А. М. Газалиев ректор, академик нан рк, д



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата31.03.2017
өлшемі6,19 Mb.
#10721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
 
1.  Олейникова О.Н. Социальное партнерство в профессиональном образовании. – М.: Центр изучения проблем профессио-
нального образования, 2005. – 83 с. 
2.  Чванова М.С., Храмова М.В., Молчанов А.А. Социальное партнерство  – один из механизмов совершенствования соци-
ально-инновационной деятельности вуза // Образовательные технологии и общество. – 2012. – Том 15. № 2. – С. 581-601. 
3.  Алашеев С.Ю., Кутейницына Т.Г., Посталюк Н.Ю. Обзор мировых практик организации взаимодействия рынка труда и 
системы профессионального образования // Спрос и предложение на рынке труда и рынке образовательных услуг в Рос-
сии: сб. докладов. Кн. 1. – Петрозаводск: Изд-во ПетрГУ. 2005. – С. 7-27. 
4.  Куфтырев И.Г., Рыхтик М.И. Партнерство университетов и бизнеса: опыт США // Организация инновационной деятельно-
сти в университетах США. Сборник информационно-аналитических материалов. – Н. Новгород: Изд-во ННГУ, 2011. – 96 с. 
5.  Олейникова О.Н, Муравьева А.А. Социальное партнерство в сфере профессионального образования в странах Европей-
ского Союза // Высшее образование в России. – 2006. – № 6. – С. 111-120. 
6.  Ходырева  Е.А.  Проблемы  и  перспективы  взаимодействия  вуза  и  работодателей  в  условиях  реализации  федеральных 
государственных  образовательных  стандартов  высшего  профессионального  образования  //  Вестник  Вятского  государ-
ственного гуманитарного университета. – 2012. – № 3 (1). – С. 143-147. 
7.  Реутов Н.Н. Взаимодействие высшей школы и работодателей в современных условиях как фактор подготовки конкурен-
тоспособного специалиста. URL: http://ores.su/index.php/2011-02-13-16-16-51/21--3-2011-/124-2011-07-29-14-13-15. 
8.  Давыденко Т.М., Пересыпкин А.П., Верзунова Л.В. Роль работодателей в процессе развития профессиональных компе-
тенций студентов при реализации учебных и производственных практик // Современные проблемы науки и образования
– 2012. – № 2; URL: www.science-education.ru/102-5753. 
9.  Ташкинов  А.А.,  Шевелев  Н.А., Данилов  А.Н.,  Столбов  В.Ю. Стратегическое  партнерство  вузов  и  бизнес-сообщества  // 
Университетское управление: практика и анализ. – 2012. – № 6. – С. 44-51. 
10. Бульбович  Р.В.,  Зайцев  Н.Н.,  Столбова  И.Д.  Анализ  компетенций  выпускника  высшей  школы  в  области  аэрокосмиче-
ской техники // Инновации в образовании. – 2010. – № 4. – C. 4-13. 
11. Фортунатов  А.Н. Формы и этапы организации социального партнѐрства в высших учебных заведениях // Современные 
проблемы науки и образования. – 2012. – № 6; URL: www.science-education.ru/106-7704. 

 
12 
Труды университета 
 
ӘОЖ 371:81(574) 
 
Техникалық жоғары оқу орындарында 
көптілділікті оқытудың мәселелері 
 
Э.К. ТУСУПБЕКОВА, п.ғ.м., аға оқытушы, 
К.К. НУРЖАНОВА, п.ғ.м., аға оқытушы, 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, КТжМ кафедрасы 
 
Кілт сөздер: құзыреттілік, көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм, көпұлттылық, тұлғалық, лингви-
стикалық, дискурстық, лексикалық, грамматикалық, мәдениетті, білімді, құндылық, профильдік, деңгей. 
 
аяси-экономикалық,  әлеуметтік-мәдени  әлеуеті 
артқан,  халықаралық  ынтымақтастықтың  толық-
қанды субъектісіне айналып, әлемдік деңгейдегі халық-
аралық одақтар мен ұйымдардың мүшесі болған бүгін-
гі Қазақстан Республикасы болашақта дүниежүзіндегі 
алдыңғы  қатарлы  50  мемлекеттің  қатарынан  кӛрінуді 
мақсат тұтады. Сондықтан қазақ елінің әлеуметтік-эко-
номикалық дамуы жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, 
рухани,  мәдени  ӛресі  кемел,  білікті,  тілдік  құзыретті-
лігі жоғары маман даярлығымен тығыз байланысты. 
Жоғары оқу жүйесіндегі басты мақсат – Қазақстан 
Республикасының  бүгінгі  білім  сапасының  деңгейі 
мен болашақ бағытын анықтауды, әлемдік ӛркениетке 
жетудің  жолын  айқындауды  қамтамасыз  етер  білімді 
де мәдениетті, білікті де саналы дара тұлға тәрбиелеу. 
Бұл – ұлттық мұраны жете меңгерген; ана тілінің сӛз-
дік қорын жетік игерген; адамзатқа рухани ортақ руха-
ни  құндылықтарды  білетін;  Отанын  сүйетін  дүние-
танымы  кең,  ізденгіш,  іскер,  еңбекқор,  зиялы  ұрпақ 
қалыптастыру  деген  сӛз.  Мұндай  тәрбиелі  ұрпақтың 
негізі  –  бүгін,  қазіргі  білім  беру  мен  оқу  үдерісінде 
қаланады.  Осы  тұрғыдан  келгенде  білімді  де  білікті 
дара  тұлға  қалыптастырудың  кӛзі,  арнасы  адам  мен 
адамды,  ұлт  пен  ұлысты  түсінуге,  пікірлесуге  жете-
лейтін  тіл  болып  табылады.  Тіл  адамзаттың  ерекше 
болмысымен  қатар  күрделі  табиғатын  да  аңғартатын 
жаратылыс, құбылыс екені баршаға аян. Демек, бүгін-
гі  күннің  ізетті  перзенті  келешектің  арқа  сүйер  ӛске-
лең  ұрпағы  болу  үшін  бүкіл  адами  құндылықтарды 
игеруі  ләзім.  Бұл  мәселе  ХХІ  ғасырда  әлемдік  руха-
ният  таразыға  түсіп,  ерекшеленіп,  екшеленіп  жатқан 
тұста айрықша маңызды екені ақиқат [1, 32 б.].  
Қазақстан  Республикасының  шетелдермен  халық-
аралық  байланыстары  күннен-күнге  арта  түсуде.  Сол 
байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін маман-
дар қажет-ақ. 
Кӛптілділік,  мультилингвизм,  полилингвизм  – 
нақтылы  коммуникативтік  жағдайдың  әсер  етуімен 
белгілі  бір  әлеуметтік  ортада,  мемлекетте  бірден  үш, 
одан да кӛп тілде сӛйлей білушілік. Кӛптілділіктің үш 
тілді  меңгеру  дәрежесі  сол  адамның  немесе  бүтіндей 
халықтың ӛмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, эко-
номикалық,  мәдени  ӛмірі,  тұрмыс-тіршілігі  секілді 
кӛптеген факторларға байланысты.  
Кӛптілді  тұлғаны  қалыптастыру  –  бәсекеге  қабі-
летті қоғам құрудың негізі. Тілдің адам ӛміріндегі ең 
шешуші  роль  атқаратыны  әркімге  де  түсінікті.  Ол 
танудың, түсінудің, дамудың құралы. 
Кӛп  тіл  білу  біздің  мемлекетіміздің  халықаралық 
байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаара-
лық  және  мәдениаралық  қарым-қатынастардың  аса 
маңызды құралы болып табылады. 
Кӛптілділік  –  АҚШ,  Ресей  Федерациясы,  Үндіс-
тан, Нигерия сияқты жүздеген ұлт пен ұлыс мекендей-
тін мемлекеттерге тән құбылыс. Сондықтан да Кӛптіл-
ділік кӛп ұлтты географиялық  кеңістікте  кең тараған. 
Қазіргі  Қазақстан  Республикасындағы  қалыптасқан 
жағдай да осыған ұқсас. Кейінгі кезде шет тілін үйре-
нуге  ден  қойыла  бастағандықтан,  қазақтар  арасында 
да Кӛптілділік кӛбейіп келеді. Бүтіндей ұлт пен ұлыс-
тың Кӛптілділік – социолингвистердің зерттеу нысаны 
боларлық  күрделі  құбылыс.  Олар  –  жалпы  халыққа 
ортақ  қарым-қатынас  құралы,  білім  мен  ғылымның, 
ақпарат пен баспасӛздің, әдебиет пен мәдениеттің тілі. 
Кӛптілділік  билингвизмнен  (қостілділіктен)  бастау 
алады.  Кӛптілділік  үшін  тілдің  қолдану  мәртебесінің 
жан-жақты болуы, қажеттіліктің қалыптасуы, сондай-
ақ, тілдердің туыстығы (генетикалық және типология-
лық жақындығы) шешуші роль атқарады.  
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Еліміздің маңызды 
құндылықтарының  бірі  және  басты  артықшылығы  – 
кӛпұлттылық  пен  кӛптілділік»  –  деп  атап  кӛрсеткен-
дей  бүгінгі  таңда  елімізде  «кӛптілділік»  мәселесі 
кӛкейкесті мәселелердің бірі болып саналады.  
Еліміздің  басқа  мемлекеттермен  қарым-қатынасы 
артып  отырған  шақта  үш  тілді  еркін  меңгерген, 
келешекте  білімін  түрлі  саладағы  қарым-қатынас 
жағдайында  пайдалана  алатын  тұлғаны  дайындап 
оқытып шығару – біздің ең басты міндетіміз. 
Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
«Қазақстан  халқы  дүниежүзінде  үш  тілді  бірдей  пай-
даланатын ел ретінде кӛрінуі тиіс. Бұлар  – қазақ тілі, 
яғни, мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас-
тар  тілі  және  ағылшын  тілі  –  әлемдік  экономиканың 
сәтті қолданысындағы тілі» делінген.  
Қазіргі таңда мемлекеттік білім берудің саясаты – 
еліміздің территориясында кӛптілділікті дамыту үшін 
қажетті  жағдай  жасау  және  барлық  тілдерді  дамыту-
дың  маңыздылығын  қабылдауға  негізделеді.  Кӛптіл-
ділік қазіргі кӛптілді мәдени әлемнің рухани ӛмірінің 
маңызды  факторына  айналды  деуге  болады.  Бүгінгі 
таңның маңызды проблемаларының бірі кӛптілді білім 
беру  болса,  оның  ортасында  кӛптілді  және  кӛпмәде-
ниетті құзыретті тұлға тұр деуге болады.  
Еуропа Кеңесі қоғамда ӛмір сүру үшін қажетті, ең 
маңызды бес құзыреттілікті бӛліп қарайды. Онда жас-
тарды ӛмірге және ортаға бейімдеу білім берудің мақ-
саты болып табылады деп белгілейді. 
С
 

Раздел «Проблемы высшей школы» 
 2015 
13 
 
1. Саяси және әлеуметтік құзыреттілік, яғни қоғам-
ның демократиялық институттарын дамыту мен қалып-
тастыруда ӛзіне жауапкершілік алып, үлесін қосу. 
2. Кӛпмәдениетті қоғамда ӛмірге қажетті құзырет-
тілік  мәдениеті,  тілі  мен  діні  бӛлек  адамдармен  ӛмір 
сүруге,  ерекшеліктерін  түсінуге  және  бір-бірін  сый-
лауға үйрету. 
3. Жұмысқа  қажетті  жазбаша  және  ауызша  қаты-
нас  жасауды  анықтайтын  құзыреттілікті,  яғни  адам-
ның  қаншалықты  деңгейде  тілді  меңгергендігі.  Бұл 
топқа бірнеше тілді меңгергендер жатады. 
4. Құзыреттілік  ақпараттық  қоғамның  пайда  бо-
луымен де байланысты. Жаңа технологияларды меңге-
ру,  олардың  күшті  және  әлсіз  жақтарын  түсіну,  БАҚ 
және жарнама арқылы таратылатын сыни қарым-қаты-
насқа қабілеттілігі. 
5. Ӛмір  бойы  білім  алудың  құзыреттілігі  кәсіби 
тұрғыда  ғана  емес,  жеке  және  қоғамдық  ӛмірде 
үздіксіз білім алуды жүзеге асыру. 
Осы қарастырылған құзыреттіліктерді техникалық 
оқу орындарында қазақ тілінің типтік бағдарламасын-
да  берілген  пәндік  құзыреттіліктермен  қалай  сәйкес-
тендіре отырып, студенттің қандай тұлғалық қасиетте-
рін дамытуға, қалыптастыруға болады?  –  деген  сұрақ 
туындайды. 
«Қазақ тілі» пәні бойынша бағдарламаның мазмұ-
ны  университеттің  (бакалавриат)  орыс  тілінде  білім 
алатын студенттердің ғылыми-кәсіби саласында қазақ 
тілін  ғылыми  қызметтің  құралы  ретінде  оқытудың 
міндеттері  мен  мақсаттары  анықталады.  Осы  тұрғы-
дан курстың мақсаты – болашақ мамандардың комму-
никативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  болып  табы-
лады.  Нәтижесінде  олар  лингвомәдени,  әлеуметтік-
мәдени, когнитивтік, қатысымдық, кәсіби бағдар дең-
гейін  игере  алады.  Сондай-ақ,  тілдік  жүйе  мен  оның 
амалдарын  мәдени-танымдық  қатысымдық  әрекеттер 
арқылы;  дайын  күйіндегі  сӛйлесім  мен  қатысымды 
ӛнер  мен  мәдениет  мәселелеріне  байланысты,  күнде-
лікті тұрмыстық сӛйлеу жағдаяттарында әңгімені; бел-
гілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе; 
кәсіби  ӛмірден  алынған  қарапайым  хабарламаларды; 
күнделікті  ӛмірдегі  фактіге  құрылған  мәліметтер  мен 
оны түсіндіруге қажетті әрекеттерге  қысқаша баянда-
ма  жасай  біледі.  Осының  негізінде  лингвомәдени, 
әлеуметтік-мәдени,  когнитивтік,  қатысымдық,  кәсіби 
бағдар деңгейіндегі құзыреттілік дағдылары қалыпта-
сады.  Бұл  пәннің  мәртебесі  профильдік  пәндермен, 
яғни мамандық тілімен тығыз байланыста болатынын 
анықтайды.  
Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университе-
тінде кӛптілділік білім беруді жүзеге асыру мақсатын-
да Ш. Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғыр-
лығы» орталығында кӛптілді топтардың студенттеріне 
қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдеріне  арналған  курс  жүр-
гізілуде.  Мақсаты  студенттердің  ӛз  мамандықтары 
бойынша  пәндерді  үш  тілде  меңгеріп,  ойларын  кең 
түрде айта алатын дәрежеге жеткізу.  
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктер-
ді  іс-жүзінде,  күнделікті  ӛмірде  қандайда  бір  практи-
калық  және  теориялық  мәселелерді  шешуге  қолдана 
алу  қабілеттілігі.  Ол  ең  әуелі  оқу  үрдісінде  қалыпта-
сады.  Яғни  заман  талабы  тұлғаның  бойына  түйінді 
құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. 
Қазақстан әлемге бәсекеге қабілетті, үш тілді мең-
герген жоғары білімді ел ретінде  танылуға тиіс. Сон-
дықтан, Елбасымыз білім беру жүйесінің алдына бір-
неше тіл меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау 
міндетін  қойып  отыр.  Кӛптілділік  –  бүгінгі  күннің 
талабы.  
Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университеті 
қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының  оқытушыла-
ры  арнайы  типтік  және  оқу  бағдарламаларында  бекі-
тілген  тақырыптар  бойынша  кӛптілді  топтарда  қазақ 
тілі  пәнінен  практикалық  сабақ  және  арнайы  курс 
жүргізеді.  
Бұл топтардың ерекшелігі – студенттердің үш тіл-
ді қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеріп отырғанды-
ғын, сабаққа деген ынталарынан және жауапкершілік-
терінен байқаймыз. Сабақ жүргізуде коммуникативтік 
біліктіліктің  лингвистикалық,  әлеуметтік  тілдік,  дис-
курстық,  стратегиялық  және  мәдени-әлеуметтік  субъ-
ективті  біліктілік  сияқты  компоненттерді  дамытуға 
назар аударылады. 
Лингвистикалық  біліктілікке  қол  жеткізу  үшін 
тұлғаның  лексика-грамматикалық  дағдыларын  жетіл-
діру,  қазақ  тілінің  грамматикалық,  синтаксистік,  сти-
листикалық  ерекшеліктерін  қолданып,  әдеби  нормада 
еркін  сӛйлеп  жаза  білу  дағдыларын  шыңдау  мақсаты 
қойылды.  Грамматикалық  материалдар  тұлғаның 
ерекшелігіне,  ӛзге  тілдің  грамматикасымен  салысты-
рыла  үйретіліп,  мемлекеттік  тілді  практикалық  және 
кәсіби  мақсатта  қолдануға  мүмкіндік  беретін  тілдік 
дағды, машықтарға қол жеткізу кӛзделеді.  
Дискурстық  білік  дағдыларын  жетілдіретін  сӛз, 
сӛз тіркесі, мәтін сияқты тілдік бірліктерді ӛзара бай-
ланыстыра  қолдануды  оқып  үйретуге  ерекше  мән  бе-
рілді. Қазақ тілін оқып үйрету арқылы қазақ халқының 
ұлттық-мәдени ерекшеліктері мен ұлттық ойлау жүйе-
сін меңгертуге бағыттайтын мәдени-әлеуметтік субъек-
тивті бірлікті жетілдірудің маңызы ескеріледі [2, 26 б.].  
Пәннің мақсаты мемлекеттік тіл болып табылатын 
қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. 
Пәннің  міндеті  қамтылған  тілдік  деңгейлер  аясында 
қатысымдық (коммуникативтік) және танымдық (ког-
нитивтік)  міндеттердің  орындалуы  барысында  жүзеге 
асырылады:  
● орта  кӛлемді  және  кӛлемді  мәтіндерді  шапшаң 
түсініп оқу; 
● тұрақты  сӛз  тіркестері,  кәсіби  сӛз  мағыналары 
мен салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану; 
● монолог,  диалог  түрінде  (хабарлама,  танысты-
рылым  (презентация),  баяндама,  дискуссия  және  т.б.) 
әңгімелеу, сұхбат жүргізу; 
● жазба жұмыстарын (эссе, түсініктеме хат, түйін-
деме,  жоспар,  тезис,  мәлімдеме,  пресс-релиз,  ӛтініш, 
жат, аударма, реферат, мақала және т.б.) орындау; 
● қазақ  тілінің  функционалдық  грамматикасы 
аясында  тілдік  дағдыларды  шыңдай  отырып,  тілдік 
тұлғаның  қазақ  тілінде  жүйелі  талдау  жасауға,  ӛз 
ойын  еркін  жеткізуге  және  ұсынылған  материалдар 
бойынша  сипаттама,  салыстырма,  қорытынды  жасай 
білу сияқты тілдік біліктіліктерін жетілдіре дамыту; 
● әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жет-
кізу,  болашақ  қызметінде  қазақ  тіліндегі  деректерді 

 
14 
Труды университета 
 
қолдану дағдысын қалыптастыру [2, 29 б.]. 
Нәтижесінде,  тұлға  дара  және  топтық,  ұжымдық 
бірлестікте  жұмыс  істей  отырып,  мемлекеттік  тілді 
қарым-қатынас құралы ретінде еркін қолдануға дағды-
ланады. Тұлға қоғам ӛміріне еркін араласуға, заң, нор-
мативті  актілер  мен  ережелерді,  ғылыми  еңбектерді 
ӛздігінен қазақ тілі арқылы оқып, білуге, қажетті жағ-
дайларда оларды қолдануға қол жеткізеді.  
Жоғарыда  айтылған  міндеттерді  жүзеге  асыру 
үшін  тіл  үйретудің  әлемдік  деңгейде  танылған  зама-
науи  үлгілері,  отандық  және  шетелдік  ғалымдардың 
авторлық  әдіс-тәсілдері  басшылыққа  алынады.  Кӛп-
тілді  топтарда  грамматикалық  тақырыптар  пәннің 
ӛзіндік ерекшеліктері мен мақсат, міндеттеріне сәйкес 
іріктелгені  жӛн.  Тіл  үйренуші  тұлғаның  грамматика-
лық дағдыларын қалыптастырудың тиімділігін артты-
ру  мақсатында  жиі  қолданылатын  грамматикалық, 
лексика-грамматикалық үлгілер ұсынылу қажет. Грам-
матикалық дағдылармен қатар орфографиялық дағды-
лардың қалыптасуына назар аударылады, грамматика-
лық  тақырыптар  күрделендіріледі.  Ұсынылған  функ-
ционалдық-грамматикалық 
минимум 
лексикалық 
тақырыптарды меңгеру барысында нәтиже кӛрсеткіші 
ретінде қолданылады.  
Лексикалық  тақырыптарға  мазмұны  бай,  тақыры-
бы  қызықты,  ғылыми  құндылығы  жоғары,  тың  және 
танымдық мәні терең материал болғаны дұрыс. Мәтін-
нің  мазмұны  ұсынылған  тақырыпқа  сай  және  нақты 
коммуникативті міндетті шешуге бағытталады. Мәтін 
таңдауда тұлғаның коммуникативтік және когнитивтік 
қажеттіліктері ескеріледі, жанр мен стиль ерекшелігі-
не де назар аударылады.  
Оқып  тыңдауға  арналған  мәтіндер  ақпараттық, 
публицистикалық,  кӛркем  шығарма,  ғылыми-кӛпші-
лік,  ӛндірістік-техникалық  бағыттағы  материалдар 
негізінде ұсынылады. 
Ақпараттық – хабарлама, хабарландыру, жарнама, 
түйіндеме,  хат,  нұсқаулық,  сұхбат,  репортаж,  теле, 
радио жаңалық, бағдарлама және т.б. 
Публицистикалық – эссе, газет, журнал басылым-
дары, сұхбат, сайт материалдары және т.б. 
Кӛркем шығарма – ӛлең, жыр, әңгіме, роман үзін-
ділері және т.б. 
Ғылыми-кӛпшілік – баяндама, автореферат, энци-
клопедия, оқулық, жинақ, монография және т.б. алын-
ған үзінді. 
Ӛндірістік-техникалық – құрал-жабдықтар туралы 
аннотация және оларды пайдалануға арналған нұсқау-
лықтар және т.б. 
Мәтіннің  мазмұны  бойынша  оқылым,  жазылым, 
тыңдалым, айтылым  дағдыларын  жетілдіретін  сӛйлеу 
әрекеттері  жеңілден  күрделене  түсетін  жаттығу-тап-
сырмалар түрінде беріледі [2, 34 б.]. 
Сонымен  қатар,  кӛптілді  білім  алатын  тұлға  ай-
тылған ой, ақпаратты тез түсіну, ғылыми бағытта жа-
зылған  мәтіндерді  оқып,  мазмұнын  баяндау,  маман-
дық аясында пікір айтып, кеңес бере алу керек. Ғылы-
ми зерттеу  тақырыбы бойынша, баяндама жазып оны 
қорғау,  ғылыми  еңбек  негізінде  эссе,  жоспар,  пікір, 
түйіндеме жаза білу керек. 
Кӛптілді топтардың тіл үйренушілері үшін кӛп тіл 
білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыста-
рын  дамытуға  мүмкіндік  беретін  тұлғааралық  және 
мәдениетаралық  қарым-қатынастардың  аса  маңызды 
құралы болып табылады. 
Қазақ  тілін  коммуникативтік  тұрғыдан  үйрету 
педагогикалық оқу үдерісі мен коммуникативтік ӛзара 
әрекеттестіктің бірлестігін қамтамасыз ете келіп, мем-
лекеттік тілді еркін меңгерген дара тұлғаны қалыптас-
тырады.  Осы  мәселелерге  сәйкес  тӛмендегідей  ұсы-
ныстарды атап кӛрсеткен жӛн: 
1. Кӛптілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыра-
тын  ғылыми-әдіснамалық  тұжырымдар мен  ұстаным-
дарды айқындау қажет. 
2. Екінші тілді оқытудың әлемдік әмбебап тәжіри-
бесін  және  Қазақстан  Республикасының  ӛзіндік  ерек-
шелігін  ескере  отырып,  қазақ  тілін  үйретудің  тиімді 
әдістемесін жоспарлы түрде іс жүзіне асырған ұтымды 
[2, 35 б.].  
Мемлекеттік  тілді  негізге  ала  отырып,  әлемдік 
қауымдастыққа  еш  қиындықсыз,  кедергісіз  кіре  ала-
тын,  ӛз  ұлтын,  елін  халықаралық  ірі-ірі  ұйымдарда 
таныта алатын ұрпақтың ӛсуі бізге де мақтаныш болар 
еді [3, 37 б.]. 
Қорыта  келгенде,  кӛптілді  тұлғаны  қалыптастыру 
– бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізі болып табы-
лады. Тілдің адам ӛміріндегі ең шешуші роль атқара-
тындығы,  ол  танудың,  түсінудің,  дамудың  құралы 
екендігі  баршамызға  белгілі.  Қарым-қатынас  жасауда 
педагогтың  жетекшілігі,  тіл  үйренушінің  психология-
лық ерекшелігін білуі, олардың кӛңіл-күйін дер кезін-
де аңғаруы ӛте маңызды.  
Тіл үйретуші үнемі тапсырмалар арқылы тіл үйре-
нушінің алған білімін ӛзі таразылап отыру мүмкіндігін 
жасау керек. Тұлға ӛзін ӛзі бағалау қажет. Не білемін? 
Қандай дәрежеде білемін? 
«Адам  ұрпағымен  мың  жасайды»  –  дегендей, 
ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, мил-
лиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастай-
тын  жарық  жұлдыз  –  оқу.  «Надан  жұрттың  күні  – 
қараң, келешегі тұман»,  – деп М. Дулатов айтқандай, 
егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
 
1.  Оразбаева  Ф.Ш.  «Кӛптілді  меңгеру  барысында  қазақ  тілін  коммуникативтік  тұрғыдан  үйрету»  //  Материалы  междуна-
родной научно-практической конференции «Полиязычное образование в системе высшей школы: проблемы и перспек-
тивы. Астана-Караганда, 2008. С. 32. 
2.  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті.  Жалпы  білім  беру  пәндері  бойынша  пәндердің  типтік  оқу 
бағдарламасы. Алматы, 2014. 
3.  Айтбаева Б.М. «Кӛптілділік жағдайындағы қазақ тілінің рӛлін арттыру» // Там же. С. 37. 
4.  Кунанбаева  С.С.  «Теоретико-методологические  аспекты  иноязычного  образования  в  обеспечении  реализации  нацио-
нального проекта «Триединство языков» в РК» // Там же. С. 12. 
5.  Кондубаева  М.Р.,  Кубаева  И.  «Концепция  формирования  полиязычной  личности  специалиста  в  высшей  школе»  //  Там 
же. С. 47. 

Раздел «Проблемы высшей школы» 
 2015 
15 
 
ӘОЖ 81-13.512.122 
 
Техникалық оқу орындарында кәсіби қазақ 
тілін оқытудың тәсілдері 
 
Г.Қ. САҒАТОВА, п.ғ.м., аға оқытушы,  
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, ҚТжәнеМ кафедрасы 
 
Кілт сөздер: кәсіби-техникалық, техника маманы, кәсіби термин, оқыту мәселесі, тілдік қатынас, сөйле-
сім әрекеті, оқыту әдістемесі, кәсіби мамандық. 
 
азақстан  2050»  Жаңа  бағытын  ескере  отырып, 
Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үл-
гідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді 
және  заманауи  техникалық  мамандықтар  жүйесін 
келешекте  дамытуды  қамтамасыз  етуді  тапсырамын. 
Кәсіби-техникалық  және  жоғары  білім  ең  бірінші  ке-
зекте  ұлттық  экономиканың  мамандарға  деген  қазіргі 
сұранысын  барынша  ӛтеуге  бағдар  ұстауны  керек 
делінген Н.Ә. Назарбаев [1]. Қазіргі кезде жаңа инно-
вациялық  технологиялар  мен  білім  берудің  негізгі 
мақсаты  –  қоғамның  талаптарына  сай  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру.  Осы  бағытта  соңғы  жылдары  қазақ 
тілін  оқыту  әдістемесінде  оқыту  технологияларының 
жаңа  үлгілері,  заман  талабына  сай  әдістемелік  амал-
тәсілдердің  кӛптеп  қолданылып  жүргенін  білеміз. 
Сондықтан  да  жоғары  оқу  орындарында,  яғни  біздің 
арқау етіп отырған техника мамандарын қазақша кәсі-
би  сӛйлеуге  үйретуде  жүйелілік  пен  сабақтастықты, 
бірізділікті  қалыптастырудың  маңызы  ерекше  деуге 
болады.  Әрине,  мамандыққа  қатысты  тілді  меңгеру 
арнайы  алынған  бір  мәтінді  оқытып,  аудартып  қана 
қоймай,  мәтіндегі  тақырыптық  сәйкестіктің  алынып 
отырған мамандыққа сай мазмұн түсініктілігін қалып-
тастырып  мәтінге  лексикалық  және  грамматикалық 
материалдардың сәйкестілігін басшылыққа алу керек. 
Кәсіби  тілді  меңгертуде  сӛз  тіркестерімен  оңтайлан-
дырып алынған мамандыққа қатысты мәтіндермен, кә-
сіби терминдермен, сӛздіктермен жұмыс түрлері жүр-
гізіледі.  Мамандықтарына  байланысты  шағын  мәтін-
дер,  сұхбаттар  құрастыруға,  мәтін  бойынша  сұрақтар 
дайындауға болады. Әр тақырыпқа сай сӛздік және сӛз 
тіркестері,  сұрақтар  беріледі.  Әр  сабақтан  соң,  қоры-
тындылау  мақсатында  мазмұнына  сай  сұрақтармен 
тапсырмалар  беріледі.  Жалпы  қазақ  тілін  сӛйлесім 
әрекеттері  арқылы  оқыту  мәселесі  профессор  Ф.Ш. 
Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы және әдісте-
месі»  атты  еңбегінен  бастау  алады.  Ғалым  еңбегінде: 
«Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазыл-
ған  хабардың  қабылданып,  оған  жауап  қайтарылуы, 
яғни  істің  ортақ  атқарылуы  басты  шарт.  «Сӛйлесім» 
осы  шартты  және  ортақ  тілдік  әрекетті  аңғартатын 
сӛз»  дей  келіп,  «Адам  не  туралы  сӛйлейтінін,  тіл  ар-
қылы нені жеткізетіндігін білгенмен, тілді, сол сияқты 
сӛйлеуді  ӛзіне  бағындыра  алмайды,  яғни  сӛйлесім 
әрекеті,  адамның  сӛйлеу  тілі  ӛзіне  тәуелді  емес,  ол  – 
табиғат берген, жаратылыстан туған күрделі процесс. 
Адам  сӛйлеуді  жетілдіреді,  дамытады,  соның  заңды-
лықтарын  қарастырады,  бірақ  сӛйлеу  тілін  ӛзі  жасай 
алмайды.  Осыдан  сӛйлеудің,  тілдің  қоғамдық-әлеу-
меттік  сипаты  аңғарылады.  Хабардың  қай  түрі  болса 
да шындыққа құралу керек, сонда ғана тілдік қатысым 
ӛз  бетінше  дамиды  және  сӛйлеу  (информацияны  қа-
былдау,  оған  жауап  қайтару,  қайта  жауап  алу)  қаты-
сымдық  құбылыстың  мәнін  ашады,  адамдар  арасын-
дағы  байланыс  бола  алады»,  –  деп  ой  қорытады  да, 
сӛйлесім  әрекетінің  бес  түрін  (оқылым,  жазылым, 
тыңдалым, айтылым, тілдесім) кӛрсетеді [2, 52]. 
Студенттер  мәтінмен  әртүрлі  жұмыстар істегенде 
(мәтінді оқу, яғни тізбектей оқу, азат жолдан оқу, жа-
ңа сӛздермен сӛз тіркестерін құрастыру, мәтін бойын-
ша  сұрақтар  дайындау,  диалог  құрастыру  т.б.)  байла-
ныстырып  сӛйлей  білуге  үйренеді.  Мәтін  –  қашанда 
тілдік  әрекеттің  нәтижесі  болып  табылады.  Мәтінде 
тілдік  тұлғалардың  бәрі  орын  алады.  Сондықтан,  мә-
тін  арқылы  тілдің  фонетикасын,  лексикасын,  грамма-
тикасын меңгертуде. Қазақ тілін оқыту бағдарламасы 
ЖОО-да  мемлекеттік  тілді  заман  сұранысы  мен  тап-
сырысқа  сай,  білім  сапасын  кӛтеріп,  студенттердің 
кәсіптік бағдарлы дағдыларын қалыптастыруға бағыт-
талған жаңа технологияны қолдана оқытуға негізделе-
ді.  Техника  мамандығын  меңгеруге  қажетті  лексика-
лық  қорды  тілдік  қатынаста  қатысымдық  тұрғыдан 
жаңа технология арқылы іске асырудың амал-тәсілде-
рін  іздестіру.  Мамандыққа  байланысты  мәтіндерді 
оқытқан кезде тілдік қатынастың барлық түрлері қол-
данылады.  Студенттердің  мәтінді  талдау  әрекетімен 
бірге  әңгімелесу  арқылы  сӛйлеу  әрекетіне,  сұрақ-
жауап арқылы тілдесім әрекетіне, мазмұндама жазғы-
зу арқылы жазу әрекетіне үйрету кӛзделеді. Осы тұр-
ғыдан  мамандыққа  сай  қазақ  тілін  сапалы  оқыту  – 
қазіргі  уақыт  сұранысынан  туындап  отырған  ӛзекті 
мәселелердің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан кел-
генде  Б.Қасым  аталым  немесе  сӛздің  лексикалық  ма-
ғынасы мен семантикасы жайлы: «Сӛздің лексикалық 
мағынасы  таным  теориясымен  тікелей  байланысты. 
Яғни, адам затты қаншалықты таныса, затты белгілей-
тін  сӛздің  мағынасын  соншалықты  анық,  айқын  біле 
алады.  Себебі  сӛз  мағынасы  –  белгілі  бір  заттың  не 
құбылыстың адам санасындағы жалпыланған бейнесі. 
Зат  бейнесі  сӛз  мағынасының  негізін  құрайды,  яғни 
жалпыланған бейне арқылы сӛз түсінеді және мағына 
арқылы  келесі  тыңдаушыға  жеткізіледі.  Сӛз  мағына-
сын  қалыптастыру  үшін  сӛздің  мағынасын  сӛйлеуші 
ғана емес, қоғамдағы басқа адамдар да солай түсінуі, 
ұғынуы  керек.  Сонда  ғана  адамдар  бір-бірін  түсінеді, 
бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады» мамандыққа 
қатысты  тілді  меңгертуде  мынадай  талаптар  қою 
керек: 
а) студенттерді кәсіби мамандығы бойынша тілде-
суге үйрету; 
«Қ
 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет