133
жұмысының патриоты болуы керек. Бүгінде жастарымыздың көпшілігі
мамандық таңдауда қателесіп жатады. Бірі мамандықты өзі қаламай таңдаса,
бірі грант үшін, ал енді бірі жалақысы жоғары мамандықтарды таңдағанды
жөн көреді. Тез өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық, өнімді
жұмыс күшін құру үшін адамға тұрақты жұмыс қажет. Білімге, дағдыға және
адам қабілетіне байланысты мамандықтар болашақтың іргесін нық қалайды.
Сол себепті болашақта да қажет етілетін мамандықтарды біле жүріңіздер!
Бүгінгі таңда елімізде қажет етілетін мамандық тізімінде
инженерлік
мамандықтар
бар. Мамандардың болжамы бойынша озық ұстанымдарға
өндірістік шығарылым мен инженерлік мамандықтар жатады. Қазіргі таңда
ең қажет етілетіндері құрылысшылар, техникалар мен технологиялық
машиналарды құрастырушылар, сонымен қатар машина жасаушылар екен.
Олардан кейінгі керек мамандар қатарын металлургтер, энергетиктер, мұнай
және газ саласының, есептеу техникасының, электроника және
телекоммуникация жұмысшылары алады екен. Заман жылдам өзгеру үстінде.
Жаңа технология мен ақпараттың үстем болатын заманында керек
мамандықтың бірі –
АТ және компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуді
жасаушылар
. Бұл мамандықтарға бағдарлама жасаушы, яғни білікті,білімді
программистер жатады. Олар бағдарламалық жасақтаманы құратын және
оның жұмысқа қабілеттілігін қолдаушы маман. Қазіргі таңда компьютер тілін
жетік білетін мамандар сұранысқа ие.
Болашақтың іргесін қалайтын мамандықтың тағы бірі –
қала құрылысы.
Жаңа, тез өсіп келе жатқан мегаполистерді жоспарлау, құру және қызмет
көрсетуді қолайлы қалалық ортаны құра алатын мамандар қажет болады.
Кәсіп пен пысықтықты талап ететін сала –
логистика
. Логистика саласы
кәсіпорынның қызмет етуінде бірінші кезекті маңыздылыққа ие. Логистика –
корпорация, компания, зауыт, фабрика секілді кәсіпорындардың жасап
шығарған тауар өнімдерін бір нүктеден екінші нүктеге жеткізумен
айналысатын сала. Бұл саланың болашағы жыл сайын қарқынды өсуде.
Білікті жастардың да осы салаға қызығушылығы артуда.
Бүгінде қоршаған ортаны сақтау мәселелері үлкен орынға ие.
Атмосферада зиянды қалдықтардың өсуі болашақ жаһандық әлемде бірінші
орынға экология мәселесін қояды. Сондықтан кәсіби
экологтарға
сұраныс
арта бастайды. Экология саласы ешқашан өлмейтін және үнемі талап
етілетін мамандықтар қатарына жатады. Сонымен қатар болашақта елімізде
химия саласының мамандары, тағамдық өнеркәсіп, медициналық
мамандықтар, болашақта біршама талап етілетін нанотехнологиялар,
сервиспен байланысты мамандықтар сұранысқа ие болады.
Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс
қалап, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын білікті маман болу әрбір жанға
бұйырсын!
(http://kazgazeta.kz/news/70099)
Достарыңызбен бөлісу: