Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет129/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

Таңғажайып көрме 
Монреаль көрмесі қазақ үшін несімен құнды? 1967 жылы Канаданың 
Монреаль қаласында өткен EXPO Қазақ елінің тарихына да елеулі 
оқиғалардың бірі ретінде енді. Себебі Қазақстан сол кездегі Қазақ ССР 
ретінде алғаш рет өз делегациясын жіберіп, жеке павильонын ашты. 
Осылайша, EXPO алаңында қазақтың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, бай 
мәдениеті мен өнері барша әлемге паш етілді. Сол кезде қазақтың сахна 
саңлақтарының ішінде белгілі опера әншісі Бибігүл Төлегенова да болды. 
«Менің әкем репрессияға ұшыраған азаматтардың бірі болғандықтан, ұзақ 
уақыт бойы шетелге шығуға рұқсат болмады. Сол себепті Канадаға алғаш рет 
барғанымды ешқашан ұмытпаймын. Ұшақ трапынан түскен бойда біз өзге бір 


146 
әлемге енгендей күй кештік. Өзіңіз елестетіп көріңізші, Совет Одағынан 
кейін шынымен қапталған 20-30 қабатты ғимараттары мен көлікке толы 
көшелері бар қалаға кіргенде, біз аң-таң болдық», - дейді Б. Төлегенова.
Советтік делегацияны EXPO-ның орналасқан жері де бейжай 
қалдырмады. Көрме нысандары екі аралда бой көтерді. Оның біреуін арнайы 
кеңейтіп, Нотр-Дам атты жасанды арал жасап шығарды. Ол үшін Монреаль 
метросының құрылысы кезінде шыққан топырақты әкеліп, әулие Елена 
аралының жанына төккен. Сөйтіп, екінші аралды жасаған. Содан соң екеуінің 
арасын арнайы тасжолмен қосты. Ол жерде 62 мемлекеттің павильондары 
орналасты. Монреаль көрмесі кезінде әрбір мемлекет өз павильонын жеке 
жоспары бойынша салды. Канада елі өз ғимаратын төңкеріліп тұрған 
пирамида үлгісінде көтерді. Оның төбесінде арнайы алаң болды. Көрме 
қонақтары оған шығып, айналаны биіктен тамашалауға мүмкіндік алды. 
Нидерланды да футуристік ғимаратымен таңғалдырды. Ал, екі бәсекелес 
держава – КСРО мен АҚШ-тың павильондары бір аралда салынбады. Олар 
екі бөлек аралда бой көтерді. АҚШ үлкен сфера үлгісінде павильон ашса, 
КСРО мәдениет үйі тәрізді ғимаратты салып алды. Сөз жоқ, сол кезде әлем 
елдері КСРО-ның павильонын көруге асықты. Сол себепті оған келген 
адамдардың саны рекордтық көрсеткішке – 13 миллион адамға жетті.
Павильонның ішінде совет кезіндегі ғылыми-техникалық жетістіктердің 
бәрі болды. Шетелдіктер қазақтың мәдениеті мен өнеріне де қатты қызықты. 
«Осы сапар үшін бізге сан алуан ою-өрнегі мен ұзын қауырсындары бар 
арнайы костюмдер тігіп берді. Бәрі бізге келіп: «Сіздер қай жақтан 
боласыздар?» - деп сұрап жатты. «Совет Одағынан» десек те, бізді жан-
жағымыздан зерттеп, бірге тұрып, фотосуретке түсіруге асықты. Ал, концерт 
басталғанда олар ауыздарын ашып қалды. Ұлттық киім киген біреулер келіп, 
әлемдік партияларды орындап жатыр! Мен Гаэтано Доницеттидің 
«Линдасын» айтсам, Ермек «Фигаро» және тағы басқа шығармаларды 
орындап берді. Классикадан бөлек, біз Латифа Хамидидің «Бұлбұлын», 
«Гауһар тас» және басқа да қазақтың танымал әндерін шырқап бердік. 
«Сіздер ән айтуды қайдан үйрендіңіздер? Италиядан ба?» - деп қайта-қайта 
сұраумен болды. Біз болсақ, «жоқ, өзімізде, Алматы қаласында үйрендік» деп 
жауап бердік. Содан «Алматы, ол қай жерде?» деп қайтадан сұрауды 
бастайтын», - деп еске алады Б. Төлегенова. 
Монреаль көрмесі қазақ үшін несімен құнды? 1967 жылы Канаданың 
Монреаль қаласында өткен EXPO Қазақ елінің тарихына да елеулі 
оқиғалардың бірі ретінде енді. Себебі Қазақстан сол кездегі Қазақ ССР 
ретінде алғаш рет өз делегациясын жіберіп, жеке павильонын ашты. 
Осылайша, EXPO алаңында қазақтың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, бай 
мәдениеті мен өнері барша әлемге паш етілді. Сол кезде қазақтың сахна 
саңлақтарының ішінде белгілі опера әншісі Бибігүл Төлегенова да болды. 
«Менің әкем репрессияға ұшыраған азаматтардың бірі болғандықтан, ұзақ 
уақыт бойы шетелге шығуға рұқсат болмады. Сол себепті Канадаға алғаш рет 
барғанымды ешқашан ұмытпаймын. Ұшақ трапынан түскен бойда біз өзге бір 
әлемге енгендей күй кештік. Өзіңіз елестетіп көріңізші, Совет Одағынан 


147 
кейін шынымен қапталған 20-30 қабатты ғимараттары мен көлікке толы 
көшелері бар қалаға кіргенде, біз аң-таң болдық», - дейді Б. Төлегенова.
 (Арман Асқар. «EXPO – Парижден Астанаға дейін» 
e-history.kz
 › upload › iblock) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет