Казахстан приоритетное направление деятельности высшего педагогического учебного заведения



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата31.03.2017
өлшемі1,61 Mb.
#10787
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

ӘОК 37 (091)  
ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ 
МЕН АҒАРТУ ІСІНІҢ  ДАМУЫ 
 
Қиясова Б.А. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ) 
 
Ҽр  халықтың  тарихында  ҿзінің  ҽлеуметтік-экономикалық  жҽне  мҽдени 
маңызы жҿнінен естен кетпес ерекше оқиғалар болады. Осындай тарихи маңызды 
оқиғалар қатарына 1928 жылы Алматы қаласында ашылған Қазақтың мемлекеттік 
университетін  жатқызуға  болады.  Университеттің  ашылуы  Қазақстан  үшін 
мҽдени-ағарту  ісін  жолға  қойып,  кҿпшілікті  жаппай  сауаттандыру  жұмысымен 
айналысып қана қоймай, қазақ ғылымы мен мҽдениетін ҽлемдік деңгейге кҿтеруге 
жол салды. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         113 
 
Қазақ  жастарының  ҿз  ана  тілінде  білім  алуына  негізделген  Отанымыздағы 
тұңғыш жоғары оқу орнының тез арада қанаттанып, ірі ғылыми орталық ретінде 
қалыптасуына,  профессор  Санжар  Аспандиаров  сынды  ұлт  қамын  ойлаған,  ізгі 
ниетті зиялы қауым ҿкілдерінің атсалысуы, университеттің кҿптеген жетістіктерге 
қол жеткізуіне мол септігін тигізгені анық деп айтсақ қателеспейміз. 
Университет  құрылған  алғашқы  күннен  бастап-ақ,  С.Аспандиаров  ректор 
ретінде  ғылыми  кадрларды  даярлау  ісіне  барынша  кҿңіл  бҿліп,  ҽсіресе  қазақ 
жастарының  ғылымға  деген  қызығушылығын  оятып,  олардың  ғылыми 
шыңдалуына үлес қосты.  
Осы  орайда  атқарылған  істердің  қатарына  университеттің  педагогика 
кафедрасының  ғылыми  базасында,  Қазақтың  педагогикалық  ғылыми-зерттеу 
институтының  (Қазіргі  Ы.Алтынсарин  атындағы  Білім  Академиясы  Б.Қ.) 
ұйымдастырылуын  жатқызуға  болады.  Сонымен  бірге,  профессор  Қ.Жұбанов 
басқарған  қазақ  тілі  кафедрасы  да  айтарлықтай  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 
жүргізді.  Кафедрада  қазақ  тілінің  орфографиясын  жетілдіру,  ғылыми  тілді, 
терминологияны  қалыптастыру  т.б.  сияқты  маңызды  міндеттерді  қолға  алып,6-
адамнан құрылған аспирантура ұйымдастырылған /1/. 
Кадрлар даярлау мҽселесіне, ҽсіресе ұлттық ғылыми кадрларды жасақтаудың 
жай  күйіне  қатты  алаңдаушылық  білдірген  С.Аспандиаров,  педагогикалық 
мамандарға  назар  аударумен  бірге,  ҽсіресе,  таза  ғылыми  зерттеу  жұмысымен 
шұғылданатын кадрларға кҿңіл бҿлінуін ұсынады /2/. Ол Алматы қаласында ҿткен 
ғылыми  қызметкерлердің  жиналысында  сҿйлеген  сҿзінде:  «Біз  ғылыми-зерттеу 
қызметкерлері  мен  қазақ  интеллигенциясының  жаңа  легі  арасында  табиғи 
байланыс орнатуға күш салуымыз қажет» /2/ - деді.  
Қазақ  жастарының  арасында  талантымен  студент  кезінде-ақ  кҿзге  түсіп, 
ғылымға  деген  бейімділіктерін  танытқан  Мұхамеджан  Қаратаев,  Ғаділет 
Аяпбергенов,  Сҽдуақас  Боқаев,  Ҽуелбек  Қоңыратбаев,  Қажым  Жұмалиев, 
Сұлтанбек  Қожықов,  Таир  Жароков  сынды  есімдері  бүгінде  барша  қазақ  еліне 
белгілі  азаматтар осы  оқу орнының алғашқы түлектері  ғана емес, сонымен бірге 
кеңістік  дҽуірдегі  ҽдебиет,  мҽдениет,  ғылым  саласындағы  алғашқы  қарлығаштар 
болды. 
М.Қаратаев 1930 жылы университеттің ҽдебиет жҽне тіл бҿліміне оқуға түсіп, 
сабақ  үлгерімі  мен  қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласып,  студенттердің 
алдыңғы  қатарынан  кҿріне  білді.  Сондықтан  болар  аспирантура  бҿліміне 
қалдырылып,  ғылыми  жұмыстарын  жалғастыруға  мүмкіндік  алады.  М.Қаратаев 
пен 
Ҽ.Қоңыратбаев 
қазақ 
ҽдебиетінің 
классик 
ақын-жазушылары»  
С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  І.Жансүгіров,  М.Ҽуезов,  С.Мұқанов-тармен  бірлесіп, 
қазақ мектептері үшін тұрақты оқу құралдарын жазып, аударма жұмыстарымен де 
айналысқан.  Ал,  С.Боқаев  физика-математика  бҿлімінің  жоғарғы  курстарында 
сабақ жүргізіп, осы пҽндердің оқулықтарын қазақ тіліне аудыруға кҿп атсалысқан. 
Бұлардың  қатарына  Қажым  Жұмалиев,  Сұлтанбек  Қожықов  жҽне  Мұхамеджан 
Ҽбдіхалықовты  жатқызуға  болады.  Осылайша  Университет  түлектері  ҿздерінің 
нҽтижелі  еңбектерімен  алғашқы  білім  ордасының  жақсы  кҿрсеткіштерге  ие 
болуына  ҿз  үлестерін  қосып.  «Қазақ  халқының  келешегі  жастарда,  солардың 
ішіндегі үміт күттіретіндерінде», - деген ұстаздары С. Аспандиаровтың үміті мен 
сенімінен шыға білді. 
Университет 1932 жылы үкімет шешімі бойынша арнайы педагогикалық оқу 
орны  ретінде  қайта  ұйымдастырылып,  Қазақ  педагогикалық  институты  болып 
жұмысын жалғастырады. 

114
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
Отанымыздың  оқу  -  ағарту,  ғылым  саласындағы  басты  оқу  орны  болған 
Педагогикалық  институт,  осылайша  еліміздің  жаңа  тарихын  жасаушыларды 
даярлаған  негізгі  орталық,  қазақтың  ұлттық  мҽдени  қайраткерлерін  дайындаған 
қарашаңырақ  болды.  1934  жылы  институтқа  ұлы  ақынымыз  Абайдың  есімі 
берілді.  «Ертеңгі  ірі  ғалымдар  да,  орта  мектеп  жҽне  ВУЗ-дарды  оқулықпен 
қамтамасыз  ететін  авторлар  да,  ҽдебиетіміздің  тарихын  жасаушылар  да  біздің 
университеттен  шығулары  керек»  /3/  -  деген  профессор  С.Аспандиаровтың 
кҿрегендікпен  айтқан  сҿздері  бүгінде  шындыққа  айналып,  тҽуелсіздікпен  бірге 
университет атағын қайта алған бұл оқу орны, республикамыздың ең беделді, кҿп 
салалы, халықаралық дҽрежедегі білім ордасына айналды. 
Профессор  С.Аспандиаров  басшылық  жҽне  толып  жатқан  қоғамдық 
жұмыстардың  бел  ортасында  жүрсе  де,  білім,  ғылым  жҽне  мҽдениеттің  ұлттық 
шеңберде  ҿркендеуіне  ҿз  үлесін  қоса  отырып,  биік  деңгейден  кҿріне  білген 
білімдар тұлға. Осыншама істің басында жүріп, ол оқытушылық қызметті де қатар 
алып жүрген білімді  де байсалды, шҽкірт жүрегіне жол таба білген шебер ұстаз. 
Бұл  ойымыздың  дҽлелі  ретінде  университеттің  алғашқы  қарқында  білім  алған 
студенттерінің  бірі,  Д.Дінасыловтың  айтуы  бойынша»  «С.Аспандиаров  тарихи 
пҽндерді  жетік  білетін  жҽне  оны  студенттерге  ұғынықты  жеткізе  алатын  шебер 
педагог» /4/ - болған. 
Профессор  С.  Аспандиаров  «Батыс  пен  Ресей  революциялық  қозғалыстары 
тарихынан  жҽне  «Қазақ  тарихы»  мен  «Ұлт-азаттық  қозғалыстар  тарихынан» 
лекция оқып, семинар сабақтарын жүргізген, алғашқы тарихшыларымыздың бірі. 
Бұл  лекцияларының  басым  кҿпшілігі кейін  «Қазақстан  тарихы»,  «Қазақстандағы 
1916 жылғы ұлт-азаттық кҿтеріліс», «Қазақ тарихы очеркісі» сонымен бірге, 1932 
жылы  Алматы  қаласында  жарық  кҿрген  «Шығыстағы  ұлт-азаттық  кҿтерілістер 
тарихи»  атты  монографиялық  еңбектері  мен  оқулықтарына  енген  болатын.  Бұл 
еңбектердің  барлығы  дерлік  Қазақстан  тарихын  оқытуда  оқушылар  мен 
студенттердің тарихи танымын арттырып, Отандық тарихқа деген қызығушылық 
кҿзқарастарын қалыптастыруда қомақты үлес қосты деп айтуға болады. 
Профессор  С.Аспандриаровтың  тарих  жҿніндегі  лекцияларына  қатысып, 
ағалық  ақыл-кеңесін  тыңдап,  қамқорлығына  бҿленген  шҽкірттері  ұстаздарын 
жылы лебізбен еске алып, алғыстарын білдіріп отырған. 
«Санжар  Жапарұлы  студенттердің  сүйікті  ағасы  болып  кетті»,-  деп  жазады 
университеттің алғашқы түлектерінің бірі, белгілі сыншы Мұхамеджан Қаратаев, 
-  қамқор  ректор,  кейін  тек  профессор,  ҽділ  де  адал,  сезімтал  да  кішіпейіл  адам 
болғандықтан ғана емес, терең білімді, нҽзік мҽдениетті, тілге жүйрік майталман 
ұстаз  болғандықтан  да  профессор  Аспандиаровтың  қазақ  тарихы  жҿніндегі 
лекциясын тыңдауға ҽлденеше курс жиналатын едік» /5/. 
Сонымен  бірге,  С.Аспандиаров,  студенттерді  лекция  тыңдауға  семинар 
сабақтарына  ҽзірленуде  қосымша  ҽдебиеттер  мен  мезгілді  жҽне  күнделікті 
баспасҿз  материалдарын  пайдалана  білуге  үйретумен  бірге,  арнайы  диспуттар 
ҿткізіп,  студенттерді  ғылыми  айтыс-тартыстарға  қатысуға  қызықтыра  білген 
шебер  ұстаз,  ҿз  ісінің  білгір  маманы  болғаны  даусыз  ақиқат.  Сондықтан  болар 
«Оның лекциясын тыңдауға, - дейді шҽкірттерінің бірі, - басқа факультеттердің де 
студенттері келіп қатысып жүретін» /4/. Профессор С.Аспандиаровтың лекциясы 
да,  ҿзі  де,  сҿз  мҽдениеті  де  студенттерді  еріксіз  баурағаны  соншалық  «Жеті 
жұрттың  тілін  білетін,  жеті  ғылымды  тауысқан»  деп  ол  кісінің  атын  аңыз  етіп 
айтатын  болған.  Профессор  С.Аспандиаров  студенттермен  бірге  үнемі 
жатаханаларына барып, олармен ҽр түрлі тақырыпта ҽңгіме жүргізіп, танымдарын 
арттыруға  себепші  болған.  «Біздер  ол  кісіден  «Қазақстан  тарихының»  тҿрт 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         115 
 
курсын  түгел  тыңдадық.  Оның  ҽр  сабағы  дҽл  фактілерінің  байлығы, 
құрылысының  қызықтылығымен  таңқалдыратын,  Санжар  ағайдай  үлгілі  ұстаз 
болу - ҽр студентке қолжетпес арман болды, ҿміріме жолдама берген ҿнегелі ұстаз 
маған  ҽлі  ыстық»  /3/  -  деп  тебірене  жазған  Қажым  Жұмалиев.  Шҽкірт  жүрегіне 
жол  таба  білген  ұстаздарын  осылайша  ыстық  сезіммен  еске  алғандардың 
арасында  Мұхамеджан  Ҽбдіхалықтовтың  «Ол  ешқашанда  ешкімді  бҿліп  - 
жармайтын,  керек  десеңіз  ол  бүкіл  адамзаттың  ортақ  мақтанышы,  уҽкілі»,  - 
дегенін ҿз аузынан естідік. 
Қазақстан  Республикасы  Тҽуелсіз  мемлекет  болып  жариялануымен  бірге, 
қоғамның барлық саласында саяси, ҽлеуметтік-экономикалық ҿзгерістер енгізіліп, 
реформалар  іске  асырылуда.  Осыған  орай,  Қазақстан  ғылымыда  ҿзінің  ғылыми 
ізденіс бағыт-бағдарларын айқындай отырып, бет-бейнесін түбірінен ҿзгертуде.  
Ҿйткені,  кеңес  дҽуірінде  ғылыми-техникалық  революцияның  даму 
жетістіктерін 
социализмнің 
артықшылықтарымен 
ұштастыра 
отырып, 
коммунистік партия, ғылымды ҿз мүддесіне қызмет етуге мҽжбүр етті.  
Ал,  Қазақстан  ғылымы  Одақ  кезінде  жалпы  тұтас  құбылыстың  бір  ғана 
бейнесі  еді.  Ол  кездегі  ғылым  Одақтың  тұтастығын  қорғауға,  қолдауға,  ҽлем 
алдындағы    беделін  қамтамасыз  ету  үшін  қызмет  жасады.  Ал,  бүгінгі  біздің  
егемен елдің ғылымы - ұлттық дербес құбылыс ретінде ҿріс алуда. Оның мақсаты 
тҽуелсіз  мемлекетіміздің    дербестігін  баянды  ету.  Орыстың  ғұлама  ғалымы 
А.Д.Сахаров:  «Бүгін  индустрияланған,  ғылымы  дамыған  елдерде  артта  қалған 
елдерге  қарағанда  адам  ҿміріндегі  қажеттіліктерге  жан-жақты  мүмкіндіктер 
жасалынған.  Ол  елдердегі  цивилизация  ҽлде  қайда  ілгері  /6/,  -  деуінің  ҿзі 
ғылымның  орны  адамзат  тіршілігі  үшін  жҽне  қоғамның  ҿркендеуінде  маңызы 
жоғары екендігін кҿрсетеді. Олай болса, Қазақстанда  ғылымның дамуы мен оның 
қоғамдағы  алатын  ролі  туралы  сҿз  қозғағанда  ең  алдымен  Қазақстан  Ғылым 
Академиясы ауызға ілінетіні белгілі.  
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Ғылым  Академиясы  кемелденген,  республика 
ҿмірінде  маңызды  орын  алатын  ірі  орталыққа  айналды.  Бұл  іргелі  ғылыми 
мекеменің  халқымыздың  ҿткен  тарихын  саралай  отырып,  атқарған  қызметінің 
маңызы зор екені баршаға мҽлім.  
Қазақстандық  тарихнамада  Ғылым  Академиясының  ашылуын  1946  жылдан 
бастап  есептейді.  Ҽрине,  бұл  дұрыс  факті  екені  рас.  Бірақ  та,  жоқтан  бар  пайда 
болмайтыны  сияқты,  академияның  құрылуына  алғы  шарт  жасаған,  сонау  20-
жылдары  жұмыс  істеп,  Қазақстан  ғылымының  бастау  бұлағы  болған  -  Тҽжірибе 
стансалары  мен  лабораторияларының,  геологиялық  барлау  мекемелерінің 
қызметін  ерекше  атаған  жҿн.  Бұған  қоса  Орынбор,  Семей,  Верный  сияқты 
қалаларда  Орыс  География  қоғамның  бҿлімдері  мен  бҿлімшелері  ашылып,  онда 
тиісті ғылыми жұмыстар жүргізілуіне жол ашылды.  
Бұл  қоғам  -  қазақ  халқының  тарихын,  мҽдениеті  мен  тұрмысын, 
этнографиясы  мен  ауыз  ҽдебиетін  зерттеуде  біраз  жұмыстар  атқарды,  яғни 
архивтерден,  экспедицияларда,  археологиялық  қазба  жұмыстары  кезінде 
жинақталған  материалдарды  ҿңдеумен  айналысып,  бірқатар  музейлер  мен 
кітапханалар ұйымдастырғаны белгілі.  
Бірақ қазан тҿңкерісіне дейінгі Қазақстанның  табиғи байлықтарын, тарихы мен 
мҽдениетін ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары тым мардымсыз болды. Кҿпшілік 
жағдайда  зерттеу  жүмыстары  жекелеген  фактілерді  қорытып,  арнайы  шешімі  
шығарылмай тек оларды жинақтаумен шектеліп отырды. Дегенмен, патша үкіметінің 
империялық  отарлау  саясатына  қарамастан  жекелеген  ғалымдар:  И.Гмелин, 
И.П.Паласс,  П.Фальк,  И.Рычков,  В.Н.  Татищев  сондай-ақ  И.Я.Бичурин,  В.И.Даль, 

116
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
А.И. Левшин жҽне П.Семенов - Тянь-Шаньский, Н.М.Прежевальский, Г.Н. Потанин, 
П.  Михаэлис.,  қазақ  халқының  рухани,  материалдық  мҽдениеті  туралы  деректер 
жинап,  салт-дҽстүрі  мен  ҿмір-тұрмысына  терең  ден  қойып,  қазақ  ҿлкесінің  жан-
жақты зерттелуіне мол үлес қосқандарын жоққа шығара алмаймыз.  
Ғылыми  жұмыстардың  бір  жүйеге  келуі  қазан  тҿңкерісінен  кейін  жүргізіле 
бастады.  ҿйткені,  Кеңес  үкіметі  ҿз  бағдарламасында  ғылым  мен  білімді  дамытуды 
бірінші кезекке қойды.  
Қазақ  АССР-ның,  онымен  бірге  Халық  Ағарту  Комиссариатының  құрылуы 
республикадағы  мҽдени  құрылыстың  барлық  мҽселелерін  басқара  отырып, 
ғылыми-зерттеу, білім беру жүмыстарының дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. 
Бірақ,  автономиялы  республикалар  үшін  бұл  мүмкіндіктер  шектеулі  болды, 
ҿйткені ол тек орталықтан келген бұйрықты орындайтын, оған қоса большевиктер 
ғылым саласында ҿз тізгінінде ұстап, қатаң бақылауға алып отырды.  
Соған  қарамастан  алғашы  жылдардың  ҿзінде  Қазақстанда  ғылыми 
экспедициялардың  зерттеулері  жүргізіліп,  нҽтижелері  шығарыла  бастады. 
Сонымен  бірге  азамат  соғысынан  кейінгі  бүкіл  елді  жайлаған  бүліншілік  пен 
экономикалық  құлдыраудың  ауыр  зардаптары  мен  жалған  таптық  күрес  ҿршіп 
түрған  кезде  де  ең  бастысы  ғылыми  кадрлардың  мүлдем  жетіспеушілігі 
жағдайында  қызмет  жасаған,  мҽдениет  пен  ғылым  қайраткерлерінің  ерлігі 
патриоттық  рухы  жҽне  ҿз  міндеттеріне  жоғары  саналылықпен  қараған 
табандылықтарын бүгінгі ұрпақ жадында берік ұстап, үлгі тұтуға міндетті.  
Кеңестік  дҽуірдің  алғашқы  жылдарында  дҽлірек  айтсақ  1920  жылы  қазан 
айында,  республиканың  этнографиясын,    тарихын,  фольклоры  мен  музыкасын, 
табиғи 
ерекшеліктерін 
ғылыми-зерттеу 
мақсатымен 
ұйымдастырылған 
Қазақстанды  зерттеу  Қоғамының  еңбегі  ерекше  болды  /7/.  Бұл  қоғам  қызметі 
барысында  профессор  Санжар  Жапарұлы  Аспандиаровтың  да  атқарған  еңбегі 
ҿлшеусіз.  
Қазақстан  ғылымының  дамуына  себепкер  болған  жоғарыдағы  Қоғаммен 
бірге,  1926  жылы  Кеңес  Одағы  Ғылым  академиясының  Одақтас  жҽне 
автономиялық  республикалардың  табиғи  ресурстарын  зерттеу  жҿніндегі  Ерекше 
Комитеті  құрылды.  Комитет  академик  А.Е.Ферсманның  басшылығымен  жұмыс 
істеді.  Бұл  Комитеттің  ұйымдастыруымен  С.Неустроев,  Н.Крашенников, 
С.Руденко  жҽне  тағы  басқа  ғалымдар  басқарған  бірнеше  экспедициялар 
Қазақстанның  топырақ  жҽне  су  қорларын,  этнографиялық,  антропологиялық, 
дҽрігерлік-санитарлық  жағдай-лары  туралы  зерттеулер  жүргізілген  /7/.  Осы 
кезеңде Қазақстанда 75-ке жуық тҽжірибе стансалары мен лабораториялары, 150-
дей  геологиялық  мекемелер  жұмыс  істеген.  Бір  айта  кететін  жҽйт,  бұл  ғылыми 
топтарда,  жоғарыдағы  зерттеу  қоғамы  да  ҿз  қызметінің  бас  кезінде  кейбір 
нҽтижелер шығарғанымен, кҿп жағдайда ҿз мүдделері үшін ғана қызмет етті, яғни 
ғалымдар,  ғылыми  жүмыс  нҽтижелерін  топтастырып,  қорытындылары 
шығарылмады.  Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  бытыраңқы  болып,  бекітілген 
ғылыми-зерттеулердің  жүйесіз  жүруі  жҽне  ең  бастысы  ғылыми  жұмыстарға 
бағыт-бағдар  беретін  жетекші  органдардың  болмауы,  Қазақстанда  ғылыми-
зерттеу жұмыстарын бір орталықтан басқару қажеттігін тудырды.  
1932  жылы  ақпан  айында  КСРО  Ғылым  Академиясының  конференциясы 
негізінен  Қазақстанның  ҿндіргіш  кұштерін  зерттеу  жҿніндегі  мҽселені 
қарастырды.  Конференция  республикадағы  индустрияландыру  ісінде  «ғылыми-
зерттеу жұмыстарының жҽйі жаңа құрылыстың қазіргі қарқынына мүлде сай емес 
екенін»  атап  кҿрсетті  /8/.  Яғни,  орын  алып  келген  барлық  қиындықтарға  
қарамастан,  20-жылдары  республикада  жоғарыда  аталып  кеткендей,  ғылыми 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         117 
 
қоғамдар  құрылып,  ҿздерінің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастырудағы 
алғашқы  қадамдары  Қазақстан  үшін  маңызды  құбылыс  болғанмен,  Одақ 
кҿлеміндегі  талаптарға  сай  келмеді.  ҿйткені,  қанша  дегенмен  автономиялық 
республикада 
мемлекеттің 
барлық 
нышандары 
яғни, 
территориясы, 
конституциясы,  мемлекеттік  биліктің  жоғарғы  органдары,  сот  жҽне 
прокуратураның  болғанына  қарамастан,  қолдарында  абсолюттік  ҿкілеттілік 
болмады.  Сондықтан,  Қазақ  АССР-і  тҽуелді  еді.  Бұл  жағдай  ҿз    кезегінде 
республикадағы  кҿптеген  шаралардың  толыққанды  іске  асуына  кедергі  келтірді. 
Бұл жоғарыдағы конференциядағы қаралған  мҽселеге де қатысты еді. 
Аталған  конференциядан  кейін  Қазақ  АССР-ң  үкіметі  КСРО  Ғылым 
Академиясы  Президиумына  Қазақстандық  база  құру    жҿніндегі  ұсынысын 
білдіреді. Себебі, Қазақстан астанасында тұрақты түрде жұмыс істейтін, ғылыми-
зерттеу  жұмысын    жүргізуге  мүмкіндік  беретін  жҽне  жергілікті  халық  арасынан 
жер-жерде  жоғары  дҽрежелі  маман  кадрлар  даярлауға  жол  ашатын  кешенді 
сипаттағы  ғылыми-зерттеу  орталығын  ашу  қажеттігі  ҽбден  пісіп-жетілген  еді. 
Одақтық  Ғылым  Академиясының  Президиумы  Қазақстан  үкіметінің  бұл 
ұсынысын кезекті мҽжілісінде қарап, Қазақстан Ғылыми Академиясының базасын 
ұйымдастыру кезек күттірмейтін мҽселе деп, осы 1932 жылы құру тапсырылды.   
Сҿйтіп,  1932  жылы  наурыз  айында  КСРО  Ғылым  Академиясының 
Қазақстандық  базасы  құрылды,  шілде  айында  базада  жүмыс  жүргізетін  ғалым 
қызметкерлердің  құрамы  белгіленеді.  Академиялық  базаның  тҿрағасы  болып 
белгілі    түріктанушы  ғалым,  Ленинград  университетінің  профессоры,  сталиндік 
репрессияның  жазықсыз  құрбандарының  бірі,  академик  А.Н.Самойлович 
бекітілді.  Ал,  президиум  мүшелігіне  академик  В.А.Келлер,  профессор 
С.Ж.Аспандиаров,  М.Тҿлепов  жҽне  ғылыми  хатшылыққа  И.Барышников 
сайланды  /9/.  Аз  уақыт  ҿткен  соң,  профессор  С.Аспандиаров  КСРО  Ғылым 
Академиясы Қазақстандық базасының тҿраға орынбасары болып бекітіледі.  
Осы  уақыттан  бастап,  Санжар  Аспандиаров,  1937  жылдың  күзіне  дейін 
ғылыми  базаның  жұмысын  ұйымдастырып,  қазақ  жастарының  ғылымға  ден 
қойып  алға  ілгерлеуіне,  республикадағы  ғылыми  ой-сананың  қалыптасып, 
дамуына маңызды үлес қосқан санаулы қандастарымыздың басында жүрді. Айта 
кету  керек,  профессор  С.Аспандиаровтың  басты-басты  ғылыми  еңбектері  мен 
монографиялары, білім беру мен мҽдениет, тарих жҿніндегі ғылыми мақалалары 
негізінен  осы  Академиялық  базаның  жұмысымен  бірге  ҿріс  алған.  Ол  еліміздегі 
кадрлардың  жетіспеушілігіне  байланысты  бірнеше  міндеттерді  қатар  алып 
жүруіне тура келді. Мысалы,  ғылыми базадағы негізгі қызметіне қоса, Денсаулық 
сақтау  Халық  Комиссариатында,  Қазақ  АКСР  Халық  Ағарту  Комиссарының 
ғылыми  істер  жҿніндегі  орынбасары  жҽне  толып  жатқан  қоғамдық  ұйымдардың 
жұмысымен  бірге,  ғылымның  ҽр  саласында  тарих,  тіл,  терминология,  ҿлкетану 
мҽселелерімен  шұғылданып,  Қазақстан  ғылымының  дамуы  мен  гүлденуіне 
тікелей  атсалысып,  жоғары  деңгейдегі  мамандарды  даярлауға  мол  үлес  қосқан 
жан.  
1932  жылдың  соңына  қарай  КСРО  Ғылым  Академиясының  Қазақстандық 
базасы,  құрылғанына  аз  уақыт  ҿтсе  де,  Қазақстан  үкіметінің  тікелей 
қолдауымен  жҽне  ғылыми  ұжымның  белсенді  ҽрі  табанды  жұмысының 
нҽтижесінде  белгіленген  анағұрлым  кҿп,  ауқымды  істер  атқарады.  Қазақстан 
Республикасының табиғи климатын, ҿсімдіктер мен жануарлар ҽлемін зерттеу 
мақсатында алдымен ботаникалық кейіннен  зоологиялық секторлар құрылып, 
Қазақстан  территориясында  3-экспедиция  аса  маңызды  ғылыми  барлау 
жүргізеді.  Сол  жылдың  ҿзінде  Географиялық  сектор  құрылып,  ғалымдардың 

118
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
ғылыми  потенциалын  арттыру  жҽне  жергілікті  ұлт  ҿкілдерін  ғылымға  тарту 
мақсатымен  «Ғылыми  кеңес  жҽне  насихат  бюросы»  ұйымдастырылып,  оның 
қызметіне профессор С.Аспандиаров тікелей басшылық жасаған.  
Бұл  бюро  ҿзінің  белсенді  қызметінің  барысында  республика  ғылымының 
құрылуы мен дамуы жолында кҿптеген маңызды істер атқарды. Ҽсіресе, ғылым 
мен  мектеп  арасында  тығыз  байланыс  орнату  үшін,  оқушылармен  қызықты 
кездесулер  ұйымдастырып,  олардың  таным  деңгейін  арттыруға,  ғылымның  ҽр 
саласына  деген  қызығушылықтарын  мектеп  қабырғасынан  қалыптастыруға 
қызмет  жасады.  Сондай-ақ  орта  мектеп  мұғалімдерінің  оқу  құралдарға  деген 
зҽруліктерін ескере отырып, жекеленген пҽндер бойынша ғылыми кеңес беріп 
отырған» /10/. 
Қазақстандық базаның жұмысында материалдық жетіспеушілік пен қатар, 
ғылыми кадрлар ҽсіресе, қазақ кадрлары жетіспей жатты. Сондықтан жергілікті 
мамандарды даярлауға ерекше кҿңіл бҿліну  керек болды. ҿйткені, орталықтан 
жіберілген  жас  мамандар  Қазақстанның  жай-күйімен  таныс  болмағандықтан 
кҿп тұрақтамайтын.  «Демек, ғылыми кадрларды, - деп атап кҿрсетті профессор 
С.Аспандиаров,  -  қазақстандықтардың  ҿзінен  яғни,  елдің  табиғаты  мен 
тұрмысын  жҽне  тілін  жақсы  білетін  қызметкерлерден  даярлау  ҿте 
маңызды»/11/.  Осыған  орай,  1932  жылдың  соғына  қарай,  Қазақстандық  база, 
КСРО  Ғылым  Академиясына,  ғылыми  тұрғыдан  біршама  жақсы  даярланған 
қазақ жастарының бір тобын аспирантураға жібереді. Бірақ, Қазақстан сияқты 
табиғи  ресурстарға  ҿте  бай,  жер  кҿлемі  байтақ    мемлекеттің  ғылыми-
экономикалық  қуатын  арттыру  үшін,  жоғарыда  аталған  шаралар  жеткіліксіз 
еді.  Ҽрі    сыртта  оқитын  қазақ  жастарын  Қазақстан  үкіметі  ҿзі 
қаржыландырғандықтан  республика  бюджетіне  бұл  ауыр  салмақ  салатыны 
сҿзсіз  еді.  Сондықтан,  ғылыми  кадрларды  Қазақстанның  ҿз  ішінде,  яғни 
жоғарғы  оқу  орындары  мен  ғылыми-зерттеу  институттарында  аспирантура 
бҿлімдерін  ашу  арқылы  даярлау  ҽлде  қайда  тиімді  екендігін  Қазақстандық 
ғылыми  база  ҿз  отырыстарында  бірнеше  рет  талқылайды.  Бұл  мҽселені 
түбегейлі шешу барысында КСРО  Ғылым Академиясының Қазақстандық база 
тҿрағасының  орынбасары,  профессор  Санжар  Аспандиаров  табандылық 
кҿрсетті. Ол Қазақ АССР  Халық  комиссарлар  кеңесі тҿрағасына хат жолдап» 
«Қазақстанда  ғылыми  қызметкерлерді  кең  ҽрі  жоспарлы  түрде  даярлау 
мҽселесі ҽлі күнге дейін нақты шешімін тапқан жоқ. Жастарды ғылымға тарту 
ҿте  тҿмен  дҽрежеде.  Ал,  орталықтың  ғылыми  орындарында  даярланатын 
отандастарымыздың  саны  мардымсыз.  Сондықтан  Ғылым  академиясының 
базасы «Аспирантура туралы ережесін» бекітіп, Қазақ орталық атқару комитеті 
жанындағы  ғылыми  комитетке  аспиранттарды  қабылдау  ісі  тапсырылуын 
сұраймыз»  /11/  -  деген.  С.Аспандиаровтың  бұл  ҿтініші  ұлт  мүддесі  үшін 
күрескен қайраткердің бейнесін сомдай түсетіні даусыз. 
Академияның Қазақстандық базасында аспирантура бҿлімін ұйымдастыру 
ісі,  елде  қызу  жүріп  жатқан  саяси  науқан  яғни,  «Халық  жауларымен»  күрес 
жүргізу  барысында  ұзаққа  созылып,  тек,  1939  жылы  құрылады.  Дегенмен, 
бұған  дейін  Қазақстанның  ҽртүрлі  жоғарғы  оқу  орындарында,  ҚазМУ-де, 
ҚазПИ-да,  медициналық  жҽне  мал  дҽрігерлік,  сондай-ақ  ғылыми-зерттеу 
институттарында  аспирантура  бҿлімдері  құрылып,  ғылымның  ҽр  саласы 
бойынша,  қазақ  жастарының  ҿз  қабілеттерін  сынап,  берілген  мүмкіндіктерді 
пайдалана отырып, қазақ ғылымының дамуына үлес қосуларына жол ашылады.  
Бұл  оқу  орындарында  да  жастардың  ғылыммен    шұғыл-дануына,  ғалым  
ретінде  профессор  Санжар  Аспандиаровтың  тигізген  ықпалы  мол  болды. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         119 
 
Солардың  қатарында,  топырақтану  институтының  басшысы  болған,  белгілі 
ғалым  Ҿ.Оспанов,  С.Аспандиаровпен  қызметтес  болған  жылдарын  жылы 
лебізбен  еске  алып»  «Ол  кісі  маған  Қазақстанда  ғылымның  оның  ішінде 
топырақтану саласының зор  келешегі барлығын айта отырып»  «Сен алдымен 
топырақтану туралы зерттеулерді мұқият оқы, оларға талдау жаса, содан кейін 
ғана  Қазақстан  табиғатының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жұмысқа  кірісу 
керек» /12/ - деген ақыл-кеңестері Ҿ.Оспанов  сияқты, талай қазақ жастарының 
қиындықтар  мен  мүмкіншіліктердің  аздығына  қарамастан,  ғылым  жолында 
қанаттануларына дем беріп отырған.   
Қазақ  АКСР  Халық  комиссарлар  кеңесі  1933  жылы  5  қарашада 
қазақстандық  базаны  сақтап,  оны  одан  ҽрі  дамыту  туралы  қаулы  қабылдады. 
Осыған  сҽйкес  базаның  мҽдениет  саласындағы  /тарих,  тіл,  ҽдебиет,  ҿнер, 
ҿлкетану/  барлық  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  біріктіру  жҽне  бір  орталыққа 
топтастыра  отырып  дамыту  мақсатымен,  Қазақ  АКСР  Халық  комиссарлар 
кеңесі, 1933 жылы 11 қарашада «Ұлттық мҽдениет институтын ұйымдастыру» 
туралы  қаулыны  бекітті.  Бұл  ғылыми-зерттеу  институты  ҿз  кезегінде  қазақ 
мҽдениетінің дамуына түрткі болып, тіл, терминология, тарих, ҽдебиет сияқты 
салалардың  жаңа  қарқынмен  жұмыс  істеуіне  негіз    қалады.  Кейіннен  бұл 
аталған  салалар  бойынша  жеке-жеке  секторлар  құрылып,  ал  олар 
инститтуттарға    айналдырылып,  қазақ  ғылымының  жаңа  сатыға  кҿтерілуінде 
ерекше роль атқарды.    
Профессор  С.Аспандиаров  ғылыми зерттеулерін  басшылық,  ұйымдастыру 
жұмыстарымен  қатар  алып  жүрді.  Ол  академияның  қазақстандық  базасында 
тҿраға  орынбасарлығына  қоса,  тарих  жҽне  археография  комиссиясының 
жұмысына  басшылық  жасады.  Бұл  жағдай  Қазақстандағы  тарих  ғылымының 
ҽсіресе,  отандық  тарихтың  ҿркендеуіне  жол  ашты.  Аталған  комиссия  қазақ 
халқының жҽне Қазақстан жерін мекендеген басқа да халықтардың тарихынан 
мағлұмат  беретін  дерек  кҿздерін  архивтерден,  кҿне  кҿз  қариялардың  айтуы 
бойынша жинап, сараптаумен, оларды басып шығарумен айналысты.  
Сол  жылдары  партиялық  органдар  басқа  салалармен  бірге  ғылымда  да 
номенклатуралық  бақылауды  күйшейте  түседі,  дей  тұрғанмен  дҽл  осы 
жылдары  қазақ  халқының  ҿткен  тарихын  бір  жүйеге  келтіріп,  жан-жақты 
зерттеу  ісі  дұрыс  жолға  қойылған  еді.  Мысалы,  Қазақ  АКСР  Халық 
комиссарлар  кеңесінің  1933  жылғы  қараша  айындағы,  кезекті  отырысында 
«Патшалық  Ресейдің  Қазақстанда  жүргізген  отарлау  саясатының  тарихы 
туралы»  ғылыми-зерттеулер  жүргізіп,  оны  жинақ  етіп  1934-1935  жылдардан 
қалдырмай  басып  шығаруды  академиялық  базаның  тарих-археография 
комиссиясына  тапсырып  жҽне  арнайы  қаулы  арқылы  осы  материалдарды 
жинау  шығынына  мемлекет  қорынан  10  мың  сом  ақшалай  қаржы  бҿлуі  /10/  - 
Қазақстан  үкіметінің  ғылымға  деген  дұрыс  кҿзқарасын  білдіреді.  ‡кімет 
тарапынан  кҿрсетілген  мұндай  қолдау  ҽрине,  ғалымдарды  қанаттандыратыны 
сҿзсіз.  Осы  1933  жылдың  ҿзінде  тарих-археография  комиссиясы  бірқатар 
істерді  атқарып  үлгереді.  Комиссия  жетекшісі    профессор  С.Аспандиаров  ҿз 
кезегінде  бұл  іске  барынша  атсалысады.  Ол  кезекті  ғылыми  отырыста 
комиссия  мүшелерін  Алматы  қаласының  кітап  қорларындағы    қазақтармен 
Орта  Азия  халықтарының  тарихына  қатысты  бірқатар  құнды  деректермен 
таныстырып,  басқада  ҽдебиеттер  тізімін  ұсынып,  комиссияның  болашақ 
жоспарларынан  хабардар  етеді.  Осы  отырыста  комиссия  С.Аспандиаров  пен 
профессор  В.Кунтеге  тарихи  материалдарды  жинақтау  ісін  тапсырады  /10/. 
Нҽтижесінде,  1935  жылы  «Қазақстанның  ҿткені  деректер  мен  материалдарда» 

120
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
атты    тұңғыш  рет  құжаттар  жинағы  жарық  кҿреді.  Сонымен  бірге,  В.Кунте, 
Федоров,  Брайнин,  О.Жандосов,  Жолдыбаев,  Алманов  жҽне  С.Аспандиаров 
сияқты  кҿрнекті  ғалымдар  мен  мемлекет  қайраткерлері  бар  Ғылыми  кеңес 
тұрақты жұмыс істеді.  
Қазақстандық  базаның  тарих-археография  секторы,  халықтың  тарихи 
білімін  кҿтеру  мен  рухани  дүниесін  молайту  барысында  кҿптеген  істер 
атқарды.  Ҽсіресе  жас  ұрпақтың  тарихи  танымын  арттыру  жолында 
ғалымдарымыз  аянбай  тер  тҿкті.  Осындай  кҿпшілік  кҿңіліне  қонған  игі 
істердің  бірі  -  жоғарғы  оқу  орындарының  студенттері  мен  мектеп 
оқушыларына  Қазақстан  тарихынан  кҿрнекі  құрал  ретінде  атластық  карта 
құрастыру 
қолға 
алынады 
/10/. 
Картаның 
жобасына 
профессор 
С.Аспандиаровтың  тікелей  жеткшілігімен  басқа  да  тарихшы  жҽне  картограф 
мамандар атсалысады. Алайда, 1937 жылғы ойран бұл жоспардың іске асуына 
мүмкіндік бермейді.  
КСРО  Ғылым  академиясы  Қазақстандық  базасында  тарих  секторынан 
басқа  да  ғылыми  салалар  бойынша  іс-тҽжірибелер  жүргізіліп  жатты.  Ҽсіресе, 
30  -  жылдары  ғалымдар,  Қазақстан  жерінде  мұнай  мен  минералды  тұздардың 
кен орындарын зерттеп, игерудің ғылыми негіздерін ұсына бастады.  
1930-34  жылдардағы  геологиялық  барлау  жұмыстарының    нҽтижесінде 
Одақ  кҿлемінде  Қазақстан  кҿптеген  пайдалы  қазбаларды  ҽсіресе,  түсті  
металлургия,  кҿмір  ҿндіру,  сирек  кездесетін  металдарды  игеру  бойынша 
бірінші  орынға  шықты.  Бұл  жағдай  халық  шаруашылығында  кҿптеген  жаңа 
салалардың  дамуына    жол  ашты.  Осы  1930-1934  жылдардағы  геологиялық 
барлаудың  жемісті  нҽтижесінде  Шымкент  қорғасын  зауыты,  Балхаш  мыс  
қорыту  комбинаты,  Қарағанды  кҿмір  бассейіні  т.б.  сияқты  индустрия 
алыптарын салуға қол жетті.  
Қорыта 
айтқанда, 
30-жылдары 
Қазақстан 
Республикасындағы 
экономикалық 
қиыншылықтар 
мен 
саяси 
қысымдарға 
қарамастан, 
статистикалық 
мҽліметтер 
20-30 
жылдары 
Қазақстандағы 
ғылыми 
қызметкерлердің  саны  үнемі  ҿсу  үстінде  болғандығын  кҿрсетеді  /10/. 
Сондықтан,  Қазақстан  ғылымындағы  қол  жеткізген  табыстар  мен  жетістіктер 
тікелей  Академиялық  база  мен  оның  кҿрнекті  басшыларының  бірі  болған 
профессор С.Аспандиаров есімімен тығыз байланысты. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Альжанов  Ш.  Пять  лет  борьбы  и  стройтельство  первого  казахского 
национального вуза. // Просвещение национальностей. 1934. №3. 
2.
 
Асфендиаров  С.Ж.  Недочеты  в  деле  подготовки  национальных  научных 
кадров //Народное хозяство Казахстана. 1934. №8-10. 
3.
 
Жұмалиев Қ. Үлкен ұстаз. –А.,1969. 190. 
4.
 
Дінасылов Д. Қабілетті ұйымдастырушы. //Қазақстан мұғалімі, 1990, 8 наурыз. 
5.
 
Қаратаев М. Кҿргенім мен кҿңілдегім. –А., 1982.107-112. 
6.
 
Адам – қоғам – ғылым. Тезистер жинағы. –М., 1993.  
7.
 
Аханов Ж. Қазақстан ғылымының бастауы. //Егемен Қазақстан, 1997, 24 мамыр 
8.
 
Советская степь. 1932. - 29 июнь
.
 
9.
 
Культурное строительство в Казахстане. –А., 1969. 334 с.  
10.
 
Ғылым Академиясы мен Ғылым Министрлігінің Архиві. 1-қ, 1-т, 12-і, п-15. 
11.
 
Мұстафаев  Н.Н.  Из  истори  науки  и  научной    интеллигенций  Казахстана 
(1932-41 г.г.). // Известия А.Н. РК. Серия общ.наук. - 1992. № 4. 58 с. 
12.
 
Исин М. «Ҿкімет алдында кінҽм жоқ». // Социалистік Қазақстан, 1991, 6 сҽуір. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         121 
 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  ХХ  ғасырдың    20-30  жылдарындағы  Қазақстандағы  ғылым  мен 
ағарту  саласының  дамуы  жҽне  оны  ұйымдастырудағы  белгілі  қоғам  қайраткері, 
профессор, С.Ж.Аспандиаровтың ролі жан – жақты кҿрсетілген.   
 
РЕЗЮМЕ 
В статье говорится о  развитии науки  и просвещения Казахстана в 20-30 
годы  ХХ  века  и  о  роли  известного  общественного  деятеля,  профессора 
С.Ж.Асфендиярова в организации этого процесса
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет