140
Еліміздегі туризмнің ілгері басып келе жатқанын ағылшын бекзадасы
Гарри Уэльскийдің демалуға келгенінен байқауымызға болады. Инге
ханзадаға "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына баруға кеңес беріпті. Сондай-ақ
алдағы уақытта ол қалаға белгілі Голливуд жұлдыздарын шақыруды көздеп
отыр екен. «Мегаполистің туризм саласын жетілдіру бойынша менің жаңа
идеяларым бар. Оны жүзеге асыру мақсатында 1980 жылдан бері Британияда
өткізілетін
халықаралық
Кендал
Моунтэйн
фестивалін
осында
ұйымдастыруды ұсынып отырмын. Өткен жылы оған қатысушылар саны 15
мыңнан артқан», - деді саяхатшы Инге Солхэйм.
Алматыда шаңғымен сырғанау демалысы дамып келеді. Шетелдік
туристер де осында жайлы демалу үшін ағылып келе бастады. Бұрын
Алматыға шетелдіктер іскерлік мәдени шараларға жиі келетін болса, бүгінде
халықаралық туризмге қызығушылық артқан. Соның ішінде Алтынемел, Іле
Алатауы, Көлсай, Шарын сияқты ұлттық саябақтар қомақты қаржы түсіріп
отыр. Туристердің арасында қалаға Ресей, Қытай, Түркия және Оңтүстік
корея азаматтары көп келеді екен. Мыңжылдықтың басында Алматыға
келген саяхатшылар 200 мыңнан аспаған. Ал қазір 600 мыңға жетіпті. Өткен
жылы тек Алматы қаласының туризмінен мемлекеттік қазынаға 5 млрд
теңгеден астам қаржы түсіпті.
(www.astana-akshamy.kz › elo..)
Достарыңызбен бөлісу: