Бетте Айгүл Әлішер



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.03.2017
өлшемі42,14 Mb.
#10758
1   2   3   4   5

– «Жаңақорған 

тынысы» газетінің кешегі 

мен бүгінгісі жер мен 

көктей. Жасырын болмаса, 

мұндай көрсеткішке қалай 

жетуге болады? 

– Шығармашылық 

ұжымды ортақ іске 

ұйыстырып, жоспарлы 

жұмыс істеуді жолға қою 

қажет. Жоспарсыз жұмыс 

жүйесіз жүреді. Нарық 

тілімен айтқанда, газет 

те – тауар. Тұтынушы 

талғамына сай болу 

керек. Газеттің төрт бетін 

әупірімдеп толтыра салу 

сорақы тірлік. Жалпы, сұхбат 

жасау журналистикада ең 

жеңіл жанр. Очерк жанры, 

журналистік зерттеу, 

репортаж газеттен көрінбей 

кетті. Біз осы олқылықты 

толтыруға тырысып 

жүрміз. Екіншіден, әрбір 

журналистің шығармашылық 

қабілетін ескеріп, арнайы 

тақырыптар беріп, ізденісін 

арттырғанның артықтығы 

жоқ. Үшіншіден, әрбір 

мақаланы және оны ашатын 

суретті газетке дұрыс 

орналастырып, көркемдік­

эститикалық жағына 

басымдық берген дұрыс. 

Сурет өздігінен сөйлеп тұрса 

деймін. Бір нәрсе анық, 

ауданға жақсы журналист 

өздігінен ешқашан 

бармайды. Сондықтан қолда 

бар маманды икемдеп, 

білмегенін үйретіп, жолға 

салу керек. Міне, осы үш 

тұғырға басымдық беріп, 

ұйымдастыра білсе, 

жұмыстың жанданатыны 

ақиқат. Оның үстіне, қаламы 

қарымды Баян Үсейінова, 

Ерубай Қалдыбек сынды 

сақа журналистер мен 

Нұрлат Байгенже, Әбдісамат 

Әбдіш, Мақпал Патенова, 

Ханзада Дошан секілді 

талантты жастар аудандық 

газеттің көкжиегі кеңеюіне 

адал қызмет етуде.

– Дәстүрлі 

басылымның орнын 

сайттар мен порталдар 

басады деген әңгіме бар. 

Осы жайға байланысты 

сіздің көзқарасыңыз 

қандай?

– Республикалық 

газет­журналдардың 

интернетпен бәсекелестікте 

асығы алшысынан түспеуі 

мүмкін. Бірақ, жергілікті 

басылымдардың ұпайы 

әлі түгел. Олар жергілікті 

жердегі ақпаратты 

тарататын негізгі құрал 

болғандықтан, интернетпен 

бәсекелесуге қауһары 

жетеді. Тек шығармашылық 

ұжым уақыт ағымына сай 

бейімделіп, халықтың 

көкейінде жүрген 

материалды жариялап, 

оқырмандармен байланысты 

үзбесе болғаны.

– Қазір жастар газет, 

кітап оқымайды дейтіндер 

тым көп. Бұған не дейсіз?

– Дұрысы жастар емес, 

ата­аналар кітап оқымайды. 

Қытай жазушысы Жин 

Иуан Жэ: «Баланың кітап 

оқуға махаббатын ол әріп 

танымай тұрып оятыңыз. 

Қызықты әңгімелерді, 

ертегілерді балаға 

дауыстап оқыңыз. Оқылған 

кітаптағы мәліметтер 

туралы балаңызбен 

талқылаңыздар. Ертегідегі 

басты кейіпкерлерді

қызықты сәттерін, даму 

сюжетін еске түсіріңіздер. 

Хат тани бастағанда өзіне 

оқытыңыз. Бірақ үнемі өзіне 

салып қоюға болмайды. 

Өйткені бала кітапты өз 

бетімен оқығанда сөздердің 

мағынасын жете түсінбейді. 

Олар көбіне назарын сөздің 

мағынасын түсінуге емес, ол 

сөзді қатесіз оқуға аударады. 

Өзі оқыған сәтінде міндетті 

түрде мазмұнын сұрап 

отырыңыз», ­ депті. Осындай 

міндетті бүгінгі ата­аналар 

орындап жүр ме? Бірінші 

осыны анықтап алу қажет, 

одан кейін жастарды 

кінәлауға болады.

– Кітап демекші, өзіңіз 

қолыңызға кітапты жиі 

алатын боларсыз. Кімнің 

туындысы жаныңызға 

жақын?

– Абайдың ұлы ақын 

екенінде шек жоқ. Құдай 

өзі ғажап дарыннан 

мүсіндеп бере салған 

дерсің. Кәрі құрлықтың 

да, Сары құрлықтың 

да жазушыларының 

туындысын оқығанмен, 

заман проблемасын 

Абайша ойлап, Абайша 

жеткізе білетіндер некен­

саяқ. Салыстырмалы 

сабақтасаңыз әлемде 

Абайдың қаламгерлік 

қуатымен теңдесе қоятыны 

аз. Тахауи Ахтанов алпысқа 

толған шағында: «Мен 

Абайды енді­енді түсіне 

бастадым. Қай өлеңін 

оқысам да, оқыған сайын бір 

жаңалық табамын!», – депті. 

Міне, Абайдың құдіреті 

осында. Осындай талант 

иесінін шығармашылығын 

қалайша оқымайсың? 

Кейінгі кезде Тынымбай 

Нұрмағамбетовтің 

еңбектеріне назарым ауып 

жүр. Жалпы, Бейімбет 

Майлин, Сәбит Мұқанов, 

Әбіш Кекілбаев, Дүкенбай 

Досжан, Қадір Мырза Әли, 

Оралхан Бөкеев, Қабдеш 

Жұмаділов және т.б. 

қаламгерлердің кітаптары 

оқырманды қызықтырмай 

қоймайды.



– Өзіңіз де «Редактор 

Қалқабай Әбенов», 

«Желкілдек батыр», 

«Ғибратты ғұмыр», 

«Мен елімді бағаладым, 

елім мені бағалады» 

секілді бірнеше кітаптың 

авторысыз. Қым-қиғаш 

жұмыстың арасында 

сапалы дүние жаза алмай 

қаламын деп қорықпайсыз 

ба?

– Қазақта «Қорқаққа 

қос көрінеді», «Қорқаққа 

құбыжық көп» деген аталы 

сөз бар. Жігерсіз, мақсатсыз 

адамдарға қарата айтылған 

дұрыс тұжырым. Сондықтан 

тәуекелге бел буып, көп 

ізденіп, әрбір сөзді, сөйлемді 

жеті рет өлшеп, бір рет 

кесіп жазса, олқылық бола 

қоймайды.



– Академик Манаш 

Қозыбаев: «Зиялылар – 

ұлттың сарқылмас қоры, 

ұлттың тірегі, рухани 

білегі», деп баға беріпті. 

Осы анықтамаға кімді 

жатқызасыз? 

– Шыны керек, атағы бар, 

қызметі жоғары тұлғалардың 

бәрі зиялылар емес. Өз 

басым, зиялы адам ретінде 

қызмет үшін емес, ұлтты 

үшін еңбек еткен адамдарды 

танимын. Мәселен, Әлихан 

Бөкейханов, Мұстафа 

Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, 

Міржақып Дулатов 

бастаған алашордалық, 

түркішіл қайраткерлерді 

және Темірбек Жүргенов, 

Мұстафа Шоқай, Ілияс 

Омаров, Өзбекәлі Жәнібеков 

сынды т.б. тарихи 

тұлғалардан зиялылықтың 

сәулесі шашырайды. Міне, 

осындай тұлғаларды қоғам 

және мемлекет қайраткері 

деуге болады.



– Сөзіңізді бақсақ, 

бүгінгі қайраткерлерге 

көңіліңіз толмайтындай...

– Әсте, олай емес. 

Дегенмен, құрметтің мекеме 

басшыларына тарата 

беретін арзанқол дүниеге 

айналғанына қарсымын. 

Мұндай құрмет берілетін 

кезде олардың елге сіңірген 

еңбегі ескерілсе екен. 

Қызметті жауапкершілік 

жүктеген соң атқарады. 

Еңбек етсе соған лайық 

жалақы алды. Ал, қазақ 

қоғамына қайраткер 

болудың өз деңгейі бар.

– Сіз елге еңбек 

сіңіріп, жұртқа қызмет 

қылған адамдармен көп 

дидарлас болдыңыз. Сол 

тұлғалардан қандай өнеге 

алдыңыз?

– Айтулы тұлғалардың 

өмірі мен шығармалары 

маған сұқбат бермей 

тұрып та өнеге болатын. 

Жалпы, әрбір адамның 

бір жақсы қыры болады. 

Егер соны тани, таба 

білсеңіз. Жауыздың 

да жанашырлығы, 

қылмыскердің де

қайырымы, маскүнемнің 

де мейірімі бар. Тек 

біржақты қараудың кесірі 

оның жақсы қылығын айыра 

алмайды. Кемшілік осында. 

Қазір өзіне баға берудің 

орнына өзгеге көп мән 

беретін көзқарас бар. 

Сіздің сұрағыңызға 

байланысты, тіпті 

баланың болмысынан 

да өнеге алуға тұрарлық 

жәйт болса, соны үйренуге 

тырысамын.

– Соңғы сұрақ. Сізге қай 

түс ұнайды?

– Көбіне көк.



– Неге?

– Біз Көк Тәңіріне 

табынған халықпыз. Одан 

қалды көк аспан, көк әлем, 

көк ту, көк күмбез, бәрі де 

осы түстің ажарын айшықтай 

түседі.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұқбаттасқан:

Жарасхан ӨТЕБАЛИЕВ

Қоғамның сан қатпарлы құбылысын қапысыз аңғарып, 

жүйелі  жазып  жүрген  қаламгерлердің  бірі  Қаныбек 

Әбдуов.  Оның  қаламынан  туған  публицистикалық 

мақалалар  қай  кезде  болмасын  жұртты  елең  еткізбей 

қоймайды.  Қаламгермен  аз-кем  сұқбат  оқырманға  ол-

жасыз болмас деп білеміз. 

Қаныбек ӘБДУОВ, ҚР Журналистер Одағының мүшесі:

Құрмет әркімге таратыла 

беретін арзанқол дүние емес

Құрмет әркімге таратыла 

беретін арзанқол дүние емес

Құрмет әркімге таратыла 

беретін арзанқол дүние емес


Тәуелсіздікке  25  жыл  толуына  

орай,  облыстық  ішкі  саясат   бас­

қар ма сының  қолдауымен  «Қы зыл­

орда облысының жастар одақтары» 

қоғамдық  бірлестігінің  ұйымдасты­

руы мен «Мәңгілік алауы» алаңында 

«Туған қалаңа ағаш сыйла» акция­

сы  өтті.  Акцияның  мақсаты  –  жас­

тар ға үлгі беріп, олардың бойында  

та биғатқа  деген  сүйіспеншілікті  оя­

ту,  экологиялық  тәрбиені  насихат­

тау.  Шараға  100­ден  аса  «Жасыл 

ел»  еңбек  жасағының  сарбаздары,  

тех ни калық,  кәсіптік  білім  беру 

ұйым  дарының  студенттері,  ерікті 

жас тар  қатысып, 500 түп жеміс аға­

шын отырғызды. Бұл игі бастама ал­

дағы уақытта да жалғасын табады.



ТУҒАН ҚАЛАҢА АҒАШ СЫЙЛА

№ 44 (166) 3 ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Бетті дайындаған: 

Жарасқан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

Қызылорда облыстық ішкі саясат бас­

қармасының  қолдауымен,  «Өркениет­

ті  Қазақстан»  қоғамдық  бірлестігінің 

ұйым дастыруымен  «Жастар  ресурстық» 

орталығы КММ­нің мәжіліс залында «Мен 

бол масам,  кім?»    тақырыбында  жастар­

дың қатысуымен психологиялық тренинг 

өтті. Тренигтің мақсаты – жастардың топ­

пен  жұмыс  жасай  алу  мен  компромис­

ке  келе  алу  қабілетін  анықтау,  лидерлік 

қабілеті басым қатысушыларды анықтау. 

Барлығы  30­дан  астам  жас  қатысқан 

тренингті «Өркениетті Қазақстан» қоғам­

дық бірлестігінің психологы А.Утемисова 

жүргізіп, танысу жаттығуларын жасатып, 

«Комплимент»,  «Жіптік  курс»  «Менің 

жетістігім»  атты  ойын­жаттығуларын  өт­

кізді.  Тренинг  соңында  қатысушылар 

ал ған әсерлерімен бөлісіп, осындай ша­

ралар көптеп болса екен деген ұсыныс– 

ті лектерін білдірді.

А.Тоқмағанбетов 

атындағы 

мә дениет  үйінде  тәуелсіздіктің 

25  жылдығына  орай  «Үздік  сту­

дент­2016»  облыстық  байқауы  бо­

лып  өтті.  Мүмкіндігі  шектеулі  сту­

денттер  арасында  өткен  шараны 

Қызылорда  облыстық  ішкі    сая сат 

басқармасы және «Жігер» қоғамдық 

бірлестігі  ұйымдастырды.  Байқауға 

техникалық  және  кәсіптік  білім 

ұйымдарында  оқитын  студенттер 

қатысты. Айта кетейік, бай қау биыл 

төртінші  мәрте  ұйымдас тырылып 

отыр.  Шара  «Мүмкіндігі  шектеулі 

жастармен  жұмыс  жасау  бойын­

ша  әлеуметтік  қызмет  жұмысын 

ұйымдастыру»  әлеуметтік  жоба­

сы  аясында  өтті.  Облыс  бойын­

ша  конкурсқа  10  колледжден  13 

студент  қатысты.  Байқау  «Таныс­

тыру», «Менің мамандығым», «Шы­

ғармашылық  конкурсы»,  «Студент  

портфолиосы»  сынды  төрт  кезең­

нен тұрды.

Нәтижесінде  жүлделі  I  орын­

ды  Қызылорда  медициналық  кол­

леджінің  студенті  Қасым  Серікбол, 

ал II орын Қызылорда индустриалды­

техникалық    колледжінің  студенті 

Гүлжан  Жұмағалиева,  III  орын 

М.Мәметова  атындағы  Қызылорда 

гуманитарлық  колледжінің  студенті 

Жансая Сәруарға бұйырды. 

Қорқыт  ата  атындағы  Қы ­

зыл орда мемлекеттік универ­

ситетінде  көрнекті  мемле­

кет  және  қоғам  қайраткері, 

Қазақстанның  Еңбек  Ері 

Әбіш  Кекілбаев  атындағы 

дәрісхана  ашылды. Дәрісха­

наның  ашылу  салтанатына  

Ә.Кекілбаевтың 

зайыбы 


К.Жұ мабайқызы,  ғалым,  фи­

лология ғылымының док то        ры 

Мырзатай Жолдасбекұлы, со­

нымен  қатар  мемлекет  жә­

не  қоғам  қайраткерлері  қа­

тысты.  Мұнда  жазушының 

шығармалары, 

кітаптары 

мен  өлеңдері  жинақталған. 

Алдағы уақытта оқу орны ның 

студенттері осы дә ріс ха надан  

ақын  туралы  толық  мәлімет 

алып,  шығармашы лықтарын 

шыңдайтын  болады.  Шара 

со ңында  «Тәуелсіздік  және 

Әбіш  Кекілбаев  әлемі»  тақы­

рыбындағы  ғылыми  кон фе­

рен циямен жалғасты.



Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,

ҚМУ студенті

Бұл екеуі бүгінде бүкіл әлем ­

нің  бас  ауруына  айналды.   Діни 

экстремизмнің  алдын  алу  бо­

йынша жастардың діни сауатын 

арттыру  маңызды.  Қоғамның 

барлық  саласына  дендеп  ен­

ген  жемқорлықтың  жолына   тос­

қа уыл  қойып,  зардабын  жою, 

кі нә лілерді  жауапқа  тарту  да 

бас  ты  міндеттер  қатарында. 

Осы орайда «Сұлтан» мешітінің 

има мы  Н.Әбжанов,  облыстық 

дін  мәселелерін  зерттеу  орта­

лы ғының  маманы  Б.Оспанов 

жә не  мемлекеттік  қызмет  істе­

рі  министрлігі  филиалының 

қыз мет кері 

Қ.Әбді раманов 

терроризм мен, жат ағымдармен, 

сыбай лас  жемқор лықпен  күрес 

мә се лелері туралы баяндады. 

Шара  соңында  филармония  

қызметкерлері  өздерін  толған­

дырған сұрақтар төңірегінде ма­

мандардан жауап алды. 



ЖАЗУШЫ ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛДЫ

ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

Жуырда Қызылорда об лыс тық филармониясының ұйым дастыруымен филармония залында терро­

ризм мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті. 

ӘСКЕРИ МАМАНДЫҚҚА БАУЛЫДЫ

Қызылорда  облыстық  білім 

басқармасы  «Аймақтық  дене 

тәрбиесі  орталығы»,  «Дина­

мо»,  «Дене  шынықтыру­спорт 

қоғамы» және «Отан» қоғамдық 

бірлестігінің  ұйымдастыруымен 

кәсіптік  техникалық  білім  беру 

колледждерінің 

студенттері 

арасында  әскери  қолданбалы 

спорт  түрінен  жарыс  өтті.  Сегіз 

кезеңнен  тұратын  турнирге 

барлығы  11  команда  қатысты. 

Жарыс  қорытындысы  бойынша 

«Абылай  хан»  атындағы  кол­

ледж  жалпы  командалық  есеп­

пен  I  орын  иеленді.  Бәсекеге 

сақадай сай келген оқу орнының 

алғашқы  әскери  дайындық 

пәнінің оқытушысы Б.Әбдібеков 

және  дене  шынықтыру  пәнінің 

оқытушысы  Н.Маханбетжанова 

тобы жеңімпаз атанды.

– Команда жігерлілігі, батыл­

дығының  арқасында  жеңіске 

жетті.  Біз  жастардың  бойына 

патриоттық  тәрбиені  сіңіруіміз 

керек.  Ал  өткізілген  жарыстың 

да негізгі мақсаты осы. Сондай­

ақ  әскери­қолданбалы  спорт 

түрлерін дәріптеу және жастар­

мен  дене  шынықтыру  спорт 

жұмыстарын  күшейтуге,  ҚР 

Қарулы  күштер  қатарындағы 

қызмет  мәртебесін  арттыруға, 

спорттық  шеберлікті  көтеру 

және  салауатты  өмір  салтын 

насихаттауға,  сонымен   қа тар 

оқушылардың  де не  даярлы­

ғының деңгейін кө те ру бойынша 

әскерге дейін гі жастағы жастар­

ды  бі лім  ұйымдарына  тартуға 

бағыттал ған, ­ деді Б.Әбдібеков.



ҮЗДІК СТУДЕНТ АНЫҚТАЛДЫ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ 

ҚР  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орай 

Қазалы  ауданында  «Тәуелсіздік»  аллеясы 

пайдалануға  берілді.  Аллеяның  ашылу  сал­

танатына  қатысқан  облыс  әкімі  Қырымбек 

Көшербаев  қазалылықтарды  мерейлі  ме­

рекемен  құттықтады.  Қ.Пірімов  көшесіндегі 

аллеяда  Бегім  ана,  Асандар  көтерілісінің 

құрбандарына  арналған  ескерткіштер  мен 

Жалаңтөс баһадүр мавзолейі және Тәуелсіздік 

монументі  орналасқан.  Сондай­ақ,  мұнда 

тұрғындар мен қонақтарға демалып, тынығуға 

жағдай жасалған. Жалпы, бұл жобаларды іске 

асыру  үшін  бюджеттен  470  млн.  теңге  қаржы 

бөлінген. Аллеяның ашылу салтанатынан соң 

Қ.Пірімов көшесі бойында тігілген 100 киіз үйде 

бабалар рухына құран бағышталып, ас берілді.

ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ТӘУ ЕТТІ

МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МҰҒАЛІМ

ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА

Бүгінде 


мамандықтың 

түрі  көп.  Әр  мамандықтың 

өзіндік  ерекшелігі  бар.  Жас 

ұрпақты білім нәрімен сусын­

датар,  шәкірт  жүрегіне  гүл 

егер, бала жанының бағбаны 

аяулы  ұстаздар  екені  анық. 

Бала  кезінен  көмекке  әзір 

тұратын Ғазиза мұғалім болу­

ды  мақсат  етті.  Бүгінгі  таңда 

Ғазиза  Қадырбергенова  бас­

тауыш  пәнінің  мұғалімі.  Ма­

хамбет  ауылында  №143 

орта мектепте жұмыс істейді. 

«Дипломмен  ауылға»  бағ­

дарламасымен  келген  жас 

маман  ауылға  келгеніне  еш 

өкінбейтінін айтты. 

–  Ауыл  келбеті  жылдан­

жылға  жақсарып  келеді. 

Еңбек  жолын  ауылдан  бас­

тағанымды  анам  құп  көрді. 

Қиындығы  мен  қызығы  мол 

осы мамандықты бала күнім­

нен  армандадым.  Адам  ба­

ласына  көмектесу  –  игілік­

ті 

істердің 



бастамасы. 

Ба  ла  ларға  сабақ  үйреткен 

ұнай ды.  Биыл  3  млн.  теңге 

пайыз сыз  несие  алдым. 

Қазіргі  таңда  жеке  баспанам 

да бар, – дейді жас маман.



№ 44 (166) 3 ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Күн жүрдік, түн жүрдік. 

Сондағы «103»­тің жұмысын 

баяндайық. Күніне қала 

бойынша 800­ге жуық шақырту 

келіп түседі екен. Бұған жедел 

жәрдем қызметінің №3 Сәулет 

бөлімшесінің мамандарымен 

болған шақыртуларға шыққанда 

куә болдық. Айта кетейік, 

жедел жәрдеммен кешкі сағат 

21:00 ден, таңғы сағат 05:00 

аралығында жүрдік.

Шақыртуларға бармас 

бұрын жедел жәрдемнің тыныс 

тіршілігімен танысуды жөн көрдік. 

Қалалық жедел жәрдемнің аға 

дәрігері Гүлнар Сейітбекқызы өз 

жұмысымен жіті таныстырды. 

– Қала бойынша жедел 

жәрдемнің төрт бөлімшесі 

бар. Олар: Орталық, Шанхай, 

Тасбөгет және Сәулет болып 

бөлінеді. Бізде мамандар екі 

ауысыммен 8 сағат және 15 

сағат жұмыс істейді. Өзіңіз 

көріп тұрғандай бес диспетчер 

жұмыс жасауда. Олар АСУ 

программасын қолданады. Әрбір 

көлікке орнатылған JPS бойынша 

бақылайды. Қозғалған көлікке 

бірден шақырту тастайды. 

Жедел жәрдем көлігінде дәрігер, 

фельдшер және тазалықшы 

болады. Шақырулар үздіксіз түсіп 

жатады. Біз оған қарамастан ең 

бірінші жедел түрдегі шақыруға 

барамыз. Егерде шақыруды 

қажет етпейтін аурулар болса, 

оған арнайы кеңесші маман бар. 

Сол кісі кеңес береді, ­ дейді.

Қоңырау шылдыры 

минут сайын тоқтар емес. 

Қолдарына бір­бір телефон 

ұстаған диспетчерлер қала 

бойынша шұғыл медициналық 

көмекке зәру тұрғындардың 

қоңырауларына жауап беруде. 

Мамандар үшін әрбір секунд 

маңызды. Қабылданған 

қоңырауды олар жедел 

түрде барлық бригадаларға 

хабарлайды. Жалпы, «Жедел 

жәрдемге» түсетін шақыртулар 

маңыздылығына қарай 6 түрге 

бөлінеді. 1, 2, 3 ­ деңгей – шұғыл 

қоңырау. Ең бірінші деңгейге 

далада болған апаттарда зардап 

шеккен кісілер жатады. Шұғыл 

қоңырау түскенде, диспетчерлік 

қызметке 5 минут, межелі мекен­

жайға жетуге 15 минут беріледі. 

Өліммен арпалысқан жандарға 

дәрігерлер мейлінше тез жетуі 

тиіс. Дене қызуы көтерілген, 

басы ауырып, балтыры 

сыздаған кісілердің шақыртуы 

4, 5, 6 ­ деңгейлерге жатады. 

Алдыңғы деңгейлерге қарағанда 

бұлардың жарасы жеңілдеу. 

Бекеттің тыныс­тіршілігінен 

хабардар болған соң №3 

Сәулет бөлімшесінің көлігімен 

әрі қарай кезекті шақыртуларға 

жөнелдік. Алғашқы шақыру 

теміржол аумағына түсті. 

Науқастың қан қысымы 

көтерілген көрінеді. Айтылған 

мекен­жайға жеттік. Дәрігер ­ 

терапевт Альбина Жұмабайқызы 

өзінің үйреншікті жұмысына 

кірісті. Науқастың қан қысымын 

өлшеді. Біздің алдымызда 

тағы бір жедел жәрдем келіп 

кеткен екен. Керекті көмектің 

барлығын жасады. Тұрғынның 

қанқысымының түскенін күттік. 

Арада он минут өтті. Қайта 

өлшегенде қалыпты қысымға 

келді. Өз жұмысын бітірген 

дәрігер келесі шақыртуға 

дайын. Көліктін қозғалғаны сол 

еді келесі шақырту келіп түсті. 

Бұл жолғы бағыт – Құлагер 

мөлтек ауданы. Жүргізуші 

дабылды қосып, жылдамдықты 

арттырды. Жүректің қысылуы. 

Әрине, мейлінше тез жету керек. 

Деттеген жерге жеті минутта 

жеттік. Дәрігер­фельдшер 

науқасқа көмек көрсетуге асықты. 

60 жастағы қарт кісі. Арнаулы 

сөмкеден ЭКГ аппаратын 

шығарып жүрегін түсірді. 

Жағдайы қалыпты. Керекті дәрі­

дәрмектерді берді. Науқас есін 

жиып, ауруынан айыға бастады. 

Мұндай көріністерге үйренген 

жедел­жәрдем қызметкерлері 

өз жұмысына жауапты. Қала 

тұрғыны Фарида Бержекеева 

жедел жәрдемнің жұмысына 

көңілі толатынын жеткізді.

– Ақ халаттылардың бұл 

жұмысы оңай емес. Ерекше 

төзімді қажет етеді. Көріп 

тұрғаныңыздай отағасы жүрегі 

ауырады. Жедел жәрдемнің 

көмегіне жиі жүгінеміз. 

Уақытында келіп жатады. 

Алғысым шексіз, ­ дейді ол. 

Түнгі сағат 03:00 

шақыртулар толастар емес. 

Осы орайда фельдшер Ақерқе 

Мамырбаеваны әңгімеге тарттық. 

Жұмыстың қызығымен бірге 

қиыншылығы қатар жүретінін 

айтты. 


 – Кейде қатты шаршаған 

кезде қолды бір­ақ сілтеп, кетіп 

қалғымыз келетіні рас. Бірақ, 

бір демалып алған соң, бәрін 

ұмытып кетеміз. Әлдебір кісіні 

өлімнен аман алып қалған сәтте 

үстімізден ауыр жүк түскендей 

болады. Айналасына жанашыр 

және қайратты кісі ғана мұндай 

жұмысқа шыдайды. Өзіміз 

қызмет барысында сезінетін 

адреналинді сізге сөзбен айтып 

жеткізе алмаймын, ­ дейді. 

Кезекті шақырту, бағытымыз 

Тасбөгет кенті. Түн ортасы 

болғанымен көшеде көліктер 

азаяр емес. Жүйткіген көлік 

зулап келеді. Тасбөгетке келдік, 

үй нөмірін таппадық. Дәрігер 

бұл жағдайға еш ашуланбады. 

Науқастың туыстарымен тілдесе 

отырып, мекен­жайды әп­сәтте 

тауып алды. Есік алдына жүгіре 

шыққан әйел болған жайды 

айтып, үйіне бастай жөнелді. 

Дәрігерлермен ілесіп, үйге кірдік. 

Үй келіні жүкті екен. Жүктіліктің 

бесінші аптасы. Дәрігер науқасты 

тексеруден өткізіп, облыстық 

ауруханаға апаратынын айтты. 

Науқасты көлікке жайғастырып, 

дабылды қосып жүйтки жөнелді. 

Облыстық ауруханаға келіп, 

науқасты қабылдау бөлімшесіне 

кіргізді. Жүргізуші Сәбит 

Ибадуллаев өз ісінің маманы 

екенін дәлелдеді.

– Жедел жәрдемде 

жүргізуші болып жұмыс істеп 

келе жатқаныма 10 жыл 

уақыт болыпты. Шаршайсың. 

Ашуланасын. Алайда басқа 

жұмысқа ауысу ойымда жоқ. 

Кешкі сегізде бөлімшеден 

шыққаннан таң алдында бір­ақ 

ораламыз, ­ дейді.

 Ауа райы күрт жылынып 

кетсе, дәрігерлердің жұмысы 

көбейеді екен. Осы шақырудан 

кейін біз бөлімшеге бардық. 

Барғандағы мақсатымыз – көлік 

ішін хлормен жуу, бөлімшеден 

дәрі­дәрмек алу. Бөлімшеге 

кірдік, шырылдаған қоңырау 

бәсеңдеген секілді. Сол сәтті 

пайдалана отырып 35 жыл 

диспетчер қызметінде болған 

Ләззат Есжановамен тілдестік. 

– Жұмысты көріп 

отырғаныныздай дамыл 

жоқ. Қоңыраулар енді ғана 

саябырлады. Жұмыстың 

қиыншылығы – көбіне 

мекенжайды таппайтынымыз. 

Тұрғындар көбіне кеш келеді деп 

шағым айтып жатады. Жедел 

жәрдем жермен барады, ұшып 

бармайды ғой. Қала ішінен 

шақырту түссе оны тауып бару 

оңайға түседі. Өйткені олар 

қала картасына енген. Біз көбіне 

картамен жұмыс істейміз. Ал, 

қала сыртындағы саяжайлар, 

елді мекендерді JPS­тің өзімен 

тауып бару қиынға түсіп жатады. 

Себебі, олар картаға енбеген. 

Соданда кешігулер болады. 

Қоңырау шалушылар эмоциямен 

өзінің қайда хабарласқанын 

ескермейді. «Тез кел, жағдайы 

ауыр» деп тұтқаны қоя салады. 

Ол кім? Қайдан хабарласып 

тұр? Ал мекен­жайлар шақырту 

бойынша дұрыс берілмейді. 

Талап бойынша көлік шақырту 

түскен жерге 15 минут ішінде 

жетуі тиіс. Әрине, жолда 

кедергілер болмағанда, ­ дейді. 

Бекеттің қыз­жігіттері күн 

сайын жан шошырлық оқиғаның 

сан мәрте куәсі болады. 

Бастысы дәрігерлер қайсарлық 

пен сабырлық танытып, ауру 

адамға дәрігерлік көмек 

көрсетуге тырысады. Себебі, 

тұрғындардың денсаулығына 

жауап беру, алғашқы 

медициналық көмек көрсету 

олардың борышы. Жедел 

жәрдемнің жұмысы расымен 

ауыр екеніне стансаға барған 

кезде көз жетті. Аурухананың да 

өз кестесі бар екен. Кез келген 

уақытта қабылдай бермейді. 

Науқаты дүйсенбі, сәрсенбі, 

бейсенбі, сенбі күндері қалалық 

аурухана, ал, сейсенбі, жұма, 

жексенбі күндері облыстық 

аурухана қабылдайды екен. Көп 

жылдар бойы осы салада елеулі 

еңбек етіп келе жатқан терапевт­

кардиолог Толқын Серікқызы: 

Бүгінде Қызылорда 

облысында халық саны күн 

сайын артып келеді. Қала 

адам танымастай өзгерді. Көп 

қабатты тұрғын үйлер де бой 

көтеріп келеді. Алайда, жаңа 

салынған үйлердің нөмірі дұрыс 

берілмеген. Қателесіп баратын 

кездер де болады. Біздің қызмет 

күрделі болғаннан, кейбір кездері 

тынығу дегенді естен шығарып 

жатамыз. Жалпы адамның жан 

дүниесін емдейтін жылы сөз. Кез 

келген адамға жылы сөйлесең 

көңілі де жадырап салмай 

ма? Сондықтан  «Жақсы сөз – 

көңілдің кілті, көркем сөз – дертке 

дауа» деген тәмсіл науқасқа қуат 

беруге жетелейді, ­ дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет