Əдебиеттер:
1. Ги Дебор. Общество спектакля. Пер. с франц. С. Офертаса и
М. Якубович. М. - LOGOS (Радек), 2000. 184 с.
2. Там же.
«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №2, 2009.
44
45
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
«НҰР ОТАН» ХДП – САЯСИ БІРІГУДІҢ ФАКТОРЫ
Нұрлан Сейдін
Биыл «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өзінің
он жылдық мерейтойын атап өтеді. Он жылдық туылған күнді
тойлауға қазіргі қалыптасқан жағдай: экономикалық дағдарыс,
ұлттық валютаның құнсыздануы мен оппоненттер тарапынан
сынның күшеюі секілді мəселелер біршама қолайсыздық туғызып
отыр. Сондықтан да, халықтық партияның идеологтары осы
мəселені назарға алып, партияның он жылдығын тойлауды «оба
кезіндегі тойға» айналдырмайды деп сенеміз. Соған қарамастан,
мұндай елеулі мерзім партияның құрылуы мен бастауларын еске
түсіріп, қорытынды шығарумен қатар, болашаққа жаңа бағдарлар
жасауға мүмкіндік береді.
«Нұр Отан» ХДП-ның негізі болған «Отан» республикалық
саяси партиясы алғашында мемлекет басшысының бастама-
ларын қолдау жəне Н. Назарбаевтың 1999 жылғы президент
сайлауындағы үгіттеу штабының негізінде құрылған болатын.
Бұл үшін Парламентте президенттің бағытын ұстанып, фракция
рөлін атқаратын позитивтік саяси мағынасы бар толыққанды са-
яси құрылым құру қажет болды. «Отан» партиясының құрамына
бұған дейін қалыптасқан билік партиялары – Қазақстан халықтар
бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Либералды қозғалыс,
Əділеттілік партиясы мен «Қазақстан – 2030 үшін» қозғалысы
кірді. Осылайша, «Отан» билік партиясы рөлін өз қолына алып,
партиялық жүйенің «локомотиві» ретінде таныла бастады. Соған
қарамастан, «Отан» партиясы өзінің саяси бағдарламасында
əлеуметтік-демократиялық позицияны ұстанды.
Сонымен бірге, «Отан» партиясы толығымен қалыптасқан
билік партиясы ретінде бұл қосылулардан соң əр түрлі
деңгейдегі наменклатураның саяси бірігуінің нақты факторына
айналды. «Отан» партиясының қызметінің бұл аспектісі өте
маңызды деп танылады, өйткені, мемлекет басшысының есімі-
мен байланысты билік партиясының болуы жəне оның маңызды
саяси шешімдер шығарудың жалпымемлекеттік тетіктеріне
атсалысуы ағымдағы биліктің əлеуметтік-саяси базасының
ауқымдығын танытады.
«Отан» партиясының толыққанды президенттік партияға
айналуы бірнеше кезеңде орындалғанын айта кеткен жөн.
Осы бағыттағы алғашқы айқын қадам 2004 жылдың науры-
зында өткен «Отан» партиясының VI съезінде жасалынды. Съезд
барысында «Отан» партиясының экономикалық, əлеуметтік
жəне саяс мəселелерді шешуге бағытталған электоралдық
компаниясының жалпы стратегиясы жарияланды.
Бірақ, аталынған съездің негізгі мақсаты қалыптасқан
жағдайға сай «Отан» партиясын модернизациялау мəселесі
болатын. Осы съезде партияның төрағасы болып Н. Назарба-
ев сайланды. «Отанның» басшылығына келген Елбасы саяси
алаңның кейбір жаңа субъектілері көрсеткісі келгендей «Отан»
партиясының өз мүмкіндіктерін сарқымағанын білдіре келіп,
саяси көшбасшы позициясынан түспейтіндігін көрсетті. Съезд
«Отан» партиясы негізінде биліктің саяси, əкімшілік жəне
экономикалық ресурстарының кейбір элементтерін біріктіру
мүмкіндігі бар екендігін танытты. Осылайша, «Отанды» билік
партиясы бейнесінен билік, бизнес жəне саяси элита мүдделеріне
əсер етудің тиімді механизмі – «Президенттік партия» бейнесіне
енгізуге қатысты талпыныс жасалынды. Осыдан соң, партияның
құрамында өзгерістер орын алды, яғни, оның негізгі əрекет етуші
тобы қатарына облыс əкімдері мен үкімет өкілдерінің кіруі «пар-
тия иерархиясын» күшейтіп, оны тұрақты жəне тұғырлы етті.
Қалыптасқан саяси жағдай мен саяси дамудың тенден-
циясы талаптарына сай «Отан» партиясын өзгертудің келесі
стратегиялық қадамы ретінде 2006 жылдың шілдесіндегі «Отан»
партиясының кезектен тыс съезінде оның құрамына «Асар»
партиясының қосылуын айтуға болады. «Асардың» бұл шешімі
бірнеше себептерге байланысты күтпеген оқиға болды. Өзінің
құрылған кезіннен бастап, қомақты қаржылық, ақпараттық жəне
интеллектуалдық ресурстарға ие болған «Асар» партиясы «пре-
зидентті жақтаушы күштер» қатарында «Отанның» баламасы
ретінде танылған еді. Тіпті, «Асар» құрылған соң «Отан» парти-
ясымен арадағы қарсыластықтың жоғарғы деңгейі де байқалған
болатын. «Асар» партиясы өзін «жаңарған билік партиясы»
ретінде таныта бастаған еді.
Соған қарамастан, екі партияның қосылуы орын алды.
«Асардың» 2006 жылы РСП «Отан» құрамына енуінен соң,
46
47
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
соңғысы партиялық-саяси кеңістіктегі ең ірі жəне ықпалды саяси
ұйымға айналды. Міне, дəл осы уақыттан бастап қазақстандық
саясаттанушылар мен сарапшылар «басым» партия феноменін
тыңғылықты зерттей бастады. Елдегі ірі екі партияның бірігуі
президентті жақтаушы күштердің белсенділігіне алып келді.
Осыдан бірнеше айдан соң «Отанның» құрамына Қазақстан
азаматтық партиясы мен Қазақстан аграрлық партиясы қосылды.
Ал сол жылдың желтоқсанындағы «Отан» РСП-ның кезектен
тыс XX съезінде партия өзінің бүгінгі «Нұр Отан» атауын ием-
денді.
Партиялық-саяси кеңістіктің орталығы болып келген
партиялардың «Нұр Отан» базасына бірігуі жəне соңғысының
(Нұр Отанның) мемлекеттік партиялық-саяси кеңістіктің ба-
сым субъектісіне айналуы Қазақстанның саяси кеңістігіндегі
өте ірі құрылымдық өзгеріс болды. Сонымен бірге, бұл үрдіске
сарапшылардың əр түрлі баға бергеніне қарамастан, оны жалпы
алғанда партия құрылысындағы маңызды жəне оң нəтиже ретінде
сипаттауға болады.
Бірнеше партияның біртұтас коалицияға бірігуін ел ішіндегі
саяси элитаның өзара қарама-қайшылықтар мен тартыстарды
жеңіп, стратегиялық мəселелерді шешуде өздерінің бар күштерін
біріктіруін олардың мүдделерінің теңдігіне қол жеткізуі ретінде
қарау керек. «Нұр Отан» институтционалынған билік партиясы
ретінде əр түрлі деңгейдегі наменклатураның саяси бірігуінің
нақты факторына айналды. Мемлекет басшысының есімімен
тікелей байланысты билік партиясының болуы мен оның
маңызды саяси шешімдер шығарудың жалпымемлекеттік тетік-
теріне атсалысуы ағымдағы биліктің əлеуметтік-саяси базасының
ауқымдығын танытады.
«Нұр Отанның» бұлайша күшеюі оң нəтижелерімен қатар,
белгілі-бір қатерлер де туғызады. Біріншіден, ХДП «Нұр
Отан» жалпыұлттық деңгейге көтерілгендіктен, оның елімізде
жүргізіліп жатқан реформаларға қатысты жауапкершілігі ар-
туымен қатар, саяси, экономикалық жəне əлеуметтік саладағы
жайсыздықтар партияның беделімен бірге Елбасының да имиджі-
не кір келтіреді.
Сонымен қатар, кейбір сарапшылар партиялық-саяси
алаңның жетекші субъектілерінің бірігуі оладың бастапқы
бағдарламаларындағы ұстанымдар мен позицияларының
алшақтығына байланысты саяси-идеологиялық мəселелерде
тактикалық тартыстарға алып келуі мүмкін деген болжамдар
айтты. Бірақ, өмір көрсеткендей бұл болжамдар өздерінің
тамырсыздығын танытты.
«Нұр Отанның» дамуының келесі кезеңі 2007 жылғы
Конститутциядағы өзгерістермен байланысты. Конститутциялық
реформа модернизациялық үрдістердің қозғаушы күші ретінде
азаматтық қоғамның маңызды бөлігінің бірі – тиімді партиялық
жүйенің қалыптасуы мен дамуының саяси алғышарттарының
қалыптасуына əсер етті. Саяси реформа бағдарламасының негізгі
бөлігі партиялардың дамуы мен оның қызметінің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге бағытталды.
Конститутцияға өзгерістер енгізу жаңа, кезектен тыс парла-
менттік сайлау өткізуге итермеледі. Сайлау жүйесіне енгізілген
негізгі жаңалықтар ретінде сарапшылар сайлау үлгісінің аралас
жүйесінен тепе-теңдік жүйесіне өту, электоралдық үрдіске
қатысушылардың санының азайғандығы мен партиялардың
сапасының артуын жəне сайлауға Қазақстан халықтар
Ассамблеясының қатысуын атап өткен.
Осындай жағдайда саяси партиялар сайлаушылардың дауысы
үшін бəсекелестікке түсті. «Нұр Отанның» негізгі қарсыластары
ретінде Жалпыұлттық əлеуметтік-демократиялық партияс
(ЖƏДП) мен «АҚ жол» партиялары көрінді. 2007 жылдың 18
тамызында Қазақстан халқы өзінің таңдауын жасады: парла-
мент сайлауында «Нұр Отан» ХДП үлкен алшақтықпен жеңіске
жетті.
Сайлау нəтижелері бойынша «Нұр Отан» ХДП-ның билік
органдарындағы басымдығын көрсететін айрықша партиялық-са-
яси жағдай орын алды. Жаңа конститутциялық реформа бойынша
парламенттегі көп дауыс жинаған партияға үкіметті жасақтау мен
оның бағдарламасын қалыптастыруға қатысты құқық берілген.
Сондықтан да, «Нұр Отан» басқа партиялардың көмегінсіз-ақ
Қазақстан Республикасы дамуының басымдықтарын айқындай
алады.
Сайлау нəтижелері «Нұр Отан» ХДП-ның алдына жаңа
қатерлер мен қауіптер туғызды. Партиялық əкімшілік пен
мүшелер санының көбеюі төрешілдік үрдісінің жоғарлауына алып
48
49
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІ
Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
келуі мүмкін. Сонымен бірге, ой-сана мен қызметте екпінділіктің
пайда болуы, саяси креативтік пен партияны қоғамның позитив-
тік қабылдауын жоғалтып алу қауіпі байқалады. Сондықтан да,
«Нұр Отан» партиясының алдында саяси жəне экономикалық
жағдайдың өзгерістері мен қауіптеріне уақытында назар ауда-
ратын, тұрақты жəне жинақы менеджмент жүйесін сауатты
қалыптастыру мəселесі тұр.
Қазірге «Нұр Отан» барлық қауіптерден құтылып кетуде.
Қазіргі күні бұл партия қоғамды біріктіріп, оның біріккен
күшін мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық мəселелерді
орындауға бағыттайтын жалғыз күш жəне елдегі басым партия
рөлін орындауда. Бұл арада «Нұр Отан» ХДП-ның қазақстандық
саяси алаңда басымдылық танытуының бірден-бір себебі – осы
партиямен өзінің саяси бағытын тығыз байланыстырған Прези-
дентімізге деген қазақстан халқының сенімінің жоғарғы деңгейде
болуы деп түсіну қажет.
«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №1, 2009.
II ТАРАУ
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІК
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚАУІПСІЗДІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ШАНХАЙ
ҰЙЫМЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Нұрлан Сейдін
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құрудағы негізгі мақсат
шекаралық аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесі
болатын. Содықтан да, «бестік» ретіндегі ұйымның алғашқы
қабылдаған құжаттары – Шекаралық аймақтағы əскери саладағы
сенімдікті арттыру туралы келісім (Шанхай, 1996 жылдың
26 сəуірі) мен Шекаралық аймақтағы əскер күшін азайту ту-
ралы өзара келісім (Мəскеу, 1997 жылдың 24 сəуірі) болуы
кездейсоқтық емес.
ШЫҰ құру туралы бастама 2001 жылдың 15 маусымында
Шанхайда өткен ұйымға мүше-мемлекеттердің саммитінде
мəлімделді. Бұл жолы да ұйымның құрылуы туралы деклараци-
ямен қатар алғашқы құжаттардың бірі болып ланкестік, сепара-
тизм жəне экстремизммен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясы
жасалынды. Демек, бастапқы кезден-ақ ұйым мүшелерінің
өзара ықпалдасуының маңызды саласы ретінде қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мəселесі көтерілген болатын. Бұл мəселе ШЫҰ
мүше-мемлекет басшыларының Алматыдағы алғашқы кездесуін-
де баса айтылды (13-14 қыркүйек, 2001 ж.). Олар осы жылғы 11
қыркүйектегі Нью-Йорктегі болған ланкестік əрекетке қарсы
жəне əлемдік қауымдастықпен бірігіп ланкестікке қарсы ымы-
расыз күреске дайын екендіктері туралы мəлімдеме жасады.
Сонымен қатар, ШЫҰ «үш зұлымдықпен» нəтижелі күрес
ұйымға мүше-мемлекеттердің əлеуметтік-экономикалық дамуына
қолайлы жағдай туғызып отырғандығына сүйенеді.
Бірақ, аймағымыздағы жағдайдың шиеленіс күйінде қалуына
Ауғанстан тарапынан туатын қауіп-қатер əсер етіп отыр.
2007 жылы Ауғанстанда 8200 тонна апиын өнімі жиналып, бұл
көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 34 пайызға артты. Бұл
50
51
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІ
Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
есірткі өнімінің 25 пайызы Тəжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан
мен Қазақстан арқылы Ресейге, ал одан əрі еуропа мемлекеттеріне
тасымалданады. Қазақстанның бұл үрдісте тұтынушы ел емес
өткізуші мемлекет болғанынан ешқандай жеңілдік жоқ, өйткені,
тасымалдағы есірткінің бір бөлігі Қазақстанда қалып отырады.
Қазақстан арқылы өтетін есірткітрафигі соңғы кездерде
қарқынды дамуда. ҚР Ішкі істер министрлігінің мəліметінше,
1990 жылы Қазақстанда есірткі мүлдем тəркіленбесе, 1991 жылы
оның көрсеткіші 10 граммды құраған. Ал 2006 жылы болса 10,5
мың есірткі қылмысы тіркеліп, 25,5 мың тонна əр түрлі есірткілер,
оның ішінде 555 кг героин заңсыз айналымнан алынған. Есірткі
толқыны қазақстандықтардың денсаулықтарына да өз зиянын
тигізуде. 2007 жылдың 1 сəуіріне ҚР медициналық мекемелерінде
54949 есірткі қолданушы тіркелген (2005 жылы – 47 мың болған),
оның ішінде 4404 жас бала мен 4726 əйел бар. Əлемдік тəжиірбе
көрсетіп отырғанындай, тіркелген нашақорлардың саны тіркел-
мегендерден бірнеше есе аз болатынын ескеруіміз керек.
Халықаралық ұйымдардың көмегіне қарамастан Ауғанстаннан
келетін есірткі тасымалына қарсы шаралар өз нəтижесін бермей
отыр.
Біздің ойымызша бұл шаралаға кедергі болып отырған не-
гізгі мəселе ретінде есірткі тасымалымен күрестің біржақты
жүргізіліп отырғандығын айтуға болады. Героин жасауға қажетті
прекурсорларды Ауғанстанға тасымалдау бақылауға алынбаған.
Ауғанстаннан шығарылатын есірткі толқынын тоқтатудың орны-
на сол мемлекетке кіргізілетін прекурсорларды тоқтату əлдеқайда
жеңіл екендігі айқын мəселе.
Сонымен қатар, есірткі тасымалына қарсы күресте нəтижелі
шаралардың жоқтығы да алаңдатушылық туғызады. Салыс-
тырмалы түрде алар болсақ, Иранда соңғы 10 жыл ішінде
есірткіге қарсы күрес жолында 3 мыңнан астам құқық қорғау
органдарының қызметкерлері қайтыс болған. Ал бізде есір-
ткіге қарсы күрес тек ұсақ таратушыларға қарсы жүргізіліп,
ірі есірткі мафиялары көлеңкеде қалып келеді. Бізде тіпті
айғақпен қолға түскен наркокурьерлердің өзі жеңіл жаза алады.
Мысалы, 2006 жылы қамалғандар ішінен 3 адам – 8 жылға,
27 адам – 5 жылға, ал қалғандары 1-2 жылға немесе шартты
түрде жазаланған.
Біздің сот орындары ірі көлемдегі есірткімен қолға түскен
есірткі тасымалдаушы мен сақтаушыларды жіктеген кезде оларды
есірткіні мақсатсыз сақтаушылар деп көрсетуі қылмыскерлердің
жазадан құтылуының бір жолы болып отыр. Ал шын мəнінде
олардың ешқайсысы да есірткіге тəуелді емес, яғни арнайы
есепте жоқ адамдар.
ҚР мен ШЫҰ арасындағы өзара ынтымақтастықтың
қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының мəселелерін талқылаған
кезде есірткі мəселесіне қатысты Ресей, Қытай жəне басқа да
мүше-мемлекеттердің ұстанымдарын қарастыру қажет.
Ресей ШЫҰ жұмысындағы негізгі басымдылық ретінде
қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты есептейді. Ресейдің
бұл ұстанымының негізгі себебін оның Орталық Азия аймағын өз
ықпалында, ЕврАзЭҚ одағы құрамында ұстағысы келгендігінен
көруге болады. Сондықтан да, Ресей «үш зұлымдықпен» күресуде
ШЫҰ мен ҰҚШҰ ынтымақтастығын ұсынады.
Ал Қытай болса, керісінше, ШЫҰ энергетикалық ресурстарға
бай Орталық Азия, сосын Таяу жəне Орта Шығыс аймақтарымен
экономикалық ынтымақтастықты күшейтетін құрал ретінде
қарастырады. Соған қарамастан Тибеттегі оқиғалар, ШҰАР
жағдайдың шиеленісу қауіпі мен Олимпиада ойындары кезіндегі
қауіпсіздік пен тəртіпті қамтамасыз ету мəселесі Пекиннің ұйым
жұмысында «үш зұлымдықпен» күресуді ынтымақтастықтың
негізгі саласы ретінде айқындауына себеп болады.
Бұл мəселеге қатысты орталықазия елдері арасында да нақты
ұстаным жоқ. Кейбір сарапшылар, ШЫҰ мүше-мемлекеттер
өзара тек сауда-экономикалық салада қатынас жасауы мүмкін, ал
ланкестік пен экстремизммен күресте ондай ынтымақтастықтың
болмайтындығын мəлімдейді. Бұл үрдіске аймақ елдерінің арна-
улы қызметтерінің құпиялар мен жобаларды өзара бөліспеушілігі
себеп болып отыр. Бұл мəселені түсіндірудің қажеті жоқ.
ШЫҰ құрылған кезден бастап қауіп-қатерлерге қарсы мүше-
мемлекеттердің құқық қорғау органдарының күшін біріктіруге
талпыныс жасауда. ШЫҰ алғашқы құжаттарының бірі ретін-
де 2001 жылдың 15 маусымында қабылданған Ланкестікке
қарсы күрес жөніндегі Шанхай конвенциясында: «ланкестік,
экстремизм жəне сепаратизм өздерінің қандай да себептеріне
қарамастан ешбір жағдайда ақталынбайды, ал оған қатысты
52
53
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІ
Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
тұлғалар заң алдында жауап беруге тиісті» деп нақты көрсетілді.
Конвенцияның 1 бабында ланкестік, сепаратизм жəне экстремиз-
мге түсініктемелер берілді. ШЫҰ мүше-мемлекеттер аталынған
əрекеттердің алдын алу, анықтау жəне болдырмау салаларында
ынтымақтастықты жүзеге асыруды жауапкершілікке алды.
2002 жылдың 7 маусымында Өңірлік ланкестікке қарсы
құрылым туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжатқа сай ӨЛҚҚ
(РАТС) ШЫҰ құрамындағы ланкестікке, сепаратизмге жəне экс-
тремизмге қарсы күресті үйлестіруші тұрақты əрекеттегі орган
деп танылды.
ШЫҰ аясында екі жақты жəне ұйым көлеміндегі ланкест-
ікке қарсы бірнеше əскери оқу-жаттығулар өткізілді. Бұлардың
арасындағы ең көлемдісі 2007 жылы тамызда Челябі обылысында
(Ресей) өткен «Бейбіт миссия – 2007» атты оқу-жаттығу болды.
ӨЛҚҚ ланкестікке қарсы күрес аясында ТМД, ҰҚШҰ-ның
ланкестікке қарсы орталықтары мен БҰҰ құрылымдарымен
байланыс жасайды.
ШЫҰ мүше-мемлекеттердің басшылары 2002 жылдың
7 маусымында қол қойған Декларацияда: «ланкестікке қарсы
күрес халықаралық құқық қалыптары мен ұстанымдарына сай,
бір дінге, елге немесе ұлтқа қарсы болмауы жəне үрдісшілдік,
«астарлы» болмауы керек» – деп нақты көрсетілген.
Декларацияда жаһандық ланкестікке қарсы күрестің негізгі
бағыты оны (ланкестікті) əлеуметтік тіреуінен айыру, яғни, бірін-
ші кезекте – қайыршылық, жұмыссыздықты жойып, нəсілдік,
ұлттық жəне діни кемсітілушілікке жол бермеу мəселесі баса
айтылған.
Бұл ішкі саяси тұрақсыздық қауіпі бар Орталық Азия елдеріне
халықаралық ланкестік пен діни экстремизм тарай бастауына бай-
ланысты өте өзекті мəселе болып отыр. Саяси тұрақсыздықтың
негізгі себептері ретінде халықтың негізгі бөлігінің материалдық
жағдайының нашарлағанын, экономикалық жəне саяси
реформалардың аяқсыз қалуы мен халықтың əлеуметтік жікте-
луін айтуға болады. Нəтижесінде көптеген дамушы елдерге ортақ
үрдіс қалыптасады. Қайыршылық пен кедейшілік ланкестіктің
пайда болуының негізі болса, ланкестік өз кезегінде кəсіпкерліктің
дамуы мен экономикаға инвестиция тартуға кедергі келтіре оты-
рып, қайыршылықтың тереңдеуіне себеп болады.
Сондықтан да, мемлекеттік билік органдарының бірінші кезек-
тегі міндеті –мемлекеттің дамуының əлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштерінің жоғарғы деңгейде болуына қол жеткізу.
Аймақ мемлекеттерінің басқару жəне қаржылық ресурстарын
халықтың жалпы əлеуметтік жағдайын жақсартуға, еңбекпен
қамтамасыз ету, ішкі миграция мен халықтың қорғансыз
таптарынның, оның ішінде зейнеткерлер, көп балалы жанұялар,
жалғыз басты аналар, жас жанұялар мен ауыл жастарының
жағдайларын жақсартуға жұмсау қажет.
Мемлекеттік билік жүйесін либерализациялауды, жергілікті
басқаруды енгізу мен азаматтық қоғамды нығайтуды жүзеге
асыруды негізге алған саяси модернизация үрдісі қазіргі таңдағы
негізгі мəселелердің бірі. Демократиялық институттарды
дамыту, көппартиялы жүйенің жұмыс істеуіне жағдай жасау
мен қоғамдық-саяси күштер жəне мемлекеттік емес ұйымдар
арасындағы сындарлы пікір алмасуға қажетті мүмкіндік жасау
бірінші кезектегі мəселе екені айқын.
Орталық Азия елдері алдарындағы тұрған негізгі міндеттердің
бірі – тұлғаның жеке басының қауіпсіздігі мəселесі болып тұр.
Мемлекет адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын
толығымен қамтамасыз етуге міндетті. Əлемдік тəжиірбе
көрсетіп отырғанындай, əскери қақтығыстар орын алған
жағдайда бірінші кезекте бейбіт тұрғындар қиыншылыққа
ұшырап, олардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп төнеді.
Азаматтар экономикалық, психологиялық жəне дене зорлығына
тап болады.
Орталық Азия аймағы үшін тағы бір негізгі мəселе – аймақтың
экологиялық жағдайы болып тұр. Семей ядролық полигонының
территориясы мен Арал теңізінің бассейнінің тартылуы бұл
жерлердің əлі де болса экологиялық апат аймағы ретінде сана-
луына себеп болып отыр. Соның нəтижесінде өте ірі көлемдегі
жер аумағы адам өміріне жарамсыз болып қалған.
Мемлекеттік табиғат қорғау органдары əлі де болса қоршаған
ортаның деградацияға ұшырауы жəне айрықша экожүйелер мен
эндемикалық,сирек жəне бағалы өсімдік пен жануарлар өмір
сүретін аймақтарды қорғауға аса көңіл бөлмей келеді. Адамның
табиғат аясына тереңдей енуі мен тез табыс табуға негізделген
жыртқыштық шаруашылық жүргізу биоресурстардың азайуы
54
55
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау ІІ
Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік
мен экологиялық жағдайдың одан ары нашарлауына əсер етеді.
Қазіргі таңдағы табиғи қазба байлықтарды өндіру көлемінің
ұлғаюы жағдайды шиеленістіріп, сол аймақтардың экожүйесіне
ауқымды зиян тигізуде.
Аймақтағы қолайсыз жағдайлардың алғышарттарының бірі
ретінде əлемдік азық нарығындағы жағдайдың нашарлауына бай-
ланысты азық-түлік түрлеріне бағаның көтерілуі қауіпін айтуға
болады. Мысалы, 2007 жылы бидайдың бағасы əлемдік нарықта
тоннасы 200 долларды құраса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 400
долларға жетіп отыр жəне бұл соңғы жоғарғы баға емесі анық.
Нан өнімдеріне деген бағаның өсуі барлық кезеңде əлеуметтік
тұрақсыздықтың себебі болған. Аталынған үрдістің осы жылы
Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде орын алуы мүмкін.
Бұл жағдай 2007 жылы өте жоғарғы өнім – 20,1 млн. тонна
бидай жинағанына қарамастан Қазақстанда да қайталануы
мүмкін. Үкіметтің бидай өнімдерін сатып пайда табудың орнына
халықтың жағдайын ойлау туралы ұсынысы орындалмай, бензин-
ге бағаның көтерілуі секілді жағдайдың қайталану қауіпі бар. Ал
бұл өз кезегінде азық-түлік тауарлары мен жаппай қолданыстағы
тауарлардың бағасының артуына алып келеді.
Орталық Азия мемлекеттері азық-түлікке бағаның көтерілуіне
əсер етіп отырған алыпсатарларды тез арада ауыздақтамайтын
болса, бұл жағдайды аймақтың тұрақсыздығын қолдайтын лан-
кестер пен діни экстремизм жақтастары өз мүддесіне қолдануы
мүмкін.
Сондықта да, ШЫҰ мүше-мемлекеттер Энергетикалық клуб
құрумен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де
бірінші кезекке қою керек деп ойлаймыз.
«Ақиқат» журналы №12, 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |