Ауданныњ ќоѓамдыќ саяси



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата31.03.2017
өлшемі4,31 Mb.
#10935
1   2   3   4   5   6   7

Г. СМАГУЛОВА,

Сарқан аудандық «ХҚКО» РМК бөлім 

инспекторы.                           

Мемлекеттік базалық зейнетақы 

төлемдерін тағайындау

Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді  беру тәртібі

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2014  жылғы  16  сәуірдегі  №  358  қаулысымен  «Жер 

учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді беру» мемлекеттік қызметі Халыққа қызмет көрсету 

орталықтары арқылы көрсетіледі. Мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кез-

де:  белгіленген нысандағы  жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш; жер 

учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді 

көшірме;  ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жергілікті  атқарушы  органының  жер 

қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі  бекіткен 

жерге  орналастыру  жобасының  көшірмесі;  жергілікті  жердегі  жер  учаскесінің  шекараларын 

белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмесі;  жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған 

алаңда  жер  учаскелерін  орналастырудың  жерге  орналастыру  жобасы  болған  жағдайда, 

көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орна-

ластыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі 

материалдар  беріледі;  жер  учаскесін  сатып  алу-сату  шартының  көшірмесі  (жер  учаскесін 

сатқан кезде); уәкілетті органның жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы, сондай-ақ 

жер  учаскелерiн  төлеу  мерзiмiн  ұзартып  сату  кезінде  мәмiле  жасасуға  тыйым  салынатыны 

туралы (жер учаскесін сату кезінде) анықтамасы; көрсетілетін қызметті алушыдан нотариал-

ды  куәландырған  сенімхат;  жер  учаскесіне  жеке  меншік  құқығына  актіні  дайындағаны  үшін 

қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек); көрсетілетін қызметті алушының 

жеке басын куәландыратын құжат. 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар уәкілетті органға түскен күннен бастап 6 

(алты) жұмыс күні.

 

А.ТЕМИРБЕКОВА, 

Сарқан аудандық «ХҚКО» РМК бөлімінің инспекторы.                      

Мұрагерлік дегеніміз – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға 

(адамдарға)  –  мұрагерге  (мұрагерлерге)  ауысуы.  Мұрагерлік  өсиет  және  заң  бойынша 

жүзеге  асырылады.  Өсиет  қалдырылмаған  не  бүкіл  мұраның  тағдыры  айқындалмаған 

кезде мұрагерлік заң бойынша орын алады. 

Өсиет  дегеніміз  –  адам  қайтыс  болған  жағдайда  өзіне  тиесілі  мүлікке  билік  ету 

жөніндегі  өз  ықтиярын  білдіреді.  Азамат  өзінің  барлық  мүлкін  немесе  оның  бір  бөлігін 

заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай 

– ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиет қалдырушы 

себебін  түсіндірместен  заң  бойынша  мұрагерлердің  біреуін  не  бірнешеуін  мұрадан 

айыруға құқылы. Өсиетпен мұра қалдырушы кез келген уақытта жасалған өсиеттің күшін 

жоюына немесе құрамын өзгертуіне ерікті және оның себебін түсіндіруге міндетті емес.

Заң  бойынша  мұрагерлер  кезек  тәртібімен  мұрагерлікке  шақырылады.  Заң  бойын-

ша мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші 

жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестіріледі.  

Егер мұрагер кейін мұрадан бас тартпаса, мұрагерлік құқығынан айырылмаса және 

оны  мұрагер  етіп  тағайындау  туралы  өсиеттік  өкімді  жарамсыз  деп  танудың  салдары-

нан  мұрагерлік  құқығын  жоғалтпаса,  ол  мұра  ашылған  уақыттан  бастап  өзіне  тиесілі 

мұраға  немесе  оның  бір  бөлігіне  (үлесіне)  құқық  алады.  Мұра  ашылған  жер  бойынша 

нотариус мұрагердің өтінішімен оған мұрагерлікке құқық туралы куәлік беруге міндетті. 

Мұрагерлікке  құқық  туралы  куәлік  өсиет  бойынша,  сонымен  бірге  заң  бойынша  мұра 

ашылған  күннен  бастап  алты  ай  өткеннен  кейін  беріледі.    Осы  белгіленген  тәртіппен 

қабылданған мұра, ол ашылған күннен бастап мұрагерге тиесілі деп танылады. 

Мұрагерлікке құқық туралы куәлік берілген күннен бастап 6 ай ішінде міндетті түрде 

мемлекеттік тіркеуге жатады. 

С. СЕЙПЕЙОВА,

Сарқан аудандық "ХҚКО"  РМК филиалының инспекторы.

Өсиет бойынша немесе заңды мұрагерлердің 

мұраны алу жолдарын түсіндіру


Igiman01@mail.ru

24 қаңтар 2015 жыл

5

Алматы  облыстық  мәслихатының    2013  жылғы    1 



шілдедегі  "Алматы облысының елді  мекендерінде иттер мен  

мысықтарды ұстау және серуендету Қағидаларын   бекіту тура-

лы"   №19-127шешiмiмен   бекітілген.

Алматы    облысының  елді  мекендерінде  иттер  мен 

мысықтарды    ұстау  және  серуендету        Қағидалары.  Осы 

Қағидалар  Қазақстан  Республикасының  «Ветеринария  ту-

ралы»    және  «Қазақстан  Республикасындағы  жергiлiктi 

мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» заңдарына, 

Қазақстан  Республикасының  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  ту-

ралы»  Кодексіне сәйкес әзірленген. Қағидалар облыстың елді 

мекендерінде  иттер мен мысықтарды ұстау  және  серуендету,   

тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында ит-

тер мен  мысықтар ауруларына қарсы  профилактикалық шара-

ларды  жүргізу тәртібін реттейді.

Осы  Алматы    облысының  елді  мекендерінде    иттер  мен 

мысықтарды  ұстау  және  серуендету      қағидалары  (бұдан  

әрі  –  Қағидалар)    иттер  мен  мысықтардың  барлық  иелеріне, 

меншік  түрлеріне  қарамастан  жеке  және  заңды  тұлғаларға 

қолданылады.

1 Тарау. Жалпы  ережелер

Осы  Қағидалар  Алматы  облысының аумағында әрекет 

етеді.

Осы  Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады: 



1)  жергілікті  атқарушы  органның  ветеринария  бөлімшесі 

–  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын,    аудан,  қала 

әкімдігімен  ветеринария саласындағы функцияларды  жүзеге 

асыруға  уәкіл  етілген  атқарушы    орган;  2)  ветеринариялық 

iс-шаралар  –  иттер    мен    мысықтардың  ауруларының  про-

филактикасын,  оларды  емдеудi  немесе  диагностикасын  қоса 

алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға неме-

се  оларды  жоюға,  жануарлар    мен    адамның    денсаулығына  

қауiп  төндiретiн  аса  қауiптi  аурулар жұқтырған жануарлар-

ды  залалсыздандыруға  (зарарсыздандыруға),  алып    қоюға  

және  жоюға,  жануарлар  мен  адамның  денсаулығын  жұқпалы, 

оның  iшiнде  жануарлар      мен        адамға        ортақ        аурулар-

дан   қорғау   мақсатында,     бiрдейлендiру      рәсiмiн     қоса      

алғанда    эпизоотияға қарсы   ветеринариялық - санитариялық  

рәсiмдер    кешенi;  3)  ветеринариялық  паспорт  –  Қазақстан  

Республикасының    Үкіметі  белгілеген  нысандағы  құжат,  онда 

итті  немесе    мысықты  есепке  алу  мақсатында  иттің  немесе 

мысықтың  иесі, түрі, жынысы, түсі,  жасы және  лақап атауы 

көрсетіледі;      4)  иттерді  және    мысықтарды  бірдейлендіру  – 

бірдейлендіру  бұйымдарын  (құралдарын)    пайдалану  арқылы 

иттерге  және    мысықтарға  жеке  нөмірлер  беру,  олар  тура-

лы  мәліметтерді  деректер  базасына  енгізу  және  иттер    мен  

мысықтарға ветеринариялық паспорттарды беруді  есепке алу 

жүйесі;  5)  иттерді  және  мысықтарды  тіркеу  –  иттердің  және 

мысықтардың  бірдейлендіру  деректерін      ветеринариялық 

паспорттарға  және  бірдейлендіру    деректер  базасына  енгізу; 

6)  иттерді  және    мысықтарды  бірдейлендіру  бойынша  дерек-

тер  базасы  -  ветеринария  саласындағы  қызметтi  жүзеге  асы-

ратын  жергiлiктi  аудандық,  қалалық  атқарушы  органдардың 

бөлiмшелерi  жүзеге  асыратын  диагностикалық  зерттеу-

лер  нәтижелерiн  қоса  алғанда,  иттер  мен    мысықтардың 

жеке  нөмiрi  туралы,  оны  ветеринариялық  дауалау  туралы 

деректердi,  сондай-ақ  иттер  мен    мысықтардың  иесi  туралы 

деректердi  тiркеудiң  бiрыңғай,  көп  деңгейлi  жүйесiн  көздейтiн 

ветеринариялық  есептiң  бөлiгi;  7)  имплантант  (микро-

чип)  көмегімен  электронды  бірдейлендіру  –  иттің  өмір  сүру  

кезеңінде  сақталынатын  бірдейлендіру  нөмірі  қондырылған 

чиптың      тері    астына  енгізілуі;  8)  нөмірлі  татуировкалау 

–  иттер  мен    мысықтардың  есебін  жүргізу  үшін  олардың  

денелеріне  әріптік  немесе  сандық  белгілерді    таңбалап 

түсіру;  9)  қоғамдық  орындар  –    адамдар    көп    жиналған  не-

месе  көп    жиналуы    мүмкін  орындар,    оның    ішінде  бақтар, 

саябақтар  және  одан    басқа  азаматтардың  демалыс    орын-

дары,  жағажайлар,  стадиондар  және  т.б.  орындар;  10)  иттер 

мен  мысықтардың иесі – жеке  меншігінде  немесе меншіктің 

басқа түрінде иттер және мысықтарға  иелік етуші  жеке  не-

месе    заңды    тұлға;  11)  ұйықтату  –  иттер    мен    мысықтарды  

әдейі жансыздандыру; 12) иттер мен  мысықтарды серуенде-

ту – иттер мен  мысықтардың  тұрғын жайдан сырт жерде не-

месе арнайы қарастырылған аумақта  болуы; 13) иттерді және  

мысықтарды    асырау  –  иттер  мен    мысықтардың    иелерімен 

ветеринариялық-санитариялық  нормаларды  сақтай  отырып, 

иттердің  және  мысықтардың  толыққанды  тіршілік  қарекетін 

қамтамасыз ету үшін іске асырылатын әрекеттер; 14) ит – төбет 

тұқымдас, сүтқоректі; 15) мысық- мысық  тұқымдас,  сүтқоректі; 

16) қараусыз иттер мен  мысықтар - тіркелмеген, иесін анықтау 

мүмкін  емес,  иесінен  адасқан  не  болмаса  қашып  кеткен,  иесі 

немесе  жануарға  жауапты  адам  тарапынан  қараусыз  жүрген 

иттер  мен  мысықтар;  17)  иттерді  және    мысықтарды      аулау 

бойынша  мамандандырылған бригада  - қаңғыбас  иттер мен  

мысықтарды    аулаумен  шұғылданатын  ауданның,  қаланың  

жергілікті атқарушы органының ветеринариялық  бөлімшесімен  

құрылған мамандандырылған  бригада;  18) иттің нөмірлі же-

тоны – ит иесі, оның телефон нөмірі және  иттің лақап атауы 

көрсетілген,    иттің  қарғыбауына  бекітілген  жетон;  19)  иттерді  

және  мысықтарды серуендету орны –  осы мақсатта жергілікті   

атқарушы    органның    шешімімен  арнайы  белгіленген  жер-

ге  орналастырылған  қоршалған  алаң;  20)  қызметтік    иттер 

–  кинологиялық    орталықтарда    арнайы    тестілеуден    өткен, 

қызметтік мақсатқа  пайдалану  үшін үйретілген  иттер.



2 Тарау.  Иттер  мен  мысықтарды тіркеу тәртібі.

1.  Тұрғындардың,        кәсіпорындардың,        мекемелердің,    

ұйымдардың  меншігіндегі  барлық  иттер,  олардың  ішінде: 

қызметтік, күзетші, аң аулайтын және тұқымдарына қарамастан 

иелерінің ерекше жауапкершіліктерін талап ететін иттер, соны-

мен  қатар    мысықтар  аудандар    мен    қалалардың    жергілікті  

атқарушы    органдарының  ветеринариялық    бөлімшелерінде  

тіркеліп,  есепке алынуға тиіс. Есепке алынғаннан  кейін  әрбір  

ит  пен  мысыққа  иелерінің  есебінен  ветеринариялық паспорт 

беріледі.    Тіркеу  барысында  иттер  мен  мысықтардың  иелері 

осы  Ережелермен  таныстырылады.  Иттер  мен  мысықтардың 

иелерінің  Ережелермен  танысқандығы  тіркеу  кітабына  қол 

қойылумен 

рәсімделеді. 

Бірдейлендіруден 

өткендігінің 

қосымша  белгісі  ретінде итке қарғыбау мен жетон тағуға  не-

месе  электронды  микрочип  орнатуға  болады.  Чипті,  ит  иесі  

тұратын    орны  бойынша  ветеринария    маманы    енгізеді.  2. 

Барлық иттер үш айлық, ал мысықтар екі айлық жасынан ба-

стап  тіркелуге  жатады.  3.  Иттер  мен  мысықтар  иелерінің  ме-

кен  жайы  ауысқанда, олар иттер мен мысықтарын жаңадан 

тіркелген  жері бойынша аудандар  мен  қалалардың  жергілікті  

атқарушы    органының  ветеринариялық    бөлімшелерінде    екі 

апта  ішінде  тіркетуге  тиіс.  4.  Иттер  мен  мысықтарды  тіркеген 

немесе қайта тіркеген кезде иелері келесі мәліметтерді: иесінің 

тұлғасын куәлендіретін құжатты, мекен жайы туралы мәліметті, 

телефонының  байланыс нөмірін, ит және  мысықтың тұқымы, 

жынысы,  лақап  аты,  туылған  күні,  түсі,  ерекше  белгілері  не-

месе  ит    және    мысықтың  сипаттамасы  туралы  мәліметтерді 

ұсынады.  5.  Ит,  мысық  ұйықтатылғанда  немесе  өлген 

жағдайда, оның ветеринариялық паспорты мен жетоны бұрын 

тіркеу  жүргізген  ауданның,  қаланың    жергілікті    атқарушы  

органының ветеринариялық  бөлімшесіне өткізіледі. 6. Тіркеуші 

орган иттердің  және  мысықтардың  шығуы (сатылуы, жоғалуы, 

өлуі, басқа бір тұлғаға тапсырылуы) жағдайларында тіркеуден 

шығару үшін немесе қайта тіркеуі үшін хабарландырылады.

 3 Тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау

7.  Иттер  мен    мысықтарды  сатып  алу,  сату,  басқа 

тұлғаға  беру,  сонымен    қатар      аудан  және  қала  аумағында 

және    аумағынан  тыс    жерлерге  көліктің  барлық  түрлерімен 

тасымалдау,  құтыру  және  өзге  де  жұқпалы  ауруларға  қарсы 

егілгені,  жүргізілген    зерттеулер  мерзімі  туралы  белгісі  бар 

ветеринариялық  анықтамасы  немесе  ветеринариялық  па-

спорты  бар  болғанда  жағдайда  рұқсат    етіледі.        Иттер  мен 

мысықтарды  елді  мекеннен  тысқары  жерлерге  тасымалдау 

кезінде және елді мекенге басқа өңірлерден әкелген жағдайда, 

иелері  жануардың  денсаулығы  және  егу  жұмыстарының 

01  шілде  2013  жыл  №19-127  Алматы  облысы  әділет    департаментінде  2013  жылғы  07  тамызда  2419  нөмірімен 

тіркелген.

Алматы облысының елді  мекендерінде иттер мен  мысықтарды ұстау және серуендету Қағидаларын  бекіту туралы. 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару 

және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы 

органдарының ұсыныстарын қарай келе, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

1.  Қоса  беріліп  отырған  Алматы  облысының  елді  мекендерінде  иттер  мен  мысықтарды  ұстау  және    серуендету 

Қағидалары бекiтiлсiн.    

 

 

2.  Осы    шешімнің    орындалуына    бақылау  жүргізу  жетекшілік  ететін  облыс    әкімінің    орынбасарына    жүктелсін 

(келісім бойынша).

3.  Осы  шешім  әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркелген  күннен  бастап  күшіне  енеді  және  алғаш  ресми 

жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы   _________У.Касанов                             

Облыстық мәслихат  хатшысы                 ______________Е.Келемсеиіт

жүргізілгендігі  жөніндегі  және  жұқпалы  ауруларға  қарсы  12 

айдан  аспаған  мерзімде  не  болмаса  жолға  шығардан  30  күн 

бұрын егілгендігі жөніндегі мәлімет толтырылған ветеринарлық 

куәлігінің болуы тиіс. 

  8.  14  жасқа  толған  (итті  өз  аты-

на  тіркеу  үшін)    ата-анасының  жазбаша  рұқсаты  бар  тұлға 

(иелердің  ерекше  жауапкершілігін  қажет  ететін  иттердің 

түрлерінен  басқа)    иттің  иесі  болуы  мүмкін.  9.  Санитариялық 

–  гигиеналық,  зоогигиеналық  талаптар  және  осы  Ережелер 

сақталған  кезде  иттер  мен  мысықтарды  келесі  жерлерде 

ұстауға  рұқсат  етіледі:  1)  бір  жанұя  орналасқан  тұрғын  жай-

ларда;  2)  бірнеше  жанұя  тұратын  тұрғын  жайларда  пәтерде 

тұрып  жатқан  барлық  тұрғындардың  жазбаша  келісімімен  тек 

өзінің  тұрғын  жай  ауқымында;    3)  кәсіпорындарда,  мекеме-

лерде,  ұйымдарда,  азаматтардың  бақ  өсіруімен  айналыса-

тын  және  коммерциялық  емес  саяжайлар  бірлестіктерінде, 

демалыс  базаларында  иттер  байлауда  немесе  вольерлерде, 

айналасындағыларды  мазалауға  мүмкіндік  бермейтін      және  

қауіп  туғызбайтын  жағдайда  ұсталуға  тиісті.  10.  Көп  пәтерлі 

тұрғын  үйде,  бір  жанұя  пәтерінде  екі  ересек  ит,  үш  мысық 

және үш айлық жасқа толмаған төлін ұстауы мүмкін. Жастары 

үш  айдан    асқан  иттер  мен  мысықтардың  төлі  жаңа  иелерге, 

немесе  иесіз  жануарларды  аулап  –  ұстаумен    шұғылданатын 

аудандар және  қалалардың жергілікті  атқарушы  органының  

ветеринариялық бөлімшесінің  бригадасына    өткізілуі тиіс. 11. 

Иттер  мен  мысықтарды  көпшілік    пайдаланатын  орындарда 

(асүйлер,  дәліздер,  баспалдақ  бөліктері,  жертөлелер,  шатыр-

лар астылары, лоджиялар, балкондар және басқа да қосалқы 

үй-жайларда) үй жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры 

үйлерінің  жанындағы  аумақтардан  басқа),  қонақ  үйлерде, 

жатақхана  дәліздерінде  ұстауға  жол  берілмейді.  12.  Иті  не-

месе  мысығы  бар    адамдарды  қонақ    үй  әкімшілігінің  келісімі 

бойынша,    санитариялық–гигиеналық  қағидалар    сақталған 

жағдайда, қонақ үйге орналастыруға рұқсат  етіледі.  13. Иттер 

мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда, 

және  оларға  тиесілі  аумақтарда  жердің  заңды  иегерлерінің 

рұқсатымен  немесе  басқа да өкілетті тұлғалардың келісімімен 

ұстауға  рұқсат  етіледі.  Иттер  қоршауы  жануарлардың  қашып 

кетуіне  мүмкіндік  бермейтін, қоршалған аумақта, адамдар мен 

басқа жануарларға шабуыл жасай алмайтын жағдайда ұсталуға  

тиіс.  Аумақта  ит  бар  екені  туралы  кіреберісте  иттің  бейнесі 

салынған,  «Ит  күзетеді!  Охраняется  собакой!»  деген  жазба 

жазылған, көлемі 20 х 30 сантиметрден  кем  емес ескерту ха-

барламасы ілінуі қажет. 14. Елді мекеннің жеке тұрғын үй қорына 

жататын  үйлерде  санитариялық–гигиеналық,  зоогигиеналық 

талаптар  сақталатын  болса  екіден  артық  ит    ұстауға  рұқсат 

етіледі.  

  15.  Иттер  мен  мысықтарды  зообұрыштарда, 

балалар  және  жасөспірімдерге  арналған  мекемелердің  «тірі 

бұрыштарында»,  жазғы  және  қысқы  сауықтыру  санаториялық 

–  курорттық  мекемелерінде    санитарлық-эпидемиологиялық 

және  ветеринария  қызметтерінің    рұқсатымен  ұстауға  рұқсат 

етіледі.  16.  Иттер  мен  мысықтарды  олардың  терілерін  пай-

далану,  еттерін    өткізу,  өңдеу  және    тұтыну  мақсатында  

аулауға  рұқсат  етілмейді.  17.  Тіркелмеген  (есепке  тұрмаған) 

және  жұқпалы  ауруларға  қарсы  вакцина  егілмеген  иттер  мен 

мысықтарды  ұстауға  рұқсат  етілмейді.18.  Елді  –  мекендердің 

аумағында  иттердің  төбелесін  ұйымдастыруға  және  өткізуге, 

жануарларға  қарсы  қатыгез  әрекеттер  жасауға  мүмкіншілік 

беретін  басқа  да  іс-шараларды  өткізуге  жол  берілмейді 

(қызметтегі, күзетке арналған иттердің жұмыс қабілеттілігін тек-

серу мақсатында, иттердің жарақат алмауын ескеретін, дұрыс 

тұқымдық  сұрыптауға  арналған  арнайы  ережелер  бойынша 

тексерулерден басқа).

   

 

 

     4 тарау. Иелерінің ерекше жауапкершілігін талап ететін 

иттерді ұстау.

19. Адамдарға және басқа жануарларға жоғары агрессия-

ны көрсетуге бейім, ұстауда иелерінің ерекше жауапкершілігін 

қажет ететін асыл тұқымды иттердің есебін жүргізу мақсатында, 

осындай  иттерді    аудандық,  қалалық  жергілікті  атқарушы  

органдардың  ветеринария    бөлімшелерінде    тіркеуге 

алынғаннан  кейін  ғана  ұстауға  рұқсат  етіледі.  Итті  тіркеу 

барысында,  иттің  иесі  осы  Ережелермен  таныстырылып, 

танысқандығы  туралы  қол  қою  керек.  20.  Иелерінің  ерекше 

жауапкершілігін талап ететін иттерге: американдық стаффорд-

шир  терьері,  стаффордшир  бультерьері,  ротвейлер,  акита-

ину,  аргентин  догы,  питбультерьер,  бультерьер,  бульмастиф, 

бразильдік филдер, боксер, американдық бульдог, ризеншнау-

цер,  ағылшын  мастифы,  испан  мастифы,  пириней  мастифы, 

тибет мастифы, ирланд бөрбасары, лабрадор, командор, берн 

бақташы иті, корольдіқ (үлкен) пудель, бельгия овчаркасы, до-

берман, оңтүстік орыс овчаркасы, орта азиялық овчарка, кавказ 

овчаркасы, мәскеулік күзетші, және олардың будандары және 

тағы  басқа  да  шоқтықтарындағы  биіктіктері  50  сантиметрден 

асатын  ит  тұқымдары  жатады.  Иттердің  тұқымдары  олардың 

шыққан  тегі  туралы  құжаттар  негізінде,  даулы  жағдайларда 

жергілікті  аудандық,  қалалық  атқарушы    органдардың  вете-

ринария          бөлімшелерінде  қажеттілігіне    қарай    құрылатын 

эксперттік комиссияларымен анықталады. 21. Иелерінің ерек-

ше  жауапкершілігін  қажет  ететін  иттерді  аудандық,  қалалық 

атқарушы    органдардың  ветеринария    бөлімшелерімен 

келісусіз  иеленуге,  елді  мекендер  аумақтарына  әкелуге, 

ұстауға  және  өсіруге  рұқсат  берілмейді.      22.  Иесінің  ерек-

ше  жауапкершілігін  қажет  ететін  иттерді  ұстау  үшін  әлеуетті 

иегер  психоневрологиялық  және  нашақорлық  диспансерлік 

есепте  тұрмағандығы  туралы  анықтамаларды  аудандық, 

қалалық атқарушы  органдардың ветеринария  бөлімшелеріне 

көрсету  қажет.      23.  Балаларға  және  16  жасқа  толмаған  жас 

өспірімдерге,  сонымен  қатар  денсаулық  жағдайы  қоғамдық 

қауіпсіздікті  қамтамасыз  ете  алмайтын  азаматтарға  иесінің 

ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттерді серуенге шығаруға 

рұқсат  берілмейді.  24.  Иесінің  ерекше  жауапкершілігін  қажет 

ететін  иттерді    жергілікті  атқарушы  органдармен  белгіленген 

иттерді  серуендетуге  арналған  арнайы  орындарынан  басқа, 

қоғамдық    орындарға  және  көпшілік  демалыс  орындарына 

әкелуге рұқсат берілмейді.

5 Тарау. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі

Иттер    мен    мысықтарды    серуендету  кезінде  иелері 

мына  талаптарды сақтауы  қажет:  25. Иттерді тұмылдырықпен 

(иттердің  сәндік  түрлерінен  басқа)  және  қысқа  (1,5  метрге 

дейін)  мойын  жіппен,  Ережедегі  34-тармақта  көрсетілген 

орындардан  басқа  жерлерде,  айналасындағыларға  ешқандай 

мазасыздық, кедергілер келтірмейтіндей етіп ертіп жүруге және 

серуенге шығаруға болады. 26. Иттерді тұмылдырықсыз және 

мойын  жіпсіз  тек  арнайы  қоршалған  аумақтарда,  жаттықтыру 

алаңдарында,  жергілікті  атқарушы  органдары,  пәтер  иелері 

кооперативтері  бекіткен  еркін  серуен  алаңдарында  алып 

жүруге  болады.  27.  Иттердің  иелері  әрдайым  иттің  мойнын-

да  иттің  лақап  аты,  түрі,  иесінің  мекен-жайы  мен  телефон-

дары  көрсетілген  нөмірлі  жетон  бекітілген  қарғыбау  тағуы 

керек.  Иесінің  тілегі  бойынша  нөмірлі  жетонда  итке  қатысты 

басқа  да  мәлімет  көрсетілуі  мүмкін.  28.  Иттерді  тасымалдау 

қоғамдық  көліктердің  артқы  алаңдарында,  жолаушылардың 

мазасын  алуға  жол  бермейтін  жағдайда  жүзеге  асырылуы 

тиіс.  Иттердің  сәндік  түрлерін  және  мысықтарды  сөмкелерде, 

арнайы  торларда  (тасымалдауға  арналған  контейнерлер-

де)  немесе  қолда  алып  тасымалдауға  болады.  Науқас  ит-

тер мен  мысықтарды  қоғамдық  көлікте  тасымалдауға  жол  

берілмейді.  29.  Иттер  мен  мысықтарды  тұрғын  үйлердің 

маңында серуендету кезінде иттердің иелері 23.00. мен 07.00. 

сағат аралығында тыныштықтың сақталуын қамтамасыз етуге 

тиіс.    30.  Объектілерге  итпен  келуге  болмайтындығы  туралы 

тиісті  тыйым  салу  жазбалары  болмаған  кезде  иттің  иесіне  өз 

итін  қысқа  мойын  жіпте  және  тұмылдырықта  халыққа  қызмет 

ететін  кәсіпорындардың,  мекемелердің,  ұйымдардың  жайла-

рына  ертіп  әкелуге  рұсат  етіледі.  Итпен  келуге  тыйым  сала-

тын  кәсіпорындар,  ұйымдар  мен  мекемелер  нысандарға  итті 

ертіп  келуге  тыйым  салынатындығы  туралы  белгілерін  орна-

туы  және  иттерді  байлап  қалдыратын  орындарды  ғимаратқа 

кіре  берісте  жарақтауы  қажет.  31.  Итті  қысқа  мойын  жіппен 

және  тұмылдырықпен,  өздігінен  шешіліп  кетпейтіндей,  иесі 

ғимараттың ішінде уақытша болған мерзімге, егер де ит басқа 

тұлғаларға  қауіп  төнгізбейтін,  қоғамдық  тәріпті  бұзбайтын, 

қозғалыстарға  және  өзіне  зиян  келмейтіндей  жағдайда  бай-

лаулы  қалдыруына  болады.  Осы  кезде  ит  адамдардың 

және  автокөліктердің  өтуіне  кедергі  болмауы  керек.  32.  Ит 

қоғамдық  орындарда  қарғыбаусыз  тек  қызметтік  тапсырма-

ларды  орындау  кезінде  ғана  бола  алады.    33.  Көшелерден 

және  тораптардың  жанынан  өткен  кезде  иттің  иесі  (итті  се-

руендеуге  шығарған  тұлға)  жол-көлік  оқиғаларын  және  иттің 

өлуін болдырмау үшін мойын жібін қысқартып ұстауы тиіс. 34. 

Рұқсат  етілмейді:  1)  құтырма  ауруына  қарсы  егілмеген  және 

токсоплазмозға  тексерілмеген  иттер  мен  мысықтарды  серу-

ендетуге; 2) иттер мен мысықтарды рұқсат етілген немесе осы 

мақсатта  бөлінген  арнайы  орындардан  басқа,  балалардың 

аулалық  алаңдарында,  спорт  алаңдарында,  мектепке  дейінгі 

және оқу орындарының, емделу мекемелерінің аумақтарында, 

саябақтарда және тұрғындар жаппай демалатын өзге де орын-

дарда, тыйым салатын белгілер орнатылған орындарда серу-

ендетуге;  3)  иттер  мен  мысықтарды  жағажайларда  серуенде-

туге, көпшілік шомылатын жерлерде жуындыруға, тоғандарда, 

фонтандарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға; 

4) көзі нашар көретін адамды жетектеуші иттен басқа иттерді 

және  мысықтарды  қоғамдық  тамақтану  кәсіпорындарына, 

азық-түлік  дүкендерінің  сауда  жасау  және  өндірістік  орында-

рына,  мәдениет  мекемелеріне  әкелуге,  ұстауға;  5)  халық  көп 

жиналатын  орындарда  және  қоғамдық  шаралар  өткізілетін 

жерлерде  адамдарды  құтқаруға  арналған  тапсырманы  орын-

дау  барысындағы,  қылмыспен  күрес  және  қоғамдық  тәртіпті 

сақтауға  қатысатын,  сондай-ақ  көзі  нашар  көретін  адамды 

жетектеуші  иттерден  басқа  иттер  мен  мысықтармен  бірге 

болуға  тыйым  салынады.  35.  Мас  күйінде  болған  тұлғаларға 

иттер  мен    мысықтарды    серуендетуге    және  олармен 

көпшілік  жүретін  орындарда,  қоғамдық  көлікте  болуға  рұқсат 

берілмейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет