145
Мұрат Батырбаев әуелде жаттықтырушы Николай Трофимович үшін
елеусіз қораш қана біреу еді. Түр-тұрпатынан спортқа бейімділіктің
ешқандай нышаны байқалмайтын. Бірақ бара-бара осы бала аңдағыш
ұстаздың көзіне дараланып түсе бастады. Нені болса да, табанда үйреніп,
игеріп алғысы келеді, көрсеткеннің бәрін жан салып, мүлтіксіз
орындауға
тырысады. Бұл әрекеті және табыссыз да емес. «Осы баладан түбінде жақсы
спортшы шығуы мүмкін!» деген ойының жаңсақ еместігіне әбден көзі жетті.
Ешкімнің үйретуінсіз өздігінен жаттығып, ол қандай дәрежеге көтерілген!
Бокстасудың әр қилы айла-тәсілдерін қалай жақсы меңгерген! Н.Трофимович
сезген-түйгендерін бір-ақ ауыз сөзбен жинақтап айтты: «Осы бетіңнен
айнымасаң, жақсы боксшы боласың! – деді. Бұл сөзді естіп Мұраттың өзіне
деген сенімі еселеп арта түсті.
Жарыс басталды. Рингке бірінші болып аса жеңіл салмақты боксшылар
Питер Сандересс (АҚШ) пен Мұрат Батырбаев (КСРО) шақырылды. Мұратқа
қарағанда Сандересс бойшаңдау екен. Бірақ
оның есесіне Мұрат кеуделі,
шымыр. Спортпен шұғылдана бастағалы бері үш жылдың ішінде үзбей
жаттығудың, шынығудың арқасында осындай дәрежеге жеткен.
Мұрат әуелгі сәтте тұмшалана қорғанумен болды. Шегіне, қорғана
жүріп, бірнеше рет Сандерессті ұрып-ұрып та жіберді. Бірінші
раунд
аяқталғанша Сандересс өшіге, құтырынып шабуылдаудан тынбады.
Мұрат
оны бойына дарытпаған сайын асқынып, ызаланып қимылдайды. Екінші
раундтың басында Сандересс Мұратты қалайда тізе бүктірмей қоймайтындай
тағы да жанталасқан жойқын шабуыл бастады. Раундтың соңына таман тізгін
енді Мұраттың қолына көшкендей болды. Енді ең шешуші үшінші раунд
қалды. Үш қана минут уақыт! Тас түйін болып белдескен жекпе-жектің
тағдыры сонда шешіледі. Мұрат қорғана отырып шегіне берді. Бұрышқа
жетті. Арқасы арқанға тиді. Содан күш алғандай
кенет ол садақ оғындай
атылып кетті. Сандерессті құлақ түптен соқты. Соққы барынша жойқын еді.
Және бірнеше соққыны көміп-көміп жіберді. Сандересстің көзі бұлдырап,
жер-дүние төңкеріліп бара жатқандай болды. У-шудан адам құлағы тұнады.
Кімнің жеңгені айтпаса да белгілі. Рингтегі судья Мұраттың қолын көтерді.
(Б.Соқпақбаев. «Жекпе-жек»)
Достарыңызбен бөлісу: