Бағасы келісімді № 4 (90100) 24 қаңтар 2015 ж. Цена договорная
Газет 1933 жылѓы мамырдан шыѓады
Ауданныњ
ќоѓамдыќ-
саяси
апталыќ
газеті
Газет 1933 жылѓы мамырдан шыѓады
Біреу білер, біреу білмес
ұлтымыздың ұлы тұлғасы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
атында облыстық қоғамдық қор
бар. 2014 жылдан бері жұмыс жа-
сап келе жатқан аталмыш қордың
негізгі мұраты материалдық
жағдайы мәз емес жанұяларға
жәрдемдесу, ата-анасының қолы
қысқалығынан оқу мүмкіндігі жоқ
жастарға көмек беру, ескерусіз
қалған ескерткіштерге күтім
көрсету және қараусыз қалған
қарттарға барлық жағынан
қолдау жасау. Қазақ ұлтының
маңдайына біткен марқасқа
ұлдарының бірі емес бірегейі
Димекең ұлт көсемі ғана емес,
кісілігі мен кішілігі мол ерекше
жан екендігін көзін көрген аға
буын өкілдері тамсана жыр
қылады. «Билік баспалдағымен
қанша жоғары көтерілгенмен мен
халқымнан әрқашан төменмін»
деп ұлт өнегесін бір бойына
молынан сіңіре білген ұлы тұлға
әрине насихатты қажет етпесі
анық.
Ал Димекеңнің атын арқалаған
қоғамдық қорға көп көмегі, халық
қолдауы қажет-ақ. Өткен аптада
осынау қор қызметкерлері ауданы-
мызда болып аға буын өкілдерімен,
мекеме-ұжым басшыларымен жүз-
десті. Жүздесуді «Нұр Отан» пар-
тиясы Сарқан аудандық филиал
төрағасының бірінші орынбасары
М.Сарбасов ашып жүргізіп отыр-
ды. Алғашқы сөзді Ақсу ауданының
құрметті азаматы Болат Бисұлтанов
алып, ел аралаудағы мақсаттарына
кеңінен тоқталса, республикалық
Д.Қонаев
атындағы
байқаудың
жүлдегері
Алмат
Байғазинов
слайд арқылы бір сәт тұлғаның
өмір өткелдерін жиналғандар жа-
дында жаңғыртты. Ал Д.Қонаев
мұражайының меңгерушісі Хания
Есдәулетқызы салиқалы сөз сөйлеп,
көп көкейіне ой салса, облыстық арда-
гер әжелер ұйымының мүшесі Шара
Бүркеқызы тұлға туралы әндерді
тамаша орындап, көп қошаметіне
бөленді. Жалпы ел аузында Ди-
маш ағаның кісілік келбеті хақында,
қарапайымдылығымен
ұштасқан
ұлылығы жайында аңызға бергісіз
әңгімелер жетерлік. Республиканың
бірінші
басшысы
бола
тұра
жекеменшігінде пәтер де, көлік те
болмауы адами асылдығынан ха-
бар бергендей. Басшылық қызметте
жүргенде саялы өңір Сарқанды ерек-
ше ардақ тұтып, осынау өлкеге ат ізін
үш рет салғандығын ауданымыздың
алдыңғы толқын ағалары айрықша
ілтипатпен, ерекше жылылықпен
еске алды. Аудандық орталық
аурухананың
бас
дәрігері
И.Мырзашев біркүндік жалақыларын
қор атына аударатындықтарын айтып
қалса, аудандық білім беру бөлімінің
және қос колледж басшылары да
ортақ істен шет қалмайтындықтарын
білдірді. Өз заманының заңғары,
ғасыр ғана толғататын тұлға атын
айшықтау, есімін иеленген облыстық
қоғамдық қорға көпшіліктің қолдауы
керек. Д.Қонаевтың елі үшін еткен
еңбектерін тізбелесек тауыса алма-
сымыз белгілі, ендеше Димекеңді
әр қырынан танытатын қорға қал-
қадірімізше көмектесейік, ардақты
ағайын. Атамызды ардақтаған кез
келген адам төменде көрсетілген
есепшот арқылы көмегін көрсете
алады.
Есепшот:
Алматы
облыстық
«Д.А.
Қонаев» қоғамдық қоры
БИН 140 540 012 188 КБе18
КZ 988 560 000 006 579 000
АО БАНК «Центркредит»
БИК КСJВКZКХ
Қор төрағасы: Қ.К.Жексенов.
Ұялы тел: 87019438349.
П.ЖЕҢІСХАН.
Қор жұмысы қолдауды қажет етеді
Зал
толы
көрермендер
Мұхаммед
Пайғамбарымыздың
(с.ғ.с) өмірінен бейнеролик көріп,
өзінің
нұрлы
жаратылысына
Алланың қалауымен періштелерді
бас игіздірген тұлға туралы түсінігін
молайта түсті. Мұсылманның ру-
хани тірегі, бағыт-бағдары ретінде
кештің бастауында Сарқан аудандық
мешітінің бас имамы Серікбек қари
Асқарұлы құран оқыды.Осы сауап-
ты істің ұйытқысы болып жүрген
Қазақстан Діни басқармасының
Талдықорған өңірі бойынша өкіл
имамы Серікхан Рымханұлы Ах-
мадиев алғашқы сөз тізгінін алып,
мұсылман жұртшылығының басын
қосқан таңдаулы тұлғаның ғұмыр
жолы мен өсиеттерін жан-жақты на-
Қош келдің,
Мәуліт!
сихаттады.
Жиынның негізгі бөлімінде он
сегіз мың ғаламға сәруар болған,
отыз үш мың асхабқа сардар болған,
Өткен аптада аудан орталығындағы Балалар шығармашылық
үйін аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков аралап көрді.
Өнер ұжымымен кездесу
Ұжым басшысы Алтын Жаркенова мұндағы 8 үйірменің жұмысымен
таныстырды. Қолданбалы өнер, көркем сурет, хореография, шахмат,
дойбы, фортепиано, домбыра, вокал-эстарда үйірмелеріне қатынасып
жүрген оқушылардың жекелей жұмыстарымен, мұғалімдердің жоспарла-
рымен танысқан әкім мектептің әдістемелік-методикалық кабинетінің
жұмыс жоспарын көріп, ұстаздарға нақты міндеттер жүктеді.
Өткен жылы ашылған Алмалы ауылындағы осы мектеп филиалының
5 үйірмесінде 150-дей оқушының тәлім-тәрбие алуы туралы да сөз
қозғалды.
Сонымен қатар өңір басшысы оқушылардың аудан, облыс, республи-
ка, халықаралық жарыстардағы және Дельфий ойындарындағы жоғарғы
жетістіктеріне оң баға беріп, өз ризашылығын білдірді. Кездесудің соңы
шәкірттер мен ұстаздар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Өз тілшіміз.
●ОЙТҮРТКІ
Мәуліт мерекесін атап өту алғаш рет біздің жыл
санауымыздың 909 жылы Мысырдан бастау алып, 1207 жылы
ресми түрде мұсылман елдерінде аталып келеді. Қазақстан
мұсылмандары Діни басқармасының жетекшілігімен кейінгі
жылдары дәстүрлі сипат алған Мәуліт мерекесінің халық
жүрегіне ұялағанын аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға
көпшіліктің тайлы-таяғына дейін қалмай келуінен айқын
аңғардық.
аш-жалаңаш жүргенге қанағат бер-
ген, үмбетіне рахым етіп, шапағат
берген Мұхаммед (с.ғ.с)-ға салауат
айту үшін ортаға Текелі қаласының
бас имамы Нұржау Ғазизұлы мен
имамдар Манарбек және Бердібек
шығып, мәуліт оқыды. Ескелді ауда-
нынан келген жұртшылыққа танымал
өнерпаз Алғысбек Дәуен бұл күннің
шапағаты
жөнінде
жүрекжарды
жырын домбырамен сүйемелдеп
көпшілікке жеткізді. Аудандық
мәдениет үйінің өнерпаздары дінді,
діннің бастауында тұрған айту-
лы тұлғаны насихаттайтын ойлы
әндерімен көрінді. Бұл күні жамағатқа
ой салар ізгі амалдар орындалып,
көкөзектік Әлім Шәріпхан көркемсөз
оқып, Абай атындағы мектеп-
гимназияның дінтану пәнінің ұстазы
Рүстем Ыдырысов игі лебізін ортаға
салды.
Пайғамбарымызға
деген
сүйіспеншілігіміз
бен
танымы-
мызды айқындау үшін Мәуліт
мерекесін жүргізген Марат Алтын-
беков жамағатқа бірқатар сауал
жолдап, орынды жауап бергендер
ұйымдастырушылар тарапынан ма-
рапатталды. Келесі бір қайырымды
істі Алматы облысы Талдықорған
өңірі бойынша Зекет қорының
төрағасы Серік мырза жүзеге
асырып,
қамқорлыққа
мұқтаж
отбасыларға қор атынан сияпат тап-
сырды.
Жиынды
Қазақстан
діни
басқармасының Талдықорған өңірі
бойынша өкіл имамы Серікхан
Рымханұлы мен ауданның бас имамы
Серікбек Асқарұлы қорытындылап,
мерекені өткізуге қолдау көрсеткен
аудан әкімі Ерғазы Қошанбекұлына
ризашылығын білдіріп, ортақ іске
үлес қосқан бірқатар азаматтарға
Алғыс хат табыс етті. Мерекелік
жиынның куәгерлері "Дархан" мей-
рамханасында жайылған дастар-
ханда бас қосып, облыс аймағынан
келген дін өкілдерінің ұлағатты
уағыздарына ден қойды.
Өз тілшіміз.
Суреттерде:Талдықорған өңірі
бойынша өкіл имам Серікхан
Рымханұлының сөзі көпшілік
көкейінен шықты; Көрермендер
бұл күні ортаға салынған өнерге,
лебіздерге, пікірлерге қызыға ден
қойды.
Сарқан ауданының әкімдігі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік тілдің
мәртебесін көтеру, әдебиеттің көкжиегін кеңейту, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында Қазақ
хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты "Ер есімі-ел есінде" атты жыр
мүшәйрасын өткізетіндігі және мүшәйраның ережесі газетіміздің 10-қаңтар күнгі санында жарияланған
болатын. Қазақ хандығының бастауында тұрған ұлы тұлғалардың ерліктерін дәріптеу; Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің мәні мен мазмұнын өлең тілімен айшықтау; Еркін тақырыптағы бір өлеңін жатқа оқу бағытында өлеңге
таласы барлардың барлығы да байқауға қатыса алады.
Байланыс телефоны және факс: 2-20-47. E mail: igiman01@mail.ru
Ер есімі-ел есінде
Баланың көркем есімі келешегіне сәуле түсіреді екен. Өкінішке
орай, осындай жауапты іске кейбіреуіміздің немқұрайлы қарайтынымыз
қынжылтады. Баяғыда орыстанып, солтүстіктегі көршімізге еліктесек, енді
батыстанып, әлемдік деңгейдегі барлық есімді жат көрмеуге айналдық.
Сыры терең, мазмұны айқын, мағынасы бай есімдерден біз кенде емеспіз
ғой. Бұл ретте басқа елдердің тәжірибесіне ден қойғанымыз жөн сяқты
Баспасөздің хабарлауынша Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі
ел ішінде елу есімге тиым салу жөнінде өкім шығарыпты. Бұдан былай
жаңа туған сәбилерге Әмір, Линда, Абдул, Нәби және көптеген есімдер
берілмейтін көрінеді. Өкімге сәйкес бұл есімдер елдің салт-дәстүріне
қайшы, жөнсіз немесе шетелдік деп танылған.
Жомарт ИГІМАН.
Есіміңіз кім?
24 қаңтар 2015 жыл
2
Igiman01@mail.ru
Қазақстан Республикасы Прези-
денті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жыл сайынғы дәстүрлі
Жолдауының қағидаларын және
ауданның
2011-2015
жылдарға
арналған даму бағдарламасында ме-
желенген мақсаттар мен міндеттерді
іске асыру бағытында өткен мерзім
ішінде ауданда біршама жұмыстар
атқарылды. Қабылданған шаралар
нәтижесінде ауданның әлеуметтік-
экономикалык
дамуында
оң
өзгерістер өз жалғасын табуда.
Өнеркәсіп. 2014 жылдың қаңтар-
қараша айларында ауданда 997,7
млн.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді,
былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне
35,1%-ға артты, нақты көлем индексі
116,4% құрады. (2013ж- 738,5 млн.
теңге). Өнеркәсіптегі көрсеткіштер
былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда
жағымды,
атап
айтсақ өнеркәсіп өнімін өндіру 259,2
млн.теңгеге артты.
Ауыл шаруашылығы. Аграрлық
секторда
16198,6
млн.теңгенің
өнімі өндірілді, нақты көлем индексі
99,7%-ды құрады. Оның ішінде: мал
шаруашылығы өнімі 7366,3 млн.
теңге, ал өсімдік шаруашылығы
8802,2 млн.теңге. 2014 жылғы 1-
желтоқсанға мал мен құстың саны:
ірі қара мал-34,4 мың бас немесе
2013 жылдың сәйкес кезеңіне өсім
112,9%-ды құрады, қой-ешкі-100,9
мың бас немесе былтырғы жылға
103,9%, шошқалар-1,8 мың бас не-
месе былтырғы жылға 43,2% құрады,
жылқылар-12,3 мың бас немесе өсім
108,5%, түйелер-285 бас немесе
өсім 106,3%, құстар-192,8 мың бас
немесе өсім 139,2%.
Мал шаруашылығының негізгі
өнімдері өндірілді: тірі салмақтағы
мал мен құс –9556 тонна, 2013
жылдың сәйкес кезеңіне 108,9%,
сүт – 26025 тонна немесе 100,5%,
тауық жұмыртқасы – 11625 мың
дана (118,1%). Ауданда «Сыбаға»
бағдарламасы бойынша 39,2 млн.
теңгеге 196 бас сатып алынды,
«Құлан» бағдарлама бойынша 18,2
млн.теңгеге 59 бас сатып алынды.
Жыл басынан 187 дана ауыл
шаруашылық техникасы барлық
сомасы 939 млн.теңгеге сатып
алынды. Оның ішінде 145 дана
жалпы сомасы 703,8 млн.теңгеге
«КазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы, 26
дана басқа лизингілік компаниялары
арқылы жалпы сомасы 179,3 млн.
теңге және 16 дана 55,9 млн.теңгеге
өз қаражаттарына сатып алынды.
Шағын және орта кәсіпкерлік.
2014 жылдың 1 желтоқсанына
шағын
кәсіпкерліктегі
жұмыс
істейтін субъектілердің саны – 2297.
Сарқан ауданының әкімі Е.Қошанбековтың 2015 жылғы есеп
беру кездесулеріндегі баяндамасының тезисі
ШК
субъектілерімен
өндірілген
өнімнің көлемі 2161,4 млн.теңгені
құрады немесе 2013 жылға 103,3%
(2092,3 млн.теңге). ШК саласын-
да жұмыс істейтіндер саны – 9020
адам. Шағын кәсіпкерлік бойынша
бюджетке салықтық аударымдар
былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда 148,1% және 89,9
млн.теңгені құрады (2013ж.-60,7
млн. теңге).
Сауда. 2014 жылдың қаңтар-
қараша айларында бөлшек тауар ай-
налымы 3419,3 млн.теңгені құрады
немесе былтырғы жылға 132,6%,
2013 жылы 11 айында 2578,0 млн.
теңге болған.
Негізгі капиталға инвестициялар
11 айда 2753,0 млн.теңге құрады
немесе былтырғы жылға 77,3%
(2013ж.–3559,4 млн.теңге). Нақты
индекс көлемі – 74,4%. Соның ішінде
ЖҚ-1959,9
млн.теңгені
құрады,
былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда 139,3% (2013 жылы-
1407,1 млн.теңге болған).
Құрылыс. Ағымдағы жылдың
11 айында орындалған құрылыс
жұмыстарының көлемі 2982,5 млн.
теңгені құрады, 2013 жылға 110,2%
(2705,5 млн.теңге). 4234 шар-
шы метр тұрғын үй іске қосылды,
былтырғы жылмен салыстырғанда
101,3%-ды құрады. (2013ж.-4179
ш.м).
Көлік. 2014 жылдың қаңтар-
қараша айларында тасымалданған
жолаушылар саны 3445,3 мың адам,
коммерциялық тасымалдаумен ай-
налысатын кәсіпкерлер мен көліктік
емес ұйымдар бағасын есепке
алғандағы өсім – 105,9%. Жолаушы-
лар айналымы 119482,6 мың ж-км
немесе өсім- 105,8%.
Салықтар және бюджет.
Мемлекеттік бюджетке 785,8 млн.
теңге салықтар және басқа да
міндетті төлемдер түсті неме-
се жоспарға 146,0%. Оның ішінде
жергілікті бюджетке түскені 713,9
млн.теңге. Республикалық бюджет-
ке түскені 71,9 млн.теңге. Бюджеттің
кірісі 2014 жылдың қаңтар-қараша
айларында
5637,4
млн.теңгені
құрады немесе болжамға 101,0%
(болжам 5580,1 млн.теңге), оның
ішінде өз кірісіміз 247,7 млн.теңгені
құрады, болжам 131,3%-ға орын-
далды, трансферттер – 3126,8 млн.
теңге, субвенциялар-2262,9 млн.
теңге. Бюджеттің шығысы 5261,5
млн.теңге немесе бюджеттің орын-
далуы 93,8%.
Білім беру. Аудан бойынша 30
мектеп, 20 шағын орталық бар ,5
бала бақша жұмыс жасайды. 1 ком-
пьютерге 3,65 оқушыдан айналады,
оқушылар оқулықтармен 98,4 пайыз
қамтамасыз етілген. 6956 оқушының
6380-і ыстық тамақпен қамтылды,
бұл жалпы оқушылар санының 91,7
пайызын құрайды. Аз қамтылған от-
басы балаларының жалпы саны 938,
оның 904-і (96,4%) тегін ыстық тегін
тамақпен қамтылды. Асхана, буфеті
жоқ 4 мектепте үлкен үзілісте бір
мезгілдік шай мен тоқаш беріледі.
Денсаулық
сақтау.
2013
жылдың
сәйкес
кезеңімен
салыстырғанда әлеуметтік маңызды
аурулардың кейбір түрі төмендегені
байқалады. Атап айтсақ туберку-
лезге шалдығушылық 10 жағдайға
(2013ж.-25 адам, 2014ж.-15 адам),
сары ауруға шалдығушылық 7
жағдайға (2013ж-10, 2014ж.-3), алай-
да ӨІЖ тобы 2 жағдайға (2013ж-
16, 2014ж-18) өсті. Сарып ауруына
шалдығушылық бірқалыпты (2013ж-
13, 2014ж.-13).
Мәдениет
саласында
2013
жылы Екіаша ауылдық Мәдениет
үйін күрделі жөндеуге рес-
публикалық бюджеттен 73,9 млн.
теңге «Жұмыспен қамту - 2020»
бағдарламасы бойынша бөлініп,
күрделі жөндеу жұмыстары басталған
болатын. 2014 жылы аяқтау үшін
жергілікті бюджеттен қосымша 68,4
млн.теңге бөлініп, күрделі жөндеу
жұмыстары аяқталды. 2014 жылы
Шатырбай ауылдық Мәдениет үйінде
139,7 млн.теңгеге күрделі жөндеу
жұмыстары жүргізіліп, қараша айын-
да аяқталды.
Спорт саласында ауданда 27
шағын және орта футбол алаңдары,
33 спорттық алаңдар бар. Спорттық
алаңдар төсеніштері топырақпен
төселген, волейбол, гандбол, шағын
футбол ойындары үшін арнайы
жабдықталған. Сонымен қатар 26
жалпы білім беретін мектептерде
26 спорттық зал бар. Аудан бойын-
ша 667 спорттық секциялары жұмыс
жасайды, оған 10569 адам қатысып
жүр. Ұлттық спорт түрлерімен 787
адам
шұғылданады.
Ағымдағы
жылы спорт мектебінде 1116 оқушы
жаттығуда. Оқу жылында №54 орта
мектебінде бокстан филиал ашыл-
ды. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы
көрсеткіш бойынша ауданда турист-
тер қабылдайтын 24 нысан жұмыс
атқарады, соның ішінде 1 қонақ
жай және 3 аңшылық үйлер, 4 қонақ
үйлер, Балқаш көлінің жағалауында
16 демалыс аймақтары орналасқан.
Аудан аумағында «Жоңғар Ала-
тау» МҰТП-і орналасқан, ол орналас-
тыру мен туристік қызмет атқарады.
2014 жылғы туристік саладағы жал-
пы көрсетілген қызмет көлемі 33
млн.теңгені құрады.
Әлеуметтік сала. 2014 жылдың
11
айында
уәкілетті
органға
жұмыссыз ретінде тіркелу үшін 902
адам өтінді. Өтінген азаматтардың
634-і әр түрлі бағытта жұмысқа ор-
наластырылды. Жұмысқа орнала-
стыру деңгейі 70,3%-ды құрады.
527-і ақылы қоғамдық жұмысқа
жіберілді. Биылғы жылы ауданда
423 жаңа жұмыс орындары ашыл-
ды, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда
100
пайызды
құрайды (2013ж.-423).
Сарқан ауданы жұмыспен қамту
орталығы «Жұмыспен қамту-2020
жол
картасы»
бағдарламасына
сәйкес 502 азаматқа консульта-
циялар берілді, оның ішінде 502
азаматтан
өтініш
қабылданып,
«Жұмыспен қамту-2020 жол кар-
тасы» бағдарламасына қатысушы
ретінде тіркеліп, олармен әлеуметтік
келісімшарт жасалды.
Бірінші бағыт инфрақұрылымдық
жобаларды іске асыру бағыты
шеңберінде ағымдағы жылға 2 жоба
жоспарланып,
жұмыспен
қамту
орталығы арқылы «Жеңіс» саябағын
көркейту жұмыстарына 6 азаматқа,
Байтұрсынов - Әуезов көшелерінің
жолдарына орташа жөндеу жүргізу
жұмыстарына 9 азаматқа жолдама
берілді.
Екінші бағытқа сәйкес шағын
несие алуға ниет білдірген 45
азаматқа кеңестер беріліп, 21 аза-
мат «Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры»
АҚ ұйымдастырған «Бизнес –
Кеңесшісі» жобасы бойынша қысқа
мерзімді оқыту курсын аяқтап,
төмендетілген пайыз мөлшерімен
60,0 млн.теңге көлемінде мал басын
көбейтуге, жылыжай, техника жөндеу
орталығын ашу үшін жеңілдетілген
несие берілді.
Үшінші бағытқа сәйкес әлеу-
меттік жұмыс орнына 7 шаруа
қожалықтармен келісімшарт жаса-
лып, 23 азаматқа жолдама берілді.
Жастар практикасына 29 ме-
кемемен келісім шарт жасалып,
61 жас түлекке жолдама берілді,
25 азаматтың келісімшарт мерзімі
аяқталып 10 азамат жұмысқа орна-
ластырылды.
Политехникалық
колледжге
қайта даярлау курсына 10 азаматқа
« газ эл е к т р м е н д ә н е к е рл еу ш і »
мамандығы
бойынша
жолдама
беріліп, оқулары аяқталып бүгінгі
күнге 10 азамат жұмысқа орналасты-
рылды.
Бос жұмыс орындарына 437
азаматқа жолдама берілді. Мүмкіндігі
шектелген азаматтарға әлеуметтік
қолдау көрсету мақсатында толық
мониторинг жүргізілді. Жұмысқа
жарамды
мүмкіндігі
шектелген
азаматтардың саны – 809, оның
ішінде 448-і жұмыс жасайтындар.
Бүгінгі күнге 26 мүмкіндігі шектел-
ген азаматтарға жолдама берілді.
1 - азамат жастар практикасына, 2 -
азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 3-
азамат шағын несие алды, 19 - аза-
мат бос жұмыс орнына, 1- азамат
қайта даярлау курсына жолданды.
2014 жылдың қараша айында бір
жұмысшыға шаққанда орташа айлық
еңбекақы 69834 теңгені, ең төменгі
күнкөріс деңгейі – 21057 теңгені
құрады.
Қылмыстылық. Статистикалық
мәліметтер бойынша 2014 жылдың
11 айында 344 қылмыс тіркелді,
оның ішінде 20 ауыр, өте ауыры-3.
2013 жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда
қылмыстылық
көрсеткіші өсті; 117,8%-ды құрады
(2013ж.- 292 қылмыс).
Аудан әкімінің 2014 жылғы
өткізген есептерінде 13 ұсыныс айты-
лып, оларды жүзеге асыру жөніндегі
шаралар
жоспары
жасалынып,
бекітілді. Өткен жылғы есеп беруде
айтылған 13 ұсыныстың 12-і немесе
93% орындалды. Қалған мәселенің
шешімі қаржы жоқтығына байланы-
сты кейінгі мерзімдерге шегеріліп,
жұмыс барысындағы бақылауға
алынды. Аудандық бағыныстағы
қала және ауылдық округтер
әкімдерінің есепті кездесулерінде 20
ескерту мен ұсыныс айтылып, 100%
орындалды.
Жалпы алғанда, аудан тұр-
ғындарының әлеуметтік жағдайы
жақсарып,
экономикалық
жә-
не әлеуметтік салалардағы өз-
герістерге оң баға берілді. Біздің
бағдарламаларымыздың өзегі аудан
тұрғындарының
проблемаларын
шешу, мемлекеттік қызмет көрсету
сапасын арттыру болып табылады.
Бұл үшін бізде барлық жағдайлар
бар. Жоспарланып отырған жұмыс-
тардың дер кезінде және сапалы
орындалуы үшін осы мүмкіндіктерді
барынша толық пайдалана білуіміз
қажет.