117
«кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген философиялық сөзіне сай, содан
кейін қателесу, өкініш пен «әтеген-ай»-лар өте сирек болатын.
Ағайын арасындағы кішігірім кикілжің, дау-жанжал, шекісу,
түсініспеушілік те елге сыйлы, парасатты ақсақалдардың кеңесінен кейін
шешіліп, өзара бітімге келіп, әрі қарай өршімей доғарылатын. Тіпті, кейде
бұзақы, тентек, мазасыз жастарды орталарына салып, олардың жағымсыз,
теріс қылықтарын беттеріне басып, ұялтып, тергеу органдарына, сотқа
жібермей-ақ өздері түзу жолға, жөнге салатын. Ауыл ақсақалдарының
айтқаны, қабылдаған шешімі – баршаға жазылмаған заң болатын. Солардың
сол бір іс-әрекеттерін көріп, қазақтың «қариясы бар ауылдың – дариясы бар»
деген қанатты, дана сөзін еске алатынбыз.
Иә, ауылдың көреген, қадірлі қарияларының рөлі ол кездері ерекше
болатын еді-ау, шіркін! Сырттан келген басшылар да оларға бұрылып келіп
сәлем беріп, ел ұйтқысы болып отырған ақсақалдарды қадірлейтін,
құрметтейтін, ардақ тұтатын. Тіпті, бұны біз сол кездері ұлтымыздың атадан
балаға жалғасып келе жатқан жақсы бір салт-дәстүрі деп қабылдайтынбыз.
(https://massaget.kz/blogs/)
Достарыңызбен бөлісу: