Рассказал директор по от и пб андрей Маркин 2 Практика действий, а не корректирующих мероприятий



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата31.03.2017
өлшемі20,22 Mb.
#10719
түріРассказ
1   2   3   4

Бетті әзірлеген Ардақ БЕРІК 

96-99-10 - баспасөз қызметі. Біз сіздердің хаттарыңызды мына мекен-жай бойынша күтеміз: Теміртау қ-сы, Республика д-лы, 1

Қауіпсіздік техникасы, біліктілікті жоғарылату, қызметкерлер құрамын таңдау, санаторийлерге жолдамалардың қолжетімділігі, 

жаңа технологиялар, зауыт басқармасының асханасында көрсетілетін қызмет сапасы, осы және басқа да көптеген өзекті 

мәселелер зауыт басқармасында өткен 2016 жылдың соңғы «дөңгелек үстелі» барысында талқыланған болатын.

Комбинат жұмысшыларының көкейкесті 

мәселелері көтерілген кездесу

>

Дөңгелек үстел 



Қауіпсіздік 

техникасы

- Инженерлерге 

маусымдық күрткелер 

берілмейді, сондықтан 

жазғытұрым мен күз 

мезгілдерінде ыңғайсыз 

фуфайкамен жүруге тура 

келеді.

- Жұмыс киімдері типтік 

салалық нормативтерге 

сай беріледі. Және 

онда маусымдық киім 

қарастырылмаған, - деп 

жауап берді ЕҚ, ҚТ және ӨҚБ 

басшысының м.а. Александр 

Никифоров. – Егер норматив 

өзгертілмеген жағдайда 

(ал ол тек кәсіподақтың 

қатысуымен келіссөздер 

жүргізу жолымен ғана өзгеруі 

мүмкін), бүгінгідей болып 

қала береді. 

- «Вьюга» костюмінің 

күрткесі желден мүлде 

қорғамайды. Оны 

қалыңдатуға болады ма?

- «Вьюга» костюмі 

арқаны жылылайтын 

жартылай комбинезонмен 

жиынтықталған. Егер сіздің 

жұмысыңызға бұл жеткіліксіз 

болса, оны жылы астары 

бар мақта-мата күрткеге 

ауыстыруыңызға болады. 

Оның арқасында үш қабат 

ватині бар.

Қызметкерлер құрамы 

жөніндегі директор Анна 

Адом бұған былай деп қосты:

- Бізге осыған дейін басқа 

цехтардан да осыған 

ұқсас сұрақтар қойылған 

болатын. Иә, өкінішке орай, 

синтепонның жылудан 

қорғау қасиеттері төмен. 

Егер оны өте суықта киюге 

арнап тігетін болсақ, киім 

өте үлкен, көлемді болып 

шығады. Сондықтан мақтаны 

синтепонға ауыстыру 

мүмкін емес. Бүгінгі күні бұл 

материалдың аналогі әлі 

табылған жоқ.  



- Неліктен инженерлік 

корпустағы лифттің 

техникалық куәландыру 

мерзімі өтіп кеткен?

- Лифт іс жүзінде 

техникалық куәландырудан 

өтіп, оның ары қарай 

қолданылуына рұқсат 

алынған. Зерттеу 

мамандандырылған ұйыммен 

жүргізілген, және құжаттары 

ресімделу үстінде, ал 

тақтайша ауыстырылған. 

Бірақ ескертеңіз үшін рақмет. 

Еңбекақы

- Не себептен индекстеу 

болған жоқ, келесі жылы 

ол бола ма, және ол қалай 

есептеледі?

- «Жалақыға индекстеу 

жүргізу туралы ережеге» 

сәйкес 2016 жылдың 1 

қаңтарынан бастап барлық 

тарифтік төлемдер мен 

еңбекақы 6,8% өсірілген – бұл 

инфляцияның ресми түрде 

бекітілген деңгейінің тең 

жартысы, - деп жауап берді 

өтемақылар мен жеңілдіктер 

бөлімінің басшысы Светлана 

Андрейчук. – Индекстеудің 

екінші бөлігі біз бен сіздің екі 

көрсеткішке қол жеткізген 

жағдайда ғана төленеді. 

Ережеде бұл туралы былай 

делінген: индекстеу EBITDA 

бойынша бизнес-жоспар 

орындалған және конвертер 

болатының өндіріс көлемі 

85 пайыздан жоғары болған 

жағдайда ғана төленеді. 

Бізде болат өндірісі бойынша 

жоспар орындалып, екіншісі 

орындалған жоқ. Сол себепті 

де индекстеудің екінші бөлігі 

төленуге тиіс емес. Бірақ 

компания әкімшілігі мен 

кәсіподақ индекстеудің екінші 

жартысы 3,7% көлемінде 

төленуі туралы өзара 

келісімге келген болатын. 

Бұл 2015 жылғы төленген 

пайыз. 2017 жылы жалақыны 

индекстеу сол сияқты 

«Ережеге» сай жүргізілетін 

болады.


Қызметкерлерді 

іріктеу және 

біліктілікті жоғарылату

- Біліктілікті арттыру 

қалай жүзеге асырылады?

- Жұмыс типіне және 

бөлімше құрылымы 

бойынша басшы келер жылға 

мамандары мен олардың 

біліктілігі анықталатын 

жоспар құрылады, - деп 

жауап берді Анна Адом. – 

Егер адам жеткіліксіз болса, 

ол біліктілікті жоғарылату 

үшін оқытуға өтінім жасайды. 

Егер ондай өтінім жоқ болса, 

басшы оны жоспардан 

тыс жасай алады, бұндай 

жағдайда еңбекақы қорын 

артық жұмсау орын алады, 

өйткені кез келген біліктілікті 

жоғарылату – бұл алдын ала 

ескерілуі керек еңбекақының 

жоғарылауы. Бұл ретте негізгі 

мәселе басшы мен жоспарға 

тіреледі. 



- Комбинатқа жұмысқа 

кімдер қабылданады? 

Қызметкердің бейіні 

мен позициясын кім 

қалыптастырады?

- Үміткердің позициясына 

қойылатын талаптардың 

сипаттамасын 

қалыптастыруға жұмысқа 

қабылдаушы, яғни басшы 

жауап береді, - дейді Анна 

Адом. – Қызметкерлер 

құрамы қызметі 

сипаттаманың орындылығын, 

компания ішінде қабылданған 

форматқа сай болуын 

қадағалайды. Қалғанының 

барлығын басшы анықтайды, 

дегенмен, заңнамен қатаң 

реттелетін позицияларды 

санамағанда. Басшы 

талаптарды орнатады, 

сондай-ақ адамды штатқа 

қабылдау туралы шешуші 

сөзді айтатын да сол.

Тамақтану 

- Зауыт басқармасының 

дәліздерінде асханада 

дайындалып жатқан 

тамақтың иісі шығып 

тұрады, бұл неліктен? 

- Зауыт басқармасының 

асханасын жөндеуден өткізу 

үшін тендер өткізілуде. 2017 

комбинат асханаларындағы 

бағалардың ойға қонымды 

екендігі анықталған.   

Жаңа технологиялар

- Жаңа жабдықтармен 

қалай танысуға, көрмелерге 

баруға болады? Жаңа 

технологиялар жайлы 

ақпаратты қайдан алуға 

болады? 

- Технологиялық 

жабдықтардың шефмонтажы 

оны жеткізуші ұйымдармен 

жасалады. Сондықтан оны 

баптау және қолдануға 

қатысты барлық сұрақтарды 

жылдың басында мердігер 

жұмысқа кірісетін болады. 

Желдеткіш қораптар орнату 

арқылы бұл мәселені 

шешетін боламыз, - деп 

жауап берді «АрселорМиттал 

Теміртау» АҚ асханалары 

жұмысына жетекшілік етуші 

Нұрлан Рыспеков.



- Зауыт басқармасының 

немесе инженерлік корпус 

ғимараттарында таңғы 

сегізден жұмыс істейтін 

буфет ашу мүмкіндігі бар 

ма?

- Әрине, бұны жасауға 

болады, бірақ оның не 

үшін қажет екендігін түсіну 

қажет. Қызметкерлер жұмыс 

уақытын буфетке емес, 

міндеттерін орындауға 

жұмсауы керек. Оның үстіне 

бізде асхана бар емес пе.

- Зауыт басқармасының 

асханасында әзірленетін 

тағамдардың сапасын 

тексеріледі ме?  

- Бұл жұмысты тамақтану 

мәселелері жөніндегі 

менеджер медициналық 

мәселелер жөніндегі 

басқарма өкілдерімен бірлесе 

отырып жүргізеді. Бізде 

асханалардағы тағамдардың 

сапасын тексеріп отыратын 

арнайы дәрігер бар. 

Сондай-ақ металлургтерді 

тамақтандыруды 

ұйымдастырумен 

айналысатын мердігер 

ұйымының өндірістік бөлім 

басшысы, технологтары 

мен санитарлық дәрігерлері 

бар. Егер комбинат 

асханаларында ұсынылған 

тағамдардың сапасына 

қатысты шағымдарыңыз 

болса, «Металлург» газетінде 

көрсетілген жедел желі 

телефондарына бірден 

хабарлаңыздар. Баға 

мәселесі де көтерілген 

болатын. Қараша айында 

құрамына әкімшілік, «Backup 

Service Resorts» ЖШС 

және «Жақтау» кәсіподақ 

ұйымының өкілдері 

енген арнайы комиссия 

қаламыздағы қоғамдық 

тамақтану орындары 

бойынша рейд жасаған 

болатын. Нәтижесінде, 

оны іске қосуға дайындық 

жұмыстары кезінде 

қоюға болады, - дейді 

технологиялар және 

технологиялық мәселелер 

жөніндегі директор Андрей 

Дьяков. 

Жаңа технологиялар 

мәселесіне келетін 

болсақ, олар компания 

ішінде, технологиялар 

мен сапа қызметі мен 

бөлімшелер күшімімен 

жүзеге асырылады. Жаңа 

технологияларға қатысты 

барлық сұрақтарыңызды 

комбинаттың техникалық 

бөліміне қоя аласыз.  

Компания өкілдері үнемі 

көрмелерге қатысып тұрады. 

Сонымен қатар, көптеген 

компаниялар өз өнімдерінің 

тұсаукесерін «АрселорМиттал 

Теміртау» АҚ комбинатында 

өткізіп жатады. Көрмелерден 

әкелінген буклеттермен 

танысқысы келетіндер тағы 

сол комбинаттың техникалық 

бөліміне жүгіне аласыздар.  

Негізгі және қосалқы 

бөлімшелердегі озық 

тәжірибелерді зерттеумен, 

жаңа технологияларды 

енгізумен техникалық 

директордың қызметі 

айналысады. Сонымен қатар 

әр цехта үздіксіз жақсарту 

бөлімінің мамандары жұмыс 

істейді. Олардың міндеттеріне 

өндірістегі жағдайды зерттей 

келе тиімділікті арттыру және 

жаңа технологияларды енгізу 

бойынша ұсыныстар жасау 

жатады. 


Андрей Дьяков өз сөзінде 

әр басшының ұжым ішінде 

қызметкерлердің тәжірибе 

алмасуына және оқуына 

бағытталған шараларға бұра 

отырып жұмыс жүргізуі керек 

екендігін қадап айтты. 

Жолдамалар жайында

Зауыт басқармасы 

мен инженерлік 

корпус жұмысшылары 

жолдамалардың бағасының 

жоғары екендігін және 

жолдамалардың санының 

тым аздығын айтып 

шағымданды.

- Ұжымдық келісімшартқа 

сай Басқарма жыл сайын 

жолдамаларға 48 миллион 

теңге бөледі, - деп жауап 

берді «Жақтау» кәсіподақ 

ұйымының төрағасы Виктор 

Щетинин. – Кәсіподақтың 

жарналарынан біз биыл 

жолдамалар сатып алуға 16 

миллион теңге жұмсадық. 

Сондықтан демалу 

немесе емделу мүмкіндігі 

комбинаттың барлық 

жұмысшыларында бар. 

Егер тек зауыт басқармасы 

бойынша мәліметті алатын 

болсақ, мұнда үстіміздегі 

жылдың он бір айында 475 

жолдама сатып алынған, бұл 

қызметкерлер санының 900 

екендігін ескеретін болсақ, 

жақсы көрсеткіш.

- Неліктене 

жолдамалардың орнына 

жұмысшыларға емдік 

жәрдемақы төленбейді?

- Әлеуметтік жеңілдіктерді 

ақшаландыру деген ұғым 

бар. Ол бойынша жолдама 

сатып алуға кететін ақшаны 

компания жұмысшыға 

ақшалай беріледі, - деп жауап 

берді Анна Адом. Мәселе 

жиі бұл ақшаның емдік 

мақсатта емес тұрмыстық 

мақсатта жұмсалып кетіп, 

нәтижесінде жұмыскердің 

денсаулығына қайта 

шағымданып келетіндігінде. 

Бірақ компания шығынның 

бұл бабын қосымша 

қаржыландырмайды. Сол 

себепті бұл өте даулы 

мәселе. Әлбетте, біз жаңа 

ұжымдық келісім шарт 

жасағанда бұл мәселені 

де көтеретін боламыз. 

Кейбір жеңілдіктерді мүмкін 

ақшаландыруға болатын да 

шығар, бірақ денсаулыққа 

қатысты көмекті тікелей 

көмек ретінде қалдыру керек 

сияқты. Денсаулық мәселесі 

өте маңызды. Сол себепті 

егер адам өз денсаулығына 

мән бермесе, компания мұны 

өз қадағалауына алуы тиіс. 



«Дөңгелек үстел» соңында 

ұйымдастырушылар 

жиналғандардың келесі 

жолы нақты сұрақтар 

қоюын өтінді, өйткені 

қандайда бір жағдайға 

пікірін білдіргісі 

келгендерге нақты жауап 

беру қияндық тудырады.

1    АО "АрселорМиттал Темиртау"   11.01.2017 №2

1 Компания 1 Общество 1 Газета

7

«АрселорМиттал» кәсіпорындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің «тікелей желісі»: 96-09-09. E-mail: Hotlinetemirtau@arcelormittal.com



Желтоқсанның соңғы күндерінде Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығы тағайындалып өз 

номинациясы бойынша үздік танылғандарына табыс етілді. Лауреаттар қатарында «АрселорМиттал Теміртау» 

АҚ металлургиялық комбинатының қызметкері Елдос Нұрмұхамбетовтың есімі де бар. Орталық метрология 

зертханасының БӨАжәнеА слесарі «Жылдың үздік жас жұмысшысы» номинациясында жеңіске жеткен.

Қарағанды өңірінің жас 

белсенділерді марапаттау 

салтанаты «Нұр Отан» 

партиясының филиалында 28 

желтоқсан күні өтті. 

- Наградаларды бізге 

Қарағанды облысының 

жастар ісі Кеңесінің отырысы 

барысында табыстады, 

- деп бастады әңгімесін 

Елдос Нұрмұхаметов. – 

Марапаттауды облыс әкімі 

Нұрмұхамбет Әбдібеков 

өзі табыс етті. Және бұл 

өте күптігей сәт болды. 

Ол менің қолымды қысып 

тұрып, комбинатта қашаннан 

бері жұмыс істеп келе 

жатқандығымды сұрады, 

бойыма таңданды (201 см).



- Елдос, сіздің «Қайнар» 

сыйлығының лауреаттары 

ішіндегі ең бойшаңы 

болғандығыңыз түсінікті. 

Басқа қатысушылар 

жайында айта отырсаңыз?

- Бұл айтулы сыйлықты 

алуға 174 жас өтінім 

бергендігін білемін. 

Жеңімпаздарды жас 

көшбасшылар, қалалар мен 

ауылдардағы мамандар, 

журналистер, студенттер,, 

жоғарғы сынып оқушылары, 

спортшылар, отан 

қорғаушылары, ақындар, 

ғалымдар мен жұмысшылар 

арасынан таңдаған. 

Сондай-ақ «Жылдық үздік 

шығармашылық тобы» мен 

«Жылдың үздік әлеуметтік 

жобасы» деген номинациялар 

болды. Қорытындысында 

ұйымдастырушылар 13 

жеңімпазды анықтады. 

Мен «Жылдың үздік 

жас жұмысшысы» 

номинациясында жеңімпаз 

болып танылдым. 



- Бұл байқауға қатысу үшін 

не істеу керек?

- Ең бастысы – 

ықыласыңның болуы шығар. 

Мен де солай жасадым. 

Өтінім бердім, айтпақшы 

екінші рет. Бірінші рет 

алдыңғы жылы өтінім жасаған 

болатынмын. Жұмыстан және 

оқу орнынан грамоталарым 

мен сертификаттарым 

сияқты қажетті құжаттарды 

жинадым. Қазылар алқасы 

үміткерлердің кәсіби 

біліктіліктерін ескеріп қана 

қоймай, сондай-ақ байқау 

қатысушыларының өңірдің 

қоғамдық өміріне араласуын 

да назарға алады. Менің 

азаматтық позициям белсенді, 

әлеуметтік-саяси қызметке 

кеңінен араласып келемін. 

«Теміртау жастар клубының» 

еріктісі, «АрселорМиттал 

Теміртау» АҚ жұмыс 

істейтіндердің «Нұр Отан» 

партиясының саяси кеңесінің 

мүшесімін, сондай-ақ 

қаламыздың көңілділер мен 

тапқырлар командасында 

өнер көрсетемін.   



- Елдос, осыншалықты көп 

қызығушылықтарыңыздың 

Комбинат қызметкері «Жылдың үздік жас 

жұмысшысы» атағына лайық деп танылды 

>

Марапат



мен зертхана басшыларын 

мені қолдағандары үшін 

алғысымды білдіргім 

келеді. Сондай-ақ, 

компания басшылығын 

жастардың бастамаларын 

қолдап, оларды жүзеге 

асыруына мүмкіндік беріп 

отыратындығы үшін 

ризашылығымды білдіргім 

келеді. «АрселорМиттал 

Теміртау» АҚ жұмыс 

істейтіндердің «Нұр Отан» 

партиясының филиалына 

және Алексей Ломакин, 

«Жақтау» кәсіподағының 

төрағасы Виктор Щетинин 

есімді азаматтарға көрсеткен 

көмектері үшін зор алғысымды 

білдіргім келеді.



- Елдос, өткен жыл Сіз 

үшін маңызды болды. 

2017 жылға қандай 

жоспарларыңыз бар?

- Болжағым келмейді. 

Бірақ, қалай болғанда да, 

қол жеткізгеніммен тоқтап 

қалмаймын, жаңа белестерді 

бағандырамын. «Қайнар» 

сыйлығы менің алғашқы 

марапатым, бірақ соңғысы 

емес! Менің мақсаттарым 

бар, және оларға жететініме 

сенімдімін. 

барлығына уақытты қалай 

табасыз?

- Ауысыммен жұмыс істеймін, 

сол себепті бәріне қолым 

тиеді. Үйде құр бос қарап 

отыратындарды түсінбеймін. 

Меніңше, бос уақытыңды 

жаныңа жақын, қызықты 

дүниелермен айналысып әр 

сәтін пайдамен өткізу керек. 

Өткен жылы мен еріктілер 

қатарында Ұлы Отан 

Соғысының ардагерлеріне 

көмектескен болатынбыз. 

Үйлеріне азық-түлік, дәрі-

дәрмек апарып берген 

болатынбыз. Бұл әдеттегідей, 

тек Жеңіс күніне орай 

өткізілген бір реттік шара 

болған жоқ. Біз ардагерлерге 

жыл бойы қолдан келгенінше 

көмек көрсетіп тұрдық. 

Біздің буын соғыс жайында 

тек фильмдер арқылы 

ғана біледі. Сондықтан 

да біздің майдан шебінде 

шайқасқан және тылда 

жеңіс күнін жақындатқан 

батырларымыздың өз 

ауызымен айтқандарын 

тыңдау өте құнды. Мен 

соғыстың қорқынышты 

екендігін, және біздің буын 

оның қайталанбауы үшін 

қолдан келгеннің бәрін 

жасауы керек екендігін 

түсіндім.



- Өзіңіздің кәсіби 

қызметіңіз жайында айта 

отырсаңыз…

- Осымен алтыншы жыл 

мен орталық метрология 

зертханасында бақылау-

өлшеуіш аспаптарының 5-ші 

разрядты слесарі болып 

жұмыс істеп келемін. Біздің 

бригадамыз аглоөндіріс 

цехтарының, күйдіру 

цехының, оттегі цехының 

сутегі станциясының, 

мазут қоймалары мен 

сорғыларындағы газ, су, бу, 

сутегі, оттегі, мазут және 

«Балаларың үшін өзіңді сақтап қал»

>

Қауіпсіздік техникасы



- Жыл басы әрқайсымыз үшін – бұл 

жаңа үміт, жаңа сындар мен жаңа күтулер 

уақыты. Уақыт шексіз болғанымен адамға 

белгілі бір есептеуді бастайтын нүктенің 

болуы маңызды. Біздің компаниямыздың 

таңдауы – қауіпсіздік, - деп бастады өз сөзін 

Болат департаментінің еңбек қорғау мен 

өнеркәсіптік қауіпсіздігі бойынша директоры 

Андрей Маркин. – «АрселорМиттал 

Теміртау» АҚ осы басты басымдылығын 

өз қызметкерлеріміздің және комбинат 

нысандарында жұмыс істеуші мердігерлердің 

барлығының есіне кезекті рет салуды 

жөн көрдік. Осы мақсатта әр жылдары 

металлургтердің балаларымен Еңбек қорғау 

күніне орай салынған суреттері бейнеленген 

қалта күнтізбелерін әзірледік. 

Еңбек қорғау қызметіндегілердің айтуынша, 

күнтізбелерге балалардың 18 ең жақсы 

деген суреттері таңдалып алынған. Алғашқы 

партия 3 мың дана болып басылып шығып, 

кәсіпорын жұмысшыларына таратылып 

үлгерген.

– Қажет болған жағдайда қалағандардың 

барлығына да беру үшін тағы бастыратын 

боламыз, - дейді еңбек қорғау 

қызметіндегілер. – Бастысы, күнтізбеге 

қараған сайын балаларының суретіндегі 

үндеуіне құлақ асуы. 

Ерекше сыйлықтар легі осымен 

аяқталмайды. Акция ұйымдастырушылары, 

сондай-ақ «Қауіпсіздік – менің 2017 жылғы 

таңдауым» деген ұраны бар бес жүз магнит 

әзірлеген.

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде металлургиялық комбинат цехтарының 

жұмысшылары мен бөлімшелерінің қызметкерлеріне компания ерекше 

сыйлық жасаған болатын. Бұл балалардың қауіпсіздік техникасы 

тақырыбындағы суреттері бейнеленген қалта күнтізбелері болды. Компания 

басшылығы металлургтердің басты құндылықтары – қауіпсіздік техникасы 

жайында осылайша тағы бір рет естеріне салуды жөн көрген.  

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА:

«Қайнар» сыйлығы Қарағанды облысында 2005 жылы тағайындалған. 14-29 жас 

аралығындағы жас азаматтарға ғылыми, шығармашалық, кәсіби және қоғамдық еңбектегі 

жемісті жұмысы үшін беріледі. Жеңімпаздарға мүсінше, арнайы диплом мен ақшалай 

сыйлық табысталады. Байқау ұйымдастырушылары – облыстық әкімдік пен облыстық ішкі 

саясат басқармасы. Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Қайнар» сыйлығы жастардың 

шығармашылық және азаматтық белсенділігін жоғарылатуға және жастар арасында сәтті 

замандас бейнесін кеңінен таратуға оң әсер етеді.

Бұл «АрселорМиттал Теміртау» АҚ үшін «Жылдың үздік жас жұмысшысы» 

номинациясындағы алғашқы жеңіс емес екендігін атап өту керек. 2015 жылы бұл атақты 

қалыптап құю цехының электмонтері Игорь Михайликов жеңіп алған болатын.

бірінші бөлімшенің қызметі 

өзінінен кейінгі цехтардың 

қызметіне, сайып келгенде 

бүкіл комбинаттың жұмысына 

әсер етеді. Сондықтан да 

біздің мойынымызда үлкен 

жауапкершілік жатыр. Сол 

себепті біз өзіміздің өндірісші-

әріптестеріміздің сенімін 

ақтауға әр кез тырысамыз.   

- Өтілді КТК-шыға сауал: 

Сіздің әзіл-оспақты түсіне 

білуіңіздің өмірде көмегі 

бар ма?

- Әрдайым! Мен – 

оптимистпін және сондықтан 

барлығына жағымды жағынан 

қарау керек деп санаймын. 

Егер өмірге негативпен 

қарайтын болсақ, ол сондай 

болады да. Айтпақшы, 

жақында біздің командамыз 

Алматыда өткен ойында 

өнер көрсетті. Әзілдердің туу 

түрліше болады. Кейде бұл 

бейнеті көп еңбекпен болса, 

кейде тез әрі жеңіл келіп 

жатады.

- Сіздің жеңісіңізді 

жұмыстағы әріптестеріңіз 

қалай қабылдады?

- Өте позитивті! Мені 

құттықтап жеңісіме қуанды. 

Осы ретте, өз әріптестерім 

басқа да тасығыштардың 

түрлі парамертлерін есептеуіш 

аспаптарға қызмет көрсетеді. 

Өз жұмысымды өте маңызды 

деп санаймын, өйткені 


1    АО "АрселорМиттал Темиртау"  11.01.2017 №2

1 Компания 1 Общество 1 Газета

8

Вы можете сообщить о нарушениях по телефонам «горячих линий»: 96-98-99 - социальная ответственность



Церемония награждения 

молодых активистов 

Карагандинского региона 

состоялась 28 декабря в здании 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет