10
қажеттілігі айқын көрініп отыр. Солардың бірі қазақ терминологиясын
қалыптастыру мен дамытудың принциптері.
Кеңестік дәуірде жасалған терминдердің біразының бүгінгі таңда өзгертіліп
жатуының ең басты себептерінің бірі – олардың қазақ тілінің өз ерекшелікетері
ескерілмеген терминжасам принциптері бойынша
жасалғандығынан екендігін
мойындауымызға тура келеді.
Тіл – халық өмірінің айнасы іспетті. Ұлттың өміріндегі болып жататын барлық
өзгерістер мен жаңылықтар тілден көрініс табады. Әсіресе терминологиялық
лексикадан
мұны
анық
көруге
болады.
Қазақ
тіліндегі
термин
шығармашылығының әрбір кезеңі халық өміріндегі тарихи – мәдени және
әлеуметтік – экономикалық өзгерістермен
тікелей байланыстылығымен
ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: