Түні бойы жедел жәрдем
қызметі тыным тапқан жоқ.
Түрлі жағдай, оқиғалармен
бетпе-бет келді. Статистика
бойынша, жедел жәрдем
шақыртатындар арасында
қан қысымы, жүрек ауруымен
ауыратындар көп. Жол-
көлік оқиғаларынан зардап
шеккендер де аз емес. Таң
атқанымен, жедел шақыртулар
толастар емес. Жедел жәрдем
қызметкерлерінің арқасында
уақыттың алтыннан да қымбат
екенін сезіндік. Сіз бен біз
үшін күн мен түн деген айырма
болса, олар үшін күннің
24 сағаты борыш, міндет,
парызбен теңеседі.
Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ
ПАРЫЗ БЕН МІНДЕТ
БҮГІНДЕ БАСЫ АУЫРЫП,
БАЛТЫРЫ СЫЗДАМАЙТЫН
ПЕНДЕ ЖОҚ. СЫРҚАТТАНЫП
ҚАЛСАҚ, АЛДЫМЕН ЖЕДЕЛ
ЖӘРДЕМНІҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНЕМІЗ.
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМНІҢ ЖЕДЕЛДІГІНЕ ДЕ
КЕЙДЕ СЫН АРТЫП ЖАТАМЫЗ. ӘРИНЕ,
КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН
ШЫҒУ ОҢАЙ
ШАРУА ЕМЕС.
ДЕГЕНМЕН ЖЕДЕЛ
ЖӘРДЕМДІКТЕРДІҢ
БІР КҮНДІК
ЖҰМЫСЫН
БАҒДАРЛАДЫҚ.
24
24
24
сағаттық
сағаттық
сағаттық
№ 44 (166) 3 ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
4 - Хикмет
Хош, ғайыптан хабар келді құлағыма,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Барша әулие жиылып ырзық берді,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Мен жиырма екі жаста толысып
жігіт болдым,
Шипа болып, шын дертке дауа болдым.
Жалған ғашық, шын ғашыққа
куә болдым,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Ей, достар, жасым жетті жиырма үшке,
Тағатым жоқ, жалған іс пен даукестікке.
Қиямет күн жалаңашпын, көзім соқыр,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Мен жиырма төртке кірдім Хақтан
жырақ,
Ақыретке барар болсам, қане жарақ?
Өлгенімде жиылып ұр жүз мың таяқ,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Жаназамның артынан тас атыңдар,
Аяғымнан сүйрелеп көрге атыңдар.
Хаққа құлдық қылмадың деп
тепкілеңдер,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Жазуменен жасым жетті жиырма бес,
Сұбхан ием, зікіріменен көкейім тес.
Көкірегімдегі түйіндерді сен өзің шеш,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Жиырма алты жасымда “сауда” қылдым,
Мансұр сипат дидар үшін талас қылдым.
Пірсіз жүріп дерт пен шерді пайда
қылдым,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Жиырма жеті жаста пірді таптым,
Әр сыр көрдім, перделеп бүркеп жаттым.
Астанасын жастанып, ізін өптім,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Мен жиырма сегіз жасымда ғашық
болдым,
Жаннан кешіп, мехнат тартып,
садық болдым.
Одан кейін дидарыңа лайық болдым,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Жиырма тоғыз жасқа кірдім, халім харап,
Ғашық жолында бола алмадым
мысал топырақ.
Халім – харап, бауыр – кәуап,
көз бұлдырап,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Отыз жаста отқа қақтап күйдірді,
Күллі әулие жиылып, дүниеқорлықты
қойдырды.
Ұрыпсөгіп дүние қызығынан бездірді,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
Құл Қожа Ахмет, дүние қусаң, ісің бітер,
Көкіректен шыққан даусың көкке жетер.
Жан кетерде Хақ Мұстафа қолын берер,
Сол себептен Хаққа сыйынып келдім,
міне.
5 - Хикмет
Төтеннен тұрарымда барша әулие,
Хақ сүйiспендігін көңіліме салды, достар.
Қызыр бабам дайын мейірін төге,
Медет қылып қолымды алды, достар.
Отыз бірде Қызыр бабам шарап ішірді,
Көңілімнен әзәзілді хақ қашырды.
Сауда қылдым, жазығымды
Құдай кешірді,
Содан кейін Хақ жолына салды, достар.
Отыз екі жасымда жетті Хақтан пәрман,
Пенделікке қабыл еттім, қылма арман.
Жан кетерде бергем саған нұрлы иман,
Кәріп жаным шадман болып күлді,
достар.
Халқымнан хабар жетті, риза болдым,
Әркім сөкті, яки тепті, сабыр болдым.
Бұл әлемде көзімді ілмей, әзір болдым,
Әуестік пен менмендік кетті, достар.
Отыз үште сақи болып, шарап үлестім,
Тостаған толы шарапты тоя іштім.
Әскер түзеп, шайтанмен мен ұрыстым,
Шүкір Алла, екі нәпсім өлді, достар.
Отыз төртте ғалым болып дана болдым,
Хикмет айт деп Сұбхан айтты,
күйіп жандым.
Шілтенменен шарап ішіп досжар
болдым,
Жан дүнием Хақ нұрына толды, достар.
Отыз бесте мешіт кіріп, дәурен сүрдім,
Шәкірттерге ғашық дүкенін шексіз
құрдым.
Теріс жолға әркім кірді – сөктім,
ұрыстым,
Ғашықтарға Хақтың нұры түсті, достар.
Отыз жеті жасқа кірдім – оянбадым,
Ынсап қылып, Алла мейірін
толғалмадым.
Таңсәріде зар илеп, еңіремедім,
Тәуба қылдым, қожам қабыл қылды,
достар.
Отыз сегіз жасқа кірдім, ғұмырым өтті,
Жыламайақ өлер уақытым жуық жетті.
Ажал келіп, шектеулі уақтын тосты,
Білмей қалдым, ғұмырым ақыр болды,
достар.
Отыз тоғыз жасқа кірдім,
қылдым қасірет,
Уа, дариға, өтті ғұмырым, қане тағат?
Қанағатшыл Хақ қасында хошсағадат,
Қызыл жүзім, тағат қылмай солды,
достар.
Шаш пен сақал ағарды – көңілім қара,
Махшар күні рахым еткін, халім нашар.
Саған аян: амалсызбын, көп дүр күнәм,
Бар періште жазығымды білді, достар.
Пірмұған шарабынан тамшы таттым,
Жол таба алмай бас айналып,
түндер қаттым.
Бихамдилла, ізгілік берді, нұрға баттым,
Көңіл құсым жеті қат көкке жетті, достар.
Қияметтің азабынан ақылым қайран,
Көңілім қорыққан, жаным үріккен,
көкірек – ойран.
Ділім шошып сират атты қыл көпірден,
Ақылым кетіп, естен танып қалдым,
достар.
Құл Қожа Ахмет, қырыққа кірдің,
нәпсіңді тый,
Мұнда жылап, ақыретте есіңді жый.
Иман – шариғат, мәні – тариқат,
Құдай деген Хақтан үлес алды, достар.
6 - Хикмет
“Иә иләһи” сенің даңқыңа хикмет
айттым,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
Тәуба қылып, күнәмнан қорқып қайттым,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
Қырық бірімде ықылас қылдым
жол табам деп,
Жарандардан әр сыр көрсем,
мен табам деп.
Пірдің ізін тауып мен өбейін деп,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
Қырық екімде шәкірт болып жолға кірдім,
Ықылас қылып жалғыз Хаққа
көңіл бердім.
Ғаршыкүрсі лаухыдан[13] өтіп
ғалам кездім,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
Қырық үшімде Хақты іздеп зар еңіредім,
Жағамды ұстап жылап жүрдім
гүлзарымда.
Мансұр[14] сипат бас тіктім ғашық
дертіне,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
Қырық бесімде сене қажет тілеп келдім,
Тәуба қылдым, әр іс қылдым,
қате қылдым.
Иә Иләһим, рахметіңді ұлық білдім,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
Қырық алтымда зауқым асып,
толып тасты,
Рахметіңнің нұры тамып шайтан қашты.
Хақтан шабыт жолдас болып есік ашты,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
Қырық жетімде жеті жақтан шабыт
жетті,
Сақи болып жамшарапты Ием тұтты.
Шайтан өліп, нәпсі құйын өзі кетті,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
Қырық сегізде ғазиз жаннан безер
болдым,
Күнә дерті ауру қылды, кесел болдым.
Сол себептен Хақтан қорқып
көз ілмедім,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
Қырық тоғызда ғашық болып
күйіп жандым,
Мәжнүндей туғантуыстан қашып
тындым.
Түрлітүрлі жапа көрдім – мойынсұндым,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
Елуімде ермін дедім, дәрменсіздік,
Қан төкпедім көзімнен бауырымды езіп.
Нәпсім үшін жүрер едім иттей кезіп,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
Құл Қожа Ахмет, ер болмасаң,
өлген жақсы,
Қызыл жүзің қара жерде солған жақсы.
Топырақ сипат жер астында
болған жақсы,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған.
қазақ тіліне аударған
М.ЖАРМҰХАМЕДҰЛЫ
Қожа Ахмет Яссауи
ДИУАНИ ХИКМЕТ
ДИУАНИ ХИКМЕТ
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ – 850
Жалғасы. Басы өткен санда
[13] Лаух, дұрысы Лаухулмахфұз (ар.) – Алланың құдіретімен адамдардың
болашақ тағдыры жазылатын тақта. Бұл туралы Құранның 82ші “ӘлБұруж”
сүресінің 22ші аятында жазылған.
[14] Мансұр, ӘлХаллаж – һижри санауымен үшінші ғасырда өмір сүрген сопы.
Өзінің әйгілі “ӘнәлХақ” (мен Хақпын) деген сөзімен кең танымал.
Жалғасы келер санда
№ 44 (166) 3 ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
Айдана ЖҰМАДИНОВА
Жанымды сыздатып
таң атпай.
Ісімнен кетті екен ағат қай?
Тықылың азайдыау, жүрегім,
Қуаты таусылған сағаттай.
Мұның не?
Не мынау қылығың?
Бойыңда бітті ме жылуың?
Сен қатты сыздаған сәттерде
Лайланып кетеді тұнығым.
Сәл шыда, жасаймыз бір емін.
Түртпектей бермеші үнемі.
Соғасың әлі көп, білемін,
Шыдай тұр, шыдашы, жүрегім.
Жассың ғой, мұның не,тәйірі?
Тиді ме қайғының айыры?
Саған да қатты әсер етті ме?
Миымның ойлаған уайымы.
Өзің ғой, тәкаппар, өр еттің.
Басқадан болам деп, бөлек тым.
Сен маған, жүрегім, керексің.
Мен дағы әлемге керекпін.
Он сегіз.
Өлуге болмайды.
Мен өлсемеліме зор қайғы.
Сыздауың жаныма батады,
Сондықтан қой енді ондайды.
Сыздатса кешегің, өткенің,
Тоқтама.
Тоқтауың не еткенің?
Сені әлі соғуың керексің,
Бітпеген істерім көп менің.
КӨКТЕМДЕ
Көктемде,
Қырат та, таулар да, бөктер де.
Ақ қардан арылып, қарайып,
Көк аспан көз жасын төкенде.
Көктемде,
Өкініш өкпемнен өткенде.
Мен сонда біржола өзгергем,
Сен мені менсінбей кеткенде.
Көктемде,
Кісілік кеудеден тепкенде.
Мен мына әлемнен түңілгем,
Сен мені жүрексіз еткенде.
Көктемде,
Сен маған шамданба, кектенбе.
Жүрегін жоқ қылған, ғаламда,
Дәл мендей бақытты жоқ пенде.
Көктемде,
Самалы самайдан өпкенде.
Келбетің ойыма келмеді,
Мен сені ұмытып кеткембе?
КҮЛГЕНІҢ КЕРЕМЕТ
Секілді от сүйген көбелек.
Мен саған құмармын не керек.
Сылдырап бұлақтың суындай.
Ой, сенің күлгенің керемет.
Бір қайғы, бірде шат, бірде мұң.
Зымырап өтуде күндерім.
Күрсінген сәттерде күшберді,
Керемет күлімдеп күлгенің.
Тұмарым, шәрбәтім, құмарым,
Қыраның сүйеді сыңарын.
Сүйем деп айтпаған сөзіңді,
Сезімді көзіңнен ұғамын.
Сарғайып, мен сені аңсап ем,
Сағынып ғаламға жар сап ем.
Жүрегім жұдырық болса да,
Сен деген сезімім жарты әлем.
Мен білем, керемет күлгенің.
Келешек не болмақ, білмедім.
Білерім мен енді өзіңмен,
Сеземін мәңгілік біргемін.
Сұлтанбейбарыс Бақытбек,
1998 жылы 11 қаңтарда
Қызылорда облысы,
Сырдария ауданы,
С.Сейфуллин ауылында
дүниеге келген. Қазіргі
таңда Қорқыт ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік
университетінің 2-курс
студенті. Облыстық,
аудандық мүшайралардың
жүлдегері. «Алғашқы
адымдар» жыр жинағының
авторы.
Әсем үнді азанға құлақ түр де.
Құдайға құлшылық қыл жылап күнде.
Басыңа қиын жағдай түсе қалса,
Мойыма, Алла мені сынап тұр де.
Жетегіне еріп кетіп һәм адасып,
Шайтанға бас ұрмағын, сыра ап күнде.
Бес уақыт намаз оқып, құлшылық қыл,
Құбылаға қарата құлап күнде.
Жақыныңа жамандық қылмағайсың
Күн де келер қауышар жылап бірге.
Кемшілігін жасырып жүр жолдасыңның,
Сыртынан мазақ етіп, сынап күлме.
Мен бүгін бір жақсылық қылдым ба деп,
Өзіңе қойып отыр сұрақ күнде.
Алланың ақ жолынан адаспасаң
Өзіақ шығар алдыңнан жұмақ бірде.
Жержаһанды жауласаң да, мына әлем,
Болған емес мәңгілік тұрақ мүлде.
Қалаға билік етем деп жүргенде,
Молаға айналасың бірақ күнде.
ҚҰДАЙҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ҚЫЛ
ЖЫЛАП КҮНДЕ
Керемет күн кешсем де ай астында.
Күз келсе сол көңілді қайғы алады.
Көшедегі орындыққа жайғастым да.
Көзімменен бақыладым айналаны.
Күз де келді, айналам сарғайды да.
Көл бетінде су да жоқ тасып аққан.
Күңіренген мұңлы әнге салмайды ма?
Күрең талдар жұрдай боп жапырақтан.
Кәрілікке мойынсұнып заман берген.
Кірпік қағып жатқандай дала зорға.
Кір шалмаған жапырақ самал желмен,
Кілемдей боп төселген қара жолға.
Қалың қабақ түйіп жер күрсініпті.
Қаншалықты аяныш хәл кешсін мейлі.
Қопарып күз кеткендей тіршілікті
Қаңқеткен құстың үні естілмейді.
Күз мезгілі керемет тек күштілерге.
Күрең тал тұр салқын желдің өтінде нық.
«Кілт» етті де жапырақ түсті жерге,
Кәрі ағаштың соңғы демі секілденіп.
КҮЗ КЕЛБЕТІ
СОҒУЫҢ КЕРЕК
ЕРТЕГІ СЕЗІМ
Алайда тіл – құлағы жоқ қуыр
шақ емес, бір үйдің байлығы бой
жеткенді тыпырлатып көлікке то
ғы тудың заң бойынша үкімі – аса
ауыр. Сондықтан бұл шаруаға тас
түйін дайындалмас бұрын бі раз
шаруаның шешімін тарқатып алу
керек. Иә, бұл қылмыстың қал
та рысында не бар? Жастық же
лік пе, әлде жалынды жігер ме?
Мүм кін, ішкі есептің мықтылығы
бо лар?
Жақында мынадай оқиға орын
алды. Құрбым көптен сөз са
лып, «өмірлік жұбым бол» деген
жігітпен отау құруға уағдаласты.
Болашақ бақытты күндерін сол
сері жігітпен байланыстыратын.
Оқуды тәмамдап, диплом алған
соң, туған ауыл төсіне тартып
отыр ды. Содан кейін екіүш
ақ күн өтті. Көрші ауылдағы өзі
дос көріп араласатын жігіт алып
қашыпты. Ең қызығы өзіне емес.
Туған ағасының жанжары болу
үшін. «Інісі бардың тынысы бар»
деген осы болса керек. Пысық
жі гіт, оқуын жалғастыру үшін
атаанасының қолын ұзартатын
келін әперуді көздейді. Момын
ағасының өз еркімен әзір үйлен
бей тінін білген бауыры мінезі
жай да ры, ақкөңіл, сабырлы қыз
дың сертін емес, жолын тоса
ды. Ауылда «ұят» қадірін біліп
өс кен бұрымдының үлкендер
сөзі нен аса алмайтынын алдын
ала біледі. Тіпті қызығы, інісі қа
ла дағы ағасына «не үшін еке
нін келгесін айтам, жұмыстан
сұ ра нып кел» деп алдынала
тап сырып қойыпты. Бауырына
сен гені сондай, ағасы бір көріп
та нысқан қызды келіншек етті.
Сонда бір үйдің шаңырақ құруы,
бір адамның мықты жоспарының
арқасында орын алды. Құрбым
айт пақшы «бір сағаттың ішінде
өмірінің өзгеруіне» кім кінәлі?
Ендеше алып қашудың себеп
терін іздейік.
Бірінші кінә – қыздың өзінде.
Таңғаларлық. Бірақ, жігіттермен
көп достасатын, сұқ көздерден
сақтанбайтын, жайдары, алды
артын бағамдамай сөйлейтін
көңіл
ді бойжеткен басына бәлені
өзі тілеп алады.
Көнбіс, момын, қандай тұр
мыс қа да жайлы екенін танытып
тұратын «үндемес» қыздарды да
құрығы ұзындар қағып түсіреді.
Оны көптен сырттай бақылап,
шыққан тегін, ортасын зерттеп
жүрген жігіт, жақсылап тани сала
алып қашудың қамына кіріседі.
Әрине, қыз танып үлгермеді. Бірақ
бұған мүмкіндік бермеген өзінің
«мінезі»...
Екінші себеп – жеңгеде. «Алты
жеңге бірігіп ана болмас» деген
осы. Қайын сіңілің сырына қанық
сырласы өзіне жаққан жігітті «ал
тынмен аптап, күміспен күптеп»
одан артық күйеу таппайтынына
сендіреді. Мақтауы әбден жетіп
қыз әлгі жігітті көп көрмесе де «ке
ремет» екенін мойындай бастаған
сәтте алып қашуға рұқсат.
Үшінші орында – қыз бен жігіт
тің атаанасы. Бірбірін жақсы
танитын үлкен кісілер «қызым
біз ден асып қайда барады»,
«сенімен құда болсам арманым
жоқ» деп жастардың сыртынан
тон пішеді. Бастысы бойжеткенді
жігіт ұнатса болды. Алып қашса,
«қуғыншының» өзі қызға «қайтып
келсең ауылдан ұят болады.
Атаанаң қарсы емес. Танитын
жақсы отбасы. Танымайтын жер
ге барсаң көрген күнің не боларын
кім білсін» деп сол үйге тастап
кетудің қамын жасайды.
Сонда жігіт судан таза, сүттен
ақ болып шыға келді. Әрине, олай
емес. Жолдастарының қолпашта
уымен, туматуыстың қолдауымен
жел піл деген
талай
бозбала
«қыз ұр лаймын» деп болашағын
бәйгеге тігіп, басы шатылған.
Нағыз ер болашақ бала ла
ры ның анасын әбден ойланып
таң дап, мінезі мен ісін саралап,
сүй генінің көңілінен шығып, келі
сімін сұрайды. «Ел мақтаған жі
гіт ті, қыз жақтайтынын» жақсы бі
летін ер ата жолымен құда түсіп,
игі дәстүрді жалғастырса керек.
Себебі бір шаңырақтың оты жа
ғыларда жылау мен күрсіну емес,
қуаныш пен үкілі үміттің болуы –
игіліктің басы.
«АЛЫП ҚАШУ» ДӘСТҮРІНДЕ АЙЫПТЫ КІМ?
Ауыл дегенде өзің бес саусақтай білетін, қарапайым, текеметтің
оюындай берекесі келісіп, бірлігі жарасқан жайлы мекен елестейді.
Алайда бұрымың белден асып, қылықты қыз атанғаныңда сол
кеңпейіл ауылдың бір мінезінен қауіптенесің. Ұялып жүріп, ұнатқан
қызын қапыда көлікке тиеп, келіншек ететін ауыл баласының
қулығын айтам. Далалық жерде ұят пен абыройдың бәсі жоғары.
Ауға түскен су маржанындай шырмалып, шырылдаған сұлулардың
көбі тағдыр таңдауынан аса алмайды. Жалпы, бұл істе кінәлі кім?
Айыпты жалғыз сияқты. Сүйгеніне сөз айта алмаған соқталдай жігіт
тәуекел деп тас жұтқан көзсіз «батыр».
ОҚЫРМАН МІНБЕРІ
2016-2017 ЖЫЛҒЫ
СӘНДІ ШАШ ҮЛГІЛЕРІ
ӘДЕМІ ӘРІ ОРНЫМЕН ТАҢДАЛҒАН ШАШ ҮЛГІСІ
КЕЗКЕЛГЕН ЖАНДЫ ТАНЫМАСТАЙ ӨЗГЕРТЕ АЛА
ДЫ. ЕНДЕШЕ, 2016 ЖЫЛДЫҢ СӘНДІ ШАШ ҮЛГІЛЕРІ
ҚАНДАЙ БОЛАТЫНЫНА КӨЗ ЖҮГІРТЕЛІК.
Каскад – стилистер
тек алдыңғы орындарға
қоятын шаш үлгілерінің
бірі. Ал оның ұзындығы
әрқалай болады. Сондай
ақ түрлі ұзындықта кесіл
ген шаш қабаттары да
кезкелген сұлудың қа
лауындай. Шаштың ұзын
ды ғына емес, шашқа кө
лем беру үшін кесілетін
оның қабаттарының са
нына көбі рек көңіл бөлген
жөн. Сіз ол қабаттардың, әсіресе, шаш тың түбіне
қарай орналасуын қадағалаңыз. Өйткені көлемді
шаш үлгілері биыл сәнде болмақ.
Боб-каре – бұл шаш
үлгісі бірнеше маусым
бойы сәннен шыққан емес
және әлі де алдыңғы қа
тарда тұр. Десе де, бір
неше жыл бұрын қыздар
бобкаренің мұқият кү
тімді қажет ететін қысқа
түрлерін таңдаса, бұл
мау сымда ұзынырақтары
сән де болмақ. Ал ол ас
қан ұқып тылықты қажет
етпейді. Де мек, толқын
шаш ты қыздар дың да көп уайымға салынбасы анық.
Пикси – шаш үлгісі
1953 жылы Одри Хеп
берн «Рим демалысы»
атты фильмге қысқа шаш
пен түскеннен кейін пай
да болған. Әйелдердің ба
сым бөлігінің шашы ұзын
болған уақытта бұл шаш
үлгісі ерекше көрінеді.
Бүгінде оның бірнеше түрі
бар. Пикси шаш үлгілері
беті дөңгелек келген және
шашы бұйра қыздарға
ойдағыдай жараса қоймайды. Ал бет пішіні сопақ кел
ген қыздар еш уайымдамастан пикси шаш үлгілерін
жасатуларына болады.
Сондайақ 20162017 жылдары көлемді шаш үлгі
лері сәнде болмақ. Егер кекіліңіз болмаса, тезірек
шаштаразға барыңыз. Өйткені кекіл де аталмыш
жыл дың сәнінде болмақ.
№ 44 (166) 3 ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
Махаббат, ғашық болу, жақсы көру
– ең ұлы сезімдер. Ұнату, сүю адам ба
ласына тән қасиет. Бұл ұлы сезімдерді
әркім әр қалай түсініп, ұғады. Әуел баста
ақ, Жаратушымыз адамды махаббат
пен жаратқан. «Махаббатпен жаратқан
адамзатты, сенде сүй, ол Алланы жан
нан тәтті»деп Абайдың жырлауы осыған
дәлел. Махаббатқа, сезімге деген ислам
дінінде пікір қандай? «Махаббат» – деген
ұғымның өзі араб тілінен енген. «Хабба»
деген түбір сөз «жақсы көру, сүю» де
ген мағынаны білдіреді. Тәңірім адамзатты
жаратқанда адамның жүрегіне өмір гүлін
еккен екен дейді. Өмір гүлінің үш сабағы
бар: бірінші – ең жоғарғы, ең әсем, ең
көрікті сабақтағы – Алла тағаланың, жара
тушы иенің дәргейіне бағышталған махаб
бат гүлі; одан төменіректе тұрған сабағы
берік, тікенекті гүл – туған ел, өскен жерге
Отанға деген махаббат гүлі; ең соңғы, аса
нәзік, әсем де кішкене гүл – сүйген жарға,
жақын туғандарға, қандасбауырларға,
жалпы екі аяқты атаулыға деген махаббат
гүлі.
Менің түсінігімше, адам баласы ең
жоғары тұрған өмір гүлінің бірінші сабағын
үзіп алса, яғни Тәңірге деген махаббатын,
құлшылығын жоғалтса онда қалған екінші,
үшінші гүлдің сабақтары да сол жерден
өмірін үзеді. Себебі Жаратқанға деген шы
найы махаббаты өшкен адам, өзгелерді
махаббатына бөлей алмайды. Алланы
сүймеген адам, туған жерін де сүймейді,
туған жерін сүймеген адам, жанындағы жа
рын да сүймейді.
Қазір махаббат деген ұғым жасанды
дүниеге айналып барады. Көпшілік жас
тар дың бірбіріне сезімдері де, сөздері
де жасанды. Көпшілігіміз махаб батты
құмарлықпен, бірекі сағаттық таныс тықпен
шатастырып жүрген сияқтымыз.
«Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
құмарлық бір нәпсі үшін болады сол»
деген ұлы Абай, егер жан құмарлығы
мен тән құмарлығы бірбірімен астасып,
үндесіп жатпаса онда бәрі бекершілік.
Тән құмарлығы – күнәнің батпағына ба
тып, бақытсыздық ұрығын егу. Қастерлі
сезім қасиетінен айырылса, бұл адамзатқа
төнген ең үлкен қауіп.
Махаббат – құпия болуы тиіс. Махаббат
жұмыр басты пендеге берілген ең үлкен
сый. Махаббат – екеудің құпиясы, бар
байлығы. Кезкелген адам бағалы дүниесін
қызғыштай қорып, жұрт көзінен жасырмау
шы ме еді?!
Ал қазір... Қазір керісінше ең асыл
дүниеміз жалаңаштанып барады. Аққудың
адалдығы мен пәктігін идеал қылған махаб
бат құр сөзге айналып бара жатқан секілді.
Осының салдарынан қанша жазықсыз
сәбидің қаны мойынымызға жүктеліп, қанша
шаңырақ шайқалды. Осы асығыстықтың,
көрсеқұмарлықтың кесірінен қанша жас
өзіне қол салып, қанша гүл қауызы ашыл
май жатып тапталды десеңші.
«Махаббатсыз дүние бос» – демекші,
махаббат – өмірдің асыл қайнары, Жа
ратушыдан келген ең үлкен нығмет. Ен
деше басымыздағы бағымызды бағалап,
асыл сезімнің құнын кемітпейік. Алла
баршамызға шынайы махаббат нәсіп ет
кей!
Достарыңызбен бөлісу: |