Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет123/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

Аспан әміршісі 
 
Әлемдегі ұлы таулар бәрімізге де мектеп оқулықтарынан таныс. 
Олардың биік шыңдарының атын бала кезімізден жаттап өстік. Бірнеше 
мемлекеттерді орап созылып жататын таулардың пайда болу тарихы да өте 
қызық. Таулар жергілікті халықтар қойған атаумен тарихқа жазылса, кейде 
қызықты бір оқиғаның себебімен басқа атауға ие болып жатады. Солардың 
ішінде Гималай тауларының орны ерекше.
Жер бетіндегі ең биік шың – Джомолунгма (Эверест). Бұл шыңның 
биіктігі – 8848 метр. Оны Непалда Сагарматха дейді. Бұл – аспан әміршісі 
деген сөз. Ал тибеттіктер тілінде Джомолунгма деп атайды. Оның мағынасы 
«құдай – әлем анасы» деген сөз. Шыңның Эверест деп аталуы да қызық. 
Үндінің геодезия жүйесінде қызмет ететін ағылшын полковнигі Эверест 
«әлемнің ең биік шыңы – осы» деп байлам жасаған. Бір ғажабы, ол бұл 
шыңның басына шықпақ түгілі, етегінде де болмаған. Оның тапқыр да дәл 
есебін жоғары бағалаған ғалымдар шыңға «Эверест» деп ат қойған.
Күні бүгінге дейін бұл шыңға алты бағытпен жол салынды. Эверестің 
беткейі – жан баспаған, мәңгі мұз орнаған құздар, шыңдар. Бұл бағыт аса 
күрделі, қауіпті. Мұнда ауаның қысымы да әдеттегіден төрт есе төмен. Отыз 
градустан асатын аяз, қатты жел үнемі болып тұрады. Жер бетіне түсетін 
күннің радияциялық қуаты бұл шың басында бірнеше есеге артады. Жыл 
мезгілдерінің қай кезеңі болса да, мұнда қатты дауыл, қар көшкіні болып 
тұрады. Әлемдегі көптеген мемлекеттер осы заңғар биіктегі шыңға өз елінің 
туын тігуге тырысады. Сол үшін де мұнда ұлты мен ұстаған дініне қарамай, 


141 
түрлі альпинистер шартараптан келіп жатады. Олар бұрын ешқандай шың 
бағындырушылардың басып өтпеген бағыттары арқылы өзіндік жаңа жол 
салуды армандайды.
Такаппар шың шын ерлерге, шыныққан нағыз шеберлерге ғана бас иеді. 
(С.Елубаев) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет