3
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз ......................................................................................................... 5
I ТАРАУ
ІШКІ САЯСИ ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Сейдін Н.
Қазақстандағы ұлттық саясат: бүгіні мен келешегі .................................... 8
Арзықұлов А.
Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі
жəне оның қалыптасуының алғышарттары ................................................16
Назарбетова Ə.
Қазақстандағы ұлтаралық келісім үлгісі
Батыс елдерінің назарында ..........................................................................23
Сейдін Н.
Қазақстанның дінаралық келісім саласындағы тəжірибесі ......................30
Морозов А.
Медиа кеңістіктегі жаһандану үрдісіне Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету тұрғысынан көзқарас ..............................................................................37
Сейдін Н.
«Нұр Отан» ХДП – саяси бірігудің факторы ..............................................44
II ТАРАУ
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Сейдін Н.
Орталық Азия қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
Шанхай ұйымының ынтымақтастығы ........................................................49
Арзықұлов А.
«Энергетикалық қауіпсіздік» түсінігі жəне Жапонияның
Орталық Азиядағы қызығушылықтары ......................................................55
Əбішева М.
Орталықазия мемлекеттерінің одағын құруға қатысты
ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамасы:
ықпалдастықтың келешегі мен мəселелері ................................................71
Арзықұлов А.
«Еуропаға жол» бағдарламасы жəне оның
Қазақстан үшін маңыздылығы .....................................................................81
ISBN 9965-458-96-0
УДК 323/324 (574)
ББК 66.3 (5 каз)
Қ 18
ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық
зерттеулер институтының Ғылыми Кеңесі басуға ұсынған
Редакциялық алқа:
Б.Қ. Сұлтанов (жауапты редактор),
Л.М. Мұзапарова, М.А. Əбішева, Н.Б. Сейдін,
А.Ə. Арзықұлов (шығаруға жауапты)
© ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010
УДК 323/324 (574)
ББК 66.3 (5 каз)
Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері: мақалалар
жинағы / Жауап. ред. Б.Қ. Сұлтанов. – Алматы: ҚР Президентінің
жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 164 б.
Жинаққа ҚСЗИ қызметкерлерінің бүгінгі Қазақстан дамуының
өзекті мəселелеріне арналған ғылыми мақалалары топтастырылған.
Ғылыми басылымға елімізде демократиялық үрдістердің орнығуы
мен саяси институттардың дамуы, Қазақстанның əлемнің жетекші
мемлекеттері мен халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының
жандануына жəне Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы
төрағалығына, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
арналған еңбектер енгізілген.
Мақалалар жинағы саясаттанушыларға, халықаралық
қатынастар мамандарына, аймақтанушыларға, мемлекеттік
қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен
студенттеріне жəне Қазақстан Республикасының бүгінгі дамуының
өзекті мəселелері қызықтыратын қалың оқырманға арналған.
Қ 14
ISBN 9965-458-96-0
ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ
4
5
III ТАРАУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ-да ТӨРАҒАЛЫҒЫ
Сейдін Н.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: өзекті мəселелер .......................94
Сейдін Н.
Қазақстан жəне ЕҚЫҰ: қауіпсіздік пен даму кепілі ..................................98
Сейдін Н.
Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
ЕҚЫҰ рөлі жəне тəжірибелік сипаты .......................................................105
Арзықұлов А.
Аймақтық қауіпсіздік мəселесіндегі Қазақстанның
ұйымаралық қызметі: ЕҚЫҰ жəне басқалар............................................113
Назарбетова Ə.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында
аймақтық қауіпсіздікті нығайтуы ..............................................................119
IV ТАРАУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Ерасылова Ə.
Қазақстан Республикасы əлеуметтік дамуының
қазіргі кезеңдегі қарқыны ..........................................................................126
Сейдін Н.
Тұрақты дамудың түпқазығы .....................................................................132
Назарбетова Ə.
Ел тұрақтылығының кепілі ........................................................................137
Нысанбек Ү.
Қаржы-несиелік саясатты дамытудың шетелдік тəжірибесі ..................142
Авторлар туралы мəлімет .......................................................................157
ҚСЗИ туралы ақпарат .............................................................................158
Информация о КИСИ ...............................................................................160
Information about the KazISS ...................................................................162
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
АЛҒЫ СӨЗ
XX ғасырдың 90-шы жылдарында КСРО-ның ыдырауы мен
əлемдік биполярлы құрылымдағы социалистік жүйенің ыдырауы
халықаралық қатынастардың жаңа субъектілерінің пайда болуы
мен оның құрылымында өзгерістік жаңарулардың орын алуына
алып келді. Бұрынғы кеңестік кеңістікте орналасқан ұлттық
республикалар өз тəуелсіздіктеріне қол жеткізіп, халықаралық
қарым-қатынастардың тең құқылы мүшесі ретінде өздерінің
сыртқы саяси-экономикалық жəне ішкі саяси-əлеуметтік
қарекеттерін жүзеге асыра бастады. Орталық Азия елдері арасын-
да Қазақстан бұл жағынан алғанда өзінің мемлекеттілік қаракетін
алғашқы кезеңнен-ақ дұрыс жолға қою арқылы бүгінгі күні
айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Кез-келген мемлекеттің
дамуында маңызды орын алатын ішкі, сыртқы саяси жəне
экономикалық мəселелер Қазақстанның тұрақты дамуында да
маңызды деп танылып, оның əртүрлі бағдарламалық стратегия-
сына негіз болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези-
денті Н.Ə. Назарбаевтың сындарлы саясатын негізге ала отырып
дамыған Қазақ елі мемлекеттіліктің маңызды салаларындағы
жетістіктерімен мақтана алады.
Оқырмандардың назарына ұсынылып отырған «Қазақстан
қоғамы дамуының өзекті мəселелері» атты жинақты Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық
зерттеулер институтының авторлар ұжымы дайындаған.
Жинақтағы зерттеулер Қазақстан қоғамы дамуының бірнеше
саласына арналғандықтан, олар «Ішкі саяси дамудың өзекті
мəселелері», «Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік», «Қазақстанның
ЕҚЫҰ-на төрағалығы», «Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық
дамуы» атты төрт тарауға бөлінген.
Бірінші тарау Қазақстанның тұрақты дамуына ішкі саяси
жағдайдың əсері, ұлттық саясат мəселесі, ел аумағындағы
ұлтаралық жəне дінаралық келісім, қоғамды біріктірудегі саяси
партиялар мен БАҚ орны мен маңызына арналған. Тəуелсіздіктің
алғашқы жылдарында республиканың «əлсіз» тұсы деп танылып,
оның шиеленісуі ел аумағында азаматтық соғыстың басталынуы-
на түрткі болады деп саналған Қазақстанның көпұлттық жəне
6
7
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
түрлі діндік жағдайы бүгінгі таңда оның мақтанышына жəне де
тұрақты дамуының кепілі болып отыр. Cонымен қатар тарауда
Қазақстан қоғамының біртұтастығын сақтаудың факторы болуы
мүмкін «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының рөлі
мен ұлттық қауіпсіздік мəселесіндегі БАҚ жəне медиа кеңістік
мəселелері сөз болған.
Жинақтың екінші тарауында жаһандық жəне аймақтық
қауіпсіздік мəселесіне, яғни Орталық Азия аймағы мен
Қазақстанға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесі
қарастырылған. Қазіргі таңдағы жаһандық жəне аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық ұйымдар мен бұл
қауіпсіздікке əсер ететін жайттар жəне қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге қатысты аймақтық форматтағы жаңа құрылымдар құру мен
оны жүзеге асырудың бағдарламалық құжаттарының маңызы
мен рөлі талданған.
Қазақстанның əлемдік деңгейдегі беделді халықаралық ұйым
– ЕҚЫҰ-на төрағалығына қатысты үшінші тарауда Қазақстанның
аталынған ұйымға төралық етуі барысындағы өзекті мəселелер,
республиканың Ұйым өлшемдерін тиімді пайдалануға қатысты
бастамасы, оның ішінде əсіресе ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қарекетін тек Еуропада ға емес, сонымен қатар
Азиялық аймақта да жүзеге асыру мен бұл салада Қазақстанның
ЕҚЫҰ мен басқа да халықаралық, аймақтық ұйымдар арасындағы
біріктіруші, үйлестіруші қызметі қарастырылған.
Төртінші тарауда Қазақстанның қазіргі таңдағы əлеуметтік-
экономикалық дамуы мəселесі, оның ішінде бұл саланың
қарқынды жəне тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі фактор-
ларына: оның даму үрдісі, түпқазығы мен кепілдеріне талдау
жасалынған. Қазіргі таңда əлемді қамтыған қаржы-экономикалық
дағдарыстың салдарларын саралау мен болашақта оны сабақ
ретінде қолдануға қатысты Қазақстанның қаржы-несиелік саяса-
тын қалыптастыру мен жүргізуде шетел тəжірибесін қарастыру
мəселесі көтерілген.
Бігінгі күнгі жаһандану үрдісінің аяқ алысы мен дамыған
халықаралық қатынастар жүйесі əлемдік құрылымның əрбір
субъектісінің дамуы мен қалыптасуына белгілі бір дəрежеде
ықпал етеді. Сондықтан да, Қазақстан қоғамының қазіргі таңдағы
дамуы да əлемдік геосаясат пен геостратегиялық мақсаттарға
бағынып, жалпы адамзаттық қоғамның қалыптасуына өзіндік
үлесін қосады.
Əрине, аталынған жинақтағы зерттеулер қазіргі таңдағы
Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелерінің барлығын дер-
лік қамтып, оларға толығымен түсінік береді деп айта алмаймыз,
соған қарамастан біздің бұл еңбегіміз оқырмандар қауымының
қызығушылығын туғызады деп сенеміз.
8
9
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
I ТАРАУ
ІШКІ САЯСИ ДАМУДЫҢ
ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЯСАТ:
БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Нұрлан Сейдін
Елімізде тұрақтылық пен бірлік, топтасқандық бағытын дамы-
туда Н. Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан
халқы Ассамблеясы қауымдастығы көпұлтты халқымыздың
саяси-əлеуметтік, мəдени-ұлттық орталығы бола отырып, сая-
си жəне экономикалық реформаларды кең құлашты байсалды,
тындырымды, нəтижелі негізде жүзеге асыруға үлкен үлес қосып
келеді.
Қазақстанды қоныстанған көп ұлт ты халқымыздың азаматтық,
ашық, зайырлы, демократиялық саяси-экономи калық жағы нан
тəуелсіз қоғам орнатуға бір кісідей жұмылған біртұтас Қазақстан
ха лықтарының толеранттылығын, конфес сия аралық жəне
ұлтаралық келісімін, туысқандық бірлігі мен достығын одан
əрі да мытып, нығайтуды көздеген Қазақстан хал қы Ассамблея-
сы өз ал ды на қойған мақсаттарын абыройлы атқаруда. Оны біз
бүгінгі таңдағы еліміздің экономикасының қарыштап дамуы
мен елдегі саяси тұрақтылықтан жəне Қазақстанда мекен ететін
барлық ұлыстар мен ұлттардың бір кісідей жұмылып оны
əлемнің дамыған зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға деген
ұмтылыстарынан байқаймыз.
Осы тұста өзінің тарихында, жалпы, мемлекеттік құрылымдық
ғұмырында Қазақстан ерекше ел болып қалыптасқанын айта
кеткеніміз абзал. Өзінің тағдыр-талайында, біртұтас бола білудің
жауапкершілігін көрсеткен кезеңі ондағы ұлттар мен ұлыстардың
үлкен жауапкершілігін көрсетсе керек. Біздің бақытымыз да сол,
Қазақстан аз уақыттың ішінде əлемдік қоғамдастықтың алдыңғы
қатарлы көшіне қосылды.
Тəуелсіздік алған 15 жыл ішінде талай өзгерістер болып,
дұрыс таңдау жолымен алға батыл қадам бастық. Қазақстан халқы
Ассамблеясының алдына қойылған басты міндет – қоғамның
белсенді саяси, біріктіруші күші болуға қабілеттілігін таныту
еді. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар саласындағы саясат
өзінің толық мағынасында көп ұлтты жəне көп дінді мемлекет
екенін қастерлей отырып, қоғамдық-саяси тұрақтылық жағдайды
сақтауда бай тəжірибеге ие болды. Осындай бірегей сан ұлттығы
бар Қазақстан ТМД елдерінде орын алған кейбір қайғылы
жағдайларға жол берген жоқ. Мұның бəрі ортақ мемлекеттік
мүддеге біріктірілген, шын мəніндегі жүргізіліп отырған ұлттық
стратегияның құндылығын көрсетеді.
Президент Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына 2007 жылғы
Жолдауында «Қазақстан халықтары Ассамблеясы, міне, он
жылдан астам уақыт бойы көпұлтты Қазақстан халқын біріктіру
міндеттерін ойдағыдай шешіп келеді» деп жылы лебіз білдіре
келіп, «Осы қоғамдық институттың рөлін арттыра беру қажет
деп ойлаймын» деп атап көрсетті [1]. Президент тің жыл сайынғы
Парламенттің бірлескен мəжілісінде жасайтын Қазақстан
халқына Жолдауында, халықтар Ассамблеясының сессияларында
жариялаған баяндама ларында ұлтаралық бірлік, ынтымақтастық
тақырыбы мейлінше тереңнен қозғалып, жан-жақты міндеттер-
мен, болашаққа жасалып отырған жаңа əрекет, қадам дармен
тығыз ұштастырылады.
Бірлік пен келісім Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992
жылғы желтоқсанда өткен Қазақстан Халықтары І-ші форумында
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев айтқан
еді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен мемлекет
басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде
құрылды [2].
Ассамблея алғаш өмірге келген күннен-ақ көп ұлтты еліміздің
қасиетті орталығына айналды. Əр этнос өздерінің ұлттық-
мəдени орталықтарын құрды. Олар тұңғыш Президентіміздің
төңірегіне тығыз топтасып, өздері мекен еткен Қазақстанның
экономикасын, мəдениетін өрге бастыруға бір кісідей жұмылды.
Тəуелсіздік жолымен ілгері бас қан еліміздің халықтары барлық
істе үлкен ұйымшылдық көрсетті. Олар өздерінің көкейкесті
өмірлік маңызы бар мəсе лелерін Ассамблея сессияларында еркін,
кең талдау жағдайында шешуге қол жеткізді. Өзінің он жылдан
10
11
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
астам қызметі барысында Ассамблея он екі сессиясын өткізіп,
онда қоғам өмірінің маңызды əлеуметтік-саяси мəселелерін
талқылады.
Бүгінде елімізде 500-ге тарта ұлттық-мəдени орталық бар.
Олар көпұлтты халқымыздың саяси сана-сезімін байыту, ұлттар
мен ұлыстардың өзара бірлігін күшейту, ұлттық салт-дəстүрлерді
дамыту жолында халықтар сеніміне ие болды.
Бұл – жүйелі, жемісті саясат болғанын өмір өзі дəлел деді.
Қазақстанды Отаным дейтін көкіре гінде сəуле бар адамдардың
бұған көзі толық жетті. Қазақстандағы ұлттық бірлік саясатының
тұрақтанып, нəтижелі жұмыс істеуін толып жатқан халықаралық
инсти туттар да мойындады.
Қазақстан ұлтаралық қатынас саясатында əлемдік кеңістікте
əрқашан өнеге тұтатын ел болып қала береді. Қазақстандық
тəжірибе, яғни Қазақстан Халқы Ассамблеясы дүниежүзілік
деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында жəне Еуропадағы
қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымда өзінің жоғары
бағасын алды. Шынында да, бұл – əлемдік жұртшылықтың
назарын аудартқан ерен құбылыс. Ассамблея Қазақстан
Республикасының халықаралық қатынастар проблемасын
тиімді шешуге зор ықпал жасап, еліміздің халықаралық беделін
көтеруге үлес қосуда. Қазақстанда этносаяси, саяси, рухани жəне
ұлттық саладағы жүргізілген реформалардың дұрыстығына əлем
қызыға қарайды. Сол себепті, көрші республикалардың қоғам
жəне мемлекет қайраткерлері ұлтаралық келісімді сақтауда
жəне оны дамытуда Қазақстандық тəжірибені қолдануға көптеп
қызығушылық танытуда.
Осы Қазақстандық ұлтаралық қатынас үлгісін одан əрі да-
мыту жəне жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қыруар
жұмыстар атқарылуда. Өз кезегінде Елбасы Н. Назарбаев Қа зақ-
стан халқына Жолдауында Ассамблея ның мəртебесін көтеру
жөнінде нақты ұсы ныстар айтқан еді, осы бағытта енді Ассам-
блея туралы заң қабылдау жəне аталған органның қоғамдағы
рөлін күшейту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде
Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүмкіндігін толығығымен
пайдалануда, яғни оны тек елдегі этностардың арасындағы
қарым-қатынастарды, олардың тілдері мен мəдениетін дамыту-
мен бірге, елдің дамуына жұмылдыру, жастарды патриоттыққа
тəрбиелеу, ел экономикасын дамытуға жəне т.б. ел өміріндегі
маңызды істерге кеңінен араласу мүмкіндіктері қарастырылуда.
Ассамблея өкілдері, шағын жəне орта бизнесті, өнеркəсіп пен
ауыл шаруашылығын, білім мен ғылымды жəне инновациялық
технологияларды дамытуда əлі-ақ өз сөзін айтып, үлкен беделге
ие болатынына осы тəуелсіздіктің өткен 15 жылында көрсеткен
нəтижелерінен байқауға болады.
Қоғамның саяси өмірінде де, адамдардың күнделікті тір-
шілігінде де тіл – ешбір теңдесі жоқ аса қуатты құрал. Тілдің
осы қызметі тұрғысынан алғанда бұл Қазақстан тəжірибесінде
айрықша маңызды. Себебі – елімізді мекен еткен 130 ұлт пен
ұлыс осынша тілде сөйлейді. Біздер тотали таризм тұсында бір
тілде – тек орыс тілінде сөйлеп, сол тілмен өмір кештік. Одақ
тарап, тəуелсіздік жолға түскен Қазақ стан қайсы тілде сөйлеуі
керек еді? Əрине, жердің, елдің иесі – қазақ тілінде! Бірақ мил-
лиондаған халыққа тек қазақ тілінде күш теп бір күнде нұсқау
беру ақылға сыймайды. Сон дықтан ел басқарудың терең білгірі
Елбасы Н.Ə. Назарбаев қазақ тілін Консти ту цияда мемлекеттік
тіл деп бекітудің табан ды жақтаушысы болды. Бұл ұсыныс со-
лай қабылданды да. Қазіргі кезеңде мемлекеттік тілге біртіндеп
көшудің сындарлы бағдар ла ма сы енгізілді. Осы бағдарлама қоғам
өмі рін де кең қолдау тапты. Қазір қазақ тілін мең геру жылма-жыл
өріс алып отыр.
Қазір мемлекеттік тіл мəртебесіне ие қазақ тілін үйренуге
деген ынта-ықылас та жақсы. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің
абырой биігі, баршаның құрметтеуге тиіс қарым-қатынас
құралы. Қолымызда бар соңғы деректерге жүгінсек, республи-
камызда тұратын 6 млн 968 мың этностық өкілдердің 1,5 мил-
лионы мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, сөйлей алады. Қазір
қазақстандықтардың 65 пайызы қазақ тіліне жетік, 18 этнос
өкілдерінің 60-80 пайызы қазақ тілін жақсы біледі. 45 этностың
өкілі қазақ тілін өз тіліне қарағанда жақсы біледі. Мұны, мысалы,
этнос өкілдеріне қаратып айтар болсақ, болгарлардың 29 пайызы,
корейлердің 28,8 пайызы жəне еврейлердің 17,6 пайызы қазақ
тілінде сөйлей алады. Қазақстан халқы ассамблеясы,
ең алдымен,
мемлекеттік тілді кең насихаттауды алға қойған. Осы мақсатта
жер-жерде жəне республика деңгейінде ар найы конкурстар
өткізуді жүйелі жүргізіп келеді.
12
13
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
Ассамблеяның ХХІІ сессиясында да мемлекеттік тіл мəселесі
назардан тыс қалған жоқ. Елбасы мемлекеттік тілге деген
құрметтің, оны қастерлеудің жəне оны дамытуға қолданыс
аясын кеңейтуге деген құлшыныс Отанға деген патриоттық
сезімнің ажырамас бір бөлігі екендігін тағы бір қадап айтып
өтті. Осы жолы мемлекеттік тілдің латын əліпбиіне көшетіндігі
белгілі болды. Бұл мемлекеттік тілдің дамуына, өмірдің жаңа
сұраныстарына толық жауап беруіне, жаһандық үрдісте жылдам
бейімделуіне ықпал етпек. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясының
кеңейіп келе жатқандығына қарамастан, оны одан əрі жетілдіру
бағытында Елбасы біраз ойларын ортаға салды. Мемлекеттік тіл
– тəуелсіздіктің бір тірегі. Тілдің дамуы мемлекеттің дамуымен
жəне оның өркендеуіне тікелей қатысты. Сондықтан оған əр
бір Қазақстандық азаматтың аса жауапкершілікпен қарағаны
абзал.
Қазақстандағы барлық халықтардың тілдерін дамытуға,
ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге, ұлттық бұқаралық ақпарат
құралдарын жақсартуға жəне ұлттық мəдениетті қорғаудың
құқықтық тетіктерін нығайтуға заңдық негіз жасалған. Бұл
тұрғыда, дүние жүзінде Қазақстандағыдай өнеге жоқ екендігін
мақтанышпен жеткізуге болады. Мысалы, «Украінські новини»
Украинадан шет жердегі украиндық емес үкімет қаржыландырып
отырған осы тілдегі жалғыз газет. Корей тілінде шығатын «Коре
ильбо» туралы да осыны айтуға болады. Жалпы, ұлттық тіл
саясатында нақты тетіктер тиянақталып, жасалынған. Қазір
республикамыздың мектептері тоғыз тілде – қазақ, орыс, өзбек,
ұйғыр, тəжік, украин, татар, неміс жəне ағылшын тілдерінде
білім береді.
Сөйтіп, Қазақстан Халқы Ассамблеясы өзінің азғантай
ғана ғұмырында елімізге ғана емес əлемнің басқада мемлекет-
теріне азық болатындай тəжірибе жинақтады. Соңғы кездері
халықаралық қауымдастықта ұлтаралық келісімнің «қазақстандық
формуласы» жөнінде көптеген оң пікірлер айтылуда. Ассамблея
өкілдерінің Еуропалық Одаққа, АҚШ-қа барған соңғы сапарла-
рында да қызығушылық танытқандар аз болған жоқ.
Ал планетадағы этностық қақтығыстардың себептері сан алу-
ан. Алайда олардың көпшілігінің негізінде үш басты проблема
жатыр. Біріншіден, жаhандану халықтардың өзара ықпалдасуын
кеңейтеді. Ол барлық қоғамдардың технологиялар жетістігін
білуіне мүмкіндік береді, экономикалық құрылымдарды
түбегейлі өзгертеді, дүниені біртұтас коммуникациялық жүйеге
айналдырады. Бірақ сонымен бірге ол көптеген адамдардың
бойында өздерінің тарихи негіздерінен – ұлттық біртектілігінен,
тілінен, мəдени жəне діни дəстүрлерінен айырылудың табиғи
қаупін туындатады. Бұл сезімдер кейде басқа этностық жəне діни
құндылықтарды əкелушілерге деген жек көрушілікті туғызады.
Екіншіден, жаһандану салдарынан кейбір ұлттық мемлекет-
терде əр түрлі бағыттағы ішкі қарама-қайшылықтар өршуде.
Үшіншіден, ұлтаралық қақтығыстардың көпшілігіне əлеуметтік-
экономикалық проблемалардың шешілмегендігі себеп болуда.
«Жек көрушілік – бұл кедейлердің ашу-ызасы» екендігі дұрыс
айтылған. Планетада сегіз жүз миллионға жуық аш адамдар бар,
миллиардтан астамы – бестен бір бөлігі – күніне бір доллардан
кем жағдайда өмір сүреді. Ал орасан зор байлықтар халықтың
бар болғаны жиырма пайызының қолында. Міне, бұл ашу-ыза
осындайдан туындайды. Қазіргі дүниеде ол басқа халықтардың
өкілдеріне қатысты экстремистік əрекеттерден лаңкестік ак-
тілерге дейін өткір қақтығыстық формаға көшуде. Осылайша,
ғасырлар тоғысында дүние этносаралық қатынастар шиеленісінің
өткір кезеңін бастан кешіп отыр.
ХХІ ғасырдың басты проблемаларының бірі – адамзаттың
ұлтаралық келісімнің əмбебап формуласын талдап жасамағанында
болып отыр. Бұл проблеманың орасан зор қиратушылық əлеуеті
бар, ол бейбітшілікке төнген көптеген жаһандық қатерлер
мен сынақтардың негізінде жатыр» деді Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Халқы Ассамблеясының 10 жылдығында сөйлеген
сөзінде. Сондықтан, Қазақстандағы ұлт аралық келісімге қол
жеткізудің басты себебі, бұл – экономикалық өсімде, халықтың
тұрмысының айтарлықтай түзелуінде.
Бірақ соған қарамастан, біраз шешімін күтіп тұрған
мəселелердің де бары жасырын емес, «орыс мəселесі» уақыт
аралап саяси өмірдің тақырыбына айналуда. Оны үнемі сая-
си қозғалыстар мен ұйымдар өкілдері бұқаралық ақпарат
құралдарында қолдан ұйымдастыруда. Қазақстандағы кейбір
ұлттық диаспора өкілдерінің білім алуға деген құштарлықтары
мүлдем төмендеп кеткен, 1999 жылы елде жүрген соңғы санақ
14
15
Қазақстан қоғамы
дамуының өзекті мəселелері
Тарау І
Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері
бойынша бір сыпыра диаспора өкілдерінің 2-3 % ғана жоғары
білім алуға құлық танытқан. Ал басқа ұлт өкілдерінің білім
алудан бас тартулары мен талпынбаулары республикадағы
жұмыссыздық пен қылмыстың өсуіне əкеп соғуда. Осы мəселені
оңтайлы шешу мақсатында республикада мекендейтін ұлттар
мен ұлыстардың өкілдерінің білім мен мамандық алуларына
мүмкіндік беретін бір жоғарғы оқу орнын ашу жоғарыда аталған
қордаланған мəселелерді шешіп қана қоймай, жас ұрпақты отан
сүйгіштік бағытта тəрбиелеуге мүмкіндік берер еді.
Оппозиция өкілдері елдегі ұлттық жəне ұлтаралық мəселелер
бойынша тұшымды ұсыныстар айтудың орнына, республика
этностарының күрделі мəселелерін шешуде биліктің жібер-
ген кейбір кемшіліктерін шұғыл түрде көпшіліктің көңілін
өздеріне тарту мақсатында жариялаудан жалығар емес. Саяси
партиялардың билік үшін күресуде ұлттық қозғалыстарды,
мəдени орталықтарды пайдалану, оларды саясиландыру қарқынға
айналуда.
Ұлтаралық келісімді сақтаудағы маңызды сұрақтардың бірі,
бұл кадр мəселесі. Соңғы кездердегі, соның ішінде 2006 жылғы
Атырау мен Ақтаудағы оқиғалар – ашық түрде топшылдыққа
бөлінудің айқын көрінісі. Сырттан келген басшылар мен олардың
командаларына жергілікті халықтың наразылық білдірулері,
мемлекеттік кадр саясатына түзетулер енгізуді қажет етуде. Кадр
саясатындағы ұлтаралық қайшылықтарды жоюды, бірінші кезек-
те, этникалық топтар тығыз орналасқан аудандардан бастаған
жөн (жергілікті мəслихат, əкімшілік, муниципалитет, əлеуметтік
сала өкілдері ретінде). Мемлекеттік тілді меңгерген этникалық
топ өкілдерін мемлекеттік қызмет жүйесінде басшы қызметтерге
тағайындау тəжірибесін кеңінен қолдануымыз қажет.
Қазақстанды мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстарға
тең жағдай жасалынған. Мемлекеттің игілігін бəрі бір кісідей
тең пайдалануда. Билік ұлтаралық келісімді сақтап, дамытуда
жəне қазақылық кеңшілікті танытуда аянған емес. Сондықтан
Қазақстанда келісім мен ұлтаралық татулықты қазақ ұлтының
есебінен, мүддесін шектеу арқылы қалыптастыруға еш бір бол-
майды, керісінше барлығы қазақтардың төңерегінде топтасып, өз
тілдері мен салт-дəстүрін қазақтың төл мəдениетімен ұштастыра
отырып дамытулары тиіс, «ал кейбір маргиналдар қазақтың
кеңпейілдігі мен қонақжайлылығын əлсіздік пен жалтаңдықпен
шатастырып түсінуде». Осындайда жазушы, тəуелсіз «Тарлан»
сыйлығының иегері Дулат Исабековтың: «... ортақ (қазақстандық)
ұлт қалыптастыру мүмкін емес, өйткені Қазақстанды мекендей-
тін барлық халықтардың қазақ жерімен шынайы байланыстары
жоқ, ол олардың уақытша мекен ететін территориялары, кез-
келген жағдайда олар өздерінің тарихи Отандарына қайтып кетуі
ғажап емес» – деген сөзі еске түседі [3]. Сондықтан ұлтаралық
келісімнің қандайда бір үлгісі, бастамасы немесе реформалары
болмасын бірінші кезекте жергілікті ұлттың яғни қазақтың
ұлттық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |