121
білімді адамдардың арасында жүрген Шоқанның пікірі, ойы, білімі тез
ашылды. Досы Потанин айтады: «Шоқан біздің қасымызда жасы кіші болса
да, үлкен кісідей еді... . Мен Шоқанмен бірінші кезде жақсы бола алмадым.
Шоқан орысша, мен қазақша сөйлей алмайтын едік. Кейін Шоқан орыс тілін
үйренгеннен кейін, бір-бірімізге ақырын үйрене бастадық. Әсіресе қазақ
жайынан білгім келген нәрсені Шоқаннан сұрап, жазып алатын болдым.
Шоқан маған қазақтың тұрмысынан көп нәрсе үйретті. Менің жазып
алғандарыма ол суретін салып жіберетін. Содан кейін екеуміз дос болып,
ойымыз бір жерден шығатын болды. Шоқан өз жұртын өте сүюші еді.
Қолынан келсе, қазақ халқына жақсылық жасаушы еді. Қазақ халқы үшін
қызмет жасау оның бар мақсаты еді. «Мен ең алдымен қазағымды жақсы
көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл
адамзатты жақсы көремін»,- дейтін.
Сол уақытта қазақтың оқуы болса, Шоқан Уәлиханов қазақ халқының
данышпан жазушысы болар еді. Шоқан таза пікірлі, ақ жүрек, ұлтын сүйген
жігіт болған. Оның бар талабы ғылымға ұмтылу, қазақ халқына пайда келтіру
болды. Қазақ халқының тұрмысын, тарихын анықтау жолында болды.
(https://shoqan.kz/kz/bio/bio-omsk/)
Достарыңызбен бөлісу: