Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75


Тақырыптың негізгі ұғымдарының мазмұны



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

2.1 Тақырыптың негізгі ұғымдарының мазмұны
Ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыруда  пайдаланылатын 
әдістерді,  ғылыми-зерттеу жұмыстарының логикасы туралы айту үшін 
тақырыптың негізгі ұғымдарын ашу қажет.
Ғылым жаңа фактілермен, жаңа біліммен толықтырылған жағдайда 
ғана дамиды. Оларды жинақтау және жан-жақты түсіндіру үшін, деп 
көрсетеді    В.  А.  Сластенин,  зерттеудің  ғылыми  негізделген  процеду-
расы  мен  әдістерін  түсіну  қажет.  Ғылыми  негізделгендігі  әдіснама 
арқылы жүзеге асады.
Әдіснама  -  ғылыми-таным  іс-әрекетін  құрудың  принциптері, 
түрлері  және  тәсілдері  туралы  ілім.  Ғылымның  әдіснамасы  зерттеу 
компоненттерін    -  оның  нысанын,  пәнін,  мақсаты  мен  міндеттерін, 
оларды  шешудің  қажетті    зерттеу  құралдарын  анықтайды,  зерттеу 
міндеттерін шешу процесінде оның барысының ретін қалыптастырады. 
Сонымен,  педагогикадағы  әдіснама    (мектепке  дейінгі  педагогика-
да)  шынайы  өмірді  педагогикалық  тану  және  өзгертудің  теориялық 
ережелерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. 
Педагогика  саласындағы  зерттеу  дегеніміз  (мектепке  дейінгі  пе-
дагогиканы) - жаңа білім алуға негізделген білім беру заңдылықтары, 
олардың  құрылымы  және  тетіктері,  мазмұны,  принциптері  мен  тех-
нологиялары  туралы  ғылыми  қызмет  процесі  және  нәтижесі  (В.  А. 
Сластенин,  Е.  Н.  Шиянов).  Педагогикалық  зерттеулер  педагогикалық 
қызмет  фактілері  мен  құбылыстарын  суреттейді,  түсіндіреді,  болжам 
қояды.
Өзінің бағытына қарай олар:
 -  фундаменталды - олардың нәтижесі қорытынды тұжырым-дама, 
ол    педагогиканың  теориялық  және  практикалық  барысын  қорытады 
немесе педагогикалық жүйені дамытудың моделін ұсынады;

24
 - қолданбалы - олар педагогикалық процестің жекелеген жақтарын 
терең  зерттеуге,  педагогикалық  практиканың  заңдылықтарын  ашуға 
бағытталған;  оның  нәтижесі  белгілі  теориялық  қағидаларды  ескере 
отырып нақты ғылыми-практикалық ұсыныстарды жасап негіздеу бо-
лып табылады. 
  Мектепке  дейінгі  педагогика  және  білім  беру  саласындағы 
педагогикалық  зерттеулердің  сапасының  негізгі  критерийлері: 
өзектілігі,  жаңалығы,  теориялық  және  практикалық  маңыздылығы. 
Зерттеудің бұл критерийлерге сәйкестік дәрежесін оның маңыздылығы 
мен сапалық деңгейі анықтайды.  
  Ғылыми  педагогикалық  зерттеулер  белгілі  бір  логика  бойынша 
жүзеге асырылады.
  Логика  (грек  сөзі.  logikos  -  талдау,  талқылауға  құрылған)  –  іс-
әрекетті жүзеге асырудың бірізділігі, реті (алгоритм). 
  Ғылыми-педагогикалық  зерттеудің  логикасы  -  бұл  ғылыми-
зерттеу  жұмысын  жүргізуді  жүзеге  асыру  реті,  зерттеу  амалдарының 
реттелген  және  негізделген  алгоритмі.  Осы  амалдардың  логикасына 
сүйене отырып, зерттеуші ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырады. 
Бұл мәселені тақырыптың екінші сұрағы аясында қарастырамыз.
Әрине,  ғылыми  зерттеуді  жүзеге  асыру  үшін  құралдар  қажет 
екендігі түсінікті. Бұл құралдар  - зерттеу әдістері.
Әдістер (грек сөзі. methodos– зерттеу, тану жолы) - нақты міндетті 
шешуге  бағындырылған  шындықты  теориялық  немесе  практикалық 
меңгеру амалдарының, тәсілдерінің жинағы.
Сонымен,  біз  әдіснама  ғылыми-таным  іс-әрекетінің  құрылу 
принциптерін,  түрлерін,  тәсілдерін  негіздеп  беретіндігін  білдік. 
Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  логикасы  зерттеу  амалдарының 
алгоритмін, ал әдістер - ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері, 
педагогикалық  шындықты  танып  білуді  жүзеге  асыратын  құрал  деп 
түсінеміз.  
2.2 Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің логикасы
Тақырыптың бірінші сұрағын ашу үшін біз педагогикалық зерттеу 
деген не екендігін анықтадық, зерттеу бағытына қарай олар фундамен-
талды және қолданбалы болатындығын көрсеттік. Шартты түрде В. А. 
Сластенин  зерттеу  бағдарламасын  екі  бөлімге  бөледі:  әдіснамалық 
және процедуралық. Әдіснамалық зерттеудің әдіснамалық аппаратын 
құруды (өзектілігін, тақырыптың толыққанды ашылғандық дәрежесін, 

25
проблеманың  қойылуын,  қарама-қайшылықтарды,  нысанын,  пәнін, 
мақсатын, міндеттерін, болжамын, зерттеудің әдіснамалық негіздерін, 
негізгі  ұғымдардың  берілуі,  зерттеу  нысанын  алдын  ала  талдау) 
қарастырады.
Екінші  бөлімінде  -  процедуралық  -  зерттеудің  стратегиялық  жо-
спары  жасалады,    сол  сияқты  эксперименттік  деректерді  жинау  мен 
талдаудың негізгі процедуралары, зерттеу әдістері анықталады.
Педагогикалық  зерттеу  белгілі  бір  логикамен  ұйымдастырылады. 
Зерттеу  амалдарының  ретін  толығырақ  қарастырайық.  Бұл  логикаға 
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (курстық, бітіру, дипломдық 
жұмыстары) орындағанда да сүйенетінімізді есте ұстауымыз керек. 
Ғылыми зерттеу проблемалық өрісті анықтаудан басталады, одан 
бір проблема бөлініп алынады да, соған байланысты зерттеу тақырыбы 
анықталады.  Тақырыпты  анықтағанда  оның  өзектілігін,  ғылымда 
және практикада қаншалықты зерттелінгендігін, қазіргі кезеңде оның 
қаншалықты маңыздылығын ескерген аса маңызды. Зерттеу тақырыбы 
теория мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізудің бастауы бо-
лады.
Таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін негіздеу үшін зерттеуші 
дәлелді түрде бірқатар сұрақтарға жауап беруі қажет.

Тақырып  неліктен  маңызды  және  дер  кезінде  қарастырылып 
отыр?

Неліктен оны қазіргі кезеңде қарастыру қажет?

Бұл  тақырыпты  ашу  кәсіптік  немесе  мектепке  дейін  білім 
берудің (мамандыққа байланысты) теориясы мен практикасына қандай 
үлес қосады? 

Тақырыптың философияда, психологияда, педагогикада, дербес 
әдістемеде зерттелгендік дәрежесін талдау. 

Зерттеу тақырыбы бойынша барлық зерттеулерді талдау, сыбай-
лас  ғылымдарда  (философияда,  психологияда,  социологияда,  жалпы 
педагогикада және т.б.)  қаншалықты зерттелгендігін қарастыру. 

Кіріспеде  проблеманың  зерттелгендік  дәрежесі  тезис  түрінде 
беріледі, яғни зерттелген проблемалар мен олардың авторлары аталады.  

Соңынан  проблеманың  зерттелген  аспектілері  туралы 
қорытынды  жасалады  және  зерттеушінің  оны  ашу  мүмкіндіктері 
көрсетіледі.
Проблеманың  зерттелгендік  (зерттелмегендік)  дәрежесін  тал-
дау  негізінде  қарама-қайшылық  анықталады,  онда  тақырыптың  дер 
кезінде  қарастырылып  отырғандығы  көрсетіледі.  Қарама-қайшылық 

26
педагогикалық  теорияның  немесе  білім  беру  практикасының  та-
лаптары  мен  оларды  қанағаттандырудың  нақты  мүмкіндіктерінің 
арасындағы сәйкессіздік ретінде көрсетіледі. Сол сияқты сәйкессіздік 
педагогикалық  шындықта  туындайтын  сәйкессіздіктерді  ашуы  да 
мүмкін.  Бұл  сәйкессіздіктер  педагогикалық  процесс,  педагогтың  не-
месе тәрбиеленушінің тұлғалық ішкі қайшылықтары және т.с.с. болуы 
мүмкін.
 Зерттеу проблемасы ізденіс аясын, теория мен практиканы талда-
уды, жұмыстың бағытын көрсетеді. Проблема тақырыпқа байланысты 
қойылады.
Зерттеудің  нысаны  мен  пәні.    Нысан  педагогикалық  қызметтің 
кең аясын көрсетеді, оның ішінен жұмыстың авторы тікелей зерттейтін 
пәні бөлініп алынады.
Зерттеу  мақсаты  күтілетін  нәтиженің  моделі,  зерттеу 
жұмысының бағытын көрсетеді. Мақсат -  мектепке дейін білім беру 
проблемасының теориясы мен практикасын талдау және осы талдаудың 
негізінде  қойылған  проблеманы  шешудің  авторлық  нұсқасын  құру. 
Зерттеу  мақсаты  критерийлік  сипатта  (яғни,  диагностикалық)  және 
зерттеу  амалдары  түрінде  болуы  керек  (айқындау,  анықтау,  құру 
және  т.с.с.).  Мұнда    зерттеу  мақсатын  практикалық  педагогикалық 
қызмет мақсаттарымен шатыстырмау қажет (сабақтар жүйесін өткізу, 
тәрбиелеу, үйрету). 
Міндеттері зерттеу мақсатына жетудің реттелген жолын көрсетеді. 
Оларды мақсатқа жетудің қадамдары ретінде сипаттауға болады.
Зерттеу  болжамы  -  қарастырылатын  процестің  (оқытудың, 
тәрбиелеудің, дамытудың, қалыптастырудың және т.б.) тиімділігін арт-
тыру жөніндегі болжамдар. Болжамды зерттеудің пәні мен мақсатына 
қарай  құру  керек.  Болжамның  мәтіні  мынадай  түрде  берілуі  мүмкін 
«Қалыптастыру  процесі…    тиімді  болады,  егер…».  Ары  қарай 
жұмыстың  теориялық  және  практикалық  маңыздылығын  көрсететін 
автордың болжамы айтылады.
Әдіснамалық    негізі  -  зерттеуге  негіз  болатын  фундаментал-
ды  ғылыми  теориялар,  тұжырымдамалар,  ережелер.  Бұл  автордың 
қойылған зерттеу проблемасын түсінгендігін және оны шешуде неден 
бастайтындығын көрсетеді.
Жұмыстың  әртүрлі  кезеңінде  пайдаланылатын  зерттеу 
әдістері.  Оларға:  зерттеу  проблемасы  бойынша  әдебиеттерді  тал-
дау,  педагогикалық  эксперимент,  байқау,  сауалнамалар,  әңгімелесу, 
тестілеу,  бағалау  және  өзін-өзі  бағалауды  сараптау  әдісі,  балалардың 

27
(студенттердің)  жұмыстарын  талдау,  эксперимент  деректерін 
математикалық жолмен өңдеу және т.б.
Зерттеу  кезеңдері  мен  мерзімі    жұмыстың  жүру  барысын 
көрсетеді,  ұйымдастырушылық,  бақылаушылық  және  реттеушілік 
функцияларын атқарады. Жұмысты орындаудың мерзімін нақты және 
ретті  белгілеу  зерттеуді  уақтылы  жүргізуге,  қойылған  аналитикалық 
және  эксперименталдық  міндеттерді  жүзеге  асыруға,  педагогикалық 
қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызады.
  Зерттеудің  теориялық  және  практикалық  маңыздылығын 
анықтау.  Зерттеуші  жұмыстың  педагогикалық  теория  мен  практика 
үшін  қандай  маңызы  бар  екендігін  анықтайды.  Ғылыми  жаңалығы, 
теориялық  және  практикалық  маңыздылығы  ғылыми-зерттеу 
жұмысының сапасының жетекші критерийі болады және оны фунда-
менталды немесе қолданбалы бағытқа жатқызуға мүмкіндік береді.
Проблеманы теориялық  талдау тақырыптағы негізгі ұғымдарды 
жан-жақты  қарастыруды,  зерттеу  бойынша  түрлі  көзқарастарды, 
бағыттарды (философиялық, психологиялық, педагогикалық және т.б.) 
салыстырмалы талдауды көздейді. Талдауда автордың өз қорытындысы, 
классификациясы,  тұжырымдалған  ұғымдар,  оларға  толықтырулар 
көрсетіледі.  Теориялық  талдау  мен  қорытынды  зерттеу  проблема-
сы  бойынша  әдебиетті  жан-жақты  талдау  негізінде  жүзеге  асырыла-
ды.  Проблеманы  теориялық  талдау  зерттеушінің  өзіндік  түсінігінің 
тереңдеуіне, қайшылықтар мен зерттеу мақсатына жету үшін зерттеу 
міндеттерін шешудің мүмкін болатын нұсқаларын көре білуге жағдай 
жасайды.
Эксперимент  аясында  оқытуды,  тәрбиелеуді,  түзетулер  енгізуді 
және  т.б.  жүзеге  асыру  үшін  педагогикада  бар  тәжірибені  автоматты 
түрде (оған өз үлесін қоспай, бейімдемей, толықтырмай, құрмай, жаңа 
тәсілдермен байытпай және т.с.с.) пайдалану зерттеу проблемасын өз 
бетімен шешу болып  есептелмейді. 
Педагогикалық  процеске  эксперименттік  факторларды  енгізудің 
жағымды  және  жағымсыз  жақтарын  болжау.  Болжау  ойлаған  ойды 
жүзеге асыруда  қателіктер кездескен жағдайда алдын ала түзетуге, экс-
перимент жүргізушінің қиыншылықтарының сипатын алдын ала көре 
білуге мүмкіндік туғызады.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың мақсатын, міндеттерін, мазмұны мен әдістерін анықтайды; 
мектепке  дейін  білім  беру  практикасындағы  проблемаларды  тал-
дайды  және    теориялық  және  практикалық  талдау  негізінде  пробле-

28
маны  шешудің  өзіндік  нұсқасын  құрады.  Зерттеуші  тәжірибелік-
эксперименттік  апробациялауға  жататын  педагогикалық  ақикатты 
жетілдіру жөнінде жүйеленген ұсыныстар кешенін жасайды 
Зерттеушінің  тәжірибелік-эксперименттік  қызметі  бірнеше 
кезеңнен тұрады.
А) Айқындаушы кезең.  Зерттеуші проблеманы практикалық тал-
дау  үшін,  зерттеу  проблемасы  аясында  педагогикалық  практиканың 
жәйін  бағалау  үшін  зерттеудің  педагогикалық  әдістерін  таңдайды 
және  пайдаланады.    Білім  берудегі  практикалық  жағдайларды  тал-
дау  нәтижелері  зерттеушіні  бар  қиыншылықтарды,  педагогикалық 
қызметтегі шешілмеген мәселелерді талдауға алып келеді. Тәжірибелік-
эксперименттік  жұмыстың  айқындаушы  кезеңі  нақты  педагогикалық 
практикадағы зерттелетін проблеманың анықталған «оң» және «теріс» 
жақтарын жан-жақты талдаумен аяқталып қорытындыланады.  
Ә) Қалыптастырушы кезең. Теориялық талдау мен айқындаушы 
эксперимент нәтижелері негізінде зерттеуші анықталған проблемалар-
ды шешудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Ғылыми-зерттеу жұмысының 
түрі  зерттеуді  ары  қарай  жалғастырудың  көлемдік  және  күрделілік 
дәрежесін анықтайды.
Бұл  кезеңде  педагогикалық  процестің  зерттелетін  жақтарын 
жетілдіру жөнінде жүйеленген ұсыныстар кешені жасалады, олар ары 
қарай өңделеді және зерттеу аясында тәжірибелік-эксперименттік тек-
серуге беріледі.  Зерттеуде педагогикалық процестің өзінің немесе оның 
бөліктерінің ішінде заңдылықтар, принциптер, ұйымдастыру шарттары 
анықталуы мүмкін;  модель құру, тәлімгерлердің тұлғалық қасиеттерін, 
қабілетін, білігін қалыптастыру жүйесін жасау; педагогикалық процесті 
оңтайландыру жөнінде мамандарға, ата-аналарға жүйелі ұсыныстар жа-
сау. Авторларға анықталған педагогикалық проблеманы шешуге көмек 
болатындай  материалдар  ұсынылады.  Қалыптастырушы  эксперимент 
нақты және жүйелі түрде жазылады, өйткені бұл ұсыныспен кез келген 
басқа эксперимент жүргізушілер пайдаланады деп есептеледі
Қалыптастырушы    эксперимент  барысында зерттеушіге  «қалай?» 
деген сұраққа жауап беру қажет (дамыту, тәрбиелеу, оқыту, орнын тол-
тыру, түзету, басқару және т.с.с.). Жауап ретінде сабақтар жүйесі, да-
мытушы жаттығулар, шарттар кешені (педагогикалық, психологиялық, 
ұйымдастыру)  оқыту  бағдарламалары,  қандай  да  бір  тұлғалық 
қасиеттерді, білікті,  тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу бағдарламалары 
және т.б. дидактикалық құралдардың авторлық жүйесі, қажетті білікті, 
қабілетті қалыптастыру жүйесі бола алады. Осы бағдарлама ғана (жүйе, 

29
әдістеме, шарттар кешені және т.б.) тәжірибелік тексеруді қажет ететін 
зерттеудің  эксперименталдық  факторы  бола  алады.  Ол  бұл  факторды 
мектепке  дейінгі  мекемелердің,  мектептің,  арнайы  орта  білім  беретін 
оқу орындарының, жоғары оқу орындарының педагогикалық процесіне 
енгізу жолымен (екі-үш бақылау жұмыстарын алу арқылы) жүзеге асы-
рады. 
«1-бақылау»  эксперименттік факторды енгізер алдында жүргізіледі. 
«2-бақылау»  енгізу  процесі  кезінде,  «3-бақылау»  -  тәжірибелік-
эксперименттік  жұмыс  аяқталғанда  жүргізіледі.    Эксперименттік 
факторды  енгізгенде  және  «бақылауды»  жүргізгенде  бақылау  және 
эксперименттік топтарды таңдап алу маңызды. Эксперименттік топта 
зерттеуші ұсынған эксперименттік фактор енгізіледі. Бақылау тобында 
эксперименттік фактор енгізілмейді.  Екі топтағы «бақылау» нәтижелері 
жасалған бағдарламаның (технологияның, жүйенің) тиімділік өлшемі 
болады.  Эксперименттік топ пен бақылау тобы негізгі көрсеткіштері 
жағынан  (сандық  құрамы,  жасы,  квалификациясы,  даму  деңгейі 
және  т.б.)  бірдей  болуы  тиіс.  Тәжірибелік-эксперименттік  жұмыс 
басталардың алдында оның барысы мен нәтижелерін диагностикалау 
әдісі таңдалады, жаңаны енгізудің жағымды және жағымсыз жақтары 
болжанады, диагностикалық материалдар дайындалады. 
Мысалы,  эксперименттік  жұмысты  ұйымдастыру  және  жүргізу 
процесін  нақты  мысалмен  қарастырайық.  Зерттеуші  эксперименттік 
фактор  ретінде  ойын  әрекетінде  мектепке  дейінгі  жастағы  ересек 
балалардың  коммуникативтік  білігін  дамыту  бағдарламасын  ұсынды. 
Бұл жағдайда ол: 

эксперимент  бағдарламасын  құрады,  яғни  оның  мақсатын, 
міндеттерін,  мазмұнын,  ұйымдастыру  және  жүргізу  әдістерін 
анықтайды;

мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың  коммуни-кативтік 
білігінің  қаншалықты  дамығандығын  диагностикалау  әдістерін 
таңдайды,  диагностикалық  материал  дайындайды,  балалардың 
коммуникативтік білігінің дамуын, енгізудің мүмкін болатын жағымсыз 
салдарларын, эксперимент барысын түзету тәсілдерін болжайды (сту-
дент мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс: нені және қалай болжаймын, 
қандай нәтиже болуы мүмкін, түзетулерді қалай енгіземін?);

эксперименттік және бақылау топтарын анықтайды (олардағы 
балалардың  саны  бір  шамалас,  жас  мөлшері,  педагогтың  квалифи-
кациясы,  ойын  алаңының  жабдықталуы,  мектепке  дейінгі  мекемеде 

30
болу жағдайлары, күн тәртібі және басқа да топтарды теңестіретіндей 
ұйымдастыру белгілері бірдей  болуы керек;

таңдалып  алынған  диагностика  әдістемесінің  көмегімен 
эксперименттік  және  бақылау  топтарында  жасалған  бағдарламаны 
енгізгенге дейін «1-Бақылау» жүргізіледі;

ойын әрекетінде мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың 
коммуникативтік  білігін  дамыту  жөніндегі  ұсынылған  бағдарламаны 
эксперименттік топқа енгізеді. 

тәжірибелік-эксперименттік  жұмысты  жасалған  бағдарлама 
бойынша жүргізеді;

эксперименттік бағдарламамен жұмыс кезеңінде эксперименттік 
және бақылау топтарында «2-Бақылау» жүргізіледі, алынған деректерді 
салыстырады,  бағдарламаның  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін 
анықтайды, қажетті түзетулер енгізеді;

жасалған түзетулерді ескере отырып, эксперименттік жұмысты 
ары қарай жалғастырады;

тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстың  аяғында  қорытынды  
«3-Бақылау»  жүргізеді  (эксперименттік  және  бақылау  топтарында), 
алынған нәтижелерге талдау жасалады;

«3-Бақылаудың»  эксперименттік  деректерін  салыстырмалы 
түрде  талдайды,  ойын  әрекетінде  мектепке  дейінгі  жастағы  ересек 
балалардың коммуникативтік білігін дамыту динамикасын байқайды;

жасалған бағдарламаның тиімділік деңгейі жөнінде қорытынды 
жасалады, оның жағымды және жағымсыз жақтары көрсетіледі;

зерттеудің 
болашақтағы 
міндеттері, 
эксперименттік 
жұмыстарын  ары  қарай  жалғастырудың  мүмкін  болатын  бағыттары 
көрсетіледі.
Ұсынылған  зерттеушінің  жұмыс  алгоритмін  орындалатын  кез 
келген  практикалық  зерттеуде  педагогикалық    эксперимент  аясында 
қолдануға болады.
Б)  Аналитикалық  (қорытынды,  бағалау-нәтижелілік)  кезең. 
Ол  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстың  аяқтау  кезеңі  болады.  Бұл 
кезеңнің міндеті -  жүргізілген «бақылаулардың» нәтижелерін сандық 
және сапалық талдау. Зерттеуші қалыптастыру  іс-әрекетін аяқтағандағы 
педагогикалық  процестегі  өзгерістердің  сипатын  бақылауы  қажет. 
Алынған нәтижелерді өзара бір-бірімен салыстыру қажет:
-  эксперименттік  топтағы  қалыптастырушы  іс-әрекеттің 
тәжірибелік-эксперименттік    жұмыстың  басындағы  және  аяғындағы 
нәтижелері,

31
бақылау тобындағы қалыптастырушы іс-әрекеттің тәжіри-белік 
эксперименттік  жұмыстың басындағы және аяғындағы нәтижелері; 
эксперименттік және бақылау топтарындағы қалып-тастырушы 
іс-әрекеттің  тәжірибелік-эксперименттік    жұмыстарының  басындағы 
және аяғындағы нәтижелері.
Жүргізілген  жұмыстың  тиімділігі  туралы  қорытынды  бақылау 
тобындағымен салыстырғанда эксперименттік топта (қалыптастырушы 
аспектіде)  оң  өзгерістер  анық  және  айқын  болған  жағдайда  ғана  жа-
салады.  Егер  зерттеу  аспектісінде  сапалық  және  сандық  нәтижелер 
екі  топта  да  бірдей  болса,  онда  күтілген  және  алынған  нәтижелердің 
айырмашылық себептерін іздеп және талдау қажет, болжамға түзетулер 
енгізу  керек  болады.  Бақылау  тобына  қарағандағы  эксперимент 
тобының нәтижелерінің төмендігі болжамның қате екендігін және білім 
беру процесіне өзгерістер енгізу қажет екендігін көрсетеді
Педагогикалық  практикаға  автор  ұсынған  өзгерістердің  дұрыс 
екендігі  жөніндегі  тұжырым    жүргізілген  эксперимент  жұмысының 
қорытындысы және зерттеудің түйіні мен ұсыныстарын жасауға негіз 
болады.    
Бұл  кезеңде  зерттеуші  жұмысын  қорытындылайды,  жүргізілген 
зерттеу  жұмысының  нәтижелері  бойынша  оның  негізгі  түйіні  мен 
ұсыныстарын  жасайды.  Қорытынды  зерттеу  жұмысының  логикалық 
аяқталғандығын  көрсетеді  және  теориялық  талдау  нәтижелері  мен 
тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жинақтап қорытады. Сол сияқты 
зерттеу жұмысының соңғы кезеңінде ғылыми проблеманы ары қарай 
жалғастырудың негізгі перспективалық бағыттары көрсетіледі.   
Тәжірибелік-эксперименттік  жұмыс  зерттеуші  үшін  ғана  емес, 
жалпы педагогикалық ақиқат жөнінде жаңа ақпараттар алу мақсатымен 
жүргізіледі. Сондықтан ғылыми-зерттеу жұмысының аяқтаушы бөлімі 
зерттеу  нәтижелерін  педагогикалық  қауымдастыққа  жеткізу  бо-
лып табылады.  Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері 
жетістіктерді  ғылыми  ортаға  енгізу  үшін,  білім  беру  практикасына 
педагогикалық ұсыныстар жасау үшін баспасөзде жарияланады.
2.3 Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері
Мектепке  дейінгі  педагогика  зерттеудің  педагогикалық  әдістерін 
пайдаланады.  Педагогикалық  зерттеу  әдістері  -  педагогикалық 
құбылыстарды  оқып-үйрену  тәсілдері,  ғылыми  теориялардың  заңды 
байланыстарын, қатынастарын және оларды құруды анықтау мақсатында 

32
ғылыми ақпараттар алу. Әдістердің көмегімен ғылым зерттелетін пән 
жөнінде ақпараттар алады, алынған деректерді талдайды және өңдейді, 
белгілі  білім  жүйесіне  енеді.  Ғылымның  даму  қарқыны  мен  деңгейі 
көбінесе олардың қолданатын зерттеу әдістеріне байланысты.
Қандай  да  бір  ғылыми  мақсатқа  жету  үшін  педагогикалық 
зерттеулерді  ұйымдастыру  тәсілдерінің  және  оны  ретке  келтірудің, 
алынған нәтижелерді талқылау жұмыстарының педагогикалық зерт-
теу әдістерін құрайды  (Г. М. Коджаспирова, А. Ю. Коджаспиров). Аса 
нанымды әдістер кешені күрделі педагогикалық нысандарды зерттеуге, 
зерттеу жұмысын жан-жақты жүргізуге мүмкіндік туғызады.
Педагогикадағы зерттеу әдістері қарастыру аспектісіне қарай бы-
лай бөлінеді:

жалпығылымдық  (кез  келген  ғылымда  қолданылатын), 
педагогикалық  проблемаларды  шешу  үшін  маңызды  ақпараттар 
алу  мақсатында  жүргізілетін  (  психологияның,  физиологияның, 
медицинаның зерттеу әдістері және т.б.);

айқындаушы және өзгертуші;

эмпирикалық және сандық;

дербес және жалпы;

суреттеп жазу, түсіндіру және болжамдау әдістері;

зерттеу нәтижелерін өңдеу және т.б.
Педагогикалық зерттеудің әрбір кезеңінде әдіс таңдау үшін әрбір 
әдістің мүмкіндіктерін, оның зерттеу процедурасы жүйесіндегі орнын 
білу қажет. Мысалы, эмпирикалық әдіс байқау, әңгімелесу, эксперимент 
және т.с.с. арқылы танып-білудің іргетасын қалайды.
Зерттеушінің  міндеті  -  зерттеудің  әрбір  кезеңі  үшін  әдістердің 
ұтымды кешендерін таңдай білу. Ең маңыздысы тұлғаның, ұжымның 
және  басқа  да  нысандардың  дамуы  жөнінде  жан-жақты  жүйелі 
мәліметтер  ала алатындай әдістерді үйлесімді таңдай білу керек.
Қолданылатын зерттеу әдістері, педагогикалық энциклопедиялар-
да  көрсетілгендей,  алынған  проблеманы  шешу  тәсілдерінің  ұтымды 
жүйесін  таңдауды  қамтамасыз  етуі,  эксперимент  жүргізілген  уақыт 
ішінде  бір  аралықтағы  белгілі  бір  сапаның  (қасиеттің)  динамикасын 
ұстап қалуы тиіс.
Зерттеу  нысанының  өзгеруіне  байланысты  әдістердің  де  өзгеруі 
мүмкін болатындығын ескеру қажет. Процестің барысы мен нәтижелері 
ғана емес, оның жүріп жатқан ортасының жағдайлары да талданады.  
Мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық процестер жүйелі 
түрде  зерттеуді  талап  етеді.  Жүйелілік  көзқарас  өзара  байланысты 

33
элементтері  көп  болатын,  функциялары  мен  мақсатының,  басқару 
және қызмет ету аялары біртұтас болатын құбылыстарға қолданылады.  
Зерттеуші педагогикалық құбылыстың компоненттерін және байланы-
сын анықтауы керек; бұл жүйенің қызмет етуіне ықпал ететін негізгі фак-
торларды анықтауы тиіс; басқа құбылыстар мен процестер жүйесіндегі 
оның  алатын  орнымен  бағалауы  тиіс;  зерттеу    мен    өзгеретін  нысан-
дарды айқындауы керек; зерттелетін құбылысты басқару процестерін 
талдап  білуі  тиіс;  жақсартылған  қызмет  ету  жүйесін  құруы;  алынған 
нәтижелерді практикаға енгізуі тиіс.
Фундаменталды зерттеулер теориялық әдістерді тұтас қолдануды 
талап етеді. Қолданбалы зерттеулерде эмпирикалық әдістер басымдық 
алады (сауалнамалар, тестілеу, байқау, әңгімелесу, өзін-өзі бағалау мен 
сараптап  бағалау  әдістері).  Дегенмен  кез  келген  зерттеуде  теориялық 
және  эмпирикалық  сипаттағы  әдістер,  эксперимент  материалдарын 
өңдеу әдістері орын алады, жүйеде қолданылады. 
Мектепке дейінгі педагогикада өзіндік педагогикалық әдістер пай-
даланылады, сол сияқты бала туралы, психологиялық, физиологиялық, 
медициналық және басқа ғылымдар тұрғысынын оны тәрбиелеу, оқыту 
процесі  жөнінде  ақпарат  алатындай  әдістер  қолданылады.  Мектепке 
дейінгі  педагогикада  ғылым  ретінде  теориялық  (анализ,  салысты-
ру,  дедукция,  индукция,  жалпылау,  модельдеу)  әдістер  орын  алады. 
Эмпирикалық  әдістер  кешеніне  эксперимент,  байқау,  әңгімелесу,  сау-
алнама,  тестілеу,  педагогикалық  консилиум,  балалар  жұмыстарымен 
танысу, құжаттарды талдау, тәуелсіз сипаттамаларды (мінездемелерді) 
салыстыру жатады.
Сұрақтарға жауап беріңіз?
Аталған  әдістердің  әрқайсысының  мақсатын,  мазмұнын 
және  қолдану,  алынған  деректерді  тіркеу  және  өңдеу  әдістемесін 
қарастырыңыздар.    Әдістер  бойынша  практикалық  тапсырманы  (2-5 
тапсырмалар)  орындаңыздар,  ұсынылған  әдебиеттер  мен  «Мектепке 
дейінгі  педагогика»,  «Педагогика»  курстарының  оқулықтарын 
пайдаланыңыздар.
Сонымен,  педагогикалық  зерттеулер  суреттеп  жазу,  түсіндіру, 
педагогикалық  құбылыстар  мен  процестердің  барысы  мен  дамуын 
болжамдауға  бағытталған.  Зерттеулер  нақты  айқындалған  логикаға 
сәйкес  және  арнаулы  құрал  –  зерттеу  әдістерінің  көмегімен  жүзеге 
асырылады. Зерттеудің бағыттылығына (фундаменталдық, қолданбалы) 
қарамастан  зерттеу  әдістерін  кешенді  түрде  пайдаланып,  зерттелетін 
3–7463

34
құбылыстың (процестің) барлық жақтарын, оның барысы мен дамуына 
әсер ететін факторлар мен жағдайларды қамтыған аса маңызды. 
   
Өзіндік жұмысқа арналған 1-тапсырма:
1.  Педагогикададан  алған  білімдеріңізге  сүйеніп  «Ғылыми-
педагогикалық зерттеулердің логикасы» кестені толтырыңыздар. Зерттеу 
амалдарының ретін түсіндіріңіздер.
2.  Мектепке  дейінгі  педагогикадағы  зерттеу  әдістерінің 
(педагогикалық  эксперимент,  байқау,  әңгімелесу,  сауалнама  жүргізу, 
тестілеу,  балалардың  жұмыстарының  нәтижелерін  талдау,  модельдеу, 
тәуелсіз мінездемелер әдісі, математикалық әдістер және т.б.) мазмұны мен 
ерекшеліктері жөнінде шағын  хабарлама дайындаңыздар.  Тапсырманы 
орындау үшін төмендегі ұсынылған жоспарды пайдаланыңыздар.
Өзіндік жұмысқа арналған 2-тапсырма:
1.  Әдістің  атауы,  оның  педагогикалық  зерттеу  әдістерінің 
құрамындағы алатын орны;
2.  Әдістің  қолданылу  бағыты  мен  аясы,  жеке  тұлғаның  немесе  іс-
әрекеттің  қандай  жақтарын  бағалауға  бағытталған,  басқа  әдістерден 
айырмашылығы;
3. Іс жүзіне асырылу реті (жүзеге асыру жоспары, нәтижелерді тіркеу 
тәсілдері, тиімділік жағдайлары, жүзеге асырудың ерекшеліктері);
4.  Әдістің  зерттеу  практикасындағы  жағымды  және  жағымсыз 
жақтары.
5. Мектепке дейінгі мекеменің жұмыс практикасында жүзеге асыры-
латын әдістерді  жинақтап көрсетіңіздер;
6.  Курстық  зерттеу  тақырыбына  сәйкес  ата-аналар  үшін  анкета 
жасаңыздар.
7. Мектеп жасына дейінгі баланың ойынға деген ынтасын анықтау 
мақсатында  байқау  жоспарын  жасаңыздар,  байқау  нұсқаларын 
қарастырыңыздар. Тіркелген нәтижедерді кесте түрінде құрыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет
1. Бабанский Ю. К. Методы научных исследований в педагогике. – 
М., 1984.
2. Введение в научное исследование по педагогике / Под ред. В. И. 
Журавлева. – М., 1988.
3. Диагностика в детском саду / Под ред. Е. А. Ничипорюк, Г. Д. 
Посевина. – Ростов-наДону, 2003.

35
4. Дошкольная педагогика. В 2 ч. / Под ред. В. И. Логиновой, П. Г. 
Саморуковой. – М., 1988.
5. Загвязинский В. И. Методология и методика педагогических ис-
следований. – М., 1986.
6. Основы дошкольной педагогики / Под ред. А. В. Запорожца, Т. А. 
Марковой. – М., 1980.
7. Урунтаева Г. А. Диагностика психологических способностей до-
школьников. – М., 1996.

36

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет