратады 

деп санаған.

Бұл мəселеден шығатын жанама қорытындыға келер болсақ, 

БАҚ бұқаралық саяси сана мен қазақстандықтардың əрекетіне 

əсер ету мүмкіндігі шектеусіз еместігін байқаймыз. Масс-медиа 

ақпараттарына деген жаппай қызығушылық пен зейіннің 1980 

жылдардың аяғында байқалаған деңгейі қазіргі кезде мүлдем 

жоқ. Бұл негізінен тұрғындардың қоғамдық-саяси ақпараттарды 

пайдалануының кемуі мен БАҚ деген сенімнің жойылуына бай-

ланысты.

Осылайша, заманауи қазақстандық шындықта БАҚ – қоғам 

коммуникациялық желісі бір жақты екендігін байқаймыз. 

Билік – БАҚ – қоғам буынындағы БАҚ қызметін төмендегідей 

сипаттауға болады:

- тұрғындарды 

ақпараттандыру; 

-  биліктің заңдылығын қолдау;

-  саяси мақсаттарға жету үшін қоғамдық көзқарасқа ықпал 

ету технологиясның құралы (саяси кеңістіктің субъектілерінің 

өкілеттілігін ұзарту немесе тоқтату).

Сонымен қатар, қалыптасқан жүйеде БАҚ өзінің негізгі 

қызметі – кері байланыс механизмі, яғни билік адындағы қоғам 

мүддесінің «лоббисті» қызметін атқармай отыр. Бұл өз кезегінде 

төмендегідей қолайсыз жағдайларға алып келеді: 

•  тұрғын халық тарапынан БАҚ деген сенімнің одан ары 

төмендеуі; 

*

 



«Қазақстан Республикасындағы саяси өзгерістердің негізгі бағыттары мен қарқынының 

деңгейі» атты тақырыптағы республикалық əлеуметтік зерттеуді 2007 жылы ҚР Президентінің 

жанындағы ҚСЗИ-дың тапсырысы бойынша Іскерлік ақпарат, əлеметтік жəне маркетингтік 

зерттеулер орталығы жүргізген.



42

43

Қазақстан қоғамы 



дамуының өзекті мəселелері 

Тарау І 

Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері 

•  биліктің шынайы жағдайын нақты көрсетпеу, ол өз кезегінде 

саяси шешімдерді əзірлеу, қабылдау мен жүзеге асыру шарала-

рын қиындатып, қоғамдық-саяси үрдістерге болжам жасауды 

ауырлатады;

•  шынай ақпараттың жетіспеушілігі жағдайындағы əлеуметтік 

сезімсіздік жағдайының өсуіне алып келеді;

•  азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісінің баяулауына əсер 

етеді. 

Осылайша, қоғамда қабылдаған ақпаратты сынсыз қабылдау 



үрдісі орын алғандықтан əлеуметтік фрустация қалыптасады. 

Бұндай қоғам əлеуметтік ауруларға, оның ішінде дүрбелең, 

топтық қобалжу мен ойланбай істелген шешімдер жəне 

радикалдық шаралар бар. 

Тұтынушы ақпаратқа деген сындық көзқарастың болмауы 

саяси кеңістіктің субъектілерінің бір мəселелеге қатысты əр 

жолы түрлі əдістерді, кейде бір-біріне қарама-қайшы əдістерді 

қолдануына мүмкіндік береді. Біртіндеп саяси кеңістік қазіргі 

теорияда «саясаттың медиалануы» деп аталатын құрылысты 

жүзеге асырады. Жалпы алғанда саяси кеңістіктегі коммуникация 

қарапайым шараларды жүзеге асыруға қолданылады: сайлаудағы 

дауыс пен рейтингтің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету. Сайлау 

қарасаңында барлық күш-жігер аудиторияның даусын өзіне трату 

мақсатында қолданылады. Белгілі-бір мəселеге көңіл аударатын 

тақырып-фантомдар жасалынып, қатер қауіпі күшейтіліп, өзара 

ынтымақтықтың жақсылығы уағыздалады. Ал сайлаудан соң 

бұл құмарлықтың барлығы да басылады. Бірақ, рейтингке қол 

жеткізуге арналған бұл қысқа мерзімдік шара электораттың 

саясаткерге деген қысқа мерзімдік сенімінің орнауына əсер 

етеді. Ақпараттық соғыс тəсілдері мен саяси технологиялар 

ұзаққа созылмайды, ал оларды ұзақ уақыт пайдалану бағыттан 

жаңылуға, қоғамның ақпараттық сынының төмендеуіне жəне 

саясатқа қызығушылықтың азайып, қоғамдағы ықпалдасудың 

тоқтауына ықпал жасайды. 

Бұндай жағдайдың қалыптасуы елдегі саяси күрес барысында 

қазақстандық БАҚ дағдарысына алып келу қауіпін туғызады. Бұл 

өз кезегінде идеологиялық бағытта саяси көңіл-күй мен қоғамның 

қалауы жəне электораттың əлеуиметтік ұстанымдары, дүниеге 

көзқарастары мен сенімдеріне елеулі өзгерістер енгізуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет