Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет40/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47

76-суретАТФ-аза ферменті белсенділігі өзгерісі (Images courtesy of John 

Faulknerand Timothy White)



76-суретте  ұзақ  уақыт  қозғалыс  жеткіліксіздігінен  АТФ-аза 

ферменті  белсенділігі  мен  бұлшық  ет  талшықтарының  өзгерістері 

көрсетілген.

Жұмыс кезінде, əсіресе, статикалық төзімділік жаттығуларында 

бұлшық ет күші, дəлдігі, шапшаңдығы мен төзімділіктің төмендеуі 

орын алады. Локомоциялар кезінде массаның жалпы орталығының 

тербелісі күшейіп, жүгіру мен жүру барысында қозғалыс тиімділігін 

шұғыл төмендетеді.  

Қозғалыс  белсенділігі  жеткіліксіз  болғанда  тыныс  алу  ӨТС, 

тыныс  тереңдігінің,  тыныс  алудың  минуттық  көлемінің  жəне  мак-

сималды  өкпелік  вентиляцияның  азаюымен  сипатталады.  Жұмыс 

кезінде  оттектік  сұраныс  пен  оттектік  қарыздылық  шұғыл  артады. 

Негізгі алмасу төмендейді. 

Жүрек-тамыр  жүйесінің  де  қызметі  бұзылады.  Жүрек  бұлшық 

етінің  атрофиясы  туындайды,  миокард  қоректенуі  нашарлайды. 

Нəтижесінде  жүректің  ишемиялық  ауруы  пайда  болады.  Жүрек 

көлемінің  азаюы  жүректің  қанды  аз  айдауына  (систолалық  жəне 

минуттық қан көлемінің төмендеуіне) əкеледі. Мұнда жүректің жиы-

рылу жиілігі дене жүктемесі кезіндегі іспеттес тыныштық күйде де 

жоғарылайды. 

Əлсізденген  қаңқа  бұлшық  еттері  (үлкен  қан  айналым 

шеңберімен)  қанның  венамен  қайтарылуына  тиісті  шамада    ықпал 



444

ете алмайды. Олардың жиырылу қабілетінің жеткіліксіз болуы не-

месе мүлдем жиырыла алмауы ауырлық күшіне қарсы тұра аяқтан 

жүрекке  қарай  кан  ағымын  жеңілдететін  «бұлшық  ет  насосы» 

қызметінің жойылуына əкеледі. Осы «перифериялық (шеткі) жүрек» 

жақтан  көмектің  болмауы  жүректің  қан  айдау  жұмысын  одан  əрі 

қиындата түседі. Қан айналым уақыты айтарлықтай арта түседі. Қан 

айналымдағы қан көлемі азаяды. 

Төмен  дене  жүктемелері  мен  тыныс  алу  тереңдігінің  біраз 

ұлғаюы орын алған жұмыс кезінде қан ағымына «тыныс алу насо-

сы»  да  септігін  тигізе  алмайды.  Өйткені  кеуде  қуысында  төменгі 

қысымның сору əсері мен диафрагма жұмысы жойылған. Қозғалыс 

белсенділігінің  төмендеуінің  барлық  аталмыш  салдары  қазіргі 

əлемде жүрек-тамыр ауруларының аса көбеюіне əкеліп соғып отыр. 

Эндокриндік  жүйеде  ішкі  секрециялық  бездер  қызметінің 

төмендеуі байқалады жəне олардың гормондар өндіруі азаяды.

Акинезия 

жағдайларында 

организмнің 

барынша 


ауыр 

зақымдалуы  жүреді  жəне  жүрек  соғу  жиілігі,  дене  температурасы 

жəне  т.б.  қызметтер  тəуліктік  биоырғағының  деңгейлестіруі  орын 

алады. 


Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу, əрекеттің 

бірсарындылығы (монотондылығы) жəне олардың адам 

организміне ықпалы

Адам организміне спортпен шұғылдану психикалық шектен тыс 

ширығу  тудыратын  үздіксіз  өзгермелі  жағдайлар  аясында  уақыт 

тапшылығы жағдайындағы жұмыстан бастап жүйке жүйесі тонусын 

елеулі төмендететін ұзақ бірсарынды жұмысқа дейін  сан алуан та-

лаптар қояды.



Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу

Спорттық күрес жағдайы, əсіресе, ситуациялық спорт түрлерінде 

(спорттық ойындарда, жекпе-жекте) адамда жүйке-психикалық шек-

тен  тыс  ширығуын  тудырады.  Қысқа  уақытта,  көбіне,  секундтың 

оннан жəне жүзден бір бөлігінде спортшы қорытып үлгеруге тиісті 

ақпараттың көп көлемі, оның жарысқа шығуының жоғары мотиваци-

ясы змоциялық стрестің туындауына, ал ерекше күрделі жағдайларда 

–  дистреске əкеледі. 



445

Стресс – ортаның күші мен қасиеті əртүрлі факторларына жауап 

ретінде туатын организмнің арнайы емес реакциясының жиынтығы.

Организмде күйзеліс кезінде жаңа жағдайларға икемделудің жал-

пылама реакциялары байқалады. Мұндай стереотипті жауаптардың 

жиынтығын Г.Селье бейімделудің жалпы синдромы деп атаған бола-

тын. Ол: абыржу, төзімділік (резистенттілік) жəне түгесілу (əлсіреу) 

сияқты 3 сатыдан өтеді.

1.  абыржу  сатысы  естен  тану  «шок» (шұғыл  вегетативті  ре-

акциялар)  жəне  оған  қарсы  (қызметтік  қорлардың  мобилденуі) 

кезеңдерінен тұрады;

2.  резистенттілік (төзімділік пен жоғары жұмысқа қабілеттілік) 

кезеңі;


3.  түгесілу жалпы функциялық күйдің төмендеуі, патологиялық 

реакциялардың дамуы жəне ең ақырында организмнің тіршілігінің 

тоқтауына əкелетін кезең. 

Аталмыш 


кезеңдер 

көп 


жағынан 

адаптация 

үдерісі 

(физиологиялық  абыржу,  бейімделушілік  жəне  дизадаптация) 

кезеңдерімен  ұқсас  келеді.  Айырмашылығы  адаптация  үдерісі  тек 

бейарнайы ғана емес, арнайы бейімделу реакцияларынан да тұрады 

(Бейімделу туралы толығымен 2-тарауда баяндалған). 

Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу адам мен əлеуметтік та-

лаптар сай келмегендігінен болады. Бұл көбінесе өндіріс жағдайын-

да,  қызмет  бабында  жиі  кездеседі.  Шектен  тыс  белсенділік, 

тығырыққа ұшырауы, т.с.с. психикалық факторлар жүйке жүйесінің, 

жүрек-қан  тамырларының  жəне  басқа  тіршілікке  маңызды 

мүшелердің қызметін төмендетеді. Соның нəтижесінде организмнің 

ауруға  төзімділігі,  яғни  иммундық  қасиеті  төмендеп,  биологиялық 

қоры азаяды. 



Стресс факторларына сыртқы, ішкі кездейсоқ шамадан тыс əсер-

лер жатады. Тосыннан кездейсоқ əсер болғанда организм тығырыққа 

ұшырайды,  адамның  қанында  адреналин,  кортизол  гормондары 

көбейіп, қаны тасып, жүрегі қобалжып, еріксіз іс-қимылдары туады. 

Кортизол гормонын халық арасында «өлім» гормоны деп те атайды. 

Организмнің  төзімділігі  артып,  тығырықтан  шығу  амалы  жасала-

ды. Стресс көпке созылғанда адамның денсаулығына зиян келтіреді: 

қанның  қысымы  артады,  жүрек  соғу  ырғағы  жеделденеді,  ішек-

қарынның қозғалысы күшейеді, зат алмасуы баяулайды, иммундық 

жүйенің бейімделгіш төзімділігі төмендейді.

Спортта стрестік жағдайлар əртүрлі көрініс беруі мүмкін. 


446

Физикалық стресс спортшының жоғары қарқындылықты қимыл 

əрекеті  кезінде  туындайды,  алайда,  эмоциялық  күйзелістерге  еш 

қатысы жоқ. 

Эмоциялық стресс жарыс кезінде жүйке-психикалық шектен тыс 

ширығумен көрініс береді жəне организмнің қызметтік қорларының 

мобилденуі  мен  айтарлықтай  психикалық,  вегетативтік  жəне 

гормондық реакциялар тудырады. 

Организмдегі  барлық  құбылыс  орталық  жүйке  жүйесі  мидың 

қозуынан  басталатыны  белгілі.  Кез  келген  жағымсыз  құбылыс  ал-

дымен, мидың елегінен өтеді. Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе 

қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды.

Дене  жаттығулары  кезіндегі  адреналин,  норадреналин,  глю-

кагон,  кортизол  жəне  глюкоза  концентрацияларының  өзгерістерін 

жаттығуға  дейінгі  мəнмен  салыстыру  барысында  адреналин  мен 

норадреналиннің  жоғарылап,  ал  кортизол  деңгейінің  сəл  төмендеп 

барып, 30 минутқа дейін дереу көтеріліп, одан соң қайтадан біртіндеп 

азаюын байқауға болады (77-сурет).

Осымен  бір  мезетте  вегетативті  жүйке  жүйесі  жұмысын  бас-

тайды,  тыныс  жиілігі  артады,  артериялық  қан  қысымы  көтеріледі, 

жүрек  соғысы  жиілейді,  аритмия  жоғалады  десе  де  болады,  зат 

жəне  энергия  алмасу  күшейеді,  ЭМГ  амплитудасы  артады,  қаңқа 

бұлшық еттерінің жиырылу күші жоғарылайды, ЭЭГ-да тыныштық 

ырғағы  (альфа-ырғақ)  азаюы  жəне  тета-ырғақ  көрінуі,  бета-

ырғақтың белсенуі байқалады, зейін концентрацияланады. Сонымен 

стресті жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген 

өзгерістер  жүзеге  аса  бастайды.  Бұл  аталмыш  реакциялар  жоғары 

жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз етеді. 

Организмді жұмылдыратын жəне тілекті тиімділікпен біріктіре-

тін  тиімді  стресс – эустреспен  қатар  дистресс  те  кездеседі.  Дис-

тресс – іс-əрекеттің  орындалуына  кедергі  келдіретін,  организмнің 

жұмылу деңгейін төмендететін стресс. Эустресс барысында таным 

үдерістерінің жəне өзіндік сананың белсенділігі, шындықты, есті са-

налау жүзеге асады. Дистресс негізінде адам түрлі физиологиялық 

ауруларға  шалдығуы  ықтимал,  мидың  кейбір  бөлімдерінің  қанмен 

жабдықталуы  нашарлайды,  жүректің  жиырылу  жиілігі  сирейді, 

артериялық  қан  қысымы  төмендейді,  қимыл  реакцияларының 

уақыты  ұзарады  жəне  қозғалыс  белсенділігі  төмендейді.  Спортшы 

бірнеше мəрте стресс алса, спорттық зақым алу (травматизм) жиілігі 

артады. 


447

77-сурет. ОМП немесе VO

2

max 65% тең қарқындылықты циклдік 



жаттығулар кезіндегі адреналин, норадреналин, глюкагон, кортизол жəне 

глюкоза концентрацияларының өзгерістері (A. Giovanelli мəліметтері 

бойынша)

Эмоциялық стресс – бұл қақтығысты өмір жағдайларында, адам-

ның  əлеуметтік  жəне  биологиялық  қажеттіліктерін  қанағаттануын 

ұзақ  уақыт  шектейтін,  айқын  көрінетін  психоэмоциялық  бастан 

кешулері.  Ересектерге  қарағанда  балалар  эмоциялық  стреске  жиі 

ұшырайды,  өйткені  олар  сезімтал  жəне  эмоциялы  жараланғыш, 

жағдайларға 

бейімделушілігі 

төмен. 

Эмоциялық 



стресс 

гомеостаздың  бұзылуына  байланысты  бейімделушіліктің  кемістігі 

ретінде қарастырылады. 

Спортшыларда  эмоциялық  стресс  неғұрлым  мақсатқа  жету 

маңыздырақ жəне қолжетімді ақпараттар мен иелігінде бар уақытта-

ғы  энергия  азырақ  болған  сайын  соғұрлым  айқынырақ  көрінеді. 

Жаңа элементтер мен жағдайдың белгісіздігі спортшы организміне 

стресс əсерін жоғарылатады. 

Жүйке  үдерістері  күшті  жəне  салмақты,  өз  күштеріне  сенімді, 

мол  тəжірибелі  спортшыларда  жүйке-психикалық  шектен  тыс 

ширығу  күйі  анық  байқалмайды.  Оларда 1-кезең  жылдам  өтеді, 

2-кезең  ұзақ  əрі  тұрақты  болады,  ал 3-кезең  өте  сирек  кездеседі.  

Дайындықтары азырақ, жүйке жүйесі əлсіз немесе салмақсыз спорт-

шыларда, керісінше, 1 жəне 3-кезеңдер айқын көрінсе, 2-кезең аса 

байқалмайды. 


448

Əрекеттің монотондылығы (бірсарындылығы)

Басқа  адамдарға  сияқты  спортшыға  да  жаңа  ақпараттарды, 

қимыл жəне тактикалық міндеттерді шешудің жаңа жолдарын іздеу 

жағымды эмоцияның көзі болып табылады. Біртекті қимыл актілерін 

ұзақ уақыт орындау кезінде (мысалы, орташа қуаттылықты циклдік 

жұмыс  кезінде)  ақпараттар  келуінің  айтарлықтай  азаюынан  зерігу, 

жаттығуға  қызығушылықтың  кемуі,  қызметтік  мүмкіндіктердің 

төмендеуі туындайды. 

Əрекеттің  монотондылығы – көптеген  қарапайым  стереотипті 

қозғалыстардан тұратын біркелкі жұмыстан туындаған күй. 

Мұндай  жұмыс  адамда  психикалық  белсенділік  күйінің 

төмендеуін,  немқұрайлылық,  шаршау,  ұйқы  басуын,  ЖЖЖ  мен 

ТЖ сиреуін, жұмыс атқаратын бұлшық еттердің ЭМГ амплитудасы 

төмендеуін, жұмысқа қабілеттіліктің азаюын тудырады. 

Монотония  күйінің  туындау  механизмдерінің  бірі  əдеттену  бо-

лып табылады. Егер қандай да бір стимул (тітіркендіргіш) көп мəрте 

қайталана  берсе,  онда  оған  зейін  əлсірейді,  реакция  төмендейді, 

яғни  оның  жаңалығы  жоғала  бастайды.  Қарапайым  қимыл 

дағдыларының  автоматизациясы  үдерісінде  эмоциялық  күйзеліс 

прогрессивті (ілгерінді) түрде төмендейді. Мұнда қоршаған ортадан 

миға қабілеттілікті арттыратын сенсорлық сигналдар келмеген кезде 

мидың жоғары бөлімдері белсенділігінің төмендеуін тудыратын  ми 

бағанының бейарнайы тежелу бөлімдері белсендіріледі. Монотонды 

əрекет кезінде қозғалыстарды басқаруда мидың оң жəне сол жақ жар-

ты  шарларының  рөлі  өзгереді.  Оңқай  спортшыларда  мидың  доми-

нантты болатын сол жақ жарты шары белсенділігінің төмендеуі жəне 

жетекші болып табылмайтын оң жақ жарты шар рөлінің жоғарылауы 

байқалған. Бұл жұмысты əрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береді, 

бірақ оны əсерін азырақ  тиімді етеді. 

Түрлі адамдар монотонды жұмысты əртүрлі қабылдайды. 

Монотонияға  қарсы  тұрудың  басты  факторы  жүйке  жүйесінің 

туа біткен қасиеттері болып табылады. 

Бұл  жағдайларда  жүйке  үдерістері  күшті,  салмақты  жəне 

баяу  болып  келетін  флегматиктер  табысты  жұмыс  атқара  алады. 

Жоғары  білікті  шаңғышы-жарыскерлер,  стайер-желаяқтар  мен  тас 

жол-велосипедшілерді  зерттеу  барысында  аталмыш  спорт  түрлері 

бойынша  спортшылардың  негізгі  үлесін  флегматиктер  алатыны 

дəлелденген. 



449

Спортшының жеке бас ерекшеліктерінің де маңызы бар. Экстра-

верттерге  қарағанда  интроверттер  монотонды  жұмыстарды  жеңіл 

атқара  алады.  Бұл  терминдерді  Швейцария  психологі  Карл  Густав 

Юнг қолданысқа енгізген.

Экстраверттерге: 

1. Адамдармен тез араласуға бейім тұратын;

2. Публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын;

3. Кез келген əрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адамдар жата-

ды, ал интроверттерді:

1.  Жалғыздықты сүйетін;

2.  Өз-өзімен сөйлескенді ұнататын;

3.  Ішкі əлемінде өмір сүретін жандар құрайды. 

Монотондылықпен  күрес  үшін  спортшылардың  орын  ауыс-

тыру  жылдамдығын  түрлендіру,  əртүрлі  арақашықтық,  бəсеке 

жағдайларын тудыру жəне т.б. қолданады. Соңғы уақытта фартлек 

жаттығулары қолданысқа ие. Фартлек – жаттығуды қайталау бары-

сында  орындау  жылдамдығы  өзгеріп  отыратын  жаттығу.  Əртүрлі 

ритмді фартлек бұл 45-60 минут аралығында кроссқа жүгіру кезінде 

өзінің  мүмкіндігіне  қарай  бірнеше  рет  жылдам  қарқында  жүгіруді 

іске  асырады.  Аталмыш  жаттығу  əдісі  ХХ  ғасырдың 30-жылдары 

Швециядан бастау алып, көбіне ұзақ қашықтық желаяқтар арасында 

қолданылады. Бұл басты мақсат қашықтық пен уақыт емес, рақаттану 

болып  табылатын  жаттығудың  еркін  түрі.  Жаттығу  сабақтарын 

көбіне  ауылды  жерлерде  өткізеді.  Спортшы  маршрут  сияқты 

жүгіру жылдамдығын да өзі таңдайды. Көптеген жаттықтырушылар 

фартлекті қандай да бір спорт түріндегі монотондылықты бұзу үшін 

қарқындылығы жоғары жаттығу жүктемелеріне немесе интервалды 

жаттығу программасына қосымша ретінде қолданылады. 

Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері жəне 

олардың организмге əсері

Дене  тəрбиесінің  негізгі  құралына  дене  жаттығулары, 

жаратылыстың  табиғи  күштері  мен  гигиеналық  факторлар  жа-

тады.  Дене  жаттығулары – дене  тəрбиесі  міндеттерін  шешуге 

қажетті адамның қимыл əрекеті, яғни бұл саналы түрде орындалған 

қимылдар  жəне  қозғалтқыш  əрекеттер.  Оның  негізгі  міндеті – 



450

халықты сауықтыру жəне жұмысқа қабілеттіліктерін арттыру. Дене 

жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын жəне тыныс алу 

мүшелерін дамытады.



Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері

Сауықтыру  дене  жаттығуларының  сан  алуан  түрлерін  қолдану 

адам  денсаулығын  сақтау  мен  жақсартуға  əкеледі.  Сонымен  қатар 

олар қоғамда жалпы білім беру, танымдық (туризм), реабилитация-

лық (емдік дене шынықтыру), кəсіби (өндірістік гимнастика, кəсіби-

қолданбалы дене дайындығы) сияқты басқа да міндеттерді шешеді. 

Дене  жаттығулары  моторлық-висцералдық  рефлекстерді  сти-

мулдай отырып, ұлпаларда зат алмасу үдерістерінің жылдамдауына, 

гуморалдық үдерістердің белсенуіне əкеледі (30-кесте).  

30-кесте

Организм мүшелерінің тыныштық күйде жəне дене 

жүктемелері кезінде тотығу поцестеріне қатысуы (Баркрофт 

бойынша сағатына см

3

 О

2

 )

Мүше

Максималды 

тыныштық

(наркоз)

Максималды дене 

жұмысы

Көлденең-жолақты 

бұлшық ет

12,9


59

Жүрек


2,0

254,0


Сілекей бездері

0,9


1,1

Бауыр


7,9

21,1


Ұйқы безі

0,7


1,4

Бүйрек


1,6

4,2


Дене жаттығуларына гимнастика, ойындар, туризм жəне спорт, 

дене тəрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнасти-

ка, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Гимнастика  түрлері  негізгі  жəне  гигиеналық  гимнастика, 

спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік 

гимнастика жəне емдік гимнастика болып табылады. 

Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тəрбиелейді.

Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіш-


451

тікке жəне қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды 

жеңуге тəрбиелейді.

Спорт – оқушылардың  денсаулығын  нығайтатын,  дене  күшін, 

қозғалыс дағдыларын жəне моральдық-еріктік қасиеттерін дамыта-

тын дене тəрбиесінің құралы.

Гимнастика – арнайы  жаттығулар  жүйесінен  тұратын,  адам 

денсаулығын  нығайту  жəне  оның  денесінің  үйлесімді  дамуы 

үшін  қолданылатын  дене  шынықтыру  мен  əдістемелік  тəсілдер.  

Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіkegymnazіo – жаттығу 

жасаймын,  жаттықтырамын)  акробатика,  көркем  гимнастика  жəне 

спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамуда.

Гимнастиканың  əртүрлі  түрлерінің  (таңертеңгілік  гигиеналық 

гимнастика,  өндірістік  гимнастика,  судағы  гимнастика)  сауықтыру 

əсері бар.

Таңертеңгілік  гигиеналық  гимнастика  күні  бойы  организм 

қызметінің  белсенуіне  əкелетін,  яғни  таңертең  ұйқыдан  кейін 

организмнің  жұмыс  істеу  қабілетін  қалпына  келтіруді  тездететін 

(активті,  пассивті  жəне  аралас)  дене  жаттығулары.  Ұйқы  кезінде 

адамның  орталық  жүйке  жүйесі  де  тынығады.  Бұл  кезде  жүректің 

соғысы  азайып,  тыныс  алуы  баяулайды,  бұлшық  еттері  босаңсып, 

организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке 

жүйесі мен əртүрлі мүшелердің қызмет белсенділігі арта бастайды. 

Алайда, белсенділікке көшу үдерісі ұзаққа созылып кеткен жағдайда 

оның жұмыс қабілеттілігіне (дене жəне ой еңбегінде де) елеулі əсер 

ететіні  ақиқат.  Ондайда  адамның  ұйқысы  ашылмай,  дел-сал  күйде 

жүреді, ашушаң болады. Ал таңертеңгілік гигиеналық  жаттығуларды 

орындау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар 

ұйқыдан кейінгі миды тежелу күйінен арылтады, жұмыс атқарушы 

бұлшық еттерден түскен афферентті импульстар арқылы ОЖЖ то-

нусын  жоғарылатады,  сезім  мүшелері  белсенділігін  арттырады, 

жүрек  бұлшық  еті  жұмысын  белсендіріп,  веналық  қан  айналысын 

жылдамдатады,  тыныс  алу  тереңдігін  ұлғайтады,  лимфа  айналы-

мын күшейте, ұлпалардың ісінуінің алдын алады. Нəтижесінде ішкі 

мүшелердің  жұмыс  істеу  қабілеті  жақсарып,  өзін  сергек  сезінген 

адамның еңбекке деген ынтасы да артады. Таңертеңгілік гигиеналық 

жаттығуларды келесі принциптерге сүйене отырып істеген жөн. Ең 

бастысы – жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек 

қозғалысқа  түскені  дұрыс.  Жаттығулар  бірте-бірте  күрделене 



452

түсуге тиіс: бірақ бұл алғашқы жаттығуларға қатысты емес. Əйтсе 

де  жаттығу  комплексін  аяң  жүрістен  бастайды.  Аяң  кезінде  адам 

организміне  үлкен  күш  түспесе  де,  жүйке  орталықтары  біртіндеп 

қалыпты деңгейге келеді де, тыныс алу органымен жүрек өз қызметін 

қайтадан  жандандырады.  Жаттығуды  керілуден  бастауға  да  бола-

ды:  бұл  нұсқа  көбіне  денсаулығы  нашар,  қартаң  адамдарға  дұрыс. 

Мұндай жағдайда аяңдау екінші жаттығудың орнына жүреді. Одан 

кейінгі  жаттығулар  анатомиялық  принцип  бойынша  бүкіл  дененің 

бұлшық еттерінің əртүрлі бөліктеріне қаншалықты əсер ететіндігіне 

қарай таңдалып алынады. Таңертеңгілік дене жаттығулары су про-

цедураларымен  ұштасса,  ол  тері  рецепторларына  əсер  ете  отырып 

организмнің шынығуын қамтамасыз етеді. 

Соңғы  уақытта  ақыл-ой  мен  дене  еңбегі  өнімділігін  артты-

рып,  кəсіби  аурулардың  азаюына  əкелетін  өндірістік  гимнасти-

ка  кең  таралып  келеді.  Жұмыс  бастар  алдында  кіріспе  гимнасти-

каларын  қолдану  организмнің  бабына  келуіне  əкеледі,  кішкене 

дене  шынықтыру  (физкультура)  минуты  мен  үзілістері  белсенді 

тынығудың жақсы жолы болып табылады, ал қалпына келтіру гим-

настикалары жұмыстан кейін организмнің қалпына келу үдерістерін  

жақсартады.  Оқушылар  сабақтан  кейін  орындайтын  өндірістік 

гимнастикалар  кешені 1 ауысымда 1-2 рет  болатын 3-7 минуттық 

бірнеше  жаттығулардан  тұрады.  Əсіресе,  аталмыш  гимнастикалар 

ұзақ отырып, қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қатысуымен монотон-

ды  жұмыс  істейтін  сағат  зауыттарына,  тігін  фабрикаларына,  ком-

пьютер  залдарына,  кеңселерге    жəне  мектептерге  (əсіресе, 1-4 сы-

нып)  аса  қажет.  Өндірістік  гимнастиканың  мақсаты – жұмыстан 

кейін бұрынғы күйге жетудің маңызды əдісінің бірі активті тынығу. 

Активті тынығу феноменін, яғни активті əрекеттен демалыс кезінде 

жұмыс қабілеттілігінің жоғарылауын И. М. Сеченов ашқан болатын 

(активті тынығу туралы 5-тарауда толығымен баянадалған). 



Емдік  гимнастика  адам  денсаулығының  қалпына  келуін 

қамтамасыз етеді. Ол сырқаттың түріне байланысты тар көлемді ар-

найы бағытталған болады. 

Қазтабанмен, күрекшемен жүзу жəне судағы гимнастика – ем-

деу  жəне  алдын  алу  мақсаттарында  дене  жаттығулары  мен  судың 

температуралық əсерінің үйлесуі. Суда болу жылу берілу мен зат ал-

масуды айтарлықтай жоғарылатады, гемодинамиканы белсендіреді. 

Жүзу  мен  суда  дене  жаттығуларын  орындау,  судағы  ойындар 



453

организмге  жалпы  əсер  етеді,  зақымдар,  контрактура,  каксартроз, 

т.б  кезінде  буындардың  қозғалысын  жақсартады,  бұлшық  еттердің 

жаттығу дəрежесін арттырады, ауырсыну синдромдарын жояды, со-

нымен  қатар 26-28,5°С  су  температурасы  кезінде  шынықтырғыш 

фактор ретінде əсер етеді жəне температура 38°С жоғары болғанда 

бұлшық еттердің релаксациясын тудырады. 

Гидрокинезотерапия  веналардың  варикоздық  (түйнеліп  кеңеюі) 

аурулары,  остеохондроз,  семіздік,  колит,  холецистит,  қант  диабеті 

жəне т.б. аурулар кезінде қолданылады. Судағы сабақ 15-45 минут-

тан аптасына 3-4 рет жүргізіледі. Жүктеме мөлшері, жаттығуларды 

қайталануы, олардың саны жəне т.б. біртіндеп ұлғайтылып отырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет