БАҒдарламасы астана, 2010 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің


Тəрбие жұмысы жəне жастар саясаты



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата31.03.2017
өлшемі304,94 Kb.
#10928
1   2   3   4   5   6

Тəрбие жұмысы жəне жастар саясаты

 

Мақсаты: 

Жастардың  бойында  белсенді  азаматтық  ұстанымды,  əлеуметтік 

жауапкершілікті,  отансүйгіштік  сезімді,  жоғары  адамгершілік  жəне 

көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

 

Міндеті:

Жастарды  отансүйгіштікке  тəрбиелеу  жəне  олардың  азаматтық 

белсенділігін,  əлеуметтік  жауапкершілігін  жəне  əлеуетін  ашу  тетіктерін 

қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.



Нысаналы индикатор: 

Жастар  саясаты  саласындағы  іс-шараларды  іске  асыруға  белсенді 

қатысатын жастардың олардың жалпы санынан үлесі (2015 жылы – 27 %,                     

2020 жылы – 55 %). 



Жастар  саясатын  іске  асыру  қазақстандық  патриотизмді,  рухани-

адамгершілік  мəдениетті  тəрбиелеу,  ұлттық  сəйкестікті  қалыптастыру 

негізінде жүзеге асырылады.  

2011 жылдан бастап:

консультациялық,  ақпараттық-талдамалық,  оқыту  жəне  басқа 

да  қызметтер  көрсету  мақсатында  мемлекеттік  əлеуметтік  тапсырыс 

шеңберінде  жастардың  үкіметтік  емес  ұйымдары  базасында  қызметті 

жүзеге  асыратын  облыстық  жəне  республикалық  əлеуметтік  қызметтер 

одан əрі дамитын болады; 

республикалық деңгейде мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты іске асы-

ру  шеңберінде  ерікті,  əскери-патриоттық  ұйымдардың,  əскери-спорттық, 

əскери-іздеуші жəне спорттық-техникалық клубтардың желісі 20 дан 30-ға 

дейін көбейеді;

білім беру ұйымдарында спорт секцияларының желісі дамытылады;

қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде 

мемлекеттік  рəміздерді  таныту,  тарих,  салт-дəстүр  жəне  ана  тілін  білу 

жөнінде іс-шаралар жалғастырылатын болады; 

түрлі  жобаларды  іске  асыру  арқылы  жастар  арасында  қайырымдылық 

мəдениетін қалыптастыру жөнінде мақсатты шаралар қабылданатын болады. 

Алматы  қаласы  үлгісінде  жастардың  үкіметтік  емес  ұйымдарының 

жəне жастардың қызметін үйлестірудің орталықтандырылған жүйесін құру 

мақсатында жастар саясаты басқармасы құрылады.

Девиантты  жəне  деликвентті  балалармен  жұмысты  күшейту  жоспар-

лануда. Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықтың 



49

алдын алуы түрлі факторлардың өзара іс-қимылымен қамтамасыз етілетін 

болады: отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта жəне тұтас қоғам.

Одан басқа, тəрбие мен оқытуды, девиантты жəне деликвентті мінез-

құлықты  балаларды  əлеуметтік  оңалтуды  қамтамасыз  ету  бойынша  ар-

найы  білім  ұйымдары  мен  ерекше  режимде  ұстайтын  білім  ұйымдарына 

баса назар аударылатын болады.

Білім  беру  жүйесіне  кəмелетке  толмағандарды  уақытша  оқшаулау, 

бейімдеу жəне оңалту орталықтарын беруге байланысты олар Кəмелетке 

толмағандарды  бейімдеу  орталығы  (бұдан  əрі – КТБО)  болып  қайта 

ұйымдастырылады.

КТБО-ның  негізгі  міндеті – кəмелетке  толмағандардың  дағдарыс 

жағдайынан  шығуға  жəне  өмірін  орнықтыруға,  баланы  отбасымен  қосуға 

көмек көрсету мен отбасын əрі қарай сүйемелдеу. 

Тұтас алғанда, мектепке дейінгі жастан бастап тəрбиеге ерекше көңіл 

бөлінетін болады.



Жастардың əлеуетін ашу тетіктерін іске асыру

Жастар  саясаты  саласындағы  мəселелерді  шешуге  жастардың 

қатысуы  үшін  оның  өкілді  органдарда  қатысуын  қамтамасыз  ету  міндеті 

қойылып отыр.

Ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеті бар студент-

тер  арасынан  белсенді  жастарды,  сондай-ақ  əлеуметтік  жобаларды  іске 

асыру аясында жастар ұйымдарының жетекшілерін оқыту жоспарлануда.

Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайынғы ұлттық кон-

курстар, ойындар, турнирлер, КТК, оның ішінде Дельфий ойындарын өткізу 

жəне  кейіннен  қазақстандық    құрамалардың  халықаралық  конкурстарға, 

турнирлер мен ойындарға қатысуын қамтамасыз ету көзделуде.

Осылайша,  шығармашыл  жастарды  қолдау 2020 жылға  қарай  Дель-

фий ойындарына қатысушыларды 2000 адамға дейін жеткізуді көздейді.

Республиканың ғылыми-техникалық əлеуетін тұрақты негізде нығайту 

үшін ғылыми ұйымдарда жəне жоғары оқу орындарында консультативтік-

кеңесші  органдардың  қызметіне  жастардың  шығармашылық  жəне 

инновациялық бірлестіктері тартылатын болады.

Мəдениеттегі,  өнердегі,  ғылымдағы,  ақпараттық  технологиялар 

саласындағы  ұзақ  мерзімді  конкурстық  жобаларды  дамыту  бойынша 

ведомствоаралық жұмыс күшейтіледі.

Осылайша 2020 жылға қарай:

өкілді органдарға сайланушы жастардың үлесі 15%-ға жетеді;

жастар ұйымдарының қызметіне жастардың 29 %-ы қатысатын болады;

мемлекеттік  əлеуметтік  тапсырыс  шеңберінде  əлеуметтік  маңызды 

жобаларды  іске  асыруға  тартылған  жастар  ұйымдарының  үлесі 24 %-ды 

құрайды.


 

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Қазіргі  заманғы  жағдайда  стратегиялық  ресурсы  адами  капитал  бо-

лып  табылатын  еңбек  өнімділігі  экономикалық  өркендеу  мен  бəсекеге 

қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс. Мемлекет осы ресурстың 

дамуына үлес қосуы керек.


50

Білімді  адамдарсыз  заманауи  инфрақұрылымды  дамыту,  тиімді 

мемлекеттік  аппарат  құру,  қолайлы  бизнес  климатты  қамтамасыз  ету 

мүмкін емес. 

Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуы осы рефор-

маларды жүргізуге негіз болып табылады.

Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады: 2011 – 2015 жылдар 

мен  2016 – 2020 жылдар.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2011 – 2015 жылдар) же-

келеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін əзірлеумен, 

оларды  сынақтан  өткізумен,  сондай-ақ  ауқымды  қайта  құрулар  мен 

эксперименттердің басталуымен байланысты жұмыстарды жүргізу көзделген.

Екінші кезеңде (2016 – 2020 жылдар) басымдық жабдықтарды сатып алу-

ды, білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларға 

инвистициялар  салуды  (білім  берудің  материалдық  инфрақұрылымын 

жаңғырту  жəне  басқа  да  шығыны  көп  жұмыстар,  əдістемелік,  кадрлық, 

ақпараттық  қамтамасыз  ету)  көздейтін  іс-шараларды  жүзеге  асыруға 

беріледі,  негізінен,  өткен  кезеңдерде  алынған  нəтижелерді  енгізуге  жəне 

таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру қарастырылған.

Əрбір кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның іске асырылу бары-

сын жəне бағдарламалық іс-шаралардың білім беру жүйесінің жай-күйіне 

əсерін сипаттайтын көрсеткіштерді өзгерту жоспарланған. 



Күтілетін нəтижелер:

2015  жылға  қарай  өтпелі  кезең  аяқталады  жəне  Қазақстанның  білім 

беру  жүйесі  құрылымы,  мазмұны,  басқару  мен  қаржыландыру  тетіктері 

бойынша дамыған елдер моделіне сəйкес келетін болады.

Білім беру жүйесінің дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасынан 

көшбасшылық орындарға шығады.

2020  жылға  қарай  білім  беру  жүйесі  жоғары  білім  сапасы  мен 

халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейі 

түрінде нəтиже беретін болады.

Бағдарламаны  іске  асыру  нəтижесінде  мынадай  əлеуметтік-

экономикалық əсерлер қамтамасыз етіледі:

2015 жылға қарай:

1. Жаңа қаржы-экономикалық тетік əзірлеу.

2. Электрондық оқыту жүйесін құру.

3. Оқытудың 12 жылдық моделіне көшудің басталуы.

4. Ұлттық біліктілік жүйесінің негізі жасалады.

5. Мектептің жəне жоғары білімнің бағдарламалары кіріктіріледі.

6. Білімді, ғылымды жəне өндірісті кіріктіру басталады.

2020 жылға қарай:

1.  Адами  капиталдың  сапасын  арттыру  мен  еңбек  ресурстарын  пай-

далану  тиімділігінен  туындаған  мемлекет  экономикасының  бəсекеге 

қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру.

2. Ғимараттарды жобалау, салу жəне қайта салудың жаңа принциптерін 

ескере  отырып,  білім  беру  ұйымдарының  материалдық-техникалық  ба-

засын  нығайту.  Тозған  жəне  апатты  білім  беру  объектілерін  жою.  Білім 

берудің  технологиялық  жəне  əлеуметтік  инфрақұрылымын  жаңғырту  (ас-

ханалар  мен  спорт  залдарын,  автопарктерді,  компьютерлік  техниканы 

жаңарту жəне т.б.).



51

3. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

4. Білім беру саласының қолжетімділігін, сапасын, ашықтығын артты-

ру; корпоративтік басқару принциптерін енгізу.

5.  Нормативтік-жан  басына  шағу  принциптері,  ваучерлік  негізде 

біліктілікті  арттыру  жүйесі  негізінде  орта,  техникалық  жəне  кəсіптік  білім 

беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа қаржы-экономикалық тетіктерін 

енгізу.


6.  Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  вариативті  нысандарын 

енгізу,  балалардың  мектепте  білім  алуға  дайындығының  жоғары  болуын 

қалыптастыру, олардың жастай оңды əлеуметтенуін қамтамасыз ету.

7.  Мектеп  оқушыларын  оқытудың  жеке  траекторияларын  пайдалану 

арқылы бейіндік мектеп моделін құру. 

8. Оқушылардың əлемдегі барлық білім беру ақпараттық ресурстарына 

on-line арқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету.

9. Білім беру сапасын бағалаудың облыстық  жүйесін енгізу.

10.  Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  мен  ересектерге  арналған 

мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың,  мектептегі  жəне  кəсіптік  білім 

берудің  тиісті  деңгейін  қамтамасыз  ететін    оқытудың  инклюзивті  жүйесін 

құру.


11.  Республикада  жаңа  тұрпаттағы  педагогтердің  қажетті  санын 

жəне  тиісті  біліктілігін  қалыптастыру.  Білім  саласы  қызметкерлерінің 

еңбегін  экономикалық  жəне  əлеуметтік  жағынан  ынталандыру  жүйесін, 

оқытушылардың  еңбекақысын  еліміздегі  орташа  еңбекақы  деңгейіне 

жеткізетін  жəне  жұмыс  сапасын  ынталандыратын  еңбекақы  төлеудің 

икемді жүйесін енгізуге басымдық беру.

12. Ішкі нарықта білім берудің үлес салмағын арттыру, еліміздің білім 

беру жүйесіндегі білім беру қызметінің экспорттық көлемі мен құрылымын 

ұлғайту.

13. Еңбек нарығының талаптарына сай келетін,  азаматтардың кəсіптік, 

мансаптық жəне жеке тұлға боп өсуіне ықпал ететін үздіксіз кəсіптік білім 

берудің икемді жүйесін қалыптастыру. 

14. Білім беруге мемлекеттік-жеке меншік əріптестікті енгізу.

15.  Кəсіптік  білім  бағдарламаларының,  сондай-ақ  ұлттық  жəне 

халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының санын арт-

тыру.


16. Заманауи ғылыми білім-білікке ие жəне еліміздің инновациялық да-

муына үлесін қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау.

17. Бəсекеге қабілетті ғылыми-техникалық өнімді жасау жəне өткізу.

18.  Жастар  саясаты  саласындағы  іс-шараларды  іске  асыруға 

қатысатын жастардың үлесін 55 %-ға арттыру.

7. Қажетті ресурстар

2011 – 2020 жылдары білім беруге жұмсалатын бюджет шығыстарын 

кезең-кезеңімен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы ішкі өнімдегі 

үлесін дамыған елдердің орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ету жо-

спарланып отыр.

Білім беру саласында педагогтік қызметтің ерекшелігін ескере отырып, 

еңбекақы төлеудің сараланған жаңа жүйесі əзірленіп, енгізіледі.


52

Ауылдық  ШЖМ  педагогтерін  қолдауға  арналған  шаралар  жүйесі 

қарастырылуда.

Болжамды қаржы шығындары (күрделі жəне ағымдағы)

Шығын  құрылымында  АКТ  мен  электрондық  оқытуды  дамытуға,                       

3 ауысымды жəне апатты жағдайдағы мектептердің орнына бейіндік, «На-

зарбаев  зияткерлік  мектептерін»  салуға,  жетекші  ЖОО-ларға  шетелдік 

ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға  

қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына шығындар басым.

Бағдарламаның 

бірінші 


кезеңін 

республикалық 

бюджеттен 

қаржыландырудың  қосымша  көлемі 461,1* млрд.  теңгені  құрайды,  оның 

ішінде:

2011 жылы – 59,7 млрд. теңге;



2012 жылы – 62,3 млрд. теңге;

2013 жылы – 52,8 млрд. теңге;

2014 жылы – 145,9 млрд. теңге;

2015 жылы – 140,4 млрд. теңге.

Бағдарламаның  іс  шараларын  жергілікті  бюджеттен  қаржыландыру  

жыл  сайын  тиісті  жергілікті  бюджеттерден  білім  беру  жүйесін  дамытуға 

бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

*2011 – 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тиісті қаржы жылдарына 

арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.



    


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет