Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет41/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50

 

Әдебиеттер 

1.

 



Назарбаев  Н.А.  Казахстан  2050.  Послание  Президента  страны  народу 

Казахстана // Казахстанская правда, 2012, 27 январь,Астана. 

2.

 

Роль  науки  в  социально-экономическом  прогрессе  Казахстана  и  задачи 



союза ученых // О. Сабден и др.–Алматы, РОО «Союз ученых», 2006. -62 с. 

3.

 



Агентство РК по статистике.-Алматы, 2006. – 460 с. 

4.

 



Имангалиев  А.С.  Развитие  педагогической  валеологии  в  системе 

оздоровительной  физической  культуры  старшеклассников:  автореф. 

дис...докт.пед.наук: 13.00.01, 13.00.04. - Алматы, КазГАСТ, 1999. – 32 с. 

5.

 



Ахаев  А.В.  Валеологический  подход  в  системе  школьного  образования: 

Монография.-Алматы, Ғылым, 2005. – 242 с. 

6.

 

Тулеубаев  К.А.,  Каржаубаева  Ш.Е.,  Слажнева  Т.И.  Отношение  к 



физической  культуре  и  спорту  жителей  Республики  Казахстан  по 

результатам  научных  исследований  //Теория  и  практика  физической 

культуры и спорта: Междун.научно-практ.конф. 27-29.04.2006г. - Алматы, - 

С.165-168. 



Резюме 

Особенности методологии подвижных игр по народной культуре 

Summary 

The features of methods of moving games in  national culture 

 

 

ӘОЖ 541.2 



 

ҚР  МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӚЗІН-ӚЗІ БАСҚАРУДЫҢ 

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҦҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

Аймақтық әлеуметтік инновациялық университет 

Магистранты Жолжанова Алматай Нуртаевна 

 

1995  жылғы  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  жергілікті 



мемлекеттік  басқаруға  жан-жақты  анықтама  береді.  Конституцияның  85-

бабына  сәйкес,  жергілікті  мемлекеттік  басқаруды  тиісті  аумақтағы  істің  жай-

күйіне жауапты жергілікті ӛкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. 

Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  жүйесінің 

екі 

бастауы 


бар. 

Біреуі 


сайланбалыққа 

және 


салыстырмалы 

орталықсыздандырылуға негізделген, бұл бағыт жергілікті ӛкілді органдармен 

берік  байланысты.  Екіншісі  орталықтандырылу  жүйесіне,  мемлекеттік 

ұйымдастырудың 

құрамдас 

элементтігіне 

негізделген. 

Мемлекеттік 

басқарудың  бұл  механизмі  жергілікті  атқарушы  органдар  жүйесі  арқылы 

жүргізіледі. 



374 

 

Жергілікті  мемлекеттік  басқару  халықтың  тікелей  еркін  білдіретін 



институтттардың,  сондай-ақ  сайланбалы  органдардың  жиынтығы  болып 

табылатын  азаматтардың  ұйымдары  мен  қызметінің  жүйесін  құрайды. 

Жергілік  органдарға  мәслихаттар  жатады.  Олар  жергілікті  тұрғындар 

ӛкілдерінің  ресми  рӛліне  сай  ӛкілді  жүйенің  бір  бӛлігін  құрайды.  Жергілікті 

ӛкілді  органдар  басқарудың  барынша  икемді  жүйесі  үшін  жағдай  жасайды 

және  ӛкіметтің  халыққа  жақын  болуына  ықпал  етеді.Жергілікті  мемлекеттік 

басқару қоғам және мемлекет істерін басқарудың жалпы жүйесіне етене болып 

келеді.  Осыдан  келіп  жергілікті  басқаруды  реформалау  жүзеге  асырылды, 

соның нәтижесінде Әкім жергілікті орындардағы Президент ӛкілі басқаратын 

жергілікті атқарушы органдар жүйесі пайда болды.Тиісті әкімшілік-аумақтық 

бірліктің  әкімі  жеке-дара  басшылық  принципімен  қызмет  етеді  және 

мемлекеттік  басқару  функцияларын  жүзеге  асырады.  Жалпы  алғанда, 

орталықтандыру  мен  орталықсыздандырудың  ӛзара  қатынасы,  жергілікті 

мемлекеттік  басқару  құрылымындағы  демократиязациялау  конституция 

теориясында да, мемлекет құрылысында да маңызды мәселелердің бірі болып 

табылады[1]. 

Жергілікті  атқарушы  органдардың  басшыларын  сайлау  жүйесін  енгізу 

қажеттігі туралы пікір де назар аударуға тұрарлық. 

Жергілік  атқарушы  органдардың  құқықтық  мәртебесі  ең  алдымен 

Конституциямен,  Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы 

―Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы‖ 

Заңымен,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  басқа  да  нормативтік 

актілерімен реттеледі.Жергілікті мемлекеттік басқару жоғарыда аталған заңда 

және  басқа  да  заң  актілерінде  белгіленген  құзырет  шегінде  жергілікті  және 

атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту 

мақсатында  жүзеге  асыратын,  сондай-ақ  тиісті  аумақтағы  істің  жай-күйіне 

жауапты болып табылатын қызмет түрі болып табылады. 

Заңның  4-бабына  сәйкес  жергілікті  атқарушы  органдар  ӛз  қызметінде 

мәслихаттар  мен  әкімияттар  үшін  белгіленетін  негізгі  талаптар  мен 

шектеулерді  берік  ұстануға  тиіс:  жалпымемлекеттік  сыртқы  және  ішкі 

саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің 

қабылдануына жол бермеуге; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан 

Республикаларының  мүдделерін  сақтауға;  қызметтің  қоғамдық  маңызы  бар 

салаларында  белгіленген  жалпымемлекеттік  стандарттарды  ұстануға; 

азматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге 

міндетті.    Жергілікті  мемлекеттік  басқару  құрылымын  анықтаған  кезде  оның 

негізіне  біртұтастық  принципі  қаланған,  ӛйткені  Қазақстан  Республикасы 

біртұтас мемлекет болып табылады [2]. 

―Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы‖ 

Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес облыстың, ауданның және 

қаланың 

аумағындағы 

ӛкілді 

орган 


Мәслихаттар 

болып 


табылады.Мәслихаттар  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бӛліністегі  халықтың  еркін 

білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға 

қажетті шаралар белгілейді, олардың орындалысын бақылайды. 


375 

 

Мәслихаттарды  жалпыға  бірдей,  тең,  тӛте  сайлау  құқығы  негізінде 



жасырын  дауыс  беру  арқылы  тӛрт  жыл  мерзімге  халық  сайлайды 

(Конституцияның 86-бабы). 

  Сайлауды  ӛткізу  тәртібі  Қазақстан  Республикасының  сайлау  туралы 

заңдылықтарымен  белгіленеді.  Ең  алдымен  олар  конституциялық  нормалар 

және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1995  жылғы  28  қыркүйектегі 

―Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы‖ заң күші бар Жарлығы[3]. 

 Жергілікті  ӛкілді  органдар  сайлауының  жалпыға  бірдейлік  принципі, 

сотпен  әрекетке  қабілетсіз  деп  танылған,  сондай-ақ  сот  үкімімен  бас 

бостандығынан  айыру  орындарында  отырғандардан  басқа,  жиырма  жасқа 

толған 


барлық 

азаматтардың 

мәслихат 

депутаты 

болып 

сайлана 


алатындығынан кӛрінеді. 

  Теңдік  принципі  әрбір  сайлаушы  бір  дауысқа  ие  және  барлық 

сайлаушылар  сайлауға  тең  жағдайда  қатысатындығымен  түсіндіріледі. 

Әйелдер  мен  еркектер  тең  сайлау  құқығына  ие.  Әскерилер  де  барлық 

азаматтармен 

тең 


дәрежеде 

сайлау 


құқықтарын 

пайдаланады.Сайлаушылардың  еркін  білдіруіне  бақылау  жасауға  жол 

берілмейді. Депутаттардың санын тиісті Мәслихаттар белгілейді. Бұл ретте заң 

шығарушы  депутаттардың  барынша  мүмкін  санын  белгілейді.  Облыстық 

мәслихаттарда 

депутаттардың 

саны 

50-ден, 


қалалықтарда 

30-дан, 


аудандықтарда  25-тен  аспауы  керек.  Мәслихат  белгіленген  депутаттар 

санынның  тӛрттен  үшінен  артығы  сайланған  жағдайда  заңды  күшке  ие 

болады[3]. 

  Мәслихат  ӛкілеттігі  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында 

белгіленген  оның  ӛкілеттік  мерзімі  аяқталғанда  тоқтатылады.  Мәслихат 

ӛкілеттігін  Қазақстан  Республикасы  Бас  прокурорының  ұсынысы  бойынша 

Парламент Сенаты мерзімінен бұрын тоқтата алады (23-бап). Мәслихаттардың 

ӛкілеттіктерін  мерзімінен  бұрын  тоқтату  үшін  мынадай  жағдайлар  негіз 

болады: 

-

 



Қазақстан  Республикасының  Конституциясын,  заңдарын  сот  тәртібімен 

заңсыз деп танылған шешімдер қабылдау түрінде бірнеше рет (еекі және одан 

да кӛп) бұзса; 

-

 



егер  жаңадан  сайланған  мәслихат  бірінші  сессиясы  ашылған  күннен 

бастап  отыз  күн  ӛткенше  ӛз  құрылымын  белгілемесе  және  тиісті  органдарын 

құрмаса; 

-

 



мәслихат  ӛз  депутаттары  жалпы  санының  кемінде  үштен  екісінің 

жасырын даусымен ӛзін-ӛзі тарату туралы шешім қабылдаса

-

 

жергілікті  бюджетті,  аумақты  дамытудың  жоспарларын,  экономикалық 



және әлеуметтік бағдарламаларын екі рет бекітпеумен білдірілген әкімиятпен 

арада еңсерілмейтін келіспеушіліктер болса; 

-

 

әкімшілік-аумақтық  бӛліністі  басқару  схемасын  екі  рет  бекітпеумен 



білдірілген әкіммен арада еңсерілмейтін келсіпеушіліктер болса; 

-

 



тиісті  әкімшілік-аумақтық  бӛлініс  қайта  ұйымдастырылса  немесе 

таратылса[4]. 



376 

 

Конституцияға  сәйкес  Мәслихат  депутаты  болып  жиырма  жасқа  толған 



Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады (86-б. 3-т.).  

Республика  азаматы  бір  Мәслихаттың  ғана  депутаты  бола  алады. 

Депутаттың  ӛкілеті  ол  сайланған  күннен  басталып,  жаңа  шақырылған 

мәслихат  депутаттары  сайланған  не  оның  ӛкілеттігі  мерзімінен  бұрын 

тоқтатылған күні тоқтатылады. 

Депутат  оның  мәслихат  қызметіне  белсенді  қатысуын  қамтамасыз  ететін 

кең  кӛлемді  құқықтарға  ие  (―Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті 

мемлекеттік басқару туралы‖ Қазақстан Республикасы Заңының 20-22 бб.). 

Мәслихат  жүргізетін  негізгі  мәселелер  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясымен 

және 

―Қазақстан 



Республкасындағы 

жергілікті 

мемлекеттік басқару туралы‖ Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 

Конституцияның  86-бабына  сәйкес,  мәслихаттардың  қарауына  мыналар 

жатады: 

1)  аумақты  дамыту  жоспарларын,  экономикалық  және  әлеуметтік 

бағдарламаларын,  жергілікті  бюджетті  және  олардың  атқарылуы  туралы 

есептерді бекіту; 

2)  ӛздерінің  қарауына  жатқызылған  жергілікті  әкімшілік-аумақтық 

құрылыс мәселелерін шешу; 

3)  заңмен  мәслихат  құзырына  жатқызылған  мәселелер  бойынша 

жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау; 

4) Мәслихаттың тұрақты комиссияларын және ӛзге де жұмыс органдарын 

құру,  олардың  қызметі  туралы  есептерді  тыңдау,  Мәслихат  жұмысын 

ұйымдастыруға байланысты ӛзге де мәселелерді шешу; 

5)  Республика  заңдарына  сәйкес  азаматтардың  құқықтары  мен  заңды 

мүдделерін қамтамасыз ету жӛніндегі ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асыру[4]. 

―Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы‖ 

Қазақстан  Республикасының  Заңы  кең  кӛлемде  мәслихат  құзыреттерін 

белгілеген.  Ең  алдымен  бұл  мәслихаттың  ӛз  жұмысын  ұйымдастыруға 

қатысты. Осы мақсатта мәслихаттар мынадай құзыреттерге ие: 

-

 



мәслихат хатшысын және мәслихат сессиясының тӛрағасын сайлау және 

қызметтен босату, сондай-ақ олардың есептерін тыңдау; 

-

 

тексеру комиссиясын, оның тӛрағасын сайлау; 



-

 

мәслихаттың тұрақты және басқа комиссияларын құру



-

 

мәслихат  аппаратының  штатын,  еңбек  ақысын  және  материалдық-



техникалық қамтамасыз ету шығындарын бекіту; 

-

 



Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен қарастырылған жағдайларда 

депутаттардың ӛкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату; 

6.  Жергілікті  атқарушы  органдардың  құзыреті-Конституцияның  87-

бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады: 

-

 

аумақты  дамыту  жоспарларын,  экономикалық  және  әлеуметтік 



бағдарламаларын,  жергілікті  бюджетті  әзірлеу  және  олардың  атқарылуын 

қамтамасыз ету; 

-

 

коммуналдық меншікті басқару; 



377 

 

-



 

жергілікті  атқарушы  органдардың  басшыларын  қызметке  тағайындау 

және  қызметтен  босату,  жергілікті  атқарушы  органдардың  жұмысын 

ұйымдастыруға байланысты ӛзге де мәселелерді шешу; 

-

 

жергілікті  мемлекеттік  басқару  мүддесіне  сай  Республика  заңдарымен 



жергілікті  атқарушы  органдарға  жүктелетін  ӛзге  де  ӛкілеттіктерді  жүзеге 

асыру. 


―Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы‖ 

жаңа  Заңға  сәйкес  облыс  (республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың) 

әкімияты құзыреті (27-бап), аудан (облыстық бағыныстағы қаланың) әкімияты 

құзыреті  (31-бап)  және  тиісті  әкімдердің  (29,  33  бб.)  құзыреті  жан-жақты 

сараланып, жүйеленген[2]. 

Жергілікті 

атқарушы 

органдардың 

(әкімияттардың) 

бюджетті, 

шаруашылық  қызметін  және  кӛлікті  жоспарлау  саласындағы  құзыреттері 

мыналар: 

-

 

бюджет  жобасын,  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бӛліністің  (қаланың, 



облыстың,  ауданның)  даму  жоспары  мен  бағдарламасын  әзірлейді,  оларды 

мәслихаттың бекітуіне ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді; 

-

 

коммуналдық  меншікті  басқарады,  оны  қорғау  жӛніндегі  шараларды 



жүзеге асырады; 

-

 



ауданаралық 

(қалааралық) 

жолаушылар 

кӛлігі 


қатынасын 

ұйымдастырады; 

-

 

жергілікті  маңызы  бар  жолдарды  ұтымды  пайдалануды  және  күтіп 



ұстауды қамтамасыз етеді; 

-

 



мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады, жергілікті бюджеттен 

қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық шекті санын белгілейді

-

 

тиісті  аумақта  кәсіпкерлік  қызмет  пен  инвестициялық  ахуалды  дамыту 



үшін жағдай жасайды. 

-

 



Жерді  пайдалану,  табиғат  ресурстарын  қорғау  және  тиімді  пайдалану 

саласындағы құзыреттері: 

-

 

аграрлық  сектордың  ұтымды  және  тиімді  жұмыс  істеуін  қамтамасыз 



етеді; 

-

 



Қазақстан  Республикасының  жер  заңдарына  сәйкес  жер  қатынастарын 

реттеуді жүзеге асырады; 

-

 

экологиялық  сараптаманы  ұйымдастырады  және  ӛз  құзыреті  шегінде 



табиғи  пайдаланылуын  бақылауды,  табиғат  қорғау  объектілерінің  құрылысы 

мен олардың қайта жаңартылуын жүзеге асырады; 

-

 

экологиялық,  тарихи,  мәдени  немесе  ғылыми  құндылығы  бар  табиғат 



объектілерін  жән  ӛзге  де  объектілерді  табиғаттың,  тарих  және  мәдениеттің 

қорғалатын ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныс енгізеді[4]. 

-

 

Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық,  тұрмыс  қажетін  ӛтеу, 



сауда және қоғамдық тамақтандыру салаларындағы құзыреттері: 

-

 



сәулет ӛнері және қала құрылысы саласындағы не олар ӛкілеттік берген 

органмен  міндетті  түрде  келісе  отырып,  аумақтың  құрылысын  жүргізуді 

жүзеге асырады; 


378 

 

-



 

әкімшілік  аудандарды  жоспарлау  жобасын,  облыстық  бағыныстағы 

қалалардың,  аудан  орталықтарының  және  басқа  тұрғылықты  жерлердің  бас 

жоспарлары  жобасын  әзірлеуді  жүргізеді  және  оны  тиісті  мәслихаттың 

қарауына енгізеді

-

 



меншік  объектілері  мен  әлеуметтік-мәдени  мақсаттағы  объектілердің 

құрылысы бойынша тапсырысшы болады; 

-

 

облыстың, қаланың, ауданның қарауындағы тұрғын үй қорын бӛледі; 



-

 

су  құбырлары,  тазарту  құрылыстары,  электр  беру,  байланыс  желілері 



мен  басқа  кӛліктік  және  инженерлік  инфрақұрылымдар  объектілерінің 

құрылысын салу мен пайдалануды ұйымдастырады[3]. 

Әлеуметтік-мәдени қызмет кӛрсету саласындағы 

құзыреттері: 

-

 

азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді; 



-

 

тарихи  және  мәдени  салт-дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптарды  насихаттау 



және дамытуға ықпал жасайды

-

 



белгіленген 

жалпымемлекеттік 

стандарттарды 

сақтай 


отырып, 

азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруды 

қамтамасыз етеді; 

-

 



халықтың  әлеуметтік  жағынан  дәрменсіз  топтарына  қайырымдылық 

және  әлеуметтік  кӛмек  кӛрсетуді  үйлестіреді,  ана  мен  баланы  қорғау 

мәселелерін шешеді. 

-

 



Заңдылықты,  құқық  тәртібін  сақтауды,  азаматтардың  құқықтары  мен 

бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы құзыреттері: 

-

 

Конституцияның,  Қазақстан  Республикасы  Заңдарының,  Қазақстан 



Республикасы  Президенті  Жарлықтарының  және  жоғары  тұрған  мемлекеттік 

органдардың басқа да актілерінің орындалуын ұйымдастырады; 

-

 

тиісті  аумақта  қоғамдық  тәртіп  пен  қауіпсіздіктің  сақталуына 



қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 

-

 



кәсіпорындардың,  ұйымдардың,  мекемелердің  және  азаматтардың 

Конституцияны және заңдарды сақтауына бақылауды жүзеге асырады, құқық 

тәртібін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді және 

т.б. 


―Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы‖ 

Заңның  29  және  33  баптарына  сәйкес  әкімдердің  құзыретіне  мынандай 

мәселелер кіреді: 

-

 



мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен ӛзара қарым-

қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық бӛліністің мүдделерін білдіреді; 

-

 

заңға сәйкес лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындайды, қызметтен 



босатады; 

-

 



жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  жергілікті  атқарушы 

органдар басшыларына қатысты мәселелерді шешеді; 

-

 

жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарымен ӛзара іс-қимыл жасайды; 



-

 

әкімшілік-аумақтық  бӛліністі  басқару  схемасын  тиісті  мәслихаттардың 



бекітуіне енгізеді; 

379 

 

-



 

заңдарда  белгіленген  жағдайларда  және  тәртіпте  кәсіпкерлік  қызметті 

лицензиялауды жүзеге асырады; 

-

 



салық  және  бюджетке  тӛленетін  басқа  да  міндетті  тӛлемдерді  жинауға 

жәрдемдеседі; 

-

 

ведомстволық сипаттағы мәселелер жӛніндегі консультациялық-кеңесші 



органдардың дердес құрамын мәслихаттардың бекітуіне ұсынады; 

-

 



ӛз  құзыреті  шегінде  жалпыға  бірдей  әскери  міндеттілік  және  әскери 

қызмет,  азаматтық  қорғаныс,  сондай-ақ  жұмылдыру  дайындағы  мен 

жұмылдыру 

туралы 


мәселелер 

бойынша 


заңдардың 

орындалуын 

ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, т.б [4].   

7.  Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  ӛзін-ӛзі  басқарудың 

конституциялық-құқықтық 

негіздері-Констиуцияның 

89-бабына 

сәйкес 


Қазақстан  Республикасында  жергілікті  ӛзін-ӛзі  басқару  танылады.  Жергілікті 

ӛзін-ӛзі басқару деп жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың ӛзі 

шешуінің демократиялық институты танылады. Жергілікті ӛзін-ӛзі басқаруды 

тұрғын  халық  тікелей  сайлау  жолымен  жүзеге  асырады.  Ӛзін-ӛзі  басқару 

функцияларын  халық  топтары  жинақы  тұратын  аумақты  қамтитын  селолық 

және  қалалық  жергілікті  ӛзін-ӛзі  басқарудың  сайланбалы  және  басқа 

органдары жүзеге асырады. 

Ӛзін-ӛзі  басқару  органдарының  жұмыс  тәртібін  сол  қаланың,  кенттің, 

ықшам  ауданның  және  т.б.  тұрғындары  ӛздері  белгілейді.  Мемлекет 

заңдылықты дәрежеде олардың қызметі мен ӛкілеттігінің жалпы кӛлемін ғана 

белгілейді.  Конституцияға  сәйкес  жергілікті  ӛзін-ӛзі  басқару  органдарын 

ұйымдастыру  мен  олардың  жұмыс  тәртібін  заңмен  белгіленген  шекте 

азаматтардың ӛздері белгілейді. 

 

Әдебиеттер 

1.

 



Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы ЖШС «Баспа», 1995-64б 

2.

 



«Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»  16 

желтоқсандағы  1991жылғы  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық 

Заңы  //  Қазақстан  Республикасының    Жоғарғы  Кеңесінің  Жаршысы.  -

1991.– №51. 

3.

 

Котов  А.К.  Конституционализм  в  Казахстане:  опыт,  становление  и 



эффективность механизма  власти. – Алматы: Изд-во КазГЮА, 2000. – 288 

с.  


4.

 

Котов  А.К.  Суверенный  Казахстан:  гражданин,  нация,  народ  (вопросы 



конституционного  права). – Алматы: Жеті жарғы, 1996. –288 с.  

 

Резюме 



В  этой  статье  рассказывается  о  правах  и  проблемах  местного 

государственного и негосударственного управления РК 

Summary 

In  this  article  talked  about  the  rights  and  problems  of  local  governmental 

management of RK 

 

380 

 

ОӘЖ 159.9.018 



 

МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

 

Жорабаева А., Нҧрмҧхамбетова Т. 

АӘИУ Ақпараттандыру – жаратылыстану институты, Шымкент, 

Қазақстан 

 

Резюме 



В  статье  проведен  анализ  влияния  игры  и  рисования  для  развития 

познавательных 

процессов 

и 

творческой 

способности 

детей  

подготовительной группы. 

Summary 

These article  of its  effekt  analysed of  teorenbcflage  the  charakteristic  play and 

drawing children of pre-scool age group.  

 

Мектепке  дейінгі  мекемелер  мен  онда  қызмет  атқаратын  психолог 



балалардың  жетекші  іс-әрекетін  анықтап,  оны  баланың  таным  процестерін 

дамытып,  шығармашылығын  қамтамасыз  ететін  құрал  ретінде  пайдалануы 

керек.  

Мектепке  даярлық  тобындағы  балаларға  психологиялық  қызмет  кӛрсету 

барысында  кӛптеген  ойын  түрлерін  пайдалануға  болады.  Олардың  кӛмегімен 

балалардың  таным  үдерістерін  дамытып,  ӛз  қатарларымен  және  үлкендермен 

қарым-қатынас  жасауға  үйреніп,  мектептік  мотивациясын,  қарым-қатынас 

мәдениетін  қалыптастыруға,  баланың  жалпы  мәліметтілігін  жоғарылатуға,  тіл 

байлығын  дамытып  сӛйлеу  мәдениетін  қалыптастыруға  және  болашақ  мектеп 

ӛміріне  адаптациялану  қабілетін  оятуға  мүмкіндік  туады.  Барлық  аталған 

қасиеттер мектепке даярлықтың жекелік, интеллектуалдық және мотивациялық 

сипаттарын кӛрсетеді. 

Балалардың танымдық әрекеттері мен шығармашылық қабілетін дамытуға 

олардың  іс-әрекеттерінің  жетекші  түрі  –  ойынды  кеңінен  пайдалану  керек. 

Ойындарды  пайдалану  балаларды  ұсынылған  әрекеттерге  қызықтырып, 

танымдық  белсенділік  кӛрсетуге  тартады.  Біз  жүргізген  зерттеу  барысында 

топтағы  «үндеместер»  ашылып,  «кішкентай  қолапайлар»  неше  түрлі 

құралдарды  меңгере  бастады.  Олар  қағазға  неше  түрлі  пішіндердің  суретін 

салып, оларды қылқаламмен бояп, қайшымен қыйып алып, бейнелерге келтіріп 

жапсыруды  үйренді.  «Табиғатта  кездеспейтін  жануар»  әдістемесін  жүргізген 

кезде  балалар  ӛздерінің  суреттері  бойынша  әңгіме  айтып  беруге  қызығып, 

сұрақтарға  ӛз  жауаптарын  беруге  асығып,  қолдарын  кӛтеріп  отырды. 

Сондықтан  дамыту  машықтарының  жеке  тұлғалық  қасиеттерді  де  түзетіп, 

балалардың  жағымды  қасиеттерін  дамытуға  тигізетін  әсері  мол  екендігі 

айқандалды. 


381 

 

А.Р. Лурия [1], Л.С.Выготский [2], В.С. Мухина [3] т.б. ғалымдар пікірлері 



бойынша,  бейнелеу  және  ойын  әрекеттері  баланың  шығармашылығын 

дамытуға  үлкен  мүмкіндік  береді.  Сурет  салу  барысында  бала  әрекетінің 

жоспарын  оймен  жасап  шығарады.  Бұл  ойлау  үдерісінің  дамуындағы  үлкен 

сапалық  кӛрсеткіші.  Баланың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  ой  жоспары 

толық ішкі үдерісс болуы ӛте қиын, ал оның салған суреті осы ой жоспарының 

материалдық  нұсқасы,  тірегі  болып  табылады.  Сондықтан  сыртқы  кӛрінісі 

бойынша ешқандай сапасы жоқ, бейнеленген затқа онша ұқсамайтын суреттің 

ӛзі баланың ойлау, қиял үдерістерін дамытуға қосатын үлесі ӛте үлкен. 

Бала  сурет  салу  барысында  эмоционалдық  жағынан  ӛзін  ӛте  ыңғайлы 

сезінеді,  сондықтан  кейбір  олақтық,  икемсіздік  сезімінен  қол  үзе  бастайды.  Ол 

ӛзінің  қолынан  бір  нәрсе  келетініне  сене  бастайды.  Оның  шығармасы 

эстетикалық  жағынан  құнды  болмаса  да,  дамытулық  жағынан  ӛте  жоғары  баға 

беруге  болады.  Ертегі  кейіпкерлерінің  суретін  салғызу  –  балалардың 

шығармашылық қабілетін дамытудың бір жолы. 

 Шығармашылық  бейнелер  жасау  түрлі  тәсілдер  арқылы  жүргізіледі. 

Осындай тәсілдердің біреуі  — жеке элементтерден тұтас, бүтін жаңа бейне етіп 

қиыстыру болып табылады. Қиыстыру — бұл негізгі элементтерді жай үйлестіре 

салу  емес.  Жаңа  бүтінге  енетін  элементтердің  ӛздері  қайта  жасалып,  ӛзгереді, 

сӛйтіп  жаңа  қатынастарға  түседі.  Қиыстыру  —  бұл  бір  заттың  белгілі 

элементтерінің  қосындысы  ғана  емес,  баланың  шығармашылық  жұмысы.  Неше 

түрлі құрастырғыштармен жұмыс жасағанда бала әрекеті шығармашылық мәнде 

болып, ӛзінің ерекше құрылымы және ӛзіндік мазмұны бар бейне жасайды. 

Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  қиял  –  қоғамдық  тәжірибені  меңгерудегі 

алғышарттары  болып  келеді,  ӛйткені  балалар  қоршаған  ортаны,  адамгершілікті, 

эстетикалық  идеяларды  ӛзіндік  кӛзқараспен  қабылдайды.  Баланың  қиялы 

ересектерге  қарағанда  әлсіз.  Л.С.  Выготскийдің  тұжырымына  сүйенсек,  «Бала 

қиялының  дамуы  біртіндеп,  шамасына  қарай  қабылдауынан  басталады.  Қиялда 

болатын барлық бейнелер, қаншама таңғажайып болып кӛрінгенмен де, баланың 

ӛмірден  кӛрген-білгенінен  негізделеді.  Кейде  бала  ӛмірде  кездескен  кейбір 

жағдайларды  ӛзіндік  қабылдаумен  түсіндіргенде,  бізге  үлкендерге  күтпеген 

таңқаларлықтай болып естіледі». 

Қазіргі  кездегі  психологтар  мен  педагогтар  баланың  жеке  басының 

дамуындағы  қиялдың  маңыздылығының  ең  тиімді  жолы  шығармашылық 

жұмыста  кӛрсету,  үйрету,  кӛркемдік  әдебиетте  нақтылау,  ӛз  бетінше  жұмыс 

жасауына  жағдай  жасау,  яғни,  еркіндік  беру  керектігін  айтады.  Сонымен 

қиялдың дамуы тӛмендегідей үш компоненттен тұрады: 

Бірінші  дәрежеде  қиял  қоршаған  болмыспен  байланысты,  дайын  нәтижені 

ойластыруға мүмкіндік береді. 

Екінші  дәрежеде  баланың  ӛткен  тәжірибесімен  байланысты,  бірақ  сонда  да 

заттық байланыстың рӛлі бар. 

Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының 

жоғарғы формасы – ой – пікірден оның іске асуына байланысты.  

Біздің  тәжірибемізге  негіз  болған  5-6  жастағы  балалардың  құрастырған 

ертегілері  мен  қызықты  әңгімелері  ұйымдасқан  түрде  мағыналы,  жүйелі,  ӛз 



382 

 

бетінше  еркін  жүргізілген  жұмыс,  олардың  шығармашылығын  дамытуға 



апаратын  кӛп  жолдың  бірі  болды  деп  есептейміз.  Ойын  барысында  қалыптаса 

отырып,  қиял  басқа  да  іс-әрекет  түрінде  ӛте  алады.  Тілі  және  қиялы  жақсы 

дамыған  бала  қызықты  сюжетті  тез  арада  жанынан  ойлап  шығара  алады.  Ойын 

үстінде  қалыптасқан  шығармашылығы  баланың  іс-әрекеттерінің  түрлеріне  де 

ауысады.  Бала  сурет  салғанда,  ертегілер  мен  тақпақтарды  ойлап  шығарғанда 

шығармашылығы айқын байқалады.  

Балалардың  шығармашылығын  дамытуға  әсерін  тигізетін  ойындардың 

түрлері  ӛте  кӛп.  Оларды  әртүрлі  вариантта  пайдалану  үшін  «Аңшы», 

«Жұлдызшы»,  «Үй  құстары»,  т.б.  ойындар  элементтерін  қоладнуға  болады. 

Ойындарды  ұйымдастыру  барысында  балалардың  сурет  салуындағы  ьанымдық 

әрекетке  ерекше  қызығуы,  ертегілер  айту  барысында  олардың  тіл  байлығының 

даму ерекшеліктері, ойын барысында есеп шығаруға, математикалық қарапайым 

амалдарды  жасауға  қызығушылығын  ескере  отырып  олардың  шығармашылық 

қабілетін  дамытуға  үлкендер  бағдарлы  түрде  жетекшілік  жасауына  болады. 

Біреулерінің бейнелеу ӛнеріне беген қабілетін дамытып, ал екіншілерінің жалпы 

шығармашылық  қабілетін,  шешендік  ӛнерін,  ертегілерге деген қызығушылығын 

дамытуға мүмкіндік ӛте мол болады. 

Балаға  неше  түрлі  диктанттарды  орындату  -  баланы  оқыту  мен 

шығармашылығын дамытудың «классикалық» түрі. Бұл бірінші кезекте баланың 

сауаттылығын дамытады. Диктантты дұрыс жүргузу барысында баланың зейінін, 

қабылдауы  мен  қисынды ойлауын,  шығармашылық  қабілетін дамытып  берілген 

нұсқауды  дұрыс  орындай  білуге  дағдыландырады.  «Графикалық  диктант»  5-7 

жастағы  балаларға  арналған,  яғни  мектеп  алды  даярлық  топтарында  және 

бастауыш  сыныпта  жүргізіледі.  Біз  диссертациялық  зерттеу  барысында 

балалардың 

шығармашылық 

әрекеттерін 

дамытуға 

арналған 

диктант 


әдістемесінің келесі түрлерін пайдаландық. 

1.

 



Бояуға арналған диктант. 

2.

 



Суреттік диктант. 

3.

 



Геометриялық диктант. 

Бояуға арналған диктанттар 

Белгілі  бір  күндік  апталық  тақырыпқа  қатысты  барлық  балаларға  бірдей 

салынған  суреті  бар  парақтар  таратылып  беріледі.  Психолог  балаларға  нені 

қандай  түспен,  қандай  кӛлемде,  қалай  бояу  керек  екенін  айтып  отырады.  Ал 

балалар берілген нұсқауды орындайды. Егер балалардың ішінде ерте бітіргендер 

болса,  олар  психологнің  нұсқауымен  суреттің  басқа  бӛліктерін  бояуға  болады. 

Психологтың берген нұсқауынан кейін міндетті түрде балаларға жұмысты аяғына 

дейін  орындауға  мүмкіндік  беруі  керек.  Мұндағы  негізгі  ескерілетін  мәселе  – 

балалардың  бірдей  бастап,  бірдей  аяақтауында.  Егер  қалып  қойған  немесе  ерте 

бітіргендер  болса,  психолог  оларға  қосымша  тапсырмалар  беріп  отыруы  керек. 

Барлық  балалар  суретті  салып  болғаннан  соң  ол  ӛзінің  суретіндегі  бейнелерді 

түсіндіріп, әңгіме айтып беруі керек. 

Суреттік диктант 

 Психолог  асықпай  мәнерлеп  әңгіме  оқи  бастайды.  Сонымен  қатар  ӛзінің 

әңгімесіне  қатысты  суреттерді  тақтаға  салады.  Ал  балалар  әңгімені  тыңдап 



383 

 

болғаннан соң дәптерлеріне естігендерін сурет етіп салады. Үлгі ретінде тақтаға 



қарауға  болады,  бірақ  кӛшірудің  қажеті  жоқ.  Тақтадағы  сурет  балаларға  ӛзінің 

жұмысы  мен  тақтадағы  жұмысты  салыстырып,  түсінбеген  жерлерін  сұрау  үшін 

үлгі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.  

Бұл  әдістемені  бірнеше  модификацияда  қолдандық:  психолог  баларға 

табиғаттың кӛрінісі, жыл мезгілінің кӛрінісін бейнелейтін суретті кӛрсетіп, онда 

не  бейнеленгенін  балаларға  түсіндіреді.  Сонан  соң  суретті  жауып  қойып 

балаларға  суретте  бейнеленген  жыл  мезгілі  немесе  Психологтың  әнгімесі 

бойынша балалар сурет салады. Ол суретте әңгімеленген жыл мезгілінің кӛрінісі 

салынған  болйы  керек.  Нәтижесін  бағалағанда  балалардың  суретінде  жыл 

мезгілінің белгісі талданады. 

Геомерриялық диктант 

Бұл  диктантты  жүргізуде  балалардың  барлығында  бірдей  геометриялық 

фигуралары бар сызғыш болуы керек. Егер сызғышта тек біртекті фигуралар ғана 

емес, сонымен қатар әр түрлі кӛлемдегі фигуралар болса ӛте тиімді болмақ. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет