Әож 374. 02 Қолжазба құқығында бекжанова бахытжамал жорабекқызы



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата31.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#10680
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

Pефлексивтік  компонент    біздің  зерттеуімізде  тұлғаның  ӛз  әрекеті  мен 
оның нәтижелеріне беретін ӛзіндік бағасы ретінде сипатталады.
  
Ӛзіндік баға адамның ӛзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімділігін 
арттырады.  Оның  айналасындағылармен  қарым  қатынасын  жақсартып,  ӛзіне 
сын кӛзбен қарауын және талап қоя білуін, жетістікке де, сәтсіздікке де шыдас 
беруін қамтамасыз етеді. Ол әлбетте ойлану нәтижесінде орын алады.  
 P. Декарт ақылды аздырмас үшін кӛбірек ойлану, пайымдау қажеттігін айтқан 
екен [244].  Болашақ маманды да рефлексияға үйрету, кәсібилік пен шеберлікке 
апаратын жол деп санаймыз.  
Магистрант    негізінен  білімді  ӛздігінен  алады,  сол  арқылы  ӛзін  ӛзі 
дамытады,  ӛзгертеді, қайта құрады. Бұлардың бәрінде де рефлексияның алатын 
орны  ерекше.  Ол  ӛзінің  алып  жатқан  білімінің  мазмұнын,  кӛңіл  күйі  мен 
эмоционалдық    жағдайын,  жасаған  әрекеттері  мен  оның  қорытындыларын 
рефлексиялайды.      
Aдамға  сыртқы  дүние  оның  ақыл  -  ойы,  сезімі,  кӛңіл  -күйі,  тәжірибесі 
арқылы  әсер  ететіні  заңды  нәрсе.  Дегенмен  жоғары  оқу  орындарындағы  білім 
берудің  дәстүрлі  теориясы  мен  қазіргі  тәжірибесі  елімізді  дамытудың 
мемлекеттік  талабына  сәйкес  келмей,  білім  алушылардың  ӛзін  -  ӛзі  жүзеге 

87 
 
 
асыру, ӛзін - ӛзі дамыту, ӛзіндік рефлексия жасау, кәсіби карьерасын жоспарлау 
сияқты қажеттіліктерімен қарама-қайшылыққа келіп жататындығы белгілі.   
Белгілі психолог С.Л.Рубинштейн атап кӛрсеткендей, ӛмірдің кез  - келген 
сәтіне  әсер  ететін  жағдайлар  –  осыған  дейін  басымыздан  кешен  ой  елегінен 
ӛткізген және іштей тындырған жұмысымыздың нәтижесі [140, с. 59].  
Pефлексивтік  іс-әрекет  болашақ  маманға  ӛзіндік  талдау  кезінде  ғана 
байқалатын ӛзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады.  Ал 
рефлексия  нәтижесі  дегеніміз  –  міндеттерді  шешу  тәсілдерін  түсіну. 
Pефлексияның  қай  түрі  болмасын  мақсатпен  тікелей  байланысты.  Мысалы 
шығармашылық  рефлексия  –  мақсатқа  жету  нәтижесі,  қорытынды  ғана  емес, 
жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады.  
Мұндай  рефлексия  тұлғалық  құндылық  сапаларын  және  ӛзіндік  даму 
бағытын 
айқындауы, 
жеке 
тұлғаны 
қалыптастыруға 
бағытталған 
шығармашылық  іс-әрекетте  ішкі  жан  дүниесі  ресурстары  арқылы  ой  қорытуы 
болып  табылады.  Біздің  тәжірибемізде  ол  жеке,  топтық  және  ұжымдық 
жағдайда  ұйымдастырылып  отырылды.  Ондай  рефлексияның    формалары  да 
әртүрлілігімен  ерекшеленеді.  Pефлексия  болашақ  маманға  дербестік,  бәсекеге 
қабілеттілік сияқты кәсіби маңызды сапаларын жетілдіруге кӛмектеседі. 
Болашақ  мамандардың  акмеологиялық  дайындығының  құрылымы 
белгіленген соң оның кӛрсеткіштері мен ӛлшемдерін айқындау міндеті тұрды.  
Зерттеу  мақсаты  мен  міндеттеріне  орай  олар  тӛмендегіше  анықталды 
(кесте 2). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

88 
 
 
Кесте    2  -    Магистранттардың  акмеологиялық  дайындығының  құрылымдық 
компоненттері, ӛлшемдері, кӛрсеткіштері және зерттеу әдістері  
 
Ком 
понент 
тері  
Ӛлшемдері 
Кӛрсеткіштері 
Зерттеу әдістемелері 




Мот
ива
ци
ялы
қ-
құн
дыл
ықт
ы
 
1.Ғылыми-
педагогикалық 
әрекетке  деген  оң 
қатынасы 
мен 
қызығушылығын
ың болуы; 
2.Әрекетке 
жетістікке  жетуге 
деген 
ұмтылыстары; 
3.Азаматтық 
санасы 
мен 
ізгілікке 
бағыттылығы. 
1.Шығармашылықпен 
жұмыс 
жасауға 
мүмкіндіктің 
болуы, 
арнайы білімді игеруге, 
нақты 
еңбектің 
мазмұнын 
тануға 
талпынысының болуы; 
2.  Жетістікті  ӛзіндік  іс-
әрекеттің 
нәтижесі 
ретінде 
қарастырып, 
ғылыми-педагогикалық 
әрекетте 
кездесетін 
кедергілерден 
ӛтуге 
ұмтылысының болуы; 
3.Жұмыста 
ӛзіндік 
нәтижелерге 
қол 
жеткізуге 
ұмтылу, 
ғылыми 
жаңалық 
ашуды мақсат етуі;
 
4.Ӛзінің  рухани  әлемін, 
моральдық 
бейнесін 
жетілдіруге, 
адамгершілік 
қасиеттерін  дамытуға 
ұмтылысының болуы. 
1.  Е.М.  Павлютенков  жасаған 
мамандық  таңдаудың  негізгі 
мотивтерін анықтау әдістемесі 
Мотивтер 
топтамасының 
шығармашылық  шкаласы  (9 
және 10 пікірлер)   
Мотивтер 
топтамасының 
танымдық  шкаласы  (7-8-ші 
пікірлер). 
Мотивтер 
топтамасының 
моральдық  шкаласы  Ұ(3-4  ші 
пікірлер) 
2.  А.  Мехрабианның  білім 
алушының 
 
жетістік 
мотивациясын 
зерттеу 
әдістемесі 
 
Мазмұн
дық
 
 
1.Акмеологиялық 
білімдер; 
Педагогикалық 
акмеология 
негіздері 
 
2.Шығармашылы
қ 
педагогикасы 
(кәсібилік, 
шеберлік, 
құзыреттілік 
жайлы) білімдер; 
 
3.Оқытудың 
инновациялық 
технологиялары 
жайлы білімдер 
1.Акмеология  негіздері 
жайлы білу; 
2.Педагогикалық 
шығармашылық 
теориясынан  хабардар 
болу; 
3.Инновациялық 
технологиялардың 
философиясын  
ұғыну.  
1. Білім алушылардың 
акмеологиялық категориялар 
туралы түсінігінің деңгейін 
анықтауға арналған 
сауалнама. 
2.Т.И. Ильинаның жоғары оқу 
орындарында оқу 
мотивациясын 
зерделеу 
әдістемесі 
 «Білім  жинақтау»  шкаласы  
(4, 17, 28-ші  пікірлер). 
3. 
Е.И. 
Роговтың 
шығармашылық  әлеует  пен 
креативтілікті  диагностикалау 
тестісі. 

89 
 
 
Әре
ке
тт
ік
 
1.Ғылыми-
шығармашылық 
әрекетін 
ӛзіндік 
басқару; 
 
2.Ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын 
орындау,  әрекет 
мақсатын ұғыну; 
 
3.Оқу  біліктерін 
дамытуға, 
ӛздігінен  зерттеу 
жұмыстарының 
әдіс-тәсілдерін 
қолдану. 
1.Оқу 
үдерісі 
барысында 
шығармашылық 
тапсырмаларды 
орындау 
(эссе, 
презентациялар, 
портфолио, 
ғылыми 
жобалар, 
мақалалар 
мен тезистер.) 
2.Ғылыми-
педагогикалық  зерттеу 
әдістерін қолдану; 
3.Кәсіби  құзыреттілікті 
қалыптастыруға 
бағытталған  байқаулар 
мен 
тренингтерге, 
оқытушылық 
семинарлар 
мен 
конференцияларға 
қатысу.  
 1.Элективті 
курстың 
барысында 
семинар 
сабақтарындағы  практикалық 
тапсырмаларды 
бағалау 
ӛлшемдері.  
 
2.«Мамандықтың 
үздік 
магистранты» 
байқауының 
бағалау ӛлшемдері. 
 
3. Акмеологиялық тренингтің 
барысында кәсіби маңызды 
қасиеттерінің қалыптасуына 
аналитикалық сипаттама беру. 
 
Р
ефл
ек
си
вті
к 
1.Құндылықтық 
талаптарға  сәйкес 
ғылыми-
педагогикалық  іс-
әрекеттің 
мақсатын 
ойластыру; 
2.Ғылыми-
педагогикалық  іс-
әрекеттің 
нәтижесі 
жетістікті 
болу 
үшін 
ӛз 
әрекеттерін 
логикалық 
деңгейде 
қайта 
ойластырып, 
қарастыру 
және 
орындау; 
3.Ӛзіндік  талдау 
мен  ӛз  іс-әрекетін 
бағалау  негізінде 
оның 
нәтижелілігін 
сипаттау. 
1.Мақсаттың 
маңыздылығын 
бағалау; 
2.Нәтиженің 
жетістілігін  анықтауда, 
сыни тұрғыдан ойлау; 
3. 
Ӛз 
іс-әрекетінің 
тиімділігін  бағалау,  іс-
әрекет 
нәтижесінің 
маңыздылығын 
бағалау,  ӛз  іс-әрекеті 
мен  оның  нәтижесі 
үшін  жауапкершілікті 
болу.  
 
А.В. 
Карповтың 
тұлға 
рефлексиясының 
даму 
деңгейін 
диагностикалау 
әдістемесі 
1-категория: 7 тең немесе одан 
жоғары  болса,  рефлексиясы 
ӛте жоғары дамыған. 
2-категория:  4  -7  аралығында 
болса, 
орташа 
дамыған 
рефлексия. 
3-  категория:  4-тен  тӛмен 
болса, 
тӛменгі 
деңгейдегі 
рефлексия.  
 
 
Зерттеу  барысында  болашақ  мамандардың  акмеологиялық  дайындығын 
қалыптастырудың 
әдістерін 
айқындадық. 
Оларға 
ең 
алдымен 
шығармашылықты  дамытуға  бағытталған  педагогикалық  және    ақпараттық  -
коммуникациялық  технологияларды,  сонымен  қатар  арнайы  құрастырылған 

90 
 
 
тренингтерді,  оқытудың  белсенді  әдістерін  жатқыздық.  Бұл  әдістерді  ӛзіміз 
ұсынған  «Педагогикалық акмеология» элективті курсын жүргізуде тәжірибеде 
қолдандық.  Олар  жайлы  жұмысымыздың  эксперименттік  бӛлігінде  кеңінен 
тоқталатын боламыз. 
Aл  формалар  топтық,  ұжымдық  жұмыстар,  кіші  -  гірім  зерттеулер 
сонымен  қатар  екі  жыл  қатарынан  ұйымдастырылған  «Мамандықтың  үздік 
магистранты»    сайысы  түрінде  жүргізілді.  Магистранттар  дайындаудың 
қазақстандық үлгісінде алғаш рет қолданылып отырған аталмыш сайыс туралы 
кеңірек тоқталуды жӛн кӛрдік. 
Мұғалімдер  арасында  жүргізілетін  сайыстардың    олардың  біліктілігін 
арттырудың  құралы  ретінде  қарастыратын  Е.М.  Пахомованың  зерттеу 
жұмысында  жарыс  сайыстар  нәтижесінде  мұғалімнің  мамандыққа  қатысы 
жақсарып, кәсібилігі артып шығармашылығы жетіледі деген пікірін дәлелдейді 
[245].    Диссертация  Ресейдегі  «Жыл  мұғалімі»  сайысының  бірнеше  жылдық 
нәтижелерін  қорытындылай  келе,  оның  мұғалімдердің  шығармашылығын 
арттырудағы  маңызы айқындалады. 
       Біздің ойымызша кәсіби сайыстар бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырады. 
Бәсеке  дегеніміз,  бір  жағынан,  іс-қимыл  жасайтын  салада  ұнамды  нәтижеге 
жету  үшін  жүріп  отыратын  жарыс,  қандай  да  бір  еңбекті  жүргізудің  қолайлы 
жағдайына  ие  болу  үшін,  пайданы  мол  алу  үшін  тауар  ӛндірушілердің  бір-
бірімен  күресі.  Екінші  жағынан,  ол  нарық  субъектілерінің  ӛнімді  ӛндіру  мен 
оны ӛткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма 
жағынан  сайыс  ұйымдастырудың  нормалары  мен  ережелерінің,  мемлекеттік 
және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. 
Біздің 
зерттеу 
жұмысымыз 
барысында 
жүргізілген 
сайыстар 
магистранттардың 
дүниетанымының 
кеңеюіне, 
ойлау 
жүйесінің 
креативтілігінің  дамуына,  теориялық  және  практикалық  білімдерді  аса  бір 
шеберлікпен  қолдана  білуге,  қалыптан  тыс  жағдаяттарды  ұтымды  шешуге 
жағдай  жасады  деп  білеміз.  Бір  жағына    бұл  форма  бір  мамандық  иелерінің 
кәсіби  қарым  -  қатынасқа  түсу  мүмкіндігі.  Сайысқа  дайындалу  мен  оның 
кезеңдер 
бойынша 
ұйымдастырылып 
ӛткізілуі 
сәттерінде 
оған 
қатысушылардың  эмоцияналдық  сезімдік  сапаларының  жетістікке  жетуді 
ынталандыруы,  ӛзінің  білетіні  мен  жасай  алатынын  таразыға  салудағы  сын 
сағаттарда  ішкі  күш  қуатын  жұмылдыруға  ӛлшеусіз  әсері  болатындығы 
байқалды.  Кәсіби  шығармашылық  сайыстарға  қатысу  уақыты  (шамамен    екі 
айдай  уақыт)  білім  алушылардың  арнайы  ұйымдастырылған  акмеологиялық 
ортада  болуын  қамтамасыз  етеді.  Бұлар  жайында  диссертациямыздың 
тәжірибелі эксперименттік бӛлімінде толық баяндалатын болады. 
       Cонымен  магистранттардың  акмеологиялық  дайындығын  қалыптастыру 
моделі  олардың  еңбек  нарығы  жағдайында  бәсекелестікке  қабілеттілігін 
қалыптастыруды, 
болашақ 
маманның 
әмбебап 
(жалпы 
ғылыми, 
инструменталдық,  әлеуметтік-тұлғалық)  және  кәсіби  құзырлылықтарын 
дамытуды  кӛздейді  және  бітірушінің  құзырлылықтарынының    жұмыс 
берушінің талаптарымен келістіруді нәтижелі етеді.  

91 
 
 

ЖОҒАРЫДАН 
КЕЙІНГІ 
БІЛІМ 
ЖАҒДАЙЫНДА 
МАМАНДАРДЫҢ 
АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ 
ДАЙЫНДЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ОНЫ ЖҤЗЕГЕ АСЫРУ  
 
3.1 
Жоғарыдан 
кейінгі 
білім 
жағдайында 
мамандардың 
акмеологиялық дайындығын қалыптастырудың шарттары 
Болашақ 
педагогикалық 
мамандарды 
шығармашылық 
әрекетке 
дайындығын  қалыптастыру  қазіргі  кездегі  жоғары  оқу  орындары  үшін  ӛте 
ӛзекті  мәселелердің  бірі  екендігі  белгілі.  Осы  мәселеге  байланысты  әрбір 
болашақ  маманның  бойында  қарқынды  дамыған  ғылыми  техниканың 
жетістіктерін  меңгере  алу,    жаңашылдық  ізденіске  ұмтылу,  сияқты  белгілері  
толығымен  қалыптасуы  тиіс.    Осы  туралы  Қазақстан  Республикасының  жаңа 
формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында 
былай  делінген:  «Қоғамның  жоғары  педагогикалық  білімді  мамандарға 
қойылатын  талаптары  соңғы  жылдары  күрделенді.    Жаңа  қоғам  мұғалімі  –  ол 
рухани    адамгершілігі  жоғары,  азаматтық  жауапкершілігі  мол,  белсенді, 
жасампаз,  рефлексияға  қабілеті  басым,  экологиялық  тұрғыдан  білімді,  
шығармашыл  тұлға,    ӛзін-ӛзі  дамытуға  ұмтылысы  бар,  әдіснамалық 
қалыптасуының  жоғары  деңгейін  сипаттайтын  әлеуметтік,  тұлғалық  
коммуникативтік,  ақпараттық  және  біліктіліктің  басқа  түрлерін  меңгерген 
біліктілігі  жоғары  маман»  [246].  Осы  бағдарламалық  идея  біздің  ғылыми 
ізденісіміздің  де  арқауы  болды.  Оны  жүзеге  асыру  белгілі  бір  шарттардың 
орындалуымен  тікелей  байланысты  екендігі  түсінікті.  Бұр  ретте  осындай 
шарттар жиынтығын анықтап, олардың тиімділігін тәжірибеде сынақтан ӛткізу 
міндеті  тұрды.  Анықталған  шарттарды  сипаттамас  бұрын  «шарт»  ұғымының 
мәнін  ашып,    ғылыми  зерттеудегі  шарттың  алатын  орнын  анықтап  алған  жӛн 
деп есептейміз.  
«Шарт»  ұғымының  ғылыми  еңбектерде  талдануына  тоқталар  болсақ, 
философиялық  энциклопедиялық  сӛздікте  «шарт»  ұғымы  келесі  мағынада 
түсіндірілетіндігін анықтадық: тіршілік ететін және онсыз ӛмір сүре алмайтын 
орта;  белгілі  бір  жағдай  [247].  Осы  екі  түсіндірмеде  «шарт»  ұғымы  заттың 
тіршілік  ететін, онсыз  ӛмір сүре  алмайтын    қоршаған  ортаға  деген  қатынасын 
білдіретін категория ретінде қарастырылатындығын кӛруге болады.  
Психологияда  адам  дамуын  жеделдететін  немесе  керісінше  тежейтін  ішкі 
және  сыртқы  себептер  ретінде  сипатталса,  педагогикада  адамның  физикалық, 
адамгершілік,  психикалық  тұрғыда  дамуына,  білімденуі  мен  тұлға  ретінде 
қалыптасуына  ықпал  ететін  табиғи,  әлеуметтік,  сыртқы  және  ішкі  әсерлер 
жиынтығы деп қарастырылады.
   
Mысалы  Ю.К.  Бабанский  әсер  ету  аумағына  қарай  шарттарды  сыртқы 
және  ішкі  деп  екіге  бӛліп  қарастырады.  Сыртқыға:  табиғи  географиялық, 
қоғамдық, ӛндірістік,  мәдени жағдайлар,  т.б  ал, оқу-материалдары,  моральдік- 
психологиялық  ахуал,  оқыту  әдістері  мен  технологияларын  ішкі  шарттарға 
жатқызады [248]. Ал А. Семенова және В. Стасюк кәсіптік педагогика бойынша 
анықтама-сӛздікте  «шарттарды»  мамандарды  кәсіби  дайындаудың  біртұтас 

92 
 
 
ӛнімді  педагогикалық  үдеріске  ықпал  ететін  «жағдайлар»  –деп  сипаттайды 
[249].  
Kӛп  жағдайда  педагогикада  «шартты»  педагогикалық  жүйенің  тиімді 
жүзеге  асуына  әсер  ететін  факторлар,  жағдайлар,  шаралар  жиынтығы  ретінде 
түсінеді. Педагогикалық шарттар «бір үдерістің табысты ӛтуіне ықпал ететін»; 
«педагогикалық ыңғайлы орта»; «қойылған мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз 
ететін 
оқу-тәрбие 
үдерісіндегі 
шаралардың 
жиынтығы» 
ретінде 
қарастырылады.  
Белгілі  бір  білім  беру  міндеттерін  шешуге  ықпал  ететін  шарттарды 
анықтауға арналған зерттеулерді талдау жұмысы олардың үш негізгі топтарын 
анықталғандығын мәлімдеуге мүмкіндік береді:  
- ақпараттық (білім берудің мазмұны; педагогикалық үдерістің когнитивтік 
негізі);  
-  технологиялық  (білім беру  іс-әрекетін  ұйымдастыру  құралдары, түрлері, 
әдіс-тәсілдері, кезеңдері; педагогикалық үдерістің үдерістік-әдістемелік негізі);  
-  тұлғалық  (мінез-құлық,  іс-әрекет,  қарым-қатынас,  білім  беру  үдерісі 
субъектілерінің  тұлғалық  сапалары;  білімберу  үдерісінің  психологиялық, 
акмеологиялық  негізі).  
Б.В.Куприянов,  С.А.  Дынинаның  пікірінше,  шарттар  білім  беру  үдерісі 
заңдылықтарының бір жағын сипаттайды  [250].  Ал В.И. Андреевтің кӛзқарасы 
бойынша,  шарттар  –  бұл  «мақсатты  түрде  таңдалатын,  құрастырылатын  және 
қолданылатын мазмұн элементтерінің, әдістерінің (тәсілдерінің), сонымен қатар 
мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  қажетті  оқытудың  ұйымдастырушылық  түрлерінің 
нәтижесі»  [251].  Бұл  анықтамалар  шарттардың  адамның  тұлға,  маман  ретінде 
қалыптасуын нәтижелі  ететін    әсерлер екендігіне кӛз  жеткізеді.  Арнайы  түрде 
ұйымдастырылған 
шарттар 
педагогикалық 
үдерісті 
реттеу, 
оның 
компоненттерінің бір-біріне сәйкестендіру мүмкіндігіне ие. 
Cонымен 
біздің 
зерттеуіміздің 
аясында  болашақ 
мамандардың 
акмеологиялық  дайындығын  қалыптастырудың  шарттарын  жасау  мақсаты 
тұрды.  Оларды  акмешарттар  деп  атауға  да  болады.  Білім  беруде 
«акмеологиялық  шарттар»  ұғымының  пайда  болуы  «педагогикалық  үдеріс» 
ұғымымен  тығыз  байланысты.  Педагогикалық  үдерістің  ӛзі  педагогикалық 
жүйенің  функционалдық  сипаты,  оның  тұлғалық-дамытушылық  әлеуетінің 
жетекші  факторы  болып  табылады.  Акмеологиялық  шарттар  негізінен 
ӛнімділігі  жоғары  және  тӛмен  кәсіби  іс-әрекеттің  мазмұны  мен  нәтижесін 
салыстырмалы  талдау  арқылы  анықталынады  (Н.В.  Кузьмина,  А.А.  Деркач, 
және т.б.). 
Біз  зерттеу  жұмысымыздың  міндетіне  сай  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 
білім  беруде  мамандардың  акмеологиялық    дайындығын  қалыптастыруды  
табысты  ететін  педагогикалық  -  психологиялық    шарттар  жиынтығын  жасап, 
тәжірибеден ӛткіздік. Ал олар мына тӛмендегі шарттар:  
1.  Жоғарыдан  кейінгі  білім  беру  үрдісінің  мазмұнының  акмеологиялық 
дайындықты қалыптастыруға бағыттылығы. 
2.  Mагистранттардың  акме  дайындығын  тиімді  ететін  технологиялар, 

93 
 
 
тренингтер, белсенді әдістер мен шығармашылық сайыстар қолдану
3. Білім алушының шығармашылық әрекеттердегі субъектілігін дамыту; 
       4.  Mагистранттардың  акме-дайындығына  әсер  ететін  педагогикалық  орта 
түзу. 
Eнді  осы  шарттардың  сипаттамаларына  тоқталамыз.  Магистратура 
жағдайында  болашақ  мамандарды  «акме»  деңгейде  еңбек  етуге  дайындауда  
білім  беру  мазмұнының  арнайы  бағыттылығы  болғаны  жӛн.  Дегенмен  біз 
жұмысымыздың алғашқы тарауында тоқталып кеткендей қазіргі педагогикалық 
тәжірибеде 
бұл 
мәселенің 
тиімді 
шешілуі 
жеткілікті 
дәрежеде 
ойластырылмаған.  Ендеше алғашқы кезеңде болашақ маманның акме-педагог 
болып  қалыптасуына  ықпал  ететін  білім  берудің  мазмұнын  жобалау  қажеттігі 
туындайды.  
Білім  беру  мазмұны  –  жеке  адамның  біліктілігі  мен  жан-жақты  дамуын 
қалыптастыру  үшін  негіз  болып  табылатын  білім  берудің  әрбір  деңгейі 
бойынша  білімдер  жүйесі  (кешені).  Білім  беру  мазмұны  білім  берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін 
оқу бағдарламаларымен айқындалады. 
И.Я.Лернердің  пікірінше,  білім  мазмұны  дегеніміз  –  білім  алушыға 
берілетін  білім,  іскерлік  және  дағды  жүйесі,  шығармашылық  іс-әрекет, 
эмоциялық  қарым-қатынас  жүйесі  [252].  Ең  бастысы,  білімнің  мазмұны  жеке 
тұлғаны  жан-жақты  үйлесімді  дамытуды  кӛздейді.  Білім  мазмұны  мына 
тӛмендегідей  түрлерге ажыратылады: 
-  күнделікті  болмыс  туралы  негізгі  ұғымдар,  терминдер  және  ғылыми 
білімдер; 
-  кӛзқарастарды  дәлелдеуге  керекті  күнделікті  ӛмірден  және  ғылымнан 
алынған фактілер; 
-  болмыстың  әртүрлі  объектілері  және  құбылыстары  арасындағы 
байланыстарды 
кӛрсететін 
ғылымның 
негізгі 
заңдары; 
        -  белгілі  бір  объектілер,  олардың  арасындағы  байланыс  туралы  ғылыми 
білімдер;  
        - ғылыми іс-әрекет тәсілдері, танымдық әрекеттер және ғылыми білімді алу 
жайлы білімдер; 
- әртүрлі ӛмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер
.
 
      
Біздің  жағдайымызда  осы  айтылғандарға  педагогикалық  әрекетте 
жетістіктерге  жету  жайлы  акмеологиялық  білімдерді  де  қосқан  болар  едік. 
Cебебі  болашақ  маманның  алдымен  жалпы  шығармашылықтың  теориясы, 
шығармашылық педагогикасы жайлы білімдері болуы тиіс. Содан кейін «акме» 
ұғымының  мәнін  түсінуі  шарт.  Демек  бұл  мәселелер  арнайы  қарастырылатын 
пәннің  оқу  бағдарламасында  болуға  тиісті  кәсіби  шеберлікке  дайындықтың 
алғышарттарының бірі болады. Сол себептен магистранттардың болашақ кәсіби 
маман ретінде ӛзін-ӛзі ӛзектендіру ерекшеліктерін, акмеологиялық зерттеулерді 
тәжірибемен  ұштастыра  отырып,  ұйымдастыру  біліктерін  қалыптастыруға 
бағдарланған арнайы таңдау курсының мазмұнын қарастыруды мақсат еттік.   
Жоғарыдан  кейінгі  білім  беру  үрдісінің  мазмұнының  акмеологиялық 
дайындықты  қалыптастыруға  бағыттылығын  жүзеге  асыру  мақсатында 

94 
 
 
жоғарыдан  кейінгі    білім  беру  мазмұнына  болашақ  маманның  акмеологиялық 
дайындығын  қалыптастыруға    бағдарланған  «Педагогикалық  акмеология» 
тақырыбындағы  таңдау  курсын  енгізу  біздің  зерттеу  жұмысымыздың 
когнитивтік  блогын  құрайды,  ал  технологиялық-акмеологиялық  блогына 
тәжірибеге  бағытталған  арнайы  акметренингтер  мен  акме  бағыттағы 
технологиялар мен әдістерді қолдану жатады.  
        Тӛмендегі  кестеде  «Педагогикалық  акмеология»  элективті  курсының  оқу 
тақырыптық жоспары келтіріледі.   
  
Кесте  3  -  Педагогикалық  акмеология»  элективті  курсының  оқу  тақырыптық 
жоспары   
 
 
Тақырып атауы 
Сағат саны 
ле
к 
пра
к 
м
оӛж
 
м
ӛж
 
Педагогикалық  акмеология  ғылымының  пайда  болуының 
алғышарттары 

 


Педагогикалық акмеологияның ғылым ретіндегі сипаты 




Педагогикалық  акмеологияның  басты  объектісі  ретіндегі 
дамушы педагог 

 


Акмеологиялық заңдар мен заңдылықтар 

 


Кәсіби  іс-әрекет  субъектісі  ретіндегі  ересек  адам  дамуы 
феноменологиясының  акмеологиялық  және  психологиялық 
аспектілері 




Педагог еңбегінің ерекшелігі (акмеологиялық іс-әрекет) 

 


Педагогикалық іс-әрекетте АКМЕні пайдалану тәжірибесі 




Педагогикалық іс-әрекеттегі акмеологиялық тренингтер 




Акмеологиядағы модельдеу 

 


Барлығы 
10 

15 
15 
 
«Педагогикалық  акмеология  »  тақырыбындағы  таңдау  курсының  маңызы 
зор.  Бұл  пәнді  оқытудың  негізгі  мақсаты  магистранттардың  акмеология 
саласындағы  іс-әрекеттің  негізгі  білімдері,  біліктері  мен  тәсілдерін  игеруімен; 
тұлғаның  шығармашылық  әлеуетін  дамыту  мен  ӛздігінен  жүзеге  асыру  тәсілі 
ретіндегі  іс-әрекетке  және  болашақта  кәсібиліктің  шынына  қол  жеткізуге 
бағытталумен,  ӛзін-ӛзі жетілдіруге  бағдарланумен,  шығармашылық  жеке және 

95 
 
 
ұжымдық  ойлауды  және  акмеологиялық  ойлауды  дамытумен,    акмеологиялық 
тұрғыдан бағдарланған тұлғаны кәсіби дайындау барысында қалыптастырумен, 
оқу іс-әрекетіне танымдық қатынасын дамытумен анықталынады. Осыған орай, 
болашақ  магистрлерді  кәсіби  дайындауда  келесі  міндеттердің  орындалуы 
маңызды:   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет