Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Түрім неміс болғанымен, жүрегім – қыпшақ



Pdf көрінісі
бет130/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

Түрім неміс болғанымен, жүрегім – қыпшақ 
 
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, өзін Дәуіт деп 
таныстыратын мажарлық азамат, түрколог ғалым Давид Шомфан Қара: «Мен 
– түрім неміс, жүрегім – қыпшақ, көшпелі халықтардың мәдениетін 
зерттеуші ғалыммын. Кішкентай кезімнен көшпелілер тарихын қызыға 
оқыдым. Бара-бара олардың мәдениетін тереңірек білсем деген арман пайда 
болды. Содан Иштван Қоңыр Мандокиге (венгриялық қыпшақ, түрколог 
ғалым. – автор) жолығып, оған өзімнің көшпелі халықтардың рухани 
байлығын, мәдениетін, салт-дәстүрін зерттегім келетінін айттым. Ол кісі 
маған қазақ тілін үйрен деп кеңес берді. Ал тіл үйрену керемет қиын десем, 
өтірік айтқан болар едім. Жалпы, біздің венгрлерге тән бір нәрсе, біз үшін 
ешбір түркінің тілі жат емес. Оны тез үйреніп аламыз. Ал 1992 жылы Қоңыр 
күтпеген жерден дүниеден озғанда, мен оның ісін әрі қарай жалғастырамын 
деп шештім. Содан Алматыға келіп оқып, қазір қазақ-қырғыз халықтарының 
рухани мәдениетін зерттеп жүрмін. Қазақстанға жиі-жиі келіп тұрамын. 
Венгрияда, басқа шет елдерде мақалалар жазып, қазақ-қырғыз ауыз әдебиеті 
жайында кітаптар шығардым. Көшпелілердің мәдениетін сақтап және біздің 
Мажарстан мен Қазақстан арасында көпір орнатқым келеді.
Қазақстан тез дамып келеді. Сол дамудың екінші жағы – көшпелі 
өркениеттен қалған мәдениеттің жоғалып кету қаупі. Ал мен оны келер 
ұрпаққа жеткізу қажет екеніне әбден сенімді адаммын. 
Амандық болса, биыл Қазақстанға қайтадан келіп кетпекшімін. Себебі 
«Қырымның қырық батыры» жырын жатқа айтатын Болатбек есімді 
жырауды таптым. Сол кісіні жазып, зерттегім келеді»
(«Айқын» газетінен) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
 


148 
1. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – 
Астана, 2002. – 784 бет. 
2. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: ҚазАқпарат, 
2007. 356 бет. 
3. Қалиев Б. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. – 2014. – 728 бет. 
4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы ред. басқарған Т.Жанұзақов. – 
Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 бет. 
5. Казахско-русский словарь: около 50 000слов /Под ред. чл. корр. НАН РК 
Р.Г.Сыздыковой, проф. К.Ш.Хусаина. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 962 с. 
6. Бизақов С. Синонимдер сөздігі. Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 670 б. 
7. З.С. Күзекова, Ұ.О. Асанова, Т.Т. Аяпова, Ф.Ш. Оразбаева, М.Қ. Мамаева 
Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің деңгейлік тақырыптық лексикалық 
минимумы / Екінші басылым. – Астана: «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК, 
2018. – 100 бет. 
8. Абдуова Б.С., Асанова Ұ.О. Қазақ тілі: Орыс тілді топтарға арналған оқу 
құралы. – Астана, 2017. - 282 бет.
9. Смағұлова Г. С. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. - Алматы: «Елтаным 
баспасы», 2010 жыл. – 252 бет. 
10. Қазақ мақал-мәтелдері – Казахские пословицы и поговорки / Құраст. және 
ауд. М.Аққозин – Алматы, «Алматыкітап баспасы», 2017. – 272 бет. 
11. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы 
саясаты // ғылыми-оқулық басылым. - Алматы: Қарасай, 2006. 
12. Қазақ тілі және ұлттық құндылықтар. Кешенді оқу құралы. 1,2,3,4 кітап. – 
Алматы: Еверо, 2018. 
13. Қазақ тілін оқытуға арналған грамматикалық анықтағыш / Авторлары: 
Г.Қ. Досмамбетова, З.С. Ерназарова, З.С. Күзекова, А.О. Тымболова. Астана: 
Ұлттық тестілеу орталығы, 2012. – 300 б. 
14. 
Орфографиялық сөздік /Алтыншы басылым. Құраст. Н.Уәли, 
Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова. – 
Алматы: Дәуір, 2013. – 720 б.
15. Онлайн ресурстар: kaz-tili.kz, www.sozdik.kz, www. soylem.kz, tilalemi.kz.
16. Интернет материалдары 


149 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет