Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75


Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі педагогиканың ғылым



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1.3 Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі педагогиканың ғылым 
ретіндегі функциялары мен міндеттері
«Мектепке дейінгі педагогика» ғылымының ерекшеліктерін түсіну 
үшін оның функцияларын, оның шешетін міндеттерін қарастырайық. 
Функция - бұл міндет, іс-әрекет аясы, тағайындау, рөл, іс-қимыл 
мен амалдардың жиынтығы. Мектепке дейінгі педагогиканың функци-
яларын анықтауды жалпы ғылымның функцияларын түсінуден бастау 
керек. Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде негізінен бес функ-
ция атқарады.
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі функцияла-
ры
1. Суреттеушілік - зерттеудің эмпирикалық (тәжірибелік, бастапқы) 
деңгейіне сәйкес келеді. Педагогикалық  фактілер мен құбылыстардың 
жинағын, олардың  классификациясын қамтиды.
2. Түсіндірушілік (негізгі) - педагогикалық құбылыстардың мәнін 
ашуға  бағытталған,  яғни  олардың  шығуын,  құрылымын,  берілген 
құбылыстың  даму  заңдылықтарын  қарастырады.  Функция  зерттеудің 
теориялық деңгейіне сәйкес болады.
3.  Жобалаушы-құраушы  -  педагогикалық  әрекеттің  нақты  тех-
нологиясын  жасау,  білім  беру  процесіндегі  педагогикалық  қарым-
қатынастың жобаларын, бағдарламаларын, түрлері мен әдістерін  жа-
сауды білдіреді. 
4. Прогностикалық - оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын та-
нып білу негізінде болашақта педагогикалық жүйенің дамуын болжау-
ды жүзеге асырады.
5.  Дүниетанымдық  -  қоғамдық  ортада  педагогикалық  сананы 
белсенді түрде қалыптастыруға бағытталған.

13
Мектепке дейінгі педагогика педагогикалық практикаға бағыттаушы 
рөл атқарады. Мектепке дейінгі педагогика балабақшаның, отбасының 
тәрбиелік  және  оқыту  өзара  ықпалдастығының  бірлігін,  мектепке 
дейінгі  мекеме  мен  мектеп  жұмысының  сабақтастығын  қамтамасыз 
етеді.  Мектепке  дейінгі  педагогика  мектепке  дейінгі  білім  берудің 
мазмұнын, әдістерін, құралын және қажетті нәтижені негіздейді.
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі міндет-тері  мек-
тепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінің  қызметінің  сұраныстарымен 
анықталады.  Сонымен қатар, ғылымның міндеті бар тәжірибені біліп 
түсіндіріп  қана  қоймай,  практиканың  ары  қарай  дамуын  бағдарлау, 
жаңа  перспективалық  педагогикалық  технологияларды  жасау,  нақты 
педагогикалық практиканы жетілдіру міндеттерін де атқарады. 
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі міндеттері:
1. Мектепке дейінгі білім беру жағдайларына лайықтап тәрбиелеу 
мен  оқытудың  жалпы  заңдылықтарын  бейімдеу  және  негіздеу  (мек-
тепке  дейінгі  жастағы  балаларға  лайық  тәрбиелеу  мен  оқытудың 
заңдылықтарының әсерінің ерекшеліктерін зерттеу).
2. Мектепке дейін білім берудің жаңа тұжырымдамалық әдістерін 
негіздеу,  олардың  нақты  іс  жүзіне  асырылу  әдістерін  қарастыру 
(«балабақша  -  мектеп»  кешендерінің,  мектепке  дейінгі  жеке 
мекемелердің, балалардың мектепте қысқа мерзімде болу топтарының 
(мектеп жанындағы «мини-орталықтар») оларды теориялық тұрғыдан 
негіздеуді, олардың қызметінің тиімді болуының тетіктері мен шартта-
рын жасауды талап етеді).
3. Мектепке дейін білім берудің мемлекеттік стандартын және мек-
тепке дейінгі мекемеде оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламаларын жа-
сау.
4.  Мектепке  дейінгі  мекемелерде  балалар  әрекетінің  дамытушы 
түрлерін  психологиялық-педагогикалық  тұрғыда  негіздеу.  Оларды 
ұйымдастырудың  мүмкіндіктері  мен  құралдарын  сипаттау  (мектепке 
дейінгі  мекемеде  баланың  жан-жақты  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін 
олармен қандай жұмыстар жүргізу керек).
5.  Білім  беру  мекемесі  жағдайында  мектеп  жасына  дейінгі  бала-
ларды  тәрбиелеудің,  оқытудың,  дамытудың  педагогикалық  техноло-
гияларын  жасау  (педагогикалық  технологиялардың  компоненттерін, 
оның  нәтижелілік  көрсеткіштерін,  іс-қимыл  тетіктерін,  өзара  ықпал 
нұсқаларын негіздеу).
6.  Мектепке  дейін  тұлғалық-бағдарлық  білім  беруді  жүзеге 
асырудың  мазмұнын,  түрлерін,  әдістерін,  педагогикалық  шарттарын 

14
айқындау,  педагогикалық  технологияны  дараландырудың  жолдарын 
іздестіру.
7.  Озат  педагогикалық  тәжірибені  үйрену,  қорыту,  теориялық 
тұрғыда  негіздеу.
8. Мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінің барысын және 
нәтижелерін бағалау әдістерін құру.
9. Білім берудің әртүрлі бағдарламаларын жүзеге асыру жағдайында 
педагогтың  шығармашылық  қызметінің  мүмкіндіктерін  анықтау. 
Педагогикалық импровизацияның принциптері мен шарттарын анықтау. 
10. Заманауи педагог-кәсіби маманның моделін құру,  оны негіздеу, 
мектепке  дейінгі  мекемедегі  педагогикалық  қызметтің  тиімділігін 
бағалаудың критерийлері мен жетістікке жету жолдарын айқындау.
Айқындалған міндеттерді жалғастыру, ірілендіру немесе, керісінше, 
бөлшектеп нақтылау. Әдебиетті талдау негізінде біз ғылымның алдын-
да тұрған бірқатар негізгі міндеттерді айқындадық.  
Тұрақты  атқарылатын  міндеттер  тобымен  бірге  мектепке  дейін 
білім  беру  практикасының  бір  мезгілдік  қажеттілігімен  анықталатын 
міндеттер  де  болады.  Мысалы,  экологиялық  тоқырау  мектеп  жасына 
дейінгі  балаларды  экологиялық  тәрбиелеу  бағдарламаларын,  оларға 
әдістемелік  ұсыныстар  жасау  қажеттілігіне  әкелді;  мектептердің  жа-
нында  мини-орталықтар  құру  олардың  қызметін  теориялық  және 
әдістемелік  тұрғыдан  негіздеу  қажеттілігін  тудырды.  Егер  біздің 
жоғарыда  айқындаған  міндеттеріміз  жүйелі  түрде  жүзеге  асырылып 
отыратын болса, мұндай міндеттердің аясы үнемі өзгеріп отырады. 
Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде өзінің даму жолында 
ғалым зерттеушілердің назарын аударатындай бірқатар проблемаларға 
жолығады. Бұл практика мен өзара ықпалдастық, мектеп жасына дейінгі 
балаларды оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың жаңа теориялары 
мен әдістемесін жасау, жастары әртүрлі топтардағы бұл процестердің 
ерекшеліктерін  талдау;  мектепке  дейінгі  мекеме  жағдайында  мек-
теп  жасына  дейінгі  балалар  мен  педагогтардың  психикалық  және 
физикалық  жағдайын  сақтап,  қолдау  көрсету  проблемаларын  шешу; 
топтарда жайлы эмоционалдық ахуал болу тәсілдерін іздестіру; дамы-
тушы орта ұйымдастыру проблемаларын шешу; мектепке дейін білім 
беруді дараландырудың теориясы мен технологиясын және т.б. жасау. 
Туындаған проблеманы шешу жолдарын теориялық және практикалық 
тұрғыда  негіздеу  мектепке  дейінгі  педагогиканың  тұрақты  міндеттер 
аясын құрайды.

15
1.4 Педагогикалық ғылымдар жүйесі.
Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Соңғы жүзжылдықта адамзаттың адамды зерттеу мәселелері оның 
дамуының барлық кезеңдерінде анағұрлым алға жылжыды. Жаңа білім 
қорының  өсуіне,  шынайы  өмірдің  әртүрлі  салаларына  педагогикалық 
ойдың  таралуына  байланысты  педагогиканың  жаңа  салалары  пайда 
болды.  Сүйтіп,  педагогика  озінің  қалыптасуы  мен  дамуының  ұзақ 
жылдарында тәрбие туралы ғылымның тармақталған жүйесіне айналды.
Тәрбие туралы ғылымдар жүйесінің іргетасы жалпы педагогика
ол адамды тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді, кез келген типтегі 
және  түрдегі  тәрбие  беру  мекемелеріндегі  оқу-тәрбие  процесінің 
негіздерін жасайды.
Тәрбие  жүйесіндегі  ғылымдар  жүйесінде  жас  ерекшелік 
педагогикасына қатысты салалар ерекше орын алады. Олар балалық 
шақтың  барлық  кезеңдерінде  жас  ерекшелік  даму  ерекшеліктеріне 
сәйкес  туғаннан  бастап  есейгенге  дейін  балаларды  оқыту  мен 
тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттеумен шұғылданады. Жас ерекшелік 
педагогикасының нысаны бала, ал зерттеу пәні – балалық шақтың түрлі 
сатыларындағы  (ерте  жас,  мектепке  дейінгі  жас,  мектеп  жасы)    оқу-
тәрбие жұмысын ұйымдастырудың заңдылықтары, әдістері, құралдары, 
технологиялары.
Мектепке  дейінгі  педагогика  –  бала  өмірінің  алғашқы  күнінен 
бастап  (туғаннан  мектепке  барғанға  дейін)  оны  тәрбиелеу,  оқыту 
және  білім  беру  туралы  ғылым.  Педагогика  ғылымдарының  басты 
саласы  ретінде  мектепке  дейінгі  педагогиканың  негізін  салушы  Я.А. 
Коменский.  Оның    «Ұлы  дидактика»  атты  кітабында  алғашқы  рет 
мектепке дейінгі тәрбие жүйесі берілген.  Я.А. Коменский теориясының 
коптеген қағидалары заманауи педагока үшін де өзекті.
Заманауи  мектепке  дейінгі  педагогика,  біріншіден,  тәрбиелеу 
және  оқыту  процесін,  оның  мақсаттарын,  міндеттерін,  мазмұнын, 
ұйымдастыру түрлерін, оны жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін, 
құралдарын; екіншіден, бұл процестің баланың дамуына, тұлға ретінде 
қалыптасуына  әсерін  қарастырады.  Мектепке  дейінгі  педагогика 
қолданбалы  функция  да  атқарады  –  тәрбиелеу  мен  оқытудың  жаңа, 
неғұрлым  жетілдірілген  бағдарламалары  мен  әдістерін  жасаумен 
шұғылданады.  Әлеуметтік  ғылым  бола  отырып,  жас  ұрпаққа  білім 
беру  саласында  заманауи  қоғам  талаптарымен  тығыз  байланыста 
болады.  Мектепке  дейінгі  педагогика  білім  беру  жүйесін  дамыту 

16
тенденциялары  мен  перспективаларын,  тәрбиелеуді  ұйымдастыруды 
қарастыратындықтан  оның  прогностикалық  рөлі  басым  екендігі 
күмән  тудырмайды.  Ғылыми  болжам  негізінде  тәрбиелеудің  жаңа 
тұжырымдамалары,  білім  стандарттары  жасалады;  балаларды  жанұя 
және  мектепке  дейінгі  мекеме  жағдайында  тәрбиелеудің  теориялық 
негіздері  мен  технологиялары  қарастырылады,  түрлі  типтегі,  оның 
ішінде балама типтегі мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесінің 
ерекшеліктері   зерттеледі (1-сызба).
   
 
 
 
 
 
1-сызба
Педагогикалық ғылымдар жүйесі
   
 
 
 
   
 
 
 
 
Мектеп  педагогикасы  түрлі  оқу  мекемелерінде (бастауыш  және 
орта мектепте, лицейде, гимназияда және т.б.) оқушыларды тәрбиелеу 
мен  оқытудың  заңдылықтары  туралы  бай  ғылыми  мағлұматтар 
жинақтаған  педагогика  ғылымының  ең  ерте  салаларының  бірі  болып 
табылады.  Кәсіптік-техникалық  білім  беру  педагогикасы  жоғары 
білікті жұмысшыларды даярлауды қарастырады.
Орта  арнайы  білім  беру  педагогикасы  қалыптасу  және  даму 
сатысында. Ол білім берудің мазмұны мен түрлерін және арнайы орта 
оқу орындарында кәсіби тәрбиелеу проблемаларын қарастырады.
Жоғары мектеп педагогикасы жоғары оқу орны жағдайындағы 
оқу-тәрбие  процесінің  заңдылықтарын,  жоғары  білім  алудың  ерекше 
проблемаларын қарастырады.

17
Коррекциялық  педагогика  дамуында  түрлі  кемістіктер  мен 
ауытқушылықтары  бар  балалар  мен  үлкендерді  тәрбиелеудің,  білім 
берудің  және  түзетудің  теориялық  негіздерін,  принциптерін,  әдістері 
мен құралдарын жасайды. 
Естімейтін  және  нашар  еститіндерді  оқыту  мен  тәрбиелеу 
мәселелерімен  сурдопедагогика  шұғылданады,  көзі  көрмейтіндерді 
оқыту  мен  тәрбиелеу  мәселелерімен  -    тифлопедагогика,  сөйлеу 
кемістіктері  барлармен  –  логопедия,  ақыл-есі  кемдерді  оқыту  және 
тәрбиелеу мәселелерімен – олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика  тарихы  түрлі  тарихи  дәуірлердегі  педагогикалық 
идеялардың  дамуын    педагогикалық  практикамен  бірлестікте 
қарастырады.
Дербес  әдістеме  педагогикалық  ғылымдардың  ерекше  тобын 
құрайды, ол білімнің нақты саласын (мектептегі оқу пәндерін) оқытудың 
заңдылықтары мен ерекшеліктерін қарастырады.
Өмірге қоғам талабына сәйкес соңғы кезде педагогиканың отбасы 
педагогикасы,  этнопедагогика,  өндірістік  педагогика,  әлеуметтік 
педагогика және т.б. салалары пайда болды.
Педагогика, басқа ғылымдар сияқты, басқа ғылымдармен, әсіресе 
адамзаттық ғылымдармен өзара тығыз байланыста дамиды.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, педагогика философияның негізінде 
жетілді,  содан  тармақталып  бөлініп  шықты.  Педагогика  өзалдына 
дербес  ғылым  бола  отырып,  философиямен,  оның  салаларымен 
байланысты  үзбейді.  Қандай  да  бір  философиялық  тұжырымдамалар 
кез келген педагогикалық теорияның негізінде жатады. Философиялық 
ғылымдармен  байланыс  педагогикаға  тәрбиелеу  мақсаттарын 
анықтауда, адамның мәнін, табиғат пен қоғамның даму заңдарын және 
т.с.с.-ды түсінуге көмектеседі. Педагогика философияның адамгершілік 
эстетикалық  тәрбие  проблемаларын  шешуге  ықпал  ететін  этика, 
эстетика сияқты салаларымен тікелей байланысты.
Әлеуметтану  деректері  –  заманауи  қоғамның  жағдайы  туралы 
философиялық  білімнің  тағы  да  бір  саласы  –  педагогикаға  оқыту 
мен  тәрбиелеудің  «көкейтесті»  проблемаларды  ғылыми  тұрғыдан 
зерттеуді  орталықтандыру  үшін  қажет.  Мысалы,  әлеуметтанушылар 
облыста,  қалада,  ауылда  және  т.с.с.  балалардың  мектепке  дейінгі 
қоғамдық тәрбиеге жеткілікті дәрежеде қамтылмағандықтары жөнінде 
ақпараттар  берді.  Соның  салдары  ретінде,  балалардың  мектепте 
оқуға дайындығының төмен екендігі анықталды. Педагогтың алдына: 
мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балалардың даму деңгейін қалай 
2–7463

18
көтеру  керек  деген  проблема  туды.  Үйде  тәрбиеленетін  балалардың 
жанұясына  түрлі  көмек  түрлері  қарастырылды;  халыққа  қосымша 
көмек  аясы  дамытылды;  мектептердің  жанында  мектепалды  топтар 
ашылды және т.с.с.
Педагогика  адам  психикасының  даму  заңдылықтарын  зерттейтін 
психологиямен  етене  байланысты.  Педагогика,  өз  кезегінде, 
балалардың психикалық процестерінің, тәртібінің жағымды өзгеруіне 
ықпал  ететіндей  тәрбиелеу  мен  оқытуды  қалай  ұйымдастыру  керек 
деген  мәселелерді  зерттейді.  Барлық  педагогикалық  проблемалардың 
психологиялық  негіздемесі  бар.  Ақыл-ой  тәрбиесі  проблемасы 
таным процестері мен ақыл-ой даму теориясына сүйенеді; тәрбиелеу 
заңдылықтары  тұлғаның  психологиялық  теориясын  ескеру  арқылы 
ашылады.  Педагогикалық  іс-әрекет  қорытындылары  психологиялық 
көрсеткіштер  негізінде  шығарылады.  Мысалы,  оқыту  нәтижелері 
жөнінде  білім  көлемі,  оның  беріктігі,  бейнелілігі,  қорытылғандығы, 
ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасқандық дәрежесі бойынша бағаланады. 
Балалардың  тәрбиеленгендігі  істерінің  мақсаттылығымен,  оны 
түсінгендік  мөлшерімен,  өздігінен  істей  алу  деңгейімен  және  т.с.с. 
көрсеткіштермен  анықталады.  Оқыту  мен  тәрбиелеу  аясындағы  кез 
келген мәселе психологиялық-педагогикалық ұстанымды талап етеді.
Психология мен педагогиканы интеграциялау шекаралық салалар – 
психопедагогиканың, педагогикалық психологияның тууына алып 
келді.
Анатомия  и    физиология  –  адамның  биологиялық  мәнін, 
әрбір  жас  ерекшелік  кезеңіндегі  организмнің  даму  ерекшеліктерін 
түсіну  үшін  негіз  болады.  Жоғары  жүйке  әрекеті  туралы  ғылыми 
білімді  педагогика  балалардың  физикалық  және  психикалық  дамуын 
басқарудың  заңдылықтарын  зерттеу  үшін  пайдаланады.  Сол  білім 
бала  өмірін  реттеуде,  түрлі  іс-шараларды  ұйымдастыруда,  білім  беру 
мекемелерінде,  әсіресе  ерте  және  мектепке  дейінгі  жастағы  балалар 
үшін  пәндік-материалдық  ортаны  құру  принциптерін  зертеуде  негіз 
болады.
Бүгінгі күні балалардың денсаулығы ойдағыдай емес (әлеуметтік 
зерттеулер  нәтижелері  бойынша),  бұл  педагогикадан  медициналық 
ғылым  салаларымен  аса  тығыз  байланыс  орнатуды  талап  етеді. 
Педагогиканың  жаңа  саласы  –  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
арнайы жүйесін жасайтын емдеу педагогикасы қажет болды. Ішімдікке, 
нашақорлыққа қарсы тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасын жасау 
үшін медицина мен педагогиканың күш біріктіруі қажет болды.

19
 ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында педагогика генетика, кибернетика, 
информатика  сияқты  ғылымдармен  өзара  ықпалдастықты  күшейтті. 
Соның нәтижесінде педагогикалық теория диагностика және дарынды 
балаларды  тәрбиелеу  бағдарламаларымен,  математикалық  логика, 
компьютерлік  технология,  бағдарландырылған  оқыту  идеяларымен 
және әдістерімен және т.с.с.-мен толықтырылды.
Сүйтіп, қоғамның заманауи даму кезеңінде оқыту, тәрбиелеу, білім 
беру проблемаларын шешуде жалғыз педагогиканың күші тиісті нәтиже 
бере алмайды, оларға ғылымаралық көзқарас қажет болады.
Педагогика өзінің қалыптасу және даму жолында (XVII ғасырдан 
бастап) әртүрлі санаттағы (жасына қарай, тәрбиелеу бағытына қарай, 
кәсіби бағытына қарай және т.с.с.) адамдарды тәрбиелеу туралы ғылым 
жүйесіне  айналды.  Педагогикалық  ғылымдар  жүйесі  салыстырма-
лы  түрде  бұрын  педагогиканың  саласы  болып  келген,  кейінде  одан  
бірте-бірте  бөлінген    өзіндік  ғылымдардың  бірлігін  көрсетеді.  Ондай 
ғылымдар жеткілікті.     Педагогикалық ғылымдар жүйесінің іргетасы 
-  жалпы  педагогика.  Педагогика  ғылымдарының  қазіргізаманғы 
жүйесіне педагогика тарихы, жалпы, мектепке дейінгі, мектеп педаго-
гикасы, жоғары оқу орны педагогикасы, андрогогика (үлкендерге білім 
беру туралы ғылым), әртүрлі пәндерді оқыту әдістемелері, әлеуметтік, 
арнайы  педагогика  жас  ерекшелік  педагогикасының  бөлімі,  оның 
алғашқы салалары болып табылады. Педагогика ғылым ретінде адам 
туралы ғылымдармен тікелей байланысты (2-сызба). 
2-сызба
Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен  
байланысы
Сұрақтарға жауап беріңіз?
Осы байланыстарды табыңыздар да, кестеде көрсетіңіздер және ол 
байланыстарды сипаттаңыздар.

20
Бұл  сұрақты  әрқайсысыңыз  өз  бетіңізше  ашып  көрсетіңіздер,  ол 
үшін бұл тақырыптың 3 тапсырмасын орындаңыздар. Кестені лекция 
конспектісінің материалдарына орналастырыңыздар. 
1.5 Мектепке дейінгі педагогика оқу пәні ретінде
Мектепке  дейінгі    педагогиканы  ғылым  ретінде  қарастыру 
арқылы оның білімгерлер оқитын пән ретіндегі педагогикадан қандай 
айырмашылығы  бар  екендігін  анықтаймыз.  Салыстырмалы  талдау 
жүргізейік.
МДП ғылым ретінде
МДП оқу пәні ретінде
1. 
Педагогикалық 
процестер 
мен 
құбылыстарды 
анықтайды, 
түсіндіреді,  болжам  жасайды,  тәр-
биелеу,  оқыту,  білім  беру  заңды-
лықтарын қарастырады.
1.  Ғылым  ретіндегі  МДП  негіздерін 
(заңдылықтарын, 
принциптерін, 
теорияларын, 
технологияларын), 
яғни  МДП-ның  ғылым  ретіндегі 
негіздерінің  дидактикалық  тұрғыдан 
бейімделген мазмұнын қамтиды.
2.Түсіндірушілік,  суреттеп  баяндау-
шылық,  болжаушылық,  құраушы-
техникалық,  дүние-танымдық  функ-
цияларды жүзеге асырады.
2.Білім  алушылар  үшін  оқыту-
шылық,  тәрбиелеушілік,  дамытушы-
лық функцияларын атқарады.
3.Ғылым 
адамзат 
мәдениетінің 
элементі  болатын  тың  жаңа  білімді 
объективті  түрде  ашу  деңгейінде 
жұмыс істейді. 
3.  Білімгер  пәнді  оқып  үйренгенде 
субъективті  жаңалық  -  өзі  үшін  бір 
тың жаңалық ашады.  
Мектепке  дейінгі  педагогика  ғылым  ретінде  де,  оқу  пәні  ретінде 
де білімгерлер  үшін әртүрлі педагогикалық құбылыстарды көрсетеді. 
Олардың  негізгі  айырмашылықтары  мектепке  дейінгі  педагогиканың 
ғылым  ретіндегі  және  оқу  пәні  ретіндегі  педагогикалық  білімнің, 
олардың функцияларының көлемінде, күрделілігінде, объективтілігінде 
(субъективтілігінде), жаңалығында.
Біз мектепке дейінгі педагогиканы ғылым ретінде қарастырып, оның 
жетекші  ұғымдары  мен  санаттарын  айқындадық,  пәнін,  міндеттерін, 
функцияларын,  теориялық  негіздерін,  басқа  ғылымдармен  байланы-
сын  ашып,  педагогикалық  құбылыстар  –  ғылым  мен  оқу  пәнін  өзара 
салыстырдық. 
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1.  «Ғылым»  ұғымының  түсіндірмесін  жеке  сөздіктеріңізге  жа-
зып  алыңыздар,  анықтамалардағы  мағыналы  сөздерді  көрсетіңіздер, 
маңызды  жалпы  белгілерін  бөліп  көрсетіңіздер.    Осы  белгілердің 

21
негізінде  мектепке  дейінгі  педагогиканың    өзіндік  ғылым  екендігін 
дәлелдеңіздер.
2. Педагогика ғылымының  бастауларын қарастырыңыздар. Оларға 
қысқаша  жазбаша  сипаттама  беріңіздер.  Тапсырманы  орындау  үшін 
әдебиеттер тізімін пайдаланыңыздар. 
3. «Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланы-
сы», «Мектепке дейінгі педагогика педагогика ғылымдары жүйесінде» 
кестелерін    жасаңыздар.  Оларды  талқылауға  дайындалыңыздар. 
Тапсырманы  орындау  үшін  әртүрлі  авторлардың  «Мектепке  дейінгі 
педагогика»  оқулықтарын,  «Педагогикалық  энциклопедияны» 
пайдаланыңыздар. 
Ұсынылатын әдебиет
1. А. К. Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы: Рауан, 
1992.
2. Дошкольная педагогика. В 2 ч. / Под ред. В. И. Логиновой, П. Г. 
Саморуковой. – М., 1988.
3. Драгунова О. В. Дошкольная педагогика: С.1.- Чебоксары, 2003.
4. История дошкольной педагогики/ Под ред. Л. Н. Литвина. – М., 
1989.
5. Козлова С. А., Куликова Т. А. Дошкольная педагогика. М., 2001.
6. Основы дошкольной педагогики / Под ред. А. В. Запорожца, Т. А. 
Марковой. – М., 1980.
7.  Мектепке  дейінгі  педагогика:  Оқу  құралы/  Жұмабекова  Ф.  Н.- 
Астана: Фолиант, 2008.-336 б.
8. В. С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. - 
А.: Мектеп, 1986.
Нормативті құжаттар
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 
2007 ж.
2. Декларация прав человека. Права ребенка: Основные междуна-
родные документы. – М., 1992.
3. Конвенция о правах ребенка. – М., 1989.
4. Қазақстан Республикасының «Бала құқығы» Заңы. – Астана, 
2007 ж.
5.  Мемлекеттік  жалпы  міндетті  ерте  жастағы  туғаннан  3  жасқа 
дейінгі балаларға білім беру стандарты. Негізгі ережелер - Астана, 2007.
6. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі жастағы 3 жастан 

22
5  жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Негізгі ережелер.- А., 
2007.
7. Мемлекеттік жалпы міндетті 5-тен 6-жасқа дейінгі мектепалды 
дайындық балаларға білім беру стандарты. Негізгі ережелер. – А., 2007.

23
2-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Жоспар
2.1 Тақырыптың негізгі ұғымдарының мазмұны.
2.2 Ғылыми-педагогикалық зерттеу логикасы.
2.3 Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет