Чве Сын Хо
СУ КІТАБЫ
Су кітабына
Ештеңе жазылмауы керек,
Ол болуы керек мөп-мөлдір, əрі төккен нұр.
Жұдырығыңды жазған сəтте
Саусақтарыңның саласынан
Тарамдалып су ағуы керек,
Жүрек содан жұбануы, көңіл соған қуануы керек.
Судың кітабы
Қап-қара болуы керек түн келіп ішкенде.
Жап-жарық болуы керек күн нұры түскенде.
Мен су кітабымен
Аяғымды жуа аламын,
Мұнда тұрған қорқынышты түк те жоқ.
Мен су кітабымен гүлдерді суарамын
Мұнда да тұрған қорқынышты түк те жоқ.
Джо Джон Гвон
АСПАН ТОРЫ
Аспанның торын
Ешкім де бұзып өте алмайтын,
Ешқайда кете алмайтын.
Бірақ, міне, күз жеткенде сыз бөктеріп,
Айлы түн ашқанда алақандарын,
Қараша қаздар бұзып өтіп жатыр тізбектеліп,
Ертіп самғап балапандарын.
348
ҒАСЫР БІТТІ
Ғасыр бітті...
уақыт бізге көрсетті басымдықты,
жеңе алмадық, біз бірақ айуандықты,
жеңе алмадық надандық, басырлықты,
масылдықты жеңе алмай ғасыр бітті!
Аяқталды...
талай арман жазықсыз таяқталды,
ұрандар мен бұйрықтар билік құрып,
қорлап бақты сүре мен аяттарды,
имансыздық ғасыры аяқталды...
Аяқталды?
Жоқ əлде басталды ма?
Шындық бұл-бұл ұшты ма бастан мына?
Ақиқат пен құдайға астам қарап,
Шошындырдық жерді де аспанды да.
Табалдырық!..
«Жіберді еңбек маймылды адам қылып»,
десе – сендік, бірақ та сол адамнан
арылмады бəрібір арам қылық,
тамам былық аттаған табалдырық.
Ғасыр өтті!
Шындық өзі шау тартып, жасы жетті.
Қауқар, қуат қалған жоқ адамзатта
ТАБАЛДЫРЫҚ
349
талақ етіп тастардай қасіретті,
көз жасына көміліп ғасыр өтті...
Тəмамдалды!..
заман зарлы болғанда, адам жарлы,
бұл адамзат атындай астындағы
ауыстырып мінгенде қоғамдарды,
қасиет пен өсиет қараң қалды,
бір ғасырлық масқара тəмамдалды...
Келер ғасыр!
кердең басып саған да енер масыл,
нелер тарпаң табандар таптар ма екен,
ақ ниет деп аталған өнерді асыл,
не дайындап келесің, келер ғасыр?..
ҚАЗАҚИЯ
Қазақиям – азат ұям,
қоңыр жұртым,
ұлы елім,
қаңқылдаған қаз атынан
сөз саптаған сүлейім.
– Қанға – қан! – деп,
– Жанға жан! – деп,
атам қазақ үйреткен,
өтті ғасыр сандаған көп,
ақ сойылын сүйреткен.
Шыңбысың сен –
Хан-тəңірім,
əлде Бетпақ – шөлмісің,
қаңсыса да
қан тамырың,
қыңқ етпейтін көнбісім.
Тасыдың да
жаусыдың,
түпсіз арнаң толсашы,
дүниенің күнəсінің
жуылатын моншасы.
Аялаған азаттығым
бұл-бұл ұшса басымнан, –
кімге керек қазақтығым
мақтан еткен жасымнан?
Төбеңдегі Айды мына
тұмарыңдай көремін,
қапалы да,
қайғылы да
қоңыр елім,
өр елім.
Топырақтың табын сездім,
жүгірдім де жығылдым,
Отан деген назым сөздің
мəнін сенен ұғындым.
Аспандай кең атамекен,
иі қанбас көн дала,
сені сүю – қате ме екен?
Сүйіп өтем сонда да!
351
Ұлықбек ЕСДƏУЛЕТ:
«ЖЫРЛАРЫМ - ЖҮРЕГІМНІҢ ЖЫЛНАМАСЫ»
(Көрнекті жазушы, эссеші Айгүл Кемелбаевамен
«Киіз кітап» туралы сыр-сұхбат)
Айгүл Кемелбаева: – Ұлықбек аға, Құран, Інжіл,
«Аяткер Зарера», «Парсы хаттары», «Джунгли кітабы», «Қыш
кітап» – түбін қазса барлығының атауы бір ғана қасиетті кі-
тап, жазу ұғымына келіп тіреледі. Ғалымның хаты, жақсының
аты өлмесе, ол – «Жалын мен оттан жаралған» (Абай) сөз
құдіреті. Көшпелі нəсілдің бүгінгі ұрпағы өз шығармасын
«Киіз кітап» деп атаса, онысы қисынға қиғаш келе қоймас.
Ұлтсыз əдебиет тумайды, бірақ, ол ұлт деген құрсаудың
тар шеңберінен шығып, қиянға шырқауға мүдделі. Текті сақ-
тау керек, бірақ əлемдік дамудан қалыс қалмау керек. Біз бұ-
рынырақ жаратылысқа біртабан жақын болатынбыз. Жаңа
дүние урбанизация мен жаһандануды алға тартпақшы. Оның
не көрсетерін əлі ешкім білмейді.
Көре білсең бұл кілемде
Жүрегімнің түгі бар, –
деп жазасыз.
«Киіз кітаптан» «Өлеңім – өмірім» деген шынайы ой мен
ұлттық жаратылысты қастерлеген рухани асыл мұрат сезін-
дім. Сонымен қатар, оның астарындағы қордаланған қайғы-
мұң мен əлдебір иррационалды үрей сезімін де аңғардым.
ДӨДЕГЕ
352
Мұны жасырудан еш пайда жоқ, себебі ол келешекте қазақ
ірі ұлттардың шылауында, жат дүниенің қыспағында қалып
қоймаса деген қауіп тəрізді. Компьютер ғасырында «кілем»,
«киіз» деген метафораны неге таңдап алдыңыз?
Ұлықбек Есдəулет: – Ақынға шығармасын өзі түсіндіріп,
талдағаннан асқан азап жоқ шығар. Сонда да болса, мынадай
тартымды, күрделі сұрақты қалай аттап өтерсің?
Ұлттық тарихымызға неғұрлым тереңдеп үңілген сайын
ежелгі төл мəдениетіміздің байлығының теңдессіздігіне кө-
зіміз жете түсетіні анық қой. Қазақ əлімсақтан əрі көшпелі,
əрі отырықшы – қос мəдениетті тел емген халық. Оған біз-
дің көне қалаларымыз, сəулеттік, тарихи жəдігерлеріміз
бен бүгінге жеткен бай əдебиетіміз, өлшеусіз музыкалық
қорымыз, қолданбалы қолөнер үлгілеріміз, фольклорлық-
танымдық терең ұғымдарымыз, биік адамгершілік принцип-
терін ұстанатын ұлттық салт-дəстүрлеріміз, Фараби мен
Бейбарыс, Қорқыт пен Асанқайғы, Баласағұн мен Бабыр,
Бұқар мен Ақтанберді, Махамбет пен Дулат, Абай мен
Шоқан, Құрманғазы мен Тəттімбет, Ақан сері мен Біржан
сал, Байтұрсынов пен Əуезов, Мағжан мен Олжас тектес
біртуар дала мен қала перзенттері мысал. Бұлардың бəрі де
Еуропа мен Азия, Американың қай елі де қызығарлық биік
əлемдік деңгейдегі ұлы тұлғалармен деңгейлес.
Өзіңіз қараңызшы, дүние жүзінің қай елінде бір емес, үш
(!!!) Алтын адам табылып еді? Мəдениеттің деңгейі осындай
өлмес мұралармен өлшенеді. Жə, мұнымды ағаңыздың ас-
қақтаған ақындық шалқуы деп түсінгейсіз. Енді бірер саты
төмен түсіп, жерге табан тіреп сөйлейін...
Дамушы елдердің урбанизациясына деген көзқарасты
батыс ғалымдары дəстүрлі жəне қазіргі заманғы дейтін екі
сектордан тұратын «экономикалық дуализм» тұжырым-
дамасымен байланыстырады. Мен ауылда туған қалалық қа-
зақтың қазіргі ахуалын «рухани дуализм» деп атар едім.
Урбанизация біздің өмірімізге еніп кеткелі, сүйегімізге сі-
ңе бастағалы қашан. Конструктивизм біздің əдебиетімізді
ғана емес, санамызды да еркін жаулап алған. Алпысыншы
жылдардың аяғында 9-шы класта біз оқыған «Қоғамтану»
353
оқулығында «Ауылды қалаға айналдыру» дейтін шағын та-
қырыпша болатын еді. Сол сабақтан соң, қаланың қайнаған
өмірінен хабарым шамалы болса да, өз ұғымым бойынша,
ауылды қалаға айналдырған жағдайда маған ауылдың сыртқы
бейнесіне, тіршілігі мен тұрмысына, əдет-ғұрпына əлдебір
нұқсан келетіндей көрінді. Ақсақалдар астындағы атынан,
кемпірлер қолындағы шүйкесінен, əйтеуір əрқайсымыз əр-
түрлі қимас дүниемізден ажырайтындай елестеді. Қалада
тұру қаншалық қызықтырғанмен, ауылдың өзім үйренген
мамыражай тірлігіне төнер қауіпті бала көңілмен сезінгендей
болдым. Сол тақырыптың түбіне миым жетпеді. Содан бірер
жыл толғатып жүріп «Ауыл мен қала» деген өлең де жаздым.
Бір томдығыма кірген:
Ауылдың бəрін ертең біз.
Айналдырамыз қалаға.
Қора-қопсыны өртерміз,
Ескіні құртпай бола ма?
Қалалық болып төрт түлік,
Зауытта баптап-бағылар.
Түсіне жайлау, шөп кіріп,
Малшысын мүмкін сағынар...
Менің урбанизацияға деген күдікті көзқарасым, ішкі қар-
сылығым сол кезден бастау алды ма деп ойлаймын. Жалпы,
бүгінгі қалалық қазақтың дені – кешегі ауыл баласы. Оның
психологиясы сыртқы əсермен өзгеріске ұшырай бастаған.
Киіз туырлықты көшпелі қазақтың əлемі – киіз үй немесе
аспан сферасына ұқсас, айналасы теп-тегіс дөңгеленген дү-
ние болса, отырықшылық – төрт қабырғаға, көп бұрышқа,
қалтарысқа толы. Қысқасы бірі – сырлы, екіншісі – қырлы,
екітүрлі əлемдер.
Сонымен көшпелі қазақтың ұғымында жер де, жұлдыз да,
қысқасы, бүкіл əлемнің моделі – дөңгелек, домалақ, жұмыр.
Сонда отырықшы қазақтың ұғымын қайда қоямыз?
Есіңде бар шығар, Олжас Сүлейменовте «Жұмыр жұл-
дыз» деген тіркес («Круглая звезда» – ертеректегі бір кітабы-
354
ның аты) бар емес пе еді? Адамзат болса, жұп-жұмыр жа-
ратылған сол жұлдызға бес бұрыш, алты бұрыш, сегіз бұ-
рыш жамап əлек. Мысалы, большевиктердің бесбұрышты
қызыл жұлдызы, жебірейдің алтыбұрышты Дəуіт жұлдызы,
сегізбұрышты біздің бүгінгі жұлдызымыз, Американың
туында да қаптаған бес бұрышты жұлдыздар. Басқа да жұл-
дыз түрлері жетерлік. Бəрі де үшкір-үшкір ұшын сыртына
кезенген, істікті, тікенекті. Бұл не? Сонда, жұлдыздың нұры
деп жүргеніміз белгілі бір нəсілдердің, партиялардың немесе
мемлекеттік машиналардың идеялық рəмізіне айналғаны ма?
Яғни, əлімсақтан ақындар ғашық болып жырлап келген
жұлдыздың нұры өзінің бастапқы поэтикалық мəнін жоғал-
тып, тек саяси мағынаға ие болып кеткені ғой. Міне, осы-
лайша, Құдайдың көктегі жарық жұлдыздары жердегі пенде-
лердің идеялық қаруына немесе ойыншығына айналуынан
менің ішкі əлемімде қайшылықты сұрақтар бас көтерген. Бі-
рақ мұның бəрін ашып жазу өлеңнің міндетіне кірмейді.
Сондықтан, меніңше, сол сұрақтарды «Киіз кітаптың» көзі
қарақты оқырманы өзі тауып, түйсінуі керек. «Тісі шыққанға
шайнап берген ас болмас» деген бар ғой.
«Еуроцентризмге» қарсы ағым ұстанатын ағылшын та-
рихшысы Арнольд Тойнбидің көшпелілер мен жатақтардың
материалдық жəне рухани қарама-қайшылығы туралы, бір-
бірімен мəңгі үйлеспейтіндігі, жұлдызы жараспайтындығы
туралы жасаған тұжырымы біздің болмысымызға, қазақтың
рухани дуализміне сəйкес келмейді дер едім. Тойнби «Өз
шеңберінен айналшықтап шыға алмайтын, жетілмей қал-
ған көшпелілерге дамыған əлемдік қоғамда орын жоқ» деп
үкім шығарған еді. Бүгін бұл тұжырыммен келісе қоятын
қазақ бар ма? Көзқамандарды айтып тұрған жоқпын. Сондық-
тан да, кітапта киіз бен кілем ұлттық болмысымызды, қазақ-
тың аспан тектес жандүниесін ашу үшін шартты түрде
алынғанымен, олар бүгінгі отырықшы тіршіліктің сынын
бұзбайтыны, экзотикалық бұйым, мұражай мүлкі ретінде
болса да XXI ғасырда да өз сұлулығына тамсандыратынын
ешкім жоққа шығара алмас. Шынын айтсам, мен бүгінгі
күн мен өткен шақтың поэтикалық материалдарын көңіл та-
355
разысына тарта отырып, архаикалық ұғымдарға жаңа мəн
беріп, жандандырғым келді, қоғамдық формациялар ауысуы
кезеңіндегі, жаңа ғасыр қарсаңындағы ұлтымыздың рухани-
психологиялық ахуалын жыр жолына түсіруге талпынған
екенмін. Бірақ, мұның бəрі кітап шыққаннан кейінгі өз пі-
кірім. Өлең шіркін өрбіп келіп қалған кезде мұндай ойға орын
қайда? Кітаптағы өлеңдерді жазылу мерзіміне қарап, «зерде
күнделігі» немесе «жанымның жылнамасы» деуге болады.
2000 жылға дейінгі соңғы 12-15 жыл жүзінде менің ғана
емес, баршамыздың басымыздан өткен тарихи құбылыстар
мен елеулі-елеусіз алмағайып күндердің жүректе қалдырған
ізі десек те қателесе қоймаймыз. Бұл өлеңдерде өзім де
бармын, басқалар да бар.
Кезінде батыста «Табиғатқа кері қайту» деген тезис бол-
ғаны белгілі. Академик С.С. Шварц оны нағыз кертартпа, ғы-
лымға қарсы ұран деп есептейді. Біз табиғат құшағына қай-
тадан қанша ұмтылғанымызбен, өзіміз шыққан бесікке қайта
сыймайтынымыз мəлім. Қалай дегенмен де, «Киіз кітап» ес-
кіні көз жұма көксеуден, байырғы көшпелі тұрмысқа деген
жосықсыз сағыныштан тумағаны ақиқат.
Бұл – ұлттық тамырды, жоғалған рухты іздеп, өткенді
аңсау ғана емес. Жалпы, ғалымдардың айтуынша, «таза көш-
пелілік» деген ұғым жоқ. Сондай-ақ, меніңше, біздің қазіргі
тұрағымыз – жер шарының өзі ғарыш кеңістігінде айнала
көшіп жүрген кезде, «таза отырықшы» деген де ұғым болуы
мүмкін емес. Зер салсақ, біздің бүгінгі урбанизациямызда
көшпелі өмір нышандары қаптап жатыр. Қазақ жаһандануды
елден ерек ерте бастаған.
Бұл кітаптың «Киіз кітап» деген аты өзі жазылмас бұрын
қойылған. Юхаан Смуулдың «Мұз кітабы», Олжастың «Қыш
кітабы» сияқты кітап жазсам деген ой менің арманшыл, ал-
бырт жас кезімде пайда болған. Мұндағы өлеңдер бұрынғы
ізденістерімнің жалғасы, жемісі болып табылады. Дегенмен,
бұрынғыдан өзгешелігі сол, өзіме басқа тереңдіктен қазылған
кен, өзге биіктікте ұшқан құс, бөлек кеңістікте жортқан киік
секілді көрінеді. Оқырмандарға қалай екенін қайдам. Гоген
айтқан екен: «Өнерде өзімдікі дұрыс» деп.... Мен де солай
ойлаймын, бұл мəселеде Гоген жағындамын.
356
Айгүл Кемелбаева: – Сіздің өлеңдеріңіздің бойтұма-
ры – құс. (« Құс жолы менің кеудемнен тарап жатқандай»).
«Қанатнаме» топтамасында ғана емес, құс образы барлық
кітаптарыңызда үнемі кездесіп отырады. Құс бейнесі – клас-
сикалық шығыс əдебиетінің негізгі символдарының бірі.
Көне бастауларға зер салсақ, XII ғасырдағы парсы ақыны,
ойшыл Фариуддин Аттардың «Құстардың тілі» атты сырлы
дастанын ең алғаш түркі тілінде хамса жазған, сонысымен
дəстүрді бұзып, сара жол салған Əлішер Науаи жатқа білді,
кейіннен ол өзі де осы аттас кітап жазған. Аттар – Румидің
сүйікті ақыны еді. Қатігез замандарда өмір сүріп, адам
баласына сүйіспеншілікті ұлықтаған, ізгілікті уағыздап,
«Алланы сүю үшін ең алдымен адамзатты сүй» деп жар
салған үш ақынның тегіс сүйгені құс патшалығы, қанатты
əлем, көкке ғашықтық болып шықты.
Ұлы ақындар – уақыттың əміріне бас имейтін қас жақсылар.
Құс – киелі ұғым, мешіттерге аққұтан ұя салып, үкі қонақ-
тайды. Діни зердеде құс момыны – адал, жыртқышы – харам,
əлсіз құстармен қоректенетін озбырларының етін жеуге
тыйым салынған. Ұлықбек ақында құс сөзінің мағынасы –
мейір, жарық дүние, тіршілік, кие.
Жас талдар жалқау сілкінер,
Жауында қалған торғайдай.
«Күзгі ырғақтар».
Мынау мүлгіген момақан пəк дүние жаңа туған нəресте-
дей қорғансыз, сондықтан бұл сурет мейір тудырады. Мейірім,
махаббат – ақындықтың миссиясы. Құс десе, Ұлықбек ақын
қас шеберге айналады. Ежелгі Римде жазмышты құстардың
ұшуы мен дыбысына қарап, көріпкелдік, балгерлік айтатын
абыздарды авгур дейді екен. Яғни, адамзат қашаннан құс əле-
міне енжар болмаған.
Түркпендердің төңкерген қауға бөркіндей,
Қарауытады бұтақта құс ұялары.
«Алматы. Ақпан».
357
Ақын жаны өркениеттің тас қамалы – қаладан далалық
жұрнақты, көшпелі болмысты іздеп тауып алуға айрықша
құмар. Ұлықбек ақын заманның тар пейіліне назаланса, оны
бозторғай бейнесі арқылы береді. Айтыңызшы, бұл неткен
жарық дүниені кернеген құсшылдық? Шынтуайтында, құс-
шылдық – баураған бақыт сезімінен кем болмаса керек,
өйткені ол – өмірге құштарлық ишарасы. Тек қара бастың
қамымен адамдар еңсесін жазып, жоғары ұмтылуды ұмыта
бастаған. Туған жердің бауыр басқан құстарын ұрлайтын
қарақшылық сұңқардың тегін сатып, елінен аластап жатыр,
ашқарақтық пейіл орманды өлтіріп, құсын да ұясымен қоса
құртып жіберуге даяр. Сор түрткенде пенделердің артын,
ұрпағын ойлауға мұршасы жоқ. Құсы азайған елдің қанаты
қырқылмай ма, рухы құлдырамай ма? Көрсоқырлар ғана
ырымшылдықтан жұрдай болуға тиіс. Органикалық дүниеде
бəрі де бір-бірімен тығыз байланысты тірі құбылыс.
Ұлар құстың ұясында өлейін....
«Едіге тауы».
Мынау эпостық сағыныш, тектіліккке аңсар, технология-
лық өмір салты күшейген сайын əлсіреуге, жоғалуға айналған
номадтықтың өзегінен айрылмаудың зарына ұқсайды. Науаи
өзімшіл, ашкөз жанның мұртын «Құсқа құрылған тұзақтай
қайырылып тұр» деп теңейді. Өлеңдеріңізде өзіне-өзі қай-
шы келетін «Құдай-ау, құс мінезді ақындарды / Қалайша
қанатсыз ғып жаратқан ең» («Қауырсын») дей келе, ар-
тынша «Құшар ем тас қып, / Атаңа нəлет қанаттан ың-
ғайсызданам!» («Пұшайман») деп шалық шалғандай бір
қиырдан бір қиырға аласұрған лирикалық кейіпкер ақыры
«Ақынға қанат бер, Құдай» деп шын жалбарынады. На-
нымды, көркем градация, ақиқаттан қылдай алшақтығы жоқ,
сонысымен баурайды.
«Киіз кітапта» жылқыны əнге, күйге, найзағай мен нұрға
теңеуге болады екен, бұған ақынның қауырсын қаламы куə,
əрі көріп тұрған көз қазаққа біткен. Демек, құс бейнесіне
өмір сыйып кетеді, қайтқан қаздай өмір озады. «Ұшырдым
ұясынан балапан қаз, ей», деп қазақ əн салса, өзін бейнелегені.
358
Ат іздеуге алыс шығып,
адасып,
Құс жолына түсіп кеткем аспанның.
«Үлкен Қаратал».
Бұл мифологиялық образ халқымыздың санасы, төл
фольклоры, айналып келгенде «Күпі киген қара өлең»,
соның өзі, шығармашылық кредо.
Құстарда ұлт болмайды-ау,
Ұлты болса,
Аққуды құс ішінде қазақ дер ем.
«Нұрғисаның аққулары».
Аққудың көгілдірін Андерсен сұрықсыз деп тауып, шы-
ғармашылықтың жұмбағы мен құдіретін тұспалдайды. Өйт-
кені сұлулықтың не екенін жұрт бірден қабылдай алмайды.
Жазушылық табиғатында сұрықсыз балапанның феномені
бар. Соның үшін Ханс Христиан Андерсен өз ертегісіне
ақындықтың асқақ образын астарлаған. Нағыз көркемдікке
қатер, қызғаныш, сұқ көп, оған ең алдымен жұлдызы қар-
сы жамандық, кескінсіздік жауығады. Зұлымдық көре алмау-
шылық пен өзімшіл менмендіктен жаралған.
Аққулар ұша алмайтын кезде, қанат-құйрығы түлеген
жаз ортасына таман, аңшылар бір мезетте мыңнан аса құс-
тарды тормен аулап келген. Тұқымы азайған сайын қазір
аққуларды тоғандарда көбінесе əшекей үшін, көз алдау үшін
пайдаланады. Жаратылыстың ұлы заңын бұзудың ақыры
қайыр болмайды, түбі ол лағнет қарғысқа айналады. Құс
экологиялық апаттың құрбанына үкім етілген рух емес пе?
Рухы тұншыққан ғаламның өңі қашпай ма? Көркемдікті құт-
қарушы деп сенген жақсы, бірақ кеселі асқынған сайын сол
мешеу дүние сұлулықтың өзін аздырғысы кеп жанталаспай
ма?
Құлағына
Қорқыттың күйі сіңбей,
359
Қоғам қалар Бетпақтың бүйісіндей.
Жырларымның жұпарын жұтарыңдар
Жұлып алған жусанның
Исіндей.
«Құс жолы» деп аталатын осы өлең автордың өзіне-өзі
жазған эпитафиясына ұқсайды. Дегенмен, құс бейнесі тө-
ңірегіндегі осыншалық поэтикалық экстаз, рухани сүйіспен-
шілік ненің əсері деп ойлайсыз?
Ұлықбек Есдəулет: – Құсқа құмарлық жалғыз менің ға-
на емес, күллі қазақтың қанында бар. Оның тотемдік, киелі
қырларын өзің жеріне жеткізе айттың. Көзімді ашып көрге-
нім – туған үйіміздің дөдегесіне ұя салған сүйкімді қарлы-
ғаштар болды. Ес білген кезімде өзімізбен көрші тұрған
қарт ақын, «Қабанбай батыр» мен «Арқалық батырды»
жырлайтын Ержан Ахметовтың қанаты шаңырақтай қара
бүркітіне қызыға қарайтынмын. Айтып отырғаным – ұлты-
мыздың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин Зайсанда жүрген
кезінде «Арқалық батыр» операсын жазуына түрткі болған
кəдімгі Ержан жыршы.
Бала кезімде түрлі жабайы құстарды қолға ұстап, асы-
рап көрдім. Бір жылы қыс ерте түсіп, сарайдағы бөдене,
қасқалдақ сияқты құстарым суықтан қырылып қалды.
Содан кейін жүрегім шайлығып, құс асырауды қойып кет-
тім. Құсбегілікті армандамасам да, құсқа, шырқау көкке
құмарлық сол кезден басталған болар. Шынымды айтсам,
əлі күнге дейін кейде түсімде ұшып жүремін. Бірақ жас
ұлғайған сайын мұндай түс сирек кіретін болды. Ондай
түс көрген кезде өзімді шынымен қанат біткендей сезініп,
серпіліп оянамын. «Құспен туыстық», «Пұшайман» сияқты
өлеңдер туған.
Меңінше, бесік пен домбыраға, бас киім мен өңірге үкі
тағу, ою-өрнектерді, зергерлік бұйымдарды құсмұрындап
əшекейлеу, сұлу құсты киелі санап, қыран құсты қастерлеу,
қауырсын қалам, тағы басқа тотемдік ұғым-түсініктер бойы-
мызға сүтпен сіңген соңғы ұрпақтың өкілі болғанымыз əрі
мақтаныш, əрі қасірет. Адам баласы Құдайға еліктеп өседі.
360
Қолынан келсін-келмесін, Құдайдың жасағанын жасағысы
келеді. Құдай жаратқан құсқа еліктеп, ұшуға да құмартады.
Бірақ, Құдай бермеген қанатты қайдан алмақ? Жалпы, тағ-
дыры қанатсыз болса да, адам баласының аспанға ұмтылып,
биікке талпына беретін себебі неде? Аспанға тартатын қан-
дай күш? Жыр тілімен айтсам:
Тəніңді – жер,
Жаныңды – көк тартады,
Қанатсыз құл Құдайға өкпе артады.
Мен оны былай түсіндірер едім: адамның тəні жерге тар-
тылады, жаны ғарышқа ұмтылады. Құдай біріктірген тəн
мен жан қашан да айырылуға асық. Өмір қиын, өлім жуық.
Міне, осыдан барып мен мынадай тұжырым жасадым:
Көктің тарту күші Жердің тарту күшінен мықтырақ.
Бұл – менің ашқан ғылыми-ақындық жаңалығым, яғни, гра-
витацияға қосқан үлесім... (Əзіл десең болады). Тек форму-
ласын қалай жазуды білмеймін. Бұл тұрғыдан мен біздің нота
білмейтін кейбір композиторларға ұқсаймын... (Бұл да əзіл).
Сондықтан, кітап сайын кездесетін құсни өлеңдерім мен
«Киіз кітаптағы» «Қанатнаме» топтамасы Жер емес, Көктің
тарту күшін жырлауға арналған деп бағалауға болады деп
санаймын. Бұл тақырыпты əлі тауыса алғаным жоқ. Өйткені,
уақыт өте келе құсқа қатысты жаңа бір əсерлер мен ойлар
пайда болады. Олар бір өлеңге сыймайды. Топтама да солай
туған.
Достарыңызбен бөлісу: |