Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет119/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

Қазақ ғарышкері 
- Сіз ғарышкерлер отрядына Тоқтардан бұрын алынғаныңызбен, бірінші 
болып ұшпағаныңызға өкінішті емессіз бе? 
- Дәл осы сұрақ қай жерге барсам да алдымды орай береді. Оған жауап 
беруге дағдыланып та алдым және сол жауаптарымнан қайтпаймын. Жалған 
сөйлеп қайтемін. Әрине, өкініштімін. Бірінші болмаған себебімнің бірнеше 
жағдайы бар. Оларды тарқатып айтар болсам, біріншіден, қазақ қашан да 
ағаны сыйлаған. Тоқтар менен үлкен, демек аға болады. Мен оны қашан да 


137 
«Тоқтар аға» деп айтамын. Екіншіден, Тоқтар аға – өте сирек кездесетін 
әскери ұшқыштардың бірі. Оны дәлелдеу үшін екі-ақ дерек келтірейін. 
Біріншіден, Тоқтар ағадай ұшқыш Қазақстанда жоқ. Екіншіден, бұрынғы атау 
бойынша Кеңес Одағында бұл кісі алдыңғы бесеудің ішінде есептеледі.
- Талғат аға, Тоқтар Әубәкіровтің ерлігі жайлы сізді кездесулердің 
бәрінде айтып жүреді деп естиіміз. 
- Ондай ерлікті айтпау дұрыс емес деп есептеймін. Өйткені Тоқтар ағаның 
өзі ол туралы айта бермейді. Мен сіздерге мынадай бір ғажайып мысалды 
айтайын. Тоқтар аға – тоғыз бал толқынның үстінде тұрған кемеге ұшақ 
қондырған ұшқыш. Бұл – авиация тарихында өте сирек құбылыс, көп 
жағдайда мүмкін емес. Одан кейінгі ерлігі бұдан да артық: солтүстік полюске 
де ұшақ қондырды. Мұндағы кереметі сол – әуеде ұшаққа он дүркін май 
құйды. Мұны бертінге дейін мүмкін емес деп келген. Сол мүмкін болмайтын 
істі Тоқтар аға мүмкін етті.
- Сіздің де ұшақ спортынан жетістіктеріңіз адам таңғаларлық деп 
естігенбіз. 
- Менің ғарышқа бірінші ұшпағаныма тағы бір себеп бар. Тоқтар аға 
ғарышкерлер отрядындағы бағдарламаны адам таң қаларлық қысқа мерзімде 
орындап, емтихандарын ешбір ескертпесіз тапсырды.

Залда отырғандар дуылдатып қол соғумен ғана шектеліп қалған жоқ. 
«Міне, нағыз азамат!» «Өзгенің ерлігін айтудің өзі ерлік емес пе?» «Халық 
қырандарының мерейі үстем бола берсін» деген сөздер ауыздан ауызға тарап 
жатты.
(М.Серғалиев) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет