Техникалық жəне кəсіптік білім
ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын
жəне экономика мен əлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын
қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.
2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы мемлекеттік стати-
стика деректері бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұмыс істейді, 2005 жылмен
салыстырғанда олардың саны 64-ке өсті, оның ішінде 306 кəсіптік лицей,
480 колледж. Олардың 22,8 %-ы ауылдық жерлерде орналасқан.
Жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің 32,7 %-ы кəсіптік ли-
цейлер мен колледждерде оқуын жалғастыруда, оның ішінде 9-сыныптан
кейін – 24,8 %, 11-сыныптан кейін – 7,9 %.
ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның ішінде 36,3 %-ы ғана
мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда.
Техникалық жəне қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даяр-
лау 177 мамандық жəне 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар еңбек нарығында кəсіби стандарттардың, мамандарға
қойылатын қазіргі заманғы біліктілік талаптарының болмауы индустрия
жəне жұмыс берушілер сұраныстарына кадрларды даярлау мазмұнының
барабарлығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
ТжКБ жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-
техникалық жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшін
оқытудың тартымдылығын қамтамасыз ете алмайды.
Жоғары деңгейде білім беру үшін инженер-педагог қызметкерлерді
қолдаудың төмен болуы біліктілігі жоғары кадрлардың экономиканың басқа
салаларына ауысуына себеп болуда.
Тиімсіз басқару нарықтық жағдайда оқу орындарының бəсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етпейді.
Аз қаржыландыру жəне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша
бір маманды оқытуға кететін шығыстар құны оқушының қазіргі заманға сай
біліктілік алуына мүмкіндік бермейді.
Бұдан басқа үздіксіз білім алу жəне біліктілігін өмір бойы арттыру
мəселелерін шешу қажет.
Білімге негізделген экономика жəне қоғам, өмір бойы оқыту – бəсекеге
қабілеттілік пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудің,
əлеуметтік бірлікті, тең мүмкіндіктер мен өмір сапасын жақсарту тəсілдері
болуы тиіс.
Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жəне ғылым
Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары
үшін құзыретті жəне бəсекеге қабілетті мамандарды кəсіби даярлау-
ды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл
атқарады.
Қазіргі уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық,
32 мемлекеттік, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді, оның
ішінде 16-ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды.
Көптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын
мамандар сапасына қанағаттанбайды. Білім беру бағдарламалары жұмыс
берушілердің күткен нəтижелеріне жауап бермейді жəне экономика талап-
тарына сəйкес келмейді.
11
Қазақстанда барлық жоғары білім жүйесін қамтитын маңызды жасы-
рын фактор жемқорлық болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары
қабылданбайынша жоғары білім саясаты тиімді болмайды.
Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде кері үрдіс орын
алған: профессор-оқытушы құрамын жүйелі даярлау жоқ, қоса жұмыс
атқару кеңінен таралған.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ре-
сурстары жеткілікті қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарын-
да гуманитарлық мамандықтар сияқты техникалық мамандықтар бойын-
ша да кітапхана қорын жаңартудың бекітілген нормалары сақталмайды.
Көптеген пəндер бойынша оқулықтар əзірленбейді немесе аз тиражбен ба-
сылады. Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары біріктірілмеген,
кітапхана қоры бытыраңқы сипатқа ие.
Қазіргі уақытта білім беру қызметін қаржыландыруды мемлекеттік
қолдаудың қазіргі тетіктері жеткіліксіз.
Білімді, ғылымды жəне өндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі
білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде дамы-
ту бүгінгі күнде экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып
табылады.
Ғылым саласында бірқатар шешілмеген проблемалар бар.
Ескірген материалдық-техникалық база жəне зертхана жабдықтары
сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Жобалау институттары мен конструкторлық бюролар санының
жеткіліксіздігі өндірістегі технология трансфертін бəсеңдетеді. Жобалау
институттарының, конструкторлық бюролардың жəне өндірістің жоғары оқу
орындарымен өзара қарым-қатынас тетігі жоқ.
Жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың
қартаюы байқалады. Ғылыми қызметкерлердің орташа жасы – 55-те.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми əлеуеті аса тиімсіз
пайдаланылады.
Білімнің, ғылымның жəне өндірістің арасындағы байланыстың
нашарлығы мына себептерге негізделген:
жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы
ведомствоаралық кедергілер;
жоғары оқу орындарының ғылымын жеткіліксіз қаржыландыру;
ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай əрекет етуге, өндірістің
өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін
шамадан тыс əкімшілендіру;
жеке меншік сектордың білімді, ғылымды жəне инновациялық
қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру
шараларының болмауы.
Қазақстанда əзірлемелерді орындайтын жəне ғылыми-зерттеу жəне
тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды нəтижесіне жеткізуді қамтамасыз
ететін, оларды тəжірибе жүзінде іске асыратын инновациялық құрылымды
қолдаудың институционалды нысандары дамымаған.
Қазақстандағы ғылыми əзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдер-
де қабылданған деңгейден он есе төмен қалып отыр.
Тəрбие жұмысы жəне жастар саясаты
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі –
12
өкілдері бəсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес,
жоғары азаматтық жəне адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен
əлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру бо-
лып табылады.
2010 жылдың басында 14 – 29 жас аралығындағы халықтың саны жал-
пы халықтың 28,7 %-ын құрайды. Ауылдық жерлерде тұратын жастардың
үлесі – 49,1 %.
2010 жылдың басында туылғаннан бастап 18 жасқа дейінгі жас
өспірімдердің саны 5 млн. адамға жуық. Балалардың құқығы мен мүдделерін
қорғауды жергілікті атқарушы органдардағы мамандар қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік жастар саясаты саласында мынадай проблемалар орын
алып отыр.
Жастар арасындағы тəрбие жұмысын үйлестірудің орталықтандырылған
жүйесі жоқ.
2008-2009 жылдардағы əлеуметтік сауалдың деректері бойынша жа-
стар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі жастардың жал-
пы санының 22 %-ын құрайды.
Өкілді органдардағы жастар саясатының мəселелері бойынша
шешімдерді қабылдауға қатысатын жастардың үлесі 1 %-ға жетпейді.
Əлеуметтік сауалдың нəтижелері респонденттердің 64 %-ы мемлекеттік
жоғары оқу орындарын жемқорлыққа аса бейім деп санайды, 54 %-ы
жоғары оқу орындарында жемқорлықтың деңгейін жоғары деп бағалайды,
28 %-ы дипломдарды «сатып алу» фактілерін көрсетеді.
Барлық балалар үшін өз құқықтарын толығымен пайдалану қамтамасыз
етілмеген.
Одан басқа, білім саласында білім беру статистикасы мəліметінің
біртұтас базасы жоқ. Білім берудің мемлекеттік статистика нысандарында
кең жарияланымдар жоқ, біріктірілмеген, олар бойынша терең талдау жоқ
əрі қоғамның көпшілігіне қолжетімсіз. Білім берудің ұлттық статистикасының
көрсеткіштері халықаралық статистиканың талаптарына сай емес.
Осылайша, білім берудегі ахуалды талдау мыналарды көрсетеді.
Күшті жақтары:
білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;
мектепке дейінгі жəне орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;
білім берудің əрбір деңгейі бойынша ұлттық жəне республикалық
орталықтардың болуы;
қазақстандық білім беру құрылымының Білім берудің халықаралық
стандарты жіктеуішімен сəйкестігі;
техникалық жəне кəсіптік білімді қайта құрылымдау;
Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі;
TIMSS – 2007 халықаралық зерттеуіндегі жоғары көрсеткіштер;
Еуропалық білім беру кеңістігіне кіру.
Əлсіз жақтары:
білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
педагог кəсібі мəртебесінің төмендігі;
педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;
балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;
білім берудегі менеджменттің нашар дамуы;
13
білім беру саласында мемлекеттік – жеке-əріптестік (бұдан əрі – МЖƏ)
жүйесі толық дамымаған;
білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы;
білім беру статистикасы халықаралық стандарттарға сəйкес емес жəне
білім алушыларға қолжетімсіз;
мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен төмен қамтылуы;
жалпы орта жəне жоғары білім мазмұнының бірігуінің жоқтығы;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;
ШЖМ ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы;
инклюзивті білімнің нашар дамуы;
ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы;
колледждер мен ЖОО бітірушілерінің біліктілігіне білім беру жүйесінің
ұсынысы мен жұмыс берушілердің сұранысының арасындағы теңдіктің жоқтығы;
жоғары білім мен ғылымның ықпалдасуының жоқтығы.
Мүмкіндіктер:
Мемлекет үшін:
қазақстандық білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру;
адами капиталдың сапасын арттыру;
балалардың өмір сапасының əлеуметтік құқықтық кепілдіктерін
қамтамасыз ету;
еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;
ұлттық экономиканы тұрақтандыру;
халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білімді
инвестициялық қолдау;
білім беру саласында басқарудың жаңа тиімді əдістерінің пайда болуы;
оқушылар арасында спортты өрістету;
бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
білім беру саласының қолжетімділігін, тартымдылығын, сапасын,
ашықтығын арттыру;
ел экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз ету;
халықаралық рейтингтердің көрсеткіштерін жақсарту;
ата-аналардың бала тəрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру.
Ата-аналар үшін:
білім беру ұйымдарын таңдау мүмкіндігі;
білім беруді басқаруға қатысу;
мектепке дейінгі тəрбиенің жəне оқытудың еркін қолжетімділігін
қамтамасыз ету;
баланың жетістіктері туралы қашықтықтан ақпараттық хабарландыру
арқылы ата-ана – білім беру ұйымы – бала байланысын жүзеге асыру.
Педагог үшін:
педагог кəсібінің тартымдылығы;
мансаптық өсу жүйесін қамтамасыз ету;
барлық қызмет аясында білім алу, оның ішінде шетелде жəне кəсіптік
құзыреттілікті дамыту.
Білім алушылар үшін:
баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу;
үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізу;
коммуникативтік жəне кəсіптік құзыреттілікті дамыту.
Қауіп-қатер:
14
білім берудің жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты алға
қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеу;
педагог еңбегінің төмен уəждемесі, мұғалім кəсібінің беделсіздігі;
педагогтердің басым бөлігі даярлығының төмен деңгейі;
педагог кадрлардың өздігінен білім алуға жəне кəсіби өсуіне
ұмтылысының жеткіліксіздігі;
электрондық оқыту жүйесін қолданудағы пайдаланушылардың төмен
уəждемесі;
демографиялық процестерге (туудың өсуі) жəне көші-қон жағдайларына
байланысты мектепке дейінгі ұйымдардан орын алуға кезек пен оқушы
орны тапшылығының өсуі;
білім сапасының нашарлауы;
білім беру ұйымдарын пайдалануға беру мерзімдерінің бұзылуы;
апаттық деп танылған мектептер санының ұлғаюы;
мүмкіндігі шектеулі балалардың жəне мүгедек балалардың көбеюі;
еңбек нарығында мамандарға деген болжамның жоқтығы;
саладағы еңбекақы деңгейі мен елдегі жалақының орташа деңгейінің
арасындағы сəйкессіздіктен туындаған техникалық жəне кəсіптік білім
жүйесінен кадрлардың кетуі;
Қазақстанның ЖОО-да білім алуды қалайтын шетел азаматтары
санының қысқаруы;
өзінің ғылыми əлеуетін іске асырудың анағұрлым қолайлы перспекти-
валарын іздеумен ғалымдардың басқа мемлекеттерге кетуі;
ғылымға жастардың аз келуі;
бағдарламаны іске асыру барысында қоса орындаушылардың
үйлессіздігі.
Осылайша, аталған бағдарлама білім беру жүйесін одан əрі
жаңғыртуды жəне оның еуропалық деңгейге шығу перспективаларын бол-
жайды.
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы
индикаторлары жəне іске асыру нəтижелерінің көрсеткіштері
Басты мақсаты:
Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін
қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бəсекеге
қабілеттілігін арттыру
Бағдарламалық мақсаттар:
білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған
қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
педагог мамандығының беделін көтеру;
білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ре-
сурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
балаларды мектепке дейінгі сапалы тəрбиемен жəне оқытумен толық
қамтудың, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тəрбиелеу мен
оқытудың əр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының
15
зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез
өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы
қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық əл-ауқаты үшін
бəсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне
көшу;
қоғамның жəне экономиканың индустриялық-инновациялық даму
сұраныстарына сəйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, əлемдік білім беру
кеңістігіне кірігу;
еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму
міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын жəне
білім беру саласындағы үздік əлемдік тəжірибелерге сай келетін жоғары
білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;
өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік
жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне
көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Нысаналы индикаторлар:
Индикатор
2010
2015
2020
2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа,
барлық білім беру ұйымдарында жан ба-
сына шаққандағы қаржыландыру тетіктері
енгізіледі
0%
60%
60%
педагогтердің жалпы санынан жоғары жəне
бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог
қызметкерлердің үлесі
42%
47%
52%
білім беру ұйымдарында қамқоршылық
кеңестер құрылған
40%
45%
60%
білім беру ұйымдарының басшылары ме-
неджмент саласында біліктілігін арттырған
жəне қайта даярлаудан өткен
29%
50%
100%
орта білім беру ұйымдарында электрондық
оқыту жүйесі пайдаланылады
0
50%
90%
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мек-
тепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен
қамтамасыз ету
40%
1 шілдеде
73,5%
100%
2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне
толық көшу жүзеге асырылған
0
1,5,11
сыныптар
1-10, 12
сыныптар
Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «На-
зарбаев Зияткерлік мектептері» жобасының
шеңберіндегі мектептердің саны
6
20
20
жаратылыстану-математика пəндері бойын-
ша білім беру оқу бағдарламаларын жетік
меңгерген оқушылардың үлесі
50%
60%
70%
16
PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстыр-
малы зерттеулердегі қазақстандық жалпы
білім беретін мектептер оқушыларының
нəтижелері
TIMSS:
7-11
орын
PISA:
50–55
орын,
TIMSS:
10–15 орын
PISA:
40–45 орын,
TIMSS:
10–12 орын,
PIRLS:
10–15 орын
мектептердің жалпы санынан инклюзивті
білім беру үшін жағдайлар жасалған
мектептердің үлесі
10%
30%
70%
жұмыс
берушілер
қоғамдастығында
біліктілікті тəуелсіз бағалаудан алғашқы
реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі
40%
60%
80%
ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тап-
сырыс бойынша оқуды бітіргеннен кейінгі
алғашқы жылы жұмыспен қамтылған жəне
жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі
68,5%
78%
80%
ұлттық
институционалды
аккредиттеу
рəсімінен өткен колледждердің үлесі
0%
10%
30%
жұмыс
берушілер
қоғамдастығында
біліктілікті тəуелсіз бағалаудан алғашқы
реттен өткен ЖОО түлектерінің оған
қатысқандардың жалпы санынан үлесі
0%
10%
80%
жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсы-
рыс бойынша білім алған түлектердің ЖОО
бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы
бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі
50%
78%
80%
əлемнің үздік университеттері рейтингінде
көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу
орындарының саны
0
1
2
халықаралық
стандарттар
бойынша
тəуелсіз ұлттық институционалды аккре-
диттеуден өткен жоғары оқу орындарының
үлесі
16%
50%
65%
халықаралық
стандарттар
бойынша
тəуелсіз ұлттық мамандандырылған аккре-
диттеуден өткен жоғары оқу орындарының
үлесі
0%
20%
30%
отандық ғылыми зерттеулердің нəтижелерін
өндіріске енгізудің негізінде білім мен
ғылымды кіріктіру жолымен инновациялық
қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу
орындарының үлесі
0%
2%
5%
соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми
журналдарда
жарияланымдары
жарық
көрген
ЖОО-ның
профессор-оқытушы
құрамының жəне ғылыми қызметкерлердің
үлесі
0%
2%
5%
барлық жастағы адамдар үшін əртүрлі білім
беру нысандары мен типтері енгізіледі
17
жастардың жалпы санынан жастар саяса-
ты мен патриоттық тəрбие саласындағы
іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде
қатысатын жастардың үлесі
25%
27%
55%
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу
қажет:
сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді
қаржыландырудың жаңа тетіктерін əзірлеу;
білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталанды-
руды күшейту;
білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік
басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекекеттік-жеке əріптестік
жүйесін қалыптастыру;
білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде
халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру;
оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау;
мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;
мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;
мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың ұйымдарын кадрлармен
қамтамасыз ету;
12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен
жүзеге асыру;
шағын жинақталған мектептердің проблемаларын шешу;
мектептегі инклюзивті білім жүйесін жетілдіру;
экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын еске-
ре отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;
экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын да-
мыту;
ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру;
еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін
жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз
ету;
жоғары білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету;
білімнің, ғылымның жəне өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік
меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай
жасау. Жоғары білікті ғылыми жəне ғылыми – педагог кадрларды даярлау;
өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау;
жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеу жəне олардың азаматтық
белсенділігін, əлеуметтік жауапкершілігін жəне əлеуетін ашу тетіктерін
қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
18
Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін бо-
лады:
Көрсеткіш
2010
2015
2020
Орындаушылар
ваучерлік-модульдік
қаржы-
лан дыру
принципі
бойынша
біліктілікті
арттырудан
өткен
педагогтердің үлесі
0%
20%
100%
жергілікті
атқарушы орган-
дар (бұдан əрі
–ЖАО, БҒМ
магистр дəрежесі бар бейіндік
мектеп педагогтерінің үлесі
0%
кемінде
10%
кемінде
20%
БҒМ
педагогтердің
жалпы
саны-
нан ағымдағы жылы білім беру
ұйымдарына жаңадан жұмысқа
келген жас мамандардың үлесі
2,6%
4,5%
6%
ЖАО, БҒМ
жаратылыстану-математика
циклі пəндерін ағылшын тілінде
оқытатын педагогтердің үлесі
0,6%
10%
15%
БҒМ
академиялық
жəне
ғылыми
дəрежесі бар біліктілікті арттыру
жүйесі мамандарының үлесі
3,4%
5%
15%
ЖАО, БҒМ
біліктілігін
арттыру
мен
тағылымдамадан өткен, оның
ішінде өндірістік кəсіпорындар
базасында, ТжКБ ұйымдарының
инженер-педагог
кадрларының
үлесі
20%
20%
20%
ЖАО, БҒМ,
жұмыс берушілер
қауымдастығы,
салалық
министрліктер
елімізде біліктілігін арттырудан
жəне қайта даярлаудан өткен
жоғары оқу орындарының про-
фессор-педагог
кадрларының
үлесі, жыл сайын
6%
20%
20%
БҒМ
азаматтық жоғары оқу орын-
дарына корпоративті басқару
принциптерін енгізу
44%
65%
90%
БҒМ
оқытуда
АКТ-ны
пайдалану
бойынша біліктілігін арттыру-
дан өткен педагогтердің үлесі,
олардың жалпы санына шаққанда
0%
90%
90%
ЖАО, БҒМ
1 компьютерге келетін оқушы-
лардың саны
18
10
1
ЖАО, БҒМ
мектепке дейінгі ұйымдардың
жалпы санынан мектепке дейінгі
шағын орталықтардың үлесі
59,7%
50%
52,7%
ЖАО, БҒМ
мектепалды
дайындығымен
қамтамасыз етілген 5 – 6 жастағы
балалардың үлесі
83%
100%
100%
ЖАО, БҒМ
19
балабақшалардың жалпы са-
нынан
жекеменшік
балабақ-
шалардың үлесі
10%
кемінде
12%
кемінде
15%
ЖАО, БҒМ
бейіндік
мектептердің
жалпы
санынан
жаратылыстану-мате-
матика бағытындағы бейіндік
мектептердің үлесі
0%
15%
кем
емес
35%
кем
емес
ЖАО, БҒМ
мектептердің жалпы санынан
сервистік
қызмет
көрсететін
жаңа модификациялы кабинет-
тері
(химия,
биология,
фи-
зика,
лингафондық
жəне
мультимедиалық кабинеттер) бар
мектептердің үлесі
31,7%
40%
80%
ЖАО, БҒМ
мектептердің жалпы санынан
апатты жағдайдағы мектептердің
үлесі
2,6%
2%
1%
ЖАО, БҒМ
оқушы орнының тапшылығы
74,3 мың 45 мың
30 мың
ЖАО, БҒМ
үш ауысымда сабақ жүргізетін
мектептер үлесі
0,9%
0,2%
0
ЖАО, БҒМ
көлікпен
жеткізуге
мұқтаж
балалардың жалпы санынан мек-
тепке жəне мектептен үйлеріне
сапалы
əрі
ыңғайлы
тасы-
малдаумен қамтылған мектеп
оқушыларының үлесі
63%
80%
100%
ЖАО, БҒМ
«тірек мектептер» – ШЖМ-ға
арналған ресурстық орталықтар
саны
0
160
160
ЖАО, БҒМ
оқушылардың
жалпы
саны-
нан білім беру ұйымдарындағы
спорт секциялары қызметімен
қамтылған
орта
білім
беру
ұйымдарындағы
оқушылардың
үлесі
20%
25%
30%
ЖАО, БҒМ
оқушылардың жалпы санынан
балалар-жасөспірімдер
спорт
мектебімен қамтылған оқушылар
үлесі
8%
12%
14,5%
ТСМ
көркем, музыкалық, техникалық,
ғылыми
шығармашылықпен
қамтылған мектеп жасындағы
балалардың үлесі
21,5%
23%
38%
ЖАО, БҒМ
оқушылардың жалпы санынан
спорт секциялары қызметімен
ЖОО-ғы оқитындардың қамтылуы
*
20%
40%
БҒМ
20
даму
мүмкіндігі
шектеулі
балалардың
жалпы
санынан
инклюзивті біліммен қамтылған
балалардың үлесі
9%
25%
50%
ЖАО, ЕХƏҚМ,
БҒМ
тұрмысы
төмен
отбасылар-
дан
шыққан
оқушыларды
тегін дəрумен қосылған ыстық
тамақпен қамтамасыз ету
70%
100%
100%
ЖАО, БҒМ
мамандықтардың
жалпы
са-
нынан
кəсіптік
стандарттар-
мен қамтамасыз етілген ТжКБ
мамандықтарының үлесі
0%
30%
90%
ЕХƏҚМ, Инду-
стрия жəне жаңа
технологиялар
министрлігі,
салалық
министрліктер,
жұмыс берушілер
қауымдастығы
кəсіптік стандарттар негізінде
əзірленген мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттары
(бұдан əрі – МЖБС) үлесі
0%
50%
90%
БҒМ, ЖАО,
жұмыс
берушілер
қауымдастығы
халықаралық талаптарға сəй-
кес
əзірленген
білім
беру
бағдарламаларының үлесі
20%
40%
70%
БҒМ, ЖАО,
жұмыс
берушілер
қауымдастығы
ТжКБ оқу орындарында мем-
лекеттік
тапсырыс
есебінен
оқитындардың жалпы санынан
кəсіпорындар базасында практи-
кадан өтуге арналған орындар-
мен қамтамасыз етілген білім
алушылар үлесі
80%
85%
90%
ЖАО, БҒМ,
салалық
министрліктер,
жұмыс
берушілер
қауымдастығы,
«Атамекен»
Одағы
білім алушылардың жалпы саны-
нан жұмыс берушілер қаражаты
есебінен ТжКБ-да білім алушы-
лардың үлесі
0,6%
1%
2%
ЖАО, БҒМ,
жұмыс
берушілер
техникалық жəне кəсіптік біліммен
қамтылған
типтік
жастағы
жастардың үлесі
17,6%
20%
23%
ЖАО, БҒМ
ТжКБ жүйесінде енгізілген оқушы
орындарының саны
0
2 660
оқушы
орны
16 940
оқушы
орны
ЖАО, БҒМ
жатақханалардағы ТжКБ оқу-
шылары үшін жаңадан енгізілген
орын саны
0
1300
орын
1500
орын
ЖАО
21
ТжКБ оқу орындарының жал-
пы санынан қазіргі заманғы
оқу
жабдықтарымен
жарақ-
тандырылған оқу орын дарының
үлесі
36%
75%
90%
ЖАО, БҒМ
бакалавриаттың
мемлекеттік
тапсырыс көлемінен магистра-
тура бағдарламалары бойынша
мемлекеттік тапсырыс бойынша
оқитындар үлесі
8%
20%
40%
БҒМ
оның ішінде, бакалавриаттың
мемлекеттік тапсырыс көлемінен
біржылдық магистратура бағдар-
ламалары бойынша оқитындар
үлесі
1,6%
14%
25%
БҒМ
2012 жылдан бастап мемлекеттік
тапсырыстың жылдағы өсуімен
PhD докторлық бағдарламалары
бойынша мемлекеттік тапсырыс
бойынша білім алушылар үлесі
200
кемінде
1000
адам
кемінде
2000
адам
БҒМ
Қазақстан
Республикасын-
да кредиттерді ауыстырудың
еуропа лық үлгісі (ECTS) бойын-
ша кредитті қайта ауыстырудың
қазақстандық моделін енгізген
ЖОО үлесі
19%
100 %
100 %
БҒМ
2015 жылдан бастап «Болашақ»
бағдарламасының
стипендиат-
тары магистратурада, доктор-
антурада, бакалавриатта – бір
семестрден бір академиялық
жылға дейін оқиды, ғылыми
тағылымдамадан өтеді
69%
100%
100%
БҒМ
Республикалық
ЖОО-аралық
электрондық кітапханаға қол-
жетімділігі
бар
жоғары
оқу
орындарының үлесі
26%
55%
100%
БҒМ
мамандықтар бойынша жоғары
жəне
жоғары
оқу
орнынан
кейінгі МЖБС-дағы жоғары оқу
орындарының
академиялық
еркіндігін
кеңейту,
таңдау
компонентін ұлғайту
65%
70%
80%
БҒМ, жұмыс
берушілер
жоғары импакт-факторлы ғылыми
журналдарда
жарияланған
мақалалары
бар
Назарбаев
Университетінің магистранттары
мен докторанттарының үлесі
0%
10%
30%
БҒМ
22
жоғары білім беру жүйесіндегі
шетелдік студенттердің, оның
ішінде коммерциялық негізде
оқитындардың үлесі
1,5%
2,5%
3%
БҒМ
техникалық жоғары оқу орын-
дарының жалпы санынан иннов-
ациялық құрылымдар, ғылыми
зертханалар, технопарктер, орта-
лықтар құрған
жоғары оқу орындарының үлесі
14%
20%
50%
БҒМ
жоғары оқу орындарының жалпы
санынан ғылыми жəне жобалау-
конструкторлық
ұйымдардың
құрылымдық бөлімшелерін құрған
жоғары оқу орындарының үлесі
*
10%
25%
БҒМ
магистратура
мен
докторан-
тураны аяқтаған жəне жоғары
оқу орындарын бітірген жылы
жоғары
оқу
орындары
мен
ғылыми
ұйымдарға
жұмысқа
орналасқан жоғары оқу орында-
ры түлектерінің үлесі
*
10%
30%
БҒМ
азаматтық жоғары оқу орнының
білім беру қызметін мемлекеттік
жеке
əріптестік
есебінен
қаржыландырудың үлесі
*
10%
50%
БҒМ
азаматтық жоғары оқу орнының
ғылыми
жəне
инновациялық
қызметін
мемлекеттік-жеке
əріптестік есебінен қаржылан-
дырудың үлесі
*
10%
50%
БҒМ
жұмыс берушілермен бірлесіп,
техникалық жəне қызмет көрсету
еңбегінің
қызметкерлерін
қайта даярлау жəне біліктілігін
арттырудың
қысқа
мерзімді
курстары үшін модульдік оқу
бағдарламаларының саны
0
20
бірлік
25
бірлік
БҒМ, жұмыс
берушілер,
ЕХƏҚМ
барлық
деңгейлердегі
өкілді
органдардағы сайланушы жас-
тардың үлесі
*
6%
15%
БҒМ, ЖАО
жастар ұйымдарының қызметіне
қатысатын жастардың үлесі
22%
25%
29%
БҒМ, ЖАО,
үкіметтік емес
ұйымдар
мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс
шеңберінде əлеуметтік маңызы
бар жобаларды іске асыруға
тартылған республикалық жастар
ұйымдарының үлесі
12%
20%
24%
БҒМ, ЖАО,
үкіметтік емес
ұйымдар
* – статистика жүргізілмейді
23
Бағдарламаны іске асырудың мақсатына, нысаналы индикаторла-
рына, міндеттері мен нəтижелердің көрсеткіштеріне Білім жəне ғылым
министрлігі Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау, Байланыс жəне
ақпарат, Индустрия жəне жаңа технологиялар, Туризм жəне спорт, Ішкі
істер, Мəдениет министрліктерімен, салалық министрліктерімен, жергілікті
атқарушы органдармен, жұмыс берушілер қауымдастығымен, «Атамекен»
одағымен, ҮЕҰ-мен бірлесе отырып жететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |